Ресурстардың жіктелуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері ... ... ... ..4 Т Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 и 2.Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы ... ... ... ... ... .7 и 3.Қазақстанның табиғат ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .14

КІРІСПЕ

Табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты емес. Мысалы,ауа егер бұрын жоқ табиғат жағдайы болса, қазір жаідай және ресурс болып табылады. Табиғат ресурстарымен қатар табиғат жағдайларын да қарастырамыз. Олардың табиғат ресурстарынан ерекшелігі - олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды.
Табиғат ресурстарын қазір қолға алған жөн.
Мысалы: Ауаның ластануы, ормандардың құрып бара жатқаны, жануарлар және т.б.
Ауаның, судың, топырақың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылыуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлілігінің кемуі, адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлануын күшейтіп отыр.

1.Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері Т
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.
Ресурстардың жіктелуі.Табиғат ресурстарын бінеше белгілері бойынша жіктейді.Олар атмосфералық су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып табылады.Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты
Сарқылуына байланысты табиғат ресурстарының жіктелуі

Ресурстардың сарқылу бойынша жіктелуінің маңызы - ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады. Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар.
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылу салыстырмалы ұғым.
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістік температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.
Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша(сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі су қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералары (мұхит, құрылық, атмосфера) немесе түрлері (сұйық, қатты, бу тәрізді) арасында таралуы әр түрлі болуы мүмкін.
Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесіжылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланыст.
Б.Скиннердің (1989) мәліметтері бойынша халық санның қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек.Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4% -ға артып отырса , оның екі еселену периоды 18 жыл ,минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отыса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр.Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп келеді, бірақ, оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.
Көміртегі қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аудартады.Себебі, олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады.Сонымен қатар,оларды пайдалану ғаламдық мәселелер:парниктік эффект,қышқыл жаңбырлар және т.б туғызатын атмосфераның тығыз байланысты.
Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады.Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенсек, жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30-40 жылға, газ 40-50 жылға, көмір 70-80 жылға жетеді.
Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір мен алюминий) Б.Скиннер былай дейді:темір қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында (алюминийден кейін).Оны пайдаланудың қиындықтары,олардың негізгі массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан темірді қорыту күкіртті ангидрид пен көміртегінің қостотығымен ластандырылады.Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық процесте кокстың пайдаланылуымен байланысты.
Алюминийді қорыту өндірістің энегия сыйымдылығының жоғары болуымен сипатталады. 1 т металл алу үшін 7 т көмір жанғанда бөлінетін энергияға тең энергия қажет.Сонымен қатар, алюминий өндірілетн негізгі шикізат - бокситтің қоры шектеулі.Ол басқа химиялық элементтердің шайылуы нәтижесінде тропиктік топырақтарда түзіледі.Алюминийді нифелин мен сазды топырақтан алуға болады.Бірақ , бұл шикізаттардан металды бөліп алу өте көп мөлшерде энергияны қажет ететіндіктен экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

2.Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттар концентрациясынң (химиялық, биологиялық, физикалық) артуын, соның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз.Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес , зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі: ●шығу тегі бойынша; табиғи және жасанды (антропогендік) ●пайда болу кезіне байланысты: а)өндірістік,ауыл шаруашылық транспорттық және т.б.ә)нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы,бүкіл экожүйе), трангрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін); ●әсер ететін ауқымына байланысты:ғаламдық , аймақтық , жергілікті; ●қоршаған ортаның элементері бойынша:атмосфера,топырақ, гидросфера және оның әртүрлі құрам бөліктері(әлемдік мұхит, тұщы су,жер асты сулары,өзен сулары және т.б.); ●әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы,ауыл шаруашылық ортасы,өнеркәсіп орындарынң ішінде,пәтер ішінде және т.б.; ●әсер ету сипатына байланысты:химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физикалық-химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б.); ●әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері); ●тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты-жүз және мың жыл тұратын (азот , оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты - 5-25 жыл (көмірқышқыл газы,метан,фреондар), тұрақсыз (су буы, көмәртегә тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек ,азоттың қос тотығы, озон қабатындағы фреон);
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса,оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары.Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға болады:қоршаған ортаға түсетін көлеміне ,улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай.Мысалы,көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақтслу уақытына,олай болса жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуы қамтамасыз етеді.

Өндірілетін ресурстардың тек 2-3%-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады,ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс,шлактар және т.тб.).

Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес,тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады.Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар.Адам қазір 8 млн. Астам қосылыстарды синтездей алады.Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.

Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 болса,мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды.Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты.Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхит бетінің 15-25%-ы ластанған.Қазіргі кезде атомдық двигательдер мен радиоактивті қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қауіп төндіріп отыр.

Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен,яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.

Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы,өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20-30%-ға тежейді.Нәтижесінде ғылымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1-3°С-ға артады.Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

3.Қазақстанның табиғат ресурстары

Топырақ ресурстары және оларды қорғау.Жерді табиғат ресурсы ретінде бағалағанда, әдетте ең алдымен оның жоғарғы құнарлы қабаты-топырақ есепке алынады. Топырақ тірі және өлі табиғатқа да тән бірқатар қасиеттерге ие болатын, ерекше табиғи түзіліс болып табылады.

Қазақстанның кең-байтақ территориясында әр түрлі табиғат байлықтарының үлкен қоры шоғырланған. Мұнда 35 млн. гектар егістік жер, 187 млн. шағындықтар мен мал жайылымдары, 20 мың гектар ормандар, Менделеевтың периодтық жүйесінің барлық дерлік химиялық элементтері бар.Әр адам басына шаққанда келетін жер ауданы бойынша Қазақстан әлемде бірінші орында.

Жерлердің деградациялануы Қазақстанға да тән.Қазақстан Республикасының Жер қоры 272,2 млн. гектарды құрайды.1999 жылдың 1 қарашасындағы жерлердің барлық категориялары бойынша ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы ауданы 226,6 млн. гектарды,оның ішінде (млн. га):24,1-егістік;185,2-мал жайылымы; 5,0- шалғындық; көпжылдық өсімдіктер-14,0; бос жатқан жерлер-8,1.

1995-1998 жылдарда ауыл шаруашылық жерлерінің ауданы 31%-ға қысқарған.1998 жылы 2,3 млн. гектар суармалы жерлердің 1,5 млн. га суармалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Резервтерді анықтау мен есептеу әдістемесі
Кәсіпорынның өндіріске, өнімді сатуға жұмсалған және басқа да шығындары
Ресурстардың жіктелуі. Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі
Табиғи ресурстарды басқару
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.Табиғи ресурстардың классификациясы
Өндіріс шығындары және оларды басқару
Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері туралы
Табиғи ресурстардың классификациясы
Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Пәндер