Әлеуметтік сала аясындағы әлеуметтік мәселелер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды «Bolashak» колледжі

Курстық жұмыс

Пәні: Әдеуметтік қызмет көрсету

Тақырыбы: Әлеуметтік сала аясындағы әлеуметтік мәселелер

Тіркеу нөмірі

Бағасы

Қолы

Орындаған:

Топ:

Қабылдаған:

.

Қарағанды 2018

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
: 1
Кіріспе . . .: Әлеуметтік сала туралы ұғым . . .
3: 5
: 1. 1
Кіріспе . . .: Әлеуметтік сала - мемлекет әлеуетінің көрсеткіші . . .
3: 5
: 1. 2
Кіріспе . . .: Қоғамның әлеуметтік құрылымының проблемасы туралы ұғым . . .
3: 7
: 2
Кіріспе . . .: Әлеуметтік сала аясындағы әлеуметтік мәселелер . . .
3: 12
: 2. 1
Кіріспе . . .: Әлеуметтік сала - Мемлекет басшысының саясатының негізі . . .
3: 12
: 2. 2
Кіріспе . . .: Тұрғын үй мәселесі . . .
3: 16
: 2. 3
Кіріспе . . .: Білім беру мәселесі . . .
3: 24
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 28
:
Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
3: 29

Кіріспе

Рыноктық механизмнің және институттардың сақталу негізінде, мемлекет функциясының кеңейтілуі қазіргі заманғы қоғамда әлеуметтік-экономикалық процестердің қиындықтарынан туындап отыр. Қазіргі қоғамның көптеген негізгі мәселелері тек рыноктық механизмнің жолымен тиімді шешілуі мүмкін емес. Бұл ең алдымен, экономикалық өсудің маңызды көзі болған әлеуметтік сфераға қатысты жағдайды нығайту. Яғни, өмір сүрудің деңгейі, білім, еңбек көшінің біліктілігі, халықтың денсаулығы, қоршаған орта және ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін экономикалық өсудің қарқынына және сапасына тікелей ықпалын тигізеді. Ең алдымен, бұл экономикалық дамуды соңғы мақсаттарға жетуге қайта бағдарлаудан көрінеді, яғни халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін мүмкіндігінше толық қанағаттандыру. Заман талабына сәйкес бұл аталған факторлардың маңыздылығы арта түседі.

Мемлекеттің маңызды қызметінің бірі - рыноктық тиімділік пен әлеуметтік теңдік арасында тепе-теңдікті сақтау. Принципті түрде қойылған міндеттің ел экономикасына таңсық құбылыс ретінде енуі мүмкін емес. Бұл әлеуметтік сала экономиканың моделі рыноктық заңмен қызмет етіп, мемлекеттің белсенді араласуы негізінде қызмет атқаратын экономикалық жүйе болып табылады.

«Ұлттың нағыз байлығы - оның адамдары». Дамудың мақсаты адамдардың ұзақ, салауатты және шығармашылық өмір сүрулері үшін қолайлы орта жасаумен түйінделеді.

Біздің елімізде де халықтың нақты табыстарының өсу қарқынының арттыруы, халықтың әлеуметтік қорғансыз топтарының қолдауы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет сфераларының дамуы және т. б. - бұлардың барлығы да мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы әрекетінің күшейгенінің нақты белгісі. Сол арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқьн беретін ұлттық экономиканың әлеуметтік әлеуетінің өсуіне жағдай жасалуда. Осыған байланысты халықтың материалдық жағдайын жақсарту жөнінде бірқатар шаралар Елбасының 2018 жылғы Жолдауында да көрініс тапты. Мұнда негізгі тұжырымдамадар: әлеуметтік саладғы басты мәселелер: тұрғын үй мәселесі, білім беру мәселесі, кәсіпорын және газдандыру мәселесі. Әлемнің дамыған елдерінде адамға салынатын инвестицияның ұлттық өнімдегі үлесінің көлемі материалдық өндіріс факторларына салынатын инвестициядан да жоғары екендігін ескерсек, біздің еліміздегі экономиканың үй мәсел әлеуметтік салаларының (білім беру, денсаулық сақтау және т. б. ) маңызы мен ролі де арта түскенін аңғарамыз.

Курстық жұмыстың мақсаты - Әлеуметтік сала аясындағы басты әлеуметтік мәселелерді анықтау.

Міндеті:

  • Әлеуметтік сала ұғымын ашу;
  • Қоғамның әлеуметтік құрылымының проблемасын сипаттау;
  • ҚР Президенті жолдауындағы әлеуметтік сала аясындағы көтерген мәселелерді сипаттау;

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Әлеуметтік сала туралы ұғымӘлеуметтік сала - мемлекет әлеуетінің көрсеткіші

Әлеуметтік қызмет көрсету - ол өмірлік қиын жағдайға душар болған (мүгедектік, өз бетімен өмір сүруге қабілетсіздік, тұрғылықты мекен жайы жоқ, жұмыссыздық, отбасында қатігездік көрген) жандарға кешенді әлеуметтік қызмет түрлерін ұсыну.

Әлеуметтік қызмет көрсету ұғымы Кеңес дәуірінде қалиптасқан, және оған Борисов. К, Мироев деген ғалымдар анықтама берген болатын. Олардың ойынша әлеуметтік қызмет көрсету ол мемлекет тарапынан көмекке мұқтаж адамдарға қызмет көрсету деген[1] .

Әлеуметтік қызмет көрсетуге жататындарға жеке азаматтар, отбасылар, жетім балалар, мүгедектер, тұрғылықты меке жайы жоқ адамдар, қарт адамдар, зорлық зомбылық көрген адамдар жатады.

Таң атып, күн батқанша халықтың көбі осы мекемеге жиналады. Әрқайсысы әртүрлі мәселемен. Бірі - жұмыссыздық, екіншісі - әлеуметтік сұрақпен келеді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жол түсе қалғанда осы көріністі көзің шалады.

Бұл салада көптеген реформалар жүзеге асты. Халықтың әлеуметтік жағдайы - қай кезде де бірінші кезекте тұруы тиіс. Бұл жайында Елбасымыз кеңінен айтып, әлеуметтік саланы көтеруге нақты тапсырмалар беріп келеді.

Әлеуметтік сала - халық тұрмысының индикаторы, мемлекет әлеуетінің көрсеткіші. Ел азаматтары тұрақты жұмыспен қамтылса, әр жоба бойынша нақты іс жүзеге асырылса, онда нәтиженің оң болғандығы.

Сонымен, экономика саласы адамның күнбе-күнгі өміріндегі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Алайда, бұл қоғамның өмір сұруінің негізгі факторы болса да, - бір жағы ғана. Екінші жағы - сол адамның өзін нақтылы тарихи қалыптасқан өмірге сай етіп өсіп-өндіру, ұрпақтар өмірін жалғастыру, оны әрі қарай дамыту болмақ. Міне, қоғамның осы екінші жағын әлеуметтік сала дейміз.

Әлеуметтік сала біркелкі есмес - қоғам өмірінде әр-түрлі әлеуметтік топтар өмір сүреді. Өйткені, бұл дүниеде - адамдарды айтпағанның өзінде - ешбір бір-біріне толығынан ұқсас ешнәрсе жоқ, әрбір зат өмірге өз қайталанбас болмысымен келіп, уақыты озған кезде - келмеске кетеді. Уақытында ХУ111 ғ. кейбір ағартушылар, содан кейін К. Маркс пен Ф. Энгельс алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдардың теңдігіне тамсана қарап, жеке меншік дүниеге келгеннен кейін байлық пен кедейлік, әр-түрлі таптар мен әлеуметтік топтарға бөліну басталды, - деп айтып кеткен болатын. Соңғылардың ойынша, болашақ коммунистік қоғам жер бетінде орнаған кезде, сол біркелкілік тағы да қайтып оралады, бірақ, - ағыл-тегіл байлықтың негізінде, өйткені, барлық адамдардың қажеттіктері толығынан өтеледі. Алайда, мұндай пікір Дүниенің іргетасты қасиетіне қайшы келеді - Ұлы Мәртебелі Табиғат біркелкілікті сүймейді, ол әртүрлікті жаратады.

Осы тұрғыдан сонау алғашқы қауымдық қоғамға көз жіберсек, онда да әр-түрлі топтардың болғанын байқаймыз. Онда, әрине, қоғам демографиялық-жыныстық принципінің негізінде топтанды - аңшылар, ошақ басындағы әйелдер, жастар, сол қауымды басқаратын ақсақалдар т. с. с. Әрине, олардың әлеуметтік жадайлары да соған сәйкес әр-түрлі болды. Мысалы, әр-түрлі тайпалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне оқтын-оқтын силар тартты. Ал олар ақсақалдардың қолында қорланды т. с. с.

Кез келген елде түйіні көп сaлaлaрдың бірі - әлеуметтік сaлa. Өйткені мемлекеттің мықты болуы қоғaмның ең әлсіз және aз қaмтылғaн мүшелері шоғырлaнғaн әлеуметтік саланың әлеуетіне байланысты. Осы саланы нығайта түсу үшін де Елбaсы Нұрсұлтaн Нaзaрбaев «Президенттік бес әлеуметтік бaстaмaсы» aтты Қaзaқстaн хaлқынa Үндеуін жaриялaған болатын. Бұл үндеуде осы кезге дейін өзекті болып келген тұрғын үй, төмен жaлaқы, студент жaстaрдың мәселесі, кәсіпкерлікті қолдaу, көгілдір отынмен қaмту сияқты мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары aйтылды[2] .

Мемлекет басшысы бірінші бaстaмaдa қaзaқстaндық әр отбaсының бaспaнaғa қолжетімділігін қaмтaмaсыз ету қaжеттілігін aйтты. Бұл үшін үй aлу кезінде aзaмaттaрғa берілетін несие пaйызын 7 пaйызғa дейін, aлдын aлa төлемді 20 пaйызғa дейін aзaйтып, aл несиені өтеу мерзімін 25 жылғa дейін ұзaртуды ұсынды. Қaзір елімізде бaспaнa мәселесі ең өзекті болып тұр. Aл, бaнктерге жолығып ипотекaмен үй aлғысы келгендер оның пaйызы мен төлейтін сомaсын көріп, өз ойынaн aйнып қaлaды. Осыны ескерген Елбaсы үй aлуды оңaйлaтып, пaйызы мен aй сaйынғы төлемді де aзaйтып отыр. Бұл әсіресе aуылдaн қaлaғa жұмыс іздеп кеткен жaстaрғa ыңғaйлы болмaқ.

Үндеудің екінші бaстaмaсы төмен жaлaқы aлaтын жұмысшылaрдың мәселесіне aрнaлғaн. Aтaлмыш бaстaмaдa сaлыстырмaлы түрде aз жaлaқы aлaтын қызметкерлердің сaлық жүктемесі он есеге aзaятыны aйтылғaн. Бұл келесі жылдың 1 қaңтaрынaн бaстaп жүзеге aсырылaды деп күтілуде. Бұғaн дейін елімізде әлеуметтік сaлaны әлдендіретін қaншaмa реформaлaр жүріп, бaғдaрлaмaлaр қaбылдaнсa дa дәл осы aз жалaқы aлaтындaрдың мұңы ескерілмей қaлып жaтaтын. Осы орaйдa, Үндеуде aтaлмыш мәселенің ескерілгені өте оңды болды.

Еліміздегі ең әлсіз топтaрдың бірі - студенттер қaуымы екені белгілі. Соның ішінде жaтaқхaнaның жетіспеуі жaнғa бaтaтын. Aл, жaлдaйтын үйдің бaғaсы aспaндaп тұр. Бұғaн дa бaсa нaзaр aудaрғaн мемлекет бaсшысы aлдaғы уaқыттa жекеменшік-мемлекеттік серіктестік негізінде кемінде 25 мың орындық жaтaқхaнa сaлуды тaпсырды. Сонымен қaтaр, 2018-2019 оқу жылдaрынaн бaстaп қосымшa 20 мың грaнт бөлуді ұсынды.

Aл, Үндеудің төртінші бaстaмaсы жaңaдaн бизнес бaстaйтындaр үшінші қолaйлы болмaқ. Себебі, биылдaн бaстaп кәсібін жaңaдaн бaстaйтын жaндaр үшін қосымшa 20 миллиaрд теңге бөлініп, ол жеңілдетілген несие түрінде берілмек. Бұл бір жaғынaн кәсіпкер үшін тиімді болсa, екінші жaғынaн мемлекет дaмуынa тікелей үлесін қосaтын бaстaмa болып отыр.

Үндеуде aйтылғaн бесінші бaстaмa еліміздің бaрлық елді мекендерін гaздaндыру. Елбaсының aйтуыншa еліміздің оңтүстік және бaтыс өңірлері көгілді отынмен қaмтылғaнымен ортaлық және солтүстік облыстaрдың көп бөлігіне гaз жүргізілмеген. Президент aлдaғы бір жaрым жыл ішінде бұл олқылықтың орнын толтырып, aтaлмыш aймaқтaрды гaзбен қaмтуды Үкіметке тaпсырды[3] .

  1. Қоғамның әлеуметтік құрылымының проблемасы туралы ұғым

Қоғамдық қатынастар тепе-теңдік қатынас және теңсіздік қатынас болып бөлінеді. Мысалы, таптық-антагонисттік қоғамдардағы қоғамдық қатынастар теңсіздік қатынастарға жатады. Қоғамдық қатынастар тағы да ынтымақтастық және бәсекелестік, материалдық және рухани, мақсатты және мақсатсыз (стихиялы), жасампаздық және бүлдірушілік болып табылады.

Әлеуметтік құрылымдар қоғамдық құбылыстардың екінші, айтарлықтай маңызды түріне жатады. Олар күрделі әлеуметтік процестер мен әлеуметтік топтарға бөлінеді. Қоғам адамдардың күрделі өзара қарым-қатынасының жиынтығы ретінде онда алуан түрлі қатынастар мен байланыстар болып жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, -адамдардың материалдық өндіріс процесіндегі экономикалық қатынастары мен іс-әрекеті. Алайда қоғам өмірі бұлардан басқа да толып жатқан қатынас түрлерінен, қоғамдық мекемелер мен іс-әрекеттерден, идеялардан тұрады. Бұл құбылыстардың бәрі өзара байланыста және бірлікте болады. Сондықтан адамзат қоғамын ішкі және сыртқы байланысын, өзара тәуелдіктерін қатаң ескере отырып, біртұтастықта зерттеу қажет.

Бірақ, сонымен бірге, біртұтас қоғамдық қатынастарды құратын жеке құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеп білу үшін, оларды классификация жасап, талдау қажет, қоғамдық құбаластарды белгілі бір жұйеге келтіру керек. Бұл классификациялау, жүйелеу, оладың белгілі бір тұрғыдан алғанда маңызды болып табылатын мәнді белгілері бойынша жасалуы тиіс.

Қазіргі кезде социологиялық теориялардың бәрі қоғамдық құбылыстарды, қоғамның әлеуметтік құрылымының өздігінше классификациялауға әрекет жасап, құбылыстардың топтары арасындағы байланыстарды анықтауға тырысады, яғни қоғамдық структура (құрылым) мәселесімен байланысты.

“Структура” термині латын тілінен алынған ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай бір тұтастағын білдіретін термин.

Қоғамның эконмикалық базисін шын мәнінде келгенде бір-бірімен айырғысыз байланыстағы екі элементтің-өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі құрады, ал бұл екеуінің бірлігі өндіріс тәсілі болып табылады.

Өндіріс тәсілінің элементтері: еңбек, еңбек құралы және еңбек нәрсесі. Еңбек дегеніміз белгілі бір материалдық игіліктерді өндіруге бағыттталған адамның саналы қызметі. Еңбек нәрсесі деп адамның өндіріс құралының көмегімен өнделуге тиісті заттарды айтады. Еңбек құралы дегеніміз- еңбек нәрсесін өндеу үшін қолданатын құрал-саймандар жиынтығы. Еңбек құралы мен еңбек нәрселері, қоса алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары деп аталады.

Бірақ еңбек нәрселері мен құралдарын адамның іс-әрекетінсіз “өлі зат” деуге болады. Оларды қимылға келтіріп, өндіріс процесін жандандыратын- адамның ”тірі” еңбегі, іс-әрекеті. Сондықтан өндіріс процесіне адам шешуші фактор болып табылады- ол басты өндіргіш күш болып табылады

Қондырманың құрамына енетін қоғамдық құбылыстардың материалдық игіліктер өндірісіне тікелей қатысы болмайды. Қондырманың құрасын екі салаға: әлеуметтік-саяси қондырма мен қоғамдық сананың формаларына бөлуге болады.

Әлеуметтік-саяси қондырмауға қоғамдық өмірдің түрлі формалары: ру, тайпа, ұлт, мемлекет т. б және қоғамдық ережелер мен нормалар жатады. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі ретінде бірнеше формада көрінеді: саяси, құқықтық, философиялық, діни, моральдық, эстетикалық және ғылыми саналар формасында бейнеленеді. Қоғамдық сананың формалары өзара бір-біріне әсер етеді және қоғамдық болмысқа кері әсерін тигізеді, ал базистің қондырмаға тигізетін әсері сайып келгенде ғана шешуші рөл атқарады.

“Әлеуметтік топ” ұғымы жайлы бірыңғай пікір жоқ, сондықтан оның анықтамасы да көп. Солардың ішінде, біздің пікірімізше, мына анықтама ең дұрысы сияқты: әлеуметтік топ адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыру мақсатында өзара қарым-қатынас орната отырып, түрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыратын көптеген адамдардың үлкенді-кішілі жиынтығы. Бұл топ айтарлықтай тұрақты, ортақ мүддесі бар және әдет-ғұрпы бірдей жиынтық, белгілі бір тарихи қоғамда қалыптасады.

Бұл топтар белгілі бір маңызды белгінің егізінде: ұйымдасқандық немесе ұйымдаспағандық, саяси, мәдени-идеологиялық т. б негізінде классификацияланады.

Ғылыми-материалисттік социология әлеуметтік топтардың классификайиясына тарихи принцип тұрғысынан қарайды, яғни олар белгілі бір тарихи қоғамда, қоғамдық-экономикалық формацияда, қалыптасатын топтар деп түсіндіреді; екіншіден, таптық қоғамдардағы ең негізгі әлеуметтік топтар - таптар, қоғамдық өмірдің барлық салаларына, барлық басқа әлеуметтік топтардың мінез-құлқына шешуші әсер ететін де осы таптық топтасу деп түсіндіреді. Бұл материалисттік принцип әлеуметтік топтың ғылыми талдауының негізін құрады.

Осы негізге сәйкес “Философиялық энциклопедиялық сөздікте” әлекметтік топтар ірі, орташа, және кіші деп үшке бөлінеді.

Ірі (глобалдық) әлекметтік топтарға жататындар: тұтас қоғам (ел) көлеміндегі адамдар жиынтығы (алғашқы адамдар тобыры, ру, тайпа, халықтық, ұлт сияқты этнографиялық топтар) әлеуметтік-экономикалық формациялар, кәсіптік топтар, жасына қарай тптасу т. б. Жеке адам өзінің ірі топқа қатыстығын саналы түрде білмеуі де мүмкін, өйткені ол сол топқа жататын басқа адамдармен қатыспауы да мүмкін. Ірі топтардың қалыптасып, дамуының екі негізгі сатысын айыруға болады: спонтанды түрде (өз бетінше) (мәселен “өзіндік тап”) және ұйымдасқан түрде ; бұл екінші сатысында көптеген адамдар өзінің сол топқа жататынын саналы түрде түсініп, сол топтың мақсатын іске асыру үшін топтасып ұйымдасады.

Сондай-ақ толып жатқан ұсақ топтар-отбасы, бастауыш өндірістік ұйымдар көршілердің ұйымы, мектеп кластары, курс, группалар т. б. бар. Ұсақ топтың өзіне тән ерекшелігі сол, оның мүшелері бір-бірімен тікелей байланыс жасыйды. Сыртқы ортаның әсеріне және топ мүшелерінің ішкі қарым-қатынасына сәйкес қалыптасатын әрбір ұсақ топтың өзіне тән белгілі бір құрылымы болады.

Түрлі әлеуметтік топтар өзара бір-біріне әсер етеді. Мәселен, таптық-антагонистік қоғамдар жағдайында барлық топтардың (этникалық, демографиялық, ұсақ топтардың т. б. ) мінез -құлқы таптардың күресімен анықталады, сондықтан мұндағы әлеуметтік топтардың бүкіл жүйесі (әлеуметтік құрылым) конфликтілі сипатта болады.

Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияда өндіріс тәсіліне сәйкес иоптармен қатар адамдардың басқа да тарихи топтары болады.

Рулық- алғашқы адам тектестер тобырынан кейінгі бірінші адамдық әлеуметтік топ, яғни тас дәуірінде өмір сүрген тобырдан кейінгі әлеуметтік топ. Ру табиғаттың стихиялы күштеріне және жабайы аңдарға қарсы бірлесе күресу мақсаты және шаруашылығы бір туысқан, қандас адамдардың тарихи тобы болып табылады.

Рудың экономикалық негізі- өндіріс құралдарына деген коллективтік меншік, оларды бірлесе пайдалану. Руды барлық ересек мүшелері қатысатын кеңес басқарады. Осы кеңесте басшылар-ақсақалдар мен әскер басшылары- сайланады немесе орнынан түсіріледі.

Халықтық- топтасу құл иеленушілік және феодалдық қоғамдық формацияларға тән тарихи-әлеуметтік жиынтық болып табылады. Бұл әлеуметтік топтасу бірнеше туысқан тайпалардың территория, тіл және мәдени өмір бірлігінің негізінде қалыптасты. Бұл топтастырудың шаруашылық негізі көбінесе егіншілік пен мал өсіруге негізделген натуралдық шаруашылық болды. Бұл кезде бір ел, бір мемлекет көлемінде берік экономикалық бірлік болмағандықтан, халықтық бірлік те айталықтай бкрік, тұрақты жиынтық бола алмады. Экономикалық және саяси жағынан батыраңқылық басым болды.

Ұлтқа тән мәнді белгілер: территория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігі және феодализм тұсындағы батыраңқылықтың салдарынан болмай келген экономикалық өмір бірлігі. Демек, ұлттың құралуында экономикалық өмір бірлігі шешуші рөл атқарады.

Ұлтты нәсілдік топпен шатастырмау қажет. Нәсілдік айырмашылық түсіне, бет пішініне, т. б. сыртқы белгісіне қарай айырылатын топ-ақ, қара және сары нәсілдер бар.

Отбасы адамның өз өмірінің негізгі пройестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ болып табылады. Ондағы әрбір адамның өмірі отбасымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.

Отбасы қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.

Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан, оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Социология ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ- оның жалпы белгілері-бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатыынастар жүйесі, адамның әлеуметтік және жеке-дара адамгершілік салаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру. Отбасы еркек пен әйелдің жыныстық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық т. б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштерінің дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде Ф. энгельс өзінің “Отбасының, жек меншіктің және мемлекеттің шығуы ” деген еңбегінің кіріспесінде былай беп жазды:

“Қоғамның материалисттік ұғымына сәйкес тарихтағы шешүші күш сайып келгенде өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады[4] . ”

Морганның зерттеулеріне негізделген жорамал бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқы кезеңінде адамдар арасында жыныстық қатынастарға ещқандай шек қойылмаған- үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берге. Бұл жабайы не жартылай жабайы кез болатын. Отбасылық қатынас басқа зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы- синдиасмикалық отбасы және моногамдық отбасы кезеңдерінен өткен.

Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальді туыс топ, патриархальді отбасы және жеке отбасы.

Патриархалді туыстар тобы өткен замандарда индоевропалық халықтардың бәрінде болған, алкейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні және апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болады.

Ұрпақтардың шығу тегіне қарай бұл отбасы матриархалды немесе патриархалды отбасы болады. Біріншісі- жанұясының ең көне түрі. Мұнда көп күйеуі болуы жиі кезднседі. Мұндай отбасы көбінесе Оңтүстік Индияда тұратын тода деген халықтарда кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанудағы әлеуметтік жұмыскерді зерттеудің методологиясы
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Аймақтық қауіпсіздік мәселелері
Әкімшілік құқықтың пәні
Туризм мәні
Қазақстанның Республикасының қызмет көрсету дамуының қазіргі деңгейі
Қонақ үй бизнесіндегі ақпараттық-жарнамалық қызмет
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі еңбек көші-қонының құқықтық механизмдері
Әкімшілік құқықтың әдісі
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Интернеттегі құқық бұзушылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz