Девиантты тәртіпті балалар мен ата ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі

Курстық жұмыс

Пәні: Әлеуметтік қызмет көрсету
Тақырыбы: Девиантты тәртіпті балалар мен ата ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету

Қолы_____________
Тіркеу номері______
Бағасы____________

Орындаған:
Тобы:
Ғылыми жетекші:

Қарағанды- 2018
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Девиантты тәртіпті балаларға әлеуметтік қызмет көрсету негіздері ... ..5
1.1 Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері және алдын алу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Девиантты тәртіпті балаларга әлеуметтік қызмет көрсету ... ... ... ... ... ..9
2. Ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қызмет
көрсету мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1 Ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сипаты, негізгі
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Ата - анасының қақорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қызмет
көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі әлемде, сонымен қатар Қазақстанда да әлеуметтік-экономикалық ахуалдары әлеуметтік жұмыс саласында өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар яғни девиантты тәртіпті балалар мен ата ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға түсінігі жиі қолданыла бастады.
Кейінгі жылдары бұл өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға әлеуметтік қолдау мен әлеуметтік қызмет көрсету қазіргі күннің көкейтесті мәселелерінің біріне айнала бастағаны да белгілі болды.
Бұл мәселенің басты себептерінің бірі өскелең ұрпақтың қалыптасуында айтарлықтай әсері бар, балалар мен жасөспірімдердің дамуы үшін аса маңызды отбасы, білім беру, дем алу уақытын ұйымдастыру, денсаулықты сақтау секілді салаларға әсер еткен соңғы онжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың зардаптары да болуы мүмкін.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымының мағынасы қөптеген мәселелерді қамтитын күрделі мазмұн болып табылады.
Өмірлік қиын жағдайға душар болған балалар қатарына элеуметтік аз қорғалған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан, ата-аналарының қамқорлығынан айрылған, девианттық мінез құлқы балалар жатады.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымына толық түсінік бере отырып, бұл балалардың әлеуметтік сипаттамасын берудің маңызы бар.
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды.
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді.
Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу.
Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын анти әлеуметтік іс-әрекет.
Сондай-ақ девиантты мінез-құлық бұл "балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекетткер жасауы.
Ал, ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларға:
- ата-анасы қайтыс болған;
- ата-анасы бала тәрбиелеу құқығынан айрылған;
- ата-аналық құқығы шектелген;
- түзету колониясында кiнәсiн өтеп жүрген ата-аналардың балалары;
- қылмысына байланысты тәртiп сақтау органдары бақылауында жүрген ата-аналардың балалары;
- балаларын емханалардан, әлеуметтiк мекемелерден алып кетуден бас тартып жүрген ата-аналардың балалары жатады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сондықтан да курстық жұмыста қарастырылып отырған басты мәселе девиантты тәртіпті балалар мен ата ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау мен әлеуметтік қызмет көрсетудің жолға қойылған негізгі бағыттары айқындай отырып, оларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтін жекелеген түрлерін айқындау болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарға анықтама беру, оларды зерттеу, талдау мүгедектіктің алдын алу және күресу жолдарын қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында девиантты тәртіпті балалар мен ата ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету негізін талдау.
Курстық жұмыстың міндеті: Девиантты тәртіпті балалар мен ата ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету негізін анықтау.
Осы мақсатқа қол жеткізу мақсатында мынадай міндеттер қойылды:
1. Дивиантты мінез-құлықтың пайда болу пайда болу себептерін және
алдын алу жолдарын зерттеу;
2.Ата ананың қамқорлығынсыз қалған балалар ұғымы, және оларға
көсретілетін әлеуметтік қызмет түрлерін зерделеу;
3.Қазіргі қоғамның даму жағдайында Қазақстан
Республикасында девиантты тәртіпті балалар мен ата ананың
қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қызмет көрсетудің
рөлі мен жағдайын анықтау.
Зерттеу нысаны: Девиантты тәртіпті балалар мен ата ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету негізі.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, қосымшадан тұрады.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі: Курстық жұмыстың әдістемелік негізі:Курстық жұмысты жазу барысында отандық және ресейлік авторлар А.А.Жариков, Ғ.Б.Жумагулов, Г.С.Әбдірайымова, М.В.Фирсов, Е.Г.Студенова, Агофонов А.Н., Менлибаев К.Н., Буйнова Л.П. еңбектері құрайды.

Девиантты тәртіпті балаларға әлеуметтік қызмет көрсету негіздері

1.1 Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері және алдын алу
жолдары

Қоғам өмiрiнiң барлық салалары көптеген өзгерiстерге, бұрынғы мінез-құлық нормалары құлдырауға ұшырап жатқан кезде девиантты мінез-құлық мәселесі елiмiздегi ерекше өзекті мәселе болып тұр.
Сондықтан жасөспірімдердің жат мінез-құлықтарымен күресу мәселесі жас мемлекетіміздің алдында тұрған күрделі мәселе болып табылады.
Мектептегі педагогтар, психологтар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, ашуланшақ, ата-аналар мен ұстаздарды тыңдамайтын, бұзақылықтар жасайтын балалармен жиі кездеседі.
Көбіне зерттеушілер мұндай оқушыларды Қиын оқушылар, Мінез-құлқында ауытқуы бар балалар, Девиантты балалар деп қарастырып жүр.
Жалпы девиантты мінез-құлық және қиын балалар ұғымына келетін болсақ, ол 1920-1930 жылдары пайда бола бастады.
Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-1960 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді [1].
Ең алғаш бұл мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П. Блонский болды, ол өз зерттеулерінде девиантты деп мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке толмаған балаларды қарастырды. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты мәселесін Қазақстандық педагог-психологтар мен әлеуметтанушылар да қарастырып жүр.
Бұл зерттеушілердің пікірінше девиантты сияқты жағымсыз қасиеттің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететінін зерттеген. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын спорт, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, бойындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге араластыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетіп берген.
Девиантты мінез-құлық мәселесі психологиялық тұрғыдан Л.С.Выготскийдің еңбектерінде қарастырылады, сонымен қатар А.С.Макаренконың тәжірибелерінен де үлкен орын алады.
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды. Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын анти әлеуметтік іс-әрекет.
Сондай-ақ девиантты мінез-құлық бұл "балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекетткер жасауы [2].
Дж.Смелзер девиантты мінез-құлықты изоляцияға емделуге, түрмеде қамалуына және басқада құқық бұзудың жазалауларына әкелетін топтық нормадан ауытқу деп санады. В.И.Добреньков және А.Н.Кравченко "қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын әрбір қылықты девиантты мінез-құлық " деп атады. Әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерде балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін факторларды төмендегідей бөліп көрсетеді:
·агрессивтілік;
·өзін-өзі басқарудың төменділігі;
·әлеуметтік нормаларды түсіну дәрежесінің төмендігі;
·ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі;
·ата-аналардың әсер етуінің тиімсіздігі;
·физикалық жазалау;
·жасөспірімнің отбасымен және құрдастарымен келіспеушілігі;
·отбасының құлдырауы;
·ерте ішімдікке салыну, таксикомания, нашақорлық;
·әлеуметтік қанағатсыздану;
·асоциальды топтарға қосылу
Девиантты мінез-құлықты көбіне жасөспірімдер арасында кездестіреміз. Себебі жасөспірімдік кезең - ең қиын, әр түрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады. Жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мән-мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез-құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай-күйі жол таба алмай әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез-құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жан-жалдасуға, ұрыс-төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы - бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау [3].
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың "мені" қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқрас қалыптасатын кезең.
Белгілі психолог Л.С.Выготский жасөспірім жастағы кезеңде (14-18 жас) екі үлкен өзгеріс болады: ол ағзадағы жыныстық жетілу және өзінің "Мен" мәдениетінің ашылуы, тұлғасының және дүниетанымының қалыптасуы.
Жасөспірімдік кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады.
Дәл осы жасөспірімдік кезеңде балалардың көпшілігі "мектепке бейімделе алмауымен" ерекшеленеді, яғни мектептің талаптарына бейімделе алмау. Шарт бойынша "мектепке бейімделе алмау" жасөспірімдерде олардың үлкендермен ашық жанжалға түсуімен, құрдастарымен достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар оқуымен, мектептегі тәртіпті бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды қоршаған үлкен адамдармен жанжалда болуымен көрініс береді [4].
Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерге тән ортақ қылық - ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады.
Осындай жат қылықтарды елемеу - жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді, адамгершілік ардан аластатып, бара-бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына қосары сөзсіз. Жасөспірімдік шақта балалардың қызығушылығы арта түседі, әлде бірдеңеге бейімделгіш келеді, мінезі ерекшеленіп, өзінің өмір жолына көз жіберіп, ой елегінен өткізуге тырысады, оқудың мәнін, мақсатын түсініп, ұжымдағы өз орнын білгісі келеді.
Жасөспірімдер мен жастардың жат қылықтарға әуестенуінің негізгі себебі: білімінің төмендігі, мәдениет деңгейінің жеткіліксіздігі, ең бастысы, қызығушылықтың шектеулілігі, қоғамдық пайдалы іске деген ниеттің жоқ болуы.
Сонымен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз:
Бірінші топқа жататын девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің мінез-құлқында дөрекілік, қатігездік, мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты әдет-дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары мен іс-әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын түзетуге талаптанады.
Екінші топқа жататындар адамгершілік қадір-қасиеттерді төмендей бастаған, әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты әдеттерге икемдене бастаған.
Бұл топқа тәртібі нашарлаған, құқық тәртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ бұл балалар әлі бұзыла қоймаған, өз жүріс-тұрыстарын түзетуге мүмкіндік - қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.
Үшінші топқа өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тәрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын жасөспірімдер. Бұл топқа қатігездік, зорлық-зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік және наша тарту істеріне әбден машықтанған жасөспірімдер енеді.
Төртінші топқа жұйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын әдет) шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагог-психологтар мен дәрігерлер тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый-құрмет, жылы лебіз қажет. Девиантты мінез-құлықты емдеу жалпы мемлекеттік міндет және оның тиімді дамуы педагогтар, психологтар, заңгерлер, дәрігерлер, әлеуметтік жұмыскерлер, журналистердің біріккен әрекеттерінің нәтижесінде іске асуы мүмкін. Бұл жұмыс бірінен соң бірі және кезең бойынша жүргізілуі тиіс [5]
Отто Рюле аштық тек адамның ағзасына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар оның моралдық тұрақтылығына да әсер етеді. Аштықтың нәтижесінде физикалық және моралдық тұрғыдан құлдыраған адам тұлғасын елестету өте қиын. Материалдық жағынан қамтамасыз етілмеу адамдарды ессіздендіреді, ұят деген сезімнің жоғалуына итермелейді, ар мен адамдық сезімнің жоғалуына әкеледі.
С.Ф.Анисимованың пікірінше "Жас ұрпақты жақын адамдарын ренжітіп алғандағы, жақсы көретін адамына қиянат жасағандағы ұят сезімі сияқты, табиғатта мақсатсыз кесілген ағашты, уланған суды, бекітілген өзенді көргенде сондай күйзеліс сезімінде болатындай етіп тәрбиелеу керек" деген. Осы мәселелерді ескере отырып біз балалар мен жасөспірімдердің тұлғасы мен мінез-құлқындағы жат қылықтардан арылту үшін төмендегідей жұмыстар жасалу керек деп ойлаймыз:
жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру;
оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру;
әлеуметтік және психологиялық қорғалуы;
оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
маскүнемдікке, ішімдікке, нашақорлыққа, қылмыстық әрекетке
бейім балаларға үлкендер тарапынан қатал жаза қолдану [6].
Сонымен баланың алғашқы адами құндылықтары , әрине , отбасыда қалыптасады. Алайда, қанша дегенмен ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны анық. Егер, әртүрлі себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде , ол ата-аналарды кінәләй бермей , бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, бұл біріншіден , ал, екіншіден ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек, "қиын" балаға айналу себептермен әртүрлі жолдармен анықтау, тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді.
Үшіншіден, істелген жұмыстың бәрі алдын-ала, терең , жан - жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен,олардың тәрбиесі қиын балаларымен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшіліктерін ескере отырып жоспарланған болуы керек.

1.2 Девиантты тәртіпті әлеуметтік қызмет көрсету

Девиантты мінез-құлықты балалар санының артуы қоғам алдына әлеуметтік жұмыс саласы мамандарын даярлау мен әлеуметтік қызмет сапасын арттыру мәселелерін қойды.
Сондықтан бүгінгі қоғамда девиантты мінез-құлықты жеткіншектермен жұмыс істеудің профилактикалық (алдын алу) және реабилитациялық технологияларын кеңінен насихаттау және жетілдіру - басты міндет.
Профилактика - жеткіншектердің мінез-құлқында әртүрлі әлеуметтік ауытқулардың сипаттарын қалыптастыратын себептер мен жағдайлардың алдын алуға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік-медициналық және тәрбиелік-ұйымдастырушылық шаралардың жиынтығы.
Әлеуметтік қызмет көрсету девиантты мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарында ең алдымен дер кезінде ұйымдастырылған шаралар мынадай бағытты ұстануы тиіс:
- әлеуметтік қауіпті топта деп табылған кәмелет жасына толмаған баланың дене, психологиялық және әлеуметтік-мәдени жағдайының алдын алу;
- баланың денсаулығы мен қалыпты өмір сүру деңгейін қолдау, қорғау және сақтау;
- баланың әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне және ішкі потенциалын ашуға көмектесу.
Әлеуметтік ауытқу әртүрлі себептер мен жағдайларға байланысты болғандықтан, профилактикалық шараларды бірнеше топқа бөлуге болады:
- бейтараптандырушылық;
- теңестірушілік;
- әлеуметтік ауытқушылыққа алып келетін жағдайлардың туындауын ескертушілік;
- келеңсіз жағдайларды жоюшылық;
- профилактикалық жұмыстар мен оның нәтижелерін бақылаушылық.
Профилактикалық шаралардың өтуі жоғары тиімділікті болуы үшін белгілі бір шарттарды ескеру маңызды. Ондай шарттарды ғалымдар мынадай құрамда көрсетеді:
- баланың әлеуметтік ортада, табиғатта өзін қолайсыз сезінуіне әсер етіп тұрған көздерді болдырмау. Сонымен қатар, өмірінде кездескен кедергілер мен қиыншылықтарды өздігінен шешуге қажетті тәжірибені меңгеруіне жағдай туғызу;
- баланың алдына қойған мақсаты мен денсаулығын сақтауға бағытталған жоспарына қол жеткізу үшін көмегі тиетін жаңа дағдыларды үйренуге оқыту;
- әлі пайда болмаған мәселелердің шешімін табуға үйрету және олардың пайда болуының алдын алу.
Әлеуметтік-профилактикалық тұрғыдан келудің негізгі мақсаты әртүрлі негативті құбылыстарды қалыптастыратын себептер мен жағдайларды айқындау, кейіннен жоюды қарастырады.
Әлеуметтік-педагогикалық келіс. Ол девиантты мінез-құлықты баланың тұлғалық қасиеттерін, әсіресе, тұлғаның адамгершіліктік және еріктік қасиеттерін коррекциялау және қайта қалпына келтірумен байланысты сипатталады.
Бірінші кезең - жекелеген еріктік сапалардың мәнін ашу, олардың мысалдарын көрнекілік тұрғысында дұрыс жеткізу;
Екінші кезең - жеткіншектердің еріктік сапалары туралы көзқарастарын қорыту, батырлық пен тәкаппарлық, бірбеткейлік пен қырсықтық, өз бетінше еңбектенуге қабілеттілік пен өзгелер пікіріне деген құрметтің төмендігі түсініктері арасындағы айырмашылықтарды айқындау.
Үшінші кезең - жоспарлы түрде өз кемшілігін іздеу, оны түзетудің жолдарын қарастыру және өзін-өзі тәрбиелеу кезеңі. Бұл кезеңде әлеуметтік педагог жеткіншектің қалыптасуында өзіне дұрыс баға бере білуіне, жеке кемшіліктеріне төзбеу сезімін оятуға көмектесуі тиіс.
Отбасының қолайсыз жағдайы, маскүнемділік, құқық бұзушылық пен атааналардың селқостығы, бала тәрбиесіндегі дөрекілік нұсқалары, олардың адамгершілік ар-намысын төмен түсіру, оларға психологиялық және дене бітіміне зорлық көрсету қатер тобындағы балалардың пайда болуына және балалардың заңмен келіспеушілікке түсуіне негізгі себеп болады [7].
Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлығындағы бұзылыстар, олардың әлеуметтік икемсіздігі өзекті мәселе болып отыр.
Заңмен келіспеушілікке түскен балаларды келесі топтарға жіктеуге болады:
1.Қылмыс жасаған және сотпен түрлі қылмыстық жазаларға тартылған балалар.
2.Қылмыс жасаған және қылмыстық жазасынан немесе жауаптылығынан босатылған балалар.
3.Қоғамға құрамында қылмыстық белгілері бар қауіпті әрекет жасаған, бірақ қылмыстық жауапқа тартылу жасына келмеген балалар.
4.Қоғамға құрамында қылмыстық белгілері бар қауіпті әрекет жасаған, қылмыстық жауапқа тартылу жасына жеткен, бірақ психологиялық дамуында олардың өз әрекеттеріндегі (әрекетсіздігіндегі) нақты сипатты және қоғамдық қауіпті толығымен түсінуге немесе оларды басқаруға мүмкіндік бермейтіндей тежеуі бар балалар.
Девиантты мінез-құлыққа бейім жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық бейнесі: Отбасындағы жағдай: :: бала мінезін бақылауды іске асырудағы қиыншылықтар; :: ата-аналар тарапынан тиесілі қадағалаудың болмауы; ::тәрбиедегі жүйесіздік. Мектептегі жағдай: :: ең алдымен сабаққа қатыспауы түрінде көрініс беретіндей оқуға ынтасының болмауы; :: төмен деңгейдегі оқу үлгерімі; ::сыныпта нашар мінез-құлық көрсетуі; :: мұғалімдермен және сыныптастарымен қарым-қатынас құруындағы қиыншылықтар. Құрдастарымен қатынастары: :: әлеуметке жат көзқарастары және беталыстары бар достары мен жолдастарының болуы, оның салдары ретінде, жақын қоршаған ортасында әлеуметтік бейімделген құрдастарының кем саны немесе олардың мүлдем болмауы;
Психологиялық белсенді заттегілерді (ПБЗ) пайдаланудағы қиыншылықтар - есірткіішімдік: :: ішімдіктерді немесе есірткіні кездейсоқ немесе тұрақты пайдалануы; Бос уақыты мен қызығушылықтары: :: бос уақытын өнімсіз жаратуы; :: бос уатының жеткілікті ұйымдастырылмауы. Жеке қасиеттері мен мінезі: :: Гипер белсенділік, зейініндегі бұзылыстар; :: Физикалық агрессия; :: Вербальдық агрессия; :: ашуын білдірудегі сабырсыздық; ::өзін-өзі бағалаудағы қиыншылықтар (тым жоғары немесе тұрақсыз). Құндылықтар мен әлеуметтік ұстанымдарының жүйесі: :: қиыншылықтың орын алғанын мойындауға және көмекке жүгінуге дайын болмауы; :: әлеуметке қарсы және қылмыстық ұстанымдарының болуы. Кәмелетке толмаған бала дамуындағы әлеуметтік-психологиялық жағдай: :: отбасындағы қаржы немесе тұрмыстық қиыншылықтардың болуы; :: отбасында күшті эмоционалдық жарақат алуы;
Осылайша, кәмелетке толмаған құқық бұзушы дегеніміз - бұл ата-аналары бойынша тәрбие беру құзыреттілігі төмен деңгейде қалыптасқан отбасынан шыққан, мектепте қиыншылықтары бар (ең алдымен, оқуға ынтасының болмауы салдарынан), әлеуметке жат адамдармен қатынасы қалыптасқан, бос уақыты ұйымдастырылмаған бала.
Оның ішімдікті жәненемесе өзге де ПБЗ пайдаланудағы кездейсоқ немесе жүйелі пайдалануында тәжірибесі бар. Ол өзін өзі түсінуінде жоғары болмайтын дәрежесімен және құндылықты-нормативтік аясындағы, сонымен қатар эмоцияларын жігерімен басқарудағы қиыншылықтардың орын алуымен сипатталады.
Отбасындағы қаржы, тұрмыстық, эмоционалдық қиыншылықтар кәмелетке толмаған баланың әлеуметке қарсы немесе қылмыстық бағдарының қалыптасуымен байланысты, бірақ, жинақтала келе, олар жеке тұлғаның қалыптасуындағы ерекшеліктермен бірлесе отырып, кәмелетке толмаған баланың заңмен келіспеушілікке түсуі қатерін арттыра түседі.
Девиантты мінез-құлық танытуға бейім балалармен жұмыс жүргізгенде мамандар қызметіндегі келесі бағыттары:
1.Әлеуметтік жұмыс бағыты бойынша: девиантты мінез танытуға бейім балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізуі; девинатты мінез танытудағы мүмкін себептердің алғашқы диагностикасын жүргізу; түзету жұмысының жоспарын түзуге қатысып, іс-шараларда өз бөлігін іске асыруы; алдын алу кеңесі мен психологиялық-педагогикалық консилиумының мүшелерін өткізілген ісшаралардың нәтижелілігі туралы хабардар етуі; алдын алу жұмыстарына қатысуы қажет.
2.Психологиялық бағыт бойынша: девиантты мінез танытуға бейім балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізеді; девинатты мінез танытудағы мүмкін себептердің алғашқы диагностикасын жүргізуге қатысады; түзету жұмысының жоспарын түзуге қатысып, іс-шараларда өз бөлігін іске асыруы; алдын алу кеңесі мен психологиялық-педагогикалық консилиумының мүшелерін өткізілген ісшаралардың нәтижелілігі туралы хабардар етуі; алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
3.Педагогикалық бағыт бойынша: девиантты мінез танытатын балаларды анықтауға қатысады; сынып жетекшілерін девиантты мінез танытқан оқушылармен байланысты оқиғалар туралы хабардар етеді; білім алушылардың девиантты мінез танытуының алдын алу және болдырмау шараларын іске асыруға ат салысады; білім алушылармен сыныптан тыс жұмыс жүргізеді (спорттық секциялар, факультативтер, клубтар).
4.Құқық бағыты бойынша: девиантты мінез танытуға бейім балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізуі; девинатты мінез танытудағы мүмкін себептердің алғашқы диагностикасын жүргізу; түзету жұмысының жоспарын түзуге қатысып жұмыстарын жүргізуі қажет.

2. Ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік
қызмет көрсету мәселесі

2.1 Ата ананың қамқорлығынсыз қалған балалар сипаты, негізгі
себептері

Мемлекеттің негізі жер болса, оның болашағы балалар, жастар деген ұлағатты сөз бар. Қазақ халқы ежелден бала саны мен тәрбиесіне айрықша көңіл бөліп келген.
Алайда, бүгінде елімізде түрлі себептермен ата - ана қамқорлығынсыз өсіп жатқан балалар саны артып, осыған байланысты балалар үйлері де көбеюде. Бейбіт өмірдің өзінде бізде мыңдаған жетімдер бар - балалар үйлері толы. Бұл өкінішке қарай, жалпыәлемдік үрдіс және жаһанданудың сынағы. Бірақ біз бұл үрдіспен күресуіміз керек. Мемлекетіміз бен қоғамымыз жетімдерді асырап алуды және отбасы типіндегі балалар үйлері салынуын көтермелеуі қажет. Балалар - қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес деген Елбасымыздың жолдауынан бұл еліміздің шешімі күрделі де өзекті мәселелерінің біріне айналып отырғанын көреміз [8].
Сонымен, әдебиеттерге талдау жасай келе, шетел, ресей, отандық ғалымдар мен педагог - психологтардың жетім балалар мен ата - анасынан айырылған балалар жайында зерттеген еңбектеріне тоқталып өтіп, қазіргі таңда өзекті болып отырған ата-ана мейірімінен айырылған балалардың мәселесінің дүние жүзі бойынша шешімі табылмаған көкейкесті проблемаға айналғанын, қоғамның басты мәселелерінің бірі екеніне көз жеткіздік.
Қамқорлық - қорғансыз балалардың (ата-аналарынан айырылған балалар, жас сәбилер және т.б.) жеке басының және мүлкiнiң құқықтарын қорғау. Сонымен қатар, әлеуметтiк педагогикада жетiм, әлеуметтiк жетiм ұғымдары жиі қолданылады.
Сонымен, ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларға:
- ата-анасы қайтыс болған;
- ата-анасы бала тәрбиелеу құқығынан айрылған;
- ата-аналық құқығы шектелген;
- түзету колониясында кiнәсiн өтеп жүрген ата-аналардың балалары;
- қылмысына байланысты тәртiп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәселесі
Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі
Отбасымен, жасөспірімдермен және жастармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу
Жетім балалар мәселесінің өткір тұстары және оның шешілу жолдары
Жастар арасында девиантты мінез - құлықтың қалыптасуы
Балалық шақ, жетімік және әлеуметтік жетімдік мәселелері
Ата – ана қамқорынан қалған балалар психологиясы
Балаларының психологиялық қабілетін айқындау
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЖЕТІМ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІCТEМECІ
Пәндер