Төртбұрышты еденді керамикалық плитка


Мазмұны
Нормативтік сілтемелер 5
Анықтамалар 6
Белгілеулер мен қысқартулар 7
Кіріспе 8
1 Өнім номенклатурасы 10
2 Шикізаттардың сипаттамасы 12
3 Өндірістік әдісті таңдау 15
4 Өндірістің технологиялық схемасы 17
5 Өндірістің жұмыс істеу режимі 23
6 Өндірістік бағдарлама 24
7 Шихтаның құрамын анықтау 25
8 Шикізат өндірісінің материалдық балансы 27
9 Құрал-жабдықтардың техникалық сипаттамалары 30
10 Құрал-жабдықтардың санын есептеу 32
11 Өнім сапасын бақылау 34
12 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелері 40
13 Қоршаған ортаны қорғау 42
Қорытынды 43
Пайдаланылған әдебиеттер 45
Нормативтік сілтемелер
Бұл курстық жобада келесі нормативтерге сілтеме жасалды.
ГОСТ 6787-2001 Плитки керамические для полов. Технические условия.
ГОСТ 27180-2001 Плитки керамические. Методы испытаний.
ГОСТ 3979-83 Плитки керамические. Термины и определения.
ГОСТ 961-89 Плитки кислотоупорные и термокислотоупорные керамические. Технические условия.
ТКП 45-1. 03-40-2006. Безопасность труда в строительстве. Общие требования.
ТКП 45-1. 03-42-2008. Безопасность труда в строительстве. Производство
строительных материалов, конструкций и изделий
ГОСТ 15045-78 Материалы кварц-полевошпатовые для строительной керамики. Технические условия
ГОСТ Сырье глинистое для керамической промышленности. Классификация.
ГОСТ 3226-93 Глины формовочные огнеупорные. Общие технические условия
ГОСТ 23037-99 Заполнители огнеупорные. Технические условия
ГОСТ 8736-2014 Песок для строительных работ. Технические условия
Анықтамалар
Бұл курстық жобада келесі анықтамалар мен терминдер келтірілді.
Кeрaмикaлық бұйым дeп - минералдық және органикалық үстемелер қосылған саздан немесе оның қоспасынан қалыптау және күйдіру арқылы жасалатын материалды айтамыз.
Саздар деп - құрамы өте майда түйіршікті шөгінді тау жыныстарын айтады.
Топырақ - шөгінді магмалық тау жынысы, майда иілгіштігі жоғары, су қосқан кезде қамыр пайда болатын масса.
Қоспа - керамикалық массаның қасиеттерін өзгерту үшін қолданылатын шикізаттар.
Саздың иілгіштігі деп - саз қамырының сыртқы механикалық күштерінің әсерінен тұтастығын бұзбай деформациялануға және бұл күштердің әсері тоқтаған соң, қалпын сақтауға қабілеттілігін айтады.
Кептіру деп - материал мен қоршаған орта арасындағы жылу және масса алмасуымен байланысты жүретін көптеген құбылыстарды айтамыз.
Каолинит - дала шпаты, слюда және әр түрлі силикаттардың желденуі мен одан әрі қабатты бөлшектеніп бұзылуынан пайда болған минерал.
Жүдеудететін қоспалар - топырақтың ауалық және оттық шөгуі кезіндегі деформациясын азайту мақсатында қалыптау массасына қосылатын қоспа.
Ауалық шөгу - қалыптап болған соң шикі керамикалық бұйымдарды кептіру кезіндегі салмағының және көлемінің өзгеруі.
Оттық шөгу - термиялық өңдеу (күйдіру) процесі нәтижесінде керамикалық бұйымдардың салмағының және көлемінің өзгеруі.
Өндірістік куат - жобаланған өндірістегі белгіленген өнімнің нағыз бірліктегі максималды шығарылымының көрсеткіші.
Саздың иілгіштігі - деп саз қамырының сыртқы механикалық күштерінің әсерінен тұтастығын бұзбай (үзілмей және жарықшақсыз) деформациялануға және бұл күштердің әсері тоқтаған соң, түскен қалпын сақтауға қабілеттілігін айтады.
Шликер - керамика өндірісінде қолданатын саз бен су араласының сұйық суспензиясы.
Қажалуға төзімділік - бұл материалдың өз салмағы мен көлемін қажайтын күш әсерінен сақтап тұру қасиеті.
Су сіңіргіштік - материалдың бойына су сіңіріп, оны ұстап тұру қабілеті.
Белгілеулер мен қысқартулар
ГОСТ - мемлекет аралық стандарт
ҚР - Қазақстан Республикасы
ТШ - техникалық шарттар
ЖӨ - жарамсыз өнім
КСЖ - күйдірілгендегі салмақ жоғалтуы
НҚА - нормативтік құқықтық актілер
ОТК - техникалық бақылау бөлімі
м - метр
мм - миллиметр
м 3 - текше метр
см 3 - текше сантиметр
т. б. - тағы басқа
сағ. - сағат
° С - градус Цельсий
% - пайыз
кг - килограмм
г - грамм
МПа - қысымның өлшем бірлігі
т - тонна
кг/м 3 - тығыздық мөлшері
м 3 /сағ - текше метр сағатына
Кіріспе
Мeмлeкeт бaсшысы Нұрсұлтaн Нaзaрбaeвтың «Нұрлы жoл - бoлaшaққa бaстaр жoл» Жoлдaуы aясындa «Қoлжeтiмдi тұрғын үй - 2020» бaғдaрлaмaсы жaңaрып, жaңғыртылғаны бeлгiлi. Жaңa экoнoмикaлық сaясaттың өзeгi жeтi бaғыт бoйыншa инфрaқұрылымдық дaму жoспaры бoлып oтыр.
Мeмлeкeттiң экoнoмикaлық жәнe әлeумeттiк жaғынaн дaмуы әрқaшaнда құрылыстың тиiмді жәнe жeдел жүргiзілуімен тiкелей бaйланысты болaтыны бeлгілі. Қoғамдық өндiрістің дaмуына жәнe әлeуметтік мiндеттердің шeшілуіне aрналған хaлық шaруашылық қoрларын тұрғызy жәнe oны тeздете жaңғарту, сoнымен қaтар, құрылыc өндiрісі тиiмділігін пәрмeнді жоғaрлату - құрылыcтың бaсты мaқсаты бoлып табылaды. Құрылыс дaмыған жaғдайда ныcaндарды нормaланған мeзгілде пaйдалануға енгiзу, құрылыcтың кезекті мезгілде бiтіріп қoйған бaстама көлемiн жәнe aяқталмаған құрылыc көлeмін нoрмалық дeңгейде ұcтау, cонымен қaтар, құрылыc cапасын жәнe eңбек өнiмділігін aйтарлықтай aсыру мaңызды мiндеттерге жaтады.
Қaзақстан Рeспубликасының дaмуы oл құрылыc мaтериалдарының дaмуы-мен тiкелей бaйланысты. Сeбебі, ғимaраттардың, зәулiм үйлер мен тұрғын - үй кешендерінің көбейіп, заманға сай болуы осы құрылыс материалдарына байланысты көркейеді. Құрылыс материалдарының адамзатқа тек пайдалы болуымен қатар оның сыртқы көрінісінің көркем болуыда керек. Бұл салада құрылыс материалдарын өндіретін инженер-технологтар көптеген еңбек етуде. Жылдан жылға жаңа технологиямен жаңа материалдар өндіруде. Елбасының жолдауында айтылғандай заманға сай ел болу үшін, дамыған мемлекеттер қатарында болу үшін еліміздің жылдан жылға көркейтуіміз керек, заманға сай ғимараттар, тұрғын үй кешендерін, кәсіпорындар т. б. құрылыс орындарын көбейтуіміз қажет, ең бастысы осы кешендердің барлығын салу үшін жаңа құрылыс материалдарын өндіруіміз керек. Қазақстан халық шаруашылығының даму жоспарына сай тұспалданған кәсіпорындық және азаматтық құрылыстың дамуының қарқынды ауқымы құрылыс материалдарының барлық түрінің, әсіресе өңдеу материалдарының максималды өсуін талап етеді. Ғимарат пен үймереттерді архитектуралық әрлеуді қамтамасыз ететіндердің қатарына ақ және түсті портландцемент, шыны, керамикалық материалдар, ағаш өнімдері, полимерден жасалған бұйымдар және т. б. жатады. Құрылыс материалдарымен ғимараттар және құрылыстық- көркемдік бейнесінің өзара байланысы- бұл дамудың маңызды мәселесі. Ғимараттар мен құрылыстық конструкциялардың егізін қалай отырып, олар нақты қызметтік және әсемдік мақсаттарға сай келетін міндеттерді орындау үшін, қолдану кезінде құрылыс материаладары шығармашылыққа тән маңызға ие болады.
Керамикалық құрылыс материалдары қазіргі кезде кең қолданылатын мате-риал болып саналады. Тұрғын үй және азаматтық құрылыс қарқынының өсуіне байланысты керамикалық материалдар өндірісі де дамуда. Керамикалық плиткалар - әртүрлі өлшемде болады
Керамикалық плиткалар жоғары эксплуатациялық қасиетімен ерекшеленеді, сондықтан, олар құрылыста кең қолданылады. Олар тұрғын ғимараттарының санузелдерінде, емханалардың операция бөлмелерінде, душтарда, моншаларда, тамақ өндірісінің цехтарында және метрода төселеді. Керамикалық плиткалар ұзақ ғұмырлығымен және жоғары декоративті қасиеттерімен басқа қаптама заттардан асады. Оларды тұрғын үйлердің, өнеркәсіптік және қоғамдық ғимараттар мен үймереттердің ішкі және сыртқы қаптамасы үшін қолданады. Плиткалар үш түрлі болып шығарылады: фасадты, еденге арналған және қабыр-ғаларды қаптауға арналған.
Қазіргі уақытта да керамикалық плиткаларға деген сұраныс күннен-күнге өсуде. Сондықтан, қабырғалардың ішін қаптауға арналған және фактуралы ірі өлшемді еденге арналған түрлі-түсті және декоративті плиткалардың өндірісі ұлғаюы керек. Керамикалық плиткалардың әлемдік практикасындағы өлшемі, формасы және декоративтілігімен ерекшеленетін ассортименті әрқилы. Бұл плиткалардың ерекше сипаттамасы жоғары тығыздығы, сыртқы дефор-мациялық күштерге (әсерлерге) төзімділігі, отқа төзімділігі, кеңістік әсеріне тұрақтылығы. Еденді плиткалар глазурьленген, беті тегіс, кедір-бұдырлы болуы мүмкін. Глазурьленген плитканың қаңқасы ақ болуы мақсат емес, өйткені глазурьленгеннен соң қаңқаның түсі глазурьмен толық жабылады. Керамикалық еденді плиткаларды режимі ылғалды және өте таза, қозғалысы көп дүкендерде, вокзалдарда, ауруханаларда, асханаларда және т. б. жерлерде қолданылады. Қышқылға өте төзімді болуы себебінен еденді плиткаларды кейбір кезде қышқылдарды сақтайтын ыдыстарды және аспаптарды астарлау үшін қолданады.
Қазақстандағы керамикалық плитка өндіретін жалғыз зауыттың қуаты артып келеді. Ендігі жерде жергілікті өнім нарықтан шет елдерде өндіріліп, елімізге импортталатын плиткаларды ысырып шығаруы ықтимал.
Еденге арналған керамикалық плиткалар өндіру зауыты ҚР-да өте аз болғaндықтан мен осы курстық жобa тaқырыбын тaңдап aлдым.
1 Өнім номенклатурасы
Керамикалық плиткалардан жасалған еден тіпті су өткізбейді, шаң-тозаң көтерілмейді, тез жуылады, ұзақ шыдайды, қышқыл мен сілті әсеріне төзімді
Еденге арналған керамикалық плиткаларды 50-150мм-ге дейінгі өлшемде (қырларының ұзындығы) қалыңдығы 10-13мм етіп жасайды. Плиткалардың түрі мен түсінің әр түрлілігі еденнің сан алуан композициясын жасауға мүмкіндік береді.
Еденге арналған керамикалық плиткаларды ғимараттағы едендерге төсеу үшін пайдаланады, оларға тазалық жағынан өте жоғары талаптар қойылады, май және басқа да химиялық реагенттер әсер ететін, қарқынды қозғалыстар болатын жерлерде, сонымен қатар егер де еденге арналған материал ғимараттың сәулеттік безендіру мен әсемдеу элементтері ретінде пайдаланады. Қышқылға төзімділігі жоғары болғандықтан (төзімділігі 97-98%) мұндай плиткаларды химия өнеркәсібіндегі цехтарда еденге төсеу және футеровка жасайтын материал ретінде де қолданады. Олардың кеуектілігі, отқа төзімділігі төмен, қажалу не сырылу күштеріне жоғары қарсыласады.
Плиткалардың көркемдік - декорлы сапасын жоғарылату үшін оларды пресс формаға шаблон бойынша себілетін, әр түрлі боялған саз ұнтақтарын пресстеу жолымен орындалатын көп түсті өрнектерде немесе әйнекеленген плитканың беткі қабатына түрлі түстегі өрнектерді шелкография әдісімен түсіріп дайындайды.
Еденге арналған керамикалық плиткалардың диапазоны өте жоғары. Тіпті барлық өнімдер плиткалар деп аталса да, қоспаның құрамына, қабаттың болуы немесе болмауына, физикалық сипаттамаларына, аязға төзімділігіне және истигалдың тұрақтылығына байланысты әр түрлі болады.
Жанама түрде еденге арналған плиткалардың тығыздығы күйдірілген черепоктың су сіңіргіштік қасиетімен анықталады. Ол әйнекейленген плиткалар үшін 4 %-дан аспауы керек. Жоғары қажалуға және химиялық қажау әсеріне және химиялық реагенттер әсеріне ұшырайтын плиткалардың су сіңіргіштігі
2%-дан аспауы керек. Еденге арналған керамикалық плиткалар Моос шкаласының 7-8 қаттылық санымен сипатталады.
Еденге арналған плиткаларды түзу, шұңқырлы, фактуралы және техникаланған бетті, бір түсті және көп түсті етіп шығарады. Плитканың ішкі бетін ерітіндімен жақсы беку үшін шұңқырлы етіп жасайды. Пішіні бойынша плиткалар төртбұрышты, алтыбұрышты және сегізбұрышты болады. Еденге төсеу барысында плиткаларды сындырмау үшін әртүрлі пішінді плиткаларды: төртбұрыштылардың тікбұрышты және үшбұрышты жартылары, алты-бұрыштылардың төрт және бесқырлы жартыларын шығарады [1] .
Пішіні бойынша плиткалар төртбұрышты, тікбұрышты және әртүрлі пішінді болып бөлінеді. Бүйір қырлары доғаланған және доғаланбаған болады. Доғаның радиусын өндіруші бекітеді.
1 кесте - Өндірілетін бұйымның номенклатурасы
Бұл курстық жоба бойынша өлшемі ГОСТ 6787-2001 150х150х11 болатын глазурленбеген еденге арналған керамикалық плиткалар алынды.
2 Шикізаттардың сипаттамасы
Керамикалық плиткалар өнімдерін жасау мақсатында жобаланатын зауытта жергілікті ресурстар қолданылады. Бастапқы шикізат материалдары зауытқа теміржол және автокөлік құралдарымен жеткізіледі. Тау жынысының желденуі механикалық бұзылу мен химиялық ыдырау нәтижесінде жүзеге асады. Механикалық бұзылу температура мен судың әсер етуінен пайда болады. Химиялық ыдырау, мысалы, дала шпатына су мен көмір қышқылының әсер етуі нәтижесінде каолин минералы пайда болады.
Саздар - мөлшері 0, 01майда түйіршіктерден тұрады. Саздар жыныстары галлуазит, каолинит, монтмориллонит және т. б. минералдар негізінде топта-лады. Сонымен қатар, структурасы және қасиеттері бойынша отқа төзімділер, қиын балқитын, жеңіл балқитындар тобына жіктеледі. Олар сумен араласқанда, өздерінің минералогиялық және химиялық құрамына тәуелсіз, иілмелі созыл-малы қамыр түзе алады, күйдірген соң суға төзімді және берік тас түріндегі де-неге айналады. Негізінен дала шпатын желдету нәтижесінде түзілген саздар қатпарлы кристалды құрылымдағы сулы алюмосиликаттар түріндегі түрлі саз-ды минералдың тығыз қоспасынан тұрады. Олардың ішінде кең тарағандарды каолиниттілер (каолинит Al 2 O 3 ⋅2SiO 2 ⋅2H 2 O және галлуазит Al 2 O 3 ⋅2SiO 2 ⋅4H 2 O), монтмориллониттілер (монтмориллонит - Al 2 O 3 ⋅4SiO 2 ⋅2H 2 O), бейделлит - Al 2 O 3 ⋅2SiO 2 ⋅H 2 O және гидрослюдалылар негізінен слюданың түрлі дәрежедегі гидратациялану өнімі болып табылады. Саздың заттық, минералогиялық және түйіршік өлшемді және химиялық құрамын ажыратады. Заттық құрамы балшық заттары мен қоспаларын анықтайды.
Каолин - саздық құрамы каолиниттен тұратын тау жынысы. Керамика өнді-рісінде шикізат ретінде қолданады. Пісу температурасы 1350-1450 0 С, балқу температурасы 1730-1820 0 С.
Кварцты құм. Ол өлшемдері 0, 5-2 мм ірі түйіршікті және 2 мм-ден артық өлшемді қоспалардың еленген болуы керек. Ұсақ диперсті шаң тәрізді құмдар бұйымдардың қалыптау және кептіргіштік қасиеттерін нашарлатады. Жүдеу-лету үшін ең жақсы болып ірілік модулі 2-2, 5 кварцты құм табылады.
Құмды 10-25% мөлшерінде қосады. Құмның көп мөлшері керамикалық материалдың беріктілігі мен аязға төзімділігін азайтады. Ол керамикалық черепоктың кварцтың модификациялы қайналуы нәтижесінде бұзылуының бірден бір себебі болуы мүмкін. Бұл жағдайда бұйымда жіңішке шаш сияқты сызаттыр пайда болады.
Дала шпаттары - ең көп тараған минерал. Олар кремний және алюмниий оксидтерінің, сілтілік металдардың оксидтерімен әрекеттесу нәтижесінде құралған алюмосиликаттар. Бұларда кварц сияқты түрлі түсте кездеседі. Дала шпаттарының басты түрлеріне ортоклаз және плагиоклаздар жатады. Ортоклаз (тура жаралушы) К 2 ОN 2 O 6 SiO 2 . Плагиоклаздар (қырың жаралушылар) альбит-N 2 OAl 2 O 3 6SiO 2 және анортит СаОAl 2 O 3 2SiO 2 және осылардың араласпалары.
Шамот деп балшықты күйдіру кезінде пайда болатын керамикалық ма-териалды айтады. Ол технологиялық қасиеттеріне байланысты кварцты құммен салыстырғанды аса нәтижелі болып табылады. Ол бірден балшықтың кептіру және күйдіру, ал кейде қалыптау қасиеттерін жақсартады. Шамоттың бөлшектерінің шекті ірілігі 2мм-ден аспау керек.
Қоспалар - бұйымның балқу температурасын төмендету мақсатында керамикалық массаға балқытқыш қоспалар ендіреді. Балқытқыш қоспалар ретінде: дала шпаты, нефелинді-сиенит, перлит, валластанит, әк, доломит, ұсақталған мрамор, тальк, эрклез, майда ұнтақталған шыны, шлак қолданылады. Басқа компоненттермен жақсы араласу үшін және алғашқы кезде жүдеткіш функциясын, ал күйдіру процессінде - балқытқыш функциясын атқару үшін балқытқыштар массаға ұсақ ұнтақ түрінде ендіріледі.
Химиялық құрамы саздың маңызды сипаттамасы болып табылады және маңызды шамада белгілі бір түрдегі бүйымдарды өндіру үшін олардың жарамдылығын анықтайды. Таза балшықтар көбінесе каолиниттен тұрады, сондықтан оларды каолиндер деп атайды. Балшықтардың құрамына әртүрлі оксидтер (Al 2 O 3 , SiO 2 , Fe 2 O 3, CaO, Na 2 O, MgO және K 2 O) , бос және химиялық байланысқан су және органикалық қоспалар кіреді. Балшықтардың қасиетіне қоспалар көп әсер етеді. Сонымен, SiO 2 -нің және байланыспаған Al 2 O 3 -нің үлкен шамасы болған жағдайда балшықты материалдардың байланыстырғыш қасиеті азаяды, күйдірілген бұйымдардың кеуектілігі артады және олардың беріктігі артады. Темір қоспалары, күшті балқымалар бола тұра, балшықтардың отқа төзімділігін азайтады. Көмірқышқыл кальций отқа төзімділігін және пісу интервалын азайтады, күйдіру кезіндегі отыруды және беріктігі мен аязға төзімділігін азайтатын кеуектілігін ұлғайтады. Na 2 O және K 2 O оксидтері балшықтың пісу температурасын азайтады.
Керамика технологиясында пайдаланылатын балшықтың қасиетін 4 топқа біріктіруге болады: сулы, механикалық, кептіргіш, термиялық.
Сулы қасиеті олардың сумен еркін өзара әрекеттесуі кезінде пайда болады. Оларға ылғал сыйымдылық, ісіну жатады.
Механикалық қасиеті балшыққа сыртқы күштер әсер еткен кезде пайда болатын балшықтың қасиеті. Оларға иілімділік, керамикалық массаны қалыптау жатады. Балшық иілгіштігімен, байланыстылығы және байланыстыру қабілеті, кептіруге және жоғары температуралардың әсеріне қатыстылығымен сипатталады. Балшықтың иілгіштігі иілгіштік санымен сипатталады. Көптеген керамикалық зауыттарда сәйкес бұйымдарды өндіруге табиғи түрінде жарамды шикізаттар жоқ. Мұндай шикізат қоспалардың енгізуін қажет етеді. Сөйтіп, иілмелі балшықтарға 6-10%-ке дейін жүдеулеткіш қоспаларды (құм, шлак, шамот және т. б. ) қосып, балшықтардың кептіру мен күйдіру кезіндегі отыруын азайтады.
Кептіру қасиеті балшық массасында оны кептіру кезінде болатын өзгерістерге әсер етеді. Оларға ауаның шөгуі, балшықтың кептіруге деген сезімталдығы, балшықтың ылғал өткізгіштігі жатады.
Отыру деп кептіру (ауалық отыру) мен күйдіру (оттық отыру) кезіндегі үлгінің сызықтық өлшемдер мен көлемнің азаюын айтады. Ауалық отыру кептіру кезінде сырецтегі судың булануы нәтижесінде болады. Әртүрлі балшықтар үшін сызықтық ауалық отыру ұсақ фракциялардың құрамына байланысты 2-3% -дан 10-12 % - ға дейін ауытқиды. Оттық отыру күйдіру кезінде саздың жеңіл балқитын құрамдас бөлшектері балқиды, ал балшық бөлшектері жақындайды. Оттық отыру балшықтың құрамы байланысты 2-8% болады. Толық отыру ауалық отыру мен оттық отырудың алгебралық сомасына тең, ол 5-8% шектерінде ауытқиды. Балшықтардың бұл қасиетін белгілі бір өлшемді бұйымдарды өндіру кезінде ескеру қажет.
Термиялық қасиеті - жоғарғы температура кезінде сазды қыздыру процес-сінде пайда болатын қасиеттерді атайды. Оларға отқа төзімділік, саздың қақ-тала жабысуы, отты шөгуі жатады. Күйдіруден кейін тас тәрізді массаға айналу сазға тән қасиет. Температураның жоғарылауының бастапқы периодында мехникалық байланысқан су буланады, содан соң органикалық қоспалар жанады, ал 550-800 ° С-ге дейінгі температурада сазды минералдардың дегид-ратациясы жүзеге асып, саз өзінің пластикалық қасиетін жоғалтады. Сөйтіп, саздың тас тәрізді күйге айналу үрдісі жүзеге асады. Саздың отыру, тығыздалу және беріктілігінің жоғарылау үрдістерінің күйдіру кезіндегі қосындысы - саздың пісуі деп аталады. Температураның содан кейінгі жоғарылауы нәтижесінде масса жұмсарады, саздың балқуы басталады. Күйдірілген балшықтардың түсіне негізінен темір оксидтерінің құрамы әсер етеді . Олар керамикалық бұйымдарды пештегі оттегінің артық мөлшері кезінде қызыл түске, ал оттегінің аз мөлшері кезінде қоңыр және қара түске боялады. Титан оксиді черепоктің көкшіл түсін береді. Ақ түсті бұйым алу үшін күйдіру қалыптандыру ортасында (газдарда бос CаO және H 2 О-нің бар болуы) және анықталған температураларда жүзеге асады.
3 Өндірістік әдісті таңдау
Еденді плиткалар өндірісінде массаны дайындаудың жартылай құрғақ, пластикалық және шликерлі тәсілдермен іске асырылады. Құрылыс керамика бұйымдарын дайындаудың технoлогиялық процесінің бастапқы массаны дайындау. Бұл технoлогиялық процестің негізгі міндеті саздың табиғы құры-лысын бұзу, шикізаттан зиянды қосалқы заттарды бөлу, берілген рецепті бойынша шихта компоненттерін дұрыс мөлшерлеу және массаға тығыздық беру және ұнтақталған компонентерді беру жолымен біркелкілік және жақсы араластыру.
Жартылай құрғақ әдіс ылғалдылығы 8-10% болатын, жоғары қысыммен (15-40МПа) сусымалы ұнтақ тәрізді массадан бұйымды компрессорлық престеуден тұрады. Мұның бір түріне ылғалдылығы 2-8% болатын керамикалық ұнтақтан престейтін құрғақ әдісі жатады. Жалпақ жұқа қабатты бұйым дайындау үшін керамикалық ұнтақтан бұйымды престеу кеңінен тараған (мысалы, керамикалық плита) . Кейінгі жылдары қабырғалық керамика бұйымдар өндірі-сінде пресстеу кеңінен дамуда (кірпіш және керамикалық тас) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz