Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
МАЗМҰНЫ: 1 ИНФОРМАТИКАНЫҢ КӘСІБИ БАҒДАРЛЫ КУРСЫНДА ПАРАЛЛЕЛЬ ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МАЗМҰНЫ: 1. 1 Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың негіздері . . .
МАЗМҰНЫ: 1. 2 Информатиканың кәсіби бағдарлы курсында параллель программалау негіздерін оқыту қажеттілігі . . .
МАЗМҰНЫ: 1. 3Информатиканың кәсіби бағдарлы курсында параллель программалау негіздерін оқыту мазмұнын анықтау . . .
МАЗМҰНЫ: 2 ПАРАЛЛЕЛЬ КОМПЬЮТЕРЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ ЖӘНЕ ПАРАЛЛЕЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІ
МАЗМҰНЫ: 2. 1 Параллель компьютерлер архитектурасы . . .
МАЗМҰНЫ: 2. 2Параллель программаларды құру құралдары . . .
МАЗМҰНЫ:

2. 3Параллель программалауды электронды оқулықпен оқыту жолдары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
МАЗМҰНЫ: ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

Біз іргелі және қолданбалы ғылымдардың тез дамыған дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, екеуі күрделі және уақыт жұмсауды талап етеді, сондықтан ақпараттарды тез өңдеуді қажет етеді. Еліміздің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми-зерттеулерді жылдам жүргізіп, ақпараттың үлкен көлемін ұтқырлы және уақтылы өңдеу, инновациялық әзірлемелер мен технологияларды кеңінен енгізуді жүзеге асыру қажетті болып табылады. Сондықтан көпмақсатты дербес компьютер қолдану қажеттілігі артып отыр. Және осыған байланысты жоғары сапалы есептеу кластерлері пайда болды.

Осындай инновациялық технологиялардыңбірі суперкомпьютерлік технологиялар экономиканың барлық энергетика, машина жасау, мұнай-газ кешені сияқты секторлары, химиялық өндіріс, ғарыш және ядролық өндіріс сияқты салаларында сұранысқа ие болып табылады.

Ғылымның әр түрлі - физика, жер туралы ғылымдар, биология, экология, экономика және эконометрика сияқты бағыттары, әлеуметтік ғылымдар, математикалық лингвистика, информатика, тұтас орта механикасы, баллистика, медицина, химия салаларында суперкомпьютерлік технологияларды қолдану [1] жұмыста атап өтілген.

Суперкомпьютерлік технологияларды ғылыми-зерттеулерде ғана емес, сонымен қатар ақпаратты және ақпараттық қоғамды құру мәселелерін шешу үшін оларды қолдануосы технологияларды оқытудың өзектілігін көрсетеді. Суперкомпьютерлік технологияларды құру және іске асырудың маңызды компоненттерінің бірі компьютерлік білім беруді кеңейту, осы саладағы білікті мамандарды дер кезінде және сапалы даярлау болып табылады. Мұның бәрі осы саладағы дайындықты мектептен бастау керек екендігіне көзімізді жеткізеді.

Бағдарламалауды дәстүрлі оқыту оқушыларға қарапайым программалау тілін оқыту негізінде алгоритмдік ойлау дағдыларын үйрету керек екендігінен шыққан. Алайда, бағдарламалау тілдерінде алгоритмдерді көрсету түрлері программа құрушыны әрқашан шектейді, оның сипаттау әрекетін тілдің жиынтығындағы әрекеттермен шектейді. Программа құрушылардың ойлауындағы шектеулер орындау параллелизмі қажет болған есептерді шешу кезінде байқалады. Сондықтан, параллель программалауды ерте оқыту программалауды екі қызметке бөлу туралы қосымша жалпы жағдайлармен байланыстырған жөн: программа нобайының логикалық құрылымы мен оны нақты компьютерде көрсету.

Программалау кезінде қызметтің екі түріне бөлу фактысының өзі тиімді оқыту әдістерін мүмкіндік беретін оқытудағы босатуларға ықпал етеді. Яғни мұғалім дәстүрлі шешімдер үлгісінен бас тартуға тиіс және талқылау үшін эскиздердің ең көп санын ұсынуға баса назар аударуы керек. Оқушылар эскиздер түрлі көзқараста салыстырады және нәтижесінде кескін құрылуға тиіс бір шешімге келеді. Басқаша айтқанда, тыңдаушылар алдына ең тиімді жақсы шешім нұсқаларын таңдап талдауды қажет ететін проблемалық міндеттерді қою керек.

Параллель программалау мәселелерімен көптеген ресейлік және шетелдік ғалымдар айналысқан: В. В. Воеводин (ИВМ РАН), Вл. В. Воеводин (НИВЦ МГУ), В. Д. Корнеев (Новосибирск), В. Э. Малышкин (Новосибирск), К. Ю. Богачев, А. В. Комолкин (СПбГУ), С. А. Немнюгин (СПбГУ), В. П. Гергель (Нижний Новгород), Г. Р. Эндрюс (США), К. Хьюз (США), Т. Хьюз (США) және басқалар. Отандық ғалымдар Бидайбеков E. Y., КамаловаГ. Б, Нугманова С. А.

Қазіргі уақытта мектептердің алдына қойылатын міндеттер ­­- білім беру және оқыту сапасын арттыру, ғылым негіздерін берік меңгеру, әрбір пәнді ғылыми оқытудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету. Мектептердеәрбір оқушының жеке қабілеттерін ескермейтін білім берудің дәстүрлі әдістерінен бас тартуда. Білім саласын жаңартужаңа оқу бағдарламаларын, жаңа курстарды енгізу, соларға сәйкес оқытудыңәдістемелерін жасауды талап етеді. Осындай курстардың бірі параллель программалау курсы болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында бейіндік оқытудың «Бейіндік мектеп» жобасын енгізу және сынауды жоспарлаған болатын [2] .

Ақпарат көздерінде еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, мектептердің жоғарғы сыныптарындағы оқытуды оқу және әлеуметтендіру даралау бағытталған арнайы дайындау (кәсіби оқыту) жүйесіболып табылады деп мәлімденген. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, «Бейіндік мектеп» кәсіби білім беру бағдарламасы жалпы білім беретін мектептердің, мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, зияткерлік мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарында 2015 жылы басталды. Бейінді мектепке қабылдау ұлттық тестілеу негізінде болады.

Барлық дамыған елдерде жалпы білім берудің жоғарғы сатысында кәсіби болып табылады, ол мектепті аяқтаудың үш (сирек жағдайда екі) соңғы жылдары қамтиды. Негізгі мектеппен салыстырғанда, жоғары сатыда міндетті пәндер саны айтарлықтай азаяды.

Сондай-ақ, лауазымды орындардың мәлімдемесі бойынша 40 негізгі университеттер анықталған, солардың негізінде кәсіби мектептерді (11-12 сыныптар) орналастыру және оқыту мүмкіндігі қарастырылған. Кәсіби мектепте 10 сынып түлектерінің 60% -ы жалғастырады деп болжанады. Қазақстанда Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, кәсіби мектептер, соның ішінде жатақханалары бар мектеп ашылады, олардың жартысынан астамы - ауылдық жерлердеашылады деп жоспарланған. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының базасында кәсіби білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын мектептер құрылатын болады.

Жыл сайын мамандандырылған мектепте оқуларын жалғастыратын оқушылардың саны өсіп келеді және қазіргі уақытта кем дегенде 70% құрайды.

Сонымен, мынадай қарама қайшылықтар туындайды - бір жағынан мектеп оқушыларын параллель программалауға оқыту қажеттілігі, ал екінші жағынан оқыту әдістемесінің жоқ болуы және толық жасалмағандығы. Осы аталғандар зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты - информатиканың кәсіптік бағдарлы курсында жоғары сынып оқушыларына параллель программалау негіздерін оқыту әдістемесін жасау.

Зерттеу жұмысының міндеті:

  • тақырыпқа байланысты әдебиеттерге және Internet ресурстарына шолу жасау.
  • «параллель программалау негіздері» курсының мақсатын анықтау.
  • «параллель программалау негіздері» курсының құрылымы мен мазмұнын анықтау.
  • параллель есептеулерде қолданылатын тілдер мен құралдарды қарастыру
  • қазіргі кездегі параллель архитектураларды топтастыруларды зерттеу
  • мектеп оқушыларына параллель программалауды оқыту әдістемесін жасау

Зерттеу ортасы - жоғары сынып оқушыларын параллельді есептеуіштерді практикалық сабақтар негізінде үйрету.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы:

• параллель программалау технологияларының негізгі ұғымдарын анықтау;

• параллельді программалау пайдалану арқылы проблемаларды шешу жаңа кезеңдері ерекшеленді: ақпараттық талдау, процестерді параллельдеу, параллель программа құру

• параллель программалау курсының мазмұны ұсынылыпжәне оны бейіндік мектеп оқушыларын кәсіби оқытуға қосу.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

• кәсіби білім берудегі оқушыларды параллельді программалау негіздеріне оқыту әдістемесі жасалды;

• параллель есептеулерді оқытуға арналған электронды көмекші құрал жасалды

• осы құрал негізінде параллель программалауға үйрету әдістемесін информатика мұғалімдері күнделікті қызметінде қоладана алады.

1 ИНФОРМАТИКАНЫҢ КӘСІБИ БАҒДАРЛЫ КУРСЫНДА ПАРАЛЛЕЛЬ ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың негіздері

Көптеген ғалымдар өз еңбектерінде « . . . бүгінгі күннің мектептері оқушының тұлғалық қасиеттеріне бет бұрғандығын, оның жеке икемділігі мен қабілеттіліктеріне барлық жағдайды жасау керектігін», - дәлелдеп, мектептің жоғары сыныптарына бағдарлы оқытуды енгізуді негіздеген.

Бұл жерде бағдарлы оқыту дегеніміз не деген орынды сұрақ туындайды?

Бағдарлы оқыту - бұл жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғары сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.

Келесі бағдарлы оқытуды енгізудегі мақсат не дейтін болсақ, ол - жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.

Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.

Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін мекемелермен үйлестіруге келіп саяды.

Мұндай өзінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері бар «бағдарлы оқыту» ұғымын «кәсіптік білім беру» ұғымымен шатастыруға болмайды.

Кәсіптік білім беру деп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен куәландырылатын нақты кәсіби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесі.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудағы аса маңызды мәселе - бұл бағдарлау бағыттары мен құрылымын анықтау. Бағдарлардың алуан түрін жасау жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін неғұрлым толық ескеруге тырысудан туындайды.

Біздің жағдайымызда ҚР МЖМБС 2. 003-2002 негізгі идеяларына сәйкес мектеп деңгейінде оқытуды бағдарлаудың төмендегідей екі түрі болуы мүмкін:

а) ә)

Бұндағы а) жағдайда жоғары сынып оқушыларын оқытудың бір ғана бағдары ( монопрофилизация ) туралы айтуға болады. Бұл кезде барлық 10-11 параллель сыныптар таңдалып алынған бір ғана бағдарлау бағыты бойынша, не жаратылыстану-математикалық, не қоғамдық-гуманитарлық бағдардағы оқыту бағдарламаларымен оқиды.

Ал, ә) жағдайында оқытудың бірнеше бағдары ( полипрофилизация ) туралы айтылады. Бұл кезде мектептің жоғары сатысындағы 10-11 параллель сыныптардың кейбіреулері қоғамдық-гуманитарлық, ал басқалары жаратылыстану-математикалық бағдардағы оқыту бағдарламалары бойынша оқиды.

Бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептерден айырмашылығы оның бағдарлы емес пәндердің оқу материалдарын салыстырмалы түрде қысқартқан жағдайда ғана мүмкін болатындығында.

Енді Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептеріне бағдарлы оқытуды енгізу қандай тұжырымдамалық-нормативтік құжаттарға сүйенеді дейтін болсақ, оған Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 бабына, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес шыққан ҚР жалпы білім беретін мектептерін дамыту тұжырымдамасы (1994ж. ), ҚР жалпы білім беретін мектептерінің мемлекеттік базистік оқу жоспары (1994, 2002жж. ), Жалпы орта білім мазмұны тұжырымдамасы (1996ж. ), ҚР жалпы орта білім беру стандарттары туралы Ереже (1996, 2002жж. ) ; Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша оқу бағдарламалары (2000, 2005жж. ) тұжырымдамалық-нормативтік құжаттары, сондай-ақ «ҚР жалпы білім беретін мектептері үшін оқулық және оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, баспадан шығару және тарату мақсатты бағдарламасы» (26. 11. 1996ж., бұйрық №1173) арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерін дамыту тұжырымдамасында үш сатыдан тұратын жалпы білім беретін мектептің құрылымы анықталған. Соның жоғары сатысы аяқталған базалық білімнен тұратын негізгі сатыдан кейінгі бағдарлы білім беру болып табылады. Осы берілген құрылым оқушылардың жеке оқу траекториясын таңдауы мен жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ете отырып, білім беруді ізгілендіру, саралау идеяларын және базистік оқу жоспарындағы өзгермелі бөлікті жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің мемлекеттік базистік оқу жоспары, ол жалпы білім беретін мектептер үшін маңызды нормативтік құжат болып есептеледі. Базистік оқу жоспарында негізгі мектепте логикалық аяқталған білім беру (ары қарай оқушылар өз қалауы бойынша оқуын бағдарлы мектептерде, гимназияларда, лицейлерде және түрлі орта арнайы оқу орындарында жалғастыра алады), Қазақстан Республикасы «Тілдер туралы» заңына сәйкес мемлекеттік (қазақ) тілді және басқа тілдерді мектептің барлық түрлерінде оқыту, бағдарлы сараланған оқытуды енгізу (ол жеке тұлғаның, қоғамның қажеттілігіне байланысты ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық-эстетикалық бағытта ұйымдастырылуы мүмкін, біздің жағдайымызда жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық), мектептің барлық типтері мен түрлерінде білім мазмұнының инвариантты бөлігінде көрсетілген жалпы білім беретін курстарды міндетті түрде оқыту көзделеді.

БОЖ-ң құрылымында білім беру мазмұнының негізгі екі компоненті білім мазмұнының жылжымайтын (инвариантты) және өзгермелі (вариативті) бөліктері бөлініп көрсетілген.

Инвариантты оқу жүктемесінде білім мазмұнының барлық оқушылар міндетті түрде оқуы тиіс бөлігі жинақталған. Пәндер мен білім аймақтары жиынтығында білімнің ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, қарым-қатынас, эстетикалық, дене тәрбиесі сияқты негізгі құраушылары қамтылған. Соларға сәйкес оқу жоспарындағы инвариантты білім мазмұны филология, математика және информатика, жаратылыстану, қоғамтану, өнер, дене тәрбиесі, технология білім аймақтарында берілген.

Ал вариативті оқу жүктемесінде білім мазмұнының мектеп өз мүмкіндігі мен қажетіне қарай және балалар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып таңдайтын бөлігі келтірілген. Оқу жүктемесінің бұл бөлігінің ішкі құрылымы балалардың жасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бастауыш мектепте вариативті бөлік әр сыныпта 1-2 сағаттан қосымша сабақтарға бөлінген оқу уақытынан тұрады: бұл сабақтар «Таңдау сабақтары» деп аталады. Оларды, негізінен, жалпымәдени біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған әртүрлі таңдау сабақтары үшін пайдалануға болады. Мектептің екінші сатысында вариативті бөлік әр сыныптағы факультативтерден тұрады. Мектептің үшінші сатысының оқу жүктемесінің вариативті бөлігін бағдарлы пәндер, қолданбалы курстар, таңдау курстары құрайды.

БОЖ оқу орнының типіне, түріне тәуелсіз нақтылы мектептің типтік оқу жоспарын құруға негіз болады. Ары қарай мектеп білім мазмұнының өзгермелі бөлігін жүзеге асырудағы өзінің жұмыс жоспарын құрастырады.

Келесі, 1 кестеде 10-11 сыныптардың жұмыстық оқу жоспарындағы

жүктеме сағаттары берілген.

1-кесте

10-11 сыныптардың жұмыстық оқу жоспарындағы жүктемелер

Жұмыстық оқу жоспарының компоненттері
Жүктеме, сағ.

Қоғамдық-гуманитарлық

бағыт

Жаратылыстану-

математикалық бағыт

10 сынып
11 сынып
10 сынып
11 сынып
Жұмыстық оқу жоспарының компоненттері: Базалық
Жүктеме, сағ.: 32
32
32
32
Жұмыстық оқу жоспарының компоненттері: Мектептік
Жүктеме, сағ.: 4
4
4
4
Жұмыстық оқу жоспарының компоненттері: Оқушы
Жүктеме, сағ.: 3
3
3
3
Жұмыстық оқу жоспарының компоненттері: Қорытқы жүктеме
Жүктеме, сағ.: 39
39
39
39

Мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқыту оқу пәндерінің әртүрлі құрамынан бағдарлы оқытудың икемді жүйесін жасауды көздейді. Ол мынадай компоненттерден тұрады:

2-кесте

10-11 сыныптардың жұмыстық оқу жоспарындағы компоненттер құрамы

Оқу жоспарының компоненттері
Компонент құрамдары
Оқу жоспарының компоненттері: Базалық
Компонент құрамдары:

Міндетті пәндер

Бағдарлы пәндер

Оқу жоспарының компоненттері: Мектептік
Компонент құрамдары:

Қолданбалы курстар

Әдеп және психология

Оқу жоспарының компоненттері: Оқушы
Компонент құрамдары: Таңдау курстары

Бағдарлы оқытудың икемді жүйесі оқу пәндерінің түрлі типтерін қамтиды, олар:

- базалық жалпы білім беретін пәндер;

- бағдарлы пәндер;

- қолданбалы курстар;

- таңдау курстары.

1) Базалық жалпы білім беретін пәндер - барлық бағдарларда оқушылардың бәріне тегіс міндетті. 2002 жылғы МЖМБС бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқыту үшін мұндай пәндер саны 9, олар: математика, физика, химия, биология, география, өнер, технология, дене тәрбиесі, АӘД. Оқытудың жаратылыстану-математикалық бағыты үшін базалық жалпы білім беретін пәндер саны 12: ана тілі мен әдебиеті, қазақ/ орыс тілі (мектептің оқыту тіліне байланысты), қазақ/ орыс әдебиеті (мектептің оқыту тіліне байланысты), шетел тілі, дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, қоғамдық білім негіздері, құқықтану негіздері, технология, дене тәрбиесі, АӘД.

Сонымен, қолданыстағы МЖМБС бойынша барлық бағдар үшін мына пәндер міндетті болып табылады: математика, ана тілі мен әдебиеті, қазақ/ орыс тілі (мектептің оқыту тіліне байланысты), қазақ/ орыс әдебиеті (мектептің оқыту тіліне байланысты), шетел тілі, «Қоғамтану» білім аймағының пәндері (дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, қоғамдық білім негіздері, құқықтану негіздері), «Жаратылыстану» білім аймағының пәндері (физика, химия, биология, география), технология, дене тәрбиесі, АӘД.

Егер жоғарыда көрсетілгендей бағдарлы оқытуды тиімді жүзеге асыру бағдарлы емес пәндердің оқу материалын салыстырмалы түрде қысқарту арқылы ғана мүмкін болса, онда оқытудың жаратылыстану-математикалық бағыты үшін қоғамтанудан, ал оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты үшін жаратылыстанудан кіріктірілген курстар жасау қажеттігі туындайды.

2) Бағдарлы пәндер - бұл орта жалпы білім берудің жоғары сатысындағы оқыту бағдарын анықтайтын негізгі оқу пәндері. Оқытудың жаратылыстану-математикалық бағытында мұндай пәндер саны 6, олар: математика, информатика, физика, химия, биология, география. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағытында - 9: ана тілі мен әдебиеті, қазақ/ орыс тілі (мектептің оқыту тіліне байланысты), қазақ/ орыс әдебиеті (мектептің оқыту тіліне байланысты), шетел тілі, дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, қоғамдық білім негіздері, құқықтану негіздері.

3 - кесте

Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы бағдарлы пәндер тізімі

Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты
Оқытуды бағдарлаудың жаратылыстану-математикалық бағыты
Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты: 1
Оқытуды бағдарлаудың жаратылыстану-математикалық бағыты: Ана тілі
1
Математика
Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты: 2
Оқытуды бағдарлаудың жаратылыстану-математикалық бағыты: Әдебиет
2
Информатика
Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты: 3
Оқытуды бағдарлаудың жаратылыстану-математикалық бағыты: Қазақ/Орыс тілі
3
Физика
Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты: 4
Оқытуды бағдарлаудың жаратылыстану-математикалық бағыты: Қазақ/Орыс әдебиеті
4
Химия
Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты: 5
Оқытуды бағдарлаудың жаратылыстану-математикалық бағыты: Шетел тілі
5
Биология
Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты: 6
Оқытуды бағдарлаудың жаратылыстану-математикалық бағыты: Дүние жүзі тарихы
6
География
Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты: 7
Оқытуды бағдарлаудың жаратылыстану-математикалық бағыты: Қазақстан тарихы
Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты: 8
Оқытуды бағдарлаудың жаратылыстану-математикалық бағыты: Қоғамдық білім негіздері
Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты: 9
Оқытуды бағдарлаудың жаратылыстану-математикалық бағыты: Құқықтану негіздері

Бағдарлы оқу пәндері оқытудың берілген бағдарын таңдап алған оқушылар үшін міндетті.

3) Қолданбалы курстар - оқыту бағдарының құрамына кіреді, оған қатысу міндетті, ол мектептік компонент есебінен жүзеге асырылады және екі функция атқарады: негізгі бағдарлы пәндерді оқытуды «қолдайды» және оқытуды ішкі бағдарлау үшін қызмет етеді.

Қолданбалы курстар мазмұны бойынша ҰБТ өткізілмейді.

4) Таңдау курстары - оқыту бағдарының шеңберінен тыс оқушы компоненті (жеке сабақтар, консультациялар және т. б. ) есебінен жүзеге асырылады.

Базалық жалпы білім беретін пәндерді, бағдарлы пәндер мен қолданбалы курстарды комбинациялау білім беру ұйымдарына, жеке сыныптарға қандай да бір бағыт шеңберіндегі бағдарлаудың әртүрлі формаларын алуға мүмкіндік береді.

Мысалы, оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары шеңберінде жасалатын оқытудың мүмкін бағдарларының жобасын келтірейік. Осы бағдарлардың мазмұны мектептің жұмыстық оқу жоспарының вариативті құраушысының қолданбалы курстарын бейнелеуі тиіс.

Жоба

4 - кесте

Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары шеңберіндегі оқыту бағдарларының тізімі

ҚР МЖМБС 2. 003-2002 сәйкес бағдарлау бағыттары

Таңдалып алынған бағдарлау

бағыттары шеңберіндегі

оқыту бағдарлары

ҚР МЖМБС 2. 003-2002 сәйкесбағдарлау бағыттары: Қоғамдық-гуманитарлық
Таңдалып алынған бағдарлаубағыттары шеңберіндегіоқыту бағдарлары:

Лингвистикалық

Филологиялық

Тарихи-филологиялық

Тарихи-құқықтану

Тарихи-қоғамтану және т. б.

ҚР МЖМБС 2. 003-2002 сәйкесбағдарлау бағыттары: Жаратылыстану-математикалық
Таңдалып алынған бағдарлаубағыттары шеңберіндегіоқыту бағдарлары:

Математика-информатикалық

Физика-математикалық

Математика-экономикалық

Физика-технологиялық

Биология-химиялық

География-биологиялық

Жаратылыстану-экологиялық және т. б.

Төменде түрлі мектептердің іс-тәжірибесінде айқындалған қолданбалы курстардың тізімі келтірілген, оларды өзге мектептер жұмыстық оқу жоспарын дайындау барысында пайдалануға болады.

Типтік оқу жоспарында қолданбалы курстарға 10-11 сыныптарда аптасына 3 сағаттан бөлінген. Демек, 10-11 сыныптардың жұмыстық оқу жоспарындағы қолданбалы курстар 1-3 сағатқа дейін болуы мүмкін.

5-кесте

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану-математика бағытындағы информатикадан жүргізілетін қолданбалы курстар
Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы жаратылыстану пәндерінің мәселелері
Тәжірибелік-бағдарлы кәсіптік білім берудің оқыту әдістерімен байланысы
Бейіндік оқытудың жүйесі
Орта мектеп практикасындағы саралап оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz