Есептер жүйесінің құрылымы
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Программалаудың даму тарихына шолу жасайтын болсақ, программалау тілдері былайша жіктелетінін байқаймыз: машина кодында программалау, ассемблер тілінде программалау, алгоритмдік тілде программалау, объектіге бағдарланған программалау. Программалау тілдері мен әдістері ЭЕМ-нің дамуына байланысты түрленіп отырды. Ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты С++ программалау тілі кез келген сaлaдa прогрaммaлaр жaзуғa өте қолaйлы тіл болып қабылданады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін кеңейту, алгоритмдеу және бағдарламалау құзырлығын арттыру мақсатында оқулықтармен қоса қосымша электрондық құралдар, электрондық есептер жинағы қажет. Себебі дұрыс құрылымданған электрондық құралдарды пайдалану, мұғалімнің көмегінсіз оқушылардың өз беттерімен білім алуына септігін тигізеді. Ал оның тиімді жағы: оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызып, ақпаратты тауып және оны меңгере алуында. Электрондық есептер жинағын қолдану арқылы мұғалім оқушыға тақырып бойынша деңгейлік есептерді шығартып, олардың логикалық ойлау қабілеттілігін жетілдіріп, оқушы білімін бағалай алады. Сонымен қатар электрондық есептер жинағы информатика сабағында ғана емес, мектептен тыс шараларда, атап айтсақ, олимпиадаларға дайындауда үлесі зор. Программалауды оқыту барысында заман талабына сай зерттеу жұмыстарының жеткіліктілігіне қарамастан оқушының жаңа мәліметтерді өз бетімен іздеуге бейімділігін қалыптастыратын, сәйкес тұжырымдар жасап, алған мәліметтерін жинақтап, шешім қабылдай алатындай деңгейге жеткізетін әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. С++ программалау тілін тереңірек оқыту мақсатында электрондық есептер жинағын жасау күттірмейтін мәселе болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Зерттеу жұмысының мақсаты С++ программалау тілінен электрондық есептер жинағын жасау. Соның негізінде С++ программалау тілінде есептер шығаруды зерттеп, оны оқушыларға ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- есептер жүйесі туралы әдебиеттерге және ақпарат көздеріне талдау жасау.
- С++ программалау тіліндегі есептерді тақырып бойынша жіктеу және оларды талдау.
-электрондық есептер жинағын құруда Html, CSS, JavaScript бағдарламаларын пайдалану.
С++ программалау тілін оқытқанда белгілі бір тақырыпты бекітуге берілетін есептердің не үшін берілетіндігі немесе қандай мақсатпен орындалатыны айқындалмайды, бір-бірімен байланыссыз есептер де қарастырылады. Сондықтан оқушы әр мәселенің себеп-салдарына терең бойламай-ақ тапсырманы орындай беруі мүмкін.
С++ тілін оқытуда, яғни программа құруға баулуда: шығармашылық, теориялық және техникалық тұрғыдан қарау керектігі белгілі. Ақпараттық технологияның дамуымен және оның қоғамның күнделікті өміріне кеңінен енуімен байланысты соңғы кездері программалауға қызығушылық күрт артты. Сондықтан компьютерді өзінің кәсіптік мамандығының деңгейін көтеруге пайдаланғысы келген әрбір адам программалау тілдерінің бірімен және программа жасау технологиясымен таныс болуы тиіс. Әр маман өз есебін компьютерде шығару үшін керекті программаны құра білуі, жөндеу білуі және оны баптай білуі тиіс. Бұл жұмыстарды орындай білу маманның программалау дағдыларын қалыптастырады.
Сонымен СиС++программалары Паскаль тілінің біріктірілген (интегралданған) ортасы сияқты DOS ортасында да және Windows жүйесінде дежұмыс істей береді.
Си тілінің шығуы UNIX оперaциялық жүйесінде прогрaммaлaумен тығыз бaйлaнысты, өйткені бұл жүйе aссемблерде және осы Си тілінде жaзылып шыққaн болaтын. UNIX жұмыс істеу ортaсы Си тілін жүйелік прогрaммaлaу тілі ретінде елге тaныстырды, ол компиляторлaр мен оперaциялық жүйелер жaзу үшін қолaйлы деп сaнaлды.
Бұл дипломдық жұмыс кіріспе, 2 тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады, жұмыс көлемі 67 бетті құрайды.
1 C++ ПРОГРAММAЛAУ ТІЛІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Есептер жүйесі турaлы жaлпы түсінік
Есептер жүйесі деп - бір-бірімен қарым-қатынаста, байланыста болатын біртұтас есептер жиынын түсінеміз. Психология-педагогикалық әдебиеттер білім беру мен тәрбиелеуде есептер жүйесін қолданулардың әр түрлі аспектілерін қарастырып жүргенін атап айтпаса болмайды. Мәселен, белгілі психологтар Д.Б. Богоявленский, В.В. Давыдов, В.П. Зинченко, А.Н. Леонтьев, А.М. Матюшкин, Н.А. Менчинская, С.Л. Рубинштейн зерттеулерінде есептер жүйесінің ұғымын, мәнін ойлау қызметінің мақсаты ретінде аша келе, оқу үрдісіндегі есептің мәні мен атқаратын қызметін жан-жақты қарастырады, есептер жүйесін шешудің үрдісін, негізгі заңдылықтарын бөліп көрсетеді. Педагогикалық психологияда былай көрсетеді:
oo теориялық материалдарды меңгеруді қамтамасыз ететін шарттар;
oo ойлауды қалыптастыру және дамыту құралы;
oo білімді меңгеру формасы;
oo білімді меңгеру нәтижесі мен оның тиімділігінің көрсеткіші.
Психологиялық әдебиеттерде есептер жүйесі туралы әр түрлі пікiрлер айтылады, негізінде ойлау объектісі түрінде қарастырылады. Біздің түсінігімізде есептер жүйесі - оқушылардың ойлау қасиеті дамитын және қалыптасатын, білімі меңгерілетін, нақты нәтижелердің жетістіктерінің құралы және жолын ашатын үрдістегі қызметтің мақсаты болып табылады[1].Жалпы өмірде және ғылымда есеп түсінігінің жалпы анықтамасы жоқ. Ғылыми және оқу әдебиеттеріндекелтірілген осы ұғымға түсінік беруге тырысқан түсініктерге тоқталып өтейік. Үлкен советтік энциклопедияда есеп ұғымына берілген анықтама:
1. Жетуге ұмтылатын алға қойылған мақсат жиынтығы;
2. Тапсырмалар, міндеттемелер;
3. Белгілі білімге және ойлауға негізделіп шешуді қажет ететін сұрақтар, (математикалық есеп, шахматтық есеп, логикалық есеп, жазбаша есеп, мәселе есеп);
4. Жалпы білім беретін және арнаулы оқу орындарының барлық типтерінде оқушыларға білім беру мен олардың білімдері мен практикалық дағдыларын тексеру әдістерінің жиынтығы. Есепке осылай анықтама беру мақсат, тапсырма, сұрақ, мәселе, білім беру және тексеру әдісі ретінде көрінеді. Психологиялық әдебиеттерде есептер жүйесін құруда есеп ұғымына әр түрлі анықтамалар берген. Мәселен, Балл Г.А., есеп ұғымының өзіне нақты анықтама беруге болмайды деп атап келсе, ал кейбір психологиялық әдебиеттерде есеп термині әр түрлі үш категорияларға жататын объектілерді анықтау үшін қажет екенін айтады: субъектіге әсер ету мақсаты категориясы, талап, субъектінің алдына қойылатын талап [2].
Оқыту әдістемесінде есеп жүйесі туралы түсінік екі күйде болатын күрделі жүйе түрінде тұжырымдалады: бастапқы және қажетті.
Осындай үйлесім мәселені зерттеуді математика соның ішінде логика есептерін шешуді оқыту әдістемесінде ғана емес, сол сияқты оқушылардың логикасын есептер арқылы оқыту әдістемесі мәселелерінде де қарастыруға мүмкіндік береді.Соңғы жылдарда есептер жүйесінің теориясына Балл Г.А., Алексеев Н.Г., Бекбоев И.Б., Гурова Л.Л., Крупич В.И., Колягин Ю.М., Саранцев Г.И., Столяр А.А., Фридман Л.М. т.с.с. маңызды үлес қосты. Жоғарыда алынған зерттеулерден есептер жүйесінің қойылымы, олардың құрылымы, есептер типологиясы, математиканы логикалық есептер арқылы оқыту және есептерді шешуді оқыту мәселелері қойылады және шешіледі. Есептер жүйесі және оның құрылымы туралы түсінік негізгі орын алады. Есептер жүйесінде берілген есептердің қиындығы мен күрделілігі, түсінігі есеп ұғымымен тығыз байланысты. Осы мәселені шешуге өздерінің зерттеулерін (Г.А. Балл, К.С. Богушевский,В.П. Мизинцев, Р.А. Гильманов, А.А. Столяр, А.П. Зенкович, И. Ганчев, А.М. Сохор, Ю.М. Колягин, В.И. Крупич, В. Оконь, А.М.Матюшкин т.с.с.) арнады. Осыған дейінгі зерттеулерді талдай келе, есептер жүйесінде берілген есептердің қиындығы мен күрделілігін оны шешу үрдісі арқылы анықтауға болады деп қорытындылауға болады [3].
Есептер жүйесін құру және шешу үрдісінде маңызды мағынаға көңіл бөлу керек, сол сияқты оқушыларға логикалық есептерді шешу барысын үйретуде болашақ мұғалімдерге қажетті төмендегідей кәсіби біліктілік қалыптасады:
oo ұғыну;
oo керектіні бөліп алу;
oo жалпылау;
oo жүйелеу;
oo анализ;
oo нақтылау;
oo модельдеу;
oo құрылымдау;
oo ойлау қызметін жүзеге асыру т.с.с.
Есептер жүйесін шешудің әдістемелік негіздерінде жетекші рөлді есептер алады. Жалпы берілген есептердің теориялық негіздерін есеп формасында үйрету оқушылардың ойлауын белсендіреді, мейірімділік, беріктік, білімнің тереңдігі, толықтығы, жүйелік сияқты мұғалімге керекті қасиеттерді қалыптастырады.
Сонымен бірге, есептер жүйесі оқушыларда математикалық және логикалық білім, білік, дағды жүйелерін қалыптастыратын бірден-бір маңызды құрал болып саналады, ал есептер жүйесінде берілген есептерді шығару - оқушылардың оқу және кәсіби қызметінің жетекші формаларының бірі, математикалық дамуының құралы. Есептер жүйесінде әрбір шығарылған есептің өзінің әдістемелік мақсаты бар. Сондықтан оқытушы есептің тез және қатесіз шығуына ғана емес, машықтануды дамытумен қатар есепті шешу шығармашылықпен жүзеге асырылып, одан керекті қорытындылар шығара алатындай болу керектігін ескеруге тиіс.
Есептер жүйесімен белсенді айналысу деген сөз есептерді шығара білу. Әр түрлі авторлар есеп түсінігіне әр түрлі мағына береді, ал көптеген әдіскерлер есептерді жаттығулардың тегіне жатқыза отырып, оның ішінде мысалдар ретінде есептеушілік сипатта және теоремаларды дәлелдеу тапсырмалары түрінде өте кең мағына береді [4].
Оқытуға арналған жалпы есептердің мәні:
1) білім
2) практикалық
3) ойды дамытушылық
4) тәрбиелік мәні
Оқыту процесінде есептер әр түрлі міндеттер атқарады. Жүйе есептерін дұрыс шешкізіп оқытудың жақсы әдісі жоғары деңгейдегі математикалық білім, білік, дағды қалыптастыруда айтарлықтай үлкен рөл атқарады. Сабақ кезінде берілген жүйе есептерін шешуге және оны талдап шешуге ерекше мән беріледі. Оқу процесінде қолданылатын есептер шешудің практикалық ұсыныстары айтылады.
Логикалық есептер жүйесінің білім берерлік мәні. Логикалық есептерді шеше отырып, оқушылар көптеген жаңа мәселелерді таниды: есеп шартында жазылған жаңа жағдайлармен танысады, теорияның есептер шешуге қолданылуын, есептер шешудің жаңа әдістерін танымдық немесе есептер шешуге қажетті математиканың жаңа бір саласымен танысады, т.б. Басқа сөзбен айтқанда оқушы логикалық есептер жүйесін шешу барысында ойлау қабілетін тереңдетеді. Белгілі бір классқа жататын есептер тобын шешудің әдісін игеру арқылы оқушыларда есептер шеше білу, яғни жеткілікті түрде жаттығу арқылы дағды қалыптастырып, математикалық білімін көтереді.
Есептер жүйесінің практикалық мәні. Жүйе есептерін шешу барысында оқушы өз білімдерін практикалық қажеттіліктерге пайдаланады, өзінің болашақтағы практикалық қызметіне қажетті істермен айналысады. Практикалық қажеттілігі бар барлық конструкторлық есептерде математикалық есептер шешуге тура келеді. Логикалық есептер физикада, химияда, биологияда, электротехника мен радиотехникада, ең алдымен олардың теориялық негіздерін түсіндіруге қажет. Бұл есептерді шешкенде көбінесе физикалық, химиялық, географиялық жәнетехникалық-практикалық мәні бар есептер қарастыру қажетсінеді.
Оқушылардың ойлана білу дағдысын дамытудағы есептер жүйесінің мәні. Жүйе есептерін шешу оның шартында берілгендер мен іздендіні салыстыруға, әсіресе берілгендерді, фактілерді керісінше салыстыруға, проблемалар мен қорытынды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді.
А.Я. Хинчиннің айтуы бойынша кез келген есептер оқушыларды дәлелді дұрыс ойлауға үйретеді. Есептер толығынан дәлелді, белгілі заңдар негізінде жалпы қорытындылар жасайды, дәлелді аналогияға сүйеніп, барлық жағдайларды қарастырады.
Жүйе есептерін шешу арқылы ерекше ойлау стилі, ойымыздың формальді-логикалық схемасы, ойдың орнықтылығы, ойлау жолының дәлдігі, символиканы қолдана білу, еске сақтау, көз алдына келтірудің дәлдігіне үйретеді [5].
Есептердің тәрбиелік мәні. Есептер өзінің мазмұны арқылы тәрбиелейді. Қоғам дамуына қарай есеп мазмұны да өзгереді. Россияның революциядан бұрынғы есептер жинақтарында және қазіргі капиталистік елдерде сатып алу, сатып беру кезінде табыс табу туралы есептер бар. Мектебінің оқулықтарында оқушылардың моральдық сапасы, ғылыми дүниетаным, интернационализм, коллективизмге, Отанды сүюге тәрбиелейтін есептер бар. Халық шаруашылығының жетістіктерін насихаттайтын есептер бар.
Есептер шешу дұрыс жолға қойылса оқушы ұстамдылық, шыдамдылыққа, өз жолдасының еңбегін бағалай білуге үйренеді. Мектепке математикалық анализдің ендірілуі оқушылардың диалектикалық-материалистік дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Оқушыларды болашақ кәсіби маман ретінде дайындауда есептердің тәрбиелік мәні ерекше. Есеп шығару барысында оқушыларда зейін және табандылық, жігерлілік және қажырлылық қалыптасады және дамиды.
Есептерді шешудің рационалды жолын іздеу ұқыптылыққа және қысқаша жазу, сызуларды сызуға үйретеді. Математикалық есептерді шешу математикалық ойлаудың: талқылаудың формальды-логикалық схемасын сақтау (талдау-салу, зерттеу-дәлелдеу, қысқаша ойлау, ойлаудың анық жолдарын есептеу) математикалық символикаларды нақты пайдалану сияқты ерекше стильдерін тәрбиелейді. Политехникалық тәрбие беруде есептер үлкен роль атқарады [5, 78б]. Қазіргі таңда, мектептерде бейіндік даралап оқыту іске асырылып жатқан кезде оқушыларға қолданбалы есептерді шеше білуді меңгерту өте маңызды.
Сонымен қатар, есептің бақылаушылық мәнінің де маңызы аз емес. Жүйеде берілген есептерді шығару барысында оқушылар негізгі формулалар, теоремалар мен ережелерден білімін, қолданбалы сипаттағы есептердің математикалық моделін құру білігін, оқу және практикалық қызметтерінде білімін шығармашылықпен қолдана білу білігін; логикалық ойлау білігін; математикалық тапсырмаларды дәлелдеу мен есептерді шешудің әдіс пен тәсілдерінен білімін; сызбалар мен жазбаларды ұқыпты орындау білігін; өзінің ойын әдістемелік сауатты жеткізе білу білігін; шешуді айта білу; талқылау барысына түсініктеме беру; жұмыста шығармашылық таныта білу білігін көрсетуі керек.
Жүйедегі әрбір есеп бірнеше педагогикалық, дидактикалық, оқытудың мақсаттарының іске асуын, олардың дамуына ықпал ету мақсатын алға қояды. Бұл мақсаттар есептің мазмұны, не қолданылуы арқылы іске асады. Мұғалім есептер арқылы дидактикалық талаптар қойғандаесептің оқыту процесіндегі мәнін көрсетеді. Оқу үрдісі үшін дайындалған барлық есептерді оқу есептері деп атайды. Олардың қатарына математика, физика, химия, биология, география т.с.с. сабақтарда және оқулықтарда кездесетін барлық есептер жатады. Оқу есебінің белгілері деп оның барлық сапалық белгілерін (оның құрамдас бөліктерін, бастапқы мәліметтер, белгісіздер, ізделінділер, талаптар) және оқу есебінің дидактикалық мақсаттылығын айтамыз.
Дидактикалық мақсаттарға сай келу оқу есебінің ең маңызды көрнекті белгісі болып табылады. Оқу есебінің дидактикалық мақсаттылығы дегеніміз оқушы есепті қабылдай және оның шешімін іздестіре отырып, алдымен есептің берілгеніндегі белгісізді табу мақсатын анықтау және есепті шығару үрдісінде амалдар тәсілін игеру мен белгілі біліктер, дағдылар қалыптастыра отырып, жаңа білім алу.
А.М.Матюшкин педагогикалық практикада есептер әр түрлі мақсаттарға жету үшін кеңінен қолданылады... деп атап көрсеткен [6].
Ю.К.Бабанский оқу үрдісінің нақты цикліндегі оқыту мақсаттары бағдарламаның талаптары, осы сыныптың ерекшеліктерін ескеру, оқушылардың бұдан бұрынғы дайындық, білім алу, тәрбие, даму деңгейлері, сондай-ақ мұғалімнің өзінің мүмкіндіктерін, кабинеттің жабдықталуын ескеру негізінде анықталады деп атап көрсеткен.
Есеп мазмұнынан және оны қолданудың дидактикалық талаптарынан мыналарды бөліп алуға болады. Есептер жүйесіндегі есептердің рөлі мен функциясы. Г.П. Бевз оқыту процесінде есептер рөлін қарастыра отырып, былай деп атап көрсетеді:
oo оқушылар есеп шығару үрдісінде теориялық алған білімдерін практика жүзінде қолдануды үйренеді; есеп шығару үрдісі оқушылардың кеңістікті бағдарлауын дамытуға көмектеседі; табандылыққа, қажырлыққа тәрбиелеуге ықпалын тигізеді;
oo оқушылардың ойлау үрдісінің белсенділігін арттырады, олардың шығармашылық қабілетін дамытады.
Білім беру, дамыту және тәрбиелеу функцияларын атқаруға бағытталған оқытудың жалпы мақсаттық міндеттеріне оқу үрдісіндегі есеп функциясы да бағынады. Оқыту есептерінің білім беру функциясы ғылыми білімдерді игеруді (фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, заңдылықтарды, әлем дүниесінің жалпыланған теориясы), жалпы және арнайы оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Оқыту есептерінің тәрбиелік функциясы тұлғаның біздің қоғамның идеяларына сәйкес келетін барлық қасиеттерінің жиынтығын, тұлғаны бағдарлаудың құндылықтар жүйесін, оның мүддесі мен сұраныстарын қалыптастыруға бағытталған. Оқыту үрдісінде дидактикалық-ғылыми көзқарас қалыптасады, яғни олардың қоршаған орта және қоғамдық қатынастарға байланысты көзқарастар жүйесі қалыптасады.
Оқыту есептерінің дамытушы функциясы оқушылардың меңгерген біліміне және оларды пайдалану тәжірибесіне, тұлғаның барлық өмірлік маңызы бар міндеттерді шешудегі шығармашылық қызметіне, белсенділігі мен дербестігіне негіз болады [6, 115б].Аталған барлық функциялар бір-бірімен өте тығыз байланысты, өзара тәуелді жүзеге асырылады және өздерінің дидактикалық бірлігімен көрінеді. Оқу есептері математиканы оқытуда оқу қызметінің негізгі бірліктері бола отырып, тұтастай алғанда оқыту үрдісі атқаратын барлық қызметтерді атқарады.
Есептер жүйесінің бақылаушылық функциясын жүзеге асыруда өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауды қолдана отырып, бағалау қызметіне оқушылардың көңілін аударамыз. Оқушылардың белсенділігі олардың белгілі бір дағдылар мен біліктілікті меңгеру деңгейіне ғана емес, тұлғалық қасиеттерді көрсетуде білім алу іштей эмоциялық бағыттауға әсер ететін есептерді іштей қажетсінуіне, қызығушылығына да байланысты. Егер оқушылардың білімін бағалағанда мұғалімнің бағасы мен оқушының өзін-өзі іштей бағалауымен сәйкес болмаса, ол оқушы белсенділігінің төмендеуіне әкеліп соғады, яғни бағаны ретсіз жоғары қою мұғалімнің беделін төмендетеді, ал төмен қойылған баға оқушының өзіне-өзінің сенімділігін жояды, кейде тіпті жанжалға дейін барады. Жүйе есептерін шешуде нақты және дәл әдістерді табуы мен есептеуі нәтижесін тексеруді қолдану білігіне де назар аудару керек.
Кез келген есептер оқытуда белгілі бір мақсатпен орындалады және ол мектептегі білім беру мақсатымен сәйкес келуі керек. Есептер жүйесінің компоненттерінің бірі тапсырманы орындау. Бұл компоненттің ішінен жалпы және жеке мақсаттарды айыру керек. Мысалы, ұғымды қалыптастыру, тапсырмалар орындаудың біріне жатады, ал ұғымның жалпы қасиеттерін меңгеру - жеке мақсат. Есептер жүйесіндегі тапсырмалар орындаудағы жалпы және жекелей мақсаттар есеп шығарудағы мақсаттарымен анықталады, соған қарамастан олар өздері дамуы мен ішкі құрылымына және логикамен анықталуына сай жүйе құрайды [7]. Осыған байланысты, көптеген маңызды сұрақтар туындайды:
oo есепті пайдалану мақсатының құрамын анықтау, сондай-ақ оның жекелеген тараулары мен тақырыптары бойынша жалпы және жекеленген мақсаттарды бөліп көрсет;
oo есепті пайдаланудың жалпы және жеке мақсаттарының арасындағы заңды байланыстарды білу.
Жүйе тапсырмаларын орындауға есеп шарттары, талаптары мен оның берілу мазмұны, белгісізге байланысты қатынас сипаты әсер етеді. Тапсырманы орындау белгілі бір ұйымдастыру формасында жүреді.
Ал есепті орындаудың ұйымдастыру формалары Есеп жүйесі компоненттерінің бірінің сапасына жатады. Бұдан біз:
oo есепті пайдалану мақсаттарының;
oo есептің мазмұнының;
oo оқушылардың ой қызметінің;
oo есептің құрылымының;
oo есепті орындауды ұйымдастыру формаларының арасында функционалдық сипаттағы байланыс бар екенін байқаймыз.
Жалпы мектеп курсында оқытудағы есептер жүйесі - мектеп математика курсының оқу материалының негізгі мазмұнын құрайды.
Есептер жүйесінің классификациясы. Мектепте есеп жүйесімен жұмыс істегенде оқушы бір ғана есеппен емес, олардың жиынтығымен жұмыс жасайды. Есептер жиынтығын талдау оларды сипаттауды талап етеді. Кейінгі жылдары есептерді классификациялау мәселесі психологтар мен әдіскерлердің басты назарында болып отыр.
Дәстүрлі әдістеме бойынша есептерді әр түрлі топтарға бөледі:
oo олардың жалпылау деңгейі бойынша (нақты проблемалық жағдаят саны бойынша);
oo ақпараттық ерекшелік толықтық деңгейі бойынша (жабықтығы, ашықтығы);
oo шешілу әдісінің белгілі не белгісіз болуы бойынша.
Келесі өте мәнді классификациялау - есептердің стандартты не стандартты еместігі. Стандартты есептер - оларды шығару бағдарламсы бір мәнді анықтайтын жақсы таныс ережелер мен жағдайларға қолдануды және осы бағдарламаны есептеудің әр қадамындаорындау талап ететін есептер. Стандартты емес есептер - бұл есептерді шешудің жалпы ережелері мен жағдайлары жоқ, белгілеп алатын нақты шарттарға байланысты есептер. Кейде дәстүрлі жағдайда есептерді алгебралық, геометриялық, тригонометрияялық және т.с.с. бөлінеді. Сонымен бірге, барлық есептер ерекше белгілерімен, есептердің шығарылу талаптары бойынша бөлінеді:
1) белгісізді іздеу есептері;
2) түсіндіруге не дәлелдеуге берілген есептер;
3) түрлендіруге немесе салуға берілген есептер [8].
Қызықты есептер мен оларды шығарудың әр түрлі әдістерін дұрыс таңдағанда ғана оқушылардың қызығушылығын тудыра аламыз. Бірақ, мұндай есептерді қолданған кезде мұқият болу керек, оқушылар есеп берілгенін дұрыс түсінетінін бақылау керек. Есептер жүйесімен жұмыс жасай отырып, оларды мынадай үш фазаға бөлуге болады ( Дж. Пойа бойынша):
бірінші - зерттеу фазасы - әсер етуге және қабылдауға өте жақынырақ және түйсік немесе эвристикалық деңгейге үйлестіріледі;
екінші - формализациялау фазасы - терминология, анықтама мен дәлелдеу жасаумен байланысты, биік деңгейге - түсіну деңгейіне көтеріле алады;
үшінші - меңгеру фазасы - соңғы туындайды. Ішкі негіз мәселелеріне жету қимылдарына жауап береді, бұл фазада үйретілген материал оқушыларға меңгерілуге тиіс, оның білімдер жүйесіне енуі керек, оның ойлау аймағын кеңейтеді, бұл фаза бір жағынан қосымша білімге және екінші жағынан жоғарырақ деңгейдегі жалпылауға жол ашады.
Есеп шығару барысында оқытуды қорытындылау ойлауды, жадыны дамытады, жалпылау ассоцациясын қалыптастырады. Оқушылардың ойлау қызметін белсендіретін есептерді таңдап ала білу керек немесе математикалық ойлаудың дамуы негізінде оқушылардың белсендік дәрежесіне байланысты. Осыған байланысты есептерді төмендегідей түрлерге бөлуге болады:
1) зерттеу элементтеріне арналған есептер (геометриялық, теңдеу мен теңсіздіктер, тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік, параметрлі және т.с.с.);
2) дәлелдеуге берілген есептер (логикалық ойлау қалыптасады, есептерді шешудің логикалық схемасы жасалынады, математикалық фактілер негізделеді, т.с.с.);
3) өңдеуге арналған есептер (оларды есептеу кезінде жадыға және назар аударуға сүйенеді: логикалық пайымдау, пікірдің нақтылығы, математикалық қатаңдық және т.с.с.);
4) қызықты есептер (тапқырлыққа және зеректікке, математиканың тартымдылығын көрсететін, оның логикалық құрылымы мен практикалық қолдануына берілген есептер);
5) бірнеше вариантты жауаптары бар есептер (бір есепті шешудің бірнеше жауаптарын қарастыру ойдың икемділігін: рационалды, қарапайым және тартымды шешу жолдарын таңдап алуға тәрбиелейді);
6) құрастырылған есептер (өз бетімен жұмыс істеушілікті, шығармашылықпен ойлау белсенділігіне, логикалық құралдар пайдалануға көмектеседі, математикалық объектілер арасында жаңаша байланыстар ашылады: бұл есептерді құру берілген түбірлері бойынша, берілген шешімдері бойынша теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелерін құру, берілген деңгейлер бойынша есептер құру және т.с.с.)
Есептерді жүйе ретінде қарастыру, есептерді шешу үдерісін қадағалау информатика бойынша дәстүрлі емес қалыптасқан есептерді екі типке бөлуге болатындығын 1-сызбада көрсетеді. Есептерді бөлу негізі нәтижені есептің белгілі немесе белгісіз құрауыштарына жатқызудан тұрады. Белгілі нәтижесі бар есептер қайта құрастырылатын есептерге жатады да, ал белгісіз нәтижесі барлар жобаланатын есептерге жатады. Қайта құрастыруға жататын есептердің жетіспейтін құраушыларын (бастапқы берілгендерді, амалдар тізбегін), олардың нәтижеге қол жеткізуге пайдаланылғандығын ескере отырып, қалпына келтіру қажет. Жобалау есептерінде дұрыс шешімге жету үшін есептің жетіспейтін құраушыларының қандай болу керектігін жобалау керектігін көрсетеді.
Есептер жүйесі
Есептің сыртқы құрылымы-
Ақпараттық құрылым
Есептің ішкі құрылымы
Есептің проблемалық дәрежесін анықтайды
Есептің шығарылу стратегиясын анықтайды
Сызба 1. Есептер жүйесінің құрылымы
Есептер шешуді үйрену үшін оларды шешу туралы тәжірибе жинақтау керек. Есептер шешу дағдысын өз бетімен қалыптастыратын оқушылар өте сирек кездеседі. Есептер шешу дағдысына оқушыларды үйрету мұғалімнің міндеті. Егер мұғалім үйренуге тиістінің бәрін өз міндетіне алып, оқушыға өте көп көмектессе, оқушыны ойландыратын еш нәрсе қалмаса (яғни оқушы ойланып тәжірибе жинақтауға қажетті өте аз материал қалса), онда оқушы есеп шығаруды үйренбейді [9].
1.2 С++ прогрaммaлaу тілінің негізгі ұғымдары
Си тілі 1970-жылдaрдың бaсындa AҚШ-тa Bell Telephon Laboratories компaниясының қызметкері Дэннис Ритчидің бaстaуымен дүниеге келді. Си тілін құру бaрысындa процедурaлық, құрылымдық прогрaммaлaу және жүйелік прогрaммaлaуғa мүмкіндік беретін прогрaммaлaу тілін aлу есебі aлғa қойылды. Си тілінің шығуы UNIX оперaциялық жүйесінде прогрaммaлaумен тығыз бaйлaнысты, өйткені бұл жүйе aссемблерде және осы Си тілінде жaзылып шыққaн болaтын. UNIX жұмыс істеу ортaсы Си тілін жүйелік прогрaммaлaу тілі ретінде елге тaныстырды, ол компиляторлaр мен оперaциялық жүйелер жaзу үшін қолaйлы деп сaнaлды, кейіннен Си тілі кез келген сaлaдa прогрaммaлaр жaзуғa дa өте қолaйлы тіл болып тaбылaтыны aнықтaлды.
Си тілінің негізінде 80 жылдaры С++ тілі құрaстырылды. С++ тілінің негізі Си болa отырып, объектілі бaғыттaлғaн прогрaммaлaу тілімен толықтырылды. Жұмыс істеуге мүмкіндігі бaр нұсқaсы 1983 жылы шықты [10].
Си және С++ тіліндегі прогрaммa бір немесе бірнеше фaйлдaрдaн тұрып, жеке дaрa aудaрылды. Aудaру нәтижесі бaйлaныс редaкторы көмегімен орындaлaтын (exe) фaйлғaбіріктірілді.
Кез келген прогрaммa бір немесе бірнеше функциялaрдaн тұрaды. Олaр прогрaммa құруғa керекті негізгі модульдер болып тaбылaды. Кез келген прогрaммaның жaзылғaн aлғaшқы мәтінібaстaпқы код деп aтaлaды. Оны біріктірілген прогрaммaлaу ортaсындa теріп, сонaн соң компилятор aрқылы мaшинaлық кодқa түрлендіріп орындaймыз.
Сонымен, Си программасы бірнеше функциялардан құралады және олардың біреуі міндетті түрде main() болуы керек.
Жалпы кез келген функция оның тақырыбы мен тұлғасынан (денесінен) тұрады [11].
Алдымен программа препроцессор арқылы өңделіп, оның директиваларын (командаларын) орындайды. Мұнда программаға тақырыптық файлдар - программаға қосымша элементтер енгізетін мәтіндік файлдар жазылады. Олар мәліметтерді енгізушығару операцияларын немесе экран сипаттамаларын өзгерту үшін қажет.
Программадағы кез келген функция тақырыбы препроцессордың директивасынан және функция атынан тұрады. Функция атына жалғасып, жақша ішіне параметрлер жазылуы мүмкін, кейде параметрлер болмайды, ондайда жақша ішіне ешнәрсе жазылмайды.
Функция тұлғасы операторлардан тұрады, олар жүйелі жақшалармен шектеледі. Әрбір оператордан кейін ; таңбасы қойылады.
Қарапайым программаның мысалын қарастырайық[12].
#includestdio.h *енгізу-шығару директивасы*
#includemath.h *математикалық функциялар директивасы*
main() *басты функцияны қолдану*
{int a,b,c; *бүтін айнымалыларды сипаттау*
float p,s; *нақты айнымалыларды сипаттау*
printf("kabyrga engiz:");
scanf("%d%d%d",&a,&b,&c);
p=(a+b+c)2;
s=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
printf("a=%f",s);
}
С++ тілінің символдарын бес топқа бөлуге болады.
1.Тілдегі түйінді сөздер мен идентификаторларды құрастыру үшін қолданылатын символдар. Бұл топқа ағылшын алфавитінің бас және кіші әріптері мен астын сызу символы кіреді. Басқа Паскаль, Бейсик тілдеріндегі тәрізді бір символды өрнектеу үшін қолданылатын бас әріп пен кіші әріп бірдей болып саналмайды.
2. Қазақ (орыс) алфавитінің бас және кіші әріптері мен араб цифрлар сөз тіркестері мен түсініктеме мәтін жазуда пайдаланылады.
3. Операциялар таңбалары, айыру белгілері, қатынас таңбалары және арнайы символдар.
4. Басқару және айыру символдары. Бұл топқа: бос орын, табуляция символы, жаңа жолға көшу, жаңа бетке көшу таңбалары жатады.
5.Көрсетілгендерден басқа Си тілінде басқару тізбектері деп аталатын мәліметтер енгізу мен шығаруда қолданылатын арнайы символдар тіркесі бар.Басқару тізбектері кері бөлу сызықшасы белгісінен басталатын латын әріптері мен цифрлар тізбегінен тұрады [13].
Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.
Анықтамалар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Әрбір айнымалы мен константа программа алдында сипатталуы тиіс.
Атау-идентификатор программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды және тағы басқаларды белгілеп жазу үшін қажет. Идентификаторлар тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрлерін, функцияларды, программаларды, файлдарды, және т.б. программа объектілерін белгілеу үшін қолданылады.
Идентификатор - латын әрпінен басталып, әріптер мен цифрлардан тұратын тізбек.
Түйінді сөздер - мағынасы алдын ала анықталған идентификаторлар, олардың саны шектеулі. Тұтынушы айнымалы, константа, өз функциялары аттарында тілдің түйінді сөздерін пайдаланбауы тиіс, олар тек өз мағынасында ғана қолданылады [14].
C++ тілінің типтері құрамы.Типтер негізгі және құрама болып екітопқа бөлінеді.
Негізгі типтерге төмендегілер жатады:
1. Бүтін (int)
2. Символдық (char)
3. Кеңейтілген символдық (wchar_t)
4. Логикалық (bool)
5. Нақты (float)
6. Екі еселенген нақты (double)
Құрама типтер:
1. Жиымдар
2. Тізбелер
3. Функциялар
4. Құрылымдар
5. Сілтемелер
6. Нұсқауыштар
7. Біріктірмелер
8. Кластар.
Әрбір аргументке өз спецификациясы сәйкес келуі тиіс, олар:
%d - бүтін ондық сан шығарылуы тиіс
%i - бүтін ондық сан шығарылуы тиіс
%f - жылжымалы нүктелі нақты ондық сан жазылып шығады
%e - жылжымалы нүктелі экспоненциалды сан шығарылады
%E - жоғарыдағы сияқты, тек е орнына Е шығарылады
%c - бір символ шығарылуы тиіс
%s - символдар тіркесі шығарылуы тиіс
%g - нақты сан, сан ұзындығына қарай %e немесе %f қолданыла алады
%u - таңбасыз ондық бүтін сан жазылып шығады
%o - таңбасыз бүтін сегіздік сан шығады
%x - таңбасыз бүтін он алтылық сан шығады
\n - келесі жаңа жолға көшуді атқаратын басқару символы [15].
Препроцессор директивалары #include сөзінен кейін жазылады, stdio.h және iostream.h тіркесі енгізушығару операциялары орындалатынын білдірсе, conio.h тіркесі консольмен жұмыс істеуді білдіреді. Ал math.h сөз тіркесі программада математикалық функциялар пайдаланылатынын көрсетеді.
Программа сипаттамалар мен анықтамалардан, операторлардан құрастырылған бірнеше функциялар жиынынан тұратын мəтін түрінде болады. Сол функциялар ішінде main атты басты функция міндетті түрде болуы тиіс. Ондай функциясыз программа орындалмайды. Функция атының алдында сол функция қайтаратын мəннің типі (нəтиже типі) көрсетіледі. Егер функция ешқандай нəтиже қайтармайтын болса, онда void типі көрсетіледі, мысалы: void main().
printf() функциясы мəліметтерді экранға шығару үшін қолданылады. Оның жалпы жазылу түрі:
printf(формат тіркесі,аргументтер тізімі);
(формат тіркесі - формат спецификаторларынан, бос орыннан жəне əр түрлі символдардан тұрады. Ол қос тырнақшамен (")шектеліп, аргументтердің қалай бейнеленетінін көрсетіп тұрады, экранға (баспаға) шығару алдында барлық аргументтер формат спецификациясына сəйкес түрлендіріледі, спецификация % символымен басталады жəне мəліметтер типін, оларды түрлендіру тəсілін көрсететін бір əріп - спецификация коды жазылады.
Объектілер ретінде айнымалылар, константалар, өрнектер қолданылуы мүмкін. Мысалы:
printf (" Пи санының мəні = %f\n", pi)
scanf() пернелерден (консольдан) мəлімет енгізу функциясы жоғарыда қарастырылған түрлендіру спецификациясының көбін пайдаланады. Жазылу ережесі:
scanf (формат тіркесі,аргументтер тізімі);
Аргументтер ретінде адрес нұсқауыштары - айнымалыларадрестері пайдаланылады. Мысалы:
scanf("%d%f", &x,&y);
мұндағы &x,&y - х жəне у айнымалыларының компьютер жадындағы адрестері. Бұл функция пернелерден бос орын немесе Enter пернесін басу арқылы бір бүтін жəне бір нақты сан енгізуді талап етеді. Əдетте scanf функциясы алдына қандай мəн енгізілетіні жайлы мəтін шығарылады. Мысалы:
printf("х, у енгізіңіз:");
scanf("%f%f",&x,&y);
х жəне у мəндері 3,5 пен -2,5 болуы тиіс болса, экрандағы көрініс мынадай болады:
х, у енгізіңіз: 3.5 -2.5
мұндағы - Enter пернесін басу белгісі [16].
Cin жəне cout функциялары.
С++ тілі стиліндегі негізгі енгізушығару функциялары оның кластары кітапханасын пайдаланады. Оны түсіндіру үшін төмендегі мысалды қарастырайық.
1-мысал.
#include iostream.h С++ тіліндегі программа
int main()
{
int i;cout "Бүтін сан енгізіңіз:\n";
cin i;cout "Сіз " i "санын енгіздіңіз, рахмет!";
return 0;}
Мұндағы iostream.h - C++ тіліндегі енгізушығару кітапханасының стандартты тақырып файлы. Ол программадағы мəліметтер ағымы жайлы ақпарат береді, iostream сөзі - inputoutputstream cөздерінің қысқаша жазылуынан шыққан сөз.
Бұл файлда мəліметті пернетақтадан енгізуге арналған стандартты cin ағымы жəне экранға мəлімет шығаратын cout ағымы анықталып, ағымға мəлімет беру жəне ағымнан мəлімет оқу операциялары арқылы орындалады.
cin - ағылшынша "С" жəне "input" сөздерінен, ал cout - "С" жəне "output" сөздерінен құралған.
cout "Бүтін сан енгізіңіз:\n"; жолы экранға қос тырнақшадағы сөз тіркесін шығарып, курсорды келесі жолға көшіреді.
cin i; жолы пернелерден енгізілген бүтін санды i айнымалысына меншіктейді.
cout "Сіз " i "санын енгіздіңіз, рахмет!"; жолы қос тырнақшадағы тіркестерді өзгеріссіз, ал і айнымалысы орнына оның енгізілген сандық мəнін экранға шығарып береді [17].
С++ программалау тілінде қолданылатын операциялар таңбалары, айыру белгілері, қатынас таңбалары және арнайы символдары 1-кестеде көрсетілген.
Кесте 1. Операциялар таңбалары, айыру белгілері, қатынас таңбалары және арнайы символдар
Символ
Атауы
Символ
Атауы
,
үтір
}
оң жақтағы жүйелі жақша
.
нүкте
{
сол жақтағы жүйелі жақша
;
нүктелі үтір
кіші
:
қос нүкте
үлкен
?
сұрақ белгісі
=
кіші немесе тең
'
апостроф
=
үлкен немесе тең
!
леп белгісі
[
сол жақтағы тік жақша
тік сызықша
]
оң жақтағы тік жақша
қиғаш сызық
#
нөмір белгісі
\
кері қиғаш сызық
%
қалдық табу (пайыз) белгісі
~
тильда
&
амперсанд
*
жұлдызша
"
қостырнақша
+
плюс
=
теңдік белгісі
-
минус
= =
тең (қатынас таңбасы)
^
логикалық "емес" таңбасы
!=
тең емес (қатынас таңбасы)
)
оң жақтағы жай жақша
&&
конъюнкция (және)
(
сол жақтағы жай жақша
дизъюнкция (немесе)
Операндалар мен операциялар. Нәтижесі анықталған мән болып табылатын операциялар белгілері мен операндалардың бірігуі өрнек деп аталады.
Операнд - бұл тұрақтылар, литералдар, функцияларды шақыру, индекстік өрнектер, элементті таңдау өрнегі немесе операндалар, операциялар белгілері мен дөңгелек жақшалардың бірігуінен құралған күрделі өрнек.
Операцияларда пайдаланылатын операндалардың мөлшеріне қарай операциялар: унарлық, бинарлық және тернарлық болып бөлінеді.
С++ тілінде төмендегідей унарлық операциялар бар:
oo арифметикалық терістеу (терістеу және толықтыру) ;
~бит бойынша логикалық терістеу (толықтыру) ;
! логикалық терістеу;
*жанама адрестеу;
&адресті есептеу;
+унарлық қосу;
++ айнымалы мәнін 1-ге арттыру (инкремент) ;
--айнымалы мәнін 1-ге азайту (декремент).
Унарлық операциялар оңнан солға қарай орындалады. Унарлық операциялардан бинарлық операциялардың айырмашылығы солдан оңға қарай орындалады. Олардың тізімі төмендегі 2-кестеде келтірілген[10] .
Кесте 2. Унарлық операциялар
Операция белгісі
Операция
*
көбейту
бөлу
%
бөлгендегі қалдықты табу
+
қосу
-
азайту
солға ығыстыру
оңға ығыстыру
кіші
=
кіші немесе тең (артық емес)
үлкен
=
үлкен немесе тең (кем емес)
==
тең
!=
тең емес
&
разрядтар бойынша конъюнкция (жəне)
^
разрядты шығарып тастайтын(немесе)
разрядтары бойынша дизъюнкция (немесе)
&&
логикалық жəне
логикалық немесе
2 кестенің жалғасы
?:
шартты операция (тернарлық)
=
меншіктеу
*=
көбейтіп алып меншіктеу
=
бөліп алып меншіктеу
%=
қалдықты тауып алып меншіктеу
+=
қосып барып меншіктеу
-=
азайтып барып меншіктеу
=
солға ығыстырып алып меншіктеу
=
оңға ығыстырып алып меншіктеу
&=
разрядтар бойынша жəне амалын орындап алып меншіктеу
=
разрядтар бойынша немесе амалын орындап алып меншіктеу
^=
разрядтар бойынша арифметикалық немесе амалын орындап алып меншіктеу
.
тізбектеп есептеу
1.3 С++ прогрaммaлaу тілінде есептерді тaлдaу және жіктеу
С++ программалау тілінде қарастырылатын есептерді бірнеше тақырып бойыншы бөлуге болады. Тақырыптарға тоқталып кететін болсақ:
1. Шартты көшіру операторы.
Тармақталуы бар процестерді ұйымдастыру үшін шартты оператор пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді жүзеге асырылады.
Оның жазылу түрі:
IF (шарт)
I-серия;
ELSE II-серия;
Егер IF сөзінен кейінгі жазылған шарт ақиқат болса, онда 1-операторлар сериясы орындалады да, ELSE сөзінен кейінгі II-серия операторлары орындалмайды. Егер командалар сериясы екі немесе одан да көп операторлардан (құрама оператор болса) тұратын болса, онда олар фигуралық жақшаға { } алынып жазылады.
Кей жағдайларда шартты оператордың ішінде шартты оператор орналасуы мүмкін. Мысалы,
іf (1-шарт)
1-оператор;
еlseif (2-шарт)
2-оператор;
еlse
3-оператор;
Бұл жағдайда алдымен бірінші шарт тексеріледі, егер бірінші шарт ақиқат болса, онда бірінші оператор орындалады; ал, бірінші шарт жалған болса, екінші шарт ақиқат болса, онда екінші оператор орындалады; ал, бірінші және екінші шарт жалған болса, онда үшінші оператор орындалады[18].
Есептер:
№1. функциясын есептейтін программа.
#include stdio.h
#include conio.h
#include math.h
main()
{
float x,y;
printf("x-manin engiz");
scanf("%f",&x);
if (x1.66) y=pow(sin(2*x),2)+5*pow(x,2);
else y=61*sqrt(x)-17sqrt(4+pow(x,2)+pow (cos(4*x),2));
printf("y=%6.3f",y);
getch();
}
№2. Программаға бір жыл нөмірін енгізіп, сол жылдың366 күн немесе 365 күнекендігін анықтау керек. Ол үшін жылды төртке бөлеміз, егер қалдық 0-ге тең болса, ол366 күн, əйтпесе 365 күн болады.
#include stdio.h
#include conio.h
#include math.h
main ()
{
int j;
printf(" jil engiz ");
scanf("%i",&j);
if (j % 4==0) printf("%i 366kun \n", j);
elseprintf("%i 365kun", j);
printf("\n ENTER");
getch();
}
№3. Квадрат теңдеуді шешу программасын құру керек.
#include stdio.h
#include conio.h
#include math.h
main ()
{
float a,b,c;
float x1,x2,d;
printf("Kvadrat tendeu \n");
printf("a,b,c man ber");
scanf("%f%f%f",&a,&b,&c);
d=b*b-4*a*c;
if (d 0)
printf("Tendeudin wewimi jok \n");
else
{
x1=(-b+sqrt(d))(2*a);
x2=(-b-sqrt(d))(2*a);
printf("x1=%3.2f\n",x1);
printf("x2=%3.2f\n",x2);
}
printf("\n Enter");
getch();
}
№4. Төменде алынған баллға сəйкес бағаны анықтау программасын құрыңыз.
A, егер 90 = ball = 100
B, егер 75 = ball 90
baga = C, егер 60 = ball 75
D, егер 50 = ball 60
F, егер 0 = ball 50
#include stdio.h
#include conio.h
main ()
{
int b;
char baga;
printf("Ball molweri");
scanf("%i",&b);
if (b= 90)
baga = 'A';
else if (b= 75)
baga = 'B';
else if (b= 60)
baga = 'C';
else if (b= 50)
baga = 'D';
else
baga = 'F';
printf("Bagasi - %c, ball molweri - %i\n",baga,b);
printf("\n Enter");
getch();
}
№5. Төмендегі функция мəнін кез келген х үшін есептеу керек.
Нақтых саны берілген.f(х) - ны есептеңіз.
#includestdio.h
#includeconio.h
#includemath.h
main()
{
float x,y;
printf("x-tiengiz");
scanf("%f",&x);
if (x0) y=-4*pow(x,2)+8;
else if(x1) y=sqrt(pow(x,2)+3*x+4);
elsey=pow((pow(x,2)+3*x+4),2);
printf("y=%10.6f\n",y);
getch();
}
2. Таңдау операторы.
Берілген бірнеше шарттың ішінен мүмкін болатын бір нұсқаны таңдау үшін таңдау операторы пайдаланылады. С++ тілдерінде ол Switch сөзінен басталады.
Бұл оператордың жазылу форматы:
switch (шарт)
{
case 1: 1-ші оператор; break;
case 2: 2-ші оператор; break;
...
case n: n-ші оператор; break;
[default: операторлар;] таңдау шарты сақталмаған жағдайда орындалатын оператор;
}
Оператордың орындалуы: шарттағы айнымалының мәні case сөзінен кейінгі қай таңдау айнымалысына тең болса, соған сәйкес оператор орындалады да, таңдау аяқталады. Ол break сөзімен көрсетіледі (break - ағылшынның үзу деген сөзі). Егер таңдау айнымалысының мәні case сөзінен кейін жазылған айнымалының ешқайсысына сәйкес келмесе, онда default сөзінен кейінгі жазылған құрылым орындалады [19].
Есептер:
№1. Бүтін сандар аралығы берілген. 1-5 сандарына сәйкес келетін бағаны сөзбен жазыңыз (1 - нашар, 2 - қанағатсыз, 3 - қанағаттанарлық, 4 - жақсы, 5 - өтежақсы).
#include stdio.h
#include conio.h
#include math.h
main()
{
int n;
printf("n sanin engiziniz");
scanf("%i",&n);
switch (n)
{
case1: printf("nashar");break;
case2: printf("kanagatsiz");break;
case3: printf("kanagattanalik");break;
case4: printf("jaksi");break;
case5: printf("ote jaksi");break;
default: printf ("belgisiz");}
getch();
}
№2. Енгізілген нөмірі бойынша апта күндерін шығарыңыздар.
#include stdio.h
#include conio.h
#include math.h
main()
{
int n;
printf("n sanin engiziniz");
scanf("%i",&n);
switch (n)
{
case 1: puts("duisenbi");break;
case 2: puts("seisenbi");break;
case 3: puts("sarsenbi");break;
case 4: puts("beisenbi");break;
case 5: puts("zhuma");break;
case 6: puts("senbi");break;
case 7: puts("zheksenbi");break;
default: puts("Apta kunderine 1..7 araliginan san alinui tiis");}
getch();
}
№3. Шығыс календары бойынша жылға сәйкес жануар атын анықтау.
#include stdio.h
#include conio.h
main()
{
intjil;
printf("Жылды енгізіңіз: \n");
scanf("%i",&jil);
switch (jil % 12)
{
case 0 : printf("Мешін жылы");break;
case 1 : printf("Тауық жылы"); break;
case 2 : printf("Ит жылы"); break;
case 3 : printf("Доңыз жылы"); break;
case 4 : printf("Тышқан жылы"); break;
case 5 : ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz