Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
Қазақстан және дүние жүзі тарихы кафедрасы
«Бекітемін»
Гуманитарлық ғылымдар және
өнер факультеттің деканы,
т. ғ. к. Г. Кайыргалиева
«» 2018 ж.
Қазақстан жаңа тарихы пәні бойынша
050114 - «Тарих» мамандығы үшін
(ІІІ-курс)
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Атырау, 2018
Шығыс мәліметтер
ОӘК кафедра мәжілісінде талқыланды
№ хаттама « » 2018 ж.
Кафедра меңгерушісіД. Хамидуллина
ОӘК гуманитарлық факультеттің әдістемелік
комиссиясы мәжілісінде талқыланды
Қазақстан жаңа тарихы пәні бойынша
050114 - «Тарих» мамандығы үшін
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Нағымов Шахман Нағымұлы
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің баспасы,
Атырау қаласы, Студенттік даңғыл, 212
Құрастырушы : Нағымов Шахман Нағымұлы
педагогика ғылымдарының
кандидаты
ОӘК аңдатпасы: «Қазақстанның жаңа тарихы» пәні 050114 «Тарих» мамандығы студенттеріне оқытылады. Бұл кезең Ресейдің Қазақстанды ХҮІІІ ғасырда отарлауынан бастап, 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді қамтиды.
Курстың оқыту барысында студенттерге Отан тарихының осы кезеңдегі басты-басты оқиғаларынан кең түрде мағлұмат беріледі.
«Қазақстан халықтары мәдениетінің тарихы» пәнінен гуманитарлық факультетінің студенттері үшін оқу-әдістемелік кешен / Құрастырушы Нағымов Ш. Н. - Атырау:
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің баспасы, 2018 ж. 101 бет.
Қазақстанның жаңа заман тарихы
Көлемі 3 кредит (135 сағат)
Авторлар:
Тарих ғылымының докторы, профессор Ташенов М. Ж.
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мекебаева Т. Қ.
Тари ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы хасанаева Л. М.
Пікір жазғандар:
тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдиров М. Ж.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Атабаев Қ. М.
Алғы сөз
Қарастырылып отырған кезеңге байланысты қалыптасқан Қазақстанның саяси жүйесінің даму процесін білу:
- Өлкені басқару әдістері мен формаларын қарастыру:
- Қазақстандағы патшалықтың ұлттық саясатыеың негізін көрсету:
- Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуінің экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани бағыттағы салдарын анықтау:
- Патша өкіметінің Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру саясатының ерекшеліктері мен оның қазақ қоғамына тигізген салдарын көрсету:
- Қазақ зиялыларының жаңа шығармашылық еңбектерінің қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятудағы үлесін көрсету.
Пәннің алдында оқылатын пәндер:
Жалпы курстың алдында Қазақстанның ортағасырлар тарихы, шет елдердің ортағасырлар тарихы, мәдениеттану, этнология, философия, теориялық деректеме, теориялық зерттеудің әдісі мен методологиялық курстары. Бұл қағидаларды орындаған жағдайда, оқылатын курс бойынша, студенттер нақты жағдайда білім алуға болатындығына сенімділіктің нәтижесінде болашақта олардың оқытушылық және зерттеу қызметінде көмек болатындығына сенімдіміз.
Пәннің мазмұны
Кіріспе
«Қазақстанның жаңа тарихы» курсы «Қазақстан тарихы» жалпы курсының құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл пән жалпы курстың жалғасы бола тұра, Ресейдің Қазақстанды жаулап алуынан бастап 1917 жылдың қазанына дейінгі кезеңді қамтиды. Сондықтан да бұл курстың хронологиялық шеңбері 1730-1917 жылдар. Пән Қазақстанның Ресей империясының отарына айналу процесін қарастырады.
Негізгі бөлім
Қазақстанның жаңа заман тарихы
Патшалық Ресейдің қазақстанды жаулап алуының басталуы.
І-Петрдің Қазақ жеріне қарсы бағытталған агрессиялық саясатының негізі. Орыс әскерлерінің Қазақстанның Солтүстік - Шығыс өлкесін жаулап алу әрекеттері. Әскери-бекініс жүйесінің салынуы: Семей, Өскемен, Омбы және т. б. жаулап алу саясатының І-Петрдің мұрагерлерінің тұсында жалғасуы. Қазақ билеуші топтарының арасында хандық билік үшін таластың күшеюі. Әбілқайырдың жоңғарлармен күрестен бас тартып, ресей комегімен жалпы қазақ ханы болуға ұмтылуы. Әбілхайыр ханның ресей бодандығын қабылдау жөнінде патша әкімшілігімен келіссөз жұргізуі. Патшалықтың Әбілқайырдың ұсынысын Шығыстағы жаулап алу жоспарын жқзеге асыру мақсатында пайдалануы. Шымкентке жақын Сазтөбеде өткен Бүкілқазақ кеңесі.
А. Тевкелев миссиясы. Әбілқайыр және оның жақтастарының ресей бодандығын қабылдауы. Қазақтардың бұл мәселеге қатынасы. Әбілқайыр ханның өлтірілуі. Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі.
Абылай ханның қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі.
Абылайдың жастық шағы. Оның жоңғарларға қарсы азаттық күреске қатысуы. Абылайдың хан сайлануы және оның жеке-дара билігінің күшеюі. Абылай ханның Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтауға ұмтылуы. Абылай ханның Ресей және Қытай мемлекеттерімен қарым-қатынасы.
Абылай ханның орта Азиялық мемлекеттерден Қытайға қарсы одақ құру әрекетінің сәтсіздігі. Орта Азия хандықтарының билігінен Қазақстанның оңтүстік аймаған азат ету. Абылай ханның ішкі саясаты. Егіншілік пен сауда-саттықты дамыту шаралары. Абылай ханның қазақ халқының тарихындағы ролі.
ХVІІІ ғ. екінші жартысындағы Батыс Қазақстандағы қоғамдық-саяси дағдарыс.
Нұралы ханның отарлық билікпен біріккен іс-әрекеттері. Халықтың Нұралы ханға наразылығы. Хандық биліктің дағдарысы. Е. Пугачев жағына шығуы. Қазақ әскерлерінің әскери бекіністерге шабуылы. Патшалықтың жазалау іскерлерінің Е. Пугачев көтерілісін басу арқылы қазақтарға қарсы әрекеті.
Сырым Датұлы бастаған қазақтар көтерілісінің басталуы. Көтерілісшілердің бекіністерге шабуылдарының күшеюі. Игельстромның көтерілісшілерімен келіссөздері. Батыс Қазақстан территориясының үш бөлікке бөлінуі. Нұралы ханның биліктен тайдырылуы. Игельстром реформасы және оның күйреуі. Хандық биліктің қалпына келтірілуі. Көтерілісшілердің Есім ханды өлтіріуі. Хандық кеңестің құрылуы. Сырым Датұлы бастаған қазақтар көтерілісінің бәсеңдеуі және тоқтауы.
Бөкей хандығының құрылуы мен жағдайы.
Еділ мен жайық арасындағы ішкі хандықтың құрылуы. Ішкі хандықтың әлеуметтік - экономикалық дамуының ерекшеліктері. Жер мәселесінің шиеленісуі. Салықтардың өсуі. Отарлау әкімшілігінің зорлық-зомбылықтары. Жәңгір ханның халықты қыспаққа алуы және оны Махамбет Өтемісұлының сынауы.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің басталуы. Көтерілісшілердің хан ордасын қоршап алуы. Көтерілісшілер мен негізгі күштерінің талқандауы. Көтерілісшілердің жазалануы.
Орталық және Шығыс Қазақстанда отарлық билік жүйесінің күшеюі.
Абылай ханнан кейін хандық биліктің әлсіреуі және дағдарысқа ұшырауы. Сұлтандар арасындағы бақталастықтың күшеюі. Бұхар мен Қоқан хандықтарының елдің Оңтүстік аудандарын басып алуы. Патша әкімшілігінің орта жүзде хандық билікті жоюға ұмтылысы және қазақ жерінде өз билігін кеңейтуі. Сібір қырғыздары туралы жарғы (1822 ж. ) және орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы (1824 ж. ) негізінде отарлық басқару жүйесін құру әрекеттері және патша әскерінің қазақ жеріне ішкерілей енуі. Жаңа әкімшілік-территориялық бөлімдер мен билік құрылымдарын енгізу. Басқарушы элита топтарының Ресей экспанциясына қарсылығы. Ғұбайдолла және оның жақтастары. Марал Құрманов. Қасым сұлтан және оның балаларының көтерілісі. Қазақтардың көшуі. Ресейлік отарлық билік жүйесін енгізудің сипаты, ерекшеліктері және салдары.
Батыс Қазақстанда патшалық ресейдің отарлық бағытының күшеюі.
Шекаралық (Орынбор) комиссиясы, шекаралық сот және жазалау мекемелерін ұйымдастыру.
Орынбор казак әскерін құру. Әскери бекіністер, казактардың елді мекендерін салу және Жаңаилецк әскери жүйесін құру. Он шақырымдық шекаралық сызықтың құрылуы. Жайықтың арғы бетіндегі казактардың елді мекендері маңындағы жайылымдарда мал баққандары үшін қазақтардан төлемақы алу. Қазақ балаларын құлдыққа сату туралы патшалықтың 1808 -1819 жж. жарлықтары. Қазақтарғы Жайықтың арғы бетіне өтуге және шекаралық сызыққа жақын көшіп - қонуға тиым салу. Қазақтардың қарсылығы: бекіністерге, казак елді - мекендеріне шабуылы және олардың даланы ішкерілей көшуі. Қаратай сұлтан және Жоламан Тіленшіұлы басқарған қазақтарың бас көтерулері. Орталық биліктің күшеюінің салдары.
1837-1847 жж. патшалық Ресей агрессиясына қарсы халық соғысы.
Кенасары басқарған соғыстық басталуы. Жасақшылардың Чириковтың жазалау отрядын талқандауы.
Кенасарының патшалық билік өкілдерімен келіс сөздері және олардың сәтсіз аяқталуы. Кенасарының белсенді әскери қимылдарының басталуы. Ақмола бекінісінің қоршауға алынуы. Кенесары әскерлерінең Торғай даласымен Ырғыз жеріне енуі. 1840 ж. Бітімгершілік Кенесарының хан болып сайлануы. Қазақ мемелекетін күшейтіп, қалпына келтіру жолындағы реформалар. Кенесары- мемелекет қайраткері мәмілегер, қолбасшы.
Кенесары ханның Қоқан хандығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерді азат ету жолындағы әскери қимылдар. Патша әскерінің қазақтарға қарсы жазалау жорықтарының жаңа қарқын алуы және оның сәтсіз аяқталуы. Қазақтардың Екатеринск бекінісін талқандауы. Ресей агрессиясына қарсы 1837-1847 жж. халық соғысының тарихи маңызы.
Патшалық ресейге қарсы Сырдария қазақтарының көтерілісі.
Патшалық Ресейдің жаулап алушылық экпедициялары. Ақмешіттің алынуы. Сырдария әскери жүйесінің құрылуы. Қазақ жерлерінің тартылып алынуы. Аймаққа казактар мен орыс шаруаларының қоныстана бастауы. Алым-салықтардың өсуі. Отаршыл шенеуніктердің қыспағы. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың көтерілісінің басталуы. Қазалы фортының қоршалуы. Арықбалық жанындағы шайқас. Патша әскерлерінің көтерілісті талқандауы. Есет батыр мен Сыздық сұлтан бастаған қазақтардың көтерілуі. Көтерілісшілер күресінің сәтсіздігі. Патша әскерлерінің Сырдария бойына бекінуі.
Патшалықтың ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын алуы.
Жетісуға патша әскерлерінің енуі. Іле аймағының жерлерін жаулап алуы.
Сергиополь, Қапал, лепсі қамалдарының салынуы. Аягөз және Көкпекті округтерінің ұйымдастырылуы. Алатау округінің құрылуы.
Патша әскерлерінің Шу аңғары мен оңтүстікті жаулап алу жорығы. Алматы, Тоқмақ, Бішкек, Әулиеата, Шымкент және Түркістан қалаларының алынуы.
Қазақ, қырғыз, өзбектердің біріккен күштерінің Ұзынағаш (1860 ж. ) түбіндегі шайқасы және оның жеңіліске ұшырауы. Жетісу казак іскерлерінің құрылуы. Сыздық батырдың өзбек, түркмендермен одақтастығының негізінде патша әскеріне қарсы күресінің жалғасы. Сыздық батырдың Қашқарға мәбүрлі түрде кетуі. Оның Қазақстанға қайта оралуы.
ІІ бөлім. Қазақстанның өз мемлекеттілігінен айырылуы Ресейдің отарына айналуы.
Қазақстанда патшалықтың басқару жүйесінің 1867-1868 жж. «Уақытша ереже» негізінде енгізілуі
Қазақстанды басқарудың бұрынғы жүйесінен бас тарту және жаңа отарлау жүйесін енгізудің себептері. 60-шы жылдардың басында Комиссиялар құру мен жаңа заңдар жобасын жасау. Олардың төңірегіндегі әр түрлі пікірлер. Оларға Ы. Алтынсарин мен Ш. Уәлихановтың көзқарастары.
Жобаның ерекше комитет пен Минситрлер кабинетінде қаралуы. Патшаның 1867 - 1868 жж. «Уақытша Ережелерді» бекітуі.
Жаңа заңдардың мазмұны. Қазақсатнды әкімшілік- территориялық басқару жүйесін қайта құру. Сот құрылымы мен қызметіндегі өзгерістер. Жер мәселесі. Салықтар мен алымдар. Мұсылман дініне көзқарас. Халық ағарту саясаты. Қазақтардың дәстүрлі құқық жүйесі мен міндеттері. Отарлық шенеуніктердің құқықтары мен өкілеттіліктері.
1867 және 1868 жылдардағы «Уақытша Ережелердің» сипаты, ерекшеліктері және бағалануы.
1867-1868 жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы қазақтардың көтерілісі.
Отарлық басқарудың жаңа жүйесіне қазақтардың наразылығы. Қазақстанда Ресей ықпалының күшеюіне хиуа хандығының алаңдатушылығы. Қазақ өкілдерінің Хиуадағы келіссөздері және олардың нәтижелері.
Ұйымдастыру комиссияларының құрылуы. Олардың жаңа заңдарды енгізудегі жұмыстары. Орал және Торғай облыстарындағы қазақтар көтерілісі. Жазаланушы отрядтардың жасақшыларды жазалауы. Қазақтардың Хиуаға қоныс аударуы.
Маңғыстаудағы көтеріліс. Көтерілісшілердің полковник Рукиннің отрядтарын талқандауы. Жасақшылардың Скоболев командасы басқарған патша әскерлерімен шайқасы. Қазақтардың партизандық соғыс әдісіне көшуі. Маңғыстау жасақшыларының аяусыз басылып, жанышталуы. Қазақтардың көтерілісінің сипаты, ерекшеліктері және маңызы.
Патша өкіметінің Қазақстандығы орыс шаруаларын қоныстандыру саясаты
Шаруалық отарлаудың мақсаты мен міндеттері. 1868 жылы Колпаковскийдің «Орыс шаруаларын Жетісуға қоныстандырудың Уақытша Ережесін жасауы». Казнаковтың далалық облыстарға орыс шаруаларын қоныстандыруы. Аймақта шаруалар отарлауын басқару үшін Қазақстанға балхашиннің келуі.
Орыс шаруаларының өз беттерімен келіп Қазақстанға қоныстануы. «Қазыналық жерлерге ауыл тұрғындары мен мещандарды өз ерікетерімен қоныстандыру туралы» патшаның 1889 жылғы 13 шілдедегі Заң және орыс шаруаларының қоныстануының барысына мемелкет тарапынан бақылау. Қоныстандыру қозғалысының даму, оның кезеңдері. Қазақтардың жерлерін тартып алу. Қоныстануға арналған бөлімшелерді ұйымдастыру және оған орыс шаруаларын орналастыру. Шаруалар отарлау әкімшілігінің шенеуніктерге шабуылы.
Қоныстанған орыс шаруаларының шаруашылық жағдайы. Қоныстандырылған елді мекендердегі жерді пайдаланудың түрлері. Агротехникалық жағдайы. Шаруашылық өңдеу ісінің даму дәрежесі.
Жетісуға ұйғырлар мен дүңгендердің қоныс аудыруы.
Шығыс Түркістандағы ұйғырлар мен дүнгендердің ауыр жағдайы. Онла Қатай билігінің үстемдігі. Жергілікті халықтың Қытай езушілеріне қарсы көтерілісі. Ұйғырлар мен дүнгендердің заңсыздық пен талауға ұшырауы. Қытай отарлау әкімшілігінің талқандаулуы. Үш дербес мемлекеттік бірлестіктің құрылуы (Дүнген хандығы, Ұйғыр сұлтандығы және Қашқар эмираты)
Қытайдың қашқар эмиратын қайтадан жаулап алуы. Ресейдің Ұйғыр сұлтандығын ( Іле аймағы) басып алуы. Қытай-орыс қатынастарының шиеленісуі. Шығыс Түркістанды Қытай мен ресейге бөлу туралы петербург шарты 1881 ж.
Қытайға өтіп кеткен ұйғырлар мен дүнгендерді Іле аймағының Шығыс бөлігіне және қазақстанның оңтүстігіне қоныстандыру. Жер мәселесі қатынастарының шиеленісіуі. Салықтар ен алымдарының өсуі. Ұйғырлар мен дүнгендердің қайыршылануы. Ұйғыр және дүнгендердің ұлттық және әлеуметтік қанауға қарсы ашық бас көтерулері. Ұйғырлар мен дүнгендердің 1916 жылғы көтеріліске қатысуы.
ХІХ ғасырдағы екінші жартысындағы Қазақстанда патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының күшеюі.
Отарлық басқарудың жаңа заңдарын қабылдау. 1886 жылғы «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже», 1891 жылғы « далалық облыстарды басқару жөніндегі Ереже». Қазақстанның жаңа әкімшілік территориялық құрылымы. Сот билігі. Жер мәселесі. Алым-салық пен міндеткерліктер. Отарлық әкімшілік билігінің күшеюі. Шоқынған қазақтарға жеңілдіктер.
Жаңа заңдардың бекітілуі. Отаршылық әкімшілікетерінің кеңейтілуі. Отарлық шенеуліктерінің құқықтары мен өкілеттіктердің күшеюі. Олардың жергілікті халыққа зорлық-зомбылықтары. Салықтар мен алымдардың өсуі. Отаршыл биліктің қазақ қоғамын ыдыратуы. Далалық билеушілерімен отарлық биліктің одақтасуы және патшалық отарлау саясатын жүзеге асырудағы рөлі.
Әлеуметтік жағдайдың бұрынғыдан да нашарлауына сай халық наразылығының өсуі. Әлеуметтік және ұлттық қанауға қарсы қазақтардың күресі және оның түрлері. Қазақ отрядтары мен орыс қоныстанушыларынан қазақтардың шаруашылығының күйзеліске ұшырауы. Бағынбаған қазақтарды сібірге жер аудару. Қазақстанда отарлық басқарудың жаңа жпүйесін енгізудің сипаты, ерекшеліктері, бағалануы және салдары.
Қазақстанды орыс шаруалары арқылы отарлаудың өрлеуі.
ХІХ ғ. 90-жылдарының басында шаруалық отарлаудың екінші кезеңінің басталуы. 90-шы жылдардың басынан қоныстанушы орыс шаруаларының Қазақстанға келуінің өсуі. Шаруалық отарлауды жүзеге асырудағы Ұлы сібір темір жолын салу құрылысы комитетінің рөлі. Щебрин арнаулы экспедициясының құрылуы және оның қызметі. Оған Ә. Бөкейхановтың қатысуы. Ерекше уақытша партиялардың құрылуы және олардың жұмыстары. Қоныс аудару учаскелерінің құрылуы. Қоныстанушы шаруаларға мемлекеттік көмек.
Қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу. Оларды құнарсыз жерлерге ығыстыру. Қазақ елді мекендердеріндегі зорлық-зомбылық. Қасиетті жерлердің қиратылуы. Қазақтардың бас көтеруін басуда отарлық биліктің әскерлер мен қарулан, ан қоныстанушы орыс шаруаларын пайдалануы. Қазақтардың елі аз далалық аймақтар мен Қытайға көшуі. Қазақстандағы шаруалық отарлаудың сипаты мен ерекшеліктері, бағасы және салдары.
Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы.
Өнеркәсіп-халық шаруашылығының маңызды саласы. Оны дамытудың екі жолы. Патшалықтың қазақстанда өнеркәсіпті дамытудағы мақсаты мен міндеттері. Патшалықтың көпестер мен кәсіпкерлерді қазақстанның табиғи байлығын пайдалануын қолдауы. Тау-кен кәсіпорындарының және ауылшаруашылық өнімдерін алғашқы өңдеуден өткізетін өнеркәсіп орындарының ашылуы. Кәсіпорындарлың өлемдері және олардың техникалық жабдықталуы. Империялық өнеркәсіпті дамыту мақсатында ресейге шикізат өнімдерін шығару.
Өнеркәсіп жұмысшыларын қалыптастырудың көзі. Олардың саны және құрамы. Жұмысшылардың жағдайы. Жұмысшылардың әлеуметтік және ұлттық қанауға қарсы бас көтерулері.
ХІХ ғасырдың аяғындағы қазақ ауылының жағдайы
Қазақстанды отарлау нәтижесінде қазақтардың шаруашылықтарының күйзеліске ұшырауы. Шаруашылықтың дстүрлі жүйесінің бұзылуы. Жыртылуға тиісті және жайылым жерлердің таралуы. Мал басының азаюы. Шағын кәсіпорындардың дағдарысы. Қазақтардың жаппай кедейленуі.
Ауылдағы әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі. Қалаған қауымдық жақсы жерлердің жаулап алынуы. Қоныстанған орыс шаруаларының қазақтарға қатынасы. Отарлық шенуніктердің бейбастақтығы мен шектен тыс әрекеттері. Қазақ еңбекшілерінің құқықтарынан айырылуы.
Наразылықтардың үдеуі. Отарлық билік пен ауылдағы болыстық басқарушылар мен билерге қарсы бас көтерулер. Қоныстанған орыс шаруаларымен қақтығыстар.
Қазақтардың әлеуметтік және ұлттық қанауға қарсы күресінің сипаты, ерекшеліктері және маңызы.
ХVIII - XIX ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті.
Патшалық отарлық биліктің қазақ халқының мәдениетіне қатынасы. Қазақтарды орыстандыру және християндандыру саясаты.
Қазақтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, наным-сенімдерінің, халықтың шығармашылығы өнері- ауыз әдебиетінің сақталуы мен одан әрі дамуы. Қазақтың ақын-жыраулары: Тәттіқара, Көтеш, Шал, Үмбетей, Ақтамберді, Бұхар, Нысанбай және т. б. олардың шығармашылық өнерінің маңызы.
Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебі. Ақын-ойшылдар: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы.
ХІХ гасырдың екінші жартысындағы қазақтың ұлы ағартушылары, ойшылдары, ақындар мен сазгерлері. Орыс, татар, башқұрт жәнешетел ғалымдарының қазақтардың әдебиеті мен тарихын оқып, зерттеуі.
Қазақ халқының мәдениетінің ерекшеліктері мен маңызы және оның бүкіл адамзат мәдениетіне қосқан үлесі.
ІІІ бөлім. ХХ ғасыр басындағы отарлық Қазақстан
ХХ ғасырдың басындағы қазақстанның әлеуметтік - экономикалық даму
Қазақстанда отарлық қанаудың күшеюі. Қазақ жерлерін жеке меншікке сату туралы 1901 жылғы Заң. Шаруалар бастығы лауазымын құру. Қоныстандыру басқару ұйымын құру. 1904 жылғы 6 маусымдағы «Ауыл тұрғындары мен жер иеленуші мещандардың өз еріктерімен қоныстануы туралы» Заң.
Стольпиннің аграрлық реформасына байланысты Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуының ұлғаюы. Жаңа экспедициялардың ұйымдастырылуы. Қоныстану қозғалысының өсу динамикасы. Хуторлық бөлімшелердің ұйымдастырылуы. Қазақтардың жаппай жерден айырып, дәстүрлі көшпелі шаруашылығының бұзылуы. Олардың кедейленуі. Демографиялық ахуалдың өзгеруі. Қазақ этносының өмір тіршілігіне қауіп төнуі.
Қазақ демографиялық зиялы қауымның қоныстануы саясатына қарсылығы.
Қазақстан өнеркәсібінің жағдайы. Аймақтың өнеркәсібіне шет ел капиталының енуі. Акционерлік қоғамдардың құрылуы. Өнеркәсіп пен сауданың дамуының сипаты мен ерекшеліктері. Ресейдің шикізат қоры мен өнеркәсіп өнімдерінің рыногын нығайтудағы Қазақстанның рөлінің күшеюі.
Қазақстанда әлеуметтік-таптық қайшылықтың өсуі. Қоныстанған елді мекендер мен қазақ ауылдарындағы мүліктік негіздегі жіктеушіліктің күшеюі. Қазақ байлары - мал саудагерлері. Қазақтың мал саудагердері мен татар көпестреінің ірі сауда буржуазиясын қалыптастыруы. Өнеркәсіп жұмысшыларының қалыптасуы. Олардың өсу көздері, саны мен құрамы.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының сипаты мен ерекшеліктері.
Бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері
Бірінші орыс революциясының басталуы. Оның сипаты, ерекшеліктері және маңызы. Бірінші орыс революциясының Қазақстанға ықпалы.
1905 жылдың көктемі мен жазындағы Қазақстан жұмысшыларының бас көтерулері. Қоныстанған елді мекендердегі толқулар. Қазақтардың наразылығының өсуі. Қазақстан қалаларындағы манифестациялар мен шерулер. Үкіметке қарсы ұйымдастырылған бас көтерудегі қазақ демократиялық зиялыларының рөлі. Петициялық науқан. Панисламдық бағыт-патшалықтың саясатына қарсы наразылықтың күрес түрі ретінде.
Ә. Бөкейханов пен Ж. Ақбаевтың омбы қаласындығы қазан айындағы толқуларға белсенді қатысуы. 17 қазан патша манифесінің аударылуы және оның далалы өлкеге тартылуы. 1905 жылдың қазан-желтоқсан авйларындағы жұмысшылардың өнеркәсіп орындары мен теміржол станцияларындағы бас көтерулері. Ресейдегі рефолюцияның бәсеңдеуі кезіндегі жұмысшылар қозғалысы. Орыс қоныстанушылары мен қазақ шаруаларының толқулары. Саяси партиялардың қызметінің жандануы және олардың Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалысының дамуына ықпалы. Қазақ демократиялық зиялы қауым қызметінің белсенділігінің артуы. Олардың мұсылман қозғалысы мен Мемлекеттік думананың жұмысы.
Бірінші орыс революциясы жылдарында Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалысының дамуының сабақтары мен маңызы.
Қазақстан Ресейдегі жаңа революциялық даму және реакциялық кезеңде
Ресейдегі демократияның Қазақстанға ықпалы. Қазақ демократиялық ұлттық зиялыларын қарсы сот процестері. Аймақта полицейлік-жандармдық жүйесінің күшеюі.
Қоныстанушы елді мекендер мен қазақ ауылдарындағы толұулар.
Жұмысшылардың бас көтерулері.
Патшалық Ресейдің отарлық езгісіне қарсы күресте халықтың оянуындағы қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының рөлі. М. Дулатовтың «Оян қазақ» өлеңдер жинағы және оның маңызы. Қазақ тілінде газет, журналдардың шығуы және олардың қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы идеологиясының қалыптасуындағы маңызы. Бұқара халықтың белсенділігін арттыруда Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, М-Ж. Көпеевтің және басқаларының еңбектері.
Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz