Коммерциялық емес ұйым қызметінің тоқтатылуы туралы жазба



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе 3
Коммерциялық емес ұйымдардардың жалпы түсінігі. 4
Коммерциялық емес ұйымдардың қызметінің мақсаттары мен негіздері және құқықтық-теориялық негіздері. 9
Коммерциялық емес ұйымдардың түрлері: 10
Мекеме дегеніміз 11
Қоғамдық бірлестіктер. 13
Саяси партия. 15
Кәсіптік одақ. 17
Коммерциялық емес акционерлік қоғам. 17
Қоғамдық қор. 18
Тұтыну кооперативі 19
Діни бірлестіктер. 20
Қауымдастық Одақ. 22
Коммерциялық емес ұйымды тарату тәртібі. 23
Коммерциялық емес ұйымды таратудың аяқталуы. 24
Коммерциялық емес ұйым қызметінің тоқтатылуы туралы жазба. 24
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер 26

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдар туралы пікір айтылған кезде ең бірінші бұл қандай құқықтық қатынасқа түсетінін айтайық. Бұл Азаматтық құқықтың критийлері және заңды тұлғаның бір түрі болып табылады. Енді осылардың анықтамаларын аита өтейік.

Заңды тұлға - бұл жерде өзінің мүлкі бар мүліктік, мүліктік емес қатынастарға түсетін шаруашылық айналымдарын жасайтын сотта жауапкер және талапкер бола алатын ұйым заңды тұлға болып табылады. Заңды тұлғаны коммерциялық, коммерциялық емес деп бөлудің маңыздылығы зор. Өздерінің түсініктерінде пайда табуды көздейтін және пайда табуды көздемейтін болып бөлінеді. Пайда табуды көздемейтін ұйым яғни кәсіпкерде тағы да қандай мақсаттар болуы мүмкін?
Менім ойымша барлық кәсіпкерлер ақша табуды қалайды, және коммерциялық емес ұйымдарда ақша табатын ұйым ретінде танылады. Неге деген сұрақ болса, жауап берейін коммерциялық емес ұйымдар заңды тұлға олардың ішінде де азаматтар бар (жұмыс атқаратын) оларға да жалақы төлемдерін жасау керек сондықтанда олар да белгілі мөлшерде пайда табады. Олар пайда таппайтын болса не үшін уақытын құртады деген пікір болады, олар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, өзі (басшысы) сол іс-әрекеттен ләзәт алу үшін, және өз қажеттіліктерін қанағаттаныдур үшін жасайды деп ойлаймын.
Курстық жұмысымда жазу үшін ғаламтордан көптеген мағұлматтар іздей бастадым және сол кезде коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайын айқындап, олардың қызметін реттейтін неше түрлі азаматтық заңдарда көптеген олқылықтар (пробел), және көптеген қарама-қайшылықтар көптеп кездесті. Және қазіргі кезге ге дейін өзінің оң шешімін тапқан жоқ.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы қызмет азаматтық құқықтың оның ішінде заңды тұлға тақырыбының ең ауқымды әрі қиын, өзекті мәселелерінің бірі деп тануға болады.
Жоғарыда атап өткендей коммерциялық емес ұйымдарға көптеп мән беріле бермейді, өйткені барлық адамзаттың заңды тұлға десе ойлайтыны коммерциялық ұйымдар, яғни ақша табатын ұйымдар. Ал коммерциялық емес ұйымдарда өз ерекшеліктері бар бұл туралы негізгі бөлімде толығырақ сіздерге жеткізіп беретін боламын.
Курстық жұмысымда коммерциялық емес ұйымдардың жалпы түсінігін, олардың түрлеріне жеке-жеке тоқталып, оларды қалай қаржыландыратынын және шығындары туралы аитатын боламын.

Коммерциялық емес ұйымдардардың жалпы түсінігі.

Коммерциялық емес ұйымдардың коммерциялық ұйымдардан басты ерекшелігі сол осы ұйымдардың өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысты алмайтыны және алынған табысты қатысушылары арасында білмейтіні, жарғылық мақсаттарға жетуге жұмсайтыны. Коммерциялық емес ұйымдардың түрлеріне; Ауылшаруашылық серіктестер, Қауымдастық (Одақ) нысанындағы заңды тұлғаларадың бірлестіктері, Басқа ұйымдық-құқықтық нысандар (нотаритаттық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркәсіптік палаталар), Коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, Діни бірлестіктер, Қоғамдық бірлестіктер, Саяси партиялар, Тұтыну кооперативі, Қорлар және олардың түрлері: (жеке меншік, корпоративтік қоғамдық, мемлекеттік), Мекеме (мемлекеттік немесе жеке меншік);
Ынтымақов С.А ғылыми көзқарасы бойынша коммерциялық емес ұйымды құрудың қазіргі кездегі құқықтық тәртібі сипатталып, оларға сәйкесінше тиісті сараптамалар жасалған. Сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарды құру барырсында заң талаптарына сәйкес олардың құрылтай құжаттарына, құрылтайшылары мен құрылтайшылардың субъектілік құрамына қойылатын талаптар сараланған. Менің тұжырымында Коммерциялық емес ұйым ол - азаматтық құқықтық санаттағы ұғым болып табылады және бұл ұғым құқық қолданыс аясында жатыр.
Сол себептен де Коммерциялық емес ұйым ұғымы құқықтық санат сипатында көрініс тапқан. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандарының құқықтық жағдайының өзекті мәселелері деп аталды. Бұл бөлім бес бөлімшеден тұрады. Олар мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, тұтыну кооперативі нотариалдық палата толық қанды қарастырып біршама ұсыныстар енгізілген.
Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін Азаматтық кодекс, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы заңдар және заңға тәуелді нормативтік актілер реттеп отырады.
емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестіктер, акционерлңк қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдардың тізбесіне қарағанда, бұл тізбені толық деуге болмайды. Заңды актілерінде коммерциялық емес ұйымдардың өзгеше нысаны белгіленуі мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 16 - бабының тармағына сәйкес нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркәсіп палаталары, аудиторлар палаталары, меншік пәтер иелері кооперативтері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқа мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүддерлерін қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, денешынықтыру мен спортты дамыту; заң көмегімен көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүщелерінің игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін (Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнан).
Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық ұйымдардан өзгеше, коммерциялық емес ұйымдар салық төлеу жеңідігін пайдаланады. Бұл оларды тартымды ұйым ете түседі, өйткені көптеген коммерциялық емес ұйымдар белгілі бір нысанды кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Одан түсетін кірістер, әдетте, коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады.
Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері. Кез келген тауарларды өндіру, қызметтер көрсету, игіліктер шығындармен байланысты болғандықтан, қызметтің аталған түрлері олардын ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз ету үшін қаржыландырылуы тиіс. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қызметін қаржыландырудың көзі де әр түрлі болып келеді.
Коммерциялық емес қызмет бағыттарының әркайсысы өзінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады, материалдық сфера мен коммерциялық қызметке тән функцияларды айқындайтын құрылымдарды кіріктіреді.
Мысалы, олардың көбісінің меншікті кәсіпорындары болады, олардың жұмысы кәсіпорындар қаржысының жұмыс істеуінің жалпы қағидаттарына негізделіп ұйымдастырылады. Алайда мұндай кәсіпорындардың өнімін өткізу сұраным мен ұсынымның рыноктық критерийлерімен емес, бірақ ұйымның өзінің ішкі қажеттіліктерімен реттеледі. Мұндай өнім өндіріс шығындарын жабатын және нормаланатын деңгейде пайданы (таза табыс) қалыптастыратын бағалар бойынша: қолайлы өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ету және ұйымның - кәсіпорын иесінің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін сатылады. Сөйтіп, өнім, әдеттегідей, бәсекелік рынокқа шықпайды, коммерциялық ұйымның ішінде қолдануға арналады (әскери-өнеркәсіптік кешен өнімі, медициналық техника мен саймандар өндіру жөніндегі кәсіпорындар, мамандандырылған өнімнің басқа түрлері).1
Алайда шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесі өндіріс, айналыс сферасындағы анық шекараларды анықтамайды және экономикада болып жатқан өзгерістер бірқатар коммерциялық емес салалар қызметінің уәждемесінде бейнеленеді.
Олардың көптеген құрылымдары өзінің өнімімен және қызметтерімен ашық рынокқа шығады, сөйтіп, өз құрылымының және жалпы осы сала жүйесінің жақсы дамуын қатамасыз етеді.
Мысалы: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің ақылы қызметтері кеңінен дамып отыр. Ал сыныптау мен қаржыландыру критерийлері бойынша бұрын аралық жағдайда болған халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сияқты салалар коммерциялық негіздерге көшті. Пәтер меншіктенушілердің кооперативтерін ұйымдастырумен тұрғын үй секторын коммерцияландыру кезеңі аяқталды.
Осы сияқты трансформациялаулар (түрлендірулер) қызметтің коммерциялық емес түрлерінде пайдаланылатын қаржылық ресурстардың құрамы мен құрылымына әсер етеді. Коммерциялық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелерді қаржыландырудың көздерін бұл құрылымдардың жұмысына мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады.
Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, орғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Басқа бағыттарда мемлекет қадағалаушы-үйлестіруші рөлді жүзеге асырады, ал қаржыландыру көздері мемлекеттік арнаулы бюджеттен тыс қорларда орталықтандырылатын шаруашылық жүргізудің барлық субъектілері аударатын қаражаттардың міндетті аударымдары бояып табылады.
Бұл, мысалы Қазақстанда 1998 жылға дейін әлеуметтік қамсыздандыруды (Зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы), медициналық сақтандыруды (Медициналық сақтандыру қоры арқылы) қаржыландыру үшін қолданылды. Қоршаған ортаны қорғауды қаржыландыруда мемлекет ерекше орын алады: өндірістің экологиялық зиянды жағдайлары бар шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттарын жұмылдыру бойынша мәжбүрлеуші іс-шараларды қолданады. Осылайша, өтемақы немесе мекендеу ортасын қалпына келтіру бойынша шараларды қаржыландыру үшін Табиғатты қорғау қоры қалыптастырылады.
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелермен кепілдендірілген деңгейлердегі білім беру мен денсаулық сақтауды қаржыландыру жөніндегі шығындарды өзіне алады. Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Бұл мұндай зерттеулердің нәтижелері дереу нәтиже бере қоймайтындықтан, ұзақ мерзімнен кейін қолданылуы мүмкін болатындықтан барып шығады, ал олардың маңыздылығы қоғамның болашақ дамуы үшін өте айтарлықтай.
Бюджеттік ресурстар сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле- және радиостудияларды, киностудияларды және т.б. қолдап отыруға пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыс (түсім-ақша) түріндегі меншікті қаражаттар, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда), ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызмет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымның оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан ары өздігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) кіріктіреді. Мұндай әдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтың қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.
Меншікті кәсіпорындары бар ұйымдарда олардың қызметін (жөндеу ұйымдапының жабдықтар мен оргтехниканы қалпына келтіруі үшін, осы мақсатпен босалқы бөлшектер шығарымы бойынша қызметін, басқа мекемелердің медикамент және емдік преператтар шығарымы бойынша мекемелерінің қызметін, әр түрлі қосалқы шаруашылықтар қызметін) қамтамасыз ету үшін, алынатын пайда немесе табыс әуел баста белгіленген тәртіппен бөлінеді, яғни бюджет және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер төленеді, содан кейін қаражаттардың бір бөлігі кәсіпорынның дамуын өзін-өзі қаржыландыру мақсатына бағытталады және тек сонан соң қалған бөлігі ұйым-иегердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.

Ведомствоға қарасты кәсіпорындардың болуы жағдайында коммерциялық емес ұйымды қаржыландыру көздері мысалы, кәсіпорын мүлкін өткізуден, акциялар пакетінің бір бөлігін сатудан, құрылтайшы ретіндегі ұйымдағы кәсіпорын акцияларына дивидендтерден түсетін түсімдерден болатын қаражаттармен толықтырылуы мүмкін. Ведомствоға қарасты кәсіпорынның резервтік қорының қаражаттары да пайдаланылуы мүмкін.
Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, құрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар, мүлік пен ғимараттарды кепілдікке беруден алынатын қаражаттар жатады.
Қаржыландырудың үшінші көзі - банктердің кредиттері.
Бұл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардын пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі, кредиттік қаражаттардың қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.
Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіби, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқалары) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады.
Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді. Қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастырудың еріктілігі олардың қаржылық ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады: оларға бюджеттік қаржыны (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржылық ресурстар бірлестіктердің жарғысына байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.
Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатын аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, ұйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік бағыттылық, мәдени және шығармашылық ұйымдары мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды қаржыландырудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай қаржыландырудың алуан түрлілігі ретінде белгілі бір ұйымның немесе қызмет түрінің тұрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік қаржыландыруы бола алады.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландырған кезде гранттар - жеке адам, компания, фирма, халыкаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгілі бір бағыттағы ғылыми зерттемелерді, жобаны, ғалымдардың бір тобын немесе жеке ғалымды зерттеуді аяқтап, оның нәтижелерін ендіруге немесе басқаша қолдануға дейін жеткізу мақсатымен өтеусіз қолдау әдісі қолданылады.
Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін ұстауға және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың белгілі бір көзі олардың қарамағындағы ресурстардың бір бөлігін коммерциялық және жинақ банктерінің депозиттеріне, сондай-ақ қаржы рыногында бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.
Қаржыландырудың аталған көздері коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерінің ақшалай қаражаттарын әр түрлі үйлесімдерде және аталған көздердің толық жинақталымында қалыптастыруы мүмкін. Мысалы, білім беру жүйесінде аталған көздердің жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда екі-үш көздермен шектеледі. Бірақ кез келген нұсқада - қаржыландырудың қосымша көздерінің көп немесе аз болуы мемлекеттік бюджеттен оның кірістері мен шығыстарының тізімдемесінде қарастырылған қаржыландырудың көлемдері азайтылмайды. Ықпал жасаудың мұндай тұтқасы ұйымдар мен мекемелердің қоғамдық-пайдалы қызметін дамытудағы, олардың жұмысының тиімділігін арттырудағы ұжымның бастамасы мен шығармашылықізденісін ынталандыруга шақырады.

Коммерциялық емес ұйымдардың қызметінің мақсаттары мен негіздері және құқықтық-теориялық негіздері.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша корларының, қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді. Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының, ерекшеліктерін анықтау үшін оның құрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.
Коммерциялық емес ұйымдардың мекемелерін және басқаларын нарық жағдайындағы олардың қызметінің сипаты мен қаржыландыру әдістеріне қарай шартты түрде үш топқа біріктіруге болады.
Бірінші топқа материалдық өндіріске өте жақын шығындары материалдық емес қызметтер мен игіліктерді өткізуден алынатын түсім ақшадан өтелетін ұйымдар мен мекемелер жатқызылуы мүмкін. Олар Мемлекеттік кәсіпорын туралы заңды басшылыққа ала отырып, өздерінің қызметін шаруашылық-коммерциялық есеп әдісінде жүзеге асырады. Бұл ұйымдардың қызметтері ақығы көрсетіледі.
Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелеру, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдісті коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер пайдаланады. Кәсіпорындар қызметпен байланысты әр түрлі ақшалай шығындар жасайды: игіліктер мен қызметтерді өткізе отырып, олар түсім-ақша алады; кірістердің шығыстардан асып түсуі қорланымды құрайды. Оларда қаржы материалдық өндіріс кәсіпорындарындағыдай ұйымдастырылады.
Ұйымдардың екінші тобына оладың толық емес шаруашылық есептегі, яғни өзін өзі өтеу әдісін қолданатын бірқатары жатады. Бұл әдіс ақылы қызмет негізіндегі шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы қорланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. 2
Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі мәдени-ағарту қызметі, бос уақытты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсіби мамандықтар мен білім алу жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер бойынша ұлттық клубтарды оқып үйренудің курстары мен мектептері) қолдалынады.
Ұйымдардың үшінші тобына бюджет қаражаттары есебінен ұсталатын мекемелер мен салалар жатады. Олар көрсететін қызметгер тегін, олады қаржыландырудың көзі мемлекеттік бюджет болып табылады.
Бюджет мекемелерінің шығындарын қаржыландырудың негізі смета болып табылады. Ол - қаржы жоспарының айрықша нысаны. Қазіргі кезде бюджеттен қаржыландыратын мекемелер шығындардың сметасын жасайды, онда бюджетпен қатынастардың біржақты сипаты, бюджет қаражаттарының ауқымы және оларды шығындардың баптары бойынша бөлу қамтылып көрсетіледі.
Сметалық тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік басқару мен қорғаныс органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерінің бір бөлігі қаржыландырылады. Бірқатар мекемелерді сметалық қаржыландыру кезінде шығындары қамтамасыз етудің қосымша көздері пайдаланылуы, қызметтерді тұтынушылардың еңбегі қолданылады, сондықтан шығындарда әдеттегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады.
Материалдық емес өнім қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бірақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауды болады.
Коммерциялық емес сфера мекемелеріндегі қызметтер көрсету ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, өзгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады. Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру процесінде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бірге оладың негізінде өндірістік сала мекемелері мен ұйымдардың қаржы көздері қалыптасады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін Азаматтық кодекс, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы заңдар және заңға тәуелді нормативтік актілер реттеп отырады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестіктер нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдардың тізбесіне қарағанда, бұл тізбені толық деуге болмайды.3

Коммерциялық емес ұйымдардың түрлері:
A. Мекеме
B. Қоғамдық бірлестік
C. Саяси партия
D. Кәсіптік одақ
E. Коммерциялық емес акционерлік қоғам
F. Қоғамдық қор
G. Тұтыну кооперативті
H. Діни бірлестіктер
I. Қауымдық одақ

Заңды актілерінде коммерциялық емес ұйымдардың өзгеше нысаны белгіленуі мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалалары, сауда-өнеркәсіп палаталары, аудиоторлар палаталары, меншік пәтер иелері кооперативтері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады.
Мекеме дегеніміз
Бұл осы арқылы меншік иесі өзінің азаматтық қатынастардағы еркін білдіретін ұйымдық-құқықтық нысандардың бірі. Басқа заңды тұлғалардан өзгеше, мұндай заңды тұлғаның өз құрылтайшысына тәуелдігі әлдеқайда күшті болады. Азаматтық құқықтың кез келген субьектісі мекеме құруы мүмкін, яғни мекеме меншіктің мемлекеттік те, сондай-ақ жеке меншік те нысандарына құрылуы мүмкін.
ТМД елдірінде көбіне мемлекеттің әр түрлі басқару, білім беру, медициналық және т.с.с. функцияларын атқаратын мемлекеттік мекемелер құрылады. 1998 жылға дейінгі Қазақстандағы секілді, барлық елдерде туыстық ұғым ретіндегі мекеме өзіне түр ұғымы ретіндегі мемлекеттік және жеке меншік мекемелерді қамтиды. Қазақстанда 1998 ж. Қаржы министірлігі Азаматтық кодекске өзге де нормативтік өзгерту актілерін енгізді, олар мекемені (туыстық ұғым) тағы да мекеме (түр ұғымы) мен мемлекеттік мекемеге (түр ұғымы) жіктеді.
Азаматтық Кодексте жеке меншік мекемеге мынадай анықтама берілген: басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
Мемлекет ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес немесе ҚР Президентінің ҚР Үкіметінің және астана, облыстар, республикалық бағыныстағы қалалар әкімдердінің шешімдеріне сәйкес құрылатын және егер заң актілерінде қосымша қаржыландыру көздері белгіленбеген болса, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады. Мемлекеттік мекемені құруда оның аумақтық қызмет ету аясы (республикалық, жергілікті немесе аймақтық айқындалуы тиіс).
Коммерциялық емес сипаттағы кез келген мақсат үшін мекеме құрылуы мүмкін. Мысалы: басқару, білім беру, медицина, ғылыми зерттеу, мәдени және т.с.с. мемлекеттік мекемелер, әдетте, басқару мақсаттарын көздейді. Мекемені, әдетте, бір тұлға құрады, бірақ оны бірнеше тұлғаның құруына тыйым салынбайды, яғни рұқсат етіледі. Бұл жағдайда, меншік иесінің құқықтары құрылтай шартына сәйкес бөлініп, жүзеге асырылады.
Мекеме мен мемлекеттік мекеменің өздеріне, бекітіліп берілген мүлікке құқықтары Азаматтық Кодексінің 202-208 баптарына сәйкес анықталады. Басқаша айтқанда, мүлік оралымды басқару құқығында мемлекеттік мекемеге тиесілі болады. Тұтас алғанда, жеке меншік мекемелерге де осындай режим таралады. Мекеме меншік иесі бекітіп берген сметаның негізінде өз қаражаттарына билік етеді. Мемлекеттік мекеменің тиісті қаржы жылына бекітілген қаржыландыру жоспарынан асатын шарттық міндеттемелер қабылдауына жол берілмейді. Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша қолында бар ақшамен жауап береді.
Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша қолында бар ақшамен жауап береді. Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады. Таратылатын заңды тұлғаның ақшасы несие берушілердің талабын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, тарату комиссиясы заңды тұлғаның мүлкін сот шешімдерін орындай үшін белгіленге тәртіп бойынша жария сатуды жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді.
Мемлекеттік мекемеде, ақша жеткіліксіз болатын жағдайда оның міндеттемелері бойынша Үкімет немесе тиісті жергілікті атқарушы орган жауапты болады.
Кіріс түсіруді өз қызметінің негізгі мақсаты етпеу - мекеменің және коммерциялық емес ұйымдардың негізгі мәндетті белгісі. Басқаша айтқанда, мекеменің кәсіпкерлік қызмет ауқымынан тыс жағдайда кіріс түсіруіне және, тиісті, айтарлықтай мөлшерде түсіруіне тыйым салынбайды. Бірақ бұл басты мақсат емес.
Алынған ақша құрылтайшының меншігі болып табылады және мекеме оны смета бойынша жұмсайды немес құрылтайшы алып қояды. Жеке меншік мекемелер өздерінің жарғылық құқық қабілеттілігі шегінде кәсіпкерлік қызмет жүргізе алады. Оны жүргізу құқығы құрылтай құжаттарында баянды етілуі тиіс. Солай бола тұрса да, мемлекеттік органдар болып табылатын мекемелер (министрліктер, ведомствалар, олардың заңды тұлға құқытары бар бөлімшелері және т.с.с), заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықсыз болады. Жеке меншік мекеменің рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтен түсірген кірістерді құрылтайшының меншігі болып табылады.
Мекеменің рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтен түсірген кірістері мекеменің дербес билігіне өтеді. Олар және оларға сатып алынған мүлік мекемеге оралымды басқару құқығында емес, ерекше заттық құқықты - мүлікке дербес билік ету құқығында тиесілі болады.
Мемлекеттік және өзге де мекемелердің жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайларының ерекшеліктері заңдармен айқындалады. Аталған органдардың жергілікті деңгейі бірыңғай заңмен реттеледі. Министрліктер мен ведомстволар Үкімет қаулыларының, Президент жарлықтарының немесе Парламенттің заңдарының негізінде іс-қимыл жасайды.
Мемлекттік басқару органдарынан басқа, жекелеген нормативтік актілер қадағалау органдарының, мысалы, ҚР прокуратурасы біртұтас орталықтандырылған мекемелер жүйесін құрайды және Конституцияның, Президенттің 1995ж. 21 желтоқсандағы Заң күші бар Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы Жарлығының негізінде жұмыс істейді. ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Соты, ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік органдар болып табылады. Олар азаматтық айналымға мемлекеттік мекемелер ретінде қатысады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін деп көрсетілген. ҚР Конституциясына, конституциялық заңдарға, өзге де заң актілеріне немесе ҚР Президентінің Жарлықтарына сәйкес мемлекеттік органдар болып табылатын қалған мемлекеттік органдар, егер олар көрсетілген заңдармен немесе оларды құру жөніндегі жеке актілермен заңды тұлға ретінде анықталған болса, мекемелер болып танылады.
Мемлекеттік органның құзіретін, құрылымын, ведомстволық бағыныстылығын және оның функциясын жүзеге асыруға байланысты басқа да мәселелерін заңдар немесе осы мемлекеттік органдарды құру жөніндегі жеке актілер айқындайды. Егер мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекеттің атынан емес, өздеріне смета бойынша бөлінген мүліктің шегінде өз атынан қатысатын жағдайда, олар мекемелер ретінде қарастырылады.
Мемлекеттік органдар болып табылатын мекемелер тиісті нормативтік актінің негізінде құрылады және мемлекеттік мекемелер үшің белгіленген заңдар бойынша тіркеуден өтуі тиіс. Қазақстан Республикасы немесе мемлекет уәкілеттік берген мемлекеттік орган мемлекеттік органдар болып табылатын мекемелердің құрылтайшылары болады. Мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, билік ету құқығы белгіленген тәртіппен берілген мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы бола алмайды.
Қоғамдық бірлестіктер.
Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер болып танылады.
Қоғамдық бірлестіктер туралы заңның күші, діни бірлестіктері қоспағанда, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес, үкіметтік емес бірлестіктердің Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне таралады.
Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарына іске асыру және қорғау, белсенділігі мен ынталылығын дамыту; кәсіби және әуескойлық мүдделерін қанағаттандыру; ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту; адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, айналадағы табиғи ортаны қорғау; қайырылымдық қызметке қатысу; мәдени-ағарту, спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізу; тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау; патриоттық және адамгершілік тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту; Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылып, жұмыс істейді.
Мақсаттары немесе іс-әрекеттері конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіп сіздігін әлсіретуге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты өршітуге бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы аумағында әскерилендірілген құрылымы, түрі, арнаулы айырым белгілері, гимндері, жалаулары, вымпелдері, ішкі тәртіп пен басқарудың ерекше шарттары, қаруы, соның ішінде қару іспеттес заттары бар әскерилендірілген құрамалар үлгісіндегі қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым салынады.
Басқа мемлекеттердің саяси патриялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі патриялардың қызметіне, сондай-ақ саяси патриялар мен кәсіптік одақтары шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық емес ұйымдар
Азаматтық кодексте көрсетілген заңды тұлға тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды сипаттау
Сабақтас құқықтар
Заңды тұлғалар ұғымы
Дербес мүліктік жауапкершілік
Заңды тұлға ұғымы
Сенімхаттың мерзімі
Заңды тұлғаның белгілері
Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны
Азаматтық құқық туралы ақпарат
Пәндер