Мұсылман философиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік
жұмысы
Дисциплина: Философия
Тақырыбы: Исламдық Шығыс философиясының және қағидалардың бүгінгі күнгі қоғамдық санаға әсері мен ғылыми маңызы
Факультет: Стоматология
Топ: 205
Орындаған: Нурсейтов Саламат Сабитұлы
Тексерген: Утешова Гулжанат Талгатовна

Ақтөбе 2018 ж.

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Исламдық шығыс философиясы
2. Бүгінгі күнгі қоғамдық санаға әсері мен ғылыми маңызы
ІІІ. Қорытынды

Араб философиясы -- орта ғ-ларда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі. А. ф-ның шығу тарихы мутазилиттер ("ерекшеленушілер") қызметімен байланысты. 9 ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану және филос. ілімдеріне қатысты мұралармен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель филос-сы болды. А. ф. кейде мұсылман филос-сы немесе араб тіліндегі филос. деп те аталады. Себебі, бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі т.б. халықтар өкілдерінің филос. көзқарастары да енеді. Мыс., түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық ибн Сина -- оқулықтарда "араб философтары" болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда "араб философиясы" деуден гөрі "араб тіліндегі философия" деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, 10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай бағыттары болған: 1). Шығыс перипатетизмі; 2). "Таза ағайындар" ілімі; 3). Сопылық ілім; 4). Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. "Таза ағайындар" ілімі -- оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопед. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу әрі оны оқыту мәселесіне арналған. Сопылық ілім -- Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Иасауи, Ибн Араби т.б. Мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі -- әл- Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп.Араб тіліндегі философияны ғылымда "фәлсафа" деп те атайды. Бұл, әсіресе, Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның филос-дан өзгешелігі -- ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек филос-сын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі филос-ның тарихи маңызы -- Ф.Бэконнон (1561 -- 1626) Спинозаға (1632 -- 1677) дейінгі мерзімді қамтитын Жаңа заман филос-сы көтерген басты-басты мәселелерді шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін танушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (қ. Схолостика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады.А. ф-ның тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. 9-10 ғ-да А. ф. орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты 10-11 ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мерв, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадон, Отырар сияқты қ-ларда ғылым, білім өріс алды. А.ф-ның 3-орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай А.ф-сы тұтастығынан айрылып, ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы ибн Халдун (1332 -- 1406) есімін ғана атаймыз. Араб тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Ясауи ілімі бүкіл түркӘдеб.: Избр. произв. мыслителей стран Ближнего и Среднего Востока 9-14 вв. М., 1961; Григорян С.Н., Средневековая философия народов Ближнего и Среднего Востока, М., 1966; Соколов В.В., Средневековая философия, М., 1979; Койре А., Очерки истории философской мысли, М., 1985.і халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті. Ислам Философиясы - ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде "араб тілді философия", "араб-мұсылман философиясы", "араб философиясы", "исламдық шығыс философиясы" деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі - ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы - Құранда тұжырымдалатын "дүниені қабылдау" ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді:
* Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 - 15 ғасырлар);
* кейінгі (15 - 19 ғасырлар)
* қазіргі заман (19 ғасыр - 20 ғасырлардың 2-жартысы).

Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық философияда Ислам философиясы. ретінде "мұсылмандық ренессанс" ("шығыс ренессансы") деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Көрнекті орта ғасыр ойшылдары Әбу Наср әл-Фараби, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина, Әбу Әли ибн Рушд және т.б. ұстанған перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен ізденістеріне сай келетін көне филос. дәстүрді мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті. Сондай-ақ, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді. Ислам философиясы-нда перипатетикалық бағыттан өзге кәлам, сопылық, исмаилшылдық, т.б. қалыптасқан дәстүрлердің әрқайсысының өз тарихы бар. Олардың кейбірі (мысалы, исмаилшылдық пен сопылық) өз ықпалын күні бүгінге дейін жойған жоқ. Енді біреулері (мысалы, кәлам) ислам әлемінің әр түкпірінде қазір де өзінің гүлдену дәуіріндегіден аз ықпал етпейді, үшіншілері белгілі бір даму сатыларынан өте келе, қазіргі заманның діни-идеол. жүйелерінің құрамына енді, я болмаса сопылық идеялармен ұштаса отырып, қазіргі заманғы көрнекті ислам ғалымдарының ой-пікірлерінен орын алып келеді. Ислам философиясы. дін (ислам), құқық (фикї) және теориялық ғылымдармен тығыз байланыста қалыптасып, дамыды. Олардың құрамына жаратылыстану, медицина, математика, филология (грамматикадан бастап риторика мен поэтикаға дейін қамтитын тіл туралы ғыл. білімдер жинағы), практикалық ғылымдар (этика, саясат) енеді. Ислам философиясының айрықша ерекшелігі - оның пікірталастық сипаты. Әуел бастан сұхбаттық филос. дискурсқа баруына, оның жалпыға бірдей міндетті қағидадан азаттығы түрткі болды. Идеол. және таза ұйымдық шектеулердің жоқтығы көптеген бағыттардың пайда болуына мүмкіндік туғызды және діни-филос. ой-пікірдің еркін дамуына жол ашты. Христиандық діни ой-пікірден айырмашылығы, бұл бағыттарды сектанттық-еретиктік деп атауға болмайды. Ислам философиясы-ндағы елеулі айырмашылықтар (хариджиттер, сунниттер, шииттер) билік мәселесін шешумен байланысты. Ислам мемлекеттері мен олардың идеологиясының дамуы ислам қоғамында метафизика мәселелеріне қызығушылық туғызды. Ол Ислам философиясының дамуына жаңа дем берді. Мәселен, сенім мәселесін шешудегі пікір алшақтығымен - Ислам философиясының хариджиттер, мурджиттер, мутазилиттер және т.б. ағымдар; Алланың мәні мен сипаттары мәселесін шешудегі алшақтықтармен - сифатиттер, джахмиттер, хашвиттер, сопылар және т.б.; қоғамды құқықтық реттеу мәселелеріндегі алшақтықтармен ханафиттер, ханбалиттер, шафииттер, маликиттер көзге түседі. Идеялық алшақтықтар салдары 8 ғасырлардың өзінде-ақ кем дегенде бес ағымның пайда болуына әкеп соқтырды (сунниттер, шииттер, хариджийалар, мутазилалар, муржиалар). Олардың барлығы өз сенімінің дұрыстығын дәлелдей отырып, бірін-бірі "бұрмалаушылар" немесе "адасушылар" деп айыптап, бір-бірінің көзқарасына күмән келтірді. Сондықтан "дұрыс сенім" мен "адасу" мәселесі Ислам философиясында басты орын алды. Бұл 10 - 11 ғасырлар тоғысында "дұрыс сенім" ретінде "сенімнің кадириттік белгісінің" жариялануына әкеліп соғып, одан ауытқу сенімсіздік ретінде қарастырылды. Алайда, бұл шара "бастапқы исламға" оралып, бірлікті нығайту талабын қайта жаңғыртқанымен, діндарлар таласындағы алауыздыққа шек қоя алмады. Ислам өркениетінің тарихында 19 ғасырлардың басы - 20 ғасырлардың ортасы - нарық қатынастарының дамуына, ұлттық буржуазияның қалыптасуына, ұлт-азаттық қозғалыстарға байланысты күрделі де қайшылыққа толы "реформалар" кезеңі. Ғасырлар бойғы оқшаулықтан арылу мен техногенді өркениет жетістіктеріне, дүниежүз. мәдениетке қосылу процесі Ислам философиясы-нда дәстүрлі қағидаларды жаңаша ой елегінен өткізу қажеттігін тудырды. Дәстүрлі филос. ой-пікірдің іргесі шайқалып, зайырлы білімге, ғылым мен техникаға қызығушылық оянды. Бұл процесс Батыс идеяларының ықпалымен жүргізілді, сондықтан "Шығыс - Батыс" мәселесі бүкіл философияның мәселесі ішіндегі ең өзектісі болып саналды. Егер 19 ғасырлардың басында Ислам философиясында дін мәселесі басты үстемдікке ие болса, 19 ғасырлардың 2-жартысынан бастап конституционализм, парламентаризм, бостандық, ұлт, т.б. мәселелер қозғалды. 20 ғасыр қарсаңында Ислам философиясы., әсіресе, Египет пен Сирияда, еур. филос. ой мен мәдениетке қызығушылықтың оянуынан, Батысты мадақтаудан отаршылдыққа қарсы күрес пен еур. өркениетті сынауға қарай ойысты. Әлеум.-саяси мәселелерді шешудегі ағартушылық көзқарас жаңа заманғы Ислам философиясының айрықша белгісіне айналды. Басты назар қоғамға пайдалы тұлға ретінде адам мәселесіне, адамгершілік мәселелеріне аударылды. Алайда, бұл Ислам философиясы. дәстүрлі құндылықтарды мүлдем ұмытты деген сөз емес. Ол Батыстың филос. идеяларын ислам өркениеті негіздері тұрғысынан, дәстүрлі ислам дүниетанымы тұрғысында қарастырды. Әлеум.-саяси және мәдени жағдайлардың өзгеруі барысында ынтымақтастық мәселесі жаңаша қарастырылды. 20 ғасырлардың 2-жартысы Ислам философиясының алдына мүлдем жаңа - демократия, филос.-теологиялық және әлеум. ойды нарықтық өзгерістер мен индивидуализм тұрғысынан дамыту мәселелерін қойды. Олар ең алдымен, әлеум.-саяси дамудың социализмнен де, капитализмнен де өзгеше "үшінші жолын" іздестірумен сипатталды. Соның негізінде "ислам мемлекеті", "ислам экономикасы" және т.б. тұжырымдамалар жасалынды. Партикулярлық ұлтшылдық пен панарабшылдық түріндегі ұлтшылдық әлеум.-филос. ойдың үстем формасына айналды. Батысқа қатысты екіжақты ұстаным қалыптасты: прогрессивті даму мақсатында Батыстың оңды жетістіктерін пайдалануға ұмтылыс арта отырып, сонымен бірге батыстық өмір салтына сенімсіздік көрсету, оны қабылдамау күшейе түсті. Саяси және әлеум. тұрғыдан алғанда, ислам дербестіктің, филос.-этик. тұрғыдан - рухани және адамгершілік құндылықтардың символы болып қала берді. Батыстық рационализм мен прагматизмді сынай отырып, Ислам философиясының өкілдері батыстың филос. ой-пікірлеріне де жол беріп, әдістерін қолданды. 20 ғасырлардағы Ислам философиясының дамуы ұлттық егемендікке жету, ислам әлемі елдерінің экон. және саяси тәуелсіздігін нығайту үрдісін қалыптастырумен сипатталады. Бұл ислам өркениеті мен Ислам философиясының қарқынды дамуын білдіреді.
Негiзiнен ислам мәдениетi ортасындағы уә мұсылман елдерiндегi философтар қалыптастырған, басты туындылары VIII-XIIІ ғасырларда дүниеге келген терең философиялық ойлар жүйесiн ислам философиясы деп атаймыз.
Мұсылман елдерiнде ХIХ-ғасырға дейiн философияның орнына көбiнесе хикмет (даналық) және кейінірек грекше тілінен енген фәлсәфә сөздерi қолданылған. ХIХ-ғасырдан бастап, еуропалық шығыстанушылар ислам философиясы терминiн ғылыми айналымға енгiзген. Алайда, кейбiр зерттеушiлер бұдан басқа араб философиясы, мұсылман философиясы және исламдағы философия атауларын қолдануда. Ислам философиясы туындыларының басым көпшiлiгi араб тiлiнде жазылғандығына қарап, мұны араб философиясы деп атау дұрыс болмайды. Өйткенi, Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби (870-950), Әбу Райхан Мұхаммед әл-Бируни (973-1048), Әбу Әли әл-Хусейн ибн АбдуллаҺ ибн Сина (980-1037), Жалаладдин әл-Руми (1207-1273) қатарлы көптеген хакiмдер мен ойшылдардың ұлты араб емес. Сондықтан, ислам дiнiне сенетiн философтардың философиялық ой-сана жүйесiн мұсылман философиясы деп атаған дұрысырақ сияқты.
Мұсылман философтардың басты бұлақтары Құран Кәрим және Әз Мұхаммедтiң (с.а.у.) хадистерi. Абдұлуәлид Мұхаммед Ибн Рушд (1126-1198) Китабұ Фасл-ил Мақал атты еңбегiнде Құран аяттарын мысал ете отырып, мұсылмандардың философиямен шұғылдануының аса маңызды парыз екенiн айтқан. Ал, Әбу Әли Ахмед ибн Мұхаммед Мискауайхұлы (Ибн Мискауайх, уаф. 1030) Китаб-ұл Фәуз-ұл Асқар атты еңбегiнде рухтың өлiмнен кейiнгi болмысын Құран Кәримдегi аяттардан илһам алып (инспирация - М.Б.) түсiндiредi. Т. Де Боер (T.J. De Boer, 1859-1927) және Леон Готье (Leon Gauthier, 1862-1949) қатарлы шығыстанушылар мұсылман философтар дiни бұлақтарды пайдаланған жоқ десе, Анри Корбэн (Henry Corbin, 1903-1978) секiлдi көптеген шығыстанушылар мен философтардың пiкiрiнше мұсылман философтар еңбектерiнде аяттар мен хадистердi, діни мәтіндерді басшылыққа алған.
Ислам философиясы қалыптасу кезеңiнде мынандай философиялардың әсерiне ұшыраған:
1) Антикалық грек және эллинистiк философия
2) Иран-Сасани философиясы
3) Үндi философиясы.
Бұлардан соңғы екеуiнiң ықпалы аздау. Осы тұрғыдан алғанда ислам философиясы көне дәуiр грек философиясы мен бүгiнгi Батыс философиясын дәнекерлеушi көпiр iспеттi. Өйткенi, көне дәуiрлердегі Сократ (м.б. 469-399), Платон (м.б. 427-347), Аристотель (м.б. 384-322) секiлдi мәшһүр ойшылдар және хакiмдер жазған фәлсәфи шығармаларды жер-жерден iздестiрiп, оларды арабшаға аудартқызып, оларға түсiнiктемелер жазып, философиялық ойлардың сапасы мен деңгейiн жаңа сатыға көтерген мұсылман ойшылдар мен хакімдер болған.
Мұсылмандардың философиямен танысуы 635-710 жылдары аралығында мұсылман арабтардың Сирия, Ирақ, Мысыр, Палестина және Кiшi Азия (бүгiнгi Түркия) жерiн жаулап алуымен басталған. Халифа Маруан әл-Хакемұлының билiгiнде 683-684 жж. алғашқы кiтаптар сирия, грек және қыбти тiлдерiнен арабшаға аударылады. Осыдан бастап Шам, Бағдад, Кұфа, Басра, Құдс (Иерусалим), Фұстат қатарлы көптеген қалаларда философия, тыб (медицина), химия, астрономия салаларында жазылған кiтаптар арабшаға аударылады. Мұсылман ғалымдар аталмыш еңбектердi оқыған сайын және басқа дiн уәкiлдерiмен араласқан сайын көптеген жаңа мәселелерден хабардар болады. Мiне, осындай жағдайда олар тұспа-тұс келiнген проблемалар жөнiнде мұсылмандардың өз сенiмдерi және мәдени ерекшелiктерiнен туындаған пiкiрлердi алға тарта бастайды. Мұсылман хакімдер грек философтарының iшiнде Аристотель (арабша еңбектерде - Аристу, м.б. 384-322) мен Платонның (арабша еңбектерде -- Әфлатұн, м.б. 427-347) еңбектерiне көбiрек мән берген. Мұның себебi, ғылыми пiкiр таластарда мұсылман еместердiң Аристотельдiң логикасын жиi пайдалануы және Платонның еңбектерiндегі мистикалық сарынның басымдығы, жоғары ахлақи құндылықтар мен идеялар секiлдi абстракты ұғымдарға көбiрек мән берiлгендiгiнде болса керек.
Ислам философиясы бұрынырықта қозғалмаған мәселелердi қозғап, көптеген жаңа философиялық теориялардың негiзiн қалаған. Мәселен, бiрiншi рет әл-Фараби субстанцияны болуы мiндеттi және ерiктi деп ерекшелеген. Мiндеттiлiк концепциясы, логикалық мiндеттiлiк және онтологиялық мiндеттiлiк ұғымдарын бiрiншi рет әл-Ғазали қарастырған. Методологиялық скептицизм мен окказионализмнiң, тарих философиясы уә дiндер феноменологиясының негiзiн мұсылман философтар қалаған. Олар өздерiнен бұрынғы философтардың еңбектерiне түсiнiктемелер жазып, керек кезiнде оларды сынай бiлген және олардың ой желiлерiн әжептәуiр дамытқан. IХ-ХIIІ ғасырларда жазылған ислам философиясы туындыларының бiртiндеп Батыс тiлдерiне аударылуының арқасында жоғалып кеткен фәлсәфә iлiмi Еуропада қайтадан жанданып, мұның нәтижесiнде қайтадан жаңғыру және ағару дәуiрi басталған.
Аталмыш дәуiрдегi Батыс философтарының еңбектерiнде мұсылман хакімдердің тәсірiн байқау қыйын емес. Мәселен, Оверндік Гильом (Guillaume d'Auvergne, 1180-1249) уә Aлбертус Магнус (Albertus Magnus, 1206-1280) кiтаптарында әл-Киндидiң атын атап, оның iлiмiн пайдаланғандарын жазған. ХIII-ғасырдағы философ Аквиналық Фома (Thomas Aquinas, 1225-1274) Summa contra Gentiles (пұтқа табынушыларға қарсы уәждер - М.Б.) атты еңбегiнде әл-Киндидiң ақыл теориясын қабылдаған. Әл-Фараби христиан философтарға зор ықпал еткен. Албертус Магнус, Аквиналық Фома, Доминикус Гундисалви (Dominicus Gundisalvi, уаф. 1175), Мұса Меймұнұлы (Моисей бен Меймонид, 1135-1204) ғылымдардың классификациясы, онтология теориясы, Құдайдың барлығының дәлелдерi, рух мәселесi тақырыптарында әл-Фарабидiң пiкiрлерiн дәлме-дәл қайталаумен болған. Роджер Бэкон (Roger Bacon, 1214-1294), Албертус Магнус, Рене Декарт (Rene Descartes, 1596-1650) және Уильям Оккам (William Occam, 1285?-1349) еңбектерiнде Ибн Синаға көптеген сiлтемелер жасаған, һашиялар алған. Әл-Ғазалидiң батыс философтарына жасаған әсерi өз алдына бiр төбе. Раймонд Мартинис (Raymond Martini, 1220-1284), Аквиналық Фома, Раймонд Луллий ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб тілі философия мен ғылым
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Сопылық ілім
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Мұсылман мектептері
Ислам философиясы. Араб философиясы
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы
Ислам философиясының батысқа әсері
Ислам философиясы және Әл-Ғазали
Пәндер