Сайлау қарсаңындағы саяси партиялардың ахуалы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік
жұмысы
Кафедра: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Дисциплина: Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер
Тақырыбы: Қазақстандағы парламентаризмнің бастаулары
Факультет: Стоматология
Топ:105
Орындаған: Нурсейтов Саламат Сабитұлы
Тексерген: Молдин Бекзат Акконысулы

Ақтөбе 2018 ж.
Жоспар:
І. Кіріспе
1. Сайлау қарсаңындағы саяси партиялардың ахуалы.
ІІ. Негізгі бөлім
2. Кәсіпқой Парламенттің дүниеге келуі.
3. Қазіргі заманғы қазақстандық парламенттің қалыптасуы.
4. Қазақстан республикасының Парламенті Мәжілісіне сайлау науқандары.
ІІІ. Қорытынды
5. Парламентаризм - саяси жүйе дамуының маңызды институты.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Демократия тарихы мен тәжірибесі көрсеткендей, парламент, парламентаризм тәрізді аса маңызды саяси-демократиялық институттардың қалыптасуы бір емес, бірнеше ұрпақтың пешенесіне тиер жауапты тарихи-саяси миссия.
Парламент қай елде де қоғаммен мыңдаған тамырлар арқылы тығыз байланысты, көп қырлы, күрделі саяси-құқықтық және әлеуметтік-мәдени құрылым. Қоғамдағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар, әртүрлі әлеуметтік таптардың, топтардың, жіктердің, саяси партиялар мен қозғалыстардың, қысым жасау топтарының сан-салалы, кейде, тіпті, қарама-қарсы әлеуметтік мүдделері дәл Парламентке келіп тоғысып, тоқайласады. Парламенттің бүкіл қызметіне өз әсерін тигізеді. Осыдан барып та, парламент пен парламентшілер елдің әлеуметтік-саяси айнасы деген сөздер жиі әрі дұрыс айтылады. Ол өзінің заңжасампаздық қызметінде тек осы істегі өз әріптестері - мемлекеттік органдармен ғана емес, сонымен бірге, қоғамның бүкіл жүйесімен - әлеуметтік-экномикалық, рухани-мәдени құрылымдарымен етене байланыста болары сөзсіз.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана парламентаризмнің әлемдік демократиядағы сара жолына бет бұрды. Елімізде парламенттік демократия, парламентаризм көптеген қиындықтармен, бірталай саяси тартыс-тіреспен, қайшылықтар арқылы, біртіндеп қалыптасып келеді. Оның жолы, ұлы Абайдың сөзімен айтсақ, соқтықпалы, соқпақсыз, күрделі болды.
Елімізде жоғарғы өкілді заң шығарушы органның қалыптасып нығаюында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың орны бөлек. Қазақстанның кәсіби Парламентке көшуі еліміз Президентіне және депутаттарға оңай болған жоқ. Олардың әр қайсысы осы ретте өздеріне тиісті күрделі де жауапты жолды абыроймен жүріп өту қажеттігінің тарихи сынына түсті. Әрине, елдегі қалыптасқан конститутциялық, саяси ахуалға сәйкес парламент мәртебесі мен дамуы бағыттарын анықтау инициативасын алғашқы кезеңнен-ақ Мемлекет басшысы өз қолында берік ұстады.
Бұл процеске Қазақстанның тарихында шын мәніндегі өкілді билік институттары дәстүрлерінің жоқтығы, президенттік институттың мүлдем жаңадан құрылуы үлкен әсер етті.
Республика жұртшылығы алдында бар беделінен айырылған компартияның бұрынғы белсенділері құрып жатқан социалистік партияны қалың халық бұқарасының қолдай қоймасы сол кездің өзінде-ақ әйгіленіп қалған болатын. Осы жағдай Қазақстан Республикалық партиясына балама саяси ұйым құру қажеттігін туғызды. Халық Конгресс партиясы (ХКП) осылай дүниеге келген еді. Жаңа құрылым бірден интернационалдық бағыт ұстайтынын, Президент әкімшілігінің ішкі, сыртқы саясатына сәйкес әрекет жүргізетінін бағдарламаларында айқындап берді.
Оның есесіне, Қазақстанның саяси көкжиегінде жаңа қоғамдық бірлестік пайда болды. 1993 жылдың ақпанында Қазақстан халық бірлігі одағы (ҚХБО) дүниеге келді. ҚХБО-ны құру тікелей әкімшілік шаралармен жүзеге асырылды. Құрылу маслихатында бұл одақ өзінің жұрт таныған жетекшісі ретінде Президент Н.Назарбаевты атады.
Сайлау науқаны басталар кезеңде ҚХБО-ның республиканың барлық облыстары мен аудандарында, қалаларында құрылу мәслихаттары өткізілді. Ірі кәсіпорындар мен шаруашылықтардың, мекемелердің бәрінде дерліктей бастауыш ұйымдары құрылды. Республикалық ақпарат құралдары бұл ұйымды күн құрғатпай насихаттап жатты.
1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда тіркелген ресми үш саяси партия - Социалистік партия, Қазақстан Республикалық партиясы, Қазақстан Халық Конгресі партиялары жұмыс істеді. Қоғамдық қозғалыстар арасында Невада-Семей, Азат және ҚХБО ел арасында беделді және танымал болды. Бұлардан басқа 11 ірі ұлттық-мәдени құрылымдар әрекет етті. Қоғамдық саяси бірлестіктердің жалпы саны 300-ден асты.

Негізгі бөлім

Республикада алғаш рет көппартиялық негізде шын мәнінде заң шығаруға қабілетті парламент сайланды. Комунистік билік тұсындағыдай, депутаттар құрамында заң жобаларын талқылауға, қоғамға пайдалы ұсыныстар айтуға шамалары келмейтін жұмысшы мен шаруа өкілдерінің пайыздық үлесін жасауға тырысу бұл жолы болған жоқ. Білімі мен мамандығы жағынан депутаттар құрамы заң жобаларын жасап, қабылдай алатындай деңгейде болды.
Сайлаудың жүргізілуін халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шетелдердің сарапшылары бақылайды. Сайлауға сайлау құқығы бар республика азаматтарының 73,52% -ы қатысты. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне барлығы 176 депутат сайланды.
Қоғамдық бірлестіктер бойынша ең көп орынды ҚХБО алды. Қазақстан Республикасының кәсіподақ федерациясынан 11 адам, Қазақстан Халық Конгресі партиясынан 9 адам, Қазақстан Социалистік партиясынан 8 адам, Қазақстан Республикасының шаруалар одағынан 4 адам, Лад қоғамдық қозғалысынан 4 адам депутаттық орынды иемденді.
1994 жылы сәуірдің 19-ында парламент өз жұмысын бастады. Қазақстан Республикасы жаңа парламенттің төрағасы болып депутат Ә.Кекілбаев сайланды. Сайлау қорытындылары сайланған құраманың негізінен республика басшылығының осыған дейін жүргізіліп келген бағытын ұстайтындығын көрсетті.
Жоғарғы Кеңестің сайлауымен қатар жергілікті билік органдарының да депутаттар құрамы сайланды. Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы органдары туралы заң бойынша жергілікті мәслихаттарға сайланатын депутаттарының саны едәуір азайып, облыстарда - 45, қалаларда - 30, облыстық аудандарда - 25 адамға дейін қысқартылды. Жергілікті билік органдарының құрамы осы заңға сай жасақталды.
Алайда 1994 жылғы 7 наурызда сайланған парламент Конституциялық соттың шешімімен осы сайлау барысында кейбір учаскелерде сайлау тәртібінің бұзылуына байланысты 1995 жылы көктемде таратылды.
Қазақстандық парламентаризмнің жаңа кезеңі 1995 жылы екіпалаталы Парламент құрудан бастау алды. Парламенттің бірінші шақырылған Сенаты мен Мәжілісіне сайлау 1995 жылы желтоқсанның 9-ында өтті.
Сенатқа 19 облыстан және Қазақстан Республикасы астанасынан екі депутаттан, барлығы 40 депутат сайланды. Сенаттың жеті депутатын Қазақстан Республикасы Президенті тағайындады. Барлық депутаттар жоғары білімді, диплом алған мамандар, оның ішінде 10 заң маманы, 10 экономист, 9 инжинер, 8 ауыл шаруашылығы маманы болды. Депутаттық корпустың құрамында 4 ғылым докторы, және 11 ғылым кандидаты жұмыс істеген. Көптеген депутаттар бұрындары заң орындарына сайланған, олардың арасында кәсіби заң шығарушылық тәжірибелері мол: Қазақ КСР-і, КСРО халық депуттары, Қазақстан Респкбликасының он екінші және он үшінші шақырылған Жоғарғы Кеңестерінің депутаттары да бар. 1996 жылы қаңтардың 30-ында Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші шақырылған Сенатының отырысында ел президентінің ұсынуымен Сенат төрағасы болып Өмірбек Байгелді сайланды.
Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісіне 67 депутат сайланды. Сайлау нәтижелері бойынша, Мәжілісте ер адамдар басым болып шықты: 58 депутат - ер адам, 9 депутат - әйел. Палатаның барлық депутатарының жоғарғы білімі, оның ішінде: 7 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты бар. 1996 жылы қаңтардың 30-ында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші отырысында Мәжіліс Төрағасы болып Марат Оспанов сайланды.
1996 жылғы қаңтардың 30-ында өткен Парламенттің бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: ...Біз Қазақстандағы шынайы өркениетті парламентаризм қызметінің басталуы алдында тұрмыз, - деген-ді. Елде кәсіби парламенттік орта қалыптаса бастады. Қазақстанда парламентаризмнің дамуы жолдары жайында ойлана келе, көрнекті мемлекет қайраткері, Халық жазушысы, Еңбек ері, Әбіш Кекілбаев: Кәсіби парламенттің құрылуын, сірә, еш қымсынбастан осы жылдың қоғамдық-саяси өміріндегі ең ірі оқиға деп айтуға болады. Оның жұмыс бастауы, күмән жоқ, Қазақстан тарихының күнтізбесіне жаңа мемлекеттік пен демократияның қалыптасуы үдерісіндегі ең бір елеулі кезең болып кіреді, - деген еді.
Парламентаризм дамуының негізгі бағыттары: жекелеген депутаттар деңгейінде де, жалпы, Парламент деңгейінде де заң шығару қызметін кәссіптік дәрежеге көтеру; бір палаталы құрылыстан екі палаталы құрылысқа көшу; Параменттің ішінде депутаттық топтар құру болып белгіленеді. Сессияға жылына екі-үш рет шақырылатын бұрынғы Жоғарғы Кеңестен айырмашылығы - екіпалаталы Парламент елдің заң шығару қызметін жүзеге асыратын, тұрақты жоғарғы сайланатын органға айналды. Оның сессиялары қыркүйектің бірінен жұмысын бастап, келесі жылдың мауысымының соңғы жұмыс күніне дейін тұрақты жұмыс істеді. Бұл барша заң шығарушы қызметті жүйелеуге, сапасын жақсартуға және жеделдетуге мүмкіндік туғызды. Сөйтіп, 1995жылы сайланған Парламент 500-ге жуық заң қабылдады.
ҚР Конституциясының 61-бабы 1-тармағына сәйкес, заң шығару бастамасы құқы субьектілерін азайту Парламенттің негізгі міндеттерін сапалы жүзеге асыруына мүмкіндік берген фактор болды.
Заң шығару қызметімен бірге Парламент заңдардың орындалуын бақылайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабына сәйкес, Парламент Үкіметтің республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін қарап, бекітеді.
Қазақстандық парламентаризмнің 1998 жылы басталған және, негізінде, қазіргі уақытқа дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезеңінің маңыздылығын Парламенттің қоғамды реформалау ісінде Президенттің толыққанды саяси одақтасына айналғандығынан көруге болады. 1995 жылдан кейін мемлекет басшысы мен Парламенттің өзара қарым-қатынастарының сипаты сындарлы өзгеріп, көп кешікпей оң нәтижелер берген-ді. Сөйтіп, егер соңғы Жоғарғы Кеңес бір жыл ішінде жеті заң қабылданса, ал Мәжіліс 1996 жылдың маусымында-ақ 35 заң қабылдап үлгерді.
Жаңа Парламенттің 1990 жылдардың екінші жартысындағы жұмысында өзін сындарлы саяси көшбасшы, ымыралар мен келіссөздер үдерістерінің шебері ретінде көрсете білген Мәжіліс спикері М.Оспанов пен депутаттық корпус Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты.
Қазақстан Республикасының Парламенті (біріншісінен соңғы - алтыншысына дейін) барлық шықырылған Мәжілісіне сайлау науқандарына қысқаша шолу:
Бірінші шақырылым.
ҚР Парламенті Мәжілісіне алғашқы сайлау 1995 жылы желтоқсанның 9-ында өтті. Жаңа ғана тәуелсіздік алған еліміз Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдап, парламентті заң шығару міндеттерін орныдайтын, сайланатын жоғарғы орган ретінде белгіледі. Мажориттік жүйе негізінде 67 депутат сайланса, ал Мәжіліске ұсынылған партия біреу ғана - Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық ететін Отан республикалық саяси партиясы болды.

Екінші шақырылым.
1999 жылдың күзінде Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес, алғаш рет Орталық Азия өңірінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде сайлау саяси партияларға парламентке партиялық тізімдер бойынша тепе-тең өкілдік негізінде сайлану құқын берген аралас үлгі бойынша өтті. Сайлауға он саяси партия қатысты. Мажориттік бірмандатты округтерде 547 үміткер тіркелді. Жалпы алғанда, сайлау барысында Қазақстан үшін сол кезеңде үміткерлердің бұрын-соңды болмаған саны - орташа есеппен бір орынға сегіз адамнан ұсынылған.
Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындылары бойынша бірмандатты округтерден 67 депутат және партиялардан біріңғай жалпы-ұлттық округ бойынша он депутат сайланды. Олар жеті проценттік межені еңсерген төрт партияның: Отан республикалық саяси партияның, Қазақстанның азаматтық партиясының, Қазақстанның аграрлық партиясының және Қазақстанның Комунистік партиясының мүдделеріне өкілдік етті.
Парламент Мәжілісіне депутаттардың көпшілігі - 27 өкіл Отан республикалық саяси партиясынан өткен.
Үшінші шақырылым.
Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші шақырылған Мәжілісіне сайлау 2004 жылдың қыркүйегінде өтті. Сайлауға он екі саяси партия, оның ішінде төртеуі екі сайлау блогының құрамында қатысты. Сайлау қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісіне 77 депутат сайланды.
Он депутат партиялық тізімдер негізінде теңгерімді өкілдік жүйесі және бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша сайланды.
Олардың ішінде Отан республикалық саяси партиясынан - жеті депутат. Асар республикалық партиясынан, Ақжол демократиялық партиясынан, АИСТ сайлау блогынан, Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партияларынан бір-бірден депутат сайланды.
Қазақстан Парламенті Мәжілісіне 2004 жылғы сайлауда Қазақстанның Аграрлық партиясы Қазақстанның Азаматтық партиясымен бірігіп, АИСТ атауымен (қазақшалағанда: Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы) блок құрған-ды. Сайлау қорытындылары негізінде бұл блок 7,07% дауыс алып, партиялық тізім бойынша блоктан Мәжіліске депутат болып Ромин Мадинов сайланды.
Асар республикалық партиясы 2003 жылы қазанның 25-інде құрылған. Мәжіліске сайлау қорытындылары бойынша бұл партия партиялық тізім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партия туралы
Соғыс қарсаңындағы әлемдік халықаралық дағдарыстың салдары
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу
Қазақстан Республикасының саяси партиялары
Франция дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
Қазақстан Республикасы сайлау құқығы және сайлау жүйесі
Тиісті аумақты сайлау комиссиясы
Қазақстандағы саяси партиялардың бірігуі
ҚЫРҒЫЗ ТАРИХЫ
1918-1939 жылдардағы Франция
Пәндер