Түс көру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

C:\Users\Роза\Documents\Без названия.jpg

Студенттің өзіндік

жұмысы

Кафедра: Қалыпты физиология

Дисциплина: Морфология және физиология

Тақырыбы: Ұйқы және гипноз

Факультет: Стоматология
Топ: 105

Орындаған: Нурсейтов Саламат Сабитұлы

Тексерген: Айбасова Жулдыз Абдрашитовна

Ақтөбе 2018 ж.

Жоспар:

І. Кіріспе.

1. Ұйқы және гипноздың теориялық механизмдері.

ІІ. Негізгі бөлім.

2. Ұйқы. Ұйқы кезіндегі ЭЭГ.

3. Ұйқы кезіндегі бұлшықет тонусы.

4. Ұйқы және психикалық деңгей, түс көру.

5. Гипноз. Гипнозды қабылдағыштық (деңгей) .

6. Гипноз техникасы.

ІІІ. Қорытынды.

7. Ұйқы мен сергектікті ұйымдастыру.

Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді (монофазалық) деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді (полифазалы) ұйқы дейді. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұнда кейбір жануарлар (аю, жарқанат, тышқан) организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайларға көшеді.

Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тынысалу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қанайналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жынысттық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.

Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады. Жаңа туған перзент - 21; 6 айлық және 1 жастағы бөбектер шамамен - 14; 2-4 жастағы сәбилер -16; 4-8 жастағы бүлдіршіндер - 13-12; 8-12 жастағы естиярлар - 10-11; 12-16 жастағы жеткіншектер - 8-9; ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.

Ұйқының бірнеше түрі бар: қалыпты, гипноздық, наркотиктік, дерттік және шартты рефлекстік.

Ұйқыға мұқтаждықтың даралама ерекшеліктерінің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың ұйқысының мерзімі әртүрлі келеді, тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады. Ғылыми зерттеулерде толық ұйқысыз адамдар да байқалады.

Қалыпты жағдайда дені сау адамдарды 3-5 тәулік ұйықтатпаса (депривация) жеңе алмайтын ұйқышылдық туады. Психикалық әсерленіс нашарлап, парасатты іс-әрекет төмендейді. Ал өзіндік сезіну өте ауыр, жағымсыз болады.

Ұйқы мен сергектіктің жаратылысы туралы бірнеше ұғымдар бар.

  1. Қанайналымдық қағида бойынша, ұйқы мен сергектік ми тамырларындағы қанайналымына байланысты деп танылды.
  2. Гистологиялық қағида ұйқы басуды нейрондардың өзгеруінен организм сыртқы ортадан серпіністер қабылдай алмаудың салдары деп түсіндіреді.
  3. Химиялық қағида - ұйқы организмнің қажуы нәтижесінде қан мен тілдерде ыдырау өнімдерінің көбеюінен болады деп санайды. Олардың белгілі бір мөлшерге дейін жинақталуы ұйқы туғызады.
  4. Гуморалдық қағида ұйқы кезінде қанда және жұлын сұйықтығында «дельта-пептид заты» пайда болатынын анықтады. Сонымен қатар, әдейі ұйықтатпаған жануардың миында «ұйқы түрткісі» түзілетіндігі байқалады. Оларды басқа жануарларға еккен кезде ұйқысы ұзартылады.
  5. Шартты рефлекстерді толып жатқан зерттеулер нәтижесінде ұйқыға кету жіне ояну кезеңдерін бақылаудан, ұйқының миқыртыстық қағидасы жасалады. Әсіресе, әлсіз тітіркендірулер, ұзақ уақыт нығайтылмайтын бір сарынды сигналдар, ұйықтату әсерін туғызатындығы дәлелденді.

И. П. Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік берді. Қорғаныстық тежелу - үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің салдары. Сонымен қатар, ішкі тежелу мен ұйқы, өзінің физикалық және химиялық жаратылысы бойынша, біртекті құбылыстар деп тұжырымдайды. Олардың айырмашылығы, ішкі тежелу - жеке зоналарға бөлінген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы - ми қыртысының едәуір аймақтарына жайылған тежелу. Тәжірибелер арқылы ұйқының тежелуге ауысатындығы, ал ішкі тежелудің (әсіресе кешігетін түрі) жануарларды ұйықтататындығы анықталды.

Ұйқы мен ішкі тежелудің жайылу және шоғырлану жылдамдықтары да өзара ұқсас. Әдетте, адамда ішкі тежелудің жайылуымен шоғарлануы сияқты ұйқыға кету мен ояну туғызатын жағдайлар жиі-жиі қайталанса күннен-күнге тезірек пайда болады.

Ең ақыры, бұл екі құбылысқа индукция бірдей тән қасиет ұйқылық қалып басталғанда, кейде қысқамерзімді қозу толқындары лап етіп, қимылдатқыш белсенділік қоса бөлінеді. Одан кейін терең ұйқы басталады. Осы құбылыс балаларда, кейде үлкендерде де ұйықтар кезде байқалады.

Ұйқы мен сергектік арасындағы өтпелі қалыптың аса зор маңызы бар. Бұл бірнеше кезден тұрады, оның әрқайсысы рефлекстің шамасына тітіркендіру күштің өзгеше қатынасымен сипатталады. Олар парабиозда байқалатын кездік құбылыстарды еске салады, сондықтан аттары да ұқсас.

Теңдеулік кез - бұның қалыпты сергектік жағдайдан айырмашылығы сол, қүшті немесе әлсіз, жағымсыз шартты сигналдар бірдей нәтижеде шығарады.

Парадоксалды кез - бұрмаланған күштердің қатынасымен сипатталады: күшті шартты тітіркендірулер нашар, ал әлсіздері күшті жауап тудырады.

Ультрапарадоксалды кез - қарама-қарсы әсерленістермен сипатталады. Жағымды тітіркендіргіш, шартты рефлексті тежейді, ал жағымсыз, керісінше шартты әсерленіс тудырады.

Наркотик кез - бұл ең алдымен әлсіз тітіркендіргіштерге төмен шартты әсерленіс іс-әрекетінің басылуы.

Тежегіштік кез - шартты реылекстік іс-әрекеттің толық тежелуі (терең ұйқы) .

Мұндай кездер ұйқы мен сергектік арасындағы өтпелі жағдайда ғана емес, жоғары жүйке іс-әрекетінің ауытқулары мен гипнозда да байқалады.

  1. Ұйқы орталығы қағидасы мидың қыртысасты құрылымында ұйқы мен сергектіктің арнайы орталықтары барлығын мақұлдайды. Өйткені, торлы құрылымның белсендіруші әсері тиылған кезде жануарлардың ұйқыға кететіндігі байқалады(П. К. Анохин) . Ал, гипоталамустың белгілі бөліктерін тітіркендіргенде ұйқыдағы жануарлар оянып, сергек жануарлар, керісінше, ұйықтайтындығы анықталды(В. Гесс) .

И. П. Павлов қыртысасты құрылымдарды тітіркендіргенде тәжірибелік ұйқы келетіндігін көптеген деректермен дәлелдеді. Осы мәліметтер бойынша ұйқының белсенді тежегіш үлгісі түрінде және селқос, мида сезгіш депривация (ұйықтатпау) нәтижесінде шығаратын түрлері бар.

Ұйқы мен сергектіктің жаратылысын тексерудің келесі кезеңі электроэнцефалография әдісінің дамуымен байланысты. Ол ұйқы және сергектіктің мінездік көріністері мен олардың бейнелеуінің өзара қатынасын ажыратады. Сөйтіп, қалыпты ұйқы баяу және жылдам сатыдан тұратынын анықтады.

Баяу және жылдам ұйқы. Ұйқының баяу кезі ұйқыға кетуден терең ұйқыға дейін бірнеше мінездік және (ЭЭГ) белгілерімен сипатталады.

І (қалғу) . Босаңсыған сергектіктен қалғи бастағанда басталып, 1- 7 минутқа созылады. Бұл уақытта ЭЭГ-да айнымалы тербелісте оқтын-оқтын пайда болатын және жоғалатын альфа-ритм байқалады. ЭЭГ иректері тегістелуі, альфа ритм жойылуы, тета- және бета- толқындардың және жеке дельта- ритмдердің қабаттасуымен сипатталады. Осы мезгілде көздің баяу (1-2 с) қимылы байқалады және бұлшықет потенциалының шамасы азаяды.

ІІ (сергек ұйқы) . Жиілігі 14 Гц (12-18 Гц), үлкен (200мВ) тербелістер («ұйқылық ұршықтар») пайда болуымен көзге түседі. Осы кезде дельта- және тета-толқындар жазыла береді, бета-белсенділік көрінеді. Көздің қимылы болмайды, бұлшықеттің электр шамасы (ЭЭГ) одан әрі төмендейді, бұл түнгі ұйқының 50% -ін алады.

ІІІ (терең ұйқы) . Электр көріністері К-кешендері мен ырғақты белсенділік (5-9 серпін/сек. ) және шайқалу шегі 75 мкВ-тан жоғары дельта-толқындар (0, 5-4 Гц) пайда болуымен үйлеседі, көздің қимылы мен ұйқылық үлкен тербелістер толық жойылады. Мұны дельта-ұйқы дейді, оның ұзындығы ұйқының осы сатысында 20%-тен 50%-ке дейін созылады.

ІV (жылдам ұйқы) . Жылдам ұйқы сатысы - бет және мойын бұлшықеттерінің белсенділігі толық тиылуымен ерекшеленеді, көздің шапшаң қимылдары (0, 5-1, 5 с) кездеседі. Ұйқының бұл жылдам сатысында ЭЭГ-ның сыртқы көрінісі тек «қалғу» сатысындағы сияқты болады. Өйткені ұйқы мінездік белгілері бойынша, бұл кезде терең болады да, адамды ояту, баяу сатыға қарағанда, оңай болмайды.

«Баяу-жылдам ұйқы» оралымы түнгі ұйқыда бірнеше рет қайталанады. Сөйтіп, өзіне тән биологиялық ырғақ жасайды. Үлкен адамда бұл ырғақтың кезеңі - шамамен 90-100 минутқа тең. Түнгі 7 ½ сағаттық ұйқы кезінде осындай 4-5 оралым болады.

Жылдам ұйқы да, дельта-ұйқы да мидың қалыпты жағдайына өте қажет. Егер адамды ұйқыдан айырса, қайтадан қалпына келтіру кезеңінде ең әуелі дельта-ұйқының кемдігі толтырылады, одан кейін ғана жылдам ұйқы қалыптасады. Сондықтан дельта ұйқы мидың қалыпты жағдайына ең бағалы, қажетті кезең. Жылдам ұйқының қажеттілігі дельта ұйқыға мұқтаждық қанағаттандырылғаннан соң айқындалады. Оның ұзақтығы жалпы түнгі ұйқының 15-25%-ін кұрады, ал баяу ұйқы сатысы - 75-85%-ке созылады.

Ұйқы құрылымы жас кезеңдеріне қарай өзгереді: мәселен, жаңа туылғандарда (тіршілігінің алғашқы аптасында) жылдам ұйқы сияқты жасына үйлес белсенді ұйқы кездеседі. Одан кейін жас ұлғайған сайын жылдам ұйқының жалпы мерзімі қысқарады, сөйтіп мектеп жасында үлкен адамның нормасына (шамамен жалпы ұйқы уақытының - 20%-і) жетеді.

Түс көру. Түс көру - бұл адамның қоршаған ортамен қатынасынан қалыптасатын күрделі психикалық құбылыс. Керең-мылқаулыр айтарлықтай толық түс көрмейді. Бұл түс көрудің ми қыртысы арқылы болатындығын дәлелдейді.

Түс көрудің ең көп тараған түсініктерінің бірі - жүйкелік іздер теориясы. Егер И. М. Сеченов түс көруді «үйреншікті әсерлердің әдетте болмаған қисындасуы» деп есептесе, И. П. Павлов бойынша, «түс көру көбінесе ескі тітіркенулерден қалған бейнелік ізден туады». К. Юнгтың айтуынша, «түс көру - ұйқы кезіндегі психикалық әрекеттің қалдығы және өткен күннің ой әсері мен көңіл күйі». Түс көру барлық адамдарда болады, тек кейбіреулерде сирек байқалады. Ауырған кездерде, жағымсыз жағдайларда, неврозда түс көру жиілейді. Әйелдер жалпы жиі түс көреді, көбінесе жыныстық сезімдермен үйлеседі.

Жылдам ұйқы және онымен байланысты түс көру ортаға психикалық бейімделуде өте маңызды орын алады. Ұйқының парадоксалды кезі бір жағынан мидың жоғары белсенділігін жүзеге асырады, ал екінші жағынан оның бедерсіз күйінде басқа да мотивациялық үрдістер тудырады. Адам дельта-ұйқы кезінде де түс көреді, түсінде сөйлейді.

Физиологиялық көзқарас бойынша, түс көрудің себептері - сергектік жағдайдағы психикалық іс-әрекетті іске қосатын мәдилік құбылыстар.

Ал З. Фрейдтің психоанализ қағидасы бойынша, түс көрудің себебі адам психикасының шаласаналық жүйесінің жеңе алмайдын инстинкті (ырықсыз сезімді) іс-әрекетінен туады.

Адамның түстеріне жасалған талдау түс көрудің негізінде зерде іздерінің, эмоциялы өңделген оқиғалардың сөзсіз мәні барлығын дәлелдейді.

Гипноз және иландыру. Гипноз дегеніміз иландыру арқылы жасанды түрде туатын адамның ерекше рухани күйі. Оның мәнісі жағынан әдеттегі ұйқыдан өте көп айырмашылығы бар.

Гипнозды үш сатыға бөледі. Сомноленция (ұйқышылдық) - адам ауызша иландыруға әлі де қарсылық етуі және көзін ашуы мүмкін.

Гипнотакция немесе жеңіл ұйқы (транс) - қол-аяғы қозғалмайды - каталепсия, көзін аша алмайды, илануға бейім, бірақ гипноздан шыққанда амнезия (ұмыту) байқалмайды.

Сомнамюулизм (терең ұйқы) - гипноз жасаушыға толық бағынуымен сипатталады және оянғаннан кейін адамдар бәрін ұмытып қалады.

Сонымен гипноз құбылысының ұйқы мен сергектіктен өзгешелігі онда қабылданған мәліметер іріктеліп барып өңделеді. В. М. Бехтеревтің айтуынша, гипноз - санаға ену немесе оған, әдетте, қабылдаушы кісінің еркінсіз және ықыласынсыз, әрі көбінесе иландыруға ұғымсыз көрінетін бөтен ойды дарыту.

И. П. Павловтың пікірі бойынша, гипноз кезінде сөз ми қыртысына, оның тежелуі және тонусы төмендеген жағдайға әсер етеді. Бұл жағдайда ми қыртысында пайда болатын қозу толқыны теріс индукция арқылы мидың көрші жерлерінде тежелу құбылысын тереңдетеді. Сондықтан сөз гипноз кезінде сыналатын адамға әдеттен тыс күшті ықпал жасайды да, ұзақ із сақтайды, себепті гипноздық иландырудың емдеу нәтижесін қамтамасыз етеді.

Иландыру - адамдардың өзара бір-біріне ықпалы, адамдардың өзара қатынасының нормасы - ол адамды бала кезден иландыратын ақиқаттар. Адамзат қоғамында әрбір сөз, ой, пікір, сана кеңінен тарайды және иландыру кезінде көптеген адамдарға дайын рухани байлықтарды пайдалануға мүмкіндік туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түс көру мотивінің түзілуі
Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы
Зерттеудің әдісі
Қазақ ұғымындағы түс жору
Оралхан Бөкей шығармаларындағы түс көру құбылысы
Түс көрудің поэзиядағы рөлі
Көркем шығармадағы түс көру ұғымы
Түс көру әлемі
Қазақ киносындағы түс көрудің режиссерлік интерпретациясы
Түс жору мен түс көру жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz