Ісіктің иммунды емі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Стоматология

Дисциплина: жалпы иммунология

Кафедрасы: иммунология

Курс: 2

Тақырыбы: Ісікке қарсы вакциналар

Орындаған: Нурсейтов С. С.

Тексерген: Сарбулатова А. Ш.

Группа: 205

Ақтөбе 2019ж

Бағалау критерийлері

Орындау критериі
0-0, 1
0, 2-0, 3
0, 4-0, 5
№: 1
Орындау критериі: Рефератты рәсімдеу
0-0, 1:
0, 2-0, 3:
0, 4-0, 5:
№: 2
Орындау критериі: Рефераттың жоспары
0-0, 1:
0, 2-0, 3:
0, 4-0, 5:
№: 3
Орындау критериі: Иллюстративті материал
0-0, 1:
0, 2-0, 3:
0, 4-0, 5:
№: 4
Орындау критериі: Өзек тілігі
0-0, 1:
0, 2-0, 3:
0, 4-0, 5:
№: 5
Орындау критериі: Мазмұны
0-0, 1:
0, 2-0, 3:
0, 4-0, 5:
№: 6
Орындау критериі: Қорытынды
0-0, 1:
0, 2-0, 3:
0, 4-0, 5:
№: 7
Орындау критериі: Әдебиеттер
0-0, 1:
0, 2-0, 3:
0, 4-0, 5:
№: 8
Орындау критериі: СӨЖ кестесіне сай, дер кезінде тапсырылуы
0-0, 1:
0, 2-0, 3:
0, 4-0, 5:
№:
Орындау критериі: Қорытынды
0-0, 1:
0, 2-0, 3:
0, 4-0, 5:


Соңғы жылдары ісік иммунологиясын зерттеудегі жетістіктер клиникада ісіктердің иммунды емдеуінің жаңа тәсілдерін жасап, оны қолдануға үлкен жағдай жасады. Бірқатар ісік ДНК және РНК синтезіне қажетті L-аспарагинді өндірмейтіні анықталған болатын. Осыған байланысты көрсетілген амин қышқылдарының ісікеке түсуін жасанды шектеу мүмкіндіктері пайда болды. Оған L-аспарагиназа ферментін енгізумен қол жетеді, оны лимфобласты лейкемияны емдегенде қолданады. ремиииссия бірнеше айға созылады. Жанама әсерлерінен бауыр қызметі жағынан бұзылыстар, фибриноген синтезінің тежелуі, аллергиялық реакциялар байқалады.

Қазіргі заманда қатерлі ісіктерді емдеу тәсілдерінің кемшілігі - ол ісік жасушулурына арналмағандығы. Бұл тәсілдердің барлығы бөлінуші жасушалардың сәулелену мен цитостатиктерге сезімділігімен байланысты. Ісік үнемі гетерогенді болады, оның құрама жасушалары бір - бірімен көптеген байланыста кездеседі, соның ішінде өсу жылдамдығыменде, сәулелену және химиотерапевтік дәріге сезімталдығыменде ерекшеленеді. Ісік тінінде оның сипаттамасы бойынша қалыпты жасушадан аз айырмашылығы бар, атап айтқанда тек қана бірнеше өзгерген жасушалар саны болады. Сондықтан ісікке қарсы тұрамыз деп қалыпты жасушалардың тіршілігін бұзамыз. Біріншіден, сүйек кемігі, лимфа тіні, тері және шырышты қабаттағы кілегей қабықтың жасушалары зақымдалады. Иммунды жауаптың маңызды кезеңінің бірі - ол Т- және В- лимфоциттер клондарының бөлінуі, сондықтан лимфа тіні өніп - өсетін тіндердің ең жоғары белсендісі болып табылады. Сол себептен, организм жасушаларын тежейтін тәсілдердің барлығы иммунды жүйені де тежейді. Осындай жағдай, сәуледен және химия емінен кейін байқалады, яғни ағзада екіншілік иммунды жетіспеушілік туады, әсіресе ісіктен қорғайтын иммунитеттің Т - жүйесі өте қауіпті зақымданады.

Арнайы зерттеулерде қазіргі заманның ісікке қарсы радио, химия емі мен оның қосарланған түрлері, ісік жасушаларын толық құртпайды. Олардың аз бөлігі үнемі түрде сақталады, себебі олардың сезімталдығы қалыпты жасушаға ұқсас.

Сөйтіп, дәстүрлі ем тәсілін қолданғанда, ісік жасушаларының бәрі жойылмайды, оның үстіне өз бағытына өніп - өсетін жасушалар байқалады: ісіктің төзімділігі жоғары жасушалары сақталып қалады және ісіктің қатерлі зәрлі қасиеттері күшейеді. Бірақ бұл жасушалардың кейбір бөлігі арнайы жасушаларымен жойыла алады.

Ал ісіктер көбінесе, иммунды жетіспеушілік кезінде пайда болады және олардың өсуімен бірге иммунды жетіспеушілік әрі қарай күшейеді. Дәстүрлі емдеу тәсілдері ісіктің ағымын одан әрі күрделендіреді. Осыған байланысты онкологиялық ауруларды емдегенде, иммунды жетіспеушілікті тоқтату қажет немесе қоздыру керек.

Осы мақсаттармен, қазіргі кезде негізі тимус гормондарын және оның қосындыларын қолданады, сонымен қатар кейінгі уақыттарда кең тараған рекомбинантты интерлейкиндер және интерферондар пайдаланып жүр. Ем ретінде қазір антицитокиндік препараттар және әртүрлі беткрі молекулаларға қарсы жаңа гуманизацияланған рекомбинантты моноклондв антиденелі препараттар: трастузумаб, ритуксимаб қолданылады.

Иммунды қоздырудан басқа, ісік емдерін арнайы иммунды тәсілдер ашуға мүмкіндік жасалып жатыр. соңғы 10-15 жылдарда мұндай тәсілдер қолданылып келе жатыр. Негізгі арнайы иммунды емді тәсілінің шипалығы - қатерлі ісіктегі кездесетін арнайы молекулярлы өзгерістерді нысаналарын - анықтаумен байланысты. Олар қалыпты ұлпаларда болмайды немесе өте аз мөлшерде кездеседі. Біріншіден ондай нысанаға ісікерекшелі антигендер немесе ісікпен қосарланған антигендер жатады. Осы нысаналарға әртүрлі тәсілдермен әсер еткенде ісік жасушалары жойылады.

Онкологиялық ауруларды ісіктердің өлген, не шала- жансар жасушаларын егу, сонымен қатар, активті иммундау үшін ісіктің ерігіш заттарын қолданудың нәтижелі келуі ғылыми зерттеулермен дәлелденген.

Бірақ, ісікке қарсы вакциналар жасау - өте маңызды жұмыс. Біріншіден, адамдағы вируспен қоздырылатын ісіктерге қарсы егулер жақсы нәтиже беруде. Мысал ретінде, Энштейн - Барр вирусымен пайда болған ісікте және Беркит лимфомасында егу шаралары өте шипалы келді.

Енді қазіргі уақытта қолданылып отырған бағыт, ол белгілі ісікпен біріккен мутантты гендер өнімдерін және геуге арналған шипалы белоктарды пайдалану. Бұл зерттеулердің көбісі, ісікке қарсы моноклонды антиденелер алумен байланысты.

Ісікті иммундау үшін, клиникада басқаша тәсіл кеңірек зерттеліп және қолданып жатыр, ол - бейімділікті иммунитет. Оның негізінде қолдан пробиркада Т-лимфоциттердің интерлейкинімен ісік антигендерінің қосылуы жасалынады. Т - лифоциттердің саны көбейгеннен соң, ол ауруға қайта енгізіледі.

Бұл тәсілдің екі варианты бар. Біріншісі, ол аурудың қанынан лимфоциттер бөлініп алынады, рекомбинантты ИЛ-2 көмегімен ол in vitro жағдайында белсендіріледі, көбейеді сонан соң ауруға қайта енгізіледі. Лимфоциттерді аурудың қанынан, ем қолдануға дейін бөліп алады. Сосын ауруға операция жасалғанша, сәулелену немесе химиялық ем жүргізгенше оның өз лимфоциттерін in vitro көбейтіп, лимфокинмен активтелген жасуша жасайды, сөйтіп оны емнен кейін ауру ағзасына қайта енгізеді. ЛАЖ бірге, ауруға ИЛ-2 енгізіледі, ол жасушалардың еріткіш белсенділігін сақтау үшін қажет. Осы тәсіл көмегімен, өкпе ісігінің, лейкоз, қатерлі меланома және басқа ісіктердің метастаздарында емдік нәтижелер едеуір жақсы болған.

Екінші вариант, ол осындай жолмен жүретін, ісік тінінен бөлініп алған лимфоциттермен организмге әсер ету. Мұның негізінде - ісікерекшелі Т-киллерлер ісік жасушаларын жабдықтайды. Олар in vitro көбейгеннен кейін емдік әсері көтеріледі. Бірақ, клиникалық зерттеулер нәтижелері бойынша, шеткері ЛАЖ-жасушаларына қарағанда әсердің жоғарлауы үнемі кездесіп отырмайды. Оның бір себебі - ісік жасушалары TGF-βсияқты затты түзіп, ісік шабуылдаушы лимфоциттерге қарсы әсер етуде. ЛАЖ - жасушаларының негізгі әсерлігі боған қарағанда анағұрлым күшті.

Қатерлі сіктерді дәрілермен емдеу кезінде шектеуші кезеңдерінің бірі ісік жасушаларының препараттарға бейімделуі болып табылады. Бейімделу үрдісін әртүрлі құрылымды және механизмді бірдей емес препараттарды жұптастыру арқылы белгілі бір дәрежеге дейін баяулатуға болады.

Ісік өсуі кезінде онымен организм арасындағы тепе-теңдік ісік ұпайына қарай бұзылады. Дерт клиникалық түрде анықталатын мөлшерге жеткенде, иммунды жүйенің жұмысы нашарлайтындығы дәлеледенген. Иммунды жүйенің зақымдалуын жою немесе организм мен иммунды күштердің арасындағы тепе теңдікті организм ұпайына шешу тек ісіктің негізгі салмағын жоюмен ғана жүреді, ал одан кейінгі жағдайларда ем ретінде иммунды қоздыру тәсілін айтуға болады. Осының нәтижесінде рецидив пен метастаздану үрдістері шектеледі және оның үрдістері жылдамдатылмайды.

Қазіргі кезде иммунды емдеу, негізгі ісік емінің бірінші тәсілдеріне жатпайды, бірақ ол ісік емінің негізгі қосымша тәсілі болып табылады.

Ісіктің иммунды емінің тәсілі арнайы және арнайы емес болады, ал олар өзінше активті және пассивті болады.

Ісіктің арнайы емес иммунды емдеу әдісіне БЦЖ, Corinebakterium parvum, бактериалды қоспалар, синтетикалық полинуклеотидтер енгізу жатады. Бұл әдістер бірқатар лимфокиндердің, монокмндердің, әртүрлі биологиялық белсенді заттардың жоғарлауына және ісікерекшелі клондардың бөлінуіне әкеледі.

Активті арнайы иммунды емдеу - ол ауруға құрамында ісік антигендері бар вакциналарды егу. Оларға ісік жасушалары, үзінділер, ісік тіндерінің ерігіш заттары жатады. Соңғы жылдары, құрамында онкобелоктарды белгілейтін гендері бар ісік туындылары және рекомбинантты вирустар жиі қолданып жүр.

Қатерлі ісіктің арнайы иммунды емінде моноклонды антиденелер қолдану.

Моноклонды антиденелерді, негізі, ісік жасушаларына тікелей әсерін шақыра алатын арнайы залалсыздандыруға арналған әр түрлі улы агенттерді енгізу үшін пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қатерлі және қатерсіз ісіктер
Ісікке қарсы иммунитет туралы
Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар
Антигенді таныстырушы жасушалар
Организмнің бейарнамалы қорғаныш факторлары, сыртқы және ішкі тосқауылдар
Ісіктердің жіктелуі
Пневмоцистті пневмония
Иммуниттет анықтамасы
Бүйрек үсті бездерінің қыртысты бөліктерінің аурулары
Лейкоз туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz