АИВ инфекциясының асқынулары


Жоспар
Кіріспе:
ЖИТС- тің алғаш анықтамасы. ВИЧ пен ЖИТС айырмашылығы
Негізгі бөлім:
1. ЖИТС қауіптілігі, клиникалық белгілері
2. ЖИТС жұғу жолдары
3. ЖИТС жұқпайтын жағдайлар
4. ЖИТС даму ерекшелігі
5. ЖИТС ке енгізілетін вакцина және оның организмге әсері
6. АИВ вирусының әсері, иммунды тапшылық себептері
7. Емдеу, вакцина, сақтандырғыштар туралы
Қорытынды.
Кіріспе:
1978 жылы АҚШ- тың Танзания штатында осы аурудың белгілері бар бірнеше пациент тіркеліп, бұл ауруға 1982 жылы ЖИТС деген атау мен анықтама беріледі.
Қарап отырсақ, қазір жастарға қарағанда, ересек адамдар ВИЧ және ЖИТС атауларын синоним сөздер ретінде қабылдап, ол туралы түсініктері шатасып жатады. ЖИТСол ВИЧ инфекциясының кезекті асқынған стадиясы ғана, ВИЧ ЖИТС-ке айналғанға дейін көп жылдар өтпек. Бұл жылдардың нақты мерзімі әрбір науқастың өз денсаулығын одан әрі қарай қалай күтуіне байланысты болмақ. Басқа сөзбен айтқанда, адамда өмір бойы ВИЧ инфекциясы болуы, бірақ ЖИТС-ке айналмауы да мүмкін. Қысқасы, иммунтапшылығы вирусы адамның қанындағы CD4 немесе Т клеткаларын зақымдайды. Бұл клеткалар ағзаны инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйенің қалыпты қызмет етуінде ерекше маңызға ие. ВИЧ инфекциясы қанға түскеннен кейін көбейе келе жоғарыда аталған клеткаларды өлтіре бастамақ. Өз кезегінде иммундық жүйе “жоғалған” клеткаларды жылдам қалпына келтіріп отырғанмен жылдар өте келе CD4 клеткалары соншалықты азайып, ағза оны қалпына келтіріп үлгере алмай қалады. Осының салдарынан иммундық жүйе бұзылып, жайшылықта аса қауіпті емес инфекциялардың алдында адам ағзасы шарасыз болып қалмақ. Бұл инфекциялар (оның ішінде онкологиялық аурулар да кіреді) оппортунистер деп аталады, яғни “жағдайды пайдаланушылар”. ВИЧ-пен ауыратындарда оппортунистік инфекциялардың пайда болуы ЖИТС диагнозын қоюға негіз болмақ.
1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТСке қарсы күн.
Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күретамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады.
ЖИТС- тің соңғы сатысы-өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар
СПИДке шалдыққан адам 10-15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек. Ауыратын екен деп бас тартпауымыз керек.
Осы аурудың аты шығып, анықталғаннан кейін-ақ оған әлемдегі БАҚ өкілдері “ХХ ғасырдың індеті”, “ғасыр обасы” деген ат қойып, оны жұқтырған адамдар санаулы жылдардың ішінде-ақ іріп-шіріп өледі деген түсінік тарата бастады.
Шындығында, ВИЧ жұқтырған адам қанша өмір сүреді?
“ВИЧ инфекциясы” диагнозы бар адам ең бірінші өзіне осы сауалды қоймақ. Бұған мамандар қазірге: “Ешкім білмейді”, деген бір ғана сауалмен жауап береді. Кейде оның 15, 10 тіпті 5 жыл деген “мерзімі” айтылып та қалады. Осы арада мына бір мәселеге назар аударалық. СПИД эпидемиясы 25 жылдан астам уақыт бұрын басталса, содан бері осы диагнозбен өмір сүріп келе жатқан адамдар бар.
Қазақстанда ВИЧ/СПИД ауруының алдын алу жұмыстары 10 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бірақ, осыған қарамастан, өкінішке қарай біздің елімізде де ВИЧ позитивті адамдардың саны жыл сайын ұлғайып бара жатыр. Осы уақытқа дейін халықтың арасында бұл ауру тек моральдық азғындаған адамдарда ғана болады деген түсінік қалыптасып келді. Оны жыныстық қызмет көрсетіп жан бағып жүрген қыз-келіншектеріміз жұқтырады, онымен осылардың қызметін пайдаланатындар немесе гомосексуалдар мен нашақорлар ауырады деген біржақты пікірде болды. Қазіргі кезде иммунтапшылығы дерті жағдайы түзу, орта жастан асқан отбасылы жандардан да табылып отыр. Адамның ағзасындағы төрт сұйықтықта болатын бұл вирус иненің ұшымен де, жыныстық қатынаспен де, қан арқылы да, ананың сүтімен де оңай жұғатынын Шымкент оқиғасы тағы да дәлелдеп кетті. Осы вирусты аяғын анықтап басып, адал жүрген адамға тіс дәрігері де, маникюр-педикюр шебері де өз кәсібін дұрыс атқармаса, абайсызда жұқтыруы мүмкін. Алматыдағы СПИД орталығының деректеріне қарасақ, қазіргі жағдаймен бағалағанда Қазақстанда 12-14 мыңдай адам ВИЧ диагнозымен өмір сүріп жатыр. Шамамен деп отырғанымыз, осы уақытқа дейін, мәселен алматылықтардың 10 пайызы ғана тексеруден өткен. Оңтүстік астанамызда бүгінге дейін ВИЧ диагнозы 1400 адамға қойылған. Олардың жас шамасы 19-49 аралығын құрайды. Биылғы жылдың 1 қазанына дейін елімізде 6 943 жанның ВИЧ жұқтырғандығы тіркеліп, оның 426-сы СПИД-пен ауыратындығы анықталып отыр.
Бүгінгі статистикаға қарап отырсақ, Қазақстанда ВИЧ жұқтырғандардың 78 пайызын, Алматыда тіркелгендердің 92 пайызын есірткі пайдаланатындар құрайды екен.
Қазіргі күндері осы аурумен күресетін үкіметтік емес ұйымдар иммун тапшылығы вирусымен ауыратындарға психологиялық қолдау көрсетіп, олардың құқықтарын қорғайды және ол адамдарға осы диагнозбен қоғамға бейімделуге көмектеседі.
Қазіргі күндері Қазақтанда иммун тапшылығы вирусымен ауыратын азаматтармен көптеген Үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Олардың қатарында “Тең теңімен” ұйымы да бар.
БҰҰ-ның СПИД жөніндегі Бірлескен бағдарламасы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары да, СПИД індетінің 2005 жылғы жағдайы жайында есеп-дерегін жария етті. Олардың мәліметтеріне қарағанда, былтырғы жылғы көрсеткіш 37, 5 млн. болса, ал 2005 жылы дүниежүзі бойынша ВИЧ пен СПИД жұқтырғандардың саны 40 миллион адамнан асып жығылған. Сонымен қатар 3, 1 миллион адам, оның ішінде 570 мың бала осы дерттен көз жұмған екен. Бір айта кетерлігі, әлем бойынша аталмыш індеттен ең көп зардап шеккен аймақ Африка мен Сахараның оңтүстік аймақтары, мұнда ауруды жұқтырғандардың 65 пайызы тұрады екен.
ХХ ғасырдың 90- шы жылдарында жасушаға енгізілетін генетикалық вакциналар антидененің синтезін, сондай- ақ цитиотоксикалық және херперлік Т - лимфоциттердің, зерде жасушаларының өндірілуін ынталандыратыны эксперименталды түрде дәлелденген. Осындай типтес бірқатар қоздырғыштарға қарсы және типті кейбір қатерлі ісіктерге қарсы вакциналар дайындалды.
1995- 96 жылдары ЖИТС, тұмау, герпесс, В гепатиті, сондай- ақ безгек плазмодиясына қарсы вакциналарға алғаш рет клиникалық сынаулар жүргізілді. Патогендеердің нәруыздарын қадағалайтын гендермен бірге, құрамында кейбір цитокиндерді қадағалайтын гендер бар ДНК - вакциналарын дайындау жоспарлануда. Осындай негізде, құрамында ИЛ- 12 цитокинін қадағалайтын геннен және ЖИТС вирусының беткеей нәруызы gp 120 қадағалайтын ген бар плазмида құрастырылуда. Егер вакцина енгізген жасуша gp 120 - мен бірге ИЛ- 12 өндіретін болса, онда Т - хелперлердің дифференцировкасын Тх1 бағытына қарай ығыстыруға мүмкіндік болар еді деп үміттенеді. Ал бұл жағдай өз кезегінде ЖИТС вирусымен зақымданған ЖИТС адамдар арасындағы таралған ең маңызды трагедиялық дерт. Ауру клиникалық көрінісінің полиморфтылығымен, ұзақ ағымымен, жоғарғы ағымымен, жоғарғы өлім жітімдігімен сипатталады. Табиғи жағдайда жұғу жолы жыныстық қатынас арқылы, сонымен қатар медициналық манипуляция кезінде қан арқылы тарайды және эпидемиялық жылдам таралуға қабілетті. жасушаларға қарсы жасушалық иммунды жауапты күшейтеді.
Клиникалық белгілері:
АИВ инфекциясы бірнеше кезеңдермен сипатталады:
- Қызбалық кезең; жұқтырғаннан соң 1-2 айдан кейін қызба, интоксикация, лимфа бездерінің ұлғаюы, іш өту және т. б болуы мүмкін.
- Симптомсыз кезең; бірінші кезеңдегі барлық белгілер жойылады, науқастың сырт пішіні сау адамға ұқсас, бірақ онда АИВ қа қарсы антиденелер пайда болады, бұл кезең бірнеше жылға созылуы мүмкін.
- Екіншілікті ауру кезең; АИВ инфекциясының асқынулары.
- Терминальды кезең; кахексия, адинамия, деменция және барлық иммунологиялық көрсеткіштерінің төмендеуіндегі құбылыстар жатады.
АИВ вирусының әсері
АИВ - тің клиникалық көрінісі ретінде науқаста дамитын иммундық тапшылық болып табылады. Иммунды жүйеге АИВ-тің қатты әсер етуі оның белгілі типті лимфоциттерді зақымдай алу қабілетімен сипатталады. Вирустың бастамасы болып тимустағы Т лимфоциттерде дамитын хелперлер мен индуктор популяциясы болып табылады. Бұл жасушалар өз беткейінде гликопротеин, СД4 молекулаларын АИВ вирусы қабатына тасымалдайды.
Иммунды тапшылық себептері
Вирустың Т хелпер мен индуктор, моноциттер мен макрофагтың зақымдалуы болып келеді. СД4 пен байланысқан вирустың гликопротеидтік қабаты бұл молекуланың қалыпты қызмет атқаруына кедергі келтіреді. Себебі, СД4 молекуласы хелпер мен индуктордың басқа типті жасушалармен байланысын реттеуге қатысады, қызметінің бұзылысынан байланысу белсенділігі бұзылады. Науқаста лимфопениямен қатар нейтропения, анемия, тромбоцитопения байқалады, бұл өзгерістер аутоиммунды антиденелердің түзілуімен түсіндіріледі.
Жауынгер жасушалардың құртылуы
Вирус ішіндегі бағдарлама бар жоғы бір немесе екі нұсқаудан тұрады, бірақ бұл нұсқаулар дұрыс емес. Егер осы вирус қанның ақ денешіктерінің ерекше түрлерінің біреуінің үстіне кірпік қағым уақыттан сәл көбірек жабысып тұра алатын болса, вирус кішкентай көпіршік тәрізді жарылады да, жасушаның ішіне өлтіретін бағдарламаны бүркіп жібереді. Бірнеше минуттан кейін жасуша осы бағдарламаны өз миынына көшіріп алады да, жасуша ядросы сол бағдарламамен жүретін болады. Бірнеше апта, ай, жыл бойы ауру жұқтырған жауынгер жасуша қан тамыр арқылы жүзіп жүреді. Бұл жасушаның мақсаты: микробтарды тауып, жою. Жауынгер жасушалардың құртылуы
Емдеу, вакцина, сақтандырғыштар туралы
Интерлейкин 2, интерферон, тимусты факторлар немесе сүйек кемігінің трансплантациясы көмегі арқылы иммунды тапшылықты қалыпқа келтіруге жақсы нәтиже бере алмады. Экспериментте вирустың репликациясы негізінде СД4+ бөліну үстіндегі жасушаларда жүретінін көрсетті. Ағзада олардың бөлінуін реттейтін микроорганизм пішінді антигендер болып келеді. Бұл деген вируспен күресудің қиындығын көрсетеді. Келешекте иммунды жүйені қалыпқа келтіру вирусқа қарсы іс әрекеттер болып табылмақ. Мәселен, ЖҚТБ ның ағзаны әлсіретуінің нәтижесінде пайда болған аурудан немесе инфекциядан адамдар өледі. Дененің осы инфекциядан құтылуына көмегін тигізетін дәрілердің бәрі науқасқа үлкен қолғабыс бола алады. Науқастар үйлеріне сергек болып оралады және кейде бірнеше ай бойы өздерін жақсы сезінеді. ЖҚТБ мен ауыратын адамдар өздеріне күтім көрсетіп, дұрыс тамақтану, қандай да бір жаттығу жасау, салмақты бірқалыпты ұстау, көбірек жаңа піскен жемістер мен көкеністер жеу, шылым шегуді доғару, ішімдіктер мен ерірткіден бас тарту және жеткілікті ұйықтау арқылы өз өмірлерін сәл де болса ұзарта алады. Антиретровирустық емдеу мен өте қымбат дәрілерді қолдану да бар, бірақ олар отты толығымен өшірмей, тек тұншықтырып қояды. Олар улы болғандықтан, мөлшері асып кетсе, адам өліп кетуі мүмкін. Ал вакцина болса, вирусты инфекцияға қарсы тұра алатын біздің жалғыз қаруымыз. Басқа инфекциялық аурулар арасында бұл дертке қарсы вакцина жоқ. Вакциналаудың мәні: ағзаға зияны жоқ микробты енгізіп, қоздырғыш микробтарға қарсы күресетін антиденелерді қалыптастыру. ЖҚТБ ны АҚТҚ үнемі өз пішінін өзгертіп отыратындықтан, қорғаныш жасушалары олардан көз жазып қалады. Егер бүгін адам ағзасына вакцина жіберілсе, ол оны бірнеше күн бойы қорғайды. Ал бір ай өткеннен кейін не болады? Сондықтан бұл вирустан құтылу еш дәрменсіз. Бұның себебі бұл ауру вирусының пішінің өзгертіп тұруында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz