Герпетиформды Дюринг дерматозы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Факультеті: Стоматология

Кафедра : Дерматология және фтизиатрия

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Герпетиформды Дюринг дерматозы. Вирусты тері аурулары

Орындаған: Нурсейтова Роза

Тобы: 303

Тексерген: Изтлеуова Г. М.

Ақтөбе-2017

Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Герпетиформды дерматит (Дюринг ауруы)

  • Этиологиясы және патогенезі
  • Клиникасы,
  • Диагностикасы
  • Емі

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Герпетиформды Дюринг дерматозы- герпетиформды бөртпе мен қатты қышу немесе күю сезімімен білінетін созылмалы аутоиммунды ауру.

Этиологиясы және патогенезі: Глютенге жоғары сезімталдық пен целиакия маңызды. Бұл ауру эндокринді өзгерістер, лимфогранулематоз, токсемия, вакцинация, жүйкелік және физикалық шаршау фонында пайда болуы мүмкін. Дюринг дерматитімен ауыратын науқастардың йодқа жоғары сезімталдығын ескере отырып, бұл аурудың көптеген эндогенді тітіркендіргіштерге аллергиялық жауап екені жайлы болжам айтылады. Бұл аурудың онкологиялық аурулармен қосарласып келуі, оны параонкологиялық дерматоздарға жатқызуға себепші болады.

Клиникалық көрінісі: Дерматоз жиі 25-55 жас аралығында дамиды.

Тері элементтері полиморфты. Бір уақытта не аздаған интервалмен көпіршіктер, сулы бөртпелер, папулалар, пустулалар, күлдіреуіктер шектелген эритематозды аймақта пайда болады. Содан соң екіншілік элементтер: эрозиялар, қабыршақтар, қабықтар пайда болады. Бөртпелер топтпсқан(герпетиформды), симметриялы орналасады. Ауру кейде субьективті симптомдармен (қышуну, күйдіру мен ауырсыну) басталады. Науқастардың жалпы жағдайы, кезекті түрде қызуының көтерілуіне қарамастан, қанағаттанарлық болып қала береді.

Дене мен аяқ-қолдың жазғыш бетінде және бөкседе, везикула мен пустулаға айналуға бейім, эритематозды дақты-папулезді және уртикарлы элементтер пайда болады Ірі пемфигус тәрізді көпіршктер пайда болуы мүмкін. Диаметрі 5-10 мм бозғылт-сары түсті саңылау көрініп тұратын везикулалар тән. Олар оданда ірі жарылып кеуіп қабыршақ түзейтін көпіршіктерге айналуы мүмкін Везикула, пустула немесе көпіршіктің ішіндегі сұйықтық кейде гемморрагиялық болады. Бөртпелер қатты қышыну немесе күйдірумен, ауырсынумен жүреді. Қатты қышыну салдарынан пайда болған экскориация, терең қасыған жерлердегі қабыршақ, эрозия, мүйізгек, тілінулер, пигментация полиморфизмді күшейтеді. Вульгарлы көпіршікпен салыстырғанда мұнда ауыз кілегейі сирек зақымдалады. Бұрын бөртпелер болған жерлерде пигментация байқалады, бұл ересектерде де байқалады.

Никольский белгісі Дюринг дерматитінде теріс. Қанда эозонофилия болады Көпіршік құрамында да едәуір көлемде эозонофильдер анықталады. Базальды мембрана аймағындағы зақымдалу ошағынан алынған тері биоптатына иммунофлюресцентті зерттеу жасаған кезде иммуноглобулиннің ( IgA) түйіршікті тұнбалар анықталады.

Ісініп-қызарған теріде орналасатын диаметрі 1-ден 3 см дейін болатын керілген мөлдір көпіршіктер түріндегі үлкен көпіршікті дерматозбен қауырт қызарған теріде диаметрі 1-2 мм ден 1 см дейін болатын көпіршікшелер мен папуло-везикулезді элементтер түріндегі ұсақ көпіршікті дерматозды ажыратады. Бірінші жағдайда дерматоздың жиі орналстын жері- дене беті, аяқ-қолдардың жазғыш беті, екінші жағдайда-негізінен бет терісі, аяқ-қол, шап және қолтық асты қатпары. Герпетиформды дерматозбен ауыратын науқастардың йодқа сезімталдығын диагностикалық мақсатта қолданады. Құрамында 50% калий йодиді бар жақпамайды жаққан кезде 24-48 сағатан соң сол жерге бөртпелер шығады. Дегенмен, йодты калиймен сынаманы процестің өршу сатысында немесе асқыну кезінде жасауға болмайды.

Балаларда Дюринг дерматитінің анық клиникалық симптоматикасына қарамастан, жиі оларда эозонофилиямен йодқа сезімталдықтың болмауы дерматологтарға бұл белгілердің міндетті емес, тек шартты деп топшалануына түрткі болды. Балалар сирек жағдайда ауырады, бірақ бұл процесс өмірінің алғашқы күні дамуы мүмкін. Көптеген балада Дюринг ауруы инфекциялық аурулардан соң дамиды.

Визикулезді- буллезді элементтері бар ірі эритематозды ісікті ошақтар басым келеді, науқастарды қышыну мазалайды. Бөртпелар жиі жыныс мүшелер аймағында, үлкен қатпарларда орналасуы мен екіншілік пиококты инфекцияның қосылуын ескерген жөн. Балаларда ересектерге қарағанда ауыз қуысы везикулезді-буллезді элементтермен жиі зақымдалады.

Диагностикасы: Типті жағдайда қиындық келтірмейді. Герпитиформды орналасуы мен элементтердің полиморфизмі, қышыну, көпіршік құрамы мен қанда эозонофилия, көп науқастардағы йодқа сезімталдық және иммунофлюресцентті диагностикада IgA базальді маембранада жинақталу байқалады.

Кейде дерматозды көп формалы эксудативті эритемадан ажырату қиынға түседі. Эксудативті эритемада продромальді кезең бар, ауру көбіне тонғаннан, салқын тиген соң, негізінен көктем немесе күзде дамиды. Бөртпелер көбіне дененің жазғыш бетінде, иық айналасында, балтыр, сан, ауыз кілегейі мен еріннің қызыл жиегінде, сирек жыныс мүшелерінің кілегейінде қышыну болмайды.

Емі: Ең әсерлі препараттарға диамино-дифенилсульфон (ДДС, дапсон, авлосульфон) немесе диуцирон оның ізашары метилурацилдің екі қалдығымен жатады. Көбіне ДДС -мен емдеуді 5-6 күндік циклдермен 0, 05-1г дозада тәулігіне 2 рет береді, циклдер арасында 1-3 күндік үзіліс жасайды. Емнің ұзақтығы препаратты көтеруі мен оның тиімділігіне байланысты. Балаларға дозасы жасына сәйкес беріледі, ол 0, 005-тен 0, 025 г-ға дейін құрайды, тәулігене 2 ретберіледі, циклдер ұзақтығы3-5 күн, арасы 2-3 күн, курс 5-6 циклден тұрады.

Диуцифон 0, 05-0, 1 гг дозада тәулгіне 2 рет, 2-4 циклді курспен тағайындалады. Байқалуы мүмкін рецдивті болдырмау үшін ДДС -мен қатар немесе одан соң аутогемотерапия жүргізген дұрыс, қан плпзмасын құю, гемотрансфузия, бұлшықетке унитол егу немесе экстракорпоральды гемоперфузияны жасау қажет. Сульфаниламидті препараттардың тиімділігі аздау.

ДДС-пен немесе сульфаниламидтермен емдеген жағдайда анемия, сульфогемоглобулиемия, гематурия сияқты асқынулар болуы мүмкін Әр 7-10 күн сайын перифериялық қан мен несебін тексеріп, бір мезетте эритропоэзді стимуляциялайтын препараттарды тағайындау қажет (В12 витаминінің иньекциясы, гемостимулин) . Сульфаниламидті препараттар мен ДДС-ді немесе диуцифонды бір уақытта немесе тіптен бірінен соң бірін қолдануға болмайды. Дюринг ауруында организмнің антиоаксиданттық әсері төмендегендіктен антиоксиданттық әсері бар препараттар қолданлады: липой қышқылы, метионин, фоль қышқылы, ретаболил. Сульфондардың антогонисі ретінде фоль қышқылы олардың жағымсыз әәсерін төмендетеді Антиоксидантты препараттармен емдеу ремиссияның дамуын жылдамдатып, оны ұзартады. Ауыр торпидті формаларда ДДС, авлосульфан немесе диуцифонды қолдануды орта терапевтикалық дозадағы (12-20 мг/тәу преднизолон бойынша) глюкокортикоидты гормондармен қоса береді. Ремиссия кезінде күкіртсутекті курорттарда емделеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Герпетифорымды дюринг дерматозы
Жасқа байланысты терінің ерекшеліктері
Асқорыту мүшелерінің арулары кезіндегі терінің зақымдану
АИВ инфекциясы
Герпес инфекциясы және жүктілік
Жүктіліктің бірінші және екінші жартысындағы гестоздар
Глютенді нанға арналған технологиялық жабдықтар
Математика ғылымының қалыптасуы
Қоғамды басқаратын аппарат
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz