Рентген сәулесінің зияны


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Тістер мен жақ сүйектерінің жасқа байланысты рентгендік көріністерінің ерекшеліктері (жас шақта, қарт адамдарда, инволюциялық)

Факультет: Стоматология

Тобы: 203

Кафедра: Визуалды диагностика

Орындаған: Нурсейтова Роза

Тексерген: Тойметов Ш. П

Ақтөбе - 2016 жыл

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

А) Рентген сәулесінің зияны

Б) тістердің жасқа байланысты рентгендік көрінісі

В) Жақ сүйектерінің рентгендік көрінісі

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Денсаулығымыды қадағалау үшін жылына кем дегенде бір рет " рентгенге " түсетініміз бар. Бірақ, рентген сәулелерінің қаншалықты зиянды екенін көбіміз біле бермейміз . . .

1895 жылы неміс физигі Вильгельм Конрад Рентген катодтық сәулелердің көмегімен пайда болатын люминесценция құбылысын зерттеп, түрлі тәжірибелер өткізді. Әсерді көбейту үшін физик электронды сәулелі түтікшенің ішіне люминесценция тудырушы затты салып, күн сәулесі өтпейтіндей етіп зертханадағы барлық терезелерді жауып тастаған. Электронды сәулелі түтікшені қосқанда, Рентген қызық оқиғаны байқайды. Бөлменің бір бөлігінде жап-жарық сәуле пайда болады. Зейін қойып бәрін зерттей бастағанда, Рентген сәуленің барий платиноцианидпен, яғни люминесценттеуші затпен қапталған қағаздан шығып тұрғанын байқайды. Бұндайды күтпеген ғалым бірден шамды өшіруге асықты. Жарық сәуле өшті. Қайтадан қосқанда, жарық қайта пайда болды. Сонда, ғалым люминесценттеуші затпен қапталған қағазды басқа бөлмеге апарғанда, ол жарық болып, сәулеленіп тұрған. Сонда Рентген сәуленің тек қағаздан ғана емес, басқа да заттардан өте алатынын түсінді. Бұндай құбылысқа түсініктеме таба алмаған физик сәулелерді - Х сәулелері деп атап кеткен. Бұл бағытта Вильгельм Конрад бір жылға жуық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жүздеген теориялық мақалаларды жариялаған. Рентгеннің ізбасарлары да көптеген ғылыми мақалалардың авторлары атанғанымен, бұл жобаға айтарлықтай жаңалық енгізбеді. Кейін Рентгеннің х-сәулелеріне деген қызығушылығы жоғалып, ол бұл бағыттағы жұмыстарын тоқтатады. Кейін Рентгеннің шәкірті Абрама Фёдорович Иоффенің ұсынысымен Х-сәулелерді "Рентген" сәулелері деп атап кеткен.

Адам тістері шамамен ұрықтық дамудың жетінші аптасында құрыла бастайды. Осы кезде болашақ жоғарғы және төменгі жақ сүйегінің альвеолярлы өсінділері аймағында ауыз қуысын қаптайтын эпителийің қалындаған жері пайда болып, ол доға тәрізді табақша түрінде астыңғы жақтан мезенхимаға бітісе өсе бастайды.

Балаларда ұлпаның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері ұлпа қабынуы ағымының өзіндік шарттарына себепші болады және емдеуде кейбір қиындықтар туғызады. Бала жасында (пульпа) ұлпа камерасының өзіндік өлшемі болады. Түбір өзектері және апикалді кеңістік кең болады. Ұлпа көп мөлшердегі лимфа қан тамырлары мен нерв талшықтары бар борпылдақ байланыстырушы тін (ткань) болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардағы сүт тістердің ұлпасындағы қабыну процесінің ерекшеліктері сонда, олар серозды қабынудың іріңді түріне тез ауысады. Кейін жедел периодонтитпен аскынған созылмалы гангренозды пульпитке өтуі болып табылады.

Балаларда пульпитті емдеу тәсілін таңдауда тұрақты және сүт тістердің түбірлерінің сорылу мерзімін ескеру керек. Сүт тістердің түбірлерінің толық қалыптасуы сүт тістер түбірлерінің қалыптасып болғаннан кейінгі 3-4 жылдан соң және шығып болғаннан кейін 4-5 жастан соң аяқталады. Балаларда жұқпалы аурулармен ауырған немесе созылмалы аурулармен асқынған тұрақты тіс түбірінің қалыптасуы олар шыққаннан кейінгі 5-6 жастан кейін (кейде 7 жаста) аяқталады

C:\Documents and Settings\BIBL\Рабочий стол\pulpit_2.png

Рентгендік тексеру емдеу әдісін дұрыс таңдау мен сол арқылы асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Тістердің түбірлерінің қалыптасу және сорылу мерзіміне сүйене отырып пульпитті емдеуде көрсетілімдерді таңдауда мышьяк пастасын қойғаннан кейінгі перипикалды аймақта әр түрлі асқынулардың алдын алу үшін сүт азу тістерін 8-9 жаста жұлу керек. Сүт күрек тістерде пульпит некроз және ұлпаның өлуі салдарынан өте сирек кездеседі. Олар созылмалы периодонтитпен асқынады. Ұлпа қабынуын емдеу әдісін таңдауда бірінші кезекте қабынудың таралуы және түбір өзегін сипаттайтын анатомиялық талаптан кейін тістің жағдайын және баланың жалпы жағдайы маңызды болып табылады. Ұлпаны жасанды некрозды шақырып немесе иньекционды жансыздандыруды қолданып жансыздандырады (ұлпа қабынуын девиталды және виталды емдеу әдістері) .

Жедел пульпитті емдеу

Сүт тістердің ұлпасының жартылай қабынуында негізгі емдеу әдісі ұлпаның сауыт бөлігін ампутациялау болып табылады. Виталды ампутация - көрсетілімдеріне алдымен дамуы әлі бітпеген тістер жатады. Түбір дамуы бітпеген немесе шамалы кірген, тарылған түбірлері бар үлкен азу тістерге девиталды ампутацияны қолдануға болады. Девиталдаушы құрал ретінде сүт тістерге мышьяк ангидридін қолданбау керек. Оның орнына әлсіз жәй әсер ететін девиталдаушы құралдарды қолдануға болады. Тісжегілі (кариозды) қуысында оны жеті күн шамасында қалдырады. Девиталды ампутациядан кейін ұлпа шолақ бөлігін (культясын) мумифицирлейтін пастамен жабады (резаорцин-формалинді) және тісті пломбалайды. Жалпы пульптті емдеуде барлық ұлпаны алып тастау керек (экстирпация) осы араласуды девиталдаудан кейін түбір өзегін химиялық және механикалық дайындау үшін оларды сорылмайтын (нерассасывающий) пастамен толтырады.

Созылмалы пульпитті емдеу

4 жасқа дейінгі жоғарғы күрек тістерде және төменгі үлкен азу тістерде дамитын, туа біткен тіс тінінің даму кемістігі бар тістерде бірінші реттік созылмалы пульпиттер басым болады. Бұл жағдайда витальды ампутацияны қолданады. Өршіген біріншілік созылмалы пульпитте бұл жаста тіс түбірлері қалыпталмаған тұрақты тістердің дайын үлгісі (заготовкасы) максималды жақындаған. Ұлпа камерасының қуысы кең, түбір өзектері кең және қысқа болады. Ұлпа тіні морфологиялық және функционалды толмаған пульпитті емдеу ұлпа мумификациясымен 3 қабылдауда девиталды ампутацияны қолданады. 4-6 жаста жедел пульпит пайда болады. Тіс түбірлері бұл кезде қалыптаспаған (тікелей және тікелей емес жабық ұлпалар) . Балаларда экстирпация әдісімен пульпитті емдеу Көрсетілімдері: жедел іріңді, созылмалы гангренозды, периодонтта фокальды өзгерістері бар барлық пульпиттер және барлық түбір ұлпасын сақтауға мүмкін болмағанда қолданылады. Балаларда тек түбірдің өсуі аяқталғанан кейін және түбір ұшты кеңістік қалыптасқанан кейін толық алып тастайды. Уақытша тістерде тек қалыпталған түбірлерді алып тастайды.

Эндодонтиялық араласулар мына жағдайларда міндетті:

· 9 жастағы төмен орталық және бүйір күрек тістер үшін

· 12 жасқа дейін төменгі үшкір тіс және І кіші азу тістер үшін

· 13 жасқа дейінгі 2 премолярға және 14 жасқа дейінгі жоғарғы үшкір тістер және екінші үлкен азу тістер үшін. Бұл өсу аймағының сақталуын қамтамасыз етеді.

C:\Documents and Settings\BIBL\Рабочий стол\1.png

Қорытынды

Рентген сәулелерінің қасиеттері. Рентген ашқан сәулелер фотопластинаға әсер етеді, ауаның иондалуын туғызады бірақ кез келген бір заттардан айтарлықтай шағылмайды және сынбайды. Электромагниттік өріс олардың таралу бағытына ешқандай әсерін тигізбейді.
Осыдан кейін бірден рентген сәулелері электрондардың кенет тежелуінен шығатын электромагниттік толқындар деген болжам жасалды. өтімділігі және басқа ерекшеліктері дәл осы толқын ұзындығының шағын болуымен байланыстырылады. Бірақ бұл гипотеза дәлелдеуді қажет етеді. Және ондай дәлелдеулер Рентген ашқаннан кейін 15 жылдан соң жасалды.
Рентген сәулелерінің қолданылуы. Рентген сәулелері көптеген өте маңызды практикалық қолдау тапты. Медицинада олар аурудың диагнозын дұрыс қою үшін, сондай-ақ, рак ауруын емдеу үшін қолданылады.
Рентген сәулелерін ғылыми зерттеулерде өте кең түрде қолданылуда. Рентген сәулелері кристалдар арқылы өткендегі дифракциялық көрінісіне қарап, кеңістікте атомдардың орналасу реті - кристалдың құрылымын анықтау мүмкіндігі туады. Органикалық емес кристал заттар үшін мұны орындау онша қиын болмады. Алайда рентген - құрылымдық анализ арқылы өте күрделі органикалық қосылыстардың, белоктардың құрылысын түсіндіруге мүмкіндіктер бар. Атап айтқанда, он мыңдаған атомдардан құралған, гемоглобин молекуласының құрылымы анықталған.
Бұл жетістіктерге сәулелерінің толқын ұзындықтарының шағындығы нәтижесәнде қол жетті, толқын ұзындығы жәрдемімен дұрысында молекулалардың құрылымын көруге болатындай еді. Көру деп отырғанымыз сөзбе-сөз мағынада емес мұндағы мәселе дифракциялық көріністі анықтау, соның жәрдемімен көп еңбектеніп, оны түсіндіре отырып, атомдардың кеңістікте орналасу сипатын анықтауға болады.
Рентген сәулелерінің қолданылатын жерлерінің ішінен рентгендік дефектоскопияны - құймалардағы ақауларды, рельстердегі сызаттарды табу, пісірілген жіктердің сапасын анықтау т. б. әдісін айта кетуге болады.
Рентгендік дефектоскопия бұйымдарда қуыс немесе бөгде қосылыстар бар болса, рентген сәулелерінің жұтылуы өзгеретініне негізделген.
Рентген сәулелерінің құрылысы. Қазіргі кезде рентген сәулелерін шығарып алу үшін, рентген түтіктері деп аталатын құрылғылар жасалған. Олардың конструкциясын Рентген жасаған алғашқы аппараттардан анағұрлым жақсы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рентген сәулелерінің жұтылуы
Ультракүлгін сәулелену туралы түсінік
Радиациялық сараптама
Қоршаған ортаның экологиялық ластануы
Қоршаған ортаның химиялық ыластануы
Зиянды сәулелену және одан қорғану жолдары
Адам денсаулығы және радиация
Ветеринариялық рентгенологияның Қазақстанда даму тарихы
Биология және денсаулық
Рентген туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz