Сократ ілімі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы : Стоматология

Дисциплина : Философия

Кафедрасы : Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Тақырыбы: Антикалық дәуірдің философиялық

ізденістеріндегі ғылыми білімнің жүйеленуі

Орындаған : Нурсейтова Роза Сабитқызы

Группа : 203

Бағасы:

Тексерген: Жангалиева Айнур Рашидовна

Оқытушы қолы :

Күні:

Ақтөбе 2016ж

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Антика дәуірі философтары

2. Философтардың негізгі ғылыми ізденістері немесе ғылыми тұжырымдамалары

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Көне шығыс философиясынан кейін біз Батыс философиясына көшеміз. Әдебиетте оны антикалық философия дейді. Оның Отаны - қазіргі Греция. Грек философиясының әлеуметтік-экономикалық негіздері - патриархалдық-құлдық қоғамынан дамыған құл иеленушілік қоғамға көшу, қосымша құнды өсірудің негізінде, байлықтың көзі ашылып, қала-мемлекеттердің қалыптасуы, интеллегенцияның дүниеге келуі т. с. с. Бұл үрдістер Vқ-V б. ғ. д. өтті.

Грек мифологиясы - осы күнгі уақытқа дейін адамзатты таңғалдыратын мәдени құбылыс. Ол - бүкіл Европа өркениетінің іргетасына сіңген, бүкіл ағарған адамзаттың рухани өміріне осы уақытқа дейін ықпалын тигізіп, шығармашылық шабыт туғызатын көне мәдениет туындылары.

Грек мифологиясынан сонау көне замандағы адамдардың өмір-салтын, олардың қиялдар мен үміттерін, табиғаттың құбылыстарына оның ашылмаған сырларына деген көзқарастары мен қорқыныш сезімдерін, Дүниенің қалайша пайда болғаны жөніндегі алғашқы түсініктерін байқауға болады.

Грек мифологиясының кейіпкерлері осы уақытқа дейін өнер, философия, әдебиетте қолданылады. Кейбіреулерін атап өтейік. Грек мифологиясында ең жоғарғы құдай - Зевс , - Кронның баласы. Ол өзінің інілері Посейдон мен Аидпен Дүниені бөліп алады. Зевсқа аспан, Посейдонға - мүхит, Аидқа жер тиеді. Зевс аспандағы бұлттарды жинап, жерге жаңбыр жаудыртып найзағайды жібереді, ол үй шаруасына көмектесетін Құдай.

Грек мифологиясында егер Эрот - махаббатың Құдайы болса, өмірдегі қуаныш пен бақытты көрсетсе, Танатос - өлім Құдайы болған. Ал оның інісі - Гипнос - ұйқы Құдайы.

Егер Афродита - сүю мен құнарлықтың әсем Құдайы болса, онда Пандора - әсем залымдықты көрсетеді. Зевстің бұйрығы бойынша, ұста құдайы Гефест Пандораны өте әсем қылып жасап шығарды. Ол адамдарға келгенде өзімен әкелген қобдишасын ашып, бүкіл залымдықтарды жер бетіне шығарып жіберді, тек қана оның түбінде үміт қалыпты.

Гректің “жеті даналары″ үлкен философиялық туындылар қалдырмаған, олар кітап жазбаған. Бірақ, олардың Дүние, адам, таным мәселелеріне арналған біршама нақыл сөздері қалған. Кейбіреулерімен таныстырайық.

Клеобул: “Өлшем - ең жақсы″, “әкеңді сыила″, “Көбірек тыңда, азырақ сөйле″, “Ләзатты ауыздықта″, “әйелді теңіңнен ал″ т. с. с. деп айтқан екен.

Солон патшадан мынандай нақыл сөздер қалыпты: “Өте ешнәрсе″, “Зардап тудыратын ләзаттардан аулақ бол″, “әке-шешең пікірлері әрқашанда дұрыс″ (бұған күмән келтіруге, әрине, болады. С. М. ), “Елді басқару үшін, ең алдымен көнуді үйрен″, “Көрмегенді айтпа, білмесең - үндеме″. “ұлы істермен бәріне жақсы болу қиын″.

Хилон былай депті: “Өзіңді тани біл″, “Тойды арзан ақыға жаса″ (әсіресе қазақтарға керек. С. М. ), “Өлгенді көтер, үлкенді сыила″, “Тілің ойыңды озып кетпесін″ (әсіресе бізге керек нақыл сөз. С. М. ) .

Фалес: “әке-шешеңді қалай сыйласаң, балаларың соны жасайды″, “Ең жаман нәрсе - тәрбиесіздік″, “Өлшемді сақта″, “Елді басқару үшін ең алдымен өзіңді-өзің басқара біл″.

Питтак: “қорқыныш пен үрей - болашақта, тыныштық - өткенде″, “Кек алудан гөрі кешіру жақсы″.

Биант: “Күнде айнаға қара - әсем болсаң - дұрыс жүр, кемшілігің болса түзетуге тырыс″, “Өзімдікінің бәрін өзіммен бірге алып жүрмін″.

Периандр: “Талаптан. Сонда ғанан барлық арманыңа жетесің″, “Дүниедегі ең тамаша - тыныштықта″.

Әрине, осы және басқа нақыл сөздерде жеті даналардың өмірден алған тәжірибесі, олардың дүниетанымы, адамдардың қарым-қатынасы жөніндегі терең ойлары берілген. Осындай рухани тебіреністерден кейін грек даласында философияның өзі туады.

Негізгі бөлім

Натурфилософиялық кезең. Милет қаласынан шыққан Фалес (625-547 б. ғ. д. ) алғашқы Дүниенің негізін құрайтын зат - су деді. Өйткені, су ең әртүрлі өзгеріске ұшырайтын табиғаттың заты, сондықтан, ол табиғаттағы барлық өзгерістердің негізінде жатуы мүмкін. Фалес барлық заттардың қорегі дымқыл болып келеді, барлық тіршіліктің ұрықтары мен дымқыл табиғаты бар, - деген ойларды айтыпты-мыс деген қағидалар тарихта қалған. Құрғақшылық - тіршіліктің өліміне әкеледі. Өмір әрқашанда сумен байланысты, бәрі де судан шығады, су арқылы өмір сүреді де, суда өмірі бітеді. Аңыз Фалесті жүзімнің шырынын қысып шығаратын құрал жасаған адам дейді. Мүмкін, бұл нәрсе де оның ойына судың, дымқылдың тірі өмірдегі маңызын көрсетсе керек. Қорыта айтқанда, Фалеспен бірге грек ой-өрісі бірте-бірте аңыз қиялдан айырылып, ғылым жолына қарай бетбұрыстың есігін ашты.

Милет мектебінің келесі үлкен ойшысы - Анаксимандр . Ол Фалестің жан досы, оқушысы болған деген пікір бар.

Апейронның кеңістікте сыртқы шектеуі жоқ, яғни сандық жағынан шексіз, сонымен қатар ішіне қарай да шектелмеген, яғни сапа жағынан да анықталмайды.

Жүйелей айтсақ, ішкі және сыртқы жағынан алғанда шексіз апейрон Дүниедегі шектелген әртүрлі заттарды тудырады. Апейрон бүкіл Дүниені қамтып, қоршап, бүкіл заттарды тудырып, ауыстырып отырады.

Элея мектебі. Парменид (Vқ-V б. ғ. д. ) Элеяда дүниеге келеді. Өсе келе ол өзінің философия мектебін құрады. Парменидтің ойынша, Дуние жөніндегі ақиқатқа бір ғана жол бар - ол: “бар нәрсе бар, ал жоқ нәрсе - жоқ, өмір сүрмейді. Олай болса, бізге жалғыз ғана жол қалады - ол Болмыс″.

Зенон Элея топырағында б. ғ. д. Vқғ. аяғында дүниеге келеді. Аңыздар бойынша ол өз заманының саяси өміріне ат салысқан ойшыл болса керек. Тиран Неарх оны тұтқынға алып оның билігіне қарсы шыққан адамдарды айт деп қинаған кезде Зенон өз тілін тістеп кесіп тиранның бетіне түкіріпті-міс дейді. Ал енді Зенонның философиялық көзқарастарына келетін болсақ, ол Дүниенің болмысын мойындаған, бірақ кеңістікті жоқ деп есептеген. Дуниедегі болмыстың табиғаты жылы мен суық, дымқыл мен құрғақтың қосындыларынан тұрады. Адамның өзі жерден, ал оның жан-дуниесі жоғарғы көрсетілген 4 элементтің тең қосындыларынан тұрады деп есептеген.

Демокриттің атомистік ілімі . Егер біріншілер Дүниенің негіздерін құрайтын әртүрлі сападағы стихиялар, заттардың тұқымдары т. с. с. деген тұжырымға келсе, Левкипп пен Демокрит өздерінің атом жөніндегі ілімдерінде Дүниенің негізінде жатқан сандық жағынан әртүрлі ұсақ бөлшектер жөніндегі ілімдерін ұсынады.

Левкипп (V б. ғ. д. ) Милетте туғанымен Элеяға келіп өз ілімін таратады. Демокрит (460 б. ғ. д. туған) Левкиптің шәкірті болған.

Левкипп пен Демокрит ғылымға атом (atomos-бөлінбейтін) ұғымын, әрі қарай бөлінбейтін, көзге көрінбейтін, өте ұсақ, сапасыз тек қана бітімі, көлемі жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар ұсақ бөлшектерді ұсынады.

Софистика. Софистердің арасындағы ең кең танылған тұлға - Протагор (481-411 б. ғ. д. (. Оның “Еватл″ деген софизмімен танысайық.

Протагор өзінің оқушысы Еватлмен келісімге келеді: егер Еватл алғашқы рет сотта жеңіске жетсе, онда Протагорға ақша төлеуге тиіс.

Бірақ, Еватл асықпайды. Онда Протагор Еватлға “мен сені сотқа беремін″ деп қорқытады. Оған Еватл: “келісім бойынша мен сотта жеңіске жетсем ғана төлеймін, мен әлі бір сотты да ұтқан жоқпын″, - дейді.

Сонда Протагор айтыпты: “Егер мен сотта сені ұтсам, онда сен төлейсің соттың шешімі бойынша, егер сен ұтсаң - онда бәрібір төлейсің, келісім бойынша″.

Оған Еватл былай депті: “Егер мен ұтылсам, онда төлемеймін, - келісім бойынша, ал егер ұтсам, онда төлемеймін соттың шешімі бойынша″.

Сократ ілімі.

Сократ (469-399 б. ғ. д. ) Афина қаласының қарапайым адамдарының жанұясында дүниеге келеді. Өз заманының халық силайтын, сонымен қатар, байлары мен билері үрейлене қарайтын ірі тұлғасы болса керек.

Сократ жөнінде тарихта әр түрлі пікірлер қалған Аристофанның “Бұлттар″ деген комедиясында Сократ “өтірікпен шындықты жеңетін″ софистердің біреуі деп қөрсетілсе, Ксенофон оны заңды сүйгіш, әдет-ғұрыпты силаған адам ретінде, ал оның оқушысы, шәкірті Платон ең ақылды кемеліне келген дана ретінді сүреттейді.

Сократ жазба еңбектерді қалдырмаған адам. Байлық қумаған. Сондықтан, өз заманының софистерін олардың ақиқатты тым салыстырмалы қылғаны үшін жек көрген.

Сократ софистердің “Адам-өлшем″ деген тұжырымдарымен келіседі, бірақ ол нақтылы, өз заманының пайда іздеген адамы емес, ол адам- тек ретінде алынғандағы адам.

Сонымен оны негізінен толғандыратын мәселелер : олар - адам табиғаты, оның терең мәні. Оның айтуынша, адамның терең мәні - оның жан-дүниесінде. Ал адамның жаны - ол оның ойлауға деген қабілеті, оның парасаты, адамгаршілікке негізделген жүрыс-тұрысы мен іс-әрекеті.

Адамды дене ретінде емес, сана ретінде түсіну керек. Ол өз-өзін санасы арқылы сынай алатын, ар-ұжданы бар тұлға. Олай болса, адамның жан-дүниесін тәрбиелеу қажет, оны өсіп-өндіруіміз керек. Өз қаласының адамдарына арнап ол былай дейді: сендер өз денелеріңді я болмаса байлықты, басқа керек заттарды бірінші ретте ойламаңдар, ең алдымен өз жан-дүниелеріңді тәрбиелеп өсіріп, тазалаңдар, өйткені ізгілік байлықтан емес, байлық пен басқаның бәрі ізгіліктен шығады, - дейді.

Сократың ойынша, ізгілік (даналық, әділеттілік, тұрақтылық, қанағаттылық т. с. с. ) әрқашанда білім, ал залымдық - надандық.

Классикалық кезең. Философияда ұлы жүйелерді жасаушылар.

Платон мен Аристотель.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Платон пікірі
Философия - ойлауға тікелей байланысты ғылым
Антикалық психология
Сократ, білім және білімсіздік туралы
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Софистика-философия және мәдениет құбылысы ретінде
Сократ пен Платонның этикалық ілімдері
Будда философиясы
Көне Грек философиясының ерекшеліктері
«киниктер» терминінің шығу тегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz