Шудан сақтану жолдары


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті»
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау
Пәні:Еңбекті қорғау.
Курс: 3
Тақырыбы:
"Шулы" технологиялық процесстерді төмендету және шу көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі енгізулері
Орындалу түрі: мәнжазба
Орындаған: Хожанова Әсем
Группа: 301 топ
Тексерген: Куспангалиева Г. С.
Ақтөбе 2017ж
Жоспары:
I. Кіріспе
Шу - амплитудасы және жиілігі әртүрлі болған тербелістер.
II. Негізгі бөлім
1. "Шулы" технологиялық процесстер.
2. Шу көздерін төмендету шаралары.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Шу - амплитудасы және жиілігі әртүрлі болған тербелісті айтамыз. Шу дегеніміз адам организміне механикалық тербелістің әсер етуі, тербелістің жиілігіне, интенсивтілігіне және берілу ортасына байланысты болады. Шудың адам организміне күнділікті әсер етуі кәсіби ауруларға әкеледі. Сонымен бірге, жүйке, жүрек, қан тамыры жүйесіне, қан тамыры қысымына, көздің көруіне әсер етеді. Шудың адам организміне ұзақ уақыт әсер етуі, бірнеше қолайсыз жағдайлардың пайда болуына әкеледі: көру, есту мүшелерінің жұмысы төмендеп қан қысымы көтеріледі.
Шудың зияндылық дәрежесі негізінен алғанда оның күшімен, жиілік құрамы мен - спектрімен, әсер ету ұзақтығымен және реттілігімен анықталады.
Жоғары жиілікті, яғни құрамында жоғары жиіліктегі дыбыстар басым болатын шу төменгі жиілікті шумен салыстырғанда едәуір зиянды. Сондықтан да шу күшінің шекті деңгейі оның жиілік құрамына қарай белгіленеді.
Негізгі бөлім
Шу дегеніміз адамға жағымсыз әсер ететін кез келген дыбыс. Адамның дыбысты қабылдауы оның жиілігіне, екпініне және қысымына байланысты. Дыбыстың қысымы деп, оның атмосфералық қысымнан жоғары айырмашылығын айтамыз. Дыбыстың қысымы паскальмен (Па) өлшенеді.
Дыбыстың екпіні деп дыбыс толқыны арқылы белгілі бір ауданнан белгілі бір уақытта өткен энергияны айтамыз. Ол Вт/м 2 пен өлшенеді.
Дыбыстың жиілігі дегеніміз оның бір секундтағы толқуының саны. Ол Герцпен (Гц) өлшенеді. Дыбыстың 1 секундтағы 1 толқуы 1 Гц тең.
Адамның жәй сөйлескендегі дыбыстың орташа деңгейі 40 децибелл болып есептеледі.
Өндірісте шудың шектелген мөлшері белгіленген. Ол, жиілігі төмен шулар-40-100 дб, жиілігі орташа шу-85-90 дб, жиілігі жоғары шу-75-85 дб дейін адамға зиянсыз.
Шудың деңгейін шу өлшегішпен (шумометр) өлшейді. Ойлау арқылы жұмыс істелетін бөлмелерде шудың мөлшері барлық жиілікте 60 дб-ден аспауы керек.
Шудан сақтану жолдары. Діріл және шуылдың пайда болуына әкеп соқтыратын: бұрғылау сораптары, зертхана қондырғылары, дозаторлық құрылғылар, дірілді алаңдар, құрылысмашиналары, компрессорлар және бульдозерлер және т. б.
Мұндай жердегі жұмыстарға жасы 18-ге толмаған және жүкті әйелдерді пайдалануға болмайды. Жұмыс істейтіндердің тағамдарының құрамында В витаминдері болуы керек. Дірілді жерде смена уақытының 2/3 бөлігінде ғана жұмыс істеуге болады және әр сағат сайын 10-15 минут демалыс жасалуы тиіс. Мұндай жұмыстарды бір сменадан артық қалып жасауға болмайды.
Еңбек режимін жасаған кезде дірілдің әсер етуі және онымен байланыссыз басқа жұмыстар орындау ұзақтығының қатынасы 1:2 қатынасынан кем болмау жағын қарастыру керек. Мысалы, қол машинасының санитарлық діріл нормасы 9 Дб-ға дейін артқанда машинананы жұмыс тәртібін 10 минуттан соң басқа жұмыстармен ауық ауық алмастыру пайдалы (10+20+10+20+10+20+10=100 мин) . Жұмыстың басқа уақытында (480-100= 380м) дірілмен байланыссыз жұмыс істеу қажет.
Бұл жұмыстарда жұмыс істеу үшін қосымша арнайы киімдер, мәселен, дірілден қорғайтын аяқ киім, қолғап, резеңке төсегіштер т. с. қолданылады (көкірекше, белдік, арнайы костюмдер) . дірілден қорғану қолғаптары жұмысқа ыңғайлы болуы шарт. Оның мықты материалы теріні тітіркенуден және ылғалдан сақтайды. Дірілден сақтану киімдерін таза теріден тігеді. Ол 11 Гц жоғары жиілікті өткізеді. Дірілден қорғану киімдері 16; 31; 5; 63 Гц және 7. . 10 дБ жиіліктермен өтеді.
Егер шуылды қалыпты жағдайға дейін азайту мүмкін болмаса, онда машина конструкциясына шуыл көзін оқшаулайтын немесе шуыл жұмысын жұтатын құрылғылар енгізіледі. Ол үшін шуыл тудыратын жабдықты тұтастай дыбыс оқшаулайтын қаптамаға салады және оның басқару жұмысын автоматтандырады: дыбыс оқшаулайтын қаптамада қажет тесіктердің ішін дыбыс жұтатын материалдармен қапталған каналдар түрінде орындайды.
Шу - экологиялық фактор
. Ауаны ластаудың ерекше бір түрі - шу. Ол зор әлеуметтік мәні бар факторға айналып отыр. 30 децибелге дейінгі әлсіз шу (жапырақтың сыбдыры, баяу естілетін музыка) адамға жайлы естілді, ал 20-120 децибелдін гүрсіл (жүк машинасының, реак-тивтік самолеттің, пневматикалық балғаның, дискотекадағы му-зыканың дыбысы) нерв жүйесін тітіркендіріп, адамның денсау-лығына да айтарлықтай зиян етеді. 60-70 децибелден басталатын даңғаза шу адамның есту қабілетін әлсіретеді, мұндай жағдай балаларда 45 децибелден кейін-ақ басталады.
80 децибелдік шу адамның ойлау қабілетін нашарлатады, артерия қысымының тербеліс өрісін арттырады, айналадағы өрістерді қабылдау қабілетін әлсіретеді. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі вегетативтік нерв жүйесін шайқалтып, қан айналымын бұзады, гипертонияға әкеп соқтырады. 90 децибелдік шу адамды мүлде саңырау етеді. Жалпы алғанда, шу адамның дене және рухани денсаулығына қатер төндіреді.
Адамның айналасындағы шу көздері толып жатыр және олар алуан түрлі. Олардың ең бастылары - транспорт құралдары, өнеркәсіп және тұрмыс кәсіпорындарының техникалық жабдық-тары, желдету, газ турбина және компрессор қондырғылары, самолет двигательдері мен іштей жанатын двигательдерді сынау станциялары, әр түрлі аэро-газ динамикалық қондырғылар.
Тұрғын үйлерде, мектептерде, ауруханаларда, халық тұратын және тынығатын орындарда едәуір шу байқалады. Бұл халықтың нерв жүйесін қоздырып, тынығуға кедергі жасайды.
Организмнің ерекшелігіне және шудың дағдылы көріністеріне қарай шу адамға түрліше әсер етеді. 40 децибелден төменгі шу психикаға әсер етеді деп есептеледі. Шудың тітіркендіруші әсері оның шамасына, спектрлік және уақытша сипаттамаларына байланысты.
Қазақстан өкіметінің территориясында қабылданған регламент бойынша аурухана мен санаторийларда 35 децибел тұрғын үй кварталдары класс бөлмелері жәнс оқу аудиториялары үшін - 40, стадиондар мен вокзалдар үшін - 60 децибел. Сонымен бірге транспорт құралдары үшін сыртқы шудың шекті нормасы белгіленген - 82-85 децибел.
Жиілігінің құрамына қарай барлық шуды төменгі жиіліктері орташа жиілікті, жоғары жиілікті деп 3 класқа беледі. 1. Төменгі жиілікті шу (дыбыс өткізбейтін кедергілерден - қабырғалардан, тосқауылдардан өтетін баяу жүрісті, соққысыз агрегаттардың шуы) - спектрдегі ең көп деңгей 300 Гц жиіліктен төмен. Шекті деңгейі - 90-100 децибел. 2. Орташа жиілікті шу (көптеген машиналардың, станоктар және соққысыз агрегаттардың шуы) - спектрдегі ең көп деңгейі 85-90 децибел. 3. Жоғары жиілікті шу - соққысызды агрегаттар, жоғары жылдамдығы ауыр ауа мен газдар ағымы шығаратьш сыңғырлаған, ызыңдаған, ысылдаған шу - спектрдегі ең жоғары деңгейі 800 Гц жиіліктен кеп орналасқан. Шекті деңгейі 75-80 децибел.
Осы үш класқа жататын шудың бірінде де сөздің түсінікті бо-луы көрсетілгсн. Шекті дсңгей мен спектрдің қосымша міндетті -шарты болып есептелінеді, атап айтқанда бір қалыпты шыққан дауыс сөйлеушіден 1, 5 м қашықтықта жақсы естілуі тиіс.
Шудың деңгейі объективті шу өлшеуішпен - ал жиілік -спектрлері - тілкемді сүзгілері немесе анализаторлары бар шу өлшеуіштері мен өлшенеді.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz