Тәржіман газеті


I. тарау. Ы. Ғаспыралы өмірбаяны
Ысмайыл Ғаспыралы (1851 ж. наурыздың 21 - 1914 ж. қыркүйектің 24) - Қырымның зиялы азаматы, саясаткері, ағартушысы, қаламгер, газет редакторы, баспахананың құрушы мен бастығы. Ресейдің бүкіл мұсылмандарының және дүниежүзілік түркі тілдес халықтары арасында қадірменді адам ретінде тірі кезінде де еді, қайтыс болғаннан соң да түркі әлемінің ерекше азаматы ретінде тарихта қалды. Түркі тілдес халықтарының бірлігі және дамуы үшін, демократиялық өзгерістер үшін, халықтың сауатын ашылуы үшін шыққан, халықтың қамын ойлаған азамат, жәдитшілік қозғалысының қайраткері.
Қазіргі Украинаның Қырым автономиялық облысының Бақшасарай ауданында Ауджикөй ауылында дүниеге келген. Әкесі бай емес, бірақ ақсүйектерден шыққан, Ресей әскері Мұстафа Ғаспыралы еді. Мұстафа Ғаспыралы Қара теңіздің жағасындағы Ғаспыра деген ауылында туған, соңдықтан өз тегін Гаспринский деп жазып жүрді. Анасы - Фатима - Сұлтан-ханым еді. Бақшасарай медресесінде бастауыш білімін алды. 1861 жылы Ақмешіттің (орыс. Симферополь) орыс мектебіне түскен. Кейінгі үш жыл ішінде, 1867 жылына дейін Воронежтағы әскери училищесінде және Мәскеудегі 2-ші әскери гимназиясында. Гимназияда оқыған кезде Михаил Катковтың үйінде тұрған. 1868-1871 жылдарында Бақшасарайдағы Зінжірлі медресесінде және Ялтадағы Дерекөй медресесінде дәріс берген. Балаларды оқытқан кезде білім берудің жаңа тәсілін жетілдірді. Бұл оқиға жәдидизм қоғамдық-саяси қозғалысының бастауы еді. 1871-1873 жылдары Парижда тұрған, үнжария-журнал жарнама агенттігінде жұмыс істеген. Орыс жазушысы Иван Тургеневтың жеке хатшысы еді. Орыс газеттері үшін мақалаларын жазуды бастады. 1873-1875 жылдары Ыстамбұлда тұрған. 1878 жылы наурыз айында Бақшасарай қалалық думасының басшысы болып сайланады, ал қараша айында - қала әкімшілігінің басшысының орынбасары болып тағайындалады. 1879-1884 жылдарында Бақшасарай қаласының басшысы болып істейді. Қарапайым халық үшін ауруханасын ашқан, қалада көшедегі электр шамын орнатты. 1905 жылы Ресей Мемлекеттік Думасының бірінші шақыруының депутаты болып сайланды, Думада мұсылмандардың "Иттифак-и-муслимин" деген депутат тобын ұйымдастырған. Армяндар менен әзірбайжандар арасында қақтығыстар басталғанда, екі жақты қанды ұрысты тоқтату үгітін жасаған. 1914 жылы Бақшасарайда қайтыс болған.
1. 1 Журналист және қоғам қайраткері
1883 жылынан бастап Бақшасарайда «Тәржіман» газетін шығарды. Бұл газет көптеген адамдарын санасын оятты, татар, қазақ, өзбек тағы басқа халықтарының зиялы қауымының ойларына әсер еткен еді. Қазақ ғұламасы, философ, ақын, тарихшы Шәкәрім де оны өзінің Абайдан кейін екінші ұстазы ретінде саналаған. «Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі» кітабында былай деп жазады:Онан (Абайдан) соңғы ұстазым «Тәржіман» газетінің иесі Ысмайыл Гаспринский десем, бек дұрыс, сол кісінің газетін оқып, бек көп айдаландым. Алла екі дүниеде мақсатыма жеткізсін, әмин. «Тәржіман» газеті арқылы Ысмайыл Ғаспыралы екі біріктірген идеяларын насихаттанды. Тарихшылар Ысмайыл Ғаспыралыны жәдитшілік және түркі тілдес халықтарының біріктіру идеяларының негізін қалаушыларының бірі деп санайды. Ысмайыл Ғаспыралы, біріншіден, мұсылман білім беру жүйесінің өзгерткісі келді. Кейін, тіпті мұсылман әлемінде кейбір өзгерістерін өткізіп, тұрмысын жаңа заманға сай келтіргісі еді. Екіншіден, бүкіл түркі тілдес халықтарын біріктіріп, түркі әлемі өркениетін дамытқысы келді. Ысмайыл Ғаспыралының: «Тілде, пікірде, істе бірлік» деген сөздері сол идеяларын қолдайтын қозғалысының ұраны болып қалды.
Ғаспыралының идеяларының бір бөлігі - еркектер мен әйелдердің құқықтарының теңдігі үшін күрес еді. Соңдықтан, Ғаспыралы әйелдерге арналған «Алем-и нисван» («Әйелдер әлемі») журналын шығарды. Балаларға да арналған «Алем-и субьян» («Балалар әлемі») журналы шығарды. Бұл журналдың мақсаты - балаларды жаңа тәсілімен оқыту, олардың жастайынан санасын ашу, ұлтсүйер сезімдерін ояту еді. Арада, Ғаспыралы «Миллет» («Ұлт») әр апта сайын шығатын газетін, «Ха-Ха» сатирикалық журналын, діни күнтізбелерін шығарған. Өз кітаптарын да жеке баспаханада басып шығарған.
1. 2 “Тәржіман” газеті
«Тәржіман» газеті 1883 жылғы көкек айының 10-күнінен бастап 1918 жылдың ортасына дейін Қырымның Бақшасарай қаласында шығып тұрды. Бұл мерзімді баспасөз - ресей патшалығына қараған төрүк тілдес ұлт пен ұлыстардың арасында тұңғыш жарық көрген ізашар газет болуымен құнды. Басылымның редакторы әрі шығарушысы - әйгілі журналист, жазушы, ғалым, көп қырлы талант иесі Ысмайыл Ғаспыралы (Исмаилбей Гаспиринский) . Ол «Тәржіманды» өзі түзген араб графикасындағы әліпбиі негізінде «Тілде, істе, пікірде бірлік!» ұранымен күллі түрік жұртына ортақ рухани пәрменді құрал деңгейіне көтеруді көздейді. Бұл алдына қойған мақсатына Ысмайыл Ғаспыралы жетті.
«Тәржіман» газетінде жалпы түрік тілі мәселелерін сөз еткен: «Түркі тілінің ерекшелігі», «Мемлекеттік тіл жөнінде», «Түркі тілі және оның адамзат қоғамына қосатын үлесі» т. б. ғылыми-проблемалық мақалалар жазды. «Тәржіманда» қазақ халқының мәдениеті мен тарихын, экономикасын арнайы сөз ететін кептеген материалдары жарияланды. Мысалы: «Қазақтар», «Торғай Һәм Орал облыстарындағы қазақтардың жағдайы», «Орыс қоныстанушылары мен жергілікті қазақтардың хұқы», «Қазақтар және отарлау саясаты», «Тұтас халықтың қырғыны».
1. 3 “Тәржіман” газетінің қазақ халқымен байланысы
«Тәржіман» газеті мен оның шығарушысы Гаспринскийдің Абай назарынан тыс қалуы мүмкін емес. Өйткені, бүл газет ақын ауылына келіп тұрған. Бұған Шәкәрім Құдайбердиевтің: «Алдында өткен, тәрбиесін керген Абайдан соңғы ұстазым - «Тәржіман» газетінің иесі Ысмағұлбек Гаспринский десем бек дұрыс. Анықтық үшін сол кісінің газетін оқып, бек көп пайдаландым . . . » - деген сөздері дәлел («Түрік, қырғыз-қазақ Һәм хандар шежіресі», Орынбор, 1911) . Бұл газет ақынның Семейдегі мемл. әдеби-мемориал. қорық музейінде сақтаулы. Ахмет Байтұрсынұлы ағадан жарылып: " . . . Сол күннен бастап өршіп көбейген Ресей мұсылмандары арасында бес алты мыңға жуық тәртібі бастауыш мектептің бәрінен үлгілісі Гаспирский мектебі еді. Бұл күнде төте оқу үшін шығарылған неше түрлі әліппе болса, бәрі де үлгіні Гаспирский шығарған әліппеден алған еді. Бұл күнде он мыңға жуық мұғалімдердің бас ұстазы, жол басшысы Гаспирский жанашырлары еді . . . " (Қазақ газеті, 1914 жыл), - десе, Мұхаметжан Сералин Ысмайыл Ғаспыралының жамбасы жерге тиген 1914 жылғы қыркүйектің 12-сі күнгі қаралы хабарды естіп" . . . Ресей мұсылмандары бірін бірі танымай, өздерінің де кім екендігіне түсіне алмай жатқан, не дүниеден, не ғылымнан, не өнерден құр алақан бір халық еді. Бұлардың ел екендігін, жұрт екендігін есіне салған біздің мұсылман дүниесінен басқа дүние барлығын көрсеткен, ол басқа дүниедағы білім-өнердің түбі біздің мұсылман бабаларымыздың қолынан шыққандығын білдірткен, он жыл оқып, бір жыл дұрыс хат жаза білмейтін елді бір жылы жазу тануға мүмкін екендігін үйреткен. "Тілсіз жұрт дүниеде тіршілік ете алмайды" деп, жұрттың өз тілін өзіне қадірлі екендігін аңдатқан марқұм Ысмағұлбек Гаспирский еді. Газет көтерген өзекті тақырып: түркі халықтарының тағдыр-тауқыметі, олардың тілі, діні, әдет-ғұрпы, жер-суы, өткен тарихы мен ауыз әдебиеті үлгілерінің нұсқаулары, шешендік өнері мен ақын жазушылары, елдік салты мен дана ғұламалары болды. Олардың басым көпшілігінің осы уақытқа дейін мінін жоймаған, ділгір мәселелер екенін көреміз. "Тәржіман" газеті туысқан түркі тілдерінде шығып тұрған сол кездегі баспасөз материалдарымен өзінің "Милләт мәтбугат", яки "Ұлттық баспасөз" айдары арқылы оқырмандарын үнемі хабардар етіп отырды. Бұл ретте қазақ баспасөзі де "Тәржіман" назарынан тыс қалған емес. Мысалы "Қазақ" газеті мен "Айқап" журналының дүниеге келуін айдай әлемге жар салып, сүйінші сұрап, жария қылуы Исмайылбек Гәспірәлінің бастаған касиетті жұмысының жалғасын тапқанына шын қуанған, мақтаныш сезімін білдірсе керек.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1) Ганкевич В. Ю. Исмайл Гаспринский өмірбаяны(1851-1914) . 2000ж
2) Нұртазина Н. Ресейдің көп ұлтты Түркістанда жүргізген отарлық саясаты 1994.
3) Гаспринский И. Ойлар мен түрткілер және арманшылдық, 1896ж
Қорытынды
Ысмайыл Ғаспыралы - XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы түркі-татар әлемінің жаңаша бір құбылысы. Бүгінде оның есімі білімділіктің, ержүректік пен шындықтың символы ретінде аталады. Жалпы, бүкіл түркі әлемі үшін Исмаил Гаспринскийдің орны ерекше. Ол туысқан түркі халықтарының басын біріктіруді өмір бойы аңсаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz