Ұлы отан соғысы. Соғыстың алғышарттары



1 «Ұлы Отан соғысы» ұғымы
2 Соғыстың алғышарттары: Германия
3 Соғыстың алғышарттары: КСРО
3.1 КСРО.ның жалпы жағдайы
3.2 КСРО.ның 1939.1940 жылдардағы кеңеюі
3.3 Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері
3.4 Кеңес Одағының соғысқа дайындық ретінде жасаған шаралары
3.5 Алдын алу соғысына дайындық туралы болжам
4 Шайқастары және операциялары
5. Әдебиеттер
Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финландия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі.[өңдеу]
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).
Соғыстың алғышарттары: Германия
1929 жылы басталған бүкілдүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарынан 1933 жылы Германияда билік басына NSDAP («Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы») келді. Германияда Бірінші Дүниежүзілік соғыста жіберіп алған есесін қайтаруға дайындыққа кірісіп кетті.
Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) жүргізген араласпау саясатының арқасында Германия өзіне Версаль келісімінде қойылған талаптарды орындауды мүлдем тоқтатты. Оның үстіне АҚШ-тың компаниялары Германияның қарулануына қолайлы жағдай жасаған қаржы және материалдарды жіберіп отырды. 1926-33 жылдары Кеңес Одағын Липецк және Қазан қалаларындағы полигондарда герман қарулы күштерінің офицерлерін дайындауға атсалысты.
1936 жылы Германия Версаль келісімінің бір бабын бұзып, Рейн аймағына әскерлерін кіргізді. Сол жылы ол Испаниядағы азамат соғысына араласып, бүлік шығарған Франконың әскерлеріне әскери қолдау көрсете бастады.
1933 жылы билік басына ұлтшыл-социалистер келгеннен кейін Германияда антикоммунистік және антикеңестік көзқарастар күшейе бастады. 30-шы жылдардың ортасынан бастап герман үкіметі міндетті түрде жақын арада КСРО-мен соғыс болатыны туралы жариялай бастады. Германияның әскери доктринасы Кеңестер Одағын ықтимал қарсылас ретінде қарастыра бастады. 1938 жылы герман армиясында ЖШҚӘ-нің («Жұмысшы және шаруалардың Қызыл Әскері») әскери техникасы, әскери қызметкерлерініңайырым белгілері және тактикасы зерттеле бастады.
1938 жылдың наурыз айында Австрияда референдум өткізіліп, Германия оны өзіне қосып алды (қараңыз: Аншлюс). 1938 жылы Германия, Италия, Англия мен Франция арасында жасалған Мюнхен келісімі бойынша Германияға Чехословакияның Судет аймағында тұратын немістерді қорғау мақсатымен сол аймақты өзіне қосып алуға рұқсат берді. Кейін Германия Чехословакияның қалған бөлігін де оккупациялады (Польшаның қатысуымен).
http://publicist.n1.by/history/1940/history_1940-07-31_1.html
↑ http://publicist.n1.by/history/1941/history_1941-05-01_1.html
↑ «Великая Отечественная война Советского Союза 1941—45», БСЭ, 3-е издание
↑ http://publicist.n1.by/conspects/conspect_muller-gillebrand.html
↑ http://www.rosculture.ru/milestones/day/show/?id=13993
↑ http://www.goldentime.ru/nbk_10.htm
↑ http://militera.lib.ru/research/cheryshev_ns/index.html
↑ Пётр Григорьевич Григоренко. Сокрытие исторической правды — преступление перед народом! (Письмо в редакцию журнала «Вопросы истории КПСС»), http://www.lib.ru/POLITOLOG/grigorenko.txt
↑ А. А. Власов — Почему я стал на путь борьбы с большевизмом. Открытое письмо генерал-лейтенанта А. А. Власова [prev. in:] Заря, 3 марта 1943 г. http://www.mochola.org/russiaabroad/vlas_pismo.htm

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1 Ұлы Отан соғысы ұғымы
2 Соғыстың алғышарттары: Германия
3 Соғыстың алғышарттары: КСРО
3.1 КСРО-ның жалпы жағдайы
3.2 КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы кеңеюі
3.3 Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері
3.4 Кеңес Одағының соғысқа дайындық ретінде жасаған шаралары
3.5 Алдын алу соғысына дайындық туралы болжам
4 Шайқастары және операциялары
5. Әдебиеттер

Ұлы Отан соғысы (1941 -- 1945) -- Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финландия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі. [өңдеу]
Ұлы Отан соғысы ұғымы
Ұлы Отан соғысы ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде ұлы және отан деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. Ұлы Отан соғысы сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған шығыс майдан деген ұғымға жақын).
Соғыстың алғышарттары: Германия
1929 жылы басталған бүкілдүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарынан 1933 жылы Германияда билік басына NSDAP (Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы) келді. Германияда Бірінші Дүниежүзілік соғыста жіберіп алған есесін қайтаруға дайындыққа кірісіп кетті.
Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) жүргізген араласпау саясатының арқасында Германия өзіне Версаль келісімінде қойылған талаптарды орындауды мүлдем тоқтатты. Оның үстіне АҚШ-тың компаниялары Германияның қарулануына қолайлы жағдай жасаған қаржы және материалдарды жіберіп отырды. 1926-33 жылдары Кеңес Одағын Липецк және Қазан қалаларындағы полигондарда герман қарулы күштерінің офицерлерін дайындауға атсалысты.
1936 жылы Германия Версаль келісімінің бір бабын бұзып, Рейн аймағына әскерлерін кіргізді. Сол жылы ол Испаниядағы азамат соғысына араласып, бүлік шығарған Франконың әскерлеріне әскери қолдау көрсете бастады.
1933 жылы билік басына ұлтшыл-социалистер келгеннен кейін Германияда антикоммунистік және антикеңестік көзқарастар күшейе бастады. 30-шы жылдардың ортасынан бастап герман үкіметі міндетті түрде жақын арада КСРО-мен соғыс болатыны туралы жариялай бастады. Германияның әскери доктринасы Кеңестер Одағын ықтимал қарсылас ретінде қарастыра бастады. 1938 жылы герман армиясында ЖШҚӘ-нің (Жұмысшы және шаруалардың Қызыл Әскері) әскери техникасы, әскери қызметкерлерініңайырым белгілері және тактикасы зерттеле бастады.
1938 жылдың наурыз айында Австрияда референдум өткізіліп, Германия оны өзіне қосып алды (қараңыз: Аншлюс). 1938 жылы Германия, Италия, Англия мен Франция арасында жасалған Мюнхен келісімі бойынша Германияға Чехословакияның Судет аймағында тұратын немістерді қорғау мақсатымен сол аймақты өзіне қосып алуға рұқсат берді. Кейін Германия Чехословакияның қалған бөлігін де оккупациялады (Польшаның қатысуымен).

1939 жылдың қысында Германия Польшаға Данциг мәселесін шешуді ұсынды. Польша бас тартты. Һитлер осы мәселені Польшаға қарсы соғысу үшін қолданды.
1939 жылғы тамыз айында Германия мен Кеңестер Одағының арасында шабуыл жасаспау туралы келісім жасалды. Келісімнің құпия қосымшасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны өзара ықпалдар аймағына бөлісіп алды.
1939 жылғы қыркүйектің 1-інде Германия Польшаға қарсы соғыс бастады. Бұдан кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялап Польшаға қолдау көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті. Герман әскерлері 2 аптаның ішінде поляк қарулы күштерін талқандап, поляктар қоныстанған шығыс шекарасы Керзон сызығына дейін жетті.
1940 жылы Германия Дания мен Норвегияны (Дания-Норвегия операциясы), сосын Бельгия, Недерланд, Люксембургті және Францияның жартысын жаулап алды. Франция тізе бүгуге мәжбүр болды (Франция жорығы).
Францияның тізе бүгуінен кейін Ұлыбритания Германияның жалғыз қарсыласы болып қалды. Германия оған бітім жасасуға ұсынды, бірақ Ұлыбритания бұл ұсынысты қабылдамай тастады. 1940 жылғы шілденің 16-сында Һитлер Ұлыбританияның жеріне басып кіруді ұйымдастыру туралы директиваға қол қойды (Теңіз арыстаны операциясы). Бірақ герман Әскери теңіз күштерінің басшылығы британиялық теңіз күштерінің қуатының зор екендігіне және вермахтта десанттық операциялар тәжірибесінің жоқтығын тілге тиек етіп, Әскери әуе күштерінің әуеде басымдылыққа ие болуын талап етеді. Ұлыбританияның әскери-экономикалық әлеуетін әлсірету үшін, халқының сағын сындыру үшін, басып кіруге дайындық үшін және британиялықтардың қарсыласуға деген еркін жою үшін 1940 жылдың тамызынан бастап немістер британиялық қалаларды әуеден бомбылау науқанын бастайды (Британия шайқасы).
Ағылшындар бомбылаудың нәтижесінде бейбіт тұрғындардың арасында көп адам шығынын бастан кешіруге мәжбүр болса да, олар неміс әскери әуе күштерін көп шығынға ұшыратып, Британия шайқасынан жеңімпаз болып шықты. 1940 жылдың желтоқсан айынан бастап ауа райының күрт нашарлауынан герман ӘӘК (Лүфтваффенің) шабуылдарының қарқыны қатты бәсеңсіді. Немістер өздерінің басты мақсаттары -- Ұлыбританияны бітімге келуге мәжбүр етуге қол жеткізе алмады.
1940 жылғы шілденің 31-нде жоғарғы әскери басшылықпен өткізген кеңесінде Һитлер Ресейді 1941 жылдың көктемінде талқандау керек, себебі егер Ресей талқандалса, онда Ұлыбританияның соңғы үміті өшеді, сөйтіп ол да тізе бүгуге мәжбүр болады деп жариялады[1]. 1940 жылдың шілде-желтоқсан айларында КСРО-мен соғыстың бірнеше жоспары қарастырыла бастады, соның ішінде ОКҺ-ның (әскердің бас штабы), генерал Э. Маркстың, Зоденштерннің жоспарлары және тағы басқа жоспарлар қарастырыла бастады. Көп талқылаудың, әскери-штабтық ойындардың және Һитлердің өз кеңсесінде, құрлық әскерінің штабында және басқа да штабтарда өткізілген талқыласулардың нәтижесінде 1940 жылғы желтоқсанның 5-інде генерал-полковник Ф. Гальдер ұсынған жоспардың (Отто жоспары) түбегейлі жобасы мақұлданды.
1940 жылғы қыркүйектің 27-сінде Германия, Италия мен Жапония Үштік пакт деп аталатын келісімге қол қойды. Ол келісім бойынша осы елдер ықпал жүргізу аймақтарын бөлісіп алып, өзара әскери көмек көрсетуге келісті. 1940 жылдың қараша айында өткізілген кеңес-герман келіссөздерінде неміс дипломаттары осы пактқа қосылуды Кеңестер Одағына да ұсынды. Кеңе үкіметі егер Германия Кеңестер Одағының өз әскерлерін Румыния, Болгария, Финляндия және Түркияға енгізуге келіссе, онда қосылуға дайынбыз деп жауап берді. Немістер бұл шартқа келіспеді.
Осыдан кейін Гитлер КСРО-ға шабуылдың жоспарын бекітті. 1940 жылғы желтоқсанның 18-нде қарулы күштердің (ОКВ-ның) бас қолбасшылығы Һитлердің өзі қол қойған, КСРО-мен болайын деп жатқан соғыстың негізгі мағынасы және стратегиялық бағыт-бағдары баяндалған № 21 директиваны жіберді (Барбаросса жоспары). КСРО-мен соғыстың жоспары 1941 жылғы қаңтардың 31-інде шығарылған Әскерлерді стратегиялық топтау мен орналастыру туралы директива деген директивада егжей-тегжейлі баяндалды. Оған қол қойған құрлық әскерінің бас қолбасшысы В.Браухич болды.
1940 жылдың аяғында неміс әскерлерін басып алынған Польшаның жеріне жылжыту басталды. Сонымен бірге осы әскерді жылжыту Ұлыбританияға басып кіруді бүркемелеуге арналған операция ғана деп Кеңес үкіметін алдап-арбауға бағытталған дезинформация науқаны басталды.[2]
Қарашаның 20-сында Үштік одаққа Венгрия, қарашаның 23інде -- Румыния, қарашаның 24-інде -- Словакия, 1941 жылы -- Болгария, Финляндия және Испания қосылды.
1941 жылғы наурыздың 25-інде одаққа Югославия да қосылған болатын, бірақ наурыздың 27-сінде британиялық жансыздардың түрткісімен Белградта әскери төңкеріс орын алып, билік басына Симовичтың үкіметі келді. Ол үкімет жас ІІ-ші Пётрді патша деп жариялап, Югославияның бейтараптығын жариялады. сәуірдің 5-інде Югославия КСРО-мен достық және шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қояды. Германия соны болдырмау үшін Югославияда әскери жорық өткізіп, Грекияда жеңіліске ұшырап жатқан Италия әскерлеріне көмектесуді шешеді. Сол себепті КСРО-ға шабуыл кейінге ысырылды.
1941 жылғы сәуірдің 6-сында ірі қалаларды, темір жол желілерін және аэродромдарды жойқын бомбылағаннан кейін Германия мен Венгрия Югославияға басып кірді. Осы кезде италиян әскерлері немістердің қолдауымен Грекияда шабуылға көшті. Югослав әскері сәуірдің 17-сінде тізе бүкті.
Югославияны талқандағаннан кейін немістер мен италияндықтар бар күштерін Грекияға тастады. Афины қаласы сәуірдің 27-сінде жау қолына түсті.
1941 жылғы мамырдың 1-інде Һитлер КСРО-ға шабуыл маусымның 22-сінде бастауды түбегейлі шешті.[2]
Германияның экономикасы мен бар тіршілігінің милитаризациясы, жаулап алған елдерінің өнеркісібі мен стратегиялық қорларының немістердің қолына түсуі, жаулап алынған және одақтас елдердің арзан жұмыс күшін қолдану Германияның әскери-экономикалық қуатының елеулі түрде артуына әкелді.

Ұлы Отан соғысының қарсаңында Германияның өзінде және жаулап алынған елдер мен одақтас елдерде жылына 439 млн тонна көмір, 31.8 млн тонна болат өндіріліп, 11 мың зеңбірек пен миномет, 11 мың ұшақ шығарылатын[3], ал 1941 жылдың 1-ші жартысында 1 621 танк пен өздігінен қозғалатын артиллерия қондырғысы шығарылды[4]. Бұл деректерден Германияның өнеркәсіп қуаты жағынан КСРО-ның үстінен басымдылыққа ие болғандығы анық көрінеді. Бірақ қару-жарақ шығару жағынан Германия дәл сондай басымдылыққа ие болған жоқ.
КСРО болашақта болатын жойқын соғысқа 30-шы жылдардың басынан бастап дайындала бастаған болатын. Тек ауыр өнеркәсіп қана емес, өмірдің түрлі-түрлі жақтары, идеология, бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті орта білім беру салалары да милитаризацияланды.
Жеделтелген индустриализацияның арқасында 30-шы жылдары КСРО-да қуатты ауыр өнеркәсіп пайда болды. Ол жедел түрде қару-жарақ өндірісіне ауыса алатындай етіп ұйымдастырылды. Бірақ соған қарамастан болат, шойын қорыту, көмір, электр энергиясын, химиялық өндіріс сияқты салаларда Кеңес Одағы Германиядан артта қалып отыр еді. Үшінші Рейхтың қолына бүкіл Батыс және Орталық Еуропаның өнеркәсібі түскен соң бұл артта қалу тереңдей түсті. Кейбір техникалық бағыттарда да Кеңес Одағы Германиядан артта қалған еді. Әсіресе байланыс құралдарын және автомобиль көліктерін жасап шығару жағынан. Кеңес халқының басым көпшілігі (66 пайызы) білім деңгейі төмен дәрежедегі шаруалар болатын, ал Германия әлдеқайда урбанизацияланған, индустриализацияланған ел еді. Көптеген өнім түрлерін жасап шығарудан Кеңес Одағы Германияны артта қалдырған болатын (танкілер, ұшақтар, артиллериялық қару-жарақ, минометтер, оқ атар қару сияқтылар). Кеңес Одағының осал жағы -- әскердің байланыс және басқару құралдарымен жарақтануы төмен деңгейде болды. Бұл жағынан Германиядан артта қалу елеулі болатын.
Бір айта кетерлігі -- КСРО-да негізгі өндірістік қорлары мемлекеттік меншікте болғаны себебінен және КСРО экономикасы мемлекеттің қатаң қадағалауында болғандықтан өнеркәсіптің милитаризация деңгейі мен соғыс жағдайында жұмыс атқаруға қабілеті Германия экономикасына қарағанда әлдеқайда жоғары болатын. Ал Германияның экономикасы жұмылу деңгейі жағынан 1944 жылы тотал соғыс жарияланғаннан кейін ғана кеңес экономикасына жақындай алды. Сондықтан соғыстың басында КСРО экономикасының тиімділігі жоғарырақ деңгейде болды.
КСРО-ның партиялық жетекшілігінің Азаматтық соғыс кезінде қалыптасып, төтенше жағдайларда шаруашылық және әскери басқарудың мол тәжірибесіне ие болғанын да естен шығармау керек. Экономикасы қатаң орталықтандырылған, жетекшілігі төтенше шаралар арқылы іске асырылатын, жеке меншік атымен жоқ КСРО соғысқа Германияға қарағанда әлдеқайда ұтымды жағдайда болды. Осы себептер КСРО-ның сол соғыста жеңіске жеткенінің себептерінің бірі болды.
Соған қарамастан ЖШҚӘ өзінің жерінде ірі қорғаныс соғысын жүргізуге дайын еместігін көрсетіп алды. Кейінірек кеңестік тарихнамада бұл әскери құрылыста, соғыстың басталу уақытын анықтауда жіберілген қателік, әскерді мемлекеттік шекараның маңында орналастыруды кешеуілдету деп аталды[5].

1937-1938 жылдары орын алған жаппай қуғын-сүргіннің нәтижесінде ЖШҚӘ-нің басқару буыны ауыр шығынға ұщыраған болатын. 5 маршалдың 3-еуі, 15 армия генералының 13-і, 9адмиралдың 8-і, 57 комкордың 50-і, 186 комдивтің 154-і, 16 әскер комиссарының 16-сы, 28 корпус комиссарының 25-і атылу жазасына кесілді. Әскери округтар мен әскери құрамалардың басына жас, тәжірибесіз басқарушылар тағайындалды. Мысалы, соғыс басталған кезде 17 әскери округ басшыларының 7-еуі, 17 округ штаб басшыларының 4-еуі өз қызметтеріне тағайындалғандарына жарты жыл толмаған еді. 20 армия қолбасшыларынан 13-інің тағайындалғандарына жарты жыл толмай, тек 2-еуі ғана жылдан астам уақыт бұрын тағайындалды. Командирлердің 70%-ының (полк командирінен жоғары) және сол деңгейдегі саяси жұмысшылардың 75%-ының жұмыс стажы (өтілі) жылға жетпеген еді[6] [7] .
Зерттеушілердің пікірінше, қуғын-сүргін әскердің қорғаныс қабілетіне кері әсерін тигізді[8]. Олардың пікірінше кадр тазалаулары әскердің моралдық жағдайына кері әсер етіп, кейбір азаматтардың Ұлы Отан соғысы кезінде жау жағына өтулерін қуғын-сүргінмен жуып-шаюларын мүмкін етті.[9]
30-шы жылдардың жаппай қуғындарына тікелей қатысқан Молотовтың пікірінше, егер 30-шы жылдардың оқиғалары орын алмағанда соғыстың кезінде сатқындар мен коллаборационистердің саны әлдеқайда көп болар еді[10].
30-шы жылдардың аяғында өткізілген ЖШҚӘ-нің инспекторлық тексерістерінің нәтижесінде ондағы әскери тәртіп пен әскери дайындықтың өте төмен деңгейде болғаны анықталды. ЖШҚӘ-нің басқарушы буынының білім деңгейі де төмен болғандығы анық болды. Кеңес өнеркәсібі қамтамасыз еткен қуатты әскери техниканың көптігі де осы кемшіліктердің орнын толтыра алмады. Қару-жарақтың, әсіресе танк және ұшақ соққы қосындарындағы қару-жарақ мөлшері бойынша КСРО 30-шы жылдардың ортасында-ақ барлық басқа елдердің әскерлерінен де көп еді. Бірақ соғыстың басында ЖШҚӘ-нің әскери дайындығы оның қару-жарағының молдығына сай келмеді.
КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы кеңеюі
Германия мен Кеңестер Одағының арасындағы өзара шабуыл жасаспау туралы келісім бойынша Орталық Еуропаның бөлінуі. Сол жағында -- 23 тамыздағы протоколдар бойынша болжалғаны, оң жағында -- іс жүзінде болған бөлініс. Сарғыш түспен КСРО-ға кететін жерлер, көк түспен Германияның үлесіне тиген жерлер, күлгін түспен Германия басып алған жерлер боялған (Варшава генерал-губернаторлығы мен Богемия және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары және басталуы
Тарихи білімді қалыптастыру
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Отан соғысы майдандарында
Қазақстанда XX ғасырдың 40 жылдарындағы білім беру тарихын жүйелеудегі Ә.Сембаевтың еңбегі
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы туралы
Ежелгі және орта ғасырлардағы Русь (ІХ ғ.-ХҮІ ғ. басы)
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары
Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары
Пәндер