Қонақ үйде орналастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. Қонақ үйдің қоғамдық бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Қонақ үйді функционалды тағайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Қонақ үйдің тұрғын үй бөлмелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3. Қоғамдық тамақтану бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2. Қонақ үйдегі қоғамдық орындар және оларды қоғамдық пайдалану ... ..13
2.1. Қонақ үйде орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2. Қоғамдық орындарда тазалық сақтау жұмыстарын ұйымдастыру ... ... ... ...15
2.3. Қоғамдық орындарда қызмет түрлеріне мінездеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Бүгінгі таңда қонақ үй туризмнің маңызды саласының бөлігі болып саналатын қонақжайлық өнеркәсібінің құрамды бөлігі болып табылады. Қонақ үй қызмет көрсетулерін өндіру мен тұтынуда сапа аса үлкен маңызға ие болады. Сапалы қызмет көрсетусіз қонақ үй өзінің мақсат-мүдделеріне жете алмайды. Сонымен қатар орналастыру құралдарын категориялау мәселесі сапаны басқару көзқарасы тұрғысынан аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осыған орай дүниежүзілік тәжірибеде орналастыру құралдарын категориялау мәселесін шешуде бірнеше бағыт белгіленген. Қонақ үй бизнесін басқаруда маңызды мәселелердің бірі болып кадрлар мәселесі табылады. Қонақ үй қызмет көрсетуінде қызметкерлердің мәдени түрде қызмет көрсете білуі адам рерсурсының маңыздылығын растайды.
Қонақ үй кәсіпорындарының сауатты басшылығының байқауынша тұтынушылардың қатынасы көп жағдайда қызметкерлердің көңіл күйіне байланысты болады екен. Олар ішкі маркетингті жүргізіп, жоғары сапалы қызмет көрсеткені үшін қызметкерлерді марапаттау мен оларды қолдау жүйелерін жасап шығарады. Сонымен қатар түрлі зерттеулердің көрсетуінше үлгілі қонақ үй стратегиялық жоспарлау жүйесінің бар болуымен, басшылықтың қызмет көрсету сапасын өсіруге ұмтылуымен, тұтынушылардың арыздарын қанағаттандыру жүйесін қамтумен сипатталады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қонақ үйдегі қоғамдық бөлім дәліз, вестибюль сияқты, жайлы және ыңғайлы құрылған қонақ үйдегі ең бірінші өкіл. Дәлізде ешқандай да жиһаздың болуы міндетті емес, себебі адамдардың еркін қозғалысына кедергі келтірмес үшін. Дәлсіздің екі есептелініп жасалынады, себебі екі адам қолдарындағы чемодандарымен еркін кездесе алмаулары үшін. Ашылытын есіктер қонақтар мен қызметкерлер өтетін жолға кедергі жасамауы керек.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: қонақ үй холы қабылдау қызметін онда келуші туристер тобының жиналуына немесе келушілерге жиі қызмет көрсетеді. Холдың кең болуы міндетті, жиһазбен толтырылу міндетті емес. Келушілер өздерін жақсы сезінулері үшін төзімді және ыңғайлы кресолалармен журнал қойылған үстелдер қойылуы міндетті. Қонақ жай дәлсіздің бөлімшесінде болады. Бірақ онда теледидар, радиоқабылдағыш немесе музыкалық аспаптар олар жеке дәлсіздерде болуға міндетті. Қонақ жайдың оңтүстік бөлісінде (бірінші қаба холы) кейде ашық түрдегі терраса немесе ішкі аулалық бақша (жиі бассейін) жұмыс істейді, айнала мейрамхана, кафе, бар залдарымен топтастырылады. Жайлы қонақ үй ережелерін жақсы ұйымдастырылған тамақтандыру қызметі бар. Қонақ үй мейрамханалары отырғызылатын орындардың сиымдылығын анықтайды және басқа келушілерге көрсетілетін қызмет көрсету мүмкіндіктерін ұсынады.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қонақ үйдің қоғамдық бөлімі
1.1. Қонақ үйді функционалды тағайындау

Қонақ үй индустриясы әлемдік экономиканың маңызды саласы болып табылады. Кейінгі бірнеше жылда туризм жылдам дамып келе жатыр және халықтың барлық қабатына қол жетімді болып табылады. Туризмнің дамуымен қатар туристердің саны да артып келеді. Бұл қонақүй сервисінің негізгі компоненті оның инфрақұрылымының дамуына да өз әсерін тигізді.
XXI ғасыр басында туристік қонақүй бизнесі экономикалық тиімділігі бойынша дүниежүзінде әлемдік сауданы басып озып, бірінші орныға шықты.
Бұл жұмыста жалпы қонақүй бизнесінің даму барысы, оның негізгі түсініктері, мақсаты мен мінедеттері, ұйымдастыру құрылымы мен басқару жүйесі қарастырылған, сонымен қатар әлемдік қонақүй кешеніндегі қызмет көрсетуші персонал мен ұйымдастырушылық және басқарушылық құрылымы көрсетілген.
Қонақ үй - қызметтерді (қонақүй өнімін) өндіруге және көрсетуге арналған, күрделі шаруашылық және мүліктік кешен.
Туристерді орналастыру орындары туристерге дүркін-дүркін және үнемі түнеу орнын ұсынатын кез келген объект болып табылады. Қосымша қызмет ретінде келесілер қабылданды:
* түнеу орындарының жалпы саны белгілі минимумнан асады;
* орналастыру объектісінің басшысы болады;
* объектіні басқару коммерциялық негізде салынады.
Қонақ үйлердің екі негізгі тобы бөлінеді: әрдайым және уақытша тұруға арналған, өз кезегінде олар келесідей бөлінеді: қысқа уақыт тоқтау шартында кез келген контингентке қызмет көрсететін, транзиттік қонақүйлер; іс-сапарлардағы тұлғаларға қызмет көрсететін іскер бағыттағы қонақүйлер; демалысқа арналған қонақ үйлер, яғни туристік, курорттық және т.б.
Негізінен барлық орналастыру орындары екі категорияда ұсынылады - коллективті және индивидуалды. Коллективті орналастыру орындарына қонақүйлер және ұқсас мекемелер, маманданған мекемелер, туристерді коллективті орналастыру орындарының өзгелері кіреді.
Қонақ үйдің негізгі нышандарының ішінен, ең алдымен, номерлердің болуын атап өту керек. Басқару ерекшеліктеріне байланысты қонақ үйлер жекешеленге кәсіпорын болуы немесе қонақүй желісін құруы мүмкін. Дамыған қонақүй желілеріне мысал ретінде Аккар (Франция) қонақ үйлерін, Холидей Иннді (АҚШ), Фортені (Ұлыбритания), Шератонды (АҚШ) жатқызуға болады. Қонақүйлер номерді тазалау, төсек орнын күнделікті жинау және санитарлық торапты тазалау сияқты міндетті қызметтерді және сондай-ақ қосымша қызметтердің кең номенклатурасын көрсетеді. Туристерді орналастыру орындарының стандартты классификациясын 1-кестеден көруге болады.
Нақты құрал-жабдықтарына және көрсетілетін қызметтер ерекшеліктеріне байланысты қонақүйлер кең профильді қонақүйлер, пәтер тектес қонақүйлер, мотельдер, жол бойындағы қонақүйлер, курорттық қонақүйлер, тұрғылықты орыны бар клубтар және т.б. болып бөлінеді.
Қонақ үйге ұқсас мекемелер топтарының нөмерлік қорлары болады және міндетті қызметтер тізімін ұсынады. Оларға пансиондар, жабдықталған бөлмелер, туристік жатақханалар және т.б. жатады.
Маманданған мекемелер де (бір басшысы бар) туристерге қызмет көрсетуге арналған. Олар тұрғын үйлер, коллективті жататын бөлме, алаң болуы мүмкін. Туристерге түнеу орындарын ұсынудан бөлек мекеме басқа да қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін. Мұндай маманданған мекемелерге мысал ретінде сауықтыру мекемелерін (курорттар, санаторийлер және т.с.с.), лагерлерді, қоғамдық транспорт түрлеріндегі, конгресс-орталықтарындағы орналастыру орындарын атап өтуге болады.
Қонақүй кешеніндегі қосалқы бөлімшелердің негізгі қызметі. Қазіргі туристік кешен туристерге, демалушыларға, саяхатшыларға қызмет көрсетуде толық сервистің кешенін қамтитын материалдық - техникалық базаны құрайды. Қонақүйдің материалдық - техникалық базасының көптеген көрсеткіштері оның маңыздылығы мен күрделігін көрсетеді. Белгілі бір қонақүйдің материалдық - техникалық базасы туралы мәліметтер оның анықтама құжаты болып табылатын төл құжатында жазылады.
Туристік кешеннің (туристік қонақ үй ғимараты, мекемесі, жарық, газ және су құбырларының жүйесі келесі топқа біріккен:
- әкімшілік ғимарат;
- жатақ ғимарат;
- тамақтандыру орындары мен мәдени қамсыздандыру орындарының мекемелері;
- спортқа арналған құрылғылар;
- шаруашылық корпус;
- инженерлік құрал жабдықтар, желілер, құрылғылар;
- тұрғын үй (жатақханалар).
Кейде бір ғимарат ішінде бірнеше функциялары әртүрлі бөлімшелер болады. Олар өткелдер мен галереялар арқылы бөлінген. Туристерді қамсыздандыратын ғимарат пен қонақүйдің төл құжатында келесідей көрсеткіштер көрсетілген: сыйымдылығы, өнімділігі, ұзындығы, ені, биіктігі, қабат саны, мәселенің пайдалы ауданы, баланстық бағасы, тозу, қалдық баға, жөндеу жұмыстарының мерзімі мен түрлері (жүргізілген және жоспарланған), жөндеу жұмыстарына кететін қаржы (жүргізілген жәнежоспарлы).
Ғимарат пен оның элементінің сипаты, жағдайы (жақсы, жаңа, қанағаттанарлық) сипаттамалар жиынтығы арқылы суреттеледі. Бұл құрылысты салған жолдан босатып, құрылыс элементінің техникалық жағдайларымен аяқталады.
Техникалық қамсыздандыру құрамына келесідей инженерлік техникалық жүйелер кіреді: жылу (орталықтандырылған, пешті), сумен қамтамасыз ету (суық, ыстық), канализация (ішкі, сыртқы), ауа желдеткіші (кәдімгі, ағынды), орталықтандырылған шаң жою, қоқыс жинау жүйесі, лифттер мен жүк көтергіш, радиомен қамтамсыз ету жүйесі, телеарналармен қамтамасыз ету, байланыс құралдар мен сигнализациямен қамтамасыз ету.
Сонымен бірге ғимараттың техникалық қамсыздануы келесідей негізгі техникалық құралдар кіреді:
1. От сөндіргіші негізгі құралдар мен отқақарсы автоматтандырылған жүйелер.
2. Жылу пештерінің, котельняларының, газ құрылғыларының пункттерінде газ қондырғылары.
3. Автоматтандыру, диспетчерлеу, инженерлік қондырғылар, байланыс құралдар мен бақылауыш өлшеуші құралдары.
4. Жинау машиналары мен басқа электр құралдары (шаңсорғыш, еденсүрткіш, суыту құралдары, арбалар, тоңазытқыштар, аяқ киім сүрткіш, сусындар мен темекі сататын автоматтар).
Туристерге қызмет көрсететін отельдердің корпустарына әдетте, барлық сервистік бөлімшелер жатады:
- сақтау камерасы
- шаруашылық қойма
- техникалық шеберханалар
- тұрмыстық қызмет көрсету орындары (аяқ киімсүрту, тазалау, киімдерді жөндеу және үтіктеу, кір жуу және химиялық тазалау, шаштараз)
- кассалар мен көлік билеттерін сату орындары
- киоскілер (дәріхана, газеттер, сыйлықтар)
- пошта байланыс пункттері
- банк пен ақша айырбасту пункттері
- медициналық пункт
- қызмет көрсетуші персоналдық бөлімшелері
- әкімшілікке арналған бөлмелер
- түрлі дене шынықтырушы және емдеу қызметі мен қосымша қызметтерді ұсынатын пунктер (бильярд, монша, туристік бөлме, кітапхана, шаңғы сақтау орындары мен спортқа қажетті заттарды ұсынушы пунктер
- қоқыстарды өңдеу, пакеттеу, сақтау орындары.
Туристік кешеннің территориясында орналасқан отель инфрақұрылымының элементі де көлемді және күрделі материалдық - техникалық базаны құрайды. Оған: қаланған жолдар, рекреация аудандарына арналған құрылғылар, бассейндер, фонтандар , автотұрақ, декоративті ағаштар мен бұталар, бақтар, жасыл жайылымдар, гүлдер, тасмүсіндер, территорияны шектеу, саябақтарға арналған жиһаз, шаңғыжолдары, жарық түсіретін құрылғылар жатады.
Қонақүйдің функционалдыаймағына ғимаратына кіретін территориясы жатады. Ол қонақүй клиенттерін сыртқы ортадан бөлектеуін қамтамасыз етеді. Қонақүйдің көлік жүретін жол бойында орналасуы өте ыңғайлы. Қонақүйдің жанында қонақтар үшін қажеттідемалысорындары, автотұрақ болуы қажет. Сонымен қатар, транспортты жерасты тұрақтарға орналастыру өте қолайлы.
Қонақ үй түрлі инженерлік құралдармен қамтылған су құбырлары мекемені ішуге жарамды және тұрмысқа қажетті сумен қамтамасыз етеді. Қонақүйдің жылуын сақтау үшін түрлі су, бу және ауа жылытқыштарын пайдалану.
Бақылау жүйесі қонақүйге бөтен адам кіруіне жол бермейді. Қонақ үйдің теледидарлық жүйесі қолдануына байланысты келесідей бөлінеді: бақылау, күзету, ақпараттық, қонақтарға арналған, тамақтануға арналған, конференц залдарға арналған. Қонақ үйдің есептік жүйесі номерлерді резервтеу үшін және билеттерді брондау үшін қажет. Ол қонақ үйдің ішкі жұмыстары және сыптқы ортамен байланысжасау үшін қажет.
Қонақ үй шаруашылығы Қазақстан егемендігін алғаннан кейін үнемі өзгеріске ұшырап отырды. Кәсіпкерліктің бұл түрі нарықтағы сұраныстың өзгеруіне жиі ұшырайды. Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсету белгілі бір экономикалық және қаржылық көрсеткіштерге базаланады. Олар біріншіден, сыртқы ортамен, екіншіден, менеджментпен анықталатын ішкі ортамен байланысты.
Нарықтағы сұраныстың өзгеріп отыруы кәсіпорын менеджерлерін жаңа, ерекше қызметтерді ұсынуға итермелейді.
Осындай ұмтылыс кәсіпорынның нарықтағы стратегиясы ретінде пайдаланатын философияның мақстаы болып табылады. Тұтынушыға түсінікті нарықтағы іс әрекеттіңмоделін жасау кәсіпорынның мақсатын жүзеге асыру үшін қажет. Қонақүйдің қызметтер нарығындағы кәсіпорныды бағалау бір ғана критерий бойынша жүргізілмейді. Қонақ үйдің шаруашылығындағы сипатын баллдармен, A, B, C, D деңгейі бойынша, разряд, жұлдыздар бойынша бағалайды.
Қонақ үй қызмет көрсету кезінде көрсетілген сервисті бағалау мүмкіндігі туады. Бұл қоғамға тұтынушыларға маңызды факторларды басқару үшін өте маңызды.
Осындай басқару лицензиялау мен бағалауға еш қатысы жоқ. Нарықтағы бұл кәсіпкерлердің маңызды бөлігінің ой пікірін адекватты шешім ретінде қабылдау. Мұндай бағдарлама барлық маңызды мәселелерді басқа кәсіпкерлермен бірігу нәтижесінде шешуге көмектеседі.
Тәжірибе бұл экономикалық теория категориясының пайда болуының негізі. Экономикалық категорияның мазмұнын түсіну экономиканы басқару процесі кезінде өнімділікті басқаруға мүмкіндік береді.
Отандық экономистердің методологиясы экономикалық құбылыстарды белгілі бір прнципке, теорияға, модельге бағындырумен аяқталады. Өнімділік қарым қатынасжүйесінде категорияның алатын орнына ерекше назар аударады.
Қонақ үй кешенінің қоғам дамуында республика бойынша маңыздылығы артуда.
Қонақ үй шаруашылығы бұл туристік экскурсиялық қызмет көрсеткенде, қабылдау мен орналастыруда қонақүй кәсіпорнынынң техникалық жағынан қамтамасаыз етуде маңызды элемент.
Қазіргі заманғы қонақүй шаруашылығы экономикада жеке бір сала ретінде қарастырылады. Әрбір мемлекетте қонақтарды қабылдау мен қызмет көрсетудің дәрежесі қабылдайтын мемлекеттің іскерлік сапасын көрсетеді.

1.2. Қонақ үйдің тұрғын үй бөлмелері
Қонақ үйдің клиенттері тұратын тұрғын бөлігінде номерлер, горизонталды конфигурациялар, қонақ күту бөлмесі; баспалдақты, лифтті холдар, кезекші персоналдар бөлмесі жатады. Қонақтар үшін номерлер көп функционалды қызмет атқарады. Ол түнеудің, демалудың, тамақ ішу орнын, жеке гигиенаны, жұмыс орнын, хабарласудың орны болып табылады. Номерді қонақтың жеке заттары сақталады. Номерлер орын саны бойынша, бөлмелер саны бойынша, көлемі бойынша, жиһаздануы бойынша классификацияланады. Дүние жүзі бойынша номерлер көбінесе бір бөлмелі болып келеді. Ал кейбір қонақ үйлерде бір қонаққа номерлік фондтың 60-100% келеді.
Қонақүйдің тұрғын бөлігі қонақтарға қонатын номерлерді қамтиды. Сонымен қатар, оған қонақ үйдегі мейрамханалар, барлар, кафелер мен ойын сауық кешендер кіреді. Ойын сауық орындарына кино концерттік алаңдар, банкеттік орындар, би алаңдары, спорттық кешендері т.б. жатады. Іскерлік кездесулерге арналған орындарға түрлі конференц залдар, іскерлік банктік қызметтерге арналған залдар, көрме залдары кіреді [6].
Қонақтардың регистрациясы, олардың келуі мен кетуін басқару, тұрушыларға түрлі қызметтерді ұсыну қонақүйдің қоғамдық аймағында жүргізіледі. Клиенттерге қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы басты қиыншылығы бұл түрлі жұмыстарды орындаудағы санаудың болуы. Қызметтердің басты қасиеті бұл қайталануы және олардың көптігі. Сонымен бірге қонақүйдің кеткен қонақтар мен келушілерге қатысты міндеттемелері. Қонақтар ағымынқарсы алу, қабылдау қонақүй қызметшілерінің жүйке жүйесін психологиялық ауыртпашылықпен тоздырады.
Қонақүй шаруашылығының функциялары мен мақсаты. Функциясына байланысты қонақүй мекемесін келесідей бөлуге болады: вестибюль, тұрғын бөлімі, тамақтану бөлмелері, тұрмыстық - сауда бөлімшелері, спортпен шұғылдануға арналған бөлімшелер, ойын сауық орындары, қызметшілер бөлімшелері, тұрмыстық бөлімдер мен техникалық бөлімшелер.
Вестибюль бұл - қонақүйдің өте жауапты және маңызды бөлімдерінің бірі. Онда қонақтарды қарсы алады, шығарып салады.
Саудалы тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелер тобы клиенттерге сауда орындарын, химиялық тазалау, фотосурет, ателье т.б. қызметтерді ұсынады. Қонақүйдің тұрмыстық техникалық бөлімшелері техникалық құралдардың жұмысын, желдеткіштер, қызмет көрсетушілердің тамақтануын, шаруашылықты орталықтандырылған қоқыс жинауды, байланыс құралдарын, сигнализацияны және басқада қызметтерді қамтамасыз етеді.
Коммуналдық сәулеттендірілу деңгейін қызмет көрсету мен қызметкердің сапасы (қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет,сауда, байланыс) қоғамдық ғимараттардың түрі мен мөлшеріне тәуелді. Жақсы жабдықталған қонақ үй бөлмелеріне тән категория 1 жұлдыздан 5 жұлдызға дейін.
4 және 5 жұлдызды категорияға тән қонақ үйлер. Бұл қонақ үйлер ерекше жобаланып салынған болуы тиіс, қонақ үй аты арнайы көркем эмблемамен жарық жарнамалы болуы, кіреберіс жері, ауласы және қонақ үйге іргелес аумақтары толықтай көріктендірілуге міндетті. Жеңіл автокөліктерге арналған арнайы күзетілген төбесі жабық көлікұрақтармен және көлік жуу орындарының қызметімен міндетті түрде қамтамасыз етілуі керек. Ғимараттың тұрғын үй бөлігі және жоғары сапалы жиһаздармен орналастырылуы, интерері міндетті түрде көркем безендірілуі тиіс.
Қонақ үй ғимаратының инженерлік- техникалық жабдықталуы дүние жүзілік дәрежеге жетуі үшін тәулік бойы ыстық сумен қамсыздандыру, орталық жылу беру жүйелері мен желдеткіш қондырғылары, тазарту қондырғылары және ішкі радиохабармен жабдықталуы тиіс. Ғимарат лифтілерінің жүк тасымалдауға анралған және бірнеше қабаттан астам қоғамдық бөілімінде тәулік бойы жұмыс жасап тұруы керек.
Ақпараттық қызмет көрсету бөлімі почталық және телеграф қызметімен қатар барлық бөлмелер қалааралық және халықаралық телефон байланысымен қосылған және кәсіпкерлік орталығымен қызымет көрсетілуі тиіс. Одан басқа тәулік бойы дәрігерлік қызыметпен қамтамасыз ету, экскурсияда алып жүруге гид аудармашы беру қызметі сондай-ақ қонақтарға көмек шақыру қызметі мен мәдени ойын-сауық шараларына билет брондау қызметтері көрсетіледі.
Кәсіпорынның қоғамдық тамақтандыру қоры европалық үлгідегі мейрамхана және ұлттық асханасы, сыра, бары, варьетемен тейрамхана, кафе, барлар тек ең жоғары категорияда қызмет көрсетуі тиіс.
Қонақүйдің тұғын үй бөлмелері бір және екі орынды шағын бар және шағын сейф, түрлі түсті теледидармен, әлемдік қонақ үйлер бейне арналарымен және негізгі телекомпаниялардың бағдарламаларымен телефон жинақтамаларымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Ғимараттық тұрғын бөлімнде бір бөлмелі бір орынды бөлме көлемі 12м2 кем емес, ал екі орынды бөлмеде 14м2 кем емес орналастыру керек. Барлық бөлмелерде санузел көп бөлмелі номерлерде қосымша әжетхана болуы шарт.[ Уокер Дж.Р. Введение в гостеприимство: УчебникПер. с англ. - М.: ЮНИТИ, 1999.]
Қонақ үйде тұрмыстық және сауда қызметі, сақтандыру камерасы, жәдігерлік бұйымдар сататын дүкендер немесе киоскалар, темекі, порфюмериялық және басқа да таварлар, сұлулық салондары және массаж қабылдау кабинеті, турмыстық жөндеу қызыметі, кір жуу орындары, тазарту орындары, киім үтіктеу, аяқ киімді тазарту және жөндеу, қосымша ас ұсыну қызметі, бөлмеге түскі және кешкі ас әкеліп беру қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар жеңіл автокөліктерді жалға беру, тәулік бойы ақша бірліктерін айырбастау қызметі көрсетіледі.
Ғимарат кешенде қоғамдық шараларға арналған демалысыстар орналастыру, кино концерттік залдары кем дегенде 4 тілдегі үйлесімді аударма аппараттарымен жабдықтау, мәсліхатат өткізу басқада іс шараларды ұйымдастыру ғимараттың 3-4 қабатында ( әрқайсысында 100ден 150 орынға дейін), автомат ойындар залы, сауна, барымен қамтамасыз етілуі керек.
Спорттық сауықтыру кешені төбесі жабық спорт залы, тнгистік кортымен жүзуге арналған бассейн, жаттығу залы жеңіл тенис корты қайық бекеттері және жағажаймен жабдықталуы міндетті.
Персонал - қонақтарды, жаттықтыру маманының нұсқауына жаздырып қоюға, шет тілдерін жақсы меңгеруге және қызмет көрсетуде әдепті болуға міндетті.
5 жұлдызды категориялы қонақ үйлер, басқа тізбектегі сипаттамалар, бөлме аудандары үлкен бөлмелердің қауіпсіздігі үшін ең жаңа электронды бақылау құралы және ауыл шаруашылық техникалық жабдықтарымен қамтамасыздандырылуы пайдалануға болатын қызыметтердің кеңейтілген түрін ұсыну( мысалы, бөлме жинаушы қонаққа бөлмені кешкілік дайындау, қонақ үй қызыметшісі кіреберістен қонақтардың женің көліктерін көлік қою орындарына апару, және бөлмелерге тәулік бойы тамақтандыру қызметімен және т.б қызыметтер көрсетеді). Мұндай қонақ үйлерде ең қымбат және ең мәртебелі бөлмелер люкс және президенттік аппаратаменттер болып табылады. Әдетте мұндай бөлмелер қонақ үйлерде жалғыз болады.
4 жұлдызды категериялы қонақ үй денгейі жоғары ғимараты міндетті түрде кірпіштен бетоннан салынады. Сыртында міндетті түрде аты жазылады. Ғимарат 17 қабатқа дейін барады. Үлкен халы болады. Оларда жақсы жабдықтарған бөлмелер, ауа баптағыштар, әжетханалар, сапалы және жаңа техникалық жабдықтар әдемі және қолайлы жұмсақ жиһаздар, теледидар, қалааралық және халықаралық телефонбайланысы бейне магнитафон, тоңазытқыш желдеткіш әрбір қонақ үшін орамал бір рет қолданылатынсубасын, сабын, тіс пастасы тіс щеткасы т.б әжетхана қажеттіліктерімен қамтамасыз етілген. Бұдан басқа қонақтар үшін денсаулық сауықтыру орталықтары хауз жасанды су қоймалары мейрамхана қызметі.

1.3. Қоғамдық тамақтану бөлімі

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары: барлар (банкетті бар, бассейн жағасындағы бар, шағын бар, сыра бары, сүт бары, кофе- бар, десертті бар, вестибюльді бар, мейрамхана бары, көмекші бар), мейрамханалар (қала мейрамханасы, вокзал мейрамханасы, вагон мейрамханасы, теплоход мейрамханалары, автотуристерге арналған мейрамханалар),кафе, асханалар, жеңіл тамақтандыру орындары, жылдам тамақтандыру орындары, нан және кондитер өнімдерін сату дүңгіршіктері және т.б.
Барларды орналасуына байланысты төмендегідей бөліп қарастыруға болады:
- Вестибюльдегі барлар (лобби бар). Кездесулер мен әңгімелесу үшін ыңғайлы;
- Мейрамхана барлары. Дәстүрлі мейрамхананың ең тартымды жері болып табылады.
- Көмекші бар. Қонақ үйдің түкпіріндегі сауда орны ретінде қарастырылады. Үлкен отельдерде ол бірнешеу болуы мүмкін. Бұл жерде сыра, шарап және тағы басқа да ішімдіктерді жеткізумен сол қабаттағы қонақ үй тұрғындарына қызмет көрсету болып табылады.
- Банкетті бар. Банкетті залда орналасқан. Тек банкетттер мен конференцияларда қызмет көрсетуге арналған. Банкетті бар ереже бойынша қымбат және кең таралған сусындар қоры бар бар түрі болып табылады.
- Бассейн жағасындағы бар. Кез келген жоғары категориялы қонақ үй бассейн мен бассейндегі барсыз мәнсіз болады. Ол тұтынушыларды тәуліктің кез келген уақытында сусынмен қамтамасыз етуге арналған.
- Шағын - барлар- холодильник типтес қонақ үй бөлмелерінде болатын барлар. Тәуліктің кез келген уақытында қонақтарды сусынмен жабдықтау мақсатында қолданылады. Шағын - бар қоры күнде жаңартылып, толықтырылып отырылады. Қолданылған шағын бар сусыны жалпы есепке қосылады.
Тұтынушыларды контингентіне байланысты қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын төмендегідей бөліп қарастыруға болады:
- Жалпыға қол жетімді;
- Айқын тұтынушылар контингентіне қызмет көрсетуіне байланысты.
Тауар ассортиментіне байланысты қоғамдық тамақтану орындарын үлкен екі категорияға бөлуге болады.
1) Толық сервисті;
2) Мамандандырылған.
Толық сервисті тамақтану кәсіпорындарына мейрамханалар мен кафелерді жатқызуға болады. Өйткені олар тағам мен сусынның кең ассортиментін ұсынады. Толық сервисті мейрамханалар мен кафелер мәзіріне жеке фирмалық және тапсырыспен дайындалатын тағамдар үлесі көп тиеді. Бұл қызмет көрсету түрі жоғары ас үй (фр. Haute cuisine) разрядына жатады. Толық сервисті тамақтандыру орындарына жоғары деңгейдегі қызмет көрсету: қонақты үстелге дейін шығарып салып отырғызатын метродетель (хостес), тамақ таңдауға көмектесетін, таңдалған тамаққа сусын түрлерін ұсынынатын, тамақтың негізгі қасиеттерін сипаттап, оны ұсынатын аға даяшы (официант) болады.
Толық сервисті тамақтану орындарының безендірілуі мен жалпы көрінісі сол тамақтану орнының жасауға ұмтылған көңіл - күйіне байланысты болады. Аса керемет тамақ пен қызмет көрсету, атмосфера - мұның барлығы ұмытылмас әсер қалдырады.
Кәсіпорынның мамандандырылуы әр түрлі болуы мүмкін: белгілі бір елдің тағамының кең ассортиментінен (француз, неміс, италия, китай т.с.с) шоғырланған белігі бір тағам түрлеріне арналуы мүмкін.
Қарастырылап отырған тамақтану кәсіпорындардың классификациясы шартты сипаттамаға ие, соған орай белгілі бір мейрамхана бір уақытта толық сервисті және мамандандырылған болуы мүмкін. Мысалы, француз тағамдарына бағытталған мейрамхана олардың он бестен кем емес түрін ұсынады.
Әр түрлі тамақтану кәсіпорындарының арасында барларды мамандандыру өте оңай - ол ұсынылатын сусындар ассортиментіне (шарап, сыра, сүт, алкогольді коктейльдер түрлері т.с.с) байланысты болады.
Шарап барлары барлар түрлерінің арасындағы кең таралған түрі. Егер бар мейрамхана қарамағында жасайтын болса, ол қонақтарды қабылдамастан бұрын кездесуге арналған, ол кіре беріс есікке жақын болады. Мұндай барлар сапалы қызмет көрсету деңгейіне ие болуы қажет және оыс кәсіпорының алғы көзтартары болып есептеледі. Шарап барының мәзіріне ең алдымен шараптардың кең ассортименті кіреді, сонымен қатар алкогольді сусындар, коктейльдер, шырындар, жеміс және минералды сулар, табак өнімдері кіреді. Сондай - ақ буретбродтар мен жеңіл тағамдар, салат түрлері, кондитер өнімдері ұсынылады.
Коктейль барлар мен коктейль холлдар шарап барларына қарағанда аралас және алкогольді сусындардың кең ассортиметін ұсынады. Олар ереже бойынша мейрамханалар мен қонақ үйлерде орналасады: кейде бұл бар түрлері түні бойы ашық тұратын әдемі интерьерімен көзге түсетін, бөлек сервис үлгісімен жеңіл тағам түрлерімен де болуы мүмкін. Коктейль түрлерінен басқа бұл жерде коньяк пен крюшондардың, пунш пен грогтардың, кондитер өнімдерінің түрі болады.
Үлкен емес залдарда келушілерді бар тұрағында тұратын бармен күтеді, егер үлкен зал болған жағдайда барменге көмекші ретінде официант та қызмет көрсетеді.
Сыра барлары құйылатын сыра өнімдерін сату мен бөтелкедегі сыра түрлерін сатуға негізделген. Қазіргі таңда мұндай барлар тек қана бір сыра өндірушінің өнімін сатуға бағытталады. Ондай барда басқа алкоголь өндірушінің өнімдерін сатуға жол берілмейді. Сыраға арнайы жеңіл тағамдар (бутербродтар, ірімшік таяқшалары, чипсы, тұзды миндаль жаңғағы, фисташкалар және т.б.) ұсынылады.
Сүт барлары сүт негізінде жасалған коктейльдер мен балмұздақ, сүт өнімдерінен жаалынатын сүзбе секілді т.с.с тағамдар мен сусындар сатуға негізделген. Қызмет көрсету мен есеп айырысу бармендер арқылы жүргізіледі. Мұндай барлар интерьері ашық және жарқын түстерді қажет етеді. Сүт барлары күндізгі уақытта жұмыс істейді.
Соңғы кезде қалыптасқан бар түрі десерт барларын да айта кеткен жөн. Ол тұтынушыладың әр түрлі контингенті арасында сұраныс пен беделге ие болды. Мұнда шай, кофе, какао, шырындар, фрукт салаттары, мусс, желе, балмұздақ, және тағы да басқа мүмкін болатын десерт түрлері ұсынылады.

2. Қонақ үйдегі қоғамдық орындар және оларды қоғамдық пайдалану
2.1. Қонақ үйде орналастыру

Қазіргі кезде қонақ үй жіктелімінің отыздан аса түрі белгілі, олардың ішіндегі ең көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабылдауды ұйымдастыру технологиясы және қонақтарды орналастыру қызметі
Қонақ үй шаруашылығы туралы ақпарат
Ұжымдық орналастыру құралдары
Нөмірлік қор департаменті
Magic planet қонақ үйіндегі тіркеу тәртібі жане қонақтарды орналастыру
Қонақ уйдегі қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Халықаралық қонақ үйлер тізбектері
Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері
Қонақ үйдегі клиенттерді қабылдау және орналастыру қызметтерінің мәні
Қонақ үйде номерді және орынды брондау тәртібі
Пәндер