Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Туризм саласындағы бәсекелестік және бәсекелестік стратегиясының негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1.Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері ... ... ... ... ...4
1.2.Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3.Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері ... ... ... ... ... ... 11
2. Туристік фирманың бәселестік стратегиясының даму жолдары ... ... ... ..13
2.1.Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі ... ... ... ... ... ... . ... 13
2.2.Бәсекелестік стратегияны іске асыруға бағытталған ұйымдық құрылымды қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.3.Туристік қызметтердің бәсекелестігін көтерудің ұйымдық-экономикалық механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа ұйымдастырушылық - құқықтық формаларға тез бейімделетін және қысқа уақыт мерзімінде ұлттық экономиканың катализаторы бола алатын жаңа салаларды дамыту қажеттілігі туындады. Осындай салалардың бірі - туризм саласы болып табылады.
Туризм ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша туризм жиынтық ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 % қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда республикамызда туризмнің әр түрімен айналысатын 600 астам туристік фирмалар қызмет етеді. Туризм алғашында жоғары табысты экономика саласы ретінде қарастырылмай, туристік қызметтің тек әлеуметтік аспектілері ғана ескеріліп келген болатын. Нарық экономикасымен байланысты жаңа механизм тұсында туризмнің экономикалық және мәдени, саяси негізі жаңа мәнге ие бола бастады.
Туризм индустриясы мемлекетке экономикалық және әлеуметтік пайда әкелетін сала, қаржы салудың берік сферасы ретінде көпшілікке мәлім. Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, бұл саланың дамуы елдің валюталық жағдайын, халықты жұмыспен қамтуын жоғарлатуға өз әсерін тигізіп, әлеуметтік - мәдени жағдайдың жақсаруына және халықтың денсаулығының жақсаруына әсер ететіндігін көрсетті.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда туризм экономикамыздың дамуының әлеуеті мен болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Туризм деп жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын атаймыз. Атаулы қызмет көрсету түрі адамзаттың игілігіне арналған және экономиканы көтерудің бірден бір ыңғайлы құралдарының бірі болып танылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының қалыптасуы мен дамуын қарастыру болып танылады. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер анықталды:
* Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктерін қарастыру;
* Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторларды қаратыру;
* Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясын қарастыру;
* Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау,
* Туристік фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктерін қаратыру;
Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, екі негізгі бөлімнен, қорытынды бөлімнен, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1.Тарау туризм саласындағы бәсекелестік және бәсекелестік стратегиясының негіздері
1.1.Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.
Қазіргі туризм -- бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сейтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту -- ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
* Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
* Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
* Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі. Осыған орай туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін қалыптастыруды көздейді.
Бұл ретте біз экономиканың дамып келе жатқан саласының объектілері мен субъектілеріне тоқталып қарастырайық.
Туристік қызмет субъектілеріне біз келесілерді жатқызамыз:
1. туристік операторлар (туроператорлар);
2. туристік агенттер (турагенттер);
3. гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;
4. туристер және олардың бірлестіктері;
5. экскурсанттар;
6. туристік қызмет саласындағы өзге де бірлестіктер;
7. туристік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттік органдар жатады.
Ал туристік қызмет объектілері дегеніміз -- табиғи объектіпер және табиғи-климаттық аймақтар, көрікті орындар, тарихи және әлеуметтік-мәдени көрсету объектілері және саяхат кезінде туристердің қажеттерін қанағаттандыра алатын өзге де объектілер.
Атаулы субъектілер мен объектілер туристік индустрияда қамтылған. Туристік индустрия -- туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттағы объектілердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы. Соынмен қатар біз туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлеріне тоқтала кетуіміз жөн:
* турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
* тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;
* тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету;
* ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
* келік қызметін көрсету;
* ойын-сауық;
* өзге де туристік қызмет көрсетулер.
Турисік индустрияда міндетті түрде туристік ресурстар (қорлар) қарастырылады. Осыған орай Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимі, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықтың жол берілетін шегін ескере отырып пайдалану мен туристік ресурстардың тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтіру жөніндегі шаралар арнайы заңдарда белгіленген тәртіппен айқындалады.

1.2.Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторлар

Кез келген саланың құраушы бөліктері мен құрамдас бөлшектері арасында бәскелестік туындайды. Бұл экономикамыздың дамуының басты шарты болып келеді, себебі, бәсекелестік бар болған жағдайда тауар мен қызмет көрсетудің сапасы да , бағасы да тиімді болмақ. Бұл ретте бәсекелестік құраудағы негізгі факторлар әр түрлі болып келеді. Әрине, ол ең алдымен кәсіпорынның өнімінен басталып, ары қарай технологиялар дамыған сайын, халықтың сұранысы мен тұтынушының қоятын талаптары жоғарылаған сайын жалғасып жатады. Осыған орай біз туризмнің ұйымдық нысандары мен түрлерін қарастыруды жөн көрдік.
Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып танылады.
Халықаралық туризмге біз келесілерді жатқызамыз:
* келу туризмі - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Респубпикасы шегіндегі саяхаты;
* шығу туризмі -- Қазақстан Республикасының азаматтары Республикасында тұрақты тұратын адамдардың саяхаты;
* ішкі туризм дегеніміз -- Қазақстан Ресубликасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Ресубликасының шегіндегі саяхаты аталады.
Сонымен қатар турфирмалардың бәсекелестіктетерінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайтын туризмнің келесі түрлері белгілі:
* әлеуметтік,
* экологиялық,
* шытырман спорттық,
* іскерлік,
* конгрестік,
* емдеу-сауықтыру,
* мәдени-танымдық,
* діни және басқа туризм.
Еліміздің аумағына келу туризмін ұйымдастырумен байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету экспорты болып табылса, басқа елге шығуға байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету импорты болып табылады.
Кез келген саланың дамуында мемлекет басты рөл ойнайды. Бұл оның құрылымы мен ерекшеліктеріне, атқаратын қызметіне, өндіретін өніміне, халыққа тигізетін пайдасына, басқа салармен байланысына қатысты болып келеді. Осы ретте турфирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі мен оларды ажырату факторларын туристік қызметті мемлекеттік реттеудің принциптері арқылы көрсетуге тырыстық.
Жоғарыда аталғанға сай мемлекет тарапынан келесі реттегі жәрдем беріледі:
* туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
* туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;
* Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел деген түсінікті қалыптастыру;
* Қазақстан Республикасының туристері мен туристік ұйымдарының және олардың бірлестіктерінің қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделері мен мүлкін қорғау.
Сонымен қатар турфирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі мен олардың деңгейі мемлекеттік реттеу барысында қойылып, төменде берілген мақсаттардың орындалуынан танылады:
* азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;
* қоршаған ортаны қорғау;
* туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
* саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;
* туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;
* халықаралық туристік байланыстарды дамыту;
* туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді саласы ретінде қалыптастыру;
* туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау;
* балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрісі төмен топтарының арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;
* туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
* Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмімен және ішкі туризммен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;
* ішкі және халықаралық туризм қажеттерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін құру;
* туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі саясатты айқындау;
* туристік қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
* Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туристік қызметті лицензиялау туристік индустрияның қызмет көрсетулерін стандарттау және сертификаттау;
* бюджеттік заңдарға сәйкес туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;
* туристік қызметті кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
* отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;
* ішкі және дүниежүзілік туристік рыноктарда туристік өнімді ұсынуға жәрдемдесу;
* елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету.
Сонымен қатар атаулы салада мемлекет пен құзіретті органдар келесі қызметтерді атқарады:
o туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
o туристік қызметті лицензиялау ережелерін және туристік қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
o туристер аралауға тыйым салынған объектілер мен аумақтарды белгілейді;
o туристік қызмет саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты айқындайды;
o туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;
o туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқаруды асырады;
o Қазақстан Республикасында туризм саласын дамыту бағдарламасын әзірлейді;
o туристік қызмет мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық жобаларын әзірлеуге қатысады;
o өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңдарды қолдану практикасын жинақтап, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
o туристік рынокқа зерттеу жүргізеді, халықаралық туристік рынокта және мемлекет ішінде Қазақстан туралы және оның туристік мумкіндіктері туралы ақпаратты әзірлеп, таратады;
o өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралык туристік ұйымдарда және туризм жөніндегі халықаралық іс-шараларда Қазақстан атынан өкілдік етеді;
o атқарушы органдардың, меншік нысандарына қарамастан туристік және басқа да ұйымдардың туристік қызмет саласындағы қызметін үйлестіреді;
o туристік қызмет көрсету рыногында бәсекені дамытуға жәрдемдеседі, онда меншік нысанына қарамастан барлық туристік қызмет субъектілері үшін тең жағдайлар жасайды;
o стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп сертификаттау мен стандарттауды реттейді;
o Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласындағы заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
o туристік қызмет субъектілеріне олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
o туристік қызмет саласында халықты жұмыспен қамту шарасы ретінде кәсіпкерлікті дамытып, қолдайды;
o туризмді дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеп, орындайды;
o жергілікті туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеп, енгізеді;
o әкімшілік-аумақтық бірліктердің туристік қызмет көрсету рыногына талдау жасайды;
o әкімшілік-аумақтық бірліктердегі туризмнің дамуы туралы талдау жасап, қажетті мәліметтерді уәкілетті органға береді;
o турагенттік, туроператорлық қызметті және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін лицензиялауды жүзеге асырады;
o туристік қызмет көрсетулерді және туризм объектілерін жарнамалайды, туристік ақпаратты береді, туристік ақпарат орталықтарын құрады;
o балалар мен жастар лагерьлерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
o Туристік ақпарат орталығы өз қызметін уәкілетті орган бекіткен ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Туризм құрамында қамтылған қызмет көрсетулерге, оларды беру жеріне, қызмет көрсетілген халқына байланысты ішкі және халықаралық деп бөлінеді.
Ішкі туризм - туризмнің берілген мемлекеттің территориясында сол елдің тұрғындарымен (ішкі туристер) іске асырылуымен байланысты қызмет.
Халықаралық туризм - туризмді бір елдің халықының басқа елдің территориясында іске асырумен байланысты қызмет. Мұндай туристер шетел туристері категориясына жатады. Басқа мемлекет территориясында туристерге туристік қызмет көрсетулерді ұсынку мен қызмет - көшпелі туризм деп аталады да, шетел туристеріне мемлекеттің территориямһсында көрсетілген туристік қызмет кірме туризм деп аталады.[ Борисов К.Г. Международный туризм и право: Учебно-метод. Пособие.-М.: НИМП, 1999.-352с. ]
Айта кететін жағдай, неғұрлым жалпы категорияларға туристерді жіберу мен туристерді қабылдау ұғымдары жатады. Олар бірдей деңгейде ішкі және халықаралық туризмге қатысты болып келеді. соынмен қатар туризм статистикасында туристік келу деген ұғым орын алған. Сол себептен туристік келулерге қарай туристік ағымдар бағаланады. Туристің ішкі табиғатынан келесі түсінік туындайды: турист келгендіктен, ол қайтадан кетуі тиіс.
Сонымен қатар туризмнің статистикасын бір ел территориясынан екінші ел территориясына жылжитын транзиттік туристер шиеленістіре түседі. Мемлекет территорисында транзитпен жүру үшін арнайы транзиттік виза болуы тиіс. транзитік туристердің елде болу транзитінің мерзімі шектеулі болып келеді. бұл Санкт-Петербургтен Швецияға барған ресей туристерінің мысалында анық көрінеді. Мұндай саяхат үшін ең тиімді жол болып Туркаға автобуспен, ары қарай Викинг Лайн компаниясының теңіз паромымен Стокгольмге бару табылады. Жол жөнекей Финляндия территориясын кесе отырып, туристер төрт сағатқа Серена аквапаркіне кіруге Хелсинкиде тоқталады. Финляндия үшін бұл туристер транзиттік болып саналады.
Туристерді қабылдау атаулы аймаққа немесе туристік орталыққа келіп жатқан туристерге қызмет көрсету бойынша қызметті сипаттайды. Туризмді ұйымдастыру бойынша атаулы қызметтен тасымалдаушыларды, қонақ үйлерді, мейрамханаларды (туризмнің барлық инфрақұрылымын) іске қосу, ақша массасының келуі, ал шетелдік туризм жағдайында шетел валютасыынң келуі шығады. Туристерді қабылдау туристік аймақта немесе орталықта жұмыс орындарының пайда болуын қамтамасыз етеді, аймақ экономикасыынң дамуына септігін тигізеді. Соынмен қатар ішкі және шетел туристерін қабылдау арасындағы баланс ұғымы қалыптасқан.
Формальды белгі бойынша барлығы да саяси-экономикалық факторларға байланысты болып келеді. СССР-да идеалогиялық және экономикалық ойлар бойынша шетел туристерін қабылдау маңызды болған, бұл өз кезегінде шетел туристеріне қызмет көрсету бойынша жеке саланың құрылуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар туризм шетел валютасының келіп түсуінің маңызды көі болып табылған. Соынмен бірге белгілі шетелдік туристер катеогриясына уһтуристік ықмзет көрсетулер тегін көрсетілген. кеңес азаматтары мен шетел азаматарына туристік қызмет көрсетуде айырмашылық байқалып отырды. Рубль ковертациясын енгізгеннен кейін және қызмет көрсетулердің құндары теңестірілгеннен кейін өзгерістер пайда болды. Бірқатар астаналық фирмалар мен туристік оралықтар үшін Тюменнен келген ауқатты туристі қабылдау (салыстырмалы түрде) ауқаты төмен сараңдау неміс туристін қабылдағанға қарағанда тиімдірек саналған.
Туристерді жіберу де маңызды категория болып саналады. Мұндай қызмет ақша массасының басқа аймақтарға, ал шетел туризмі кещінде басқа мемлекеттерге, тартылуымен сипатталады. Жұмыс орындары туризмді ұйымдастыру кезінде (тасымалдау) ғана болмақ. сол себептен, жергілікті аймақ билік басшылары үшін туристерді жіберу ешуақытта да алғы сала болып табылмайды. Туризм валютаның сыртқа кетуін қамтамасыз еткендіктен мемлекеттер ішкі туризмді дамытуға белсенді күш жұмсауда. Бірақ та көшпелі туризмнің барлық түрлері жергілікті қазынаға айтарлықтай көлемді салық түсіруде.
Туризм үйлесімді дамып жатқан дамыған мемлекеттерде көшпелі және кірме туризмнің балансы сақталған. Ішкі туризм ұлттық туристік қорларды игеру мен іске асыруға, өнеркәсіптің дамуына, туризмнің инфрақұрылымының дамуына септігін тигізеді.
Сонымен қатар ішкі және сыртқы туризм саласындағы қызмет жиынтығын қамтитын ұлттық туризм деген ұғым бар. Ол мемлекеттің өз тұрғындарына қызмет көрсетуді қамтиды.

1.3. Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері

Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері туризмді дамыту мақсатынан бары туындайды. Ол мақсаттарға біз келесілерді жатқызамыз:
* сапасы, халықаралық туристік рынок жағдайында өндіруге, сатуға және бәсекелестікке төтеп беретін өнім өндіруге және сатуға қабілетті, рентабельді туризм индустриясын құру жолымен туризмді экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;
* республиканың туристік әлеуетін арттыру;
* тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
* халықтың барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;
* тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;
* мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бірлескен іс-қимылының тиімділігін арттыру;
* шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
* әрбір адамның демалу және бос уақытын өткізуге деген құқығын іске асыруы;
* халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың ізгілік сипатын, бейбітшілік пен сыйластық, нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтау;
* әділеттілік пен егемендік, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесіне қарамастан, мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпау;
* қоршаған ортаға және мәдени игіліктерге ұқыпты қарау;
* әлеуметтік тепе-теңдік пен даму, жеке адам мен қоғамның игілігін арттыру;
* туризмді тұрақты дамыту;
* туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жандандыру;
* туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру;
* туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін одан әрі дамыту;
* туристік рынокты демпингке қарсы және мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын қабылдау арқылы қорғау;
* туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
* тартымды туристік объект ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыру;
* ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
* туризм саласындағы ғылыми зерттеулерді тереңдету;
* туризм саласындағы қызмет көрсетудің статистикалық есебінің әдіснама-сын халықаралық стандартқа сәйкестендіру;
* туризм саласындағы кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;
* туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
Алайда іс жүзінде барлық мемлекеттер (мемлекет экономикасы толығымен туризмге бағытталған жағдайда) мұндайды қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, 50 мың жергілікті андоррлықтар жыл сайын 12 млн шетел туристерін қабылдайды. Кейбір мемлекеттер ішкі құрылымдық себептерге байланысты азаматардың шетеле шығуын шектейді немесе туристік қызметтің мемлекеттік реттелуіне қатысты шаралар қолданады.
Туризм мен туристік өнім адамзат өмірінің көп саласының бір турі мен күрделі әлеуметтік үрдістер болып табылады. Туристік қызметті тұтыну өнімін (туристік өнім) қалыптастыру бойынша туризмді ұйымдастырушылардың (туроператорлар, туристік агенттер, басқа да қатысушылар) қызметі деп және атаулы өнімді тұтынушылрадың (туристердің) қызметі деп тануға болады. Туристік өнім туристік ұсыныс пен турдың негізі болып табылады.
Туристік өнімнің негізгі көзі болып дестинацияның туристік қорлары танылады.
Туристік қорлар - бұл туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, күш-қуатын қалпына келтіре алатын туристік көрсетілім нысаналарын қамтушы тарихи, әлеуметтік-мәдени және табиғи-климаттық нысаналар.

2. Туристік фирманың бәселестік стратегиясының даму жолдары
2.1.Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі

Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруін ең алдымен атаулы салада қызмет етуші субъектінің қызмет трлерінге лицензия берілуіне негізделеді.
Лицензия мынадай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
-туроператорлық;
-турагенттік;
-экскурсиялық;
-туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.
Лицензия субъектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі және бір данада беріледі; лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төлқұжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым (бұдан әрі -- лицензиялық алым) төлейді.
Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиат он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.
Лицензия "Лицензия туралы" Заңмен белгіленген мерзімге беріледі.
Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мерімен куәландырылады.
Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
-белгіленген нысан бойынша өтініш;
-лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
-жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
-кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
-меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
-білімі және жұмыс өтілі туралы қужаттардың көшірмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;
-туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;
-тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;
-туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;
-экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарттың көшірмесі немесе оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер тізімі;
-жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
-туристік бағыттардың тізілімі;
-туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;
-"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;
-туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.
Турагенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
-белгіленген нысан бойынша өтініш;
-лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
-жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
-кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
-меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендіпн растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
-білімі және жұмыс етілі туралы құжаттардың көшірмесін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;
-туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;
-тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;
-туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;
-жарнамалық-ақпараттық материалдар (женсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
-"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-ба-бының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;
-туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.
Экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
-белгіленген нысан бойынша өтініш; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының даму жолдары
Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайы
Туристік қызметтер нарығында маркетингті қолданудың ерекшеліктері
Туризмнің экономикалық сала ретінде
Туризм саласындағы бәсекелестік және бәсекелестік стратегиясының негіздері
Мәдени туризмді дамыту әлеуеті
Туристік - рекреациялық кешеннің құрылымы
Туризм басқару нысаны ретінде
Туристік кластердің дамуын қолдау
Туризмді дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздері
Пәндер