Туристерді тасымалдау ережелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МАҢҒЫСТАУ ТУРИЗМ КОЛЛЕДЖІ МКҚК

Тіркеу №_____
___________________2018ж.
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
Директордың оқу ісі бойынша
орынбасары
______________ Бисенова А.Х.
___________________2018ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Туризмді ұйымдастыру
Тақырыбы: Қазақстандық туристерді халықаралық тасымалдау ұйымы

Авторы: ТБ-МК-41 тобы,
мамандығы 0511000 Туризм
ГБ-МК-41 тобының күндізгі бөлім студенті Сейтова Ж.
Ғылыми жетекшісі: Исамбаева Ж.

Ақтау - 2018 ж.

Курстық жұмысқа пікір ТБ-МК-41 тобының студенті
Сейтова Жансая
Курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстандық туристерді халықаралық тасымалдау ұйымы
Курстық жұмысында Сейтова Жансая Қазақстандық туристерді халықаралық тасымалдау ұйымы тақырыбын жан-жақты талдап зерттеген. Зерттеу барысында қазіргі уақыт талабына сай, халықаралық туризм - бұл өте күрделі жəне сирек кездесетін құбылыс, мемлекеттіліктің дамуында маңызды рөл атқаратын жұмысының технологиясын қарастырған.
Ізденуші курстық жұмысының тақырыбына байланысты әдебиеттерге аналитикалық және синтетикалық талдау жасаған. Туризмді ұйымдастыру саласы бойынша деректемелермен құжаттардың мол қорын пайдалана отырып орындағаны көрініп-ақ тұр.
Студент өз ойын шеберлікпен сауатты, қисынды жеткізу тұрғысынан дайындығын байқатты. Курстық жұмысының материалы жүйелі түрде құрылған. Айтарлықтай ескертулер жоқ. Сондықтан бұл курстық жұмысты қорғауға жіберуге болады деп сенім білдіремін.

Ғылыми жетекші: ______ Исамбаева Ж.А.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Туристерді тасымалдау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1.Туристерді тасымалдау ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Автокөліктерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.3. Халықаралық тасымалдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .11
2.1. Туристерді тасымалдау түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2. Туристтік ұйымдардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Кіріспе

Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке бiр саласын құрайды.
Көлiк - бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.
Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептiк несиелiк қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлiк қызметiнiң, мiндеттемелiк (тауарлы-ақша) қасиетi бар қатынастар тобы жатқызылған. Ертеректе олар екi жақты қасиетке, яғни азаматтық-құқықтықпен қатар, қазiргi терминологиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екенi мойындалғанын атап өту қажет.
Олар әкiмшiлiк актiден (яғни тасымалдауды жоспарлау актiлерi) және шарттардан туындай алатын. Соның салдарынан көлiк мiндеттемелерi туралы сөз болатын. Қазiргi таңда жоспар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың iшкi, шаруашылық қызметi үшiн ғана маңызды, сондықтан ойымызды, тасымалдауға қатысты шарттар - тасымалдау шарттары туралы өрбiткен дұрыс болар.
Бұл айтылған сөз көлiктiң экономиканың ерекше саласы ретiнде, жоғары қауiп ретiнде, техникалық жағынан күрделi және тәртiпке салынған жүйе ретiнде қызмет етуiне қатысты ерекшелiктерiн ескермеуге болады дегендi бiлдiрмейдi. Сол себептi тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi көлiк түсiнiгiнiң өзiн анықтайтын, оның қызметiнiң стандарттары мен ұйымдастырушылық алғышарттарын (мысалы, көлiктi мемлекеттiк реттеуге қатысты) белгiлейтiн нормалар арқылы қарастырылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүктi немесе жолаушыны (теңдеме жүктi) белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетiлген көлiк қызметi үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi. Тасымалдау шарты аталған мiндеттемелердiң iшiнде аралық болып табылады. Оның мазмұнын, сондай-ақ басқа да негiзгi көлiк шарттарының мазмұнын кейiнiрек қарастырамыз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Туристік ұйымда тұтынушыларды тасымлдау талаптары мен ережелерін қарастыру.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Туристерді тасымалдау
1.1. Туристерді тасымалдау ережелері

Туризм әрқашанда көлікпен байланысты болады (авиациялық, теміржол, автомобильді, су көлігі т.б.). Көлік түрлері туристерді тасымалдау кездерінде апаттар болып, қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті туристерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне аса қатты көңіл бөлінуі керек.
Туристік және экскурсиялық көліктік саяхаттарды ұйымдастыру үшін ең маңызды мәселе көліктің қауіпсіздігі мен сенімділігі және туристердің қауіпсіздігін ұйымдастырушылық және ақпараттық іс-шаралар арқылы жоғарылату болып отыр. Туризм мақсатында қолданылатын көліктердің бекітілген талаптарға сәйкестік сертификаттарының, ал көліктік кәсіпорындардың жолаушы тасымалдау қызметіне лицензияларының болуы тиіс.
Туристердің баратын жерлеріне дейін жетуі мен қайтадан келуі және саяхат кезінде пайдалануы үшін әртүрлі көлік түрлері қолданылады.
Әрбір нақты жағдайларда туристердің жарақат алуы, қозғалмалы механизмдермен байланыс кезінде төнетін қауіптерді болдырмау шараларын қарастыру қажет.
Жарақат алуды болдырмау үшін туроператорлар, ең алдымен, көлік компанияларының қауіпсіздікке қатысты рейтингтерін қадағалап отыруы және тасымалдау кездерінде жеке қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қажет.
Әрбір көлік жүйесі шегінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ережелері мен нормалары бар.
Авиатасымалдау кезіндегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Авиатасымалдау қауіпсіздігі - авиакомпанияларының өздерінің сөзсіз ерекше хұқы. Бұндай көпсалалы міндеттер көптеген мамандандырылған қызметтер көмегімен шешіледі (қарапайым техникалық мәселелерден терроризмді болдырмауға дейін). Сонымен қатар, бір мезгілде ұшу қауіпсіздігі көптеген жағдайларда жолаушылардың өздеріне байланысты болады.
Туристік фирмалар жұмысшылары жолаушыларды, жүктерді авиалинияларда тасымалдаудың ережелерін, ұшу қауіпсіздігі ережесін білуі және ұшу кезінде жеке және қоғамдық қауіпсіздікті қаматамасыз ету шаралары туралы туристерді ақпараттандыруы керек.
Туристер өздерімен бірге тіркелмейтін жүктер ретінде қандай заттарды алып жүруге рұқсат етілетінін білулері қажет. Бұл заттардың салмағы 5 кг аспауы шарт. Кейбір жағдайларда (авиакомпания рұқсатымен) тіркелмеген заттар ретінде тасымалдауда ерекше абайлылықты талап ететін заттарға рұқсат етіледі.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің өмірі мен денсаулықтарын қорғау мақсатында азаматтық авиация, милиция, кеден мекемелері мен шекара орындарының жолаушылардың жеке және жүктерді тексеруге құқылары бар.
Туристер тексеру жүргізудің мақсаты, ұшу көліктерінде тасымалдауға рұқсат етілмейтін заттар және тасымалдау ережелерін бұзған жағдайлардағы жауапкершіліктер туралы алдын ала ақпараттандырылуы керек.
Жүк ретінде мына заттарды тасымалдауға рұқсат етілмейді:
- суық қару-жарақтардың барлық түрлері;
- жарылғыш заттар мен жару құралдары;
- қауіпті тудыратын газдар;
- уландырғыш заттар;
- коррозиялы заттар.
Жолаушы тасымалдауға рұқсат етілмеген заттарды алып жүргені және оның ерекше жағдайларын сақтамай өткізгені үшін жауапқа тартылады. Ережелерді бұзғандары туралы барлық жағдайларда акттер жасалады. Тасымалдауға рұқсат етілмеген заттар мемлекеттік орындарға беріледі немесе жойылады.
Өткір қатты заттары бар (шегелер, сымдар т.б.) және дұрыс салынып оралмаған жүктер тасымалдауға жіберілмейді.
Әуежайда, ұшу алаңы мен ұшу кездерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында туристерді мыналар туралы ақпараттандыру қажет:
- бөгде адамдардан тасымалдау үшін заттар мен жүктер алудың рұқсат етілмеуі;
- турист заттарын өзінің салуы немесе өзінің жеке қарауымен салдыруы;
- ұшу көліктерінде темекі шегуге рұқсат етілмеуі;
- жүктерді тексеру кезінде жолаушының болмауынан оның жүктерінің тасымалға жіберілмеуі;
- жолаушының мас болуынан ұшуға жіберілмеуі;
- жүкке өзінің фамилиясы, аты және әкесінің атын жазып қоюы.
Жолаушы өзінің тіркелмеген жүктерін тексеруге бермеуі және шекара аймағына шығу кезінде құжаттарының болмауынан ұшуға жіберілмейді.
Жолаушылар ұшақ бортында отырғанда авиакөліктерде ұшу қауіпсіздігін қатаң түрде сақтаулары және ұшақ командирінің барлық бұйрықтарын орындаулары қажет.

1.2. Автокөліктерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Апаттар мен құрбандар саны бойынша көліктің ең қауіпті түрі автомобиль көлігі болып отыр. Бұл автокөлік жолдарында қауіптердің көп болуынан болады.
Автокөлік оқиғаларының анализдері бойынша алсақ, көптеген апаттар жүргізушілердің жолда жүру ережелерін бұзуынан болатынын көрсетеді. Қозғалыс қауіпсіздігі автокөліктің дұрыс техникалық жағдайы, жүргізушінің квалификациясы мен саяхатқа апарған елдің жол қозғалыс ережелерін білуімен қаматамасыз етіледі.
Бірнеше елдің территориясынан өтетін автобус саяхаттарын ұйымдастыру кезінде туроператорлар көлік таңдауына, жүргізушілерді таңдау мен олардың дайындылығына аса назар аударуы қажет. Туристерді тасымалдауға қолданылатын автобустарының бекітілген талаптарға сай сертификаттары болуы керек.
Автобус техникалық жағынан дұрыс жөндеуден өткізілген, қалыпты жылу және вентиляция жүйелерінің болуы, жанар жағар маймен толық толтырылған, қатты сөйлеуге арналған құралдармен жабдықталған, ішкі және сыртқы тазалығының сақталуы, дәрі-дәрмек жәшікшелерінің болуы тиіс. Автобусты қолдану ережелері айқын көрінетін жерлерде болуы керек. Автобустың дұрыс жұмыс істеп тұрғаны оның сапарға шығар алдында жүргізуші мен механиктің қолдарымен жол қағазында бекітіледі.
Еуропалық конвенцияның көліктердің жұмыстары бойынша қабылданған шешіміне сәйкес халықаралық тасымалдауға жүргізілетін 9 орыннан асатын барлық автобустар міндетті түрде тахографтармен жабдықталуы керек делінген. Егер онымен жабдықталмаса, онда автобус жұмысқа жіберілмейді.
Тахограф дегеніміз - бұл автобус пен жүргізуші жұмысын есепке алып бақылау жүргізуге арналған құрал. Ол автоматты түрде қозғалыс жылдамдығын, жүрген уақытты, автобустың жүрісін, жүргізушінің еңбек және демалыс уақыттарын көрсетіп және жазып тұрады. Жазбалар диаграммалы дисктерде жазылып, жүргізушінің жұмыс күнінің толық суреттемесін береді.
Автобус жүргізушілері қозғалысты ұйымдастыру және маршрутта қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы ақпараттары бар құжаттың мазмұнын білуі тиіс. Онда мыналар көрсетіледі:
- жол маршруты:
- маршруттың графикалық сызбасы;
- маршрут бойынша жол құрылыстарының болуы;
- аялдама пунктері, олардың арақашықтықтары;
- автобустың қозғалыс уақытының есебі;
- жол түрлері мен жағдайы және т.б.
Жүргізушіге бір қатар талаптар қойылады. Туристік маршруттарда автобусты жүргізуге 20 жастан жас адамдарға рұқсат етілмейді, ерекше абайлылықты талап ететін жол бөліктерін, қозғалыс трассасын білетін, маршрут сызбасын мұқият қарайтын бірінші класты жүргізушілер болуы керек.
Маршруттарды жоспарлау кезінде жанар жағар май станцияларының болуын ескеру абзал.
Шетелге сапарға шығар алдында әрбір автобусқа сапар кезінде болған шығындарды өтеп беруге кепілдік беретін автоазаматтық жауапкершілікке сақтандыру құжаты болуы керек.
Егер автобустың өзі сақтандырылса, яғни автомобильді ассистанция ресімделсе тиімді болады. Ол жол-көлік апаттарының болуы, сынып қалған кездерінде және ұрдап кеткен жағдайда автокөлік иесіне шығындарды төлеттіріп алуға кепілдік береді.Бірге жұмыс істейтін әріптестермен маршрут бойынша барлық аялдама пунктерінде автобустарға қорғаныс мекендерінің болуы туралы келісім жасау қажет
Автобус маршрутқа шығар алдында барлық механизм және құрылғыларының дұрыс жұмыс істейтіндігі мұқият тексерілуі қажет.
Автобустық турлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушіге мыналар рұқсат етілмейді:
- маршрутқа ауырған немесе шаршаған күйінде шығуға;
- тіпті ең аз мөлшерде ішімдік ішкен немесе есірткі қабылдаған күйінде көлікті айдауға;
- қозғалыс графигі мен жол қағазында көрсетілген маршруттан бөлек өзгеріс жасап жүріп кетуге, маршрутты тек жол немесе климаттық жағдайларға байланысты ғана өзгертуге болады;
- жол құжаттарында көрсетілмеген адамдарға көлікті жүргізуге беріп қоюға;
- жұмыс істеу уақытында демалуға немесе ұйықтауға.
Автобус саяхаттарын түнгі 12 сағаттан таңғы 4-ке дейінгі аралықтарда өткізбеген дұрыс болады, себебі бұл уақытта адамның физиологиялық жұмыс істеу қабілеттері төмендейді.
Туристік маршруттарды әзірлеген кездерде автобустың қозғалыс графигін жылдамдықты 70кмсағ мөлшерлеп құрастыру керек.
Қазiргi уақытта көлiктi мемлекеттiк басқару төмендегi мiндеттердi шешуге бағытталған:
- көлiк аясындағы Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғауға;
- көлiк аясындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
- меншiк нысанына қарамастан көлiктiң барлық түрлерiнiң құқықтық және нормативтi мәртебесiн анықтайтын заңдық және өзге де актiлердiң, стандарттардың, нормалардың жобаларын жасауға;
- көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттiк (ұлттық) бағдарламаларын жасауға; инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзуге, сондай-ақ кадрларды оқыту мен дайындауға;
- көлiк қызметтерiн тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылауға;
- болжамдарды жасауға және тасымалдауға деген республика мен тұрғындардың мемлекеттiк мұқтаждарының қажеттiлiктерiн уақытысында сапалы түрде қамтамасыз етуге;
- Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру мен мемлекеттiк реттеу функциясын жүзеге асыруға.[ Багатов А.П. и др. Туристические формальности: Учеб. пособие Багатов А.П., Бойко Т.В., Зубрева М.В.-М.: Академия, 2004.-304с.-(Высшее проф. образование)]
Мемлекет, осыған сүйене отырып, тасымалдау шарттарын бекiту үшiн ұйымдастырушылық алғы шарттар мен көлiк инфрақұрылымын құратын болады және басқа шараларды да жүзеге асырады. Халыққа көлiктiк қызмет көрсету бойынша вокзалдар, порттар, кемежайлар, аэропорттар, жаяу жүрiс көпiрлерi мен тоннелдер, жолаушылар платформалары мен өзге де объектiлер құрылысын жүргiзу оны жеке кәсiпкерлер тарапынан қаржыландырумен қатар республикалық және жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Мұндай қызмет тасымалдауды жүзеге асыру үшiн айтарлықтай қосымша маңызға ие болады.
Мемлекеттiң әртүрлi аймақтарына, елдi мекендердiң iшiнде, мемлекет аумағынан тыс жерлерге жүктер мен адамдарды үздiксiз жеткiзудi қамтамасыз ету болып табылатын көлiктiң қызмет етуiнiң тiкелей мақсаттарына тасымалдау шартының көмегiмен жетуге болады, оның өз кезегiнде тасымалдау процесiн қамтамасыз ететiн өзiмен тығыз байланысты бiрқатар түрлерi бар. Осыған байланысты шарт тасымалдау қатынастарының пайда болуы мен жүзеге асуын, олардың қатысушыларының тиiстi тәртiбiн және т.б. қамтамасыз ететiн құқықтық құралдардың бiрi болып табылады.
Әрекет етушi заңнамамен көлiк шарттарының төмендегiдей түрлерi белгiленген: а) жүктi тасымалдау шарты; б) жолаушыны (және қол жүгiн) тасымалдау шарты; в) кеме жалдау (чартер) шарты; г) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар; д) көлiк ұйымдары арасындағы шарттар; е) жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты; ж) көлiк экспедициясы шарты. Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбiреулерi тасымалдау қандай көлiкпен жүзеге асырылатынына қарай түрленетiнiн ескерсек, онда көлiк шарттарының құрылымы өте үлкен болып көрiнедi.Жүктердi, жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау шартының негiзiнде жүзеге асырылады.
Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүктi немесе жолаушыны (теңдеме жүктi) белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетiлген көлiк қызметi үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi. Тасымалдау шарты аталған мiндеттемелердiң iшiнде аралық болып табылады. Оның мазмұнын, сондай-ақ басқа да негiзгi көлiк шарттарының мазмұнын кейiнiрек қарастырамыз.
Жоғарыда айтып өткенiмiздей, бұл мiндеттемелердiң ерекшелiктерi өздерi туындайтын салалармен байланысты. Сол себептi заңнамада көлiк түсiнiгi арнайы бөлiп қарастырылады, және қайсыбiр көлiк соларға сай болуға тиiс көптеген арнайы талаптар бар.Көлiк түрлерi. Объективтi сипаттағы себептер бойынша бөлiнуi қажет болатын, көлiктiң бiрнеше түрi бар, олардың ерекшелiктерi мен қолданылу аясы пайдалану ерекшелiктерiне себеп болады және олардың қайсыбiрiмен тасымалдауға бекiтiлетiн шарттардың мазмұнына елеулi түрде ықпал етедi.Қазақстан Республикасының көлiгi - бұл оның аумағында тiркелген темiржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электрлiк көлiктер. Оның бiр түрiне магистральды құбыр көлiгi де жатқызылады.
Қазақстан Республикасының көлiк жүйесiн құрайды.
Құқықтық реттеудiң қайнар көздерi. Тасымалдау мен өзге де көлiк шарттарының жалпы ережелерi тiкелей Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiмен анықталады, онда оларға 14 пен 35-тараулар (688-714-баптар) арналған. Алайда басқа да заңдық және нормативтiк актiлердiң маңызы аса зор. Бұл тасымалдауды жүзеге асыру процесiнде көлiк қатынастарының барлық қатысушылары үшiн мiндеттi болып табылатын қауiпсiздiк бойынша және басқа да технологиялық сипаттары көп мөлшердегi арнайы талаптардың сақталуға тиiстiгiмен байланысты. Бiрақ, қазiргi таңда көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне, яғни олардың шарттық тәжiрибесiне де, мемлекеттiң араласпау торабы нақты бекiтiлген. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеудiң шек-терi арнайы көлiк заңнамасында көрсетiлген.

1.3. Халықаралық тасымалдау

Тасымалдаушылар қызметтерiн тұтынатындар үшiн тасымалдаудың бiрыңғай параметрлерiн қамтамасыз ету де (негiзiнен) аса зор маңызға ие. Осы саладағы құқықтық реттеудi бiр iзге келтiру үшiн 21 қыркүйек 1994 жылы "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заң қабылданды. Онда Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiмен байланысты жария сипаттағы қатынастарды реттейтiн нормалармен қатар тiкелей азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтiн нормалар (жалпы сипаттағы) да бар. Жария және жеке нормаларды орналастыру - басқа да көлiк-құқықтық актiлердiң ерекшелiк белгiсi. Бiрақ, бұл мұндай жағдайда қандай да бiр әкiмшiлiк-құқықтық "дақтары" бар шарт туралы айту қажет екенiн бiлдiрмейдi, алайда оларды мүлдем ескермеуге де болмайды.
Көлiктiң кейбiр түрлерiнiң қызмет ету аясы табиғи монополияларға жатқызылған, сондықтан олардың қызметiне 9 шiлде 1998 жылғы Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңы да қолданылады.
Қазiргi таңда тасымалдаудың жекелеген түрлерiн реттейтiн заңдар қабылданып әрекет етуде. Оларға мыналар жатады: 1) 8 жел-тоқсан 2001 жылғы Қазақстан Республикасының "Темiр жол көлiгi туралы" Заңы; 2) желтоқсан 2001 жылғы Қазақстан Республикасының "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Заңы; 3) 17 қаңтар 2002 жылғы Қазақстан Республикасының "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Заңы. Заңды тұлғалар мен азаматтардың тұрғындар үшiн жүк тасымалдаулармен айналысатын қызметiне Қазақстан Республикасының Баға және антимонопольды саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 20 қыркүйек 1996 жылғы №97 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету ережелерi қолданылады. Сонымен қатар 15 қазанда КСРО министрлер кеңесiмен бекiтiлген КСРО-ның iшкi су көлiгiнiң жарғысы (IСКЖ) да маңызды болып табылады. 18 маусым 1970 жылы Қаз ССР Министрлер Кеңесiнiң қаулысымен бекiтiлген Қаз ССР-дiң автомобиль көлiгiнiң жарғысы (АКЖ) да қолданылады. Заңнаманың соңғы аталған екi актiсi Қазақстан Республикасының аумағында, Азаматтық кодекстiң 3-бабының 2-тармағында көзделген ережелердi ескере отырып, әрекет етедi.1 Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темiржол, әуе, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiктерiмен мемлекетаралық байланыстар үшiн ашық жолдар, трассалар мен су жолдары бойынша жүктер мен жолаушылардың транзиттiк тасымалы жүзеге асырылуы мүмкiн. Олар Республиканың заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерi мен шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының, жүк жөнелтушінің, жүкті алушының жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге асыруда пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шартымен негізделген және осы шартпен реттеледі.
Осы тараптар арасындағы құқықтық қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасасқан шартымен және сонымен қатар, осы шартты реттейтін заңдылықтармен анықталады.
Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың екі жақ тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі. Осылайша жүкті тасымалдау шарты ереже бойынша, консенсуалдық шарт болып табылады, яғни шарттың мазмұны мен екі тарап танысқан сәттен бастап құқықтық нәтижені тудырады, бірақ басқа да жағдайлар бар, олар әр түрлі ұлттық заңдарда бекітілген.
Жүктерді тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлуеге міндеттенеді.Жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және теңдеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті белгілі бір мекенге жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы мақсатты жүзеге асыруды қабылдап алған сәтінен жасалған деп танылады.Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан кезде келісім қай кезден басталатынын анықтау қажет. Құқықтық доктрина және сот тәжірибесі бұл сұрақты шешудің бірнеше жолын ұсынады (билетті сатып алу сәті, көлік құралына отырғызу басталған сәтте және т.с.с.).Халықаралық жеке көлік құқығында тасымалдау шарты екі жақты сипатқа ие және көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты бола бермейді, сонымен қатар, құқықтық доктрина және сот тәжірибесі тасымалдау шартының қайтарымсыздығын білдіреді.Сондықтан әр мемлекеттердегі тасымаладау шартының нақты анықтамасы өзара ұқсас, дегенмен, өзара айырмашылықтарға ие.
Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық тасымалдау талаптарының субъектісі ереже бойынша жеке және заңды тұлға болып табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір ақшадай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады.

2.Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру
2.1. Туристерді тасымалдау түрлері

Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке бiр саласын құрайды.
Көлiк - бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.
Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептiк несиелiк қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлiк қызметiнiң, мiндеттемелiк (тауарлы-ақша) қасиетi бар қатынастар тобы жатқызылған. Ертеректе олар екi жақты қасиетке, яғни азаматтық-құқықтықпен қатар, қазiргi терминологиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екенi мойындалғанын атап өту қажет.
Олар әкiмшiлiк актiден (яғни тасымалдауды жоспарлау актiлерi) және шарттардан туындай алатын. Соның салдарынан көлiк мiндеттемелерi туралы сөз болатын. Қазiргi таңда жоспар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың iшкi, шаруашылық қызметi үшiн ғана маңызды, сондықтан ойымызды, тасымалдауға қатысты шарттар - тасымалдау шарттары туралы өрбiткен дұрыс болар.
Бұл айтылған сөз көлiктiң экономиканың ерекше саласы ретiнде, жоғары қауiп ретiнде, техникалық жағынан күрделi және тәртiпке салынған жүйе ретiнде қызмет етуiне қатысты ерекшелiктерiн ескермеуге болады дегендi бiлдiрмейдi. Сол себептi тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi көлiк түсiнiгiнiң өзiн анықтайтын, оның қызметiнiң стандарттары мен ұйымдастырушылық алғышарттарын (мысалы, көлiктi мемлекеттiк реттеуге қатысты) белгiлейтiн нормалар арқылы қарастырылады.
Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының, жүк жөнелтушінің, жүкті алушының, жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге асыруда пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шартымен негізделген және осы шартпен реттеледі.
Осы тараптар арасындағы кұкықтык қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасасқан шартымен және сонымен қатар, осы шартты реттейтін зандылықтармен анықталады.
Тасымалдау шартын жасасу мен орындау нәтижесiнде туындайтын құқықтық қатынастардың жалпы жиынтығын бiлу ушiн оны қурайтын элементтердi қарастыру қажет, әсiресе, жуктi онытасымалдау мен жолаушылар қол жүгiн ажырата бiлген дұрыс.
Тасымалдау шартын жасасудың негiзi жүк тасымалдаушының жүктi немесе жолаушыны бiр орыннан екiншi жерге белгiлi бiр көлiк құалымен сыйақыға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үйдегі сақтандыру түрлері
Қазақстан туризмінің дамуындағы көліктің маңызы
Туристік экскурсиялық поездар маршруттары
Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру
ТУРИСТІК КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Круиздік туризм
Автобустардың классификациясы
TOP MEDIA туристік фирмасының маркетингі
Көлік түрлерімен саяхаттарды жоспарлау
Туризмдегі авитасымалдауды ұйымдастыру (мысал ретінде бір аймақты алу)
Пәндер