Конфуцийдің саяси жəне құқықтық ілімдер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Тарих, экономика және құқық факултеті
Құқықтық пәндер кафедрасы

Реферат Тақырыбы:Ежелгі Қытайдағы саяси ойлардың негізгі ерекшеліктері

Орындаған: Баймағамбетова Дана
Юр 11 тобының студенті
Тексерген: Куспанова.А.Ж

Орал-2019
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1тарау.Қытайдағы саяси ойлардың негізгі ерекшеліктер ... ... ... ... 4
1.1.Конфуцийдің саяси жəне құқықтық ілімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2.Лао-цзының саяси жəне құқықтық ілімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3.Моцзының саяси жəне құқықтық ілімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.4Легистер мектебіндегі мемлекет жəне заң туралы ілімдер ... ... ... ... ... ... ..8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

Кіріспе
Біздің елімізде көрші Қытай халқының өміріне деген қызығушылықтың тамыры тереңнен тартылып жатыр. Ежелден бері Аспан асты империясының салт - жырларын бейнелейтін әдебиетке, қытайлардың өмір философиясының ерекшеліктеріне көп көңіл бөлініп келеді. Көрші мемлекетте болып жатқан күнделікті оқиғаларға деген зор ықылас, сөзсіз Ежелгі Қытайдың идеологиясы мен мәдениетіне деген қызығушылыққа, Ұлы Қытай халқының өткеніне апарады. Бұл мемлекеттің өткеніне көз жүгірту оның бай мәдениеті, ұлы ойшылдары, саяси - философиясының негізін салушылар Конфуций, Лao-цзы, Мо-цзының көзқарастарымен танысу біздің Қытай өркениетінің құпия дүниелеріне дендей енуімізге көмектесіп, олардың Қытай қоғамының тарихына, психологиясына, Қытай халқының ойлауымен жүріс-тұрыс нормаларына әсері ұзақ әрі тұрақты болған ілімдері жайында түсінік береді.
Ежелгі Қытай саяси - этикалық философиясының әр түрлі мектептері болды. Олар бір-бірінен адамның мінезі мен мәні, оның қоғам мен мемлекеттегі орны, адам мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас т.с.с. мәселелерді шешуге деген тәсілінің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Ежелгі Қытай философтары табиғатқа емес, адамға, коғам мен мемлекетке коп көңіл аударды. Олардың барлығына қалыптасқан әлемді өзгертумен адамзатты ұйымдастыруға талпынысының негізіне ең идеалды, ең әділетті болып көрінген принциптерді қалау тән болды.
Жеке адамның мән-маңызы Батыс пен Шығыста б.э.д. мыңдаған жылдар бұрын зерттеле бастаған. Егер де Еуропада "болмыста жеке адамға ғана табынуды жақтау" дәстүрінің негізінде жеке адамды өзіндік бір әулие ретінде қарайтын христиан діні болса, ал Қытайдың рухани мәдениетін бұндай ролді Конфуцийдің ілімі алды. Абсолют функциясын жеке адамның барлық идеалды қасиеттерін бойына жинақтаған "Цзюнь -цзы" (қайырымды адам) атқарды. Көктем және күз (Чунь цю), соғысушы патшалықтар (Чжань го) дәуірлері - Ежелгі Қытай тарихында өзгеріске толы кезең еді. Қоғамда болған әлеуметтік-экономикалық өзгертулер ең алдымен адамға әсерін тигізбей қоймайды. Ежелгі Қытай ойшылдарының таң қалған назарларының алдында бұрын беймәлім адамның мінезі мен жүріс-тұрысы ашылды. Егер бұрында жеке адам өзінің жүріс -тұрысын, талпынысын туысқандық коллектившілдікке бағындырып, өзін отбасынан сырт елестете алмайтын отбасының бір құрамды бөлігі ғана болса, жерге жеке меншіктің пайда болуы, жеке кәсіптердің, сауданың дамуы, қалалардың бой көтеруі оны отбасынан алыстатты. Адамдардың жүріс-тұрыстарында да өзгерістер болды. Кей кезде атасы кедей, немересі бай болған, бай туыстары кедей туыстарына көмек көрсетуден бас тартқан сияқты жағдайлар кездесе бастады. Адамдардың осылайша моральдық азғындауы ойшылдарды таң қалдырды. Сондықтан да олардың көпшілігі өткен, қайтып келмес "алтын ғасырды" аңсады.
Iтарау.Қытайдағы саяси ойлардың негізгі ерекшеліктері
Саяси ілімдердің бағзы отанының бірі - Қытай. Қытай халқының күрделі саяси өмірін түсіндіретін, реттейтін елде бірнеше мектептер болды. Сол заманда негізі қаланған идеялар қазіргі кезде де қытай халқының негізгі идеологиясына айналып отыр.
Ежелгі Қытайдағы саяси ойлардың тереңдігі және ерекшелігі - оның мифологиядан гөрі рационализмге жақындығы. Діни мифологиядан гөрі ежелгі Қытайда ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрге, небір қатаң ритуалдарды сақтауға көбірек көңіл бөлінетін сияқты. Ежелгі Грециядағы құдайлардың шектен тыс батырлықтарын әспеттей суреттеу - Қытайда тарихи оқиғаларды суреттеп, баяндаулармен алмастырылады.
Қытай өркениеттік мәдениеті мен жазбасы жобамен б.ғ.д. XIV - ХIIғ. қалыптасқан, осы кезеңдермен саяси ойлардың да қалыптасуы қатар келеді.

1.1Конфуцийдің саяси жəне құқықтық ілімдері
Қытайдың этикалық және саяси ойлары тарихының ең ауқымды орын алатын ғұламаларының бірі - Конфуции.
Конфуций ( Кун - фу- цзы, б.ғ.д. 551-479 ж) - көзқарастары Лунь-Юй (Сұхбат) кітабында беріледі. Көптеген ғасырлар бойы осы кітап қытайлықтардың дүниетанымына, өміріне ықпал етіп келді, кейін тіпті Конфуций ойлары дінге айналуға дейін барды.
Конфуций қоғамды дұрыс та жақсы ұйымдасқан жүйе ретінде тани отырып, оны нығайтуға, жоғарғы моральдық қоғам құруға тырысады. Идеалды, ізгі эталон ретінде ол ескі, көне дәстүрге, саясатқа жүгінеді. Шынымен де Конфуций ойларынан ежелгіліктің, көнеліктің ізін болжау қиын емес. Конфуций - ұлы моралист. Ол жоғарғы мораль эталонын, мінсіз адам образын іздейді. Цзинь - цзы деген ұғым - ол идеал (цзинь - патша, әке, цзы - бала.
Мінсіз Цзинь - цзы ұғымы мынандай қасиеттерге ие болуы керек:
Ли - сақталып келген ритуалдарды орындау.
Жэнь - адамгершілік.
И - әдептілік
Чжи - білімге құштарлық
Сяо и ди - үлкенді сыйлау
Чжун - адалдық
Жэнь - қайырымдылық, жұмсақтық
Осы талаптардың барлығы да вэнь (ескі, көне) мәдениетіне негізделеді. Конфуций көне дәстүрлерді сақтауға көп көңіл бөледі
Әлеуметтік қоғам нық, берік болуы үшін әркім өз міндеттерін жақсы білуі керек - әке - әкелік, бала - балалық орнын білуі тиіс, халықтың - халықтық орны болуы керек. Осы тәртіп қоғамдық жүйенің бірқалыптылығын сақтайды. Мемлекет үлкен бір семья, бірақ бір ғана патша - әке оны басқара алады.Конфуциидің саяси қағидаларының ең басты мәселесі - халықтың игілігі, ең бастысы - халықты тоқ ете білу керек, содан кейін оны оқыту, тәрбиелеу керек, жоғарғы моральдық қасиеттер сіңдіру керек.
1. Халыққа қамқор бола біл
2. Салттарды қатаң түрде сақта, себебі қоғамның іргесі ескі дәстүрлерден тұрады.
3. Өзіңді өзің үнемі тәрбиелей біл, себебі әкім өзін өзі тәрбиелей алмаса, халықтан қандай тәртіп күтпек?
Конфуций трактаттарында билеу жұмыстарына байланысты нақты кеңестер де беріледі. "Әрқашан көмекшілеріңе сүйеніңдер, көмекшілікке қабілетті де адал адамдарды алыңдар, әр шешімді терең ойланып барып қабылдаған жөн".
Ол өзінің жоғарғы әкімшілікке қызметке алынған шәкіртіне былай дейді: "Шешім қабылдауға асықпа, ұсақ істерге көп көңіл бөлме, себебі ұсаққа көп үңілсең, ірі мәселелерден тыс қаласың. Басқару өнері байыптылық пен шапшаңдықтың дер кезінде пайдаланыла білуінде.
Конфуций демократ емес, ол әлеуметтік топтардың болуы мен олардың айқын түрде бөлінуін мойындайды. "Ең қиыны әйелдер мен бұқараны басқару. Оларды өзіңе тым жақындатсаң - сыйламай кетеді, ал алыстатсаң - кейіп, налиды". Әйтсе де Конфуций қатаң жаза түрлерін қолдануды қолдамайды, адамдарға жаза орнына тәрбие шараларын қолдануды ұсынады.
Конфуции демократ болмаса да, адамдар жаратылысынан тең екендігін, білімнің, өзін өзі тәрбиелеудің нәтижесінде цзюньцзы жағдайына әркімнің жете алатындығы мойындайды.
Басқарудағы маңызды мәселе моральдық принциптерге негізделген социумдық тәртіп, жоғарғы әкімшілік этикасын орнату. Конфуций көзқарастарының негізгі ерекшелігі адамның социумның (қоғамның) бір бөлшегі ретінде социумға тәуелді болуы, яғни қоғамдық мүдде әрқашан жеке мүддеден гөрі жоғары тұрады. Осы қағиданы социализм ілімінің кейбір тұстарымен салыстыруға болады ("Адам мемлекет атты алып машинаның тетіктері мен бөлшектері"), бүгінгі күндегі кейбір құбылыстарды , мысалы біздің еліміздегі социализм баяғыда құлдырап кетсе, Қытай социализмі осы күнге дейін өмір сүріп келе жатыр, яғни "қоғамдық түсінік" Қытайда ежелден қалыптасып, халықтың қанына сіңген ұғымдар болса, Ресейде социализм ұғымы бірақ күнде, дайындықсыз орнатылған социализм болғандықтан кейін тез ыдырап кетуі мүмкін.
Конфуции саяси қағидалары қытай саяси мәдениетінің қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл, оның цзинь цзы эталоны қоғамның моральдық кемелденуіне ықпал етіп, жаңа әкімшілік құрылыстың, әлеуметтік тәртіптің орнауының этикалық принциптерін анықтады.
Қытай қоғамында конфуций ілімі негізгі доктринаға айналғанға дейін, мемлекеттің саяси өмірінде даосизм мен буддизм ілімдері саяси-идеялық тәртіпті қалыптастырып үлгерген еді. Буддизм адам мен ғаламның үйлесіміне назар аудара отырып, қоғамда әділетті мемлекет орнатуға болады деген идеяны қолдады.
Кун-фу-цзы (б.э.д. 551 - 479 жж.) Конфуций әлеуметтік және саяси қайшылықтар заманында өмір сүрді. Мемлекет іргесі шайқалып, патриархалдық-рулық нормалар дағдарысқа ұшырап, елді хаос жайлаған кез болды. Осы жағдайдан шығу үшін Конфуций әлеуметтік үйлесімділік идеясын ұсынды, сонымен қатар, ол Қытайдың рухани және қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарған даналар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер
Дүниеге қөзқарас пен оның типтері жайлы
Қытай философиясының тарихы
Конфуций ілімінің ерекшелігі
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының əдістемесі
Қытай философиясы ( Хань династиясы )
Моистер мектебі
Көне Қытай философиясы туралы
Ежелгі Қытай легизмінің саяси құқықтық ілімі
Пәндер