Қазақтың көне тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 199 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН

ТАРИХЫ

Қ А З А Қ С Т А Н

Т А Р И Х Ы

(несиелік технологиясы бойынша оқытудың тарих емес факультеттерге арналған оқу-әдістемелік құралы)

АҚТӨБЕ, 2009

УДК 94 (574)

ББК 63. 3 (қаз)

Қ 18

Қазақстан тарихы

Оқу құралы - Ақтөбе, 2009 - бет

ISBN 9965-706-77-8

АқтМПИ Ғылыми Кеңесі мақұлдап ұсынған

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал жоғары, орта және арнаулы орта оқу орындарының мемлекеттік стандарт және типтік оқу жоспары мен бағдарлама негізінде оқытудың несиелік технологиясына ыңғайланып дайындалған. Материал тараулары теориялық тұжырымдар деңгейі тұрғысынан, баяндау тәсілі жағынан әр алуан. Материал өзіндік баяндау үрдісі бойынша проблемаларды кең уақыттық ауқымда - ежелгі замандардан 2009 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Оқу құралы жоғары, орта оқу орындарына және Отан тарихына ынталы оқырманға арналады.

Абдоллаев Нұртаза Ақишанұлы.

Компьютерге терген және редакциялаған Мурзалина Г. Б.

ISBN 9965-706-77-8 ББК 63. 3 (қаз)

Сарапшылар:

Ә. Қ. Мұқтар - т. ғ. д., профессор

Б. Бірімжаров- т. ғ. д., профессор

М А З М Ұ Н Ы

Е Ж Е Л Г I Қ А З А Қ С Т А Н3 бет

ҚАЗАҚ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ТАЙПАЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР

МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР8 бет

Қазақ жерiндегi алғашқы түрiк мемлекеттерi15 бет

МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ЗАМАНЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚСТАН25 бет

XVI - XVII ғғ. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ, ӘЛЕУМЕТТIК-

ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ31 бет

ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІ МЕН РУЛАРЫ39 бет

XVIII-XIX ғғ. ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР53 бет

XVIII - XIX ғғ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ЖАҒДАЙЫ68 бет

XVIII - XIX ғғ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ83 бет

XIX- XX-шы ғ. басындағы Қазақстанның саяси-экономикалық

және мәдени-әлеуметтік ахуалы95 бет

1916-1918 жж. Қазақстандағы саяси оқиғалар

мен мемлекеттік өзгерістер105 бет

Қазақстандағы азамат соғысы (қарсыластығы) .

Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы118 бет

ХХ ғасырдың 20-30 жж. саяси - экономикалық

және әлеуметтiк өзгерiстер126 бет

Ұлы Отан соғысы мен экономиканы қалпына келтiру

жылдарындағы Қазақстанның орны (1941-1950 жж. ) 138 бет

ХХ ғ. 50-70 жж. Қазақстандағы саяси,

әлеуметтiк-экономикалық жағдай145 бет

КСРО-ның тоқырау кезеңiндегi Қазақстанның ахуалы153 бет

Тәуелсіздік жолында 169 бет

Пән бойынша қорытынды бақылауға (мемлекеттік емтихан)

ұсынылатын сұрақтар жобасы:198 бет

Е Ж Е Л Г I Қ А З А Қ С Т А Н.

Бiрiншi дәріс

Е Ж Е Л Г I Қ А З А Қ С Т А Н.

Ж о с п а р ы

1. Кiрiспе.

2. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі.

3. Қола дәуiрi (Андронов мәдениетi) .

Ә д е б и е т т е р:

  1. Қазақ ССР тарихы, 5-томдық, 1-том. - Алма-Ата., 1980.
  2. Қазақ ССР тарихы, 2-томдық, 1-том. - Алма-Ата., 1963.
  3. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн. 5 томдық. 1 том. ”Атамұра”, Алматы, 1996.
  4. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн. (очерк) . Алматы. “Дәуiр”, 1994.
  5. Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы “Жалын”, 1994.
  6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергi тарихы. КМЭБИ, Алматы, 1995.
  7. А. Күзембайұлы, Е. Әбiл. История Республики Казахстан. Алматы “Санат”, 1998.
  8. Асфендияров С., Кунте Н. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. - Алматы, (1935) “Қазақстан”, 1997.
  9. С. Г. Кляшторный, Т. И. Султанов. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, “Рауан”, 1992.
  10. Дербов Л. А. Введение в изучение истории. -М., 1981.
  11. Козыбаев М. К., Историческая наука Казахстана на современном этапе развития. Алма-Ата., 1991.
  12. Могильницкий Б. Г. Введение в методологию истории. - М., 1989.
  13. Казахстан за годы советской власти /указатель литературы/. - А-А., 1979.

1. Әлемнiң барлық аймағында адамның шығуы мен дамуында, оның еңбек iздерiнде негiзгi ортақ көрiнiстер көп және олар өзара байланысты. Егерде Қазақстан тарихының ашылған немесе ашылмаған беттерi көппе деген ойға келсек ешқандай күмәнсiз, ғылым-бiлiм игермеген мәселелер үлесi басым. Тiршiлiкке аса қажетті тас құралдары, оларды дайындаудың әдістері мен сырлары, кәсіптері мен мекен-жайлары туралы жазылған этнографиялық, археологиялық жәдігерлер әлі зерттеліп болған жоқ. Мұндай мәлiмет-деректер адамзаттың даму үрдісiн кең шеңберде, қазақ ұлтының тарихын тар шеңберде түсінуге мүмкіндік мол.

Аталған тұжырым қоршаған айналаны ғасырлар бойы зерттеу нәтижесiнде қорытылған. Қазiргi кезде тарих ғылымында адам қоғамы дамуының кезеңдері туралы көп болжам арасында үш түрлi көзқарас басым: формациялық, өркениеттiлiк және модернистiк ( жаңаша бағалау) . Ежелгi адам өз дамуында кезекпен келетiн бiрнеше жүз жылдап саналатын кезеңдердi басынан өткiздi. Олар тас, қола және темiр дәуiрлерi. Ал тас ғасыры палеолит, мезолит, неолит кезеңдерiне бөлiнедi. Палеолит кезеңі Еуразия мен Африка аймақтарында өмір сүрген ежелгі адамдардың кәсібі, тұрмысы, мәдениетінің ұқсастығынан нақтылы көрінеді.

Ежелгi тас ғасыры дәуiрi - адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы кезеңi. Палеолит дәуiрiндегi адамдар қауымдастығы табиғи өсiмдiктердi жинап, жануарларды аулаған, олар күрделi де ұзақ даму жолынан өттi. Бұл әлеуметтiк құрылым ғылымда алғашқы тобыр деп аталады да, ол қоғамдық қатынастардың жетiлмегендiгiмен, сүреңсіз өмір тіршілігімен бей-берекелі жыныстық қатынастармен /полигамия/ ерекшеленедi.

Келесi саты - мезолит дәуiрi, ал одан кейiн неолит пен энеолит көшпелi және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балық аулаушылар мәдениетiнiң қалыптасу және даму заманы болып сипатталады. Тас дәуiрі бiзден қаншалықты қашық болғанымен, бiз алғашқы қауым аңшылары мен термешілердің ежелгi мәдениетi бір-бірімен өзара байланыста болып, бір-бірінің өміріне әсер етті.

2. Ғылымдағы тұжырымдар бойынша 3, 5 млн. жыл бұрын әлемдегi табиғаттың күрт өзгеруі мұздың еруі, топан судың қаптауы құрғақшылық табиғаттың күрделенуiне әкелiп соқтырды. Бұл құбылыстар адамзатты, тiрi жануарларды табиғат өзгерісіне бейімделуге мәжбүр еттi. Табиғатта болып жатқан жағдайларға тез арада маймылдар / дриопитектер / үйлесіп кеткен, ал жабайы адамдар уақыт өткен сайын екi аяқпен қозғалу, күнделiктi өмiрiне қажеттi iстер атқару, түрлi еңбек құралдарын дайындау, қол күшiнен көрi ойлау қабілетін жетiлдiруді бiрте-бiрте жеделдеткен. Эволюция тарихында жануарлардың тағдырына қарағанда жабайы адамдарда кол күшiнен көрi ойлау қабiлетi, басым бола бастайды. Бұндай жабайыларды ғылым екi түрге бөледi: австралопитек және адам . Адамдарды жабайылардан бөлген ғалымдардың дәлелдері бойынша оның 3 пайыздық саналылығы болған, ол дамып отырған.

Австралопитек ( үш-төрт түрлi оңтүстiк маймылы) бұдан төрт миллион жыл бұрын Африкада дүниеге келген. Бұдан екi миллион жыл бұрын шамасында жабайы адамнан қәзіргі заманғы адамның алғашкы қалпы - Хомо (адам) пайда болады. Одан кейiн шамамен 2-1, 5 млн. жылдар шамасында Хомо-Хомо хабилис, яғни қабiлеттi адам қалыптасады. ¤зiнен бүрынғы жабайы ежелгі адамнан гөрi ол ширақталған ой және сөйлеу қабiлетiмен ерекшеленедi. Адамның бұл түрi еңбек құралын, қорғаныс құрылыстарын салуды игередi, құс аулау тәсiлiне машықтанады.

Адам дамуының бұл түрінің өмір сүрген кезеңі б. з. б. келесi 1, 6 млн. - 200 мың жылдықтарды қамтиды. Олар тiк жүре бастаған. Тарих ғылымында хомо эректус деп аталған. Ғылыми болжамдар бойынша олар Африкада пайда болып, кейiн топ-топ болып Еуропа, Шығыс Азия (синантроп), Оңтүстiк-Шығыс Азия (явантроп) өңiрiне тараған. Адамның бұл түрi архантроп немесе ежелгi адамдар тобын құрады, олардың еңбек және қорғаныс құралдары тастан, сүйектен, ағаштан, жасалған. Адам тарихында тас дәуiрi ең ұзақ кезең - бiздiң заманымызға дейiн 2, 6 млн. - 5 мың жылға созылған ең ұзақ дәуір. Палеолиттiң өзi екi кезеңге бөлiнедi: төменгi ( 2 млн. - 40 мың. жыл бұрын) және жоғарғы (40-12 мың жыл бұрын) . Тас дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде адам өмiрiне мыс құралдары келедi, ол заманға ғылымда энеолит атауы берiлген.

Ғылымда ұзақ уақыт тас дәуiрiнде бiздiң өңiрде адамдар өмір сүрмеген. Бірақ соңғы кездегi археологиялық iзденiстер Оңтүстiк Қазақстандағы Тәңiрқазған, Бөрiқазған, Ақкөлде ежелгi адамдардың тұрғын орындарының табылуы бұл пiкiрдi өзгерттi. Бүгiнгi таңда Қазақстанда палеолит мәдени ескерткiштерiнiң екi өңiрi белгiлi - Оңтүстiк Қазақстан және Сары-Арқа.

Осыдан шамамен 300 мың жыл бұрын хомо эректус кәдiмгi адам қалпына жақындады деп есептейдi. Зерттеушілер шамамен бұдан 200 мың жыл бұрын хомо эректустан кәзіргі адамдарға типтес хомо сапиенс пайда болады. Оларды палеантроп - неандерталенсис деп атаған. Бүгiнгi адамдарға типтес хомо сапиенс Еуразия өңiрiнде осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болады. Жалпы, әлемдік ғылымда казiргi адамның қалыптасуы болжамдары бойынша Африкада қалыптасып, кейiн әлем аймақтарына түрлi жолдармен тараған деп есептейдi.

Бұл құбылысқа қоршаған айнала, қоныс аудару және адамдардың басқа топтармен араласып өмiр сүруi де біршама әсер еткен. Неандертальдықтар өздерiнiң дамуында салыстырмалы түрде айтарлықтай жоғары сатыларға көтерiлдi. Олар отты, киiм тiгудi, аң өнімдерін өңдеу өнерін игердi. Әсiресе палеолиттiң соңғы (жоғарғы) кезеңiнде адамдардың қол өнерi жетiле түседi. Ендi адам пышақ, ара, тескiш, балға, кескiш, балық аулайтын т. б. тiршiлiкке қажет құрал-саймандарды жасауды үйренедi. Осы кезде адамдар Қазақстан өңiрiн түгелдей мекендейдi, елiмiздiң Шығысы және Оңтүстiк Сiбiр мен Алтайда ежелгi қоғам мәдениетiнiң тағы бір орталықтары пайда болады. Қазақстанда бұрын ашылған ежелгi адамдар ескерткiштерiне қоса тағы да Орталықта - Қарабас-3, Батпақ-7, Ангренсор-2 және Шығыста - Новоникольское; Оңтүстiкте - Ащысай, Усықтас, Соркөл сияқты жаңа тарихи орындар ашылды.

Тас ғасырының орта және жаңа кезеңдерi ғылымда мезолит ( б. з. д. 12 мың жыл ), неолит (б. з. д. 5 - 3 мың жыл ) деп аталады. Аталған әр кезеңнiң өзiне тән эволюциялық ерекшелiгi бар. Мезолит тұсында адам садақ пен жебе және тасты өңдеу технологиясын ашты. Неолит кезеңiнде тас өңдеу индустриясымен қатар адамдар мал өсiру және жер өңдеуге де бейiмделедi.

Қазакстанда неолит мәдениетiнiң бiрнеше орталықтары табылған. Мысалы, елiмiздiң оңтүстiгiнде ( Қараүңгiр-Қаратау), Орта Азия өңiрiнде дамыған кельтемұнар мәдениетi ошақтары сақталған (саздан жасалған өрнек бояулы ыдыстар табылған) . Солтүстiк Қазақстанда неолит кезеңiнiң екi орны (Атбасар және Маханджар) бар. Атбасар мәдениетi өкiлдерi Есiл өзенiнiң далалық және ұсақ қырлы өңiрлерiн жайлап (Виноградовка-2, Тельман) аң аулап күн көрген. Маханджар мәдениетi ошақтары Торғай, Тобыл өзендерi жанындағы далалықта - Маханджар, Дүзбай, Алқау деген мекендерде орналасқан. Батыс Қазақстанда неолиттi ойық мәдениеттерi сипаттайды. Маңқыстаудан табылған неолит кезеңi жәдігерлері, аталған мәдениет өкiлдерi (б. з. д. VI-V мың. ж. ) аң аулау, термешілік арқылы күн көрiп, саздан ыдыс құю және жiп иiру өнерiн игерген.

Бiздiң заманға дейiнгi III - II мыңжылдықта (энеолит кезеңi) ауа райы күрт өзгеруімен /ылғалды және салқындауы/ Қазақстан тұрғындары өндiрiстi шаруашылықтың түрi - мал өсiрудi жаппай игередi. Бұл кезеңді мәдениет Ботай мәдени ескерткіштерінің жәдігерлері дәлелдейді: Ботай, Красный Яр, Бестамақ, Соленое озеро т. б. Мұнда алғашқы кезеңдерге қарағанда адамдар iрi елдi мекендерге орналасады, жылқыны көлiк етіп пайдаланады, аң, балық аулайды. Аталған жәдігерлер өзiнiң мазмұнымен сұртаңды (Оңтүстiк Орал), хвалынь (Едiл жағалауы), афанасьев (Алтай), усть-нарым (Шығыс Қазақстан) мәдениеттерге жатады. Бұның өзi Еуразия даласындағы тайпалардың тарихындағы этностық және мәдени бiртұтастықты сипаттайды.

3. Неолит дәуiрiнде-ақ байқалған мәдени-шаруашылық өзгерiстерi б. з. б. II мыңжылдықта мал өсіру, егiншiлiк экономикасы мен металл оңдеу кәсiбі қалыптасуына жетеледi. Бұл эволюциялық жаңалық Қазақстан аймағындағы бүкiл әлеуметтiк-экономикалық жағдайды түбiрiнен өзгерттi. Қонысын жиi ауыстырып отыра, жiгерлi, пысық малшы тайпалары тұңғыш бiрлестiктер құра бастады; бұлардың қалыптасуында өзара бiр-бiрiмен қақтығыстар елеулi орын алды. Қару ендi жабайы хайуандарды аулау үшiн ғана емес, сонымен қатар, тайпа-аралық қақтығыстарда да жиi пайдаланалатын деңгейге жетiледi. Сөйтiп, қару жасау бiрте-бiрте металл өңдеудiң дербес саласына айналды.

Б. з. д. II мыңжылдық ортасында Қазақстан өңiрiндегi адамдар қола металды игередi. Қоладан еңбек құралдары мен қару жасау өнерi біршама дамиды. Жер қойнауындағы полиметалдар, соның iшiнде қалайы-мыстың мол қоры аймақтағы қола дәуiрiнiң терең iз қалдыруының бiр факторы болды. Тұрғындардың қоғамдық құрылысы мен отбасылық-некелiк қатынастарында елеулi өзгерiстер пайда бола бастады. Қола дәуiрiндегi экономиканың басты-басты бағыттары - мал шарушылығы мен металды жедел қарқынмен игеру өндiргiш күштердiң жетілуiне, қоғамдық еңбектiң мамандық бойынша жіктелуіне, сөйтiп, қоғамдық өмiрдегi аумақты өзгерiстерге алып келдi. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк көлемі кеңейдi, ру қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi тереңдейдi. Ежелгі адамдар өмірінің осы деңгейін дәлелдейтін бірінші жәдігердің табылған жерi Ачинск маңындағы Андронов елдi мекенi атына орай бұл мәдениет ғылымда шартты түрде “Андронов мәдениетi” деп аталды. Бұл кезеңде андроновшылар жәдігерлер қалдырған дала малшы-егiншiлердiң мәдени ортақтығы айқын сипатталады. Барлық жергiлiктi мұралық ерекшелiктерге қарамастан, қазақ даласына кең тараған бұл тайпалар неолит дәуiрiндегi өзгерiстердi айқын мәдени бiркелкiлiкпен ауыстырған. Ғылыми тұжырымдар бұл мәдениет өкiлдерiнiң басым көпшiлiгi отырықшылықпен айналысқанын анықтайды. Қоныс - мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердiң жанына орналасты. Патриархатты отбасылардың үйлерi үлкен жертөлелер болды; олардың жанынан әр түрлi шаруашылық жайлар мен мал тұратын қоралар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсiбi едәуiр басым - егiншiлiк шаруашылықтың сипаты да тән болды.

Аталған мәдениетке ерекше тән сипат - металдан жасалған еңбек құралдары, қарулар және әсемдiк заттар: ұңғысы бар, дүмi шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға-шоттар, найзалар мен жебенің өзгеше ұштары, бiлезiктер, айналар, моншақтар және әр түрлi iлмешектердiң кең тарауы болды. Андроновшылардың басқа тайпалардан ерекшелейтін мәдени-этнографиялық ең басты белгiлерi жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнекті балшық ыдыстардың өзiнше бiр жиынтығы, металл бұйымдардың түрлерi болып табылады. ¤ндiрiс техникасының дамығандығы және қола заттар мен балшық ыдыстар түрлерiнiң әдемiлiгi мәдениеттiң де деңгейi жоғары болғанын көрсетедi. Кең тараған ғылыми тұжырым бойынша андроновшылар финн-угор этникалық тобына жатқан.

Үндi-иран ежелгi жазбаша ескерткiштерiн - Авестаны, Ригведаны, Атхарваведаны және топонимика мен ономастиканың басқа да деректерiн, археологиялық материалдарды комплекстi талдау негiзiнде тарих және филология ғылымында андронов тайпаларының үндi-иран немесе арий тектi екендiгi туралы тұжырым да кездеседі. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 ж. Б. В. Андрианов жүргізген. Андронов мәдениетiнiң алғашқы жәдігерлерiн 1914 жылы А. Я. Тугаринов ашты. Одан кейiнгi жылдарда бiр топ ғалымдар андронов мәдениетiнiң тарихи құбылыс ретiнде ғылыми байламдар жасап қола дәуiрiнiң кезеңдерiн саралап бердi (алдыңғы, орта, соңғы) . Кейiн Орал сыртында тараған андронов мәдениетi хронологиялық тұрғыдан сұрыпталып, әр қайсысы атау алды: федоров кезеңi - б. з. б. XVIII - XVI ғғ. ; алакөл кезеңi - б. з. б. XV-XII ғғ. ; замараев кезеңi - б. з. б. XII- VII ғғ. Бұл заманды зерттеп ғылыми арнаға тұжырымдауда Қазақстан зерттеушілерінің үлесi мол.

Андронов мәдениетiн кезеңдерге бөлуге байланысты келтірілген болжамдарды жақтаушылардың принциптi пiкiр айырмашылығы бұл мәдениеттiң федоров кезеңi мен алакөл кезеңiнiң хронологиялық шеңберлерiн бағалау жөнiнде болып отыр. Ғылымда кең тараған көзқарас мынадай: бұл кезеңдер бiрiнен соң бiрi келiп отырды, соның өзiнде неғұрлым ерте кезеңі федоров кезеңiнен кейiн алакөл кезеңi келедi, ал осы алакөл кезеңiнде андронов тайпалардың экономикасы мен мәдениетi дамудың шырқау шегiне жеттi. Екiншi көзқарас бойынша, федоров пен алакөл заманындағы ескерткiштер бiр уақытта болған, бiрақ өлке тұрғындары әр түрлi топтардан құралған. Жабайы жануарларды қолға үйрету қола дәуiрiнде жетiлiп адам қоғамының даму сатысының құрамдас бөлiгiне айналды. Қазақстанның солтүстiк Арал кеңістігі, батыс, орталық және шығыс аудандарындағы неолиттiк тұрақтарда жабайы жануарлардың сүйектерiмен қатар, қолға үйретiлген төрт түлiк малдың да сүйектерi табылған. Қола дәуiрi шаруашылық нысаны ретiндегi мал шарушылығының үздiксiз дамыған уақыты болды, үйретiлген жануарлар саны және құрамы көбейдi. Мал бағу үй маңынан бiрте-бiрте жайлауда бағуға ұласып адамдардың өмiр-салты көшпендi сипат алады.

Шаруашылықтағы қой, ешкi сияқты ұсақ малдың және ірі қара (жылқы, сиыр, түйе) үлес салмағы уақыт өткен сайын арта түседі. Ежелгi замандағы мал шаруашылығы түрі экономист ғалымдардың тұжырымынша экстенсивтi сипатта болған. Қола дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде Қазақстанның далалық аймақтарында мал өсiру шаруашылықтың келелi саласына айналып және көшпенділікке негiзделген түрге ұласқан. Алайда, бұл құбылыс Қазақстанның барлық өңiрiне тән емес. Мәселен, қола дәуiрiндегi Шығыс Қазақстан тұрғындары шаруашылығында отырықшылық түрі басым болғаны туралы көптеген деректер негізнде анықталған.

Қазақстанда қола дәуiрiндегi тайпалар еңбек өнімділігін арттыруды материалдық қор жинақталуға жеткiзiп, қоғамдық қатынастарды жан-жақты дамытады. Шаруашылық тұрпатындағы түрлi даму тенденциялары қоғамдық ұйымдағы күрделi өзгерiстерге негiзгi себепкер болады. Әлеуметтiк және әскери-саяси құрылымдарда ру-тайпалық топтар саралана, жiктеле түстi. Ер, көсем, жауынгер материалдық игiлiктердi өндiруде үстемдік алып, ру жетекшi дәрежесіне көтерілуі туыстықты әке жағынан есептеуге бастау (патриархат) болады. Патриархатты әулеттiк қауым өзiнiң дамуында бiрнеше кезеңнен өттi. Алғашқы түрiнде ол өзiнiң алдындағы матриархаттық әулеттiң көп белгiлерiн: өндiрiс құрал-жабдықтары және тұрмыстық мәселелердi шешуде қоғамның бар ересек мүшелерiнiң теңдiгiн, қауым басшысының беделiне өз еркiмен бағынуды мұра етiп алған едi. Мұндай қауымның негiзi, бұрынғы сияқты, жұп отбасы болды, мұның өзi ерлi-зайыптылар қатынасының берiк болуымен және ортақ балалар иемденуге ерлер мен әйелдер құқықтарының теңдiгiмен сипатталады. Мұндай патриархатты қауымдар төрт-бес ұрпақтан құралды және аумағы 200 шаршы метрден кең үйлерде бiрге тұрды, ал бiрнеше осындай үйлерден ру қоныстары қалыптасты.

Бұл қоғамда өндiрiстiк-отбасылық ұжым болып өндiрiс құрал-жабдықтары мен ұжымдық еңбек өнiмдерiне ортақ меншiк болды. Кейiн қоғамдық эволюция нәтижесiнде, қола дәуiрiнiң соңғы кезiнде, дамыған қауымдар оқшаулана бастайды; мұның өзi келе-келе алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншiктiң орнауына әкеледi. Батыс Қазакстанда сақталған сол кезеңдегi адамдардың тұрмысын сипаттайтын жәдігерлер осы құбылысты айқындайды.

Адамзат дамуының әр кезеңiне дiни нанымдар мен табынушылықтар тән. Қола дәуiрiндегi тайпалар тұрмысы мен әл-ауқаты түгелдей табиғатқа тәуелдi болды, сондықтан адам табиғат күшiн (күн, от, жануарлар, өсiмдiктер) құдырет деп тұтты. Күн тәңiрiсiнiң белгiлерiн әсемдiк заттардан - бiр ортадан жан-жаққа тарайтын шұғыла түрiндегi өрнегi бар қаптырмалардан, қыш ыдыстардағы ою-өрнектерден көруге болады. Қола дәуiрiндегi тайпалар отқа табынған, оны мүрдені өртеу ғұрпы және мәйіттер дәлелдейдi. Ежелгi адамдар ұғымынша, от өлген адамды рухани тазартады және жат рухтардан қорғайды деп сенген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саз сырнай аспабының шығу тарихы және репертуар дамытудағы өзіндік ерекшеліктері
Қазақтың ою - өрнегінің мәні мен мағынасы
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР (ҮІ-ХУІІ ғ.ғ)
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Түркі тілдес халықтарының көне музыкалық аспаптар тарихынан деректер
Күй
Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы туралы
Қазақ шежіресі түсінігі
Ақселеу шығармалары негізінде ғылыми-танымдық публицистиканы зерделеу
Қазақ халқында музыкалық аспаптардың түрлері көп
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz