Қазақстан Республикасында кластерлерді құрастырудың экономикалық тиімділігі


Мазмұны
Кiрiспе . . . 3
- Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабiлеттiгiн
арттыруда кластерлiк әдiстi қолданудың теориялық негiздерi
1. 1 Жүйелi экономиканың теориялық негіздері . . . 5
1. 2 Бәсекегеқабiлеттiкті арттыру тәсiлi ретiнде қолданылатын
кластерлiк әдiс . . . 9
1. 3 Бәсекеге қабiлеттiгiн қамтамасыз етуде кластерлiк әдiстi
қолданудың халықаралық тәжiрибесi . . . 17
2 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiгiн арттыруда
жағдайлар мен шарттарды талдау
- Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiгiнiң
инновациялық аспектiлерi . . . 28
2. 2 Қазақстандық кластерлiк бастаманы талдау . . . 37
2. 3 «Адал» ЖШС-нің шаруашылық қызметін талдау . . . 45
3 Өнеркәсiптiк кластерлердiң даму перспективалары
3. 1 Кластер қалыптастырудың негiзi ретiнде аймақтың бәсекеге
қабiлеттi басымдықтары . . . 56
Қорытынды . . . 63
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi . . . 66
Кiрiспе
Диплом тақырыбының өзектiлiгi. Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы [1] бәсекеге қабiлеттiктi дамытатын әлемдiк тенденцияларды қажет етедi. Соңғы жылдары әлемдiк тәжiрибеде аса көп таратылған бәсекеге қабiлеттiктi арттыратын әдiс-тәсiлдердiң бiрi - кластерлiк әдiс. Экономиканың кластерлiк дамуына М. Портердiң еңбектерi және оның Аризона штатында (АҚШ) кластерлердi қалыптастыру жөнiндегi сәттi бағдарламалары әсер еткен.
Көптеген елдердiң әр түрлi өнеркәсiп салаларында кластерлер кеңiнен таратылды. Кластердiң сәттi үлгiлерiн өркендеген елдермен қатар Үндiстан, Индонезия, Малайзия, Мексика, Ямайка, Боливия, Мадагаскар, Марокко тәрiздi дамушы елдер де қолданып келедi.
Кластердi қалыптастыру дамудың басымды бағыттарында инвестициялық ресурстарды шоғырландыруға септiгiн тигiзедi, инновациялық қызметтiң белсендiлiгiн туғызады, экспорттық потенциалын арттырып, құрылымын түрлендiредi. Оның ең басты мақсаты - жоғары қосылған құны бар бәсекеге қабiлеттi өнiмдi жасап шығару және соның негiзiнде көптеген проблемаларды шешу: еңбек, материалдық ресурстарды тиiмдi қолдану, бюджеттi толтыру, экспорттық мүмкiндiктердi кеңейту және т. б.
Көпшiлiк елдер кластерлiк саясатты пайдалануды кластерлiк бастама деп таныды. Әлемде барлығы 500-ден астам кластерлiк бастамалар бар. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қазақстандық үкiметтiң “кластерлiк бастамасы” қолданысқа ендi, бұл жетi бағыт бойынша пилоттық кластерлердiң пайда болуы мен дамуына жол ашады: туризм, тамақ өнеркәсiбi, мұнай-газ машинажасау саласы, тоқыма өнеркәсiбi, көлiк-логистика қызметi, металлургия және құрылыс материалдары өндiрiсi. Сондай-ақ кластерлердiң басқа да пайда болу жолдары iздестiрiлуде. Яғни кластерлер туралы ой-идеялар Қазақстанда аналитикалық тұжырымдама ретiнде бекiмей жатып, экономикалық саясаттың құралына айналып отыр десек те болады. Және кластерлер феноменiне қажеттi теориялық талдау жүргiзбей, олардың ерекшелiктерiне түсiнiк бермей, түрлi типтерiн ұқсастырмай-ақ практикада жүзiнде қолданыс тапты. Кластер - экономиканың жүйелi моделiнiң феноменi дегенге мән берiлмей жатқанын да ескеруiмiз керек.
“Жүйелi экономика” моделiнiң пайда болуы нарықтар мен трансакциялардың шектен шығармауына байланысты. Экономикалық агенттер қатысушысы көп нарықта емес, қайта аумағы жағынан шектелген немесе белгiлi бiр агенттерi бар локалды нарықта әрекет етедi. Бұл жерде шектен шығармау дегендi тек географиялық мағынада түсiнбеу қажет. Экономикалық өзара әрекет аумақтық, сондай-ақ қатысушылардың институционалдық және әлеуметтiк жақындығына да негiзделедi. Мәселен, географиялық тұрғыдан жабдықтаушы жақын болғанымен, егер ол сенiмсiздiк туғызса, онда ол әлеуметтiк жағынан шалғайда орналасқан деп есептеледi.
Диломдық жұмыстың мақсаты және мiндеттерi. Жұмыстың мақсаты кластерлiк әдiс негiзiнде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiгiн арттырудың теориялық-методологиялық негiздерiн және өнеркәсiптiк кластерлердi қалыптастырып өркендету жөнiндегi практикалық нұсқауларды жасақтау болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшiн төмендегiдей мiндеттердi шешу қажеттiлiгi туындады:
- жүйелi экономиканы қалыптастыруда кластерлердiң теориялық негiздерiн қарастыру;
- бәсекеге қабiлеттiгiн арттыруда кластерлiк-жүйелi әдiстi жүзеге асырушы халықаралық әдiстi зерттеу;
- Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiгiн арттырудың экономикалық, институционалдық, инновациялық шарттары мен жағдайларын жариялау;
- Қазақстан экономикасында кластерлердiң пайда болу процесiнiң ерекшелiктерiмен танысу;
- өнеркәсiптiк кластерлердi құру шарттарын зерттеу;
Жұмыс кiрiспеден, үш бөлiмнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшалардан тұрады.
1 Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабiлеттiгiн арттыруда кластерлiк әдiстi қолданудың теориялық негiздерi
1. 1 Жүйелi экономиканың теориялық негіздері
Ғаламдандыру жағдайында елдер арасында да, жекелеген фирмалар арасында да нарық үшiн бәсекелiк күрес асқына түседi. Соңғылары бәсекеге қабiлеттi басымдықтарын арттыратын әдiстердi iздестiру жолында бизнес ұйымдастырудың жаңа үлгiлерiн пайдалануда. Солардың бiрi - фирмааралық кооперацияның жүйелi нысанын перспективалы деп танылуы.
Фирмааралық кооперация құндылықтардың барлық пайда болатын тiзбегiнде өркендегенiмен, әрiптестiктiң жылдам бой көтеруi ғылыми зерттеулер мен игерулер саласына тән. Ал осы кооперация нысандарына келетiн болсақ, бүгiнде бiртiндеп түрлi келiсiм шарт нысандары таңдалынып отыр. АҚШ-тың тiкелей шетелдiк инвестицияларына шолу жасағанда, 90-шы жылдары АҚШ компанияларымен берiлген лицензияларды саудалау өсiмi (жыл сайын деңгейi 11 пайызға артады) сауда мен тiкелей шетелдiк инвестицияларының өсiмiн қосып есептегеннен де басым болып шықты [25] . Фирмааралық кооперация кездейсоқ нарықтық деректер категориясынан феноменге айналып, өзiнiң белсендi дамуы арқылы зерттеушiлер назарын аударды. Фирмалар қызметiнiң осы бағыты стратегиялық даму және фирманың материалды емес активтерiн арттыру контекстерiнде талдана бастайды.
Түрлi нысанды фирмааралық кооперацияның өнiмдi дамуы фирма шегарасының “шайылып кету”, бизнестi ұйымдастырудың жаңа нысандарына қатысты мәселелердi өзектi деп таниды. Кейбiр зерттеушiлердiң жорамалы бойынша, қазiргi заманғы ұйымдардың нысандарында, қызмет сипатында және процестерiнде кең ауқымды революция болады. Осы сызбалардың таралуы күмән туғызғанымен, бизнес ұйымдастыру саласында қазiргi заманғы фирмалардың тәжiрибесiн кеңiнен тарату фактiсi көптеп кездесуде. Қазiргi уақытта бәсеке қабiлеттiгiне инновациялардың табан тiрескен жарыстарының, соның iшiнде бизнес ұйымдастыру нысандарының нәтижесiнде жетуге болады.
Фирмааралық кооперацияның жүйелi нысандарын зерттеуде әдiстемелiк жағынан маңызды деп танылатыны - ұйымның жүйелi нысанының экономикалық және әлеуметтiк қоршаудың табиғи құрамында болуында және активтi түрде дамушы шаруашылық субъектiлердiң өзара нарықтық әрекет жасауында. Бұл нысан басқа ұйымдастыру нысандарымен қатар өмiр сүрiп, үйлестiрудiң иерархиялық (фирмаiшiлiк) және нарықтық түрлерiнен өзге механизм деп танылады.
Фирмааралық кооперация феноменiнiң теориялық түсiндiрмелерiн бiр жүйеге түсiру үшiн бейресми коммуникациядан бастап фирмааралық ақпараттық-жоспарлы жүйелерге (альянстарға), күрделi интеграциялық құрылымдарға (бiрлескен кәсiпорындар мен франчайзингтiк қатынастарға) дейiнгi аралықтағы үйлестiру механизмдерiнiң тұтас спектрiн қамтитын жүйенiң кең ауқымды анықтамасын қолдануға болады. Жалпылама түсiнiк бойынша фирмааралық жүйелер фирмалар арасындағы байланысты реттеушi әдiстер деп танылады, оның, бiр жағынан, фирмаiшiлiк (иерархиялық) реттеуден, ал, екiншi жағынан, нарықтық үйлестiруден өзгешелiгi бар [27] .
Фирмааралық кооперация, әсiресе оның жүйелi нысаны тәртiптiк және тәртiпаралық әдiстердi қолдану арқылы түсiнiк беретiн құбылыс болып табылады, бұл өз кезегiнде одан әрi жалғасын тапқан тәртiпаралық диалогқа негiз болады.
Жүйе феноменiне түсiнiк беретiн тағы бiр нәрсе - оның тиiмдiлiгiн мойындау. Осы мойындау нәтижесiнде қазiргi уақытта институционалдық теорияда жүйенiң нарық пен иерархия арасындағы аралық ұстанымы бар оңтайлы қоспалы нысан ретiнде кеңiнен таралды [8] . Жүйенi пайдалануға қосымша дәйек ретiнде авторлар өзiндiк активтерi жоғары жағдайларда нарықтық үйлестiру шығындарының өсуiн, трансакциялар дүдәмалдығы мен жиiлiгiнiң артуын, сондай-ақ нарықтық тәуекелдiлiктi қайта үлестiрмейтiн агенттердiң нәтижелiлiгiмен және есебiмен байланысты қиындықтарды атайды [28] .
Салалық нарықтар экономикасы нарықтың “салалық ұйымдары” арқылы фирмааралық кооперацияға түсiнiк беруде өзiндiк үлесін қосты [29] . Сатылы және деңгейлi интеграциялардың дәстүрлi зерттеулерi аясында бұл тәртiп көбiнесе жетiлмеген немесе “квази-интеграциялар” атауына ие қоспалы нысандарымен кездесiп отырды. Нарық механизмiнiң жетiлмеуiне байланысты олар туралы түсiнiк берiлдi, ал өндiрiс шығындарын оңтайландыру, көлем мен әр түрлi болудан, мамандандыру мен тәжiрибеден экономдау - қажеттiлiктен пайда болды [30] .
Агенттiк қатынастар теориясы тұрғысынан қарастыру фирмалар мен олар жалдаған агенттер арасындағы трансакциялардың тереңiрек талдауына жол ашады. Қатынастар шығыны немесе агенттiк шығындар мiндеттердi қабылдау және олардың орындалуын қадағалау механизмiне жұмсалған қаржылардан тұрады, ол оппортунистiк сипаттағы шығындарды және принципалдар мен агенттер арасындағы шарасыз қақтығыстарды азайту мақсатында жасақталады. Басқару механизмiне келiсiм шарттың әр түрлi нысандары енедi. Соңғыларының iшiнде ресми және бейресми, айқын және айқын емес, мақсатты және пәндiк түрлерi де бар.
Трансакциялық шығындар экономикасы (Transaction Cost Economy - TCE) аясында фирмааралық кооперацияға түсiнiк беру кейiнгi әдiстердiң қалыптасуына әсер етедi [8] . Осы әдiс аясында трансакциялық шығындар маңызды фактор ретiнде қарастырылады. Өйткенi ТСЕ фирмааралық кооперацияға қазiргi заманғы түсiнiктеме беруде iргелi теориялардың бiрi болып табылады.
Институционалдық теория, салалық нарықтар теориясы және шумпеттерлiк даму түсiнiгi аясында дамитын әдiстер комбинациясы нәтижесiнде саланың өмiрлiк кезең үлгiсi пайда болады, бұнда Шумпеттердiң айтуындағы революция санақ басы (тiршiлiк бастауы) болады. Осы революциялық өзгерiстер саланың технологиялық базасын және стратегиялық құнды ұйымдастыру ресурстарын анықтайды. Солардың негiзiнде жекелеген фирмалар табысқа жетуi мүмкiн, ендi бiреулерi ресурстық базасын түрлендiру (модификациялау) керек, ал үшiншiлерi банкроттыққа ұшырауы мүмкiн. Шумпеттердiң айтуындағы революция жаңа саланың бәсекеге қабiлеттi негiзiн жасақтап бердi де, салалық бәсекеге қабiлеттiктi ретке келтiрдi. Саланың дамуына дүмпулер (Шумпеттер бойынша) әсер етсе де, олар белгiлi бiр уақыт iшiнде саланы түбегейлi өзгерте алмайды [32] .
Бiр географиялық аймақта шоғырланған агенттер арасындағы жүйелi қатынастар ұжымда өмiр сүруге қабiлеттi болады, ұйымаралық байланыстар мен қатынастар есебiнен өсетiн тұрақтылық үлгiлерiн жасайды. Оларды фирманың сыртқы ортасы деп атайды. Бұл әдiс көптеген зерттеулерде қолданылады. Фирманы қоршаған ортада түсiну ресурстық әдiстiң (немесе ресурстық тәуелдiлiк теориясының) пайда болуына жол ашты [33] .
Жүйелерге анықтама бергенде институционалдық теория жорамалдары қолданылады. Институционалдық теория бойынша қоршаған орта ұйымдарға қысым жасап, соның нәтижесiнде олар әлеуметтiк нормаларға сәйкес келетiн заңды ережелердi жасақтауға мәжбүр [34] . Бизнестi басқару контексiнде осы теориялық әдiстi қолдану арқылы фирмалар заңды әрекет етуге бағытталған қызмет белсендiлiгiн арттырып, қоршаған ортаның негiзгi ережелерiне, талаптары мен нормаларына сай әрекет етедi. Осы нормаларға сай болудың бiр тәсiлi - ұйымаралық қарым-қатынастарға белсендi түрде қатысу. Институционалдық әдiс ресурстық тәуелдiлiк теориясы секiлдi “тәуелдiлiкке” ерекше мән бергенiмен, соңғысынан айырмашылығы әлеуметтiк тәуелдiлiкте болып тұр. Социумда фирманың бөлек болуынан қорғап қалатын әлеуметтiк байланыстар, жүйелер, ресми келiсiмдер мен басқа да құралдар фирманың өмiр сүру негiзi болып табылады.
Екiншi жағынан, ортаның нормалары мен заңдарына, яғни институттарына сай болу үшiн фирмалар белгiлi бiр жүйеге кiруi қажет. Сөйтiп олар өз ерiктерiмен жүйенiң ережелерiн орындауға келiсiмiн бередi. Сонымен қатар фирмааралық кооперативтi құрылымдар құрудың тиiмдiлiгi мен қарапайымдылығы көбiнесе жоғары деңгейлi iшкi орта арқылы анықталады, ал мұнда фирмааралық жүйелер басым болады. Мұндай iшкi орта факторларына заңнамалық база, банктiк жүйе, еңбек нарығы және т. б. жатады.
Осылайша қарастырылған түрлi тәртiптегi әдiстер жүйе қалыптастырудағы негiзгi алғы шарттарды, яғни ұжымдасып әрекет еткен ұйымдар өзiнiң бәсекеге қабiлеттiгiн күшейтетiнiн мойындайды. Зерттеушiлер ресурстық тәуелдiлiк теориясы аясында осы алғы шарт бойынша ұйымдардың кооперативтiк байланыстарын құратынын, кейiн соның бәрi едәуiр мөлшерде нәтижелiлiгiне әсер ететiнiн байқайды. Институционалдық теория белгiлi мақсат пен нәтиже күткен “алаң” немесе “сектор” iшiнде әрекет етушi ұйымдар туралы сипаттама бередi. Салалық нарық экономикасы аясында ұйымдар арасындағы нарықтық емес қатынастарды сипаттайтын қоспалы нысандар да өмiр сүруi мүмкiн.
Фирмааралық қызметтестiктiң оң және терiс тұстарын ашып көрсететiн анықтамалар мен талдаулар баршылық. Фирмааралық кооперация туралы, оның жетiстiктерi мен кемшiлiктерiне түсiнiк беретiн түрлi ғылыми бағыттардың қорытынды талдауы 1-шi кестеде көрсетiлген.
Жалпы экономикалық әдiстер негiзiнде жүйелердiң пайда болуын әдетте нарық сәтсiздiгiмен және фирманың тиiмдi қызмет етуiн күшейтуге бағытталған талпыныспен түсiндiредi. Осындай уақытта ұйымның жүйелiлiгi өндiрiстiк және үйлесiмдiк шығындарды азайтады. Әлеуметтiк зерттеулердiң пiкiрiнше, жүйе дегенiмiз - әлеуметтiк бақылаудың және бейресми кооперацияның басты құралы. Жүйелердiң өмiр сүруiне түрлi түсiнiктемелер берiлiп жүр: нормативтiк-заңнамалық ортаға енгiзу, заңдылық пен өктем механизмдердi табу үшiн жасалатын үйлесiмдiк шығындармен де, әлеуметтiк байланыстармен де түсiндiруге болады.
Кесте 1
Фирмааралық жүйелердi зерттеуге үлес қосқан экономикалық теориялар
Жеке бiр фирманың шаруашылық субъектiсiн өзара әрекет етушi фирмалардың жүйесiне өзгерту ұжымның бәсекеге қабiлеттiк, нәтижелiлiк, қызметiн бағалау, мүдделерi мен стратегияларын келiстiру, бiрлескен активтерiн туындатуға және дамуға ынталандыру және т. б. сондай мәселелердiң күн тәртiбiне қойылуына себеп болады. Осы бағытты дамыту, бiрiншiден, фирма теориясын дамытудың басты бағытына айналуы мүмкiн, екiншiден, қарқынды дамыған қазiргi заманғы басқару әдiстерi үшiн теориялық негiздi қалыпттастырады.
Фирма теориясы алуан түрлi фирманың өмiр сүру, шегарасы мен iшкi ұйымдар проблемаларын зерттейдi. Фирманың шегарасы жөнiнде түсiнiк бергенде зерттеушiлер көбiнесе жүйелi қарым-қатынас үлгiсiн (моделiн) пайдаланады. Ұйымдар мен басқару теориялары аясында бұндай анықтамаларға экономика, әлеуметтану, әлеуметтiк психология және басқа да ғылыми салалардан алынған дәйектер қоса берiледi [35] .
Алайда бәсекеге қабiлеттi басымдықтарының негiзi ретiнде, қоршаған ортаның жоғары айнымалылық пен технологиялық белгiсiздiк жағдайындағы тұрақты оқудың қажеттiлiгiн мойындайтын, ресурстар мен бiлiмге жасалған жаңа акцент фирмалар арасындағы кооперацияның ролiн қайта бағалауға және жүйелiк феноменiнiң жаңа түсiнiктемесiн қалыптастыруға көмектеседi.
Соңғы 20 жыл iшiнде шегараны таңдау туралы алдыңғы теориялық анықтамалар трансакциялық шығындар экономикасының (ТСЕ) жорамалдарына негiзделген болатын. ТСЕ әлi де болса стратегиялық альянстарды қалыптастыру процесiн түсiндiретiн басқарудағы ең бiр кеңiнен тараған әдiс деген ұстанымды сақтап отыр. Сондай-ақ кооперация уәждерiн түсiндiретiн трансакциялық шығындарды оңтайландыруға бағытталған акцент басқа да ғылыми бағыттар аясына да тараған.
Осы теорияның оппоненттерi келiсiм жүйесiмен фирма туралы түсiнiк беру оның құзiреттi ролiн терiске шығарады, ал бұл өз кезегiнде оқыту, заңнамалық жолға түсу немесе жаңа технологиялық стратегиялық табысқа жету процесiн тұтастай бағынышты етедi деп дәлелдейдi [36] .
Сонымен қатар фирманы келiсiмдiк деген мағынада түсiндiру стратегиялық сипатқа ие болады, бұнда фирма кiрiс табуға талпынбайды, оның бағыты өзгеше құзiрет пен бәсекеге қабiлеттi басымдыққа жетуге жинақталады.
Керiсiнше, қүзiреттер ұстанымы бойынша экономикалық ұйым туралы түсiнiк кiрiс, шығыс және технологиялар кезiндегi үздiксiз өзгерiстер контексiнде қабылданады.
1. 2 Бәсекеге қабiлеттiкті арттыру тәсiлi ретiнде қолданылатын кластерлiк әдiс
Өндiрiсте бизнестi жүйелi ұйымдастыру басымдықтары туралы ой-пiкiрлер бұрыннан қалыптасқан болатын. Осы саладағы ең алғашқы еңбектердiң бiрi - ХIХ ғасырдың аяғында шыққан Альфред Маршалдың “Принципы экономики” кiтабы, мұнда Ұлыбританияның өндiрiстiк аудандары зерттелiнген. Кiтапта қазiргi заманғы арнайы терминдер қолданылмаса да, бiрақ фирмааралық еңбек бөлiнiсi кеңiнен сипатталатын кластер қарастырылып отырғаны анық. Осыдан жүз жыл бұрын Маршал өзiнiң еңбегiнде шағын кәсiпорындарды бiрiктiргенде және мамандану бiлiктiгiн көтеру кезiнде пайда болатын синергетикалық ықпалға назар аударған едi.
Белгiлi ғалым М. Портер әлемнiң түрлi елдерiнде орналасқан iрi, орта және көптеген шағын кәсiпорындардың 100-ден аса бәсекеге қабiлеттi топтарының дамуы мен қызметiнiң шарттарын қарастырып, кластерлер феноменiн алғаш рет жан-жақты зерттедi. Бiр немесе бiрнеше iрi фирмалар әлемдiк нарықта бәсекеге қабiлеттiкке жеткен соң, жақын маңдағы ортаның iскер қарым-қатынастарына да өз ықпалын тигiзе отырып, осындай бiр салалық кәсiпорындардың топтарын қалыптастырады. Бұл өз кезегiнде осы топтағы барлық қатысушылардың бәсекелесе алуына жағдай жасап, олардың одан әрi өсуiне оң әсер етедi. Мiне, осындай құрылымдарды кластер деп атайды.
Сонымен кластер дегенiмiз - бiр-бiрiнiң бәсекеге қабiлеттi жалпы дамуы мен өсуiне ықпал етiп, тығыз экономикалық байланыста болатын профилi ұқсас фирмалардың қоғамдастығы. Бұнда көптеген орта және шағын кәсiпорындары бар iрi жетекшi фирмалардың бейресми бiрлестiктерi, нарықтық институттар мен тұтынушыларды байланыстыратын технология жасаушылары басым болады.
Iскерлiк және ақпараттық байланыс жасағанда тығыз кооперация мен субконтрактациялық байланыстар негiзiнде өндiрiстi реттеу мақсатымен шағын және орта кәсiпорындардың тартылуы кластерлер құру процесiндегi iрi бизнестiң ролiн ашады. Бұл кластерге қатысушылардың өркендеуiне әсер етiп, олардың бәсекеге қабiлеттi басымдықтарын қамтамасыз етедi.
- белгiлi бiр ғылыми мекемелерге (ҒЗИ, университеттер, т. б. ) тiркестiрiп, туыстық секторлар iшiнде экономикалық қызметiнiң аумақтық шектеулi нысаны бар кластерлер;
- өндiрiс, жеткiзiлiм және өткiзу процесiн қамтитын бас фирмалардың немесе негiзгi кәсiпорындар жүйесi маңында топтасатын аясы тар қызмет саласындағы деңгейлi өндiрiстiк байланыстары бар кластерлер;
- жоғары деңгейлi агрегациялы (мысалы, “химиялық кластер”) немесе одан да жоғары деңгейлi агрегациялы (мысалы, “аэрокосмостық кластер”) өндiрiс түрлерiндегi салалық кластерлер.
Кластерлер сипатына тән негiзгi ерекшелiктерiнiң iшiнен мыналарды бөлiп алуға болады:
- географиялық - кластерлер құрастыруды жергiлiктi кластерден (жемiс-консервi) бастап кең ауқымды, мәселен, аэрокосмостық кластерге дейiнгi аралықта белгiлi бiр аумақта нақты байланысқан;
- деңгейлі - тең құқықпен бiрнеше сала/сектордың бiр iрi кластерге кiргенi;
- сатылы - өндiрiстiк немесе инновациялық процестегi ұқсас кезеңдi иерархиялық байланысы бар кластерлер;
- латералды - бiр саладағы түрлi секторлардың бiр кластерге бiрiгуiн көрсететiндер;
- технологиялық - бiрдей технологиямен байланысқан өндiрiстер жиынтығын көрсететiндер;
- фокустық - көшбасшы болатын бiр орталық - iрi кәсiпорын, ҒЗИ немесе университет аясында шоғырланған фирмалар кластерi;
- сапалық - барлық салалардағы қатынастарын жетiлдiре отырып, әрбiр мүшесiнiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттыратын және қауымдастықтың экономикалық жағдайын күшейтетiн фирмалар кластерi.
Кластер iшiндегi жаңа қатынастар инновациялық қызметiне жағдай жасайды, прогрессивтi технологиялардың өркендеуiне септiгiн тигiзiп, бiрлескен экономикалық қызметiнiң барлық кезеңдерiн жетiлдiредi. Ақпаратпен еркiн алмасып, өз бәсекелестерiмен байланысы бар жеткiзушiлер және тұтынушылар арқылы жаңалықтарын тез тарата алады. Кластер iшiндегi байланыстар бәсекеге қабiлеттi басымдықтарының жаңа жолдарын жасақтап, жаңа мүмкiндiктерге жол ашады. Кластер құрамындағы көптеген кәсiпорындар бiр-бiрiмен әрекет етiп, мүдделерiнiң жақындау нәтижесiнде бытыраңқылықтан, салғырттықтан және iшкi проблемаларының әсерiнен тұйық болудан арылады, бұл олардың техникалық деңгейiнiң және бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң өсуiне жағдай жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz