Кәсіпорынның айналым қорларын басқару


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Орыншаих А.
Кәсіпорынның айналым қорларын баскару.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050506- «Экономика » мамандығы
Алматы 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Ә. Н. Дәуренбекова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Кәсіпорынның айналым қорларын баскару.
050506- «Экономика» мамандығы бойынша
Орындаған Орыншаих А.
Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы Мурсалим М. О.
Алматы 2010
Мазмұны
- Кәсіпорынның айналым құралдарын баскарудың теориялык негізі
- Нарық жағдайындағы айналым құралдарын тиiмдi басқарудың рөлi
- Кәсiпорында айналым құралдарының жіктелуі және ұйымдастырудың ерекшелігі
- Кәсіпорында айналым қорларын баскару жолдарын жетілдіру
Кіріспе
Кәсіпорынның айналым құралдарын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Айналым қаражаттарын олардың жеткіліксіздігі жағдайында үнемді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы әлемдiк тәжiрибенi ескеретiн, қазiргi заманға сай құқық нормаларымен реттелетiн, нақты түбiрлi реформалау негiзiнде елдi тұрақты өркендену өмiр жолына түсуге мүмкiндiк беретiн әлеуметтiк-экономикалық, конституциялық, мемлекеттiк-құқықтық дамудың жаңа кезеңiне өттi. Бұл туралы Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық стратегиясында айтылған, стратегия Қазақстан Республикасының Президентiнiң тапсырыстары мен Президенттiң халқына арнаған “Қазақстан - 2030: “Гүлдену, қауiпсiздiк және Қазақстан халқының жағдайын жақсартуға бағытталған ұзақ мерзiмдi стратегия” талаптарына сәйкес жасалынды [2, 3-4б] .
Аталған стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi мемлекеттiк экономикалық саясатты қалыптастырып, экономиканың шикiзаттық бағыттан өңдеу салаларына бет бұруға мүмкiндiк беретiн экономика салаларын әртараптандыру арқылы тұрақты дамуға мүмкiндiк бередi. Бәсекеге қабiлеттi және экспортқа бағытталған тауарлар, өңдеу саласындағы жұмыстар мен қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялдық-инновациялық саясаттың негiзгi мiндетi болып табылады.
Бәсекелестiк - экономиканың тиiмдi дамуының негiзгi механизмi. Тиiмдi бәсекелестiкке жағдай жасау, әдiл бәсекелестiктi қорғау мен қолдау мемлекеттiк индустриялдық-инновациялық саясаттың негiзгi мақсаттары - экономиканы әртараптандыру мен өндiрiстi модернизациялануды жүзеге асыруға мол мүмкiндiк бередi. Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi және әлемнiң қарқынды дамыған елдер қатарына қосылуға негiз болатын басымдылықтары айқындалды.
Бұл туралы 2004 жылдың 19 наурызында шыққан “Бәсекеге қабiлеттi Қазақстанға, бәсекеге қабiлеттi экономикаға, бәсекеге қабiлеттi ұлтқа”; 2005 жылдың 18 ақпанында шыққан “Қазақстан қарқынды экономикалық, әлеуметтiк және саяси модернизация жолында”; 2006 жылдың 1 наурызында шыққан “Қазақстанның әлемнiң 50 бәсекеге қабiлеттi елдер қатарына қосылу стратегиясы”, 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» сияқты Қазақстан Республикасының Президентiнiң халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауларында айтылған [4, 5, 6, 7] .
Қазақстан Республикасының Үкiметi тарапынан нарығын әртараптандыру мақсатында осы салаға қатысты мемлекет пен барлық байланыс операторларының қызығушылықтарының балансын бейнелейтiн, нарығындағы барлық бағыттар бойынша еркiн және бәсекелестiң дамуын қамтамасыз ететiн нормативтiк база даярланды. Әртараптандыру процесi нәтижесiндегi бәсекелестiктiң күрделенуi нарығындағы позитивтi үрдiстердiң объективтi катализаторы болу керек. Мұндай жағдайда “Адал агроөнеркәсіптік” компаниясы ырықтандырылған нарығында бар мүмкiндiктерi мен күш-жiгерлерiн лидерлiк позицияны иеленiп, осы нарықта белсендi “ойыншы” болуға жұмсайды. Бұл мiндеттi тиiмдi шешу компанияның мақсатты бизнеске бағыттылығын қалыптастыру, қолда бар кадрлық әлеуеттi және өндiрiстiк ресурстарды толық қолдану, жоғары технологиялар базасындағы инвестициялық белсендiлiктi кеңейту, корпоративтi басқару деңгейiн жоғарылату негiзiнде мүмкiн болады.
2005 жылға қойылған мiндеттердi тиiмдi жүзеге асыру “Адал агроөнеркәсіптік компания” АҚ жүйелi компания ретiндегi статусын нығайтуға, ел Президентiнiң жолдауының негiзгi жағдайларын, саланы әртараптандыру бағытталған Үкiмет бағдарламасын орындауға жағдай жасайды. Даму векторы компания активтерiнiң өсуiне, қазақстандық нарықтағы оның белсендi ролiн нығайтуға және әлемдiк нарықтарға шығуға бағытталуы қажет.
Сондықтан “Адал агроөнеркәсіп” компаниясында айналым құралдарын тиiмдi басқарудың мәнi зор. Олар кәсiпорын мүлкiнiң құрамдас бөлiктерiнiң бiрi болып табылады. Айналым құралдарының жағдайы мен оларды тиiмдi пайдалану - кәсiпорынның оңтайлы қызмет етуiнiң басты шарттарының бiрi. Нарық қатынастарының дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа шарттарын айқындайды. Ақшаның құнсыздануы жоғары деңгейi, төлем қабiлетсiздiк және басқа жағымсыз жағдайлар кәсiпорынның айналым құралдарына қатысты саясатын өзгертуге мәжбүрлеп, толықтырудың жаңа көздерiн iздеуге, оларды қолдану барысындағы проблемаларды зерттеуге итермелейдi.
Өндiрiстiң үздiсiздiгiн қамтамасыз ететiн, оның материалдық негiзiн қалайтын шарттарының бiрi -- айналым құралдарын жиi жаңарту болып табылады. Ол өз кезегiнде олардың айналымдылығы түрiнде жүзеге асатын, айналым құралдарының үздiксiздiгiн қамтиды.
Дипломдық жұмыс мақсаты - кәсiпорынның айналым құралдарын басқаруды кешендi экономикалық негiздеу және кәсiпорынның айналым құралдарын тиiмдi басқаруды жүзеге асыруға бағытталған шаралар жүйесiн ұсыну болып табылады. Дипломдық зерттеулердiң негiзгi мақсатын iске асыру үшiн келесiдей мiндеттер қарастырылған:
- кәсiпорынның айналым құралдарын тиiмдi пайдалану мен олардың жағдайын бағалау;
- айналым құралдарын тиiмдi қолдану көрсеткiштерi жүйесi мен қолданылған әдiстердiң мақсаттылығын негiздеу;
- кәсiпорынның ағымдағы қаржылық қажеттiлiктерi мен меншiктi айналым құралдарын тиiмдi басқаруды бағалау.
Дипломдық зерттеулердiң әдiстемелiк негiзi қаржылық талдау: бухгалтерлiк есепті талдау; математикалық статистика құралдары мен әдiстерi; статистикалық мәлiметтер тобы мен жиынтығы; динамикалық қатарларды талдау; кәсiпорынның айналым қорларын басқарудың қазiргi заманғы әдiстерi; кәсiпорынның ағымдағы қаржылық қажеттiлiктерiн басқару сияқты әдiстердi құрайды.
Дипломдық жұмыс құрылымы кiрiспеден, үш негiзгi бөлiмнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшадан тұрады.
Кiрiспеде зерттелетiн тақырып өзектiлiгi негiзделiп, мақсаттар мен мiндеттер белгiленiп, зерттелiнетiн тақырып объектiсi мен пәнi айқындалады, әдiстемелiк және ақпараттық база көрсетiледi.
Бiрiншi бөлiмде кәсiпорынның айналым құралдарын басқарудың теориялық негiздерi көрсетiлген, олардың нарықтық экономикадағы рөлi айқындалады, кәсiпорында айналым құралдарын ұйымдастыруға қатысты сұрақтар, сонымен қатар айналым құралдарының қажеттiлiктерiн айқындау әдiстерi келтiрiлген.
Дипломдық жұмыстың екiншi бөлiмi “Адал агроөнеркәсіптік компания” АҚ айналым құралдарын басқару мен әдiстемелiк аспектiсiн талдауға арналған: кәсiпорынның айналым құралдарына деген қажеттiлiктi айқындау әдiстерi, кәсiпорынның таза айналым капиталы мен ағымдағы қаржылық қажеттiлiктi айқындау әдiстерi көрсетiлiп, кәсiпорынның экономикалық талдауы келтiрiлген.
Үшiншi бөлiмде қойылған мiндеттер шегiндегi кәсiпорынның айналым құралдарын басқарудың механизмiн жетiлдiруге бағытталған ұсыныстар жүйесi ұсынылған.
Қорытындыда негiзгi қорытындылар түйiнделiп, зерттелетiн тақырыпқа қатысты ұсыныстар жасалынады.
- Кәсіпорынның айналым құралдарын баскарудың теориялык негізі
1. 1 Кәсіпорындағы негізгі және айналмалы құралдардың экономикалық мәні мен маңызы
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі және айналмалы қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.
Негізгі және айналмалы қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен, еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды. «Экононмикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К. Маркс «Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол - еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші», - деп жазған.
Кәсіпорын іскерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп атауға болады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын құру кезінде онын шаруашылық құралдары актив, ал олардың қаржыландыру көздері - меншікті капитал және кәсіпорынның міндеттемелері деп аталады.
Шаруашылық субъектілері өзінің қызметін жүзеге есыру үшін материалдық- техникалық қор (МТҚ) құру керек. МТҚ-дың негізін негізгі қорлар құрайды.
Кәсіпорынның шарушылық өндірістік іскерлігінің аса маңызды құраушысы болып негізгі қорлар болып табылады.
Негізгі қорлар өзінің натуралдық түрін сақтай отырып, көптеген өндірістік кезеңдерге қатысып, ал құндары дайындалатын өнімге бөліктермен ауыстырылатын еңбек құралы.
Өндіріс процессінде қатысатын барлық еңбек қорлары (машина, жабдық, т. б. ) анық жүзеге асырылуына жағдай жасайды (өндірістік ғимараттар, гидротехникалық құралдар, плотиналар, арналар, эстакадалар, көлік құралдары, жолдар, тунельдер, электр жүйелері, құбырлар), еңбек заттары мен өнімдерін сақтау мен қозғалту үшін қызмет ететін өндірістік негізгі қорлар болып табылады. Негізгі өндірістік қорлар құрамына тек өнімнің тұтыну құнын құруға ғана емес, сондай-ақ, оның құнын құруда қатысатын өндіріс құралдары да кіреді.
«Негізгі құралдар есебі» Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес, негізгі құралдар - бұл ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) материалдық өндірісті де, өндірістік емес салада да әрекет ететін материалдық активтер.
Негізгі қорлардың ерекше өзгешеліктері мыналар:
а) олардың шаруашылық қызметте көп дүркінді қатысуы;
б) натуралды - заттық үлгісін сақтауы;
в) өзінің құнын дайын өнімге (жұмысқа, қызметке) қызмет кезеңі барысында біртіндеп аударады.
Соңғы тармақ негізгі құрал-жабдыққа амортизациялық төлемді есептеу арқылы асырылады, ал оларға төмендегілер: жер, аяқталмаған күрделі құрылыс, резервте, қорда және консервацияда тұрған объектілер енбейді.
Сонымен қатар кітапханалық қорларға, өнім малына, енеге (буйвол), бұғыларға және өгіздерге амортизациялық есептеулер жүргізілмейді.
Амортизация - негізгі қорлардың (ғимараттардың, машиналардың, жабдықтың) тозуы есепті оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнынан өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі.
Амортизациялық өтелім - негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін, яғни оны ұдайы өндіру үшін осы қорлар құнының бір бөлігін аударып отыру.
Тозу - негізгі құралдар объектілерінің физикалық және моральдік қасиеттерінің жоғалуы.
Салық салу мақсатында негізгі құралдарға құны 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын және Жарлықтың 20 бабына сәйкес амортизацияға жататын қызмет мерзімі 1 жылдан асатын активтер жатады. Осыған сәйкес негізгі құралдар, олардың қалдық құнынан 7-ден 30%-ке дейінгі амортизация нормасымен топтарға топтастырылады.
Негізгі қорлар, тек ең алдымен олардың экономикалық зерттелуі мен жалпылауы үшін негізгі қорлар жіктелуі деп аталатын натуралды заттай құрамы бойынша топталуы аса маңызды. Негізгі қорлардың бухгалтерлік есебінің дұрыс ұйымдастырылуының негізі болып қорлар бекітілген типтік жіктелуі мен оларды есепте бағалаудың ортақ принципі табылады [8] .
Бухгалтерияда негізгі құралдар есебі инвентарлық объектілер арасында жіктелу топтары бойынша жүргізіледі. Осылайша инвентарлық объекті негізгі құралдар есебінің бірлігі болып табылады. Әрбір объектіге серпялық - кезектік кодтау жүйесі бойынша инвентарлық нөмір беріледі, ол нөмір оның ұйымда, бірлестікте, пайда болған барлық уақыт бойы сақталады. Инвентарлы нөмір қабылдау -беру актілерінде, жою туралы актілерде және т. б. инвентарлық нөмірді әрбір объектіде белгіленеді.
Қазіргі уақытта негізгі қорларға келесі типтік жіктелуі қабылданған:
1. Жер - субъект меншік құқығында алған жердің мөлшері мен құны. Жерге меншік құқығы “Жер учаскесіне меншік құқығына актісімен” расталуы тиіс. Инвентарлық объект болып жер учаскесіне меншік құқына акт берілген әрбір жер учаскесі табылады.
2. Ғимараттар тағайындау - тұрғындар еңбегі, тұрғындар жайы, әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету үшін және материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жағдайлар жасауда айқындалатын архитектуралық-құрылыстық объектілер. Инвентарлық объект болып әрбір жеке тұрған ғимарат саналады.
3. Құрылғылар - еңбек құралдарының өзгеруіне байланысты емес қандай-да болсын қызметтерді орындау жолымен өндіріс процессін жүзеге асыруға тағайныдалған инженерлік -құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай мен газ скважинасы, эстакада, көмірлер) . Инвентарлық объкет болып барлық мүлік -жайымен бірге бір тұтасты құрайтын әр жеке құрылғы.
4. Беріліс қондырғылары - электрлік, жылу және механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу жүйелері, жылу жүйелері, құбырлар) .
5. Машиналар мен жабдықтар, инвентарлы объект болып басқа бір инвентарлық объектісінің бөлігі болып табылмайтын құрама құралдар, фундамент, қоршауларды, қажет заттарды қоспағандағы әрбір машина табылады. Негізгі құралдар, бұл 5 топшадан тұрады:
- өлшегіштер және реттеуші құралдар мен қондырғылар, лабораториялық жабдық; технологиялық процесстерді реттеу, өлшеу және бақылау үшін, лабораториялық тәжірибелер мен зерттеулер жүргізу үшін тағайындалған;
- есептегіш техника: процестерді жеделдету мен автоматтандыруға арналған машина, қондырғы құралдар (электр, есептегіш, басқарушы және т. б. есептегіш машиналар) ;
- өзге де машиналар мен жабдықтар: машина, аппарат және басқа жабдықтар (телефон станцияларының жабдықтары, өрт сөндіргіш машиналар) .
6. Көлік құралдары - адамдар мен жүктердің орнын ауыстыру үшін тағайындалған қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол және су көліктерінің қозғалмалы құралы) . Инвентарлы объектісі болып оған жататын бүкіл керектер;
7. Құрал - қол еңбегінің механикаландырылған және механикаланды-рылмаған құралдары немесе машиналарға тіркелінген металл, ағаш және т. б. өңдеу құралдары ғана табылады;
8. Өндірістік инвентарь - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдетуге арналған өндірістік тағайындаудағы құралдар - жұмыс үстелдері, верстактар, шкафтар;
9. Шаруашылық инвентарь - кеңселік және шаруашылық инвентарь (үстел, щкаф, кілем) ;
10. Еңбек және өнім малы, еңбек малы - жылқы, түйе және т. б. жұмыс малдары. Өнім малы - ірі қара мал жылқы, түйе және т. б. инвентарлық объект - әрбір ересек жануар.
11. көп жылық екпе ағаштар.
12. Жерді жаңарту бойынша күрделі шығындар (құрылғыларсыз) - шаруашылықта қолдану үшін жерді жақсарту бойынша шараларға инвентарлық сипаттағы шығындар (алаңдарды тастардан тазарту, жер учаскесінің планировкасы) .
13. Басқа да негізгі қорлар - кітапхана сөрелері, спорттық инвентарь, мұражайлық құндылықтар.
Иеленуі бойынша негізгі құралдар жеке меншік және жалға алынған болып бөлінеді. Алғашқылары кәсіпорынның иелігінде болады және оның балансында тіркеледі; екіншілері басқа кәсіпорын мен ұйымдардан уақытша пайдалануға ақыға алынған.
Өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша істегі және тұрған (запаста немесе консервацияда тұрған негізгі құралдар) .
Негізгі құралдарды пайдалану сипаты бойынша былай жіктеледі:
- істегі (пайдаланудағы) ;
- істемей тұрған ( консервациядағы) ;
- запастағы.
Негізгі қызметке қатысу сипаты мен құнынан өндіріс және айналым шығындарына ауыстыру тәсілі бойынша негізгі құралдар былай бөлінеді:
Белсенді (олардың қатысу жұмыс сағаттарының мөлшерімен, жұмыстар көлемімен өлшене алады) ;
Бәсең (ғимарат, құрылыс) . Олардың негізгі қызметке қатысуын қандай да бір көрсеткіштерде өлшеу мүмкін емес. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің басты міндеттері:
- алынуынан бастап шығуы сәтіне дейін олардың бар болуы және сақтығын бақылау;
- амортизацияны дұрыс және уақытылы есептеу;
- бюджетке аударылатын мүлік салығын дұрыс есептеу үшін мәліметтер алу;
- реконструкцияға, модернизацияға және жөндеуге қаражаттардың дұрыс және тиімді пайдалануын бақылау;
- негізгі құралдардың уақыт және қуаттылығы бойынша пайдалану тиімділігін бақылау бақылау;
- негізгі құралдардың бар болуы және қозғалысы жөнінде есеп беруді құру үшін мәліметтер алу.
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің негізгі құралдар Қазақстанның ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі қорлар және негізгі құралдарға ұзақ мерзімді инвестициялар кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қызметі нәтижесінде жан-жақты әсер тигізеді.
Негізгі құралдар қоғамның материалдық қорын жоспарлы қалыптасуына және оларды өнім өндірісі мен тұрғындардың мәдени тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру үшін біздің экономикамыздың салаларында қолданылуы бойынша өзіндік экономикалық категорияны анықтайды [9] .
Негізгі құралдардың мөлшерінен, сапасынан және тиімді пайдалануынан табыстың өсу қарқыны, өндірістің дамуы және кәсіпорынның тұтынушыларының еңбек және тұрмыс жағдайларының жақсаруы тәуелді.
Себебі, негізгі құралдар кәсіпорынның экономикалық потенциалын айқындайды:
Ғылыми-техникалық прогресс негізінде өнеркәсіпте өндірістік негізгі қорлардың жаңаруы мен сапалық жетілуінің интенсивті процессі орын алды. Бұл 2 жолмен орындалады:
- жаңа кәсіпорын құрылысы, сондай-ақ кәсіпорын реконструкциясымен кеңейтілуі кезінде аса жоғары техникалық деңгейдегі негізгі құралдар құрумен;
- негізгі құралдарды модернизациялау, сапалық жетілдіру мен және оларды жаңа техника түрлерімен ауыстыруыменен [10] .
Негізгі құралдар құрамында абсолютті және салыстырмалы түрде техникалық алдыңғы қатарлы, жаңа еңбек құралдары артуда. Жаңа негізгі қорлардың, әсіресе өндіріс құралдарының өсуі еңбекті қарулануды арттырады, ал бұл еңбек өнімділігінің өсуінің басты факторы болып табылады.
Негізгі құралдарға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, шаруашылық құрал-саймандар және т. б. қызмет мерзімі бір жылдан асқан материалдық құралдар жатады. негізгі құралдардың аналиткалық есебі арнайы тізімде тіркеуге жататын карточкаларда әрбір инвентарь объектісі бойынша жеткізіледі. Объектілердің саны аз болған жағдайда есеп инвентарь кітабында жүргізіледі.
Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен, еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды.
- Нарық жағдайындағы айналым қорларын тиiмдi басқарудың рөлi
Кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға және оның қаржылық жағдайын күшейтуге бағытталған шаралар жүйесiнде айналым құралдарын ұтымды қолдану сұрақтары маңызды орын алады. Нарықтық қатынастар қалыптасуы шартында айналым құралдарын қолдануды жақсарту проблемасының өзектiлiгi ұлғая түстi. Кәсiпорын қызығушылығы өздерiнiң өндiрiстiк-шаруашылық қызметi нәтижесiнде толық жауапкершiлiктi талап етедi. Кәсiпорынның қаржылық жағдайы айналым құралдарының жағдайына тiкелей тәуелдi болғандықтан және шаруашылық нәтижесiн шығындармен өлшеу, меншiктi құралдармен шығындарды өтеу керек болғандықтан кәсiпорындар айналым құралдарын оңтайлы ұйымдастыруға - олардың қозғалысын мүмкiн болатын минималды сомамен ұйымдастыру арқылы неғұрлым көп болатын экономикалық әсерге қол жеткiзуге қызығушылық бiлдiредi.
Айналым құралдарын ұйымдастыру олардың тиiмдiлiгiн арттыру проблемасының жалпы кешенiндегi негiздеме болып табылады.
Айналым құралдарын ұйымдастыру келесiлердi қамтиды :
- айналым құралдарының құрылымы мен құрамын айқындау;
- кәсiпорынның айналым құралдарына қажеттiлiктерiн анықтау;
- айналым құралдарының қалыптасу көздерiн анықтау;
- айналым құралдарын үйлестiру және басқару;
- айналым құралдарының қауiпсiздiгiне жауапкершiлiк және оларды тиiмдi қолдану.
Айналым құралдарының құрамы өндiрiстiк айналым қорлары мен айналыс қорларын қалыптастыратын элементтер жиынтығын бiлдiредi, яғни жеке элементтерге бөлудi қарастырады.
Айналым қорларының құрылымы жеке өндiрiстiк айналым қорларының элементтерi мен айналым құралдарының ара-қатынасын бiлдiредi, яғни айналым құралдарының жалпы сомасындағы әр элементтiң үлесiн бiлдiредi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz