Медициналық сақтандыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Сақтандыру медицинасы. Сақтандыру түрлері.

Кафедра: Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау

Пән: Стоматологиядағы қоғамдық денсаулық сақтау

Мамандығы: Стоматология

Курс: 3

Тобы: 305

Орындаған: Сайлау Алма Нұрлыбайқызы

Тексерген: Турдалина Кунзира Букейхановна

Ақтөбе 2019 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Медициналық сақтандыру
  2. Міндетті медициналық сақтандыру
  3. Ерікті медициналық сақтандыру
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сақтандыру - бұл экономикалық қатынас, мұнда кем дегенде екі жақ қатысады. Бірінші жақ - сақтандыру организациясы (мемлекеттік, акционерлік, жеке) . Екінші жақ - сақтандырушылар деп аталатын мемлекеттік немесе жеке компаниялар. Сақтандыру шарттарын азаматтар жеке өзі жасайды немесе олар сақтандыру жарнасын кәсіпорынның, ұйымның, тағы да басқа пайдасынан төлеу жолымен ұжымдық нысанда жасалуы мүмкін.

Медициналық сақтандыру орталықтан тыс басқаруымен сипатталады. Қолданушылар денсаулық сақтауды қаржыландыруға тікелей қатыса алады және медициналық көмекті ұйымдастыруға әсер ете алады.

Медициналық сақтандыру

Медициналық сақтандыру - халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қорланған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді.

Барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тегін денсаулық сақтаудан медициналық сақтандырудың айырмашылығы осында.

Медициналық сақтандыру - бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтық жарналары мен бюджеттік қаражаттар есебінен сақтандырылған адамдарға зиянның орнын өтеу үшін және медицина мекемелерінің шығындарының өтемақысын төлеу үшін ауырған, жарақат алған жағдайда денсаулықты қаржыландыру жөніндегі қатынастар. Ол әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады.

Медициналық сақтандыруды енгізудің мақсаты:

  • Тұрғындарға мадициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту, көлемін жоғарлату
  • Тұрғындар денсаулығын қорғаудың орталықтан тыс басқарылуы
  • Медициналық қызметкерлердің экономикалық қызығушылық танытуы және жауапкершілігінің жоғарлауы
  • Тұрғындардың денсаулық сақтандыруға экономикалық қызығушылық танытуы.

Медициналық сақтандаруға барлық тұрғындар жата алады (жұмысшылар және жұмыссыздар) Әрбір тұлғаның қосымша медициналық сақтандыруға құқығы бар. Медициналық сақтандыру шартында әрбір тұлға сақтандырушы организацияны, емдік - профилактикалық мекемені, дәрігерді таңдауға құқығы бар.

Медициналық сақтандырудың екі түрі бар:

  • Міндетті
  • Ерікті

Міндетті медициналық сақтандыру

Міндетті медициналық сақтандыру кезінде заңнамамен барлық азаматтар үшін бюджетке төленетін аударымдардың бірдей мөлшерлемесі белгіленеді, соның есебінен денсаулық сақтауға жұмсалатын ақшалай қор қалыптасады. Мұндай жүйе халықтың барлық жіктері үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл нысан, оның барлық артықшылықтарына қарамастан, Қазақстанда іске асырылмайды.

Міндетті медициналық сақтандыру дамыған елдердің көпшілігінде бар және азаматтардың денсаулығын қорғауға құқығын іске асыруға бағытталған.

Міндетті медициналық сақтандырудың құндылығы келісімшарт тәртібінің болуы, демек, келісімшарт орындалмаған кезде, сақтық қорғау мүмкіндігі, емделген ауру адамдардың санына қарай медициналық мекемелердің кепілденілген ақша алуы, медициналық жәрдем жақсы болса, бұл медициналық мекемеге аурулар көп келетіндіктен медициналық жәрдемнің сапасын арттыруға ұмтылуы және т. б. болып табылады. Дәрігерлер ауруды емдеуге ынталы болады; сөйтіп, медицинаға қалыпты рыноктық қатынастар енгізіледі.

Ерікті медициналық сақтандыру

Ерікті медициналық сақтандыруда сақтандыру тарифтері сақтандырушы ұйым мен медициналық мекеме арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Сақтандыру шарттарын азаматтар жеке өзі жасайды немесе олар сақтандыру жарнасын кәсіпорынның, ұйымның, тағыда басқа пайдасынан төлеу жолымен ұжымдық нысанда жасалуы мүмкін. Еңбекшілердің өз қаражатынан төленетін ерікті медициналық сақтандыру бойынша неғұрлым жоғары деңгейде медициалық көмек көрсету көзделеді.

Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады. Ол сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып келеді. Сақтық полисінің құны қызметтердің ассортиментіне, емдеуге жататын сырқаттардың түріне, сақтандырылған ауруға қызмет көрсетілетін емдеу мекемелеріне байланысты болады. Ерікті медициналық сақтандырудың негізгі құндылығы қазіргі құрал-жабдықпен жарақталған және жоғары сыныптық мамандары бар клиникаларда сапалы медициналық жәрдем алу мүмкіндігі болып табылады.

Арнаулы медициналық сақтандыру қорларына аударылатын міндетті не ерікті сақтандыру жарналары денсаулық сақтау мекемелерінің сақтандыру бойынша медициналық қызмет көрсетуін қаржыландыру көзі болып табылады. Азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін дербес коммерциялы емес қаржы ұйымдары ретінде жалпы ұлттық не аумақтық міндетті медициналық сақтандыру қорлары құрылады. Әрбір сақтандырылушы елдің кез келген аумағында медициналық көмек алуға кепілдік беретін медициналық полис алады. Мемлекеттік және жергілікті денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыруға аударылған қаражатқа салық салынбайды.

Ерікті медициналық сақтандырудың артықшылығы, сіз өзіңізге қажетті сақтандыру бағдарламасын жасауға тікелей араласа аласыз, жасалатын қызмет түрі мен мөлшерін анықтайсыз, өзіңіз қызметін пайдалануға және емделуге болатын медициналық мекемені таңдай аласыз.

Сақтандыру қорғанысы құны таңдап алынған сақтандыру бағдарламасына байланысты.

Ауру жағдайынан ерікті сақтандыру шартын жасағанда компания басшылығы келесі артықшылықтар алады:

Құны - Ауру жағдайынан ерікті сақтандыру шартын ресімдей отырып, клиент мамандардың жауапсыздығынан қорғалады, оларға бағасын артық көтеріп, қажетсіз ем тағайындау тиімсіз, өйткені оны компания қатты қадағалап отырады. Қолданыс уақыты «12 ай» Ауру жағдайынан ерікті сақтандыру Шартының сыйақысын төлегеннен кейін - медициналық қызметтердің бағасының өсуі ешбір түрде клиентке әсер етпейді.

Сапаны - медициналық қызмет сапасын сақтандыру компаниясының сарапшы-дәрігерлері бақылайды. Медициналық мекемемен қандай болмасын бір мәселелер және айтыс-тартыс туындағанда Сіздің сақтандыру компанияңыз Сіздің мүддеңізді қорғайды.

Уақыттың үнемделуі. Клиентке аудандық емханада ұзақ кезекте тұрып қажеті жоқ. Жақсы медициналық орталық, мүмкін, қосымша қаражат іздеудің де қажеті болмайды

Қазақстан аумағында орналасқан жетекші медициналық мекемелерден медициналық көмек алу мүмкіндігі.

Таңдау еркіндігі. Клиент сақтандыру бағдарламасын өзі қалыптастырады және Сақтандыру компаниясының көмегімен медициналық мекемені өзі таңдайды.

Сақтандыру бағдарламасын дайындау үшін сұрақтар алғанға дейін, немесе үлгі бағдарламалар алғанға дейін Сіз бізбен «Байланыс» бөлімі арқылы байланыса аласыз.

Заң жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызмет пакеттерінің 2 түрі ұсынылатын болады:

Біріншісі - базалық пакет, мұнда республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көпектің кепілдендірілген көлемі көрсетіледі. Бұл пакет Қазақстан азаматтарының барлығына қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметтері: жедел көмек және санитариялық авиация, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлар кезінде көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық екпелер.

Өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтамасыз ететін тұрғындар үшін 2020 жылға дейін республикалық бюджет есебінен амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете отырып, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.

Екінші - бұл қайта құрылған Медициналық сақтандыру қорынан көрсетіліетін сақтандыру пакеті. Оған кіретін қызметтер: амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда), стационардың орнын басатын көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда), қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейіргерлік күтім, жоғары технологиялық көмек.

Осы пакетті алу құқығы жарна төлейтін ҚР аумағында ҚР аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтарға беріледі.

Сонымен қатар мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін, ал жұмыс берушілер - жалданған жұмысшылар үшін жарна төлейтін болады. Жұмысшылар мен салық органдарында тіркелген әрі өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар - өздері үшін жарна төлейді.

Осы пакеттерге қосымша, ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар медициналық қызметті шарт негізінде ала алады.

Міндетті ай сайынға жарналарды шоғырландыру және медициналық қызметтерді сатып алу үшін ҚР ДСӘДМ Медициналық қызмет төлемдері комитетінің базасында коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық формасындағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылатын болады. Қордың жалғыз акционері және құрылтайшысы ҚР Үкіметі болып табылады.

Ерекше санаттағы азаматтар (халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы) үшін мемлекеттік жарна мөлшерлемесі орташа айлық жалақының 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеме көлемі кезең-кезеңімен жоғарылап отыратын болады: 2017 жылдан бастап 4%, 2018 жылдан бастап 5%, 2023 жылдан бастап 6%, 2024 жылдан бастап - 7%.

Жұмыс берушілердің жарналар мөлшерлемесінің жалпы көлемі табыстың 5% құрайды, сонымен қатар аударымдар 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 4% және 2020 жылы 5%-дан басталады. Аталған аударымдар корпоративті табыс салығын есептеу кезінде шегерілетінін есепке алатын болсақ, жұмыс берушілердің жүктемесі 2017 жылы - 1, 6%, 2018 жылы - 2, 4%, 2019 жылы - 3, 2%, 2020 жылы - 4% құрайды.

Жұмысшылардың жарна мөлшерлемесі табысының 2% құрайды, сонымен қатар олапрдың аударымдары 2019 жылдан - 1%, 2020 жылдан - 2% басталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы міндетті медициналық сақтандырудың жүйесі
МӘМС - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Мемлекетте медициналық қызмет көрсету жағдайы
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы мен өмірді сақтандыру
Альянс Полис Сақтандыру компаниясы
ҚАЗАҚСТАН республикасындағы МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ жүйесі
Сақтандыру, соның ішінде жеке сақтандыру түсінігін зерттеу
Туризмдегі сақтандыру
Әлеуметтік медициналық сақтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz