Телемедицина мақсаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Хирургиядағы ақпараттық - компьютерлік технология. Лапароскопиялық хирургия. Эндо-видеохирургия. Лапароскопиялық хирургияның Қазақстан Республикасында дамуы. Телемедицина

Кафедра: Жалпы хирургия

Пән: Жалпы хирургия

Мамандығы: Стоматология

Курс: 3

Тобы: 305

Орындаған: Сайлау Алма Нұрлыбайқызы

Тексерген: Курманбаев Булат Айсултанович

Ақтөбе 2019 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Хирургияның әр саласындағы ақпараттық технологиялар
  2. Лапороскопиялык хирургия
  3. Эндо-видеохирургия
  4. Лапароскопиялық хирургияның Қазақстан Республикасында дамуы
  5. Телемедицина
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Медициналық ақпараттар жиынтығының компьютерлік технологиялар арқылы сарапталуы, өңделуі уақыт мөлшерін төмендетеді. Компьютерлік технологияларсыз хирургия саласын елестету мүмкін емес. Стандартизацияның барысында хирургияға ақпараттық технологиялар кең енгізілуде.

Компьютерлік технологиялар арқылы жүргізілетін операцияның қаншалықты дәрежеде өтетінін біле аламыз. Мульти компьютерлік техникалар, компьютерлік ангиграфия артериялдық тамырлардың тромбоэмболиясында қолданылады. Оптикалық когоронтты томография операция жасалынатын тіндердің құрылысын айқын түрде көрсетеді. Эхокардиографиялық құрылғы арқылы кардиохирург белгілі қақпақшаның құрылысын экран арқылы көреді.

Хирургияның әр саласындағы ақпараттық технологиялар

Бірнеше жылдар ішінде хирургия саласы көптеген жаңа бағыттағы ақпараттық технологиялармен қамтылуда. Медицина ғылымы мен медициналық технологиялар жетістігі барысында хирургиялық операциялар ең үздік деңгейде өтуде. Бұған пластикалық және эстетикалық хирургиядағы компьютерлік технологияларды айтуға болады. Олар:

Эндоскомиялық техникалар:аз диаметрдегі манипуляциялық құралдар мен видеокамералар.

Шов материалдарының орнына қолданылатын дәрілік заттар

Осы заттардың симбиозы арқасында бетке, дененің белгілі жеріне жасалатын хирургиялық операциялар біріншіден асқынусыз, науқас денесінде ешбір тыртықсыз жасалынады.

Науқас бетінің апоневротикалық жүйесінің фиксациясына операция жасау кезінде эндоскопиялық құрылғыларды пайдалану бет жамылғысын жүйелі түрде жаңартады. Жартылай инвазивтік әдістер бет лифтингі эндоскопиясын басқа да хирургиялық әдістер арқылы операция жасауына негізделген.

Пластикалық хирургияда жаңа компьютерлік технология 3d технологисы жарық көрді.

Негізгі мақсаты:операция алдында науқастарға операциядан кейін бет әлпетінің қандай қалыпта болатынын көрсету. Axis 3 құрылғысы ирландиялықтар ойлап шығарған құрылғы алты камерадан шығатын сәуле толқындарын пайдаланады. Құрылғы бел әлпеттің операциядан кейінгі шыңайы қалпын көрсетеді.

Лифтинг операциясы кезіндегі беттің, маңдай, қас аймағының жұмсақ тіндерін фиксациялау кезінде жаңа хирургиялық шовтар қолданылады. Endotine device бет фиксациясын, операция уақытын үнемдеу, бет, маңдай терісінің тартылғыштығын жақсартады. Өзіндегі арнайы қысқыш бөліктерімен теріге жақсы жабысып, оның фиксациясын қамтамасыз етеді. Шашты фоликулдардың, бет локусының қанмен жабдықталуын жақсартады.

Фибриондық клей аз инвазиондық технологияның бір түрі. Қолданған кезде бет терісінің қанмен қамтамасыз етілуі жақсарады, тері локустарының адгезиясы, инфекция төмендеуі, өсу факторлары жасушаларының миграциясы. Бет таңғыштары мен дренаждар орнына қолданылады. Бұл препаратты пайдалану гематомалардың, экхимоздардың, қан ағудың алдың алады.

Лапороскопиялык хирургия

Лапароскопиялық хирургия- жалпы интубациялық наркоз кезінде кішкентай тілік жасау арқылы камерамен жасалынатын оперативтік ем болып табылады. Операция эндовидео арқылы бақыланады және тікелей эфир арқылы 6 есе үлкейтетін маниторда бейнеленеді.

Жиі жасалатын лапароскопиялық операциялар

  • Өт қабын алып тастауда.
  • Аппендецитті жою
  • Аталық без кистасын жою
  • Эндометриоз орналасқан жерлерді жою
  • Ішек бөлшектерін алып тастау
  • Эктопиялық (жатырдан тыс) жүктілікті емдеуде
  • Микроскоппен қарауға арналған биопсияларды(майда бөлшектер) іш қуысының түрлі органдарынан алу кезінде де қолданылады.

Жалпы лапароскоп адам денесінде болып жатқан бейнелерді көруге арналған. Ішке 3-4 қана тесік жасау арқылы.

Лапароскопияның түрлері:

  • Диагностикалық лапароскопи-іш қуысын қосымша манипулятор арқылы визуальды көру.
  • Оперативтік лапараскопия-гинекологиялық операцияның барлық түрін орындайды, жатырды экстирпациясымен қоса.
  • Бақылау лапароскопиясы-алғашында болып кеткен операция жағдаиын бақылау.

Лапароскопияның ерекшелігі

  • Лапароскопия-шағын операция, науқасқа түсетін зақымы аз.
  • Жазылу кезеңі жылдам.
  • Репродуктивтік функция қалыптасқаннан кейін, жүкті болуға болады.
  • Психо-эмоциональды зақым келтірмейді
  • Дискомфорттың және операциядан кейінгі ауру сезімінің азаюы.
  • Операциядан кейінгі қабынудың минимальды болуы.
  • Науқастың ауруханада өткізу күнінің азаюы
  • Косметикалық эффект көрсетеді.

Эндовидеохирургия

Эндовидеохирургия- табиғи физиологиялық тесіктер немесе кішкентай тіліктен, ешқандай қосымша тілік жасамастан ішкі органдарға арнайы құрал-жабдықтар арқылы манипуляция жасау тәсілі. Эндовидеохирургия соңғы жылдары гинекология саласында көп қолданылып жүр.

Эндовидео хирургия келесі аурулардың операцияларында қолданылады

  • Өт қабын алып тастауда.
  • Аппендецитті жою
  • Аталық без кистасын жою
  • Эндометриоз орналасқан жерлерді жою
  • Ішек бөлшектерін алып тастау
  • Эктопиялық (жатырдан тыс) жүктілікті емдеуде
  • Микроскоппен қарауға арналған биопсияларды(майда бөлшектер) іш қуысының түрлі органдарынан алу кезінде де қолданылады.

Эндовидеохирургия ерекшеліктері

  • Жарақаттың аз болуы
  • Адам организмінің ең қиын және өол жетпейтін жерлерінде операция жасау мүмкіндігі
  • Операциядан кейінгі асқынудың жиілігін төмендету
  • Сырқаттардың ерте сауығы мүмкіндігі
  • Дәстүрлі хирургиялық тәсілдермен емдеумен салыстырғанда емдеу мерзімін қысқарту
  • Операциядан кейін жақсы косметикалық нәтиже

Лапароскопиялық хирургияның Қазақстан Республикасында дамуы

Қазақстанда ортопедиялық құрал-жабдықтар шығарумен айналысатын Treu - Іnstrumente Gmbh компаниясы омыртқаға операцияны қазіргі заман технологиясымен жасау, сондай-ақ ұзын сүйектердің сынығын жабық остеосинтездеу тәсілдері арқылы емдейтін ақпараттық технологияны шығарды.

Соңғы жылдары омыртқа зақымдану хирургиясында елеулі қадамдар жасалғаны анық. Бұны тәжірибеге имплатанттар мен омыртқаның алдыңғы және артқы бөлігіне де пайдаланатын әртүрлі құралдардың енгізілуінен көреміз. Жұлынның декомпрессиясы, омыртқа пішінінің қалпына келуі, зақымдалған бөлікті ауытқытпай бекіту тәрізді жағдайлар қағидатты болып келеді. Сондықтан респуб­ликамызда ғана емес, Орта Азия елдері бойынша танымал болған елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу инсти­тутының шетелдік компаниямен бірігіп ұйымдастырған семинар-тренингі омыртқа зақымдану хирургиясы бойынша алға тағы бір маңызды қадам.

Неміс компаниялары остеосинтездеуге қажетті қазіргі заманғы имплатанттарды, сондай-ақ сүйек пластикасына арналған “Остим”, “Церабоне”, “Пер-Оссал” биоматериалдары жарық көрді.

Телемедицина

Адамдардың медициналық көмекті кез- келген жерде, кез- келген уақытта алу құқығы- телемедицина жүйесінің ең басты міндеті.

Телемедицина ( грек- «Tele»- алыс) - телефонмен біріншілік кеңестің логикалық жетістігі, ғасыр басында қалыптасқан және информациялық қоғам болашағының бағыты болып табылады.

Телемедицина мақсаты

  1. Әлемде медицина білімін жетілдіру және кадр дайындау
  2. Халықаралық ғылыми зерттеуді, ғылыми программаларды реттеуге арналған әлемдік ғылыми телекоммуникация желісі жасақтап шығару.
  3. Барынша ақпарат алмасуды жыдамдату. Ұзақ қашықтықтарды жеңе білу.

Телемедицина қызметі

1. Клиникалық - пациентпен дәрігер арасында болатын медициналық сұхбаттасу немесе психологиялық сұхбаттасу.

2. Біліктілігін немесе білім саласы күшейту - медициналық оқу орындарында оқитын студенттер немесе біліктілігін арттырғысы келетін медициналық қызыметкерлердің білім дәрежесі жоғарлату мақсатында білікті мамандардан дәріс алу және сұхбаттасу.

3. Ақпараттық - медицина әлемінде болып жатқан жаңалықтарды жинақтау. Дәрігерлер арасында ақпараттық байланыс.

Телекоммуникациялық байланыс

Телемедицина телекоммуникацияны қолдана отырып медицина мамандарын клиникамен, ауруханамен, дәрігерлермен, алғашқы көмек көрсетушілермен, қашықтағы пациенттермен байланыстыра отырып, толық диагностикалауға, емдеуге, кеңес беруге негізделген.

Телемедицина мен Интернет

Телемедицина алдыны қойған мақсаттарды барлық мүмкіндіктерді осы инернет арқыл жүзеге асырады. Интернет жүйесі арқылы Клиникалық, Біліктілік және Ақпараттық қызыметтерді телемедицина атқарады. Сонғы жылдары интернет жүйесінде көптеген медициналық бейне филімдер және суреттер, ақпараттармен жаналықтар өте көп. Көптеген американдық және европалық дәрігерлерден сауалнама жүргізілді, соның 90% -ға жуығы интернетті біліктілігін арттыруда және пациентпен байланысуда пайдаланатынын айтқан. Бірақта интернет ашық жүйе болғандықтан пациентпен дәрігер арасында болатын құпия мәліметтер көптеген адамдарға көрініп қалады. Осыған байланысты қәзіргі таңда жеке медициналық желілер пайда болды.

Операциялық бөлмеде телемедицинаны қолдану шарттары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телеарнадағы денсаулық бағдарламалары
Бүкіл жағдайды түсіну есебінен бір мәселеге назар аудару
Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелер
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Маңызды мәселе - психикалық ауруы бар пациенттердің медициналық қызметкерлерге қарсы агрессиясы
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Денсаулық сақтау
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Медицинадағы ақпараттық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz