Критериалды бағалаудың құрылымы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТі
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА Кафедрасы
Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі
________ Кадирбаева Р.

" ___" ___________ 20__ ж .

Математиканы оқытуда бағалаудың өлшемдік технологияларын қолдану

д и п л о м Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
5В010900-математика мамандығы

Орындаған Сапархан Д.

Ғылыми жетекшісі
п.ғ.д., доцент Ибрагимов Р.

Шымкент
2018

Ф 7.02-23 Дипломдық жұмыс

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-31
1.1 Өлшемдік бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
ретінде және бағалау жүйесінің атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..6
1.2 Өлшемдік бағалаудың өзіне тән ерекшеліктері мен қағидаттары ... ... ... .9
1.3 Мектептегі оқушылар жетістіктерін бағалаудағы халықаралық
бағалау жүйесін енгізудің тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .14
1.4 Назарбаев Зияткерлік мектептері ДБҰҰ мысалында критериалды
бағалау жүйесін енгізудің отандық тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..26
II Оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың критериалды жүйесін енгізудің әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32-69
2.1 Бағалау жүйесі оқыту жетістігін өлшеу мен оқыту мәселелері
диагностикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.2 Критериалды бағалау жүйесінің негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.3 Критериалды бағалаудың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.4 Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін
енгізудің оқу-әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
2.5 Қалыптастырушы, іштей және сырттай бағалаудың әдістемесі ... ... ... ... 45
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74

КІРІСПЕ
Көп жылдар бойы бағалау ісі оқушының жетістіктерін басқа оқушының нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды, ал бұл бағалаудың бірқатар кемшіліктері бар:
− педагогтерге, ата-аналарға және оқушыларға түсінікті болатын білім беру жетістіктерін бағалайтын нақты өлшеулердің жоқтығы;
− педагог әр оқушының жетістігін алдын-ала айқындалған өлшеулер негізінде емес, жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне қарап бағалайды;
− оқушыларға қойылған баға оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша алынатын нақты білімді, білікті, дағдыны көрсете алмағандықтан, әр оқушының жеке білім алу траекториясын анықтауға мүмкіндіктің болмауы;
− қорытынды баға қоюда ағымдағы бағалар есепке алынады, бірақ ол оқыту- дың қорытынды нәтижесін әділ бағалау болып табылмайды;
− оқыту процесінде мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмағандықтан, оқушының білім алуға деген белсенділігі төмендейді [1]. Қазақстанның PISA-2009 [2] нәтижелерін талдау ұлттық білім беру жүйесін, ҚР Білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім саясатындағы басым бағыт ретінде бағалау жүйесі және білім сапасының мониторингін жетілдірудің өзектілігін көрсетуде [3].
Критериалды бағалау технологиясының қолданысы білім алушылардың жетістіктерін нақты анықталған, алдын-ала белгілі критерийлермен салыстыруды көздейді, әлдебір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, әлдебір практиалық дағдының қаншалықты қалыптасқанын анықтап, әр білім алушының жалпы дайындығы деңгейіндегі өзгерістерді де, оның түрлі танымдық аяларындағы табыстары динамикасында тіркеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық практикада қазіргі күні жиі қолданылып жүрген бес балдық жүйемен бағалау әдістемесі қарапайым да, үйреншікті екені сөзсіз. Бірақ ол саралауға қабілетсіз және бағалардың объективтілігін қадағалауға мүмкіндік бермейді, өйткені оның білім алушылармен өз жетістіктерін өздігінен бағалауын қолдайтын және дамытатын, сонымен қатар, білім беру үрдісінде білім алушы өзінің сәттіліктері мен сәтсіздіктері туралы ақпаратты меншікті жетістіктерін жақсарту үшін ұсыныс түрінде алып отыратындай, кері байланысты жүзеге асыратын нақты және анық критерийлері жоқ. Жоғарыдағы қарама-қайшылықтар біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Математиканы оқытуда оқушыларды критериалды бағалау технологиялары деп атауға негіз болды.
Өлшемдік бағалау жүйесінің білім беру үрдісіндегі қолданысы білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін жеке пәннің мақсатты нұсқауларымен байланыстыруға, сонымен қатар білім алушылардың орта мектептегі құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін белгілі параметрлерді (өлшемдерді) қолдану арқылы анықтап, көтеруге мүмкіндік береді.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі әлемде білімнің қоғамдағы барлық саладағы ілгерілеуді қамтамасыз ететін стратегиялық ресурс ретіндегі рөлі жүйелі өзгерістерді талап етеді. Оқы- тудың әдістерінің көптүрлілігі көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы объективті ақпаратпен ілесуі тиіс, оны білім алушылардың жетістік- терін бағалау үрдісінде айқындауға болады. Бағалау үрдісін қайта қарастыру- дың өзектілігі осы күні білімдегі заманауи стратегиялық міндеттермен, білім сапасына қойылатын халықаралық стандарттарды және заман талаптарын ескеріп, білім сапасының деңгейін арттыру қажеттілігімен, білім беру нәтиже- лерінің объективтілігін және қазақстандық мектеп түлектерінің ел сыртындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатымен, білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағасына және оны бағалауға бірыңғай талаптарды әзірлеу қажеттілігімен анықталуда.
Жұмыстың мақсаты:
1. Әр оқушының дайындық деңгейін, оқудағы жеке ілгері басуын өлшемдік бағалау жүйесімен анықтау, тек оқушылардың білім алуға деген мотивациясын ғана емес, мектептегі білім беру үрдісінің де сапасын көтеруге мүмкіндік беретін өлшемдерді жинақтау;
2. Білім алушылардың жетістіктерін нақты анықталған, алдын-ала белгілі өлшемдермен салыстыру арқылы , әлдебір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, әлдебір практикалық дағдының қаншалықты қалыптасқанын анықтау;
3.Әр білім алушының жалпы дайындығы деңгейіндегі өзгерістерді , оның түрлі танымдық аяларындағы табыстары динамикасында тіркеуге мүмкіндік беретіндігін анықтау.
Жұмыстың міндеті:
- Жалпы білім беретін орта мектепте математикадан бағалау өлшемдерін енгізудің өзіне тән ерекшеліктерін анықтау;
- 7-9 сыныптарда қалыптастырушы, іштей жиындық және сырттай жиындық бағалаудың мүмкіндіктерін анықтау;
-Алгебра оқулықтарындағы есептердің бағалау өлшемдерін енгізудің кестесін және әдістемесін жасау;
Жұмыстың жаңалығы:
Жұмыста математика пәні мысалында өлшемдік бағалаудың түрлері,олардың өзіне тән ерекшеліктері, өлшемдік бағалаудың әдістемелері қарастырылған.
Жұмыстың практикалық маңызы:
Орта мектеп математикасы мысалында қалыптастырушы, ішкі және сырттай бағалаудың әртүрлі жолдарының келтірілуі жұмыстың практикалық маңыз- дылығын көрсетеді.
Жұмыстың зерттелу нысаны: жалпы білім беретін орта мектепте математиканы оқыту үдерісі.
Жұмыстың мазмұны: Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың әрбір бөлімінде берілген тақырып бойынша зерттеулер жүргізіліп, әдістемелік ұсыныстар мен қорытындылар жасалынған. Дипломдық жұмыста келтірілген зерттеулерді, берілген әдістерді мектепте сабақ беретін мұғалімдер әдістемелік құрал ретінде пайдалануына болады.
Жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың мақсаты, міндеті, тақырыптың өзектілігі, пәні және де жұмысқа жалпы сипаттама жазылады. Жұмыстың көлемі 75 бет және пайдаланылған 28 әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың теориялық негіздері
1.1 Өлшемдік бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
ретінде және бағалау жүйесінің атқаратын қызметтері
Отандық мектептердің көбінде дәстүрлі бағалау жүйесі, яғни 4 балдық жүйе сақталып келеді: 2 (қанағаттандырылмаған), 3 (қанағаттандырылған),
4 (жақсы), 5 (өте жақсы). Теориялық түрде 1 деген балл да бар, бірақ ол қолданысқа ие емес. Енді журналға 5 балдық жүйе бойынша қойылатын сандардың нені білдіретінін анықтап көрейік. Егер ойлап қарасақ, жауабы былай да белгілі - бәрі немесе ештеңе. Мұғалім оларды журналға қою барысында бірқатар ұстанымдарға сүйенеді. Нәтижесінде әр балл оқушылардың деңгейінің біріктірілген:
а) белгілі бір өлшемі;
ә) жалпы сыныптағы;
б) бұрынғы көрсеткіші болады.
Бұл факторлар бойынша қойылған бағаны тек мұғаліммен әңгіме барысында, әрине егер ол қандай жағдайда қойылғанын ұмытпаған жағдайда анықтауға болады. Әрине, әр бағада бұл көрсеткіштер көрініс табады (мысалы, алгебра пәні бойынша орындалған тапсырмалардың саны мен сапасына қарай бағалау кезінде, бірінші орынға өлшемдерді салыстыру шығады), ал негізгі бағалау факторы дерек-дәлел-ойларды, өзіңдікін немес өзгенікін, мазмұндау болған жағдайда, ол дәл солай. Баға әрдайым субъективті. Бірақ көптеген мектептердегі қазіргі жағдайға қарағанда оның субъектілігі күмән туғызады. Бұлай бағалау түбегейлі мұғалім билігінің құралы. Соған сәйкес мұғалім әрдайым ақиқатқа сай келе бермейтін, талассыз бедел иесі, шындықты тасымалдаушы. Әсіресе бұл мәселе өзінің (өзгенің) ойын суреттеу, мазмұндау немесе дәлелдеуге құрылған, нақты дұрыс немесе дұрыс емес шешілген мысалдар арқылы бағалай алмайтын пәндерге келгенде өзекті болып отыр. Бес балдық бағалау көрсеткіші басқа да нормативті бағалау түрлері сияқты нақтылығы жоқ қолайсыз құрал екеніне күмән жоқ. Алайда бағалау жүйесін оны көпқырлы ете отырып жетілдіруге болады.
Алдымен бүгінгі бағалау жүйесінің атқаратын қызметтерін анықтап көрейік:
1. Нормативті қызмет, біріншіден, оның оқу табыстылығына және оқу орнын бітіруіне сәйкес мемлекеттік өлшеммен бекітілген нақты білім алушының жетістіктерін тіркейді. Екіншіден, жеке оқушының, мектеп сыныптарының үлгерімін, олардың дайындық деңгейлері мен мұғалім жүмысының сапасын әкімшілік бақылау.
2. Ақпараттық-диагностикалық қызмет, оқыту процесіне барлық қатысушылардың арасындағы мазмұндық байланыстардың, оқушылардың мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық рефлексиясының негізгі сәттерін қамтиды. Бағалау білім беру процесіндегі нақты сыныптарда жағдайдың дұрыстығы, жеке оқушылардың амандығын ойлауға мүмкіндік береді.
3. Ынталандыру қызметі, оқушылар қызметін ынталандырумен байланысты, бұл қосымша анықтауларды қажет етпейді. Бағалау жүйесіне қойылатын талаптар.
Жоғарыда аталып кеткен қызметтерге сүйене отырып, бағалау жүйесі шешімін табуға жағдай жасайтын мәселелерді анықтауға тырысайық:
- Бағалау жүйесі оқу әдістемесінің қай түрі тиімді меңгерілгенін, қай практикалық дағды қалыптастырғанын, басқаша айтқанда, нақты талаптар минимумымен оқушының жеткен жетістігін салыстыруға мүмкіндік туғызуы керек.
- Екіншіден, бағалау жүйесі әр оқушының жалпы дайындық деңгейінің өзгеруін, танымдық қызметтің әр саласында оның жеткен жетістіктерін тіркеп отыруы қажет (ақпаратты меңгеруі, ақпаратты өңдеу, өз ойы мен ойындағы образдарды шығармашылықпен көрсету және т.б.). Бұл білім алу жолындағы жетістіктер мен сәтсіздіктердің нақты суретін алуға мүмкіндік тудырады. Сонымен қоса, аталмыш ақпаратты тіркеу стандартқа сай, мұғалімнен көп уақытты талап етпеуі, яғни вербалды болмауы керек. Оны жүзеге асыруға жұмсалған уақыт жекелеген оқушылармен жасалатын жұмыстарға ғана арналуы мүмкін деген сипатқа ие болуы мүмкін.
- Үшіншіден, бағаларды қою механизмінің өзінде ондағы ақпаратты сәйкес талдау мүмкіндігінің болуы, бағалау жүйесі ағымдағы және қорытынды бағаларды қоюда, сонымен қатар мақсатқа жетудегі бағаларды қою нақты болуы шарт. Әйтпесе, бағалаудың ақпаратты-диагностикалау қызметінен ынталандыру қызметі басымдық алып кетеді.
- Төртіншіден, бағалау жүйесінде оқушылардың өз жетістіктерін бағалау барысында өзін-өзі көтермелеу және дамыту, сонымен қатар оқыту процесі барысында болып жатқан әрекеттерген рефлексия жасау механизмі болуы. Өзін-өзі бағалап отырған оқушы мұғалімнің бағалауымен келген нәтиже мен өзін бағалау барысында жеткен нәтижені салыстыруға мүмкіндігі болуы шарт. Әрине бағалау жүйесінің мінсіздігі өзін-өзі бағалауға итермелейтін фактор болып отырғаны анық, алайда бұл қойылып отырған міндеттердің бірі ғана.
- Бесіншіден, бағалау жүйесі әрдайым мұғалімнің, оқушының, ата-аналардың, сынып жетекшісінің, сонымен қатар мектептің әкімшілік және педагогикалық ұжымының арасындағы байланыстың орнауын ескеріп отыруы керек. Бұл байланыссыз оқу процесін құрудың жүйелік әдісін, оны толық қамтамасыз ету мүмкін болмайды.
- Алтыншыдан, оқушыға бірыңғай білім беру кеңістігі тақырыбын жалғасыта отырып, бағалау жүйесінің мектептегі нақты бір сынып үшін бірыңғай сәйкес болуын атап кету шарт. Басқаша айтқанда, әртүрлі сабақта әртүрлі қағидаттарға негізделеген бағалау жүйесінің тиімді болуы мүмкін емес. Бағалау жүйесіндегі қағидаттық сипаттардың түрлілігі жас ерекшеліктеріне сай оқушылар тобының арасында ғана мүмкін.
- Жетіншіден, бағалау жүйесі оқушылардың психикасына ұқыптылықпен қарауға, олады жаралайтын жағдайлардан аулақ болуды көздеуі керек. Бұған қол жеткізудің негізгі жолы - оқу процесіне қатысушылардың барлығының санасына бағалау жүйесіне сәтті білім алудың, кері байланыс алуды жүзеге асырудың құралы ретінде қарауды сіңдіру. Аталған ережелер бағалау жүйесінің сұлбасын құрастыруға, оның қызмет етуінің жалпы аясын анықтауға, және оған қоса жетістік критерийі қызметін атқарып, әр білім беру жүйесінің нақтылы жүзеге асуына жол береді.
Көрсетілген талаптарды кезеңмен жүзеге асыру бағалау жүйесінің қызметтік маңызын, оның ақпараттық-диагностикалық қызметінің маңызын жоғарылатып, нормативтік қызметінің мазмұнын өзгертіп, ынталандыру қызметінің механизмін түбегейлі өзгертуге қол жеткізеді. Стандарттарды әзірлеу барысында бірқатар ғылыми және әдістемелік мәселелер анықталған. Бұл тек қазіргі қоғамдағы тәрбие мәселесіне ғана қатысты емес, сонымен қатар оқушылардың білімін бағалауға қатысты. Стандарттың негізгі қызметінің бірі бағалаудың объективтілігін жоғарылату. Бұл қызметті жүзеге асыру қазіргі оқыту нәтижелерінің сапасын бақылау және бағалау жүйесін түбегейлі өзгертумен байланысты. Стандарт қоғамдағы білім алудың келесі кезеңіне өтіп, білімін жалғастыруға мүмкіндік беретін оқыту деңгейін анықтайды. Осы деңгей әр оқушының жеткен жетістіктерінің оқыту нәтижелерін бағалауға критериалды-мақсатты тәсілінің негізі ретінде көрсетіледі. Критериалды-мақсатты тәсілді және дихотомикалық бағалау жүйесін қолдану жетістікті бағалаудың стандарт талаптарына сай объективтілігінің және нақтылығының деңгейін жоғарылатады. Қазіргі кезде ел мектептерінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау қолданысқа ие, себебі бұл тәсіл барлық процеске қатысушыларға оқу материалының игерілу деңгейін түсініп, кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау терминін алғаш Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған, ол әдеттегі мінез-құлық моделінің жиынын анықтау үдерісін, білім алушылардың оқу жетістігі деңгейінің шамасы мен қолжетімділігінің арасындағы сәйкестікті сипаттады. Бұл білім алушы әрекетін алдын ала анықталған критерийлерді тіркеп жинақтау арқылы бағалауды білдіреді. Глейзер критериалды стандарттағы бағалаудың басқа білім алушылар жетістігіне тәуелділік пен салыстыруға қатысы жоқ екенін, сондай-ақ, әр білім алушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпараттануға бағытталғандығын атап көрсетті. Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу, бағалаудың өзара байланысына және оқу үдерісін ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз етуге негізделген (Бойл және Чарльз, 2010). Бұл барлық бағалау элементтері арасындағы өзара байланыс орнатуды, теориялық негіздемені болжамдайды (оқу мақсаттары, бағалау түрлері, құралдары мен нәтижелері).

1.2 Өлшемдік бағалаудың өзіне тән ерекшеліктері
Әлем бойынша оқушылардың білімін бағалау үшін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Критериалды бағалау жүйесі бастапқы кезеңдерде Назарбаев зияткерлік мектептерінде енгізіліпті. Оның негізгі ерекшеліктеріне тоқталайық: -- Зияткерлік мектептердің тағы бір ерекшелігі -- бағалау жүйесі жалпы білім беретін мектептердегі бағалаудан бөлек. Әлемде білім беру ісінің нәтижесін саралайтын өзіндік тәжірибе қалыптасқан. Бұл ретте оқушының қаншалықты білім алғанымен қатар, сол алған білімді пайдалана ала ма, жоқ па деген сұрақ маңызды рөл атқарады. Ал еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде оқушының жетістіктері оның құрбы-құрдастарының нәтижелерімен салыстыруға байланысты бағаланады. Критериалды бағалау әрбір оқушының оқудағы жеке траекториясын анықтау үшін қажет. Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы жаңа жүйені әзірлеп, қолданысқа енгізу үшін Кембридж университетінің Емтихан Кеңесімен (CIE, Ұлыбритания), Пенсильвания штатының университетімен (UPENN, АҚШ), Педагогикалық өлшемдер институтымен (CITO, Нидерланды) және тағы басқа жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас жасады. 2011 жылдың 1 қыркүйегінде оқу жоспарының 12 пәні бойынша критериалды бағалауды енгізу жөнінде тәжірибе басталды. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі -- алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді. Әр пәннің әр тапсырмасының бірнеше критерийі бар. Мысалы, математика пәнінен берілген тапсырма туралы айтайық. Бірінші критерий бойынша баланың формуланы білетіндігі тексеріледі. Екінші критерий -- формуланы пайдалана алтындығын анықтайды. Үшінші критерий -- осы формула арқылы графикті қалай сызатындығын білу үшін керек. Төртінші критерий нәтижесінде баланың осы формула арқылы талдау жасай алатындығы тексеріледі. Осы 4 критерий бойынша балл қойылады. Балл шкаласы бағаға ауыстырылады. Еліміз компьютерді толық меңгеру, ғаламторда жұмыс істеу бойынша Сингапурдан 20 жыл кейін қалған. Біз 10 жылда Сингапурға қуып жетеміз деп жоспарлап отырмыз. Ал критериалды бағалау жүйесінен Англиядан 40 жылға кейін қалғанбыз. Әлем елдері критериалды жүйеге әлдеқашан көшіп кетті.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты -- мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Оқушылардың оқу жетістіктерін әділ және шынайы бағалау жүйесі, білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып саналады. Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа факторлар өзгеріп отырды. Қазіргі уақытта білім беру процесінің жүйелі болуы керек екеніне ешкім күмән келтірмейді, олай болмаған жағдайда оның нәтижелігі төмендейді. Оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс бағыттай отырып қана оқушылардың бірін-бірі толықтырып отыратын қайшылықсыз педагогикалық әсерге қол жеткізуге болады. Онымен қоса, осы процесс аясындағы әр әрекет мақсатты бағытталған, яғни белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған және соған жетуге жетелейтін болуы керек. Білім беруге қойылған талаптардың қарапайымдылығына қарамастан, оларды толықтай жүзеге асыру қиындығы жоғары объективті және субъективті себептерге келіп тіреледі. Сол арада, бірыңғай оқыту-тәрбиелеу кеңістігіндегі нақты оқу орнының аясында, білім алушы тұлға нысанда болған жағдайда қалыптастыру міндеті өте өзекті болып табылады. Өкінішке орай, оларды шешудің отандық педагогикадағы дәстүрлі жолдары әрдайым жүзеге аса бермейді. Себебі ол қазақстандық тарихи процесстерден бастау алатын жаһандық сипаттағы (ақпараттық өркениетке ауысу баспалдағы), жеке көзқарастағы маңызды өзгерістерге байланысты. Аталмыш мәселені шешудің екі жолы бар:
-Біріншіден, оқыту процесінің түпкі мақсаты мен одан шығатын міндеттерді, оны кезеңмен жүзеге асырудың стратегиясын, оның аясындағы оқушылармен арақатынастың принциптерін анықтау қажет. Бұл жергілікті билік өкілдері деңгейінде мемлекет арқылы жүзеге асырылады. Бұл процесс қоғамның сұранысына берілген жауабы, сондықтан жалпықоғамдық сипатқа ие емес. Басқа сөзбен айтқанда, мектеп бітірген адам географиялық және әлеуметтік-стратегиялық көзқарастан нақты әлемде тұруы, ал бұл әлемдер бір-бірінен ерекшеленетіндіктен, оған көз жұмып қарау өскелең ұрпақ пен оның ата-анасының алдында мектептің абыройына нұсқан келтіру дегенді білдіреді. Алайда, көрсетілген мақсаттар мен міндеттердің арасындағы айырмашылық ұлттық білім кеңістігінің бірлестігін бұзбас үшін қағидаттық сипатта болмауы қажет.
-Екіншіден, бір пән аясында, сондай-ақ білім беру мекемесінің аясында түрлі элементтер мен сабақ беру әдістерінің арасында өзара байланыс орнауы; белгілі бір мақсаттарға жету және нақты білім міндеттерін шешу негізінде бір бірімен байланысуы; оқу процесі мекемесінің аясында әр әдістемелік құраманың орнын мақсатты анықтау. Бұл жерде жаңа әдістемелік элементтер әзірлеу туралы емес, білім технологиясының айтылған мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қолданыстағы әдістемелерді мақсатты жинақтау туралы айтылып отыр.
Бағалау жүйесі және оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу білім беру процесінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бағалау жүйесі оқытудың мәселелерін диагностикалаудың және оқушы және мұғалім мен ата-ананың арасында кері байланыс жасаудың негізгі құралы.
Критериалды бағалау:
- оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады;
- оқушы бойындағы үрейленуді басады;
-мұғалімді төрешілік қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттау- шыға айналады. Осылайша, критериалды бағалау оқушылардың да, мұғалімдердің де денсаулы- ғын сақтау артықшылығына ие. Білім беру жүйесінің дамуында критериалды бағалаудың орны ерекше. Себебі ол мектептегі білім беру кеңістігінің бірікті- рілген факторы, оқытудың мәселелерін диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады, сонымен қатар оқыту процесінің негізінде жатқан принцип- терді қамтиды. Критериалды бағалау деп тек бағалау барысы мен баға қойылуы тиіс сәттер деп түсінбеу керек, ол жалпы мұғалімнің, оқушының және ата-анананың арасындағы, болмаса оқушының өзі анықтайтын, оқыту процесінің табыстылығын анықтау бойынша бақылау-өлшем байланысын орнататын механизм. Жалпы алғанда, бағалау және өзін-өзі бағалау жүйесі - білім беру процесінің өз-өзін қадағалап отыратын, ерекше маңызға ие нақты механизмі. Кері байланыс қаншалықты мазмұны терең болса, соншалықты оған әсері сындарлы бола түспек.
Критериалды бағалау - оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптас- тыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата- аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салысты- руға негізделген процесс.
Критериалды бағалау мұғалімдерге арналған қағидаттық ұстанымдарды тұспалдайды:
1. Баға арқылы оқушының өзі емес жасаған жұмысы ғана бағаланады;
2. Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырылады;
3. Нақты тапсырмалардың түрлілігі және жақсы орындалған тапсырманың анық және дұрыс сипаттамасының болуы;
4. Оқушыларға өлшемдер алдын ала айтылады;
5. Оқушы өзінің жетістік деңгейін өзі анықтап, өзін бағалай алатындай баға коюдың нақты алгоритмі әзірленуі керек. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмыстарын рефлексиялауды көздейді. Рефлексия оқушының тұлғалық дамуының, оқушы ретінде дамуының қажетті құраушысының міндетті шарты болып табылады;
6. Өзін-өзі бағалауға ауысуға талпыну мақсатында, бағалау процесіне оқушыларды қатыстыру;
7. Нені оқытты соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийлері - оқу мақсатының нақты көрінісі;
8. Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары аталмыш пән бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критерийлері болып табылады және оқушылардың жеке жұмыстары барысында анықталған нәтижелерін жалпылауға мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:
- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
- оқушы жұмысы алдын-ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады; - бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып-зерделенген материал бойынша ғана қойылады; - өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата-аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі;
- оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесінің маңызды басымдықтары Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде айтқандай, еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін алға қойып отыр. Ел экономикасының қарқынды дамуы білім беру жүйесіне тікелей байланысты екендігін білеміз. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері жаттанды түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланады, бірақ, мәні терең меңгеріл- мегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Ал қазіргі дамыған қоғамда азаматтың тек қана білім алуы жеткіліксіз, ең маңыздысы -- сол алған білімін күнделікті өмірлік жағдаятта тиімді қолдана білуі қажет. Сол себепті, қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп отыр. Міне, сондықтан критериалды бағалау жүйесін енгізудің басты мақсаты:
-Мектепте оқыту сапасын қөтеру.
-Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
-Жаңартылған орта білім беруді енгізу барысында білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі арқылы бағалайды.
Критериалдық бағалау жүйесінің дәстүрлі бағалау жүйесінен ерекшелігі неде?деген сұрақ туындауы сөзсіз.
Дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Оқушыны тым көтермелеп немесе төмендетіп алады. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей күмәнмен қарайды, сабаққа деген қызығушылығы төмендейді.Себебі: білім алуға деген қызығушы- лықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері және мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың болмағандығынан . Егер әр білім алушыға, оның ата-аналарына түсінікті анық, өлшемді бағалау критерий- лері берілсе, объективті бағалауға қол жеткізуге әбден болады. Критерий деген - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі.Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орын- далу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.
Ал критериалдық бағалау - оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалып- тастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керек екендігін түсіндірмейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін ары қарай не істеу керек екендігін түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, жаңа технологияларды қолдану дағдылары қолданылады.
Критериалды бағалаудың ерекшелігі неде?
Критериалды бағалау өзінің:
-Анық, айқындылығымен;
-Жеке тұлға емес жұмысының бағалануымен;
-Бағаның әділдігімен;
-Өзін бағалауға мүмкіндік берілуімен;
Кері байланыстың жүзеге асуымен;
Алдын ала ұсынылған бағалау шәкілімен ерекшеленеді.
Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері):
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
Дамыту бағыты. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге:
1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
3. Білім беру сапасын арттыруға;
4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. Оқушыларға:
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әректінің типтерін қолдануға;
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Ата-аналарға:
1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы обьективті дәлелдер алуға;
2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
3. Оқу үрдісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
1.3 Мектептегі оқушылар жетістіктерін бағалаудағы халықаралық
бағалау жүйесін енгізудің тәжірибесі
Оқушылардың оқу жетістіктерін мектептік бағалаудың халықаралық моделдеріне қысқаша талдау жасап көрелік.
Әлемнің 8 еліндегі:Англия, АҚШ, Финляндия, Канада, Сингапур, Австралия- да қолданылатын мектептік бағалау моделдерін талдау олардың арасындағы айырмашылықтарды, жалпы түсініктерді және жүзеге асыру жолдарын анық- тауға мүмкіндік берді. Әр мемлекетте қабылданған мектептік бағалаудың анықтамасы сол елдің білім саясатына және бағалауды қалай қолдануына тәуелді: оқытуды дамыту немесе баға қою. Сонымен, қалыптастырушы бағалау АҚШ, Жаңа Зеландия, Финляндия, Канада, Сингапурда оқу бағдарламаларын және оқушылардың оқу процесін жақсарту үшін қолданылады. БІЗДЕ ШЕ?
Мына сөйлемді қалай түсінеміз: Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелері АҚШ, Гонгонк, Австралияда шынайылықты арттыру үшін және бірыңғай критерийлер негізінде бағалаудың әділдігі үшін қолданылады. Біріңғай критерилерді анықтап алғаннан кейін қалыптастырушы және жиынтық бағалау жүзеге асырылмай ма екен?
Бірақ, әр елде мектептік бағалау негізіне жалпыға танылған көзқарастар бар:
-Біріншіден, сабақ беру, оқыту және бағалау өзара байланысты және мектептік бағалау оқыту мен оқыту жұмыстарының бөлінбейтін бөлігін құрайды (Бойл және Чарльз 2010).
БАСҚАША МҮМКІН БЕ?
-Екіншіден, мектептік бағалау оқу барысында (сабақ беруде) деректерді жинау және оқушы мен мұғалім арасында оқушының сұранысына сай оқытуды және күтілетін нәтижені ескере отырып сабақ беру барысын түзету үшін кері байланысты орнатады және ол қалыптастырушы бағалау деп аталынады.
(Белл және Коуи 2001; Хэритидж 2008, 2011; Шепард 2005; Пофам 2008, Коркоран и др. 2009). Оқытудағы және тұтас әлемдегі заманауи қарқынды дамуы кезеңінде, Қазақстан оқытудың дәстүрлі әдістерінің балалар әлеуетінің толық дамуы үшін жеткіліксіз болып отырған факті алдында тұр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өмір бойы білім алуға, оқудың барлық деңгейінде сапалы білім алуға жол ашатын білім беру жүйесінің ұлттық моделінің дамуына барынша жағдай жасалғаны аталады. Сондықтан бұл бағыт тұтас Қазақстандағы білім беру жүйесі үшін басым бағыттардың бірі болып саналады. Білім беру жүйесі жаһандық білім беру жүйесіне бара-бара интеграциясы үшін кең мүмкіндіктерге ие. Отандық педагогикалық ойды ұғынуға, ашық қоғам жағдайында білім беру саласының және білімдегі интеграциялық үрдістердің келесі дамуына шетелдік тәжірибені талдау мен жинақтау ықпал етеді. Әлемдегі білімнің даму бетбұрыстарын түсіну үшін білім сапасының жоғары деңгейі халықаралық зерттеулермен расталып отырған елдердегі білімнің даму тәжірибесін зерттеу анағұрлым маңызды болып табылады. Білімнің жаңартылған мазмұнын және оқушылар жетістіктерін критерийлік бағалауды іске асыру мен имплементациясы (іс жүзінде орындалуы) мүмкін болатын ұтымды шарттарды жобалау үшін әзірлеушілерге отандық және халықаралық тәжірибеде орын алып отырған ұқсас тәжірибеге жүгіну қажет болады. Орта мектептегі критерийлік бағалауды едәуір терең зерделеу үшін білім саласындағы Финляндия, Сингапур, Ұлыбритания мен Жапония секілді озық елдердегі тәжірибені қарастыруға болады.
1.3.1 Финлияндиядағы оқушылардың жетістіктерінің бағалану
ерекшеліктері
Финлияндиядағы бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау Финляндиядағы мектеп білімінде бағалауды ұйымдастырудың негізгі факторлары - ішкі, сыртқы және олардың қатар үйлесімділігіндегі бағалау болып табылады.
Сыртқы бағалаудың мақсаты ретінде мектептердің білім туралы заңдарды іс жүзінде орындауы бойынша қызметін қадағалау, білімнің дамуына қолдау көрсету және білім шарттарын жақсарту шығады. Сыртқы бағалау тұтас білім беру жүйесі және білім беру үрдісінің жеке қырлары туралы ақпаратты білім беру мекемелерінің қызметі, олардың тиімділігі, нәтижелілігі, үнемділігі (білімдегі қажеттілік пен оған сұраныс, мектептегі білімнің түрлі деңгейлеріндегі оқушылардың оқуға түсуі мен санды құрамы; мектептегі білімнің тұтас және жеке бөліктерінің құрылымы мен қызметі; білім сапасы мен қолжетімді құралдар арасындағы байланыс; білім мен қоғам арасындағы арақатынас; оқу жоспарлары мен оқу курстары; оқу жетістіктері және т.б.) туралы түрлі деректерді жинақтау арқылы алуға бағытталған.
Ішкі бағалаудың мақсаты білім беру жүйесінің жағдайы туралы ақпаратты алу, білім беру ортасындағы жағымсыз құбылыстардың дамуына жол бермеуге және оның алдын алуға бағытталған, мектептің болжамдауға жататын өзгерістерінің жүйесін әзірлеу болып табылады. Ішкі бағалау оқу орнының қызметіндегі түрлі аспектілер бойынша өзін-өзі бағалаумен байланысты (емтихандардың нәтижелері, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастардың педагогикалық қырлары, оқу орнының материалдық ресурстары).
Сыртқы және ішкі бағалау қатар үйлесімділігінде жүретін бақылаудың негізгі түрлері келесідей көрініс береді:
oo салыстырмалы бағалау (мектептің негізгі нәтижелерін, тек білімділік емес, дамуға да және белгіленген міндеттерді орындауға да мүмкіндіктерін осы аядағы ұлттық немесе халықаралық нәтижелермен салыстыру);
oo жағдайлық бағалау (белгіленген міндеттердің қаншалықты жақсы шешіліп отырғанын анықтау үшін, мектептердің белгілі түрлерінің қызметін, белгілі бір білімділік секторды немесе тұтас білім беру жүйесін бағалау); тақырыптық бағалау (нақты білімділік пәндерді оқыту сапасын зерделеу, соның ішінде халықаралық деңгейде де);
oo стандартталған бағалау (мектеп оқушыларының білімділік нәтижелерін тест үлгісінде іріктеп зерделеу) [4].
2012 жылы PISA (Programme for International student assessment) халықаралық зерттеуінің деректері бойынша, финляндия ғылыми-жаратылыстану сауаттылық, математикалық сауаттылық және әдеби оқу сауаттылығы бойынша бағалау нәтижелерімен үздіктердің ондығында болған.
Нақты нәтижелерге Финляндиядағы білім беру ісінің елдегі ішкі саясатта басым болуы алғы шарт ретінде шыққан. Мектептегі білім заманауи жаһандануда және бетбұрыстарда орныққан қағидаттарға және құндылықтарға негізделіп, Финляндиядағы білім өз мақсаты ретінде оқушының жеке тұлғасын, оның өзін өзі таныту, білімге бейімділігі, жылдам бейімделуге қабілеттілігін заманауи өмірдің шынайылығында дамытуды алға тартады. Финдер не біз өмірге дайындаймыз, не емтиханға дайындаймыз. Біз біріншісін таңдаймыз,- деп айтады.
Өткізілген зерттеулер көрсетіп отырғанындай, Финляндияның біліміндегі бағалау тұжырымдамасы өз ерекшелігіне ие. Бағалау жүйесінің жеке білім беру орындарының оқудағы теріс нәтижелерін іздестіріп, көрсету арқылы емес, оқу орындары мен білімділік саясатын өткізіп отырғандардың арасында үйлесімді қарым-қатынасқа қол жеткізу арқылы білім сапасын көтеруге ықпал ету керектігі атап көрсетіледі. Бағалау сенім беріп, алға басуға түрткі болып, оқу орнының жұмысын жақсы жаққа өзгертуге қабілеттілігіне иландыруы тиіс. Оқу орындары қызметін бағалаудың осындай жүйесінде ынталандыру да, айып кесімдерін қолдануға жол берілмейді. Финляндияның біліміндегі бағалаудың мақсаты - бұл ең алдымен, түрлі елдегі оқу орындарының және тұтас мектеп білімі жүйесінің қызметі туралы өзекті және сенімгерлігі жоғары ақпаратты ұсыну арқылы мұғалімдерге және білім беру мекемелеріне қолдау көрсету.
Бағалау нәтижелері, сонымен қатар бағалау үшін қолданылған әдістер мен материалдар қоғам үшін жалпы қол жетімді. Оның нәтижелері Ұлттық оқу жоспарын түзуде ескеріліп, білімділік саясат саласындағы шешімдерді қабылдауға әсерін тигізеді. Осының барлығы ақыр соңында бір мақсатқа- елдегі білім сапасын жақсартуға бағынған.
Бағалау жүйесі төрт негізгі бағыт бойынша нәтижелерді анықтауға бағытталған:
1) оқу орны қызметін өз бетінше бағалау (ішкі бағалау);
2) мектеп оқушысының оқу нәтижелері (ішкі бағалау);
3) оқу орындарының қызметі туралы түрлі деректерді жинақтау арқылы тұтас білім жүйесінің дамуы туралы ақпаратты алу (сыртқы бағалау);
4) білім беру үрдісінің жеке қырларынан жетістіктер туралы ақпаратты алу (сыртқы бағалау).
Финдік мектепте оқушылар бағамен (балмен) 12 жасына дейін бағаланбайды. Бастауыш мектепте емтихандар өткізілмейді. Әр оқушы өз ырғағымен ілгері қадам басып, дамуда. Баға қою оқушының білімділік жетістіктері жолындағы кедергі деп саналады. Баланың ата-анасы оның жетістіктері туралы ақпаратты жылына екі рет алады, онда баға жоқ, бірақ бала жетістіктерін сипаттау орын алады. Бастауыш мектептің өзінде мұғалім оқушыны өз бетінше бағалауға, ол оны өз ерекшеліктерін түсінуге және өз ресурстарын жақсы оқу нәтижелеріне жету үшін шоғырландыруға үйретеді. 1-5 сыныптар аралығында сөзбен бағалау кең тараған. Бұл кезде оқушымен өз қызметін өз бетінше бағалау үрдісіндегі бастауыш мектептің 1-сыныбынан тұрақты құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушының өз бетінше бағалауының негізгі функциясы - өзін прогрессивті түрде тану және өзінің үнемі оқуға деген қабілеттерін дамыту. Оның мақсаты - оқушыны өз қабілеттерін шындыққа сүйеніп бағалауға, оны өз жетістітерін қадағалауға, оқуда белгіленген мақсаттарын түсінуге, өзіне өз оқуындағы мақсаттарды белгілеуге үйрету. Өз бетінше бағалау жолымен оқушы өз жетістіктерін, өзінің оқу және жұмыс қабілеттерін бақылап, талдауға алады. Бұл жадайда оқушыға мұғалім тарапынан үнемі көмек пен қолдау көрсетіліп отырады [4].
Жүріс-тұрысын бағалау финдік негізгі мектебіндегі бағалаудың кешенді жүйесіне енеді. Бұл бағалау оқушының басқа адамдарға және қоршаған ортаға қатынасын, еңбекті қаншалықты бағалайтынын, мектеп қызметін, жалпы қабылданған ережелерді (соның ішінде, мектептік) құрметтейтінін ескереді. Білімділік құндылықтардың арасында мектеп құжаттамасында аталатындары: тіршілікті сүюі; тұрақты даму; бастамашыл, шығармашыл және сындарлы рухы; командада жұмыс жасау және әріптестік рухы; адамдар арасындағы айырмашылықтарды және т.б. оң әсермен қабылдау. Финдік мектептің тәрбиелік тұжырымдамасында оқушымен өзінің бойында бірқатар қасиеттерді дамытудың мақсаты белгіленеді, соның ішінде:
:: Адал және сенімге лайықты болу.
:: Өзгелерді құрметтеу.
:: Әркімнің құқығын құрметтеу.
:: Әділ болу.
:: Әріптестік және жалпы жауапкершілік сезімдеріне ие болу.
:: Байсалды жұмыс ырғағын қолдап отыру.
:: Қызметшіл ілтипатты болу.
:: Алғыр және серпінді болу.
:: Жұмыстағы қоршаған ортаға және өмірге жауапты қатынас жағын қабылдау :: Мектеп жұмысының барлық міндеттері мен міндеттемелерін саналы қабыл- дау.
:: Мектептегі сабақтарға ұдайы қатысып жүру.
:: Өзінің меншікті қауіпсіздігіне және мектептегі қоғамдастықтың басқа да мүшелерінің қауіпсіздігіне ыпал ету.
Оқушының жүріс-тұрысына бағаны нақты оқушының білім алу үрдісіне қатысатын барлық мұғалімдер береді. Бұл баға балдар түрінде (4-тен бастап 10-ға дейін) ағымды оқу жетістіктерінде көрініс тауып, қорытынды сертификатта да (оқуды аяқтағанда), аралық сертификатта да (оқушы мектептен өз еркімен кеткенінде) тіркелмейді [5].
Бағалау сұхбаты және өз бетінше бағалау. Жыл бойында мұғалім, әдеттегідей, белгіленген мақсаттарға және міндеттерге жету оқушымен қаншалықты сәтті орындалғанын талқылау үшін, ата-аналармен және оқушымен бірнеше рет жолығады. Кездесулердің барысында оқушы алда қол жеткізуге ұмтылуы қажет болатын келешек мақсаттар да ойластырылуы мүмкін. Ата-ана тарапынан қолдау көру оқушы үшін өте маңызды. Бағалау, сонымен қатар, оқушы тарапынан өз жүріс-тұрысын және үлгерімін өз бетінше бағалауын да құрайды. Өз бетінше бағалаудың нәтижелері жазбаша түрде тіркеліп, оның ата-анасына көрсетіледі. Үлгерім туралы куәліктер мен өзге де құжаттарды көктемде, оқу жылының аяқталысымен оқушы оқу жылы бойындағы үлгерімі туралы куәлік алады.Одан өзге, жыл бойында үлгерімнің аралық табельдері беріледі [6]. Балл түріндегі бағалар (4-тен бастап 10-ға дейін) тек 6-сыныпта пайда болады. Пәнді толық білмеуі 4 балымен бағаланады. Бұл оқудың толық курсын қайталап өту қажеттігін білдіреді. 4 саны кездейсоқ таңдалған жоқ: негізгі мектептегі бағалаудың финдік жүйесінде 0 мәнімен берілетін баға арқылы баланың абыройын, намысын түсіруге болмайды. Түрлі балдар білімнің белгілі деңгейіне сәйкес келеді: 7 балл - орташа нәтиже, 8 балл - жақсы нәтиже, 10 балл - үздік нәтиже. Негізгі мектептегі бағалар орта мектептің жоғары - жалпы білім беру немесе кәсіби бағдарлы сыныптарына оқуға түсу үшін негізгі фактор болып табылады. Жоғары сыныптарда да бағалар сол балмен қойылады (4-тен бастап 10-ға дейін), бірақ бұл кезде бағалау жиілігі өзгереді. Бағалау сынақ аптасы түрінде әр 6 апта сайын өткізіледі, оның барысында оқушы тесттерді бірнеше уақыт бойында жазады (9.00-ден бастап 12.00-ге дейін). Орта мектептің соңында оқушылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Критериалды бағалаудың тұжырымдамалық құрылымы
Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы
Критериалды бағалау жүйесінің маңызы
Педагогикалық бағалау функциялары
Критериалды бағалау технологиясы
Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру
Оңтайлы оқыту әдістерін жасауды көздейтін оқыту технологиясы
Ауызша жауапты бағалау критерийлері
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесін қолдану
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде
Пәндер