Медиатехнологиялар арқылы оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту тәжірибесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Оқушылардың креативтік құзіреттілігін медиатехнологиялар арқылы дамыту жолдары

Кіріспе
1. Оқушылардың құзыреттілігін медиатехнологиялар арқылы дамытудың ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Құзыреттілік мәні
1.2 Оқушылардың құзыреттіліктерін медиатехнологиялар арқылы дамытудың теориялық моделі
2. Медиатехнологиялар арқылы оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту тәжірибесі
2. 1 Медиатехнологияларды қолдану мүмкіндіктері
2.2 Эксперимент нәтижесі
Қорытынды
Глоссарий
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамның экономикалық дамуының жоғары деңгейге шығуға талпынысы қоғамдық өндірісті ұйымдастыруға, нарықтық экономика жағдайындағы техникалық-технологиялық әрекеттерге байланысты жаңа талаптарды белгілейді. Республиканың ғылыми-техникалық әлеуетінің дамуы материалдық өндірістің түбегейлі өзгеруімен, оларға кәсіптік құзырлығымен байланысты біліктілігі жоғары мамандарды даярлаумен, ғылым мен техниканың дамуымен, технология мен өндірісті басқарумен тығыз байланысты.
Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары түлектерінің кәсіптік даярлық деңгейі жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің және кәсіптік мектептер мен колледждердің оқушыларының дайындығын да анықтайды.
Жалпы және кәсіптік білім беру мектептерінің негізгі міндетінің бірі - оқушының қабілеті мен бейімділігіне қарай, білім беру мекемесінің дәстүрі мен мүмкіндіктеріне, педагогикалық ұжымның біліктілік деңгейіне сәйкес экономиканың қандай да бір саласына белсенді еңбек етуге даярлау.
Аталған міндеттерді дұрыс шешуде кәсіптік оқыту педагогының даярлығы үлкен рөл атқарады. Сондықтан ол политехникалық ой-өрісі кең, кәсіптік мобилді және кәсіпкерлік іс-әрекеттің негізін игерген, оны ұйымдастыра білетін, үнемі білімін, біліктілігін, кәсіптік бейімділігін арттыруға бағытталған шығармашылықпен әрекет ететін маман болуы тиіс.
Кәсіптік оқыту педагогы оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, оларды техника мен технологияның қызықты әлеміне жетелеуі керек. Осы маңызды істе технология құпияларынан хабары бар және терең әрі толық технологиялық даярлығы қалыптасқан педагог қана жетістікке жете алады.
ХХI ғасырдың басы жаңа әлемдік ақпаратты кеңістіктің құрылуымен, ақпарттың экономикалық категорияға айналуымен, түрлі ақпараттық технологиялардың дамуымен, оның ішінде білім беру жүйесінде кең орын алғандығымен сипатталады.
Қоғам ілгері дамыған сайын білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты білім беруді ақпараттандыру, пәндерді ғылыми технологиялық негізде оқыту болып табылады.
Сондықтар да медиа технологиялардың зерттелуі уақыт талабы, себебі мұғалім жаңа технологияларды, алға қойылған педагогикалық мәселелерді сапалы және тиімді пайдалануы қажет.
Компьютерлік технологиялардың ішіндегі оқу үрдісінің қолайлысы - медиатехнологиялар. Бұл дегеніміз ғылым негізінде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Ол өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыс істей білуінің бірден бір себебі.
Бүгінде аыл мектептерінде де компьютер, интерактивті тақта секілді игіліктер жете бастады. Медиатехнологияны қолдану оқушылардың оқуға деген ынтасын, белсенділігін, қызығушылығын арттырады.
Медиатехнологияны қазіргі білім беру саласында дер кезінде игеру және тиімді пайдалану өз дәрежесінде жүргізілмеуде. Мұның себептері: 1. Медиатехнологияларды педагогикалық іс-әрекетінде тиімді пайдалана алатын мұғалімдердің аз болуы; 2. Оқу орындарының материалдық-техникалық базасын үнемі жаңа технологиялармен жабдықтап отыру қажеттілігінің ескерілмеуі; 3. Оқу әдістемелі жұмыстардың жаңаша сипатта жүргізілмеуі т.б. жағдайлар себеп болып отыр.
Елімізде орта мектептерді ақпараттандыру ақпаратты-коммуникациялық тұрғыдан жабдықтау мақсаты іске асырылып келе жатқанымен, сол мақсат-мүдденің қандай қажеттіліктен туындағанына мін берілмей келеді.
Медиайналу немесе медиаайналым оқытудың әдісі мен құралы ретінде қазіргі таңда өзінің өзектілігін жоғалтпайды. Бүгінде білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың енгізілуімен байланысты небір өзгерістер педагогтың құзыреттілік деңгейіне аса айтарлықтай талаптар қояды, себебі қазір таңдағы педагог оқушы үшін ең алдымен кеңесші рөліне ыңғайлануы тиіс.
Әлемнің көптеген елдерінің ғалымдары, зерттеушілері, сонымен қатар педагогтары медиалық білім берудің аса тұтынушылық ие екендігін дәлелдеуде. Медиасауатты педагог :
- оқушылардың медиамен байланысты проблемалық тұрғыда негізделген сұрақтарды қоюға деген ынтасын дамытуы қажет;
- оқыту процесінде зерттеушілік әдістемені қолдану қажет, себебі оқушылар өзбетімен ақпарат іздеуге дағдыланулары, түрлі сұрақтарға жауап таба алулары, салалар бойынша алынған білімдерін тәжірибеде қолданулары тиіс;
- оқушылар мен студенттерге елгілі бір проблемаларды зерттеу мен жалпыланған қорытындыға келуі үшін медиақпараттың алғашқы дерек көздерін қолдану қабілеттерін дамытуға көмектесу қажет;
- өз пікірлері мен көзқарастарын ортаға салуға мүмкіндік беретін, оның ішінде медимәтіндер жөнінде ойларын түрлі пікірталастар мен дөңгелеу үстелдері ұйымдастыру;
- ашық талқыламаларды қолдау қажет;
- оқушыларға өздерінің медиалық тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік беру және соның негізінде іс-әрекет жасау.
Медиа-ресурстар, медиа-құралдар және медиатехнологиялар оқытудың дәстүрлі техникалық құралдарын интегралдауға және мағыналы түрде байытуға мүмкіндік береді және барлық сабақтардың құрылым мен өту процесін түрлендіре түседі.
Зерттеудің мақсаты: Медиатехнологиялардықолдана отырып, оқушылардың креативтілік құзыреттілігін дамыту жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- кретивтілік құзыреттілік мәнін ашу;
- медиатехнологияны пайдалану арқылы оқушылардың креативтілік құзыреттілігін дамыту моделін жасау;
- білім берудегі мультимедиалық технологиялардың маңызын анықтау;
- медиатехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың креативтілік құзыреттілігін амыту жолдарын қарастыру;
- эксперимент нәтижесін пркатикаға енгізу.
Зерттеудің нысаны: Жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: медиатехнологияларды қолдану арқылы оқушылардың креативтігін дамыту процесі.
Зерттеу болжамы: егер медиатехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың креативтілік құзыреттіліктерін дамыту жолдары анықталса, онда оқушылардың медиасауаттылықтары артады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
oo медиатехнологиялардың әдістемелік, ұйымдастырушылық, техникалық, психо-педагогикалық ерекшеліктері талданады;
oo медиатехнологияларды пайдалану арқылы оқушылардың креативтікітерін тиімді дамыту жолдарының теориялық және практикалық негіздемесі жасалынады.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: техникалық және кәсіптік орта білім беру оқу орындарының студенттері, мектеп мұғалімдеріне ұсынылады.

1. Оқушылардың құзыреттілігін медиатехнологиялар арқылы дамытудың ғылыми-теориялық негіздері

1.1 Құзыреттілік мәні

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құңдылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш- қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту деп атап көрсетілген.
12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын , сонымен қатар айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабылетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады:
- креативтілік;
-белсенділік;
-әлеуметтік жауапкершілік;
-ой- өрісінің кеңдігі;
-танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы [1].
Тұлғаның өсуі мен қалыптасуы өмір сүру ортасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесін қазақ халқы өзекті мәселе ретінде қарастырып бағалаған. Осы орайда А.Құнанбайұлы Он тоғызыншы қара сөзінде: Бала ата-анадан туғанда есті болмайды: ол естіп, көріп,ұстап,татып, ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады-деп баланың социумда жинаған тәжірибесі арқылы арқылы білімді болатындығы туралы ой түйіндейді.
Адамның тұлғалық қалыптасуы - үздіксіз және күрделі процесс. Оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз керек. Бүгінгі таңда 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен бірге жеке тұлғаның бойында мәдени рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыра отырып оқыту ұрпағымыздың жер шарының кез- келген жеріне барып қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңдегі география пәнінің мұғалімінің міндеті - жас буынды жан-жақты дамыту,қиялы жүйрік тұлға ретінде баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру.География пәнін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру - негізгі міндет.
Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі құзыреттілік болып отыр.
Құзыреттілік терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш - жігердің болуы. Құзыреттілік - оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Құзыреттілік ұғымы білім, білік және дағды сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік - бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.
Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде. Заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.
Коммуникатвтік құзыреттілік - бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасында сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, дәстүрді білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.
Әлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер:
-оқушыларды өз бетінше талдауға;
-өз қызметіне мақсат қоюға ;
- жоспарлауға,жинақтауға;
- қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге;
- сыни тұрғыдан шешім қабылдауға;
- өзін-өзі бағалауға;
- өзін-өзі реттеуге;
- өзін-өзі түсінуге;
- өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге;
- нені меңгергенін,нені меңгермегенін анықтауға;
- өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету.
Құзыретті оқушы даярлау мақсатында оқушылардың іс-әрекетін белсендіруге және қарқындандыруға негізделген технологиялардың бірі Проблемалық оқыту. Ерекшелігі: оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту, білетіні және білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттер қою. Сол себепті, география пәнін оқытуда проблемалық оқыту технологиясын қолдану тиімді деп ойлаймын. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәнінен Отын-энергетика кешені тақырыбы бойынша оқушылар берілген тапсырмаларда көмір өнеркәсібі маңызды болып табылатын аймақтардың алдыңда экономикалық, әлеуметтік, экологиялық қандай мәселелер тұрғандығы, бұл мәселелерді қалай шешуге болатындығын қарастырып, анықтап, жетістігін дәлелдеді. Сабақ соңында байқалғаны, осы проблемалы тапсырмалар оқушы сезіміне молырақ әсер етіп,олардың қызығушылығын артырып, оқушыны ізденуге жетелейді. Проблемалық тапсырма нәтижесі оқушының өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілеті, іскерлігінің жетілгендігін көрсетеді [2].
Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаһандық экономикалық жаңа сапаға - білім экономикасына өтуіне түсіріледі,-деген болатын. Олай болса, әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі - сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік [3].

1.2. Оқушылардың құзыреттіліктерін медиатехнологиялар арқылы дамытудың теориялық моделі

Қазіргі таңда республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жөне тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Казіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жакты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тек оқушының ғана емес, сонымен бірге мұғалімнің интеллектуалдық, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу -тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Білім беруді ақпараттандырудағы оқытудың ақпараттық технологиясы дегеніміз - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс - әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу - тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру болып табылады.
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
- тұтынушының қолдану сапасында;
- нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру - бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу - тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл - жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.
- компьютерлік бағдарламаланған оқыту - бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;
- материалды компьютердің көмегімен оқу - оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс - әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;
- материалды компьютер қоры негізінде оқу - алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
- компьютер қорымен оқыту - білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;
- компьютердің көмегімен бағалау - өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;
- компьютерлік коммуникация - білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.
Қазіргі таңда білім саласындағы басты талаптардың бірі білімді, сауатты шәкірт тәрбиелеу болып табылады.Бүгінгі күнде оқу процессі бұрынғыдан өзгешелеу. Өйткені техника, ақпараттық құралдар дамып келе жатыр. Оқушылар барлық мәліметті интернеттен алуға қызығады, қолына кітап алғысы, ізденгісі келмейді. Мұғалімнің алдындағы басты мәселе қайтсем оқушыны сабаққа қызықтыра аламын деген сұрақ аясында болуы керек. Қазіргі таңдағы ақпараттық технологиялар, медиатехнологиялар, интербелсенді әдістерді қолдану білім алушы мен білім берушінің арақатынасын мықтай түседі. Ол үшін оқытушы ізденімпаз, талапшыл, тапқыр болуы керек. Оқытушы бағыттаушы, ал оқушы орындаушы болуы қажет. Дегенмен білім алушының өзі де ықылас пен ынта танытуы керек. Ұстаз қаншалықты керемет болса да, оқуға ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды.
Әлемдік бәсекелестік зама - нында әрбір адамның білім са - пасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәсе - лелері күн тәртібіне өткір қой - ылып, адамның білімі мен білік - тілігі қазіргі кезеңде мемлекет - тердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интел - лектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өр - ке - ниеттің өрлеуі интел - лек - туалдық шығармашылық қабілет - тің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңда - луы үшін өткізілетін кон - ференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олим - пиа - далар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар - жеке тұл - ғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалып - тастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады [4].
Оқу мақсаты басымдылығының өзге - руі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жа - ңар - тудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндет - тер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәти - желілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсе - кеге қабілетті тұлғаны қалыптас - тыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шебер - лігін талап етері сөзсіз.
Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие береміз деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Оның үдерісінен шығу - біздің міндетіміз.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы -- деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын білсем деген қызығушылықпен аттайды. Осы бала бойындағы ынта мен ерік, жігерді ары қарай ұштай білу әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндеті, оны атқару барысында ұстаз балалардың танымдық оқу іс-әрекетін инновациялық әдістерді, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс.
Нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіндегі негізгі приоритеттердің бірі оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай әрбір мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып әрбір оқушының шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау. Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі: Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру,өмірлік мамандығын анықтау және оның өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес.Өзін -- өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Медиатехнологиялардың тиімділігін мұғалімнің өзінің оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Сондықтан оқыту әрекетіндемұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім бар күш - жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсендік, дербестік көрсетуі өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады.
Медиатехнологияларды қолдану бойынша оқыту моделін пайдалану -- өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.
Медиатехнологияларды оқу процесінде қолдану - бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Медиатехнологиялардың аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Медиатехнологияларды арқылы оқытуды ұйымдастыру - бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Медиатехнологиялардың мәні сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және кері байланыс жасауға мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұлүрдіс өз-ара қолдау және сыныпта қолайлы орта қалыптастыру атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.

2. Медиатехнологиялар арқылы оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту тәжірибесі

2. 1 Медиатехнологияларды қолдану мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу - делінген.
Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы Заңында: ақпараттық технология - әдістердің, өндірістік процестердің және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздестіруді, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы.
Ақпараттық технология (технология сөзін грек тілінен аударғанда сөз өнері, оқыту деген мағына береді) - 70-80 ж..ж. ерекше мәнге және қазіргі заманғы мағынаға ие болған ұғым. ХХ ғ. ол ақпаратты машиналы (яғни ЭЕМ көмегімен) өңдеу, жеткізу, тарату, информатиканың есептеуіш және бағдарламалық құралдарын жасау ретінде түсіндірілді.
Ақпараттық технология негізінде уақыт өте қоғамның ақпараттық тұтынуын қанағаттандыратын, ірі әлеуметтік-техникалық құрылымдардың пайда болуына әкеліп соғатын техникалық өнертапқыштықтар жатыр.
Ақпараттандыру туралы Заңының жалпы ережелер атауының осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар бабында ақпараттық технологиялар дегеніміз - ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген әдістердің, өндірістік процестер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы деп келтірілген.
Сонымен, ақпараттық технологияның кез келген білім саласына кең құлаш жая енгенін, соның ішінде Кәсіптік педагогика, іс қағаздарын жүргізу саласы да тыс қалмағанын байқаймыз. Біздің пікірімізше, ақпараттық технология дегеніміз не? Ол дегеніміз адам іс-әрекеті арқылы ауызша, жазбаша немесе басқа түрлі тәсілдермен жеткізілетін қажетті мағлұматтар жиынтығы.
Ақпараттық технологияға сыңарлас - компьютерлік технология ұғымы да білім беруде жиі қолданылады. Оқу процесінде компьютерді пайдалану нәтижесінде "компьютерлік технология" терминінің пайда болуына әкелді. Бірақта есептеуіш техниканың белсенді түрде дамуы және жаңа бағдарламалау құралдарының пайда болуы компьютерді қолдану аясын кеңейтті. Ал, бір қарағанда, осы екі ұғым, яғни ақпараттық технология және компьютерлік технология бір-біріне синоним болып келеді, бірақта олар кезеңіне және атқаратын қызметіне қарай қолданылады.
Г.К. Селевконың пайымдауынша, компьютерді қолданудағы оқыту технологиясы үшін әлде қайда сәтті терминдердің бірі - ол компьютерлі технология болып табылады. Ол зерттелмеген технологиялық варианттарды, жаңаларын ашып, бағдарламалы оқытудың идеяларын дамытады. Оқытудың компьютерлі (жаңа ақпараттық) технологиялары - ақпаратты үйренушіге дайындау және жеткізу процесі, оны жүзеге асырушы құрал компьютер болып табылады [5].
Білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану келесі перспективалы мүмкіндіктерді ұсынады:
- білім беру мазмұнының әдістемесін және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғалық білім берудің орталығы - оқушылар тұлғасын үздіксіз дамыту
Ертегілер арқылы бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін дамыту
Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін қалыптастыру
Мұғалімнің міндеті зерттеу іскерліктерін зерттеу бойынша қызметті ұйымдастыру
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
Шама ұғымдарын оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту жолдары
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Оқушылардың креативтік құзыреттіліктерін сыныптан тыс дамыту
Дамыта оқытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
Пәндер