Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

№ 1. Семинар сабақ

  1. Демография ғылымы: зерттеу саласы мен әдістері
  2. Қазақстандағы демография ғылымының дамуы.
  3. Қазақстан әлемдік демографиялық үрдіс жүйесінде.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

Демография (грек сөзінен алынған: demos - халық, qrapha - жазамын, сипаттаймын деген мағынаны білдіреді) халықтың санын, қоныстануын, орналасу тығыздығын, халық динамикасын, яғни өсуі мен кемуін, көшіп-қону көрсеткіштерін, құрамын, некелесу мен ажырасу көрсеткіштерін, жастық және жыныстық структурасын зерттейтін ғылым. Кең мағынада алғанда, халықтың осы ерекшеліктерін сан жағынан зерттейтін ғылым саласы. Мұнда ең алдымен халықтың санын ғылыми ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі кең қолданылады. Демографияда статистикалық әдістердің ерекше зор роль атқаратындығы себепті, кейбір ғылымдар демография мен демографиялық статистиканы бір-бірімен ұқсас ғылымдар деп есептейді. Бірақ демография ұғымының мазмұны анағұрлым кең, оның өзіне тән дербес міндеттері бар, ол халықтың дамуы, өсуі саласындағы байланыстылықты, заңдылықты ашуы керек, бұл үшін үстем қоғамдық қатынастарды ескере отырып, статистикалық деректерді негізге алуға тиіс. Демография халықты зерттейтін барлық ғылымдарға қажетті материалдар береді.

Демографиялық статистика , халық статистикасы - белгілі бір ел, территория халықтарының санын, құрамын, орналасуын және қозғалысын немесе оның жекеленген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өңдеуге, баяндауға және талдауға статистикалық тәсілді қолданумен айналысатын статистика саласы. Демографиялық статистика халықтың тууын, өлуін, некеге отыруын, бір жерден екінші жерге қоныс аударуының сандық нәтижесін анықтайды. Халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы жөніндегі ең дәл және егжей-тегжейлі деректерді халық санағы береді. Санақ аралығында халықтың саны, оның таптық және жастық, жыныстық құрамы арнайы есептеулер арқылы анықталады. Халықтың тууы, өлуі, некелесуі, ажырасуы жөніндегі деректерді АХАТ (азаматтық хал-жағдай актілерін тіркеу) орындарында, ал халықтың көшіп кетуі мен көшіп келуін миграциялық полиция органдарында тіркеудің нәтижесінде анықтайды. Демографиялық статистика халық санағының принциптерін анықтап, оны әзірлеу мен жүргізуді ұйымдастырады, санақ бағдарламасын жасап, қорытындысын шығарады, халықтың күнделікті есебін алуды ұйымдастырып, оның қорытындысын талдайды, халықтың саны мен құрамын есептейді, туу мен өлімнің көрсеткішін, халық өсімінің көрсеткішін, өмір ұзақтығының көрсеткішін халық тығыздығының көрсеткішін есептеудің тәсілдерін жасайды. Демографиялық статистиканың көрсеткіштерінің халық өсуінің келешегін зерттеуде маңызы зор.

Демография ғылымы тарих, экономика, әлеуметтану, әлеуметтік психология, география, этнология ғылымдарымен тығыз байланысты.

Демографиядағы диалектикалық әдіс бойынша саралау жасау халық өсімі мен қозғалысы мәселесіне әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, заң, дін, табиғат факторларының (құрғақшылық, жер сілкінісі, құйын, сел т. б. ) әсерін жан-жақты қарастырады.

Тарихи демографияда халықтар қозғалысы тарихи кезеңдер бойынша, халық өсуі мен кемуі тарихи процесс ретінде қарастырылып, адам тарихының эволюциясы дамуы және демографиялық динамиканың ғасырлар бойына қалыптасуы зерттелінеді.

Экономикалық факторлар - тұрғындардың әлеуметтік тұрмысының көрінісі ретінде демографияның негізгі ағымдарына әсер ете отырып, туу көрсеткішінің төмендеуіне, өлім, неке, миграция т. б. көрсеткіштерді анықтайды. Экономикалық демография әдістері халықты тұрмыстық жағынан қамтамассыз етудегі капитал салымдарының көлемін анықтайды.

Демография ғылымында математикалық әдісті қолданудың маңызы ерекше, математикалық талдау халықтар қозғалысының нақты анықтамасын, нақты санын, өзгерістерін, орташа көрсеткіштерін анықтауға және болжам жасауға қолданылады.

Халықтың демографиялық мінез-құлқын зерттеу әлеуметтік психологияға жүгінсе, халықтың денсаулық көрсеткішін анықтау әлеуметтік гигиенаға байланысты. Халықтың қоғамдағы мінез-құлқы құқықтық нормалармен анықталады.

Сондай-ақ демографияда әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткішін жасау арқылы, сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотикалық ұрпақ әдісін; адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу үшін когорт әдісін қолданады.

Демографияның міндеттерінің бірі халықтың ұдайы өзгеріс заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау болып табылады.

Дүние жүзілік демографиялық статистикада халық орналасуын территорияға бөлгенде, ірі аймақтарға бөліп алу әдісі қалыптасқан. Мысалы, Европа, Азия, Африка, Америка, Авсралия және Мұхит аралдары халықтары.

«Демографиялық энциклопедиялық сөздікті» негізге ала отырып демографиялық ғылымдар жүйесін келесідегідей салаларға бөлуге болады. 1. Теориялық бөлім: теориялық демография; тарихи демография; жалпы демография; экономикалық демография; әлеуметтік-демографиялық қозғалыстарды модельдеу. 2. Тұрғындар санын зерттеу әдістері мен халық санының деректері: математикалық әдіс; статистикалық әдіс; әлеуметтанулық әдіс; графоаналитикалық әдіс; тұрғындар картографиясы. 3. Аймақтық демография. 4. Қолданбалы демографиялық зерттеу. 5. Әлеуметтік-демографиялық болжамдау. 6. Демографиялық саясаттың теориялық негізі.

Қазақстан халқының демографиялық дамуын зерттеу - ғалымдар назарынан тыс қалған жоқ. Қазақстан халқы туралы алғашқы ғылыми еңбектер қазан төңкерісіне дейін жарық көрді. Қазақстан халқының қалыптасу тарихын әр кезеңде көптеген ғалымдар зерттеді. Қазан төңкерісіне дейін зерттеуші ғалымдар статистикалық деректер жинап қана қоймай, тұрғындардың табиғи өсіміне, көші-қон үрдісіне талдау жасады және олардың шаруашылығына, тұрмысына, мәдениетіне тоқталды.

Қазақстан халқының этнодемографиялық жағдайын зерттеген алғашқы еңбектер XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жарыққа шықты. Бұл еңбектер негізінен хабарламалық сипатта болып, демографиялық үрдіске әсер ететін тарихи, әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлар қарастырылмады.

Кеңес өкіметі жылдарында демографиялық үрдістерді зерттеуге арналған көптеген ғылыми еңбектер жарыққа шықты. 1960 жылдардың соңы мен 1970 жылдарда тұрғылықты халықтар туралы жалпы теориялық мәселелерге, демографиялық дамудың заңдылығына арналған көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жазылды. КСРО - ның ыдырауынан бастап, барлық бұрынғы Одақтас Республикалардағыдай Қазақстанда үлкен демографиялық өзгерістер болды. Тұрғындар арасында туу көрсеткішінің кемуі мен өлім көрсеткішінің өсуі нәтижесінде табиғи өсім төмендесе, дәл сондай, сыртқы көші-қон үрдісінің негізінде пайда болатын механикалық өсім де жоқтың қасы. Қоғамда орын алып отырған әр түрлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты республикада халық саны кемуде және тұрғындардың жас-жыныстық құрылымы, ұлттық құрамы өзгеруде, көші-қон үрдісі әсерінен еліміз білікті мамандар мен жұмысшылардан айрылуда. Қазақстан республикасының ірі және демографиялық жағынан мықты мемлекеттермен шектесетінін ескерсек, мұның өзі еліміздің ұлтық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мұмкін.

№ 2. ХХ-ғасыр басындағы тарихи оқиғалардың демографиялық дамуға әсері

  1. Столыпиннің аграрлық реформасы.
  2. Бірінші дүние жүзілік соғыс.
  3. 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің демографиялық дамуға әсері.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

ХХ -ғасыр басындағы Ресей империясының құрамына кірген Қазақстанның демографиялық дамуына ғасыр басында болған барлық саяси және басқада өзгерістер әсер етті. Бұл тарихи оқиғалардың барлығы Қазақстандағы демографиялық дамуға тікелей және жанама әсер етті.

1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша еліміздің қазіргі шекарасы шеңберіндегі аумағында 4147, 8 мың адам болған. Оның 3392, 7 мыңы, немесе 81, 7 пайызы қазақтар болды.

1914 жылы қазақ жеріндегі тұрғындар саны 5910, 0 мың адамға жетті. Олардың ішінде 3845, 2 мың тұрғынын қазақ халқы құрады, немесе 65, 1 пайыз болды.

Небәрі 46 жылдың ішінде (1871-1917 жж. ) өлкеге 1, 6 млн. адам (қайтып кеткендерді қоспағанда) келіп тұрақтап қалды, олардың негізгі көпшілігі 1907-1916 жж. келді. Осының салдарынан XIX ғасырдын, аяғында және XX ғасырда Қазақстан халқының көп ұлтты құрамының қалыптасуы шапшаңдады. XX ғасырдың басында өлкеде 60-тай ұлттың өкілдері тұрды, олардың ішінде түрік тілдес халықтардан (өзбек, үйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт, және т. б. ) басқа неміс, поляк, мордва, дұнген, тәжік, еврей, және т. б. бар еді.

Столыпинның аграрлық реформасының салдарынан қазақ жерінде басқа ұлт өкілдерінің үлесі өсті. Қазақтар өз жерінен айрыла бастады. 1916 жылға дейін қазақтардан алынған жер көлемі 45 млн. десятинаға жетті. 1897-1914 жылдар аралығында қазақтардың үлесі 16, 6 пайызға кемісе, славян халқының саны 16, 8 пайызға артқан.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтың саны едәуір азайды, мұның себебі - табиғи әсім азайып, өлім көбейіп кетті. Бұл 1916 жылғы көтерілістің жеңілу салдары болатын, сонда жүз мыңдаған қазақ жазалаушылар қолынан қаза болды және Қазақстаннан сыртқа қашып кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана 105 мың қазақ шетке кетті. Осылайша қазақтың өзінің ата-қонысында азшылыққа айналуының негізі қаланды.

1916 жылғы 25 шілде жарлығыда Қазақстанның демографиялық дамуына кері әсерін тигізді. Жарлық бойынша Қазақстан мен Отра Азия халықтарынан 400 мың адам тыл жұмысына алынуға тиіс болды. Жарлыққа қарсы көтерілген қазақтар ауыр шығынға ұшырады. Бейбіт тұрғындар аяусыз қырғынға ұшырады. Бұған шыдамаған 105 мың адам, немесе Жетісу өлкесі қазақтарның 25 пайыз Қытайға қоныс аударуға мәжбүр болды.

Лекция № 3. Азамат соғысы жылдарындағы демографиялық жағыдай

  1. 1917-1918 жылдардағы демографиялық үрдіс.
  2. 1921-1922 жылдардағы аштық салдары.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

Этностық-демографиялық дамудағы бұл және басқа қисындар, Қазақстанның көп ұлтты бола түсуінің күшеюі, әсіресе Қазан төңкерісінен кейінгі дәуірде үлкен қарқынмен жүрді. Қос төңкеріс аралығында қазақ халқының әлеументтік-экономикалық жағыдайлары төмендеді. Нәтижесінде қазақ халқының демографиялық дамуы шектелді.

Азамат соғысы Қазақстандағы демографиялық дамуға өзіндік өзгерістер әкелді. Соғыс нәтижесніде өлкенің тұрғындар санының табиғи өсімі кемісе, Ресейдің басқа өңірлерінен келген әскери бөлімдер және қоныс аударушылар есебінен тұрғындардың ұлттық құрамы өзгерді.

Кеңес өкіметінің жүргізген әскери-коммунизм шаралары еліміздің ауыл шаруашылығын құлдыратты. Ауыл шаруашылығындағы болған апат нәтижесінде Қазақстанда аштық басталды. Сол кездегі мәліметтерге қарасақ, 1921-1922 жылдары республикада 2, 3 млн. адам аштыққа ұшыраған. Аштықтан және оның салдарынан басқа жаққа көшу үрдісі күрт өскен. 1914 жылғы көрсеткішпен 1922 жылғы тұрғындар санын салыстырсақ өлке халқы шамамен 1 млн. адамға қысқарғанын көруге болады.

Лекция № 4. 1926 жылғы халық санағы

  1. Тұрғындар саны және орналасуы.
  2. Тұрғындардың ұлттық құрамы және жас-жыныстық құрылымы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

1920 жылы қазан айында Ресей Федерациясынын, құрамында Қазақтың Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасы жарияланды, астанасы Орынбор қаласы болып белгіленді. Бұл қазақтың этностық жерінің бір бөлігін мемлекеттік құрылымға біріктіруге мүмкіндік берді.

1924 жылы Орта Азия республикаларының ұлттық-территориялық шекаралары белгіленді, осының нәтижесінде Түркістан АКСР-ның қазақтар тұратын аудандары (Сырдария мен Жетісу облыстары) Қазақстанның құрамына кірді Орынбор губерниясы Ресей Федерациясына беріліп, Қазақ АКСР-ның астанасы 1925 жылы Орынбордан Қызылордаға көшірілді.

1926 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның, қазіргі шекарасында 6198, 4 мың адам тұрды, олардың 58, 5 пайызы қазақ, 20, 6 пайыз орыс, 13, 9 пайыз украин, 2, 1 пайыз өзбек, 1, 3 пайыз татар, 1, 0 пайыз ұйғыр, 0, 8 пайыз неміс және басқа ұлт өкілдері болды. Егер мұны 1897 жылы Бүкіл Ресейлік халық санағының мәліметтерімен салыстырсақ 29-30 жыл ішінде республиканың халқы шамамен 1, 5 есе өскен, оның ішінде орыс 2, 8 есе, басқа халықтардың өкілдері 4, 3 есе, қазақ небәрі 234, 8 мың адам, яғни 7 пайыз ғана өскен. Қазақтық үлес саны 23, 2 дәрёжеге төмендеген, орыс -9, 6 дәрежеге, басқа ұлттар 13, 7 дәрежеге өскен.

Қазақ АКСР-ындағы негізгі ұлттардың көпшілігінің сан жағынан өсуі төрт негізгі бағыт бойынша: 1920 жылы ортасынан бастап көшіп келушілер санының көшіп кетушілер санынан артық болуы; табиғи есім, туылғандар санының келгендерден артық болуы; автономиялық республика құрылғаннан және 1924 жылы Орта Азия Республикаларының ұлттық-территориялық шекаралары белгіленгеннен кейін республиканың нақты әкімшшік шекарасының кеңеюі, ассимиляциялық және қосылу процестерінің есебінен өсті.

Лекции № 5. ХХ-ғасырдың 20 жылдың аяғы және 30 жылдар басындағы тұрғындар

  1. ХХ-ғасырдың 20 жылдың аяғы және 30 жылдардағы демографиялық жағдай.
  2. 1931-1933 жылдардағы аштық салдары.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

1920-жылы басында демографиялық құбылыстардың қолайсыз болғаны мәлім, бір жағынан, 1921 жылы егін шықпауы және жұттың салдарынан шаруалардың бір бөлігі РКФСР мен Украинаға өз бетімен көшіп кете бастады. Қазақ АКСР-ның Орталық Атқару Комитеті республиканың шаруа халқына олардың көшіп кетуін тоқтату үшін арнаулы үндеу қабылдады. Екінші жағынан, 20-жылы басында Ресейдің әртүрлі аудандарынан (мысалы, Саратов, Астрахань губернияларынан) Қазақстанға тек шаруалар (орыс, украин, мордва және басқалар) ғана емес, сонымен бірге қазақтар да көшіп келе немесе қайтып орала бастады.

1925-1926 жылдары көшіп келушілер мен кетушілердің балансы анықталған сияқты, бірте-бірте көшіп кетушілерден келушілердің саны көбейе берген.

1926 жылы халық санағы кезінде тұрақты халық саны 6268 мың адам болған жағдайда көшіп келушілер 1601 мың адамға жеткен. Олардың жартысы әкелінген шаруалар және 1916 жылға дейін көшіп келген қазақтар еді. Сонымен, 1926 жылы желтоқсанда 1916 жылдан 1926 жылы дейін 800 мыңнан астам жергілікті емес ұлттың өкілдері көшіп келгені тіркелген.

Республикаға көшіп келгендер онан көшіп кеткендерден 638, 8 мың адам артық болған. Олардың көпшілігі Украинадан, Волга бойынан, РКФСР-дың Солтүстігінен, Батысынан, Орталығынан, азырақ белігі Сібірден, Уралдан, Белоруссиядан, Орта Азиядан, Қиыр Шығыстан еді. Еуропалық бөліктен көшіп келгендердің көпшілігі егіншілік аудандарында қоныстануды қалаған. Мәселен, келгендердің 15 пайызы Қостанай облысына, 40 пайызы Ақмола және Ақтөбе облыстарына, 24 пайыз Семей облысына орналасты. Демек, бұл орманды дала және дала өңіріндегі тәлімі егіншілік аудандары көшіп келушілердің көшкен аудандарының ауа райы мен топырақ жағдайына жақын деген сөз. Оның үстіне Ресейдің Еуропалық бөлігінен көшіп келгендер бұл өңірлерден өздеріне жақын этностық ортаға тап болды.

Орта Азия республикаларымен де көші-қоныс қарым-қатынасы орнады. Жоғарыда аталған факторлардан басқа бұл ауданның көші-қоныс процесіне ұлттық-территориялық шекараны белгілеу ісі әсер етті. Шығыс Түркістаннан 1916 жылы ұлт азаттық қозғалысына қатысқандар республикаға қайтып оралды. Республиканың өз ішіндегі көші-қоныс жергілікті халықтың отырықшылануына байланысты олардың шөл және шөлейт аймақтардан суармалы және тәлімі егіншілік аудандарына келіп орналасуымен сипатталды. Осымен бірге қазақтардың қалаларға келіп орналасу тасқыны байқалды. 1926-1929 жылы Қазақстанда халық санынын, өсуі қарқынды жүріп жатты. КСРО мен Қазақстандағы демографиялық тенденциялардағы айырмашылық көзге көріне бастады: елдің өнеркәсібі дамыған және урбанизацияға ілінген аудандарында бала туу төмендесе, оңтүстік шығыс аудандарында ол көбейді. Республикада бала туу орыс халқының да, украин халқының да арасында азайған жоқ.

1928-1934 жылы Қазақстанда ашаршылық басталды, ол көшпелі және жартылай көшпелі елді отырықшыландыру, сол сияқты қолдан урбанизациялау істерін зорлап ұжымдастыру саясатымен ұштастыра жүргізу салдарынан туды. Жүздеген мың орыстар, украиндар, ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері қырылды, бірақ қырылғандардың негізгі көпшілігі қазақтар болды. Қолда бар есеп бой-ынша 1929-1934 жылы 1610 мың қазақ қырылды, 1935-1938 жылы әлеуметтік және саяси репрессияның салдарынан 135 мың адам жойылды. Қазақтардан барлық шығын 1750 мың адам болды.

Халықтың 20-жылдың ортасына дейін созылған өз бетінше көшіп-қону процесі бірте-бірте ұйымдасқан сипат алды. Елдің орталық әнеркәсіпті аудандарында болған, 1, 3 млн. адамға жеткен аса күшті жұмыссыздық ондаған мың адамдарды жұмыс пен нан іздеп, Қазақстанға Түрксибтің, Қарағанды көмір бассейінінің, Балхаштың және басқалардың құрылысына кетуге мәжбүр етті. Қазақстанға елдің басқа аудандарынан да 1931-1940 жылы жұмысшы күшінің ұйымдасқан түрін қабылдау арқылы ғана 509 мың адам келді. Бұл жұмысшылардың және жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың басым көпшілігі өнеркәсіп орындарының, темір жолдардың, қалалардың, жұмысшы поселкелерінің құрылысы аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа ауысып, осында қалып қойды.

Осымен қатар аграрлық қоныс аудару жүріп жатты. 20 жылдың аяғында -30 жылдың басында Қазақстанға Ресейден, Украинадан және басқа ресубликалардан тәркіленіп жер аударылған шаруалар, сондай-ақ елдін, Еуропалық белігінен, Сібірден әскер қатарынан босатылған қызыл әскерлер және қоныс аударған шаруалар келе бастады, соңғылары жер-жерде коммуналар мен ауылшаруашылық артельдерін құрды. 1928-1930 жылдардың ішінде жаңа құрылып жатқан совхоздарға елдің әртүрлі облыстарынан 65 мың отбасы көшіп келді. 1940 жылы Украина мен РКФСР-дің жері аз аудандарынан, әсіресе Мордовия, Чувашия, Татарстан және басқа республикалардан ерік білдірген шаруаларды ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу басталды. Сөйтіп Қазақстанға 24, 4 мың отбасы көшіп келді, оларды тың жерлерде астық шаруашылығын дамыту үшін республиканың солтүстік облыстарына орналастырды.

Лекция № 6. Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы демографиялық даму

  1. 1937, 1939 жылдардағы халық санағы.
  2. Соғыс қарсаңындағы Қазақстан халқының ұлттық құрамы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

ХХ ғасырдың 30-жылдың ақырында жекелеген ұлт өкілдерін жер аудару бас-талды, олардың бір бөлігі Қазақстанға қоныс аударылды. 1937 жылы қыркүйек-қазан айларында Қиыр Шығыстан Казақстанға 110 мың корейлер, Азербайжан мен Армениядан 2, 4 мыңнан астам ирандық, әзербайжан, курд, армян отбастары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына жер аударылды.

1939 жылы халық санағы бойынша республикада 6094 мың адам тұрды, яғни 1926 жылмен салыстырғанда республиканың халқы 100 мың адамға, немесе 1, 7 пайыз азайған. Неғұрлым күшті қырғын қазақтардың басына түскен, олардан бар болғаны 2314 мың адам ғана қалған, 1926 жылмен салыстырғанда 1314 мыңға немесе 63, 8 пайызға азайған. Украиндардың саны 203 мың, өзбектер 26 мың, ұйғырлар 28 мыңға азайған. Алайда 1926-1939 жылдар арасында басқа эт-ностардың саны өскен, әсіресе орыстар 1174 мың адам, яғни 92 пайыз, татарлар 27 мың -34 пайыз, белорустар 6 мың -22 пайыз өскен.

Сөйтіп, 1939 жылы қарай Қазақстанда этностардың мүлде жаңа жағдайы қалыптасты. Көшіп-қону экспансиясы күшті қарқынмен жүрді. Қазақтардың үлес саны 1926 жылы салыстырғанда 20, 5 дәрежеге құлдырап, 38 пайызға теңесті, украиндардың үлесі 13, 9-дан 10, 8 пайызға, өзбектер 2, 1-ден 1, 7 пайызға, ұйғырлар 1, 0-ден 0, 66 пайыз темендеді. Орыстар Қазақстандағы ең ірі этностық топқа айналды, олардың үлес саны 20 дәрежеге өсіп, 40, 2 пайызға жетті. Немістер 1, 5 пайыз, корейлер 1, 6, татарлар 1, 6, белорустар 0, 5 пайыз болды.

Лекция №7. Ұлы Отан соғысының демографиялық дамуға әсері

  1. Ұлы Отан соғысының демографиялық дамуға әсері.
  2. Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

Ұлы Отан соғысы еліміздің демографиялық дамуына кері әсерін тигізді. Қазақстанның әрбір төртінші азаматы соғысқа шақырылды. Нәтижесінде тұрғындар арасында жанұялық қатынас бұзылды. Ер адамдар жаппай соғысқа аттана бастады. Туу көрсеткіші кеміп, өлім көрсеткіші өсіп, нәтижесінде табиғи өсім көрсеткіші кеміді.

Тұрғындардың жас-жыныстық құрылымының бұзылуы туу көрсеткішінің төмендеуіне тікелей әсер етеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ер адамдардың әскер қатарына және тыл жұмыстарына шақырылуының нәтижесінде отбасылық байланыстың бұзылуы, XX ғасырдың 40-жылдарында бала туу көрсеткішін төмендетті. Соғыс жылдарындағы бұл демографиялық өзгеріс бүгінгі күнге дейін еліміздің жас-жыныстық құрылымына әсерін тигізуде.

Ұлы Отан соғысы жылдарында туу көрсеткішінің кемуі нәтижесінде болашақ аналар - қыз балалар саны кеміді. Мұны табиғи өсімнің брутто-коэффициентінен көруге болады. 1960-жылдардың аяғындағы, 1970-ші жылдардың басындағы өнікті жастағы әйелдердің 1941-45 жылдарда туылғанын ескерсек, брутто-коэффициент Казақстан бойынша (әр анаға шаққандағы өмірге келген қыз балалар саны) 1941 жылы 2, 5, 1942 жылы 1, 6, 1943 жылы 0, 9, 1944 жылы 0, 5, 1945 жылы 0, 6 болды. Бұл көрсеткіш әліде бірнеше ұрпақ алмасуында қайталанады.

Қазақстанда оның түпкілікті тұрғындарының мүдделеріне зиян келтіре және көшіп келушілердін, үлес санын арттыра отырып, көші-қоныс арқылы экспансиялау Ұлы Отан соғысы дәуірінде және онан кейін де одан әрі күшейе берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда жер аударылған халықтар
Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты
Қазақстанға халықтардың күштеп жер аударылуы
Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде еліміздің тарихы
ХХ ғ. 30-50 ж.ж. қуғын-сүргін көрген халықтардың әлеуметтік зардабы
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРІНЕ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚТАР
КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫ, ХАЛЫҚТАР ДЕПОРТАЦИЯСЫ
Корей халқы Қазақ жеріне қоныстануы
Қазақстанға жер аударылған ұлттардың Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі жылдардағы жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz