Қол гранаттары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бқкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Дене мәдениеті және спорт факультеті

Бастапқы әскери дайындық кафедрасы

Тақырыбы: ҚОЛ ГРАНАТТАРЫ

Тексерген:Саликов Жасбұлан Кәмілұлы

Орындаған: БӘД-31 тобының студенті

Сержан Саяхат

Қарағанды қ, 2011 жыл

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімҚол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиетіГранаттың құрылысыРГН және РГО жарықшақты қол гранаттарының

құрылысы, ұрыстық қасиеті мен арналуы

  1. Тұтандырғыш құрылысы, әрекеті
  2. Ф-1 Жарықшақты қол гранаттарының құрылысы, ұрыстық қасиеті және арналуы.
  3. Гранаттарды қолдану, күту және сақтау

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қол гранаттары

Жарықшақты қол гранаттары жақын ұрыстағы

(шабуылдағы, оқпанда, елді мекендерде, орманда, тауда т. б) тірі күшін

жарықшақтарымен жоюға арналған.

Қазақстан армиясының қарулануында:

- -РГД-5 қол гранаты;

-РГН және РГО қол гранаты;

-Ф-1 қол гранаты;

Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД-5 және РГН-шабуылдағы, ф-1 мен РГО- қорғаныстағы гранаттарға жатады.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Рисунок3.png Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті.

1. РГД-5 жарықшақты қол гранаты - арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол қарсыластың шабуылда және қорғаныста тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде (автомобильдерде) әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады. Гранат жарықшақтарының қиратқыш радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы - 40-50 м. Жабдықталған гранаттың массасы - 310 г. Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты - 3, 2-4, 2 с.

Гранаттың құрылысы

РГД-5 жарықшақты қол гранаты тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.

Гранат корпусы - жарылатын зарядын тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай-ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен (жоғары және төменгі) тұрады.

Корпустың жоғарғы бөлігі қалпақша деп аталатын сыртқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетінен тұрады. Жоғарғы манжет көмегі арқылы тұтандырғышөа арналған түтікше жалғастырылған. Түтікше гранатқа тұтандырғышты жалғастыру және корпустағы жарылатын заряды герметизациялау үшін қолданылады.

Жарылатын заряд - корпусты толтырады және оның жарықшақтармен жарылуына арналған.

Гранат тұтандырғышы - жаңғыртылған қол гранатының үлестірілген тұтандырғышы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады.

Соққы механизмі - тұтандырғыштың капсюль-оталғышының тұтануына қызмет етеді. Ол соққы механизм түтігінен, жалғастырушы тығыннан, бағыттаушы шайбадан, ағытқыш иінтірек пен сақиналы сақтандыратын мұрындықтан тұрады.

Соққыш - капсюль-оталғышты тұтандырып қыстыруға арналған. Соққыш шайбасы соққыштың төменгі үшына кигізіледі де, ұрыстық серіппенің төменгі ұшына тіреу болып табылады.

Ағытқыш иінтірек - соққышты қайырылған жағдайда ұстап тұруға арналған. Соққы механизм түтігінде ағытқыш иінтірек сақтандыратын мұрындықпен ұстап тұрылады. Сақтандырылатын мұрындық ағытқыш иінтіректің құлақша саңылауынан және соққы механизм түтігінің қабырғаларынан өтеді. Онда оны жұлып алатын сақина болады.

Өздігінен тұтандырғыш - гранаттағы зарядтың жарылуына арналған. Ол баяулатқыш тығыннан капсюль-оталғыштан, баяулатқыштан және капсюль детоматордан тұрады. Баяулатқыш тығынығың жоғарғы жағында соққы механизмі түтігімен жалғастыратын ойма және капсюль оталғышқа арналған ұя, ішінде - баяулатқыш орнатылған арна, сыртында - капсул-детанатор оқсауытын жалғастыруға арналған тесік бар.

Капсюль - детонатор гранаттағы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол оқ баяулатқыш тығынының төменгі бөлігі бекітілген сауытты орналастырылған. Тұтандырғыштар әрқашан ұрыстық жағдайда болады. Тұтандырғыштарды бөлшектеп, соққы механизмді жұмысын тексеруге қатаң тыйым салынады.

РГН және РГО жарықшақты қол гранаттарының

құрылысы, ұрыстық қасиеті мен арналуы

РГН шабуылдағы қол гранатымен РГО қорғаныстағы қол гранаттары жергілікті жердің түрлі жағдайы мен жылдың кез келген мезгілінде +50ºС тан -50ºС қа дейінгі ауа температурасында шабуылда, қорғаныста қарсыластың тірі күшін жоюға арналған.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Рисунок2.png C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Рисунок4.png

РГН шабуылдағы қол гранаты: РГО қорғаныстағы қол гранаты:

1-тұтандырғышсыз қол гранаты; 1-РГО тұтандырғышсыз қол гранаты;

2-тұтандырғыш; 2-тұтандырғыш;

Гранаттардың құрылысы

РГН және РГО қол гранаттары тұтандырғышсыз және тұтандырғышы бар гранаттардан тұрады. РГН және РГО қол гранаттарының корпусы жарылғыш қоспа, тұтандырғыш құты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған.

РГН қол гранатаның корпусы алюминий қоспадан жасалынған, екі жарты шардан тұрады.

РГО қол гранатының корпусында сыртқы жарты шаралардан басқа екі ішкі жарты шараларда болады.

Тұтандырғыш құрылысы

Тұтандырғыш төмендегідей бөліктерден тұрады:

  • сақтардырғыш-түйрегіш механизмінен;
  • нысана бергішінен; -
  • қашықтық құрылғысынын; -
  • қашықтықтан шүріппені қайтару механизмінен; -
  • детонатор торабынын тұрады.

Тұтандырғыш әрекеті

Соққыш жұмыс істеу кезінде иінтіректен жылжып кетпеуі үшін соққыш ұштары ажыратылып, шплинт арқылы корпуста бекітілген иінтірекке ұсталып тұрады. Қозғалтқыш шанышқыға қатысты жылжытылған және орын ауыстырмауы үшін тоқтатқыш арқылы ұсталынған.

Жүк корпусқа оқсауытпен қысылған, оның орнын ауыстыруы қозғалтқышпен шектелген.

Лақтыру алдында гранаттар түзетіледі және шплинт суырылып алынады, бұл кезде иінтірек бастапқы жағдайда қолмен ұсталынып тұрады.

Ұшу кезінде иінтірек серіппе әсерінен лақтырылады да, шанышқысы бар соққышты босатады, ол серіппе әсерінен капсюльге түйреледі. От сәулесі капсюльден гранат құрамын жандырады.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Рисунок1.png Ф-1 Жарықшақты қол гранаттарының құрылысы, ұрыстық қасиеті және арналуы.

Ф-1 жарықшақты қол гранаты - арақашықтықтық әрекетті гранат. Ол көбіне қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайлардан және тосадан, сауытты транспортерден немесе танкіден (өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыдан) лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусы - 200м-ге жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы - 35-45 м. Жарақталған гранат массасы - 600 г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыты - 3, 2-4, 2 с.

Гранаттың құрылысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гранат (итал. granata, granatus — түйіршікті)
Мотоатқыш бөлімшесін ұйымдастырылуы және ұрыстық мүмкіндіктері
Жарықшақты қол гранаталары
Казіргі заманғы ұрыс сипаты
Ұлы Отан соғысы ардагерлері
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқу-материалдық базасы және материалдық қамтамсыз етілуі»
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
«Тактикалық дайындық» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен
Электрондық цифрлық қол қою
Тауарлық немесе тауарлық емес фирмада болатын өндірістік және жеке түтынуга арналған ендірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатыладм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz