Приондық аурулар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Баяу вирустық қоздырғышы. Приондар баяу инфекция қоздырғышы.

Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Микробиология
Кафедрасы: Микробиология и иммунология.
Курс: 2

Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Вирустық баяу инфекциялар туралы қысқаша мәліметтер
Приондар, негізгі қасиеттері, ерекшеліктері
Приондық аурулар. Куру. Крейтцфельд-Якоб ауруы. Герцман-Штраусслер-Шейнкер синдромы. Тұқым қуалайтын өліммен аяқталатын ұйқысыздық.
Микробиологиялық диагноз қою тәсілдері.
Алдын алу принциптері.
ІІІ.Қорытынды

Кіріспе:
Вирусология саласында жүргізілген көптеген зерттеулерге қарамастан, герпеcвирустық инфекция мәселесі өзектілігін жоғалтқан жоқ, керісінше әр саладағы мамандарды осы мәселені зерттеуге өз үлестерін қосуға итермелейді. Жыныстық жолмен жұғатын вирустық инфекциялар арасында гениталды ұшық жиі кездесетін аурудың бірі. Мамандардың бірыңғай пікірі жоқтығынан диагностика, науқастарды жүргізу тактикасы, стандартталған тест жүйесі сұрақтары, сондай-ақ дәрігерлердің бұл аурудың кейбір клиникалық көріністері және немен аяқталатындығы жөнінде толық мағлұматы болмағандықтан, гениталды ұшықты бақылауға көнбейтін инфекциялар қатарына жатқызады. Алынған мәліметтер көптеген деректермен дәлелденген, онда әр түрлі лабораторияларда қойылған ПТР нәтижелерінің сәйкес келмейтіндігі көрсетілген. Бұл ПТР тест жүйесінің әртүрлі сезімталдығымен түсіндіріледі, ол қолданған праймерлерге және ДНК амплификация циклының соңына тәуелді. Осы мәліметтерді ескере отыра, клиникалық лабораторияларда қолданылатын тест жүйесін стандарттайтын әдістерді енгізу қажеттігі туындайды. Гениталды ұшықтың вирусы адам ағзасының барлық мүшелері мен тіндеріне, шырышты қабыққа, тері жабындысына, ішкі ағзаларға тропты. О.И. Киселев және В.И. Покровский зерттеуі бойынша вирустық инфекциямен шақырылған өзгерістер, келесі процестердің нәтижесі болып табылады: өмірге қажетті ағзалардың қызметінің бұзылуы; виремия (вирустық жүктеме жалпы токсикозбен сәйкес келеді); науқастың жалпы жағдайының ауырлығы, қызбаның пайда болуы, инфекциялық процесстің сипаты, ағымы және соңы, сондай-ақ бактериалық инфекцияның қосарлануы және асқынудың туындауы иммундық жүйе жұмысымен тығыз байланысты.

Негізгі бөлім
Вирустық баяу инфекциялар туралы қысқаша мәліметтер.
Вирустық баяу инфекциялар өте ауыр түрде өтеді, олар орталық жүйке жүйесінің (ЦНС) зақымдануымен байланысты. Қазіргі кезде олардың 30-дан астам түрлері белгілі болды.
Егер де вирустардың бәрі жоғары вирулентті болса иесінің өлімімен аяқталатын биологиялық тұйық болар еді. Жоғарғы вирулентті вирустар олардың өсіп-өнуіне жағдай жасау үшін, ал латентті вирустар - олардың сақталуы үшін қажет деген түсінік бар.
Баяу инфекциялардың қоздырғыштарына дәстүрлі вирустық аурулардың қоздырғыштарымен қатар табиғи немесе жасанды мутациялық процестер нәтижесінде пайда болатын инфекциондық құрылымдар (приондар, вириоидтар, плазмидалар, транспозондар) жатады.
Вирустық баяу инфекциялардың дамуына жедел вирустық инфекциялардың қоздырғыштары сияқты вирустар себепкер болады.
Вирустық баяу инфекциялар келесі белгілермен сипатталады:
Жасырын кезеңі өте ұзақ (айлар, жылдарға созылады);
Әр түлі ағзаларда (әсіресе ОЖЖ-де) және тіндерде бұзылыстар туғызу қабілеттілігі болады;
Кесел тоқтаусыз үдемелі түрде өтеді;
Соңында өліммен аяқталады.

Приондардың құрылымы
Приондар - жұқпалы ақуыздық бөлшектер (ағыл.:proteinacous infection particle). Приондық ақуыз (Pr P) екі қалыпта болады: адамдар мен сүтқоректілер организмінде табылған жасушалық - Pr Pс ; приондық ауруға шалдыққандардың организмінде - Pr Psc патолгиялық, инфекциондық-ағылшын сөзі - scrapіe - ол ешкілер мен қойлардың табиғатта кең таралған приондық ауруының аты - қышыма ауруы).
Pr P - PRNP-ті кодтайтын ген адамның 20-хромосомасының қысқа иығында орналасады. Ол 253 кодонды, 20 шақты мутацияларды және приондық инфекцияларға қатысты көптеген инверсияларды кодтайтын 759 нуклеотидтерден тұрады.
Приондар (Pr P) - сиалогликопротеид, молекулалық салмағы 33-35 кД, көптеген (254) амин қышқылынан тұрады,олардың бүйірлік тізбекшелеріне қанттық қалдықтар қосылған.
Pr P - жасушаның сыртқы мембранасының құрылымына кіреді және организмнің көптеген жасушаларының компоненті болып табылады. Олардың максимальді концентрациясы нейрондарда кездеседі. Pr Pс - деп белгілінеді, оның екі түрі анықталған: трансмембраналық және секреторлық.
Pr Pс-тың (cellular prion protein - қалыпты жасушалық, жұқпалысыз ақуыз) физиологиялық функциясы:
Циркалдық ритмді реттейді( жасушада ағзада, бүкіл организмде тәулктік циклдың белсенділігін және тыныштығын реттеп отырады), сигналдық қызмет атқарады;
Оксидативті стреске кедергі жасайды және есте сақтауды қалыптастыруға қатысады;
Протеазаның әсеріне сезімтал, ОЖЖ-де мыс метаболизміне қатысады;
Жасушааралық танып білу (распознование) процесіне және ұйқыны реттеуге қатысады, ал оны кодтайтын ген - қартаю процестеріне бақылау жүргізеді.
Pr Psс (scrapіe prion protein) - посттрансляциялық модификациялық өзгеріске ұшыраған, молекулалық салмағы 27-30 кД приондық ақуыздардың патологиялық изоформалары Pr Psс құрамында 30% б-спиральдар және 43% -в-құрылымдар, ал Pr Pс-те 42% б-спиральдар және 3% - в-құрылымдар болады,құрылымның негізгі өзгерістері бірінші 2 б-спиральдарда пайда болады. Сонымен, прионды аурулар б-спиральдары бұзылысқа ұшыраған және в-құрылымдар пайда болған қалыпты жасушанық ақуызда трансляцияланудан соң болатын конформациялық өзгерістерге негізделген. Осы кезге дейін приондық ауруларға байланысты PRNP генінде 20 мутациялар тіркелген, олар Pr Pс-ң полипептидті тізбекшесінде бір-екі амин қышқылдарының нәтижесінде болады (мыс:пролинді лейкінге алмастыру).

Репликациялануы.
Приондар N-терминалдық реттілігімен жасуша мембранасының сыртқы беткейіне қосылады, эндоцитоз жолымен жасушаға енеді. Жасушада Pr Psс жинақталуы үшін, Pr Pс-нің қалыпты ақуызы қажет (PRNP геннің болуы). Приондар алдымен лимфоидты тіндерде (лимфа түйіндерінде,тимуста,В-жасушалық аймақта) пайда болады--жартылай репродукцияланады --нерв бойымен --аксондарға жетеді --көбейеді --күніне 1 мм жылдамдықпен таралады --нейрондарда және глиялық жасушаларда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баяу вирустық қоздырғышы. Приондар баяу инфекция қоздырғышы
Вирустардың жалпы қасиеттері
Клиникалық көрінісі
ДНК және РНК бар вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері
Вирустар
Вирус .Вирустардың табиғатта тіршілік етуі
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері туралы ақпарат
Вирустар мен олардың эволюциясы
Өртті болдырмау
Ауыз қуысына тұрақты тіршілік ететін стрептококтар
Пәндер