Ұйқы безінің гормональды реттелуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мамандығы: Жалпы медицина
Кафедра: Морфологиялық және физиологиялық пәндер
Дисциплина: Физиология
Курс: ІI
Тақырыбы:Өттің құрамы мен қасиеттері. Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюы Ұйқы безінің көмірсу алмасуындағы ролі

Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Өттің түзілу механизмдері. Өт бөлінуінің реттелуі.
2. Билирубиннің түрлері, қалыпты көрсеткіштері, билирубин алмасуының соңғы өнімдері
3. Өттің құрамы мен қасиеттері.
4. Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюының себептері
5. Ұйқы безінің көмірсу алмасуындағы ролі, көмірсу алмасуына қатысатын гормондар
6. Ұйқы безінің гормональды реттелуі
7. Организмдегі көмірсу алмасуының реттелуі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Мақсаты: Өттің түзілу және бөліну механизмдерін, өттің ретикуло-эндотелиалды жүйедегі айналымын, өттің құрамы мен қасиеттерін түсіну.Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюы ретінде көрініс табатын транзиторлық гипербилирубинемияның себептерін түсіну. Ұйқы безінің ас қорытудағы және көмірсу алмасуындағы ролін түсіну;ұйқы безі гормондарының әсер ету механизмдерін білу.
Кіріспе
Өт - бауыр жасушаларынан түзіліп,он екі елі ішекке құйылатын,ас қорыту жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналатын мүше. Өт бауырдың оң жақ астыңғы қабатында орналасады. Оның пішіні қапшық тәріздес қуыс болып келеді, ал көлемі жұмыртқаның көлеміндей ғана. Өттің ұзындығы 5-14 см аралығында, ені 2,5-4 см аралығында болады. Сырт-қы қабаты (терісі) жұқа әрі созылмалы болып келетін өтке 200 мл мөлшеріндегі өт сұйықтығы сыйып кетеді. Өттің түсі -- қою жасыл түс.
Өт ашқарыда жалпы өт өзегі арқылы бауырдағы өт қабына,ал тамақ ішкен сәтте он екі елі ішекке келіп құйылады.Өт өзегінің он екі елі ішекке ашылып құйылатын жерінде айналдыра Одди сфинктері қоршалған.Өт он екі елі ішекке осы сфинктер босаған сәтте құйылады.

Негізгі бөлім
1.Өттің түзілу механизмдері.Өт бөлінуінің реттелуі
Адам тәулігінде 0,9-1,5 л өт бөледі.Өт гепатоциттермен бөлінеді.Гепатоциттер қан капиллярларымен тығыз байланыста болады.Гепатоциттер қан плазмасынан су,глюкоза,креатинин,электролиттер және т.б. заттарды алады.Гепатоциттер өт пигменттерін және өт қышқылдарын бөледі,кейін олар өт капиллярына бөледі.Кейін өт бауырдың өт жолдарына бөліп,он екі елі ішектің өт жолдарына да жеткізеді. Өт он екі елі ішекке осы сфинктер босаңсыған сәтте құйылады. Аш-карында сфинктер жиырылып, өт кабындағы өттің жиналуына себепкер болады. Өт қабының жалпы өт өзегімен жалғасқан жерінде де сфинктер бар. Одди сфинктері жиырылған сәтте өт қабы сфинктері (Мирицци) жазылып босаңсиды. Сондықтан да үздік-сіз бауырдан шыққан өт, өт қабында жинала береді. Өттің он екі елі ішекке құйылу тәртібі мен бауырда үздіксіз бөлінуі калай реттелетіні тәжірибе жүзінде тексерілген. И. П. Павлов лабора-ториясында бауырда үздіксіз өт түзілуін және оның реттелу тәр-тібін тексеру үшін иттің өт қабына фистула қойдьі. Операция жасау әдісі қарынға Басовша фистула қою әдісімен бірдей: өт қабын тесіп, оған үзын фистула түтігінің бір жақ ұшын кіргізіп, бекітіп тігіп тастайды, 'фистула түтігінің екінші ұшы құрсақ жара-сы арқылы сыртқа шығарылып, теріге тігіледі. Бауырдан шьгққан өт фистула түтігі арқылы ұдайы сорғалап ағып тұрады. Сөйтіп, өттің неліктен көп не аз шығатынын байқауға болады. Ал оның он екі елі ішекке қалай құйылатьгнын тексеру үшін өт езегіне опе-рация жасалады. Ол үшін ішек қабырғасын өт өзегінің ен екі елі ішекке ашылған жерінен айналдыра тіл тәрізді етіп тіледі де, өт өзегінің аузын сыртқа шығарады. Операция жасалғян жердегі жа-раның жиектерін бір-біріне тартыл тігіп тастайды. Он екі елі ішек-тен тіліп алынған бөлігінің бір шетін құрсақ терісіне, сол арада-ғы жараға тігіп қояды.
Өт бөлінуінің реттелуі.
Өттің бөлінуі шартты және шартсыз рефлекстік түрде өтеді.Өттің бөлінуін күшейтеді: өт қышқылдары, секретин,т.б. Тежейді: глюкагон, кальцитонин, ВИП, ПП

2. Билирубиннің түрлері, қалыпты көрсеткіштері, билирубин алмасуының соңғы өнімдері
Эритроцитытер көкбауырда немесе ретикуло-эндотелиальды жүйеде ыдырайды. Гемоглобин глобинге, құрамында темірі бар гемосидеринге және құрамында темірі жоқ гемотоидинге ыдырайды. Глобин аминқышқылдарына ыдырап, ағзада ақуыз түзілуіне қатысады. Темір ары қарай тотығып, ағзада ферритин түрінде қолданылады. Гематоидин (порфиринді сақина) биливердин сатысы арқылы билирубинге айналады. Бос билирубин қан плазмасына өтеді. Ол суда ерімейді және плазма белоктарымен байланысады. Белокпен байланысқан күйінде бауырға барып, глюкоруноилтрансфераза ферменті арқала билирубин -- глюкуроноды қышқылға ауысады. Бос билирубинге қарағанда бұл қышқыл суда ериді. Осылайша бауырда суда еритін тура билирубин түзіледі, өтпен ішекке бөлінеді. Ішекте тура билирубиннің жартысы уробилинге өтіп, реабсорбцияланады да жартылай бауырға оралады, ал жартысы зәрмен уробилин түрінде шығарылады (тәулігіне 4 мг). Тура билирубиннің қалған бөлігі ішек флорасы әсерінен стеркобилинге айналып, нәжіспен бөлінеді.
3. Өттің құрамы мен қасиеттері.
Өттің құрамы:
Бауыр өтіндегі құрғақ заттың мөлшері 4%- тей болса, өт қабындағы мөлшері 20%-ке жетеді.
Өттің түсі оның құрамына кіретін пигменттерге байланысты. Шөп қоректі малдың (жануардың) өтінде биливердин пигменті көп, осыған орай өттің түсі де шөп тәрізді жасыл болады. Ал ет қоректі малдың (адамның) өтінде билирубин пигменті көп, сондықтан сарғылт-қызыл түсті болады. Өт құрамындағы пигменттерден нәжісті табиғи түске бояйтын пигмент пайда болады.
Өт құрамында, холестерин, лецитин, өт қышқылдар (таурохол, адамда - гликохол), олардың тұздары және муцин, май қышқылдары, бейтарап майлар, Na, K, Ca, Mg тұздары болады.
Өттің меншікті салмағы 1,008-1,015, ортасы сілтілі (pH7,3-8,0).
Өт құрамында қаннан өткен көптеген ферменттер де бар, бірақ олар өте аз, асқорыту үрдісіне қатыспайды десе де болады. Дегенмен ішекте асқорытуда өттің зор маңызы бар. Тәулігіне 500-1500 мл өт бөлініп шығарылады.

Өттің асқорытудағы маңызы:
1. Өт ұйқы безі сөліндегі ферменттердің, әсіресе липаза ферментінің әрекетін күшейтеді.
2. Өт қышқылдары майды ұсақ бөлшектерге бөледі (эмульсияға айналдырады), майды липаза ферментімен жанасу дәрежесін ұлғайтады, сөйтіп майдың ыдырауына бірден-бір қолайлы жағдай туғызады. Липазаның әсерімен май: май қышқылдары және глицеринге дейін ыдырайды.
3. Ыдырау барысында пайда болған бұл екі өнім өтсіз сіңбейді. Май қышқылдары мен глицерин лимфаға өтуі үшін алдымен мицеллаға айналуға тиіс (май қышқылдары, глицерин, өт құрамындағы өт қышқылдары, олардың тұздары бірігіп мицелла құрады). Мицелла эмульсияланған ең ұсақ май тамшыларынан 100 есе ұсақ. Әрбір мицелланың көлденеңі 0,5 мкм. Май ішектің шырышты қабығындағы лимфа тамырларына, көбінесе мицелла күйінде өтеді. Эмульсия күйінде ішекте аз уақыт жатып қалса, май өте ұсақ күйінде де сіңе береді.
4. Өт қарыннан он екі елі ішекке өткен химус құрамындағы HCl-ды бейтараптап , пепсин ферментінің әсерін азайтады да, ұйқы безі сөліндегі күрделі ферменттерді (белоктарды) пепсиннің әсерінен қорғайды.
5. Өт ішектің қимылын күшейтеді.
6. Өт қышқылдары он екі елі ішек бөліп шығарған просекретин гормонын секретинге айналдырады да,ал секретин ұйқы безінің сөл шығару қабілетін күшейтеді.
7. Өт, оның ішіндегі қышқылдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гормондардың мақсатты жасушаларға әсер ету механизмдері
Эндокринология пәнінен дәрістер
“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер
Стресстің эмоционалды көріністері
Клиникалық биохимия пәні
Гипоталамустың гормондары
Қалқанды бездер
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік жұмыстар
Гормондарға жалпы сипаттама
Гормондар мен гормоналды препараттар
Пәндер