Кала орны ретінде тандалған жердін


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 125 бет
Таңдаулыға:   

1-ТАРАУ. ТУРИСТІК ІС-ӘРЕКЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕП ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ

Халықаралык туризмтануда туризмді әлеуметтік феномен деп атайды. Әлеуметтік дегеніміз - қоғам өміріне қатысты деген сөз. Ал феномен үғымының екі мағынасы бар: 1) философиялық түсінігі - «құбылыс деген сөзінің синонимі, яғни бізге сезімдік танымның тәжірибесі арқылы берілетін нәрсе, 2) ерекше, сирек құбылыс немесе ерекше факт, адам.

«Туризмң сөзінің түбірі - француз тілінің «тур», яғни «серуен, сапар шегу» деген мағыналар беретін сөзі. Қазіргі халықаралык туризмде «тур сөзі алдын ала жоспарланған маршруты, мерзімі, көрсететін қызметтерінің тізбесі бар туристік саяхат деген мағынаны білдіреді.

«Туризмң сөзі қазіргі энциклопедиялық ұғымда бос уақытта (демалыс, каникул) саяхат жасау және белсенді демалыстын түрі, денсаулықты сақтау шарасы, жеке адамның танымдык, рухани және әлеуметтік жақтарынан дамуының жолы деген мағыналар береді. Халықаралык туризмде табыс табудан баска кез келген мақсатта уақытша, ерікті түрғын орнын ауыстырушы адамдардың барлығын туриске санау әдеті қалыптасқан.

1974 жылдан бастап Біріккен ұлттар үйымы (БҰҰ) елдің түрғын орнын және жұмысын ауыстырғандардан басқа демалу, ғылыми, іскерлік және мәдени шарада кездесу мақсатында орын, тұрақ ауыстыруларының барлыгын туризм деп есептеу керек деген шешім қабылдады.

Ал қазіргі Әлемдік туристік үйым мамандары «туризмң» деген ұғымға өзі түратын жерден тыс жерлерге белгілі бір мерзім аралығында арасына бір жыл салып демалу, іскерлік және т. б. мақсаттарда болуын және саяхаттауын жатқызады.

Туризмнің ең басты әлеуметтік мақсаты - адам өмірін үзарту және өмір сүруді жақсарту.

Туризмнің басты әлеуметтік құндылығы табиғатпен және жаңа адамдармен көнілді қарым-қатынас, кездесулер. Себебі адам қоғамының ең биік мұраты (идеалы) - адам қатынастарының жағымды формаларын көбейту, сол формаларды тиімді пайдалану барысында ләззат алу. Жаңа танымдар мен жаңалықтар ашу - адамның табиғи бейім-дағдысы, осы табиғи бейімдағды күнделікті өмірде күңгірттенеді де, саяхат барысында адам бойында оянады.

Туристік іс-әрекет ішкі туризм және халықаралық туризм болып екіге бөлінеді. Ішкі туризм деп адамдардың өзі тұратын елдің аумағында саяхаттауын, халықаралық туризм деп белгілі бір елге келу, елден кету туризмін атайды. Елден кетіп саяхаттау туризмі - өзі тұрақты орнынан басқа елге бару, ал елге келіп саяхаттау туризмі - бұл елде тұрақты қоныстанбаған адамдардың қыдыруы.

Халықаралық туристер деп өз елінен басқа елдерге саяхаттайтын, бүкіл әлемдік сауда ұйымының статистикасына тіркелген азаматтарды атайды. Мәселен, 1994 жылы әлемде 528, 4 млн., 2000 жылы 697, 6 млн. адам халықаралық турист болған. Болжаулар бойынша, 2010 жылы олардың саны шамамен 937 млн. адамға жетпек.

Адамның кез келген ойластырған, үйымдастырған және жасаған іс-әрекетінің, белгілі бір қызметтің немесе бірнеше қызметтің әлеуметтік маңызы болады. Ол қызметтердің жағымды, жағымсыз жақтары болу мүмкін. Ал туристік саяхаттардың, мамандардың айтуына қарағанда, танымдық, әлеуметтік-қарым-қатынастық, спорттық, эстетикалық, эмоционалдық-психологиялық, денсаулықтық, шығармашылық, қажылық секілді түрлерінің жағымды әлеуметтік қызметтері бар.

1. Танымдық қызметі. Таным дегеніміз - өмір шындығының адамның ойлау процесіндегі бейнеленуі, талдануы және қайта жасалуы; обьективті әлемнің, табиғаттық және қоғамның заңдарының заңдылықтарын білу; игерген білім мен тәжірибенің жиынтығы.

Адам саяхат жасау үстінде қоршаған ортаны ойлау және сезу қүралдары арқылы таниды. Осы таным процесінде адамның ойлау қабілеті ойлау мен есте сақтау, ал таным - сезімдік-түйсіктік, қабылдау, елестету секілді логикалық және психикалық компоненттерін іске қосады. Зерттеуші Г. П. Долженконың пікірінше, туризмнің танымдық жағына «адамның өз таным дүниесін тарих, экономика, табиғат, ғылым жөніндегі білімдерін байытуға, тарихи, этнографиялық, табиғи және революциялык ескерткіштер, әскери, еңбек дәстүрлері жайындағы мәліметтермен танысуға талпынысын жатқызады.

2. Денсаулықтық қызметі. Әлемдік денсаулық сақтау үйымы «денсаулық деген ұғымға адамның физикалық, психикалық және әлеуметтік жақтарының жақсы жағдайда болуын жатқызады. Адамның денсаулық деңгейін бағалау критерийі - оның қоршаған ортаға ыңғайлана білуі. Адамның қоршаған ортаның өзгергіш жағдайларына сәтті дағдылана білуі адаптация деп аталады. Адамның туа және жүре пайда болған қасиеттерінің деңгейінің тиімді адаптациялануын дағдыланғыштық (адаптивность) деп атайды, Физикалық, пси-хикалық және әлеуметтік адаптациялар адам өмірдің барлық саласында белсенді әрекет еткен жағдайда ғана сәтті болмақ. Бұл адамның денсаулық деңгейін анықтайды.

XVІІІ ғасырда француз дәрігері Тисо: «қозғалыс өз әсері жағынан кез келген дәріні алмастыра алады, ал әлемдегі бар дәрі қозғалыстың әсерін алмастыра алмайды» деп жазған болатын.

Туризмнің негізгі мәні - қозғалыс, сондықтан да туризмде денсаулықтық қызметтің белсенді түрлері, яғни туристердің белгілі бір бағыттар бойынша өз күштерімен қимыл- қозғалыс жасауына, ерекше көңіл бөлінеді. Мүндай шарттарға кез келген адамның шамасы келеді. Ең бастысы әрбір туриске сәйкес физикалық және техникалық дұрыс жүктеме бере білу керек.

Белсенді саяхаттық спорттық саяхаттан ерекшелігі туризмде туристер саяхаттың үзақтығын, қашықтығын және техникалық күрделілік деңгейін өздері айқындайды және кез келген уақытта тоқтата, үзе алады. XXІ ғасырдың басына қарай медиктер Жер бетіндегі адамдардың денсаулығының нашарлауының негізгі екі себебін анықтады: адам өмірінің зиянды экологиялық жағдайлары, 2) гиподинамия, яғни қозғалыстық шектеулілігі. Адам ден-саулығына тиімді әсер ететін, жоғарыдағы екі себепті жоятын туризмнің белсенді және спорттық түрлері болып табылады.

Гиннестің рекордтар кітабының мәліметі бойынша, 2002 жылғы ақпан айындағы дерек бойынша әлемдегі ең кәрі адам - жапон жібекшісі Юкичи Чугандзи 112 жаста. Оның әлі күнге дейін өз денсаулығына өкпесі жоқ, өзінің ұзақ жасауының құпияларымен бөліседі. Дегенмен де Юкичидің жасы адамның ұзақ жасауының шегі емес.

Ең ұзақ жасаған француз әйелі Жан-Луизе Калмен 1997 жылға дейін 122 жыл 164 күн жасаған. Чугандзиге дейін планетаның ең қарт адамы ретінде италиялық Антонио Тодде саналған, ол Юкичиден 3 ай үлкен болған. Юкичидің дәл туған датасы - 1889 жылдың 23 наурызы, Жапонияның Огори қаласы. Ол өмір бойы жібек ісімен айналысьш, бұл іске басқаларды да үйреткен. Юкичидің ұзақ жасауының құпиясы, өзінің әңгімелеуінше, өмір салтын өлшеммен жүргізіп, оптимист болған, сары уайымға салынбаған. Ол ішімдік ішкен, бірақ құмар болмаған. Оның сүйікті тағамы балапан етімен араласқан, суға қайнатылған күріш екен.

Батыс Европа ғалымдары адам биологиялық түр ретінде өзінің эволюциясын аяқтады, адамдар өз өсуінің шыңына жетті деп есептейді. Адамның эволюциясы өз гендерінің қасиеттеріне негізделгендіктен, тірі орғанизм бойында қоршаған ортаға бейімделу мүмкіншілігі аз, себебі адам дамуды тоқтатқан, оның үстіне адамның биосфераға тәуелділігі кеміген, тіпті кейде адам биосфераны өзінің өмір жағдайларына қарап өзгертеді. Барлық ұзақ өмір сүрген адамдар биосферамен тығыз байланысты болып, туристік саяхаттардың бастапқы кезеңдегі түрлері (адам өмірінің белгілі бір кезеңінде) оларды биологиялық ортаға оралтып отырған және оларды биологиялық түр ретінде сақтаған.

Адам денсаулығының ең басты көрсеткіштерінің бірі-оның өмірінің ұзақ болуы.

3. Әлеуметтік қарым-қатынас қызметі. Коммуникативтік деген қарым-қатынас жасауға дайындалған, ыңғайланған әрекет, яғни сөйлеу тілінің көмегімен байланысу, ой мазмұнын қабылдау және беру.

Сонымен туризмнің әлеуметтік-қарым-қатынастық қызметі дегеніміз - саяхатқа қатысушылардың бір-бірімен ресми емес жағдайда, өндірістік ара қатынасты (субординация) сақтамай-ақ, әлеуметтік мәртебесін, жасын, үлтын, азаматтығын және т. б. адамдарды бір-бірінен ерекшелейтін белгілерді есепке алмай-ақ байланысу, қатынасу мүмкіндігі.

Туристік қабылдау түрғысынан алғанда, саяхат арқылы белгілі бір жерлерді көру, табиғи, тарихи-мәдени ескерткіштерді кызықтау ғана емес, бастысы - жаңа адамдармен танысу, олармен қарым-қатынастан әсерлермен оралу.

4. Спорттық қызметі. «Спорт» деген кең мағынасында алғанда, өзіндік бәсекелестік іс-әрекет, оған арнайы дайындық, адамдар арасында осы іс-әрекет барысында арнайы қатынас орнату, оның қоғамдық мәні бар нәтижелері.

Спорт - қоғамдық мәні бар дене тәрбиесінің неғүрлым әсерлі құралдары мен әдістерінің жиынтығы, адамды еңбекке, басқа да қоғамға қажетті іс-әрекеттің түрлеріне дайындау. Сонымен қатар спорт - этикалық, эстетикалық тәрбиенің маңызды бір құралы, интернационалдық байланыстарды кеңейту, жеңілдету, халықтар арасындағы өзара түсіністікті, ынтымақтастықты, достықты бекіту.

Туризмде «спорт» үғымынан басқа «спорт түрі» деген термин қолданылады. Спорт түрі деген-бәсекелестік іс-әрекеттің белгілі бір жарыс түрін ерекше спорттық техникамен, тактикамен іске асыру. Сол спорт түрінің бірі - спорттық туризм. Туристік-спорттық жарыстардың: 1) спорттық жорықтардан жарыс; 2) туристік көп сайыс бойынша жарыс деген түрлері бар.

Адамзат баласы спорттық бағдарламаның неше түрін ойлап тапқан, бірақ туризм спорты ғана адам денсаулығын нығайту, табиғатпен «тілдесу», психологиялық жеңілдеу, физикалық белсенділік, үйреншікті жағдайды өзгерту деген компоненттерін орындай алады.

Спорттық туризмнің ұйымдастырылуы қарапайым және кез келген жастағы адамның онымен шұғылдануға мүмкіншілігі болады. Туризм - спорттың табиғи түрі, себебі онда жүктеме (дозировка) жеңілдетіліп беріледі. Спорттық туризм адамдардың бойына ұжымшылдық, тәртіптілік, табандылық секілді қасиеттерді дарытады.

5-6. Эстетикалық және эмоционалдық-психологиялық қызметтері. Эстетика (грекше «сезімдік», «сезуші» деген мағына береді) - философия ғылымының шындық өмірдегі әсемдікті, эстетикалық тәрбиені және әдемілік заңдарына арналған шығармашылықтың жалпы принциптерін, өнерге деген түрлі көзқарастардың жүйесін зерттейтін саласы.

Туризмнің эстетикалық қызметі дегенде туристік саяхаттар кезінде адамдардың табиғаттың, сәулетшілер, мүсіншілер және суретшілердің туындыларының әдеміліктерінен ләззат алу мүмкіндігін түсіну керек. Туризмнің эстетикалық қызметі оның эмоционалдық-психологиялық қызметімен тығыз байланысты. Ол туризмтануда саяхатшылардың қауырт еңбек процестерінен кейінгі шаршап-шалдығуларды басу, адамдармен қарым-қатынастан жағымды эмоция алу, қызықты туристік нысандардан әсер алу, спорттық және туристік белсенді саяхатғарда кездесетін кедергілерден өту деген сөз.

7. Шығармашылық қызметі. Шығармашылық дегеніміз -жаңа сападағы, өзінің қайталанбастығымен, сонылығымен және қоғамдық-тарихи ерекшелігімен есте қалатын іс-әрекет. Шы-ғармашылык адамға ғана тән, өйткені шығармашылық іс-әрекетті жасампаз тұлға жасайды.

Туристік саяхаттың жоғары шығармашылық қарымы оған қатысушылардың әдеттегі аядан шығып, түрмыстық күйбең тіршіліктен ажырап, жаңа, қызықты мәселелердің шешімін іздеуге талпындырады. Үйымдасқан саяхаттар пайда болған бірнеше мындаған жылдар бойында саяхатшылардың сан мыңдаған шығармалары дүниеге келді.

Ол шығармашылық туындыларға ғылыми жаңалықтар, көркем және құжаттык және ғылыми-көпшілік прозалық, поэзиялық шығармалар, туризмге қажетті киімдердің, аяқ киімдердің, транспорттық көліктердің, жарак-жабдықтардың, жаңа тағам түрлерінің, саяхатқа қатысушыларды белсенді және спорттық саяхаттарға үйретудің жаңа әдістері мен тәсілдері жатады.

8. Қажылық қызметі. Қазақстанда 8 миллиондай мұсылман бар. Ал әлемдегі мұсылмандардың саны - 1 млрд. 126 млн. «Қажылық» деп діннің қасиетті орындарына (христиандар үшін - Иерусалим және Рим, мұсылмандар үшін - Мекке мен Мәдине) сапар шегуді атайды. Христиандардың әдет-ғүрпы бойынша қажылық сапардың белгісі - Палестинадан пальма бұтағын әкелу.

Уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруда өзінің нақты мақсаты бар алғашқы саяхатшылар қажылыққа баратындар мен саудагерлер. Әсіресе қажылыққа барушыларды классикалық туризмнің көшбасшыларына балайды. Олар мақсат-мұраттарына жеткенше саяхат барысында алыс қашықтықтарды игеріп, ас-аукат, киім-кешектері аз болса да, қиындықтарды жеңіп жеткен. Саяхаттарының мақсатына жету үшін, сол кездегі қауіп-қатерді ескерсек, тоналмай, аман-есен жету қажет болды.

Әлемдік үйымдасқан саяхаттың ең көне қызметі бола тұра, қажылық әлі күнге дейін өзінің позициясын жоғалтқан жоқ. Қайта қажылык қазіргі халықаралық туризмде қарқындап дамуда. XX ғасырдың соңында әлемдегі мемлекеттердің ұйымдасуының өзгерістеріне байланысты негізгі әлемдік діндерге сенушілер мен қажылыққа барушылардың саны күннен күнге, жылдан-жылға арта түсуде. Мұсылмандардың қажылыққа баруының саны өскені соншама, Мекке, Мәдине секілді қасиетті қалалары бар Сауд Аравиясы мемлекетінің үкіметі әлемнің әрбір еліне қажылыққа келушілерге арналған жылдық квота тағайындауға мәжбүр болып отыр.

Жоғарыда біз сөз еткен туризмнің негізгі әлеуметтік қызметтері ғана, негізінен бұдан басқа жағымды жақтары мен кызғылықты қызметтері жеткілікті. Сондықтан да адамдардың туризмге деген кұштарлығы уақыт өте келе геометриялық прогрессия қарқынымен өсе түсуде. Мәселен, зерттеушілер кейбір адамдардың демалыс кезін саяхатта қызықты өткізу үшін өздерінің тамаққа, киімге деген қажеттіліктеріне әдейі тыйым салатын көрінеді.

Туризмнің аталған әлеуметтік қызметтерін іске асыру үшін туристік-рекреациялық ресурстарды (ТРР) пайдалану қажет. Бұл ресурстарды шартты түрде 2 топқа бөлуге болады:

1) табиғаттың нысандары мен ресурстарының жиынтығы;

2) мәдени-тарихи нысандардық жиынтығы.

Туризмнің спорттық және сауықтыру қызметтері табиғат ресурстары арқылы, ал қызметтері туристік-рекреациялық ресурстар (ТРР) арқылы іске асады.

Адам биологиялық түр ретінде өзінің даму процесінде өзін қоршаған табиғаттың тікелей әсерінде болған және әлі де бола береді. Адам тұтас тұлға ретінде оның физикалық және рухани қажеттіліктері әуелден-ақ табиғат мүмкіншіліктерімен жарасымдылықта болып қана өз кажеттіліктерін қанағаттандырған.

Уақыт өте келе адам еңбегі күрделеніп, ол түрлі машиналардың, зиянды технологиялардың «құлына» айналды. Міне, осы себептердің барлығы адам организмінің табиғатпен тепе-теңдігін жойды, адамның түрлі ауруларға шалдығып, еңбек етуге деген қабілетін жоғалтты. Адамның физикалык және рухани күштерін қалпына келтірудің басты құралы - табиғатгың жандандырар күші.

Адамның денсаулығын өзінің негізгі өндірістік еңбегінен тыс уақытта табиғатпен және адамдармен қарым-қатынас процесінде қалпына келтіруі рекреация деп аталады. Рекреация белсенді (спорттық-туристік) немесе пассивті (пансионатты) болуы мүмкін.

Адам рекреациясында туристік-рекреациялық ресустардың екінші тобы ерекше рөл атқарады. Мәдени-тарихи нысандарға экскурсия жасау пассивті рекреацияның кеңістік базасы болып есептеледі.

Мамандардың айтуына қарағанда, экскурсиялық нысандар информацияның 2 түрін береді: 1) семантикалық, яғни логикалық сипаты бар және адам санасына әсер ететін; 2) этикалық.

Белгілі бір рекреациялық әсер алу үшін танымдық информация ғана емес, адамның мәдени-тарихи нысандардың эстетикалық қасиеттерін қабылдау негізінде адамның эмоционалдық толғануы да қажет.

Халықаралық туризм жекелеген елдердің экономикасында басқа да қызметтер атқарады, Мәселен:

  1. елге валюта жинаудың көзі және халықты жұмыспен қам-тамасыз етудің құралы;
  2. төлемдік балансқа салымды кеңейтудің құралы;
  3. туризм аясына қызмет етудің саласын кұрайды, яғни эко-номиканы диверсификациялаудың құралы;
  4. ұлтгык дәулеттің көтерілуі мен кіріс есімнің, жұмыс орнынкөбейтудің құралы.

Адамдардың саяхатқа деген қажеттілігінің көлемі жағынан артуы және туризм индустриясы өнеркәсіп, мекеме және үйымдардың жиынтығы ретінде туристер үшін қызмет көрсету мен табар өндірудің өндірісін қамтамасыз етіп келеді. Сондыктан да адам өміріндегі туризмнің әлеуметтік-экономикалық рөлі өте қаркынды жылдамдықпен артып келеді

2-ТАРАУ. АДАМЗАТ ТАРИХИ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ҰЙЫМДАСҚАН САЯХАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕБЕПТЕРІ

Туризм тарихы дегеніміз - саяхаттардың (жорықтардың, экскурсиялардың) ең қарапайым түрінен бастап күрделі түрлерін қоса және көне заманнан қазіргі заманға дейінгі жүріп өткен жолын зерттейтін ғылым. Туризм тарихының зерттеу пәніне туристік қозғалыстың әлеуметтік қүбылыс ретінде шығу, қалыптасу және даму зандылыктары жатады.

Туризм тарихы өз зерттеулерінде археология, нумизматика, палеография, этнография және т. б. тарих ғылымының салаларының деректеріне сүйенеді.

«Туризм» термині түрлі халықтардың тілінде XІX ғасырда ғана тұрақтала бастады. Көне және орта ғасырларда адамдар оның орнына «саяхат» деген сөзді қолданды. Қазіргі туризм тануда саяхат деп адамдардың мақсатына қарамастан кеңістік пен уақытта орын ауыстыруын атайды. Қазіргі ТМД елдеріндегі туризм кеңестік кезеңде әлеуметтік туризм ретінде дамып, шығындарына қоғамдық қаржы жұмсалды. Сол кезде туризм теориялық тұрғыда нақты адамдардың туристік іс-әрекеттегі мұратына байланысты зерттелді де, туризмнің қалыптасу тарихы ерекше әлеуметтік құбылыс санатында қарастырылды.

Туризм тарихын зерттеушілердің көпшілігі белгілі бір саяхаттар бойынша айқындалған фактілерді ғана баяндады. Олар адамзат тарихының әр түрлі дәуіріндегі туризмнің жеткен жетістіктерін ұйымдасқан саяхаттардың нақты әлеуметгік-экономикалық себептерімен байланыстырмады. В. Б. Сапрунованың басқалардан басты ерекшелігі - туризм тарихын 4 кезеңге бөлді:

  • 1-кезең (кене замандардан XІX ғасырдың басьша дейін) не-месе оны «туризм тарихының алдың деп те атайды;
  • 2-кезең (XІX ғ. -ХХ ғасырдың басы) - элитарлык туризмкезеңі, яғни туристік қызметтер көрсететін арнайы кәсіптіңтуындауы;
  • 3-кезең (XX ғасырдың басы - ІІ дүниежүзілік соғыстың ба-сталуына дейін) - бұл әлеуметтік туризмнің калыптаса ба-стауы;
  • 4-кезең (1945 жылдан қазіргі кезеңге дейін) - бұл жаппайтуризмнің қазіргі кезеңі, туристік индустрияның туризм үшінтауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы. Туризмнің дамуының әр түрлі кезеңде дамуының дәуір-дәуірге бөлуге (периодизация) техникалық-экономикалық, әлеуметтік алғы шарттар және туризмнің мақсатты қызметтерін негізгі критерийлер етіп алған.

Бірақ В. Б. Сапрунова туризм тарихын кезең-кезеңге бөлуде көне, орта және жаңа кезеңдердегі адамдардың ұйымдасқан саяхаттарының дамуын жеке-дара қарастырмаған. Яғни адам баласының уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруының бастапқы мұраттары айқындалмаған деген сөз. Дұрысында жоғарыда көрсетілген мұраттар туризмтану теориясының басты мәселелерінің бірі болып табылады. Осы мәселелерді шешу ғана ту-ризм индустриясының әлемдік және өңірлік перманентті интенсификациясын түсінуге, түсіндіруге мүмкіндік береді. Туризм тарихын зерттеудің мақсаты да осында жатыр.

Ұйымдасқан саяхаттардың дамуы мен оның тууына негіз болған түрлі себептерді талдай келе, туризм тарихын дәуірлеудің негізінен адамзаттың жалпы тарихын дәуірлеумен сәйкес келетіндігіне көзіміз жетеді. Адамзаттың тарих алдындағы хайуанаттар ортасынан бөлінуі 5-2 млн жыл бұрын басталып, б. д. д. ІV мыңжылдықта аяқталған. Адамзат өркениетінің дамуының бірінші кезеңі - көне әлемнің тарихы (б. д. д. ІV мыңжылдық - б. д. у ғ. ), екінші кезеңі - орта ғасырлар тарихы (V-XV ғғ. ), үшінші кезеңі -жаңа дәуір тарихы (1918 жылдан біздің заманымызға дейін) . Терімшілдік пен аңшылық адам баласының бірнеше миллион жылғы басты кәсібі болған. Шамамен 10 мың жыл бұрын (кейде 5-тен 10 мың жылға дейін делінеді) терімшілдіктен - жер өндеу, аңшылыктан - мал шаруашылығы туындаған.

Өндірістік еңбекке дейін адамның кеңістікте орын ауыстыруы терімшілдік пен аңшылық мақсатында болған. Адамдардың ол орын ауыстырулары ретсіз, жоспарсыз болып, ондағы мақсат аштық инстинкті, өзін-өзі аман сақтау немесе ұрпақты жалғастыру болған. Мұндай жағдай адам бойында тіршілік ету мен дамудың табиғатқа бейімделуінен табиғатты өзіне бейімдеу мәдениеті қалыптасқанға дейін жалғасты.

Түрлі ғылымдардың мәліметтерін талдай қарасақ, адам баласының Жер шарымен мақсатты түрде танымдық мүддемен саяхаттауы бүдан 5-6 мың жыл бұрын басталғанға ұқсайды. Міне, осы кезеңнен бастап адам терімшілдік пен аңшылықтан өндірістік еңбекке көшкен.

Көне заманның алғашқы саяхатшылары саудагерлер болды. Оған дәлел арнайы жоспарланған саяхаттың адамның өндірістік еңбегінің басталуымен байланыстылығында жатыр. Б. д. д. ІІ мыңжылдықта адамның алғашқы еңбек бөлінісі (мал шаруашылығының жерді игеруден бөлінуі), екінші бөлініс (қолөнердің жер игеру мен мал шаруашылығынан бөлінуі), үшінші бөлініс (ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі) басталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КЕҢІСТІКТІК МӘЛІМЕТТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Жер телімінің кадастрлық құнын мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына енгізу
Абай саябағы
Блок экскурсиятану
Инженерлік геодезиялық ізденістер
Жер учаскесінің құны
Жер кадастырлық бөлімінде өткен іс-тәжірибе есебі
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді нарықтық жағдайын талдау
GPS жүйесінде қолданылатын ақпараттық технолгияларға жалпы талдау
ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz