Адамдар арасындағы қарым - қатынас психологиясы


КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан - жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі. Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез -келген ортада қарым -қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерініңжоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді. Студент тұлғасының қарым - қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақпедагогтарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты. Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс - әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Тұлға өзін басқа тұлғалармен қарым - қатынаста анық көрсететіні белгілі. Және де, С. К. Рощин пікірінше, тұлғаның маңызды сипаттамаларының бірі адамның қарым - қатынас құратын серіктестерінің ол үшін субъективті қолайсыз немесе жағымсыз өзара жеке ерекшеліктерін (әрекеттері, әдеттері, жүріс - тұрысы стилі, ойлау стереотипі) қандай дәрежеде көретінін (шыдайтынын) көрсететін коммуникативтік төзімділік болып табылады. Коммуникативтік коммуникаторлар мен олардың серіктестерінің ерекшеліктеріне тәуелді. В. В. БОЙКО қарым - қатынасқа ықпал ететін тұлғаның мыналарды жатқызады: интеллектуалды, құндылықты, этикалық, эстетикалық, эмоциялық, сенсорлық, энергодинамикалық, мінез - құлықтық. Автордың пікірінше, осы сипаттамалардың интегративтік қызметі адамдар арасындағы қатынастарды, олардың агрессивтілігін немесе төзімділігін анықтайды.
Қоғамды мына мәселе алаңдатады: осындай әсерге нені қарсы қоюға болады? Ең алдымен, балаларды, жасөспірімдерді және жастарды отбасында және мектепте конструктивтік қарым -қатынасқа жүйелі түрде оқыту, олардың коммуникативтік және психологиялық құзыреттігін қалыптастыру, әлеуметтік интеллекті дамыту. Мейірімділік пен зұлымдық, адамгершілік сипаттары туралы түсініктер, обьективті ақпарат (білімдер) - осының барлығы адамның, оның жеке тұлғасының қалыптасу үрдісінің қажетті құраушылары. Және олар басқа адамдармен қарым -қатынаста болғанда, белгілі бір қызметте ғана көрінеді. Р. Роллан жақсылық ғылым емес, әрекет деп дұрыс айтқан. Қоғамда қабылданған нақты моральдық құндылықтар дәл осы қарым - қатынас кезінде көрінеді және бекітіледі. Бірақ барлық осы құндылықтарды игеру, оларды қолдануды үйрену оңай емес. Бұл тақырып бойынша дәріс қана оқу жеткіліксіз. Оқу және ойын - сауық үрдісіне, сондай - ақ жасөспірімдерге арналған әртүрлі оқу бағдарламаларының мазмұнына бір мезгілде арнайы интерактивті психологиялық ойындарды, тренингтер мен жаттығуларды енгізу қажет. Әртүрлі сарапшылардың куәландыруы бойынша, қарқынды және имитациялық ойындар тұлға аралық өзара қарым - қатынасты ұйымдастыруға және коммуникативтік құзыретткті ғана емес, сондай - ақ адамгершілік нормаларды, қағидаттарды және құндылықтарды меңгеруге, рухани қажеттіліктерді дамытуға, ынтымастыққа, серіктестік қарым -қатынастар орнатуға, бір -бірін және өзін - өзі түсінуді оқытуға, жек және кәсіби қарым -қатынаста табысқа жету үшін өз әлеуетін түзетуге мүмкіндік береді. Сондай - ақ, рөлдік ойынлар мен тренинтер «біреудің аяқ -киімімен жүру» қажеттілігін тудыратыны да белгілі, бұл эмпатияның дамуына ықпал етеді, демек, ойын сабақтарының қатысушылары басқа адамдарға, жануарларға, және де табиғатқа қатысты мейірім мен жанаршылыққа үйренеді. Әрине, қарым - қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды. Әлеуметтік психология мен жалпы психология аймағында қарым - қатынас проблемасы мен зейін проблемасы жан - жақты қаралған. А. А. Леонтьев «Қарым - қатынас » ұғымын әмбебап коммуникативті іс -әрекетке теңейді. В. А. Кан-Калик қарым - қатынасты «адамгершілік құндылық потенциалына ие» дейді. Қарым - қатынасты түсіну негізіне А. Н. Леонтьевтің іс - әрекет концепциясын және А. В. Запорожец (1979), Д. Б. Эльконин (1960-1978), В. В. Давыдов (1977), П. Я. Гальперин (1978) концепцияларын аламыз. Берілген концепциядағы көзқарас бойынша іс - әрекет нақты процесс, әрекеттер мен операциялар жиынтығынан құралған, ал бір іс - әрекеттің екіншісінен айырмашылығының негізінде оның заттық спецификасы алынады. Қарым - қатынас пәні: бұл басқа адам, қарым - қатынасбойынша субъект ретінде партнёр, бұндай қарым - қатынастың пәнінің ұқсас анықтамасын Т. В. Драгунова (1967) береді. Өзінің көріністерінде қарым -қатынас айналадағылармен контактқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады. Қарым - қатынас үшін оның мүшелерінің физикалық зат емес тұлға ретінде көріну сипаты өте маңызды. Қарым - қатынастың бұл ерекшелігіне А. А. Бодалев 1965, Е. Э. Смирнова 1973 жәнее т. б психологтар көңіл аударған.
Қарым - қатынас деп - екі немесе оданда көп адамдардың қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.
Психологиялық қарым - қатынас - адамдар арасында бірлескен іс -әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым - қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Сондай - ақ, қарым - қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бірфакторы екені де белгілі. Ол студенттердің топтық іс -әрекеттінің реттеушісі және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез - құлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады. Сондықтанда жан - жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту - тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым - қатынастағы зейіндерінің деңгейлерін анықтау өзекті мәселелердің бірі.
Зерттеу мақсаты: Адамдардың қарым - қатынас арқылы бірін - бірі түсінуін психологиялық тұрғыдан қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым;
- Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы;
- Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi;
- Психологиялық қарым - қатынас және оның өзіндік рөлі;
- Психологиялық қарым - қатынас және оның формалары мен түрлері;
- Тұлғааралық қарым - қатынас және оның түрлері;
Зерттеу объектісі (нысаны) : Адамдар арасындағы қарым - қатынас психологиясы.
Зерттеу әдістері: Қарым - қатынасты адамдар арасында қалыптастыру жөнінде ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау, топтастыру арқылы тәжірибелік зерттеу әдістері қолданылады.
Зерттеу болжамы: Егер адамдар арсындағы қарым - қатынас психологиясын зерттеп, дұрыс қарым - қатынас әдебін білсек, зерттеу нәтижелері адамдардың бірін - бірі түсінуі оңай болуына үлес қосады.
Зерттеу құрылымы: Кіріспе, 3 бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І БӨЛІМ АДАМДАРДЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ БІРІН - БІРІ ТҮСІНУІ
- Қарым - қатынас психологиясы туралы жалпы түсінік
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым - қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез - келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым - қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен “тілдесу” қажетін қанағаттандырмау - біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз өсуіне, кішкендайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым - қатынасқа түсу қай ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым - қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым - қатынас жасау - бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым - қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым - қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның щебері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спекталь көрсек те, лекция тындасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос - жарандармен сөйлессек те - осының бәрі - қарым -қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тыныс - тіршілікте адамдар бір - бірімен тікелей, жүзбе - жүз не жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым - қатынасқа түседі. Мәселен, мұның тікелей “бетпе - бет”, телефон арқылы сияқты түрлерінде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңізші!Осындай қарым - қатынастыңмән - мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады.
Көптеген адамдар қарым - қатынас жасау - бұл тeк қана ақпаратты беру және қабылдау дeп есептейді. Дегенмен, ақпаратты беру үшін алдымен өзара әрекеттесу қажет. Демек, қарым - қатынастың алдымен қатынастармен байланысты. Бұдан басқа, қарым - қатынас - бұл үзіліссіз іс - әрекет: кез келген ақпаратты беру өзара әрекеттесуді және басқаларды белгілі бір идеяларды, пікірлерді, шешімдерді сендіру мүмкіндігін білдіреді. Сондай - ақ, қарым - қатынас жасау өзара түсіністік үшін қажет. Адамның қазіргі заманғы кəсіби қызметің барлығы іс жүзінде өзара ақпарат алмасудан құралады, яғни коммуникативтік құзыреттілікке (сөйлесулер, келіссөздер, пікірталастар, сөз сөйлеулер, кездесулер, презентациялар немесе интернеттегі виртуалды қарым-қатынастар және т. б. ) негізделген. Мамандар (мұғалімдер, дәрігерлер, менеджерлер, адвокаттар, банкирлер, сауда өкілдері, қоғаммен байланыс жөніндегі мамандар, диспетчерлер, салық қызметкерлері, секретари және т. б. ) қарым - қатынас жасаудың қажетті дағдыларын алу үшін тренингтер, интерактивті ойындарға қатысады, келіссөздер жүргізу және жанжалды жағдайларды шешу үшін ұйымға психологтар мен консультанттарды шақырады. Мұның бәрі өте қымбат. Балалық шақта қарым - қатынас құзыреттілігін дамыту әлдеқайда тиімді. Қарым - қатынассыз топтың да, ұйымның да, қоғамның да болуы мүмкін еместігі мәлім. Өзара қарым - қатынас жасай алу - адамзаттың эволюция барысындағы басты жетістіктерінің бірі болып саналады. Мамандардың мәлімдеуінше, қарым - қатынас - ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің бірегей стратегиясына дағдылану, басқа адамды қабылдау және түсінуден құрылған және бірлескен қызметтің қажеттіліктерінен туындаған, адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының көп жоспарлы, әрі қиын процесі.
Ғалымдар қарым - қатынасты адамдардың тіршілік әрекетінің рухани және материалды формаларының алуантүрлілігін біріктіретін, сонымен қатар оның маңызды қажеттілігі болып саналатын әлеуметтік - психологиялық құбылыс ретінде қарастырады. «Қарым - қатынас» - сөзі латынның «қоғам, қауым, ортақ» деген мағына білдіретін communis сөзінен шыққан. Әлдекіммен ақпарат алмасу үшін, ең алдымен байланысқа, қарым - қатынасқа түсіп, одан кейін бірлескен қызмет барысында ортақ көзқарасқа жетуге тырысу керек.
Әлеуметтік психологтар біртұтас қарым - қатынас процесінің (Б. Д. Парыгин, Г. М. Андреева) үш бағытын немесе қызметін бөледі:
■комуникативті (ақпарат беру, алу және алмасу) ;
■интерактивті (өзара әрекеттесу) ;
■перцептивті (қабылдау, түсіну және өзара түсіністік) .
Бұдан, қарым - қатынасты бірнеше қырдан құралатын ерекше пирамида ретінде елестетуге болады. Олардың әрқайсысының жеке мағынасы бар және әр түрлі уақытта, әр түрлі жағдайда басым болуы мүмкін. Алайда, толыққанды қарым - қатынас тек барлық қырлар бір мезгілде пайда болғанда ғана түзіледі: ақпарат алмасу, басқа адамдармен өзара әрекеттестік, оларды түсіну және тану, сонымен қатар қарым - қатынас барысында туындайтын уайымдау. Дәл осы психикалық байланыс қарым - қатынасты әр түрлі мәселелерді шешу үшін жасалатын өзара байланыс пен әрекеттестік қана емес, өзара эмоция алмасу, бірге қуану, уайымдау және қайғыруды шамалайтын екі жақты қызмет ретінде сипаттайды.
Қарым - қатынас адамның өмірін толығымен еніп, тамақ, киім, су, тұрғын үй және басқа да тіршіліктің қажеттіліктері сияқты маңызды болып табылады. Адам қоғамнан қуылғанда, яғни толық жалғыздық жағдайында алтыншы күннен бастап ақ галлюцинация басталатыны белгілі. Ол жоқ бейнелермен сөйлесіп, егер оңаша қалса, мерт болады. Адам үшін қоғамда өзіне өзі ұсынылып, абсолютті түрде байқалмай қалуы сияқты жан түршігерлік жаза жоқ. Бұған дәлел ретінде, кінәлі адамды бір аптаға немесе одан да көп уақытқа үңгірге қамап, оның ішінде тіпті өзімен өзі сөйлесуіне де тыйым салынатын, жалғыздықпен жазалауды (жапон тілінде «Моритао») атауға болады.
Бұдан, қарым - қатынасты бірнеше қырдан құралатын ерекше пирамида ретінде елестетуге болады. Олардың әрқайсысының жеке мағынасы бар және әр түрлі уақытта, әр түрлі жағдайда басым болуы мүмкін. Алайда, толыққанды қарым - қатынас тек барлық қырлар бір мезгілде пайда болғанда ғана түзіледі: ақпарат алмасу, басқа адамдармен өзара әрекеттестік, оларды түсіну және тану, сонымен қатар қарым - қатынас барысында туындайтын уайымдау. Дәл осы психикалық байланыс қарым - қатынасты әр түрлі мәселелерді шешу үшін жасалатын өзара байланыс пен әрекеттестік қана емес, өзара эмоция алмасу, бірге қуану, уайымдау және қайғыруды шамалайтын екі жақты қызмет ретінде сипаттайды.
Қарым - қатынас адамның өмірін толығымен еніп, тамақ, киім, су, тұрғын үй және басқа да тіршіліктің қажеттіліктері сияқты маңызды болып табылады. Адам қоғамнан қуылғанда, яғни толық жалғыздық жағдайында алтыншы күннен бастап ақ галлюцинация басталатыны белгілі. Ол жоқ бейнелермен сөйлесіп, егер оңаша қалса, мерт болады. Адам үшін қоғамда өзіне өзі ұсынылып, абсолютті түрде байқалмай қалуы сияқты жан түршігерлік жаза жоқ. Бұған дәлел ретінде, кінәлі адамды бір аптаға немесе одан да көп уақытқа үңгірге қамап, оның ішінде тіпті өзімен өзі сөйлесуіне де тыйым салынатын, жалғыздықпен жазалауды (жапон тілінде «Моритао») атауға болады.
Қарым - қатынастың пән саласын анықтау маңызды. Психологиялық әдебиеттерде қарым - қатынасқа кіретін ұғымдардың нақты бөлінуі жоқтың қасы, бұл белгілі түсінбестікке әкеледі. Қарым - қатынастың пән саласының құрылымы «қарым - қатынас» терминінің келесідей белгілі мағыналарына байланысты:
■бірлестіру, ортақтық пен тұтастықты құру;
■хабарлама беру, вербалды және вербалды емес ақпаратпен алмасу;
■өзара түсіністікке ықпал ететін қарсы қозғалыс пен өзара сіңісу.
Қарым - қатынастың келесі аспектілері болады:
- Қарым - қатынастың мазмұны дегеніміз ол - адамның ішкі мотивациялық немесе эмоционалдық күйі туралы мәліметтер болу мүмкіндігі;
- Қарым - қатынастың мақсаты дегеніміз ол - адамда белгілі нәрсеге байланысты белсенділік түрінің пайда болуы;
- Қарым-қатынастың әдіс - құралдарына мыналар жатады: тіл, суреттер, сызбалар, бейне таспалар, механикалық, магниттік, лазерлік жазба құралдар.
Оған қоса, «қарым - қатынас» ұғымы, өзара әрекеттесудің тұлға аралық сипатын көрсетіп қана қоймай, нәтижесінде қарым - қатынас қатысушыларының арасында психологиялық байланыс орнайтын ерекше қызмет түріне жатады. Осылайша, адамдардың байланысы мен өзара әрекеттесуге түсуінің нәтижесінде қалыптасатын қатынастың психологиялық бояуы тұлға аралық қарым - қатынастың маңызды сипаттамасы болып табылады. Психологияда адамдар арасындағы қарым - қатынастың үш негізгі түрі бар: императивті, манипуляциялық және диалогтық.
Императивті қарым - қатынас (лат. imperativus - бұйрықты, таңдауға рұқсат етілмейтін) - бұл, әдетте, коммуникациялық серіктеске авторитарлық (күштік) әсер ету нысаны. Оның басты мақсаты - бірін - бірі серіктесіне бағыну, оның мінез - құлқына, ойларына бақылау жасау, сондай-ақ белгілі бір әрекеттер мен шешімдерді мәжбүрлеу. Бұл жағдайда, серіктес бақыланатын механизм ретінде, әдетте, пассивті жақ ретінде әрекет етеді. Сонымен бірге, серіктесті мәжбүрлеу жасырылмайды және ықпал ету бұйрығы ретінде бұйрықтар, қаулылар, шешімдер, талап - тілектер мен қорқытулар пайдаланылады, ал олардың орындалмау нәтижелері жазалау, қоғамдық сөгіс болып табылады.
Манипуляциялық қарым - қатынас (латынша manipuler - манипуляция жасау императивтіге ұқсас) . Оның басты мақсаты, сондай - ақ қарым - қатынас серіктесіне әсер ету болып табылады, бірақ сол уақытта ол ниет жасырын, камуфляжданады. Манипуляция, императивтік тәрізді басқа адамның ойы мен жүріс - тұрысын бақылауға қол жеткізуге деген ниетін біріктіреді. Айырмашылығы, тек манипуляциялық қарым - қатынаста әңгімелесетін серіктесі шынайы ниеті туралы хабардар етпейді, әдетте, оның қалтарыста мақсаты болады және бопсалау, қорқыту, құндылықтарды алмастыру, басқалармен қақтығысу немесе өтірік ниет білдіру, жағымпаздық, фактілерді жасыру, жалған айту және т. б. тәрізді «кір» әсер ету технологияларын пайдаланып жатады.
Өзара қарым - қатынас түрінде әріптес, әдетте, бірегейлікке құқығы бар біртұтас тұлға ретінде қабылданбайды, манипуляторға қажетті белгілі бір қабілетін, сапасын және қасиеттерін тасымалдаушы ретінде қабылданады, оны ол өз мақсаттары үшін пайдаланады. Басқа адамға қатысты манипуляциялық қарым - қатынас, әдетте, тұлға аралық қарым - қатынас пен сенімді қарым - қатынастардың жойылуына алып келеді.
Диалогтық қарым - қатынас (грекше dialogos сөзінен - екі немесе одан да көп адамдар арасындағы әңгіме) адамдар арасындағы қарым - қатынастың императивтік және манипуляциялық түрлеріне балама болып табылады. Ол серіктес - қатысушыларының, яғни қарым - қатынасқа қатысушылардың тең құқығына негізделген және өзіңізге тұрақты орнатудан серіктеске орнатуға көшуге және оның мүдделері мен мүмкіндіктерін ескеруге өтуге мүмкіндік береді (мен айтып тұрмын - сіз тыңдайсыз және керісінше) .
Іскерлік қатынастар екі топқа бөлінеді: оң және теріс (конструктивті және деструктивті) . Біріншісіне әріптестік пен ынтымақтастық, ал екіншісіне - бәсекелестік пен бақталастық, сондай - ақ жанжалдық қарым - қатынастар жатады. Іскерлік қарым - қатынастар тұрақты, олар байланыс үшін міндетті, олар объективті - мақсатты және функционалды - рөлдік сипатқа ие. Іскерлік қарым - қатынастар дәстүрлі, жағдайлық, эмоционалды және зорлық - зомбылық сипатында шектеулерге ие. Бұл қатынастарды көбінесе формальды немесе ресми деп атайды, өйткені жоғарыда аталғандардан басқа, өзгелерге тән сипаты бар және оларға кіретін адамдардың жеке және психологиялық жай - күйіне тәуелді емес; рөлдер мен маскалардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін, жауапкершілікпен тәуелді болып келеді.
Бұқаралық қарым - қатынас - бұл қоғамдағы бейтаныс адамдардың байланыстары мен контактілері, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы байланыс.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, адамдар арасында тұлға аралық қарым-қатынас та бар - адамдардың қарапайым қарым - қатынасы, әр адамның жеке сипаттамаларына және рөлдік қарым - қатынасқа байланысты және рөлдік қарым - қатынас белгілі бір рөлдерді алып жүрушілердің мақсаттары мен сипаттамаларын көрсетеді, мысалы: мұғалім - мектеп оқушысы, ғылыми жетекші - бағынушы, мұғалім - студент және т. б. Рөлдік қарым - қатынаста адам рөлге негізделе отырып әрекет етуге мәжбүр болады, кейде өз ниетін және сипаттамаларын жасырып, оны бағалайды, әдетте ойнаған рөлдің жеткіліктілігі негізінде бағалайды. Қарым - қатынас барысында адамның өзара байытуы және жеке даму жүреді, өйткені өзара әрекеттесудің нәтижесінде әр қатысушысы өмірлік және кәсіби тәжірибеге ие болады, әртүрлі білімді игереді, құндылықтар мен жұмыс істеу жолдарын дамытады, этикалық және психологиялық нормаларға және мінез - құлық ережелеріне бейімделеді.
- Қарым - қатынас психологиясының зерттелуі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz