Өнеркәсіп салаларын қайта құрудағы мемлекеттік басқару органдарының ролі



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Өнеркәсіп және оның салаларын қайта құрудың қажеттілігі ... ... ... ... ... ... .
1.1 Өнеркәсіп, өнеркәсіп салалары және олардың орналастырылуы
1.2 Қазақстан өнеркәсібінің дамуын қайта құру қажеттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Өнеркәсіпті қайта құрудағы мемлекеттің рөлі ... ... ...

Өнеркәсіп- халық шаруашылығының шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш дайындаумен, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал жабдығына, тұтыну заттарына одан әрі өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр станцияларды, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Үлкен екі топтан тұрады, олар: өндіруші өнеркәсіп- мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металдардың рудаларын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;Өңдеуші өнеркәсіп- қара және түсті металдар, прокат, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент, басқада құрылыс материалдарын өндіру[Cправочник].
Өнеркәсіп – бұл халық шаруашылығының маңызды құраушысы болып табылады. Немесе толықтай атап кететін болсақ, өнеркәсіп бұл – ұлттық тұтыну заттарының бір бөлігіне ие болатын және өндірістің еңбек заттары пайда болатын фабрика, зауыттар, акционерлік қоғамдар өнеркәсіптік кәсіпорындардың жиынтығы болып табылатын халық шаруашылық салаларының бірі. Халық шаруашылығы салаларында жетекші рөлді алатын - өнеркәсіп. Өнеркәсіп еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай-ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуатты өнеркәсіп еліміздің қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені болып табылады. Өндіріс дегеніміз не? Деген сұраққа жауап беріп көрейік, қоғамның өмірі сан қырлы болуы әр алуан салалардағы адам қызметінің түрі көп болғандығының нәтижесі. Бірақ мұның барлығы қоғамда материалдық игілік өндіру қызметтерінің болуының арқасында ғана болуы мүмкін. Адамды қоршаған табиғат оның ең қарапайым қажетін өтеуге керек нәрсені дайын күйінде бере қоймайды, осыдан да адамдар өздерінің күш жігерлерін өздеріне қажет заттар жасауға жұмсауға яғни өндіруге тиісті ал мұндай қажеттілікті ешкім өзгерте алмайды. Өндіріс қоғам өмірінің маңызды өзге де салалары келіп шығатын негізгі саласы ретінде көрінеді. Осылайша, өндіріс дегеніміз адамдардың табиғат пен қарым қатынасын, олардың табиғат затын жаңарта отырып, оны өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бейімдеп алуын білдіретін ерекше процесс. Өндірісті сызба жүзінде «кіретін жағы» және «шығатын жағы» бар тік үшбұрыш ретінде бейнелеуге болады.
1. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б.
2. Ұлттық экономика/А.В Сидорович, Ә.Ә. Әбішев; Алматы 211

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Өнеркәсіп салаларын қайта құрудағы мемлекеттік басқару органдарының ролі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Өнеркәсіп және оның салаларын қайта құрудың қажеттілігі ... ... ... ... ... ... .
0.1 Өнеркәсіп және оның салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
0.2 Қазақстан өнеркәсібінің дамуын қайта құру қажеттігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
0.3 Өнеркәсіпті қайта құрудағы мемлекеттік басқару органдарының рөлі ... ... ...

2 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп салаларын қайта құрудағы мемлекеттік органдардың рөлі (Ақтөбе облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ММ мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Қазақстан өнеркәсібінің дамуын салалық аспектіде талдау ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Ақтөбе облысының өнеркәсіптік салаларын дамытудағы жергілікті мемлекеттік органдардың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Ақтөбе облысы өнеркәсіп салаларының даму динамикасы ... ... ... ... ... ...

3 Өнеркәсіп салаларын қайта құрудың тиімділігін арттыру жолдары ... ...
3.1 Қазақстанның өнеркәсіп салаларын қайта құру тиімділігін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Өнеркәсіпті дамытудағы мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 Өнеркәсіп және оның салаларын қайта құрудың қажеттілігі
1.1 Өнеркәсіп және оның салалары

Өнеркәсіп - халық шаруашылығының шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш дайындаумен, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал жабдығына, тұтыну заттарына одан әрі өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр станцияларды, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Үлкен екі топтан тұрады, олар: өндіруші өнеркәсіп - мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металдардың рудаларын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.; Өңдеуші өнеркәсіп - қара және түсті металдар, прокат, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент, басқа да құрылыс материалдарын өндіру[Cправочник].
Өнеркәсіп - бұл халық шаруашылығының маңызды құраушысы болып табылады. Немесе толықтай атап кететін болсақ, өнеркәсіп бұл - ұлттық тұтыну заттарының бір бөлігіне ие болатын және өндірістің еңбек заттары пайда болатын фабрика, зауыттар, акционерлік қоғамдар өнеркәсіптік кәсіпорындардың жиынтығы болып табылатын халық шаруашылық салаларының бірі. Халық шаруашылығы салаларында жетекші рөлді алатын - өнеркәсіп. Өнеркәсіп еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай-ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуатты өнеркәсіп еліміздің қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені болып табылады. Өндіріс дегеніміз не? Деген сұраққа жауап беріп көрейік, қоғамның өмірі сан қырлы болуы әр алуан салалардағы адам қызметінің түрі көп болғандығының нәтижесі. Бірақ мұның барлығы қоғамда материалдық игілік өндіру қызметтерінің болуының арқасында ғана болуы мүмкін. Адамды қоршаған табиғат оның ең қарапайым қажетін өтеуге керек нәрсені дайын күйінде бере қоймайды, осыдан да адамдар өздерінің күш жігерлерін өздеріне қажет заттар жасауға жұмсауға яғни өндіруге тиісті ал мұндай қажеттілікті ешкім өзгерте алмайды. Өндіріс қоғам өмірінің маңызды өзге де салалары келіп шығатын негізгі саласы ретінде көрінеді. Осылайша, өндіріс дегеніміз адамдардың табиғат пен қарым қатынасын, олардың табиғат затын жаңарта отырып, оны өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бейімдеп алуын білдіретін ерекше процесс. Өндірісті сызба жүзінде кіретін жағы және шығатын жағы бар тік үшбұрыш ретінде бейнелеуге болады.
Шығатын жағы
Кіретін жағы

игілік
ресурстар
Өндіріс

Сурет 1. Өндірістің жалпы сызбасы

Кіретін жағында өндіріс ресурстары орналасқан. Олар адамның өндірістік қызметінің қажетті шартын құрайды, қоғамның өз дамуының сол кезеңіндегі күш қуат, мүмкіндіктерінің көрінісі болып табылады.
Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі.
Өндірісте пайдаланылатын ресурстарды экономикада мынандай түрлері бойынша: табиғи, еңбек, материалдық, қаржылық, ақпараттық деп ажырату қалыптасқан. Өндіріс қол еңбегіне негізделген кезде еңбек және табиғи ресурстар басым болады. машиналы өндіріс материалдық ресурстарды бірінші орынға шығарады. Ғылыми-техникалық революция ақпаратты өмірге әкелді және маңызды ресурсына айналдырды.
Қоғамдық пайдалы еңбекке қабілетті тұрғын халық еңбек ресурстарын құрайды. Бұл ресурстардың ерекше түрі сөзсіз өндірістің белсенді әрі жасампаз негізі болып отыр. Еңбекке қабілетті тұрғын халық нақты әлеуметтік-эконмикалық, мәдени, саяси және басқада қоғамдық жағдайлардың ықпалымен екі топқа бөлінеді: Экономикалық белсенді және экономикалық сылбыр тұрындарға бөлінеді. Ал өндірісті жүзеге асыруға көмектесетін заттардың жиынтығы қоғамның материалдық ресурстарын құрайды. Егер табиғи ресурстардың негізі табиғат болса, материалдық ресурстар адам қолымен жасалынады, өндірістің нәтижесі де болып табылады.
Материалдық ресурстар қоғамның өндірістік күш-қуатының негізгі бөлігін құрайды. Олар: ғимараттар, құрал-жабдықтар, машиналар, станоктар, механизмдер, жолдар, көпірлер, байланыс құралдары және тағы басқалары.
Өндірістің қарапайым сызбалармен бейнелеуін: кіретін және шығатын белгілері бар тік үш бұрышты еске түсірейік. Мұның алғашқысын түсіндіріп өттік. Олар - өндірістік ресурстар. Енді тік үшбұрыштың ішінде нендей нәрселер өтетіндігін анықтаудың кезегі келді. Өндірістің ресурстардан көрініс тапқан мүмкіндіктері тікелей өндіріс процестерінде жүзеге асырылады. Міне, өндіріс процесі шеңберінде ресурстар материалдық игіліктерді жасаған кезде белгілі қызмет атқаратын өндіріс факторларына айналады. Демек, өндіріс факторлары - бұл қимыл әрекетке келтірілген ресурстар. Ресурстардың жекелеген түрлері бір - біріне тәуелсіз өмір сүре алады. Өндіріс факторлары бір - бірінен дербес өмір сүре алмайды. Олар өзара бірлескен әрекетке, бір бірімен бірігу арқылы маңызды. Осы бірігу арқылы ғана қажетті игіліктерді жасайтын өндіріс пайда болады.
Кез-келген өндірістің алдында үш негізгі міндет тұр. Оларды мынадай сұрақтармен бейнелеуге болады:
1. Нені өндіру қажет?
2. Қалай өндірген жөн?
3. Кім үшін өндірілуі тиіс немесе өндіріс нәтижелерін қалай бөлу керек?
Осы міндеттерді табыспен шешу үшін өндіріс ұйымдастырылуы қажет. Өндірісті ұйымдастыру - оған қатысушылардың іс-әрекеттерін қажетті нәтижеге қол жеткізуге бағындыру, бір жүйеге келтіру деген сөз. Өндірісті ұйымдастырудың екі негізгі деңгейі болады. бірінші деңгейі өндіргіш бірлік ретіндегі жеке кәсіпорынның қызметінен көрініс табады. Әр бір кәсіпорын тұтастық шеңберінде ерекше міндеттерді (функцияларды) орындайтын құрамдас бөліктері бар күрделі организм болып табылады. Кәсіпорындар арасындағы байланыстан өндірісті ұйымдастырудың екінші деңгейі өз көрінісін табады. Оны қоғамның деңгейі деп атайды. Онда өндіріс жаңа қорларға ие болады. Оларды зерттеу аталған құбылысты жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Ал халық шаруашылығы өз кезегінде материалды өндіріс және өндірістік емес сферасына бөлінеді. материалдық өндіріс сферасы материалдық игіліктер өндіретін барлық өндірістік іс әрекеттер түрлерінің жиынтығын қамтиды. Оларға: еңбек құралдары (машиналар, аппараттар, құрылғылар), еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, жартылай фабрикаттар, тамақ өнімдері, маталар, киім және т.б.) және энергия түрлерінің барлығы жатады. Сонымен қатар матеиалдық өндіріске жүк тасымалдау, өнімді сақтау оны сорттау және қораптау жатады. Материалды өндірістің маңызды құраушысы болып - бұл қазба байлықтарды, табиғи және ауыл шаруашылық материалдарын өндіруді жүзеге асыратын және оны дайын өнімге дейінгі процесті қамтамасыз ететін өнеркәсіп жатады. Әдетте өнеркәсіпте еңбек құралдары мен жұмыс күшінің бірігуі байқалады. Ал еңбек құралдары мен жұмыс күшінің бірігуінің мақсаты болып - өнеркәсіп өнімдерін шығару болып табылады. Өнеркәсіп екі үлкен сала топтарына бөлінеді: өндіру өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібі. Өндіру өнеркәсібіне мұнай және газ өндіру, тау-кен өндіру, көмір өндіру, қара және түсті металлдарды өндіру, энергетикаға арналған материалдарды өндіру, энергетикаға арналған материалдарды өндіруден басқа кен өндіру жатса, өңдеу өнеркәсібіне жеңіл өнеркәсіп бұйымдары мен тамақ өнімдерін, құрылыс материалдарын өңдеумен айналысатын, машина жасау, қара және түсті металлдарды өңдеумен айналыстаны кәсіпорындарды жатқызамыз.
Сонымен қатар өнеркәсіп өндіріс заттарын өндіру (А тобы) және тұтыну заттарын өндіру (Б тобы) деп те жіктелуі мүмкін. Кейбір өнеркәсіп өнім түрлерінің барлығы А тобына жатса (станоктар құрылғылар және т.б.), біреулері түгелмен Б тобына жатады (тігін бұйымдары, аяқ киім, тамақ өнімдері және т.б.). Өнеркәсіп түрлерінің бірқатары өндірістік мақсатта жұмсалса, сондай-ақ өндірістік емес мақсаттарға бағытталуы мүмкін (электроэнергия, көмір, маталар, бензин). А тобының өнімдері еңбек заттары және еңбек құралдары деп жіктеледі.
Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде келесідей салаларын қарастыруға болады:
* Тау-кен өнеркәсібі;
* көмір, лигнит және шымтезек өндіру;
* шикі мұнай және табиғи газ өндіру;
* метал кендерін өндіру;
* кен өндіру өнеркәсібі;
* өңдеу өнеркәсібі;
* Сусындарды қоса алғандағы азық - түлік өнімдерін өндіру;
* тоқыма және тігін өнеркәсібі;
* былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқ киім өндіру;
* сүрек өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарды шығару;
* целюлоза- қағаз өнеркәсібі: баспа ісі;
* кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдарды өндіру;
* мұнай өнімдерін өндіру;
* мұнай айдау;
* химия өнеркәсібі;
* резеңке және пластмасса бұйымдарын шағару;
* өзге де металл емес минералды өнімдерді өндіру;
* метеллургия өнеркәсібі;
* түсті металл өндірісі;
* дайын металл бұйымдарын өндіру;
* машина жасау;
* электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу;
* газ тәріздес отындарды өндіру және бөлу;
* бумен және ыстық сумен жабдықтау;
* суды жинау, тазалау және бөлу;

Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары, жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (таскөмір, қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салаларды (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдасуы және орналасуы жөнінен де күрделі жүйе болып табылады. Өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторлар ел экономикасының даму жағдайына сәйкес ұдайы өзгеріске түсіп отырады. Бұл әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің орналасуынан айқын көрінеді.
Өнеркәсіа құрылымы мынадай көптеген маңызды факторлардың әсер етуі арқылы қалыптасады. Оларға:
инновациялық өнім өндіретін жаңа салалардың пайда болуы;
жалпы өнеркәсіптің және оның салаларының даму қарқынының алдын-ала жоспарлануы;
өндірісті шоғырландыру, мамандандыру, үйлестіру (қаржы-өнеркәсіптік топтар, арнайы экономикалық аймақтар жасау, тік интегрленген индустриялық кешендер мен ірі корпорациялар құру, кластерлер, технопарктер, технополистер ұйымдастыру және т.б.);
өнеркәсіптің дамуын қамтамассыз ететін аймақтық-тарихи шарттардың болуы;
сарқылмайтан шикізаттық ресурстардың болуы;
Қазақстан өнеркәсібінің әлемдік нарықта өз орнын таба білуі;
өнеркәсіптің жеке сектормен ынтымақтастығы;
инновациялық және инвестициялық ресурстарды өнеркәсіпте ұтымды пайдалану;
халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу.
Өнеркәсіптің жаңа салаларын орналастыруда еңбек ресурстарының сапалық көрсеткіштері (білім және кәсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық жағдай, ғылыми-техникалық әлеует шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіптің байырғы және жаңа салалары ірі өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуына ықпал етті. Алғашқы өнеркәсіпті аудандар (Орта Англия, Рур, Силезия, Орталық Ресей, Орал) көмір алаптары мен металлургия, тоқыма өндірісі негізінде қалыптасты. Жаңа өнеркәсіпті аудандар өндірістің күрделі сипатымен және оның орналасуьша ықпал ететін факторлардың жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Дамыған елдерде ескі өнеркәсіпті аудандардың еңбек ресурстары мен дамыған инфрақұрылымы негізінде жаңа аудандардың қалыптасуы байқалады. Өнеркәсіптің орналасуына "астаналық" фактор да әсер етеді. Жаңа индустриялық аудандар өнеркәсіптің ел астанасы мен ірі қалаларының маңында шоғырлануынан пайда болуда. Мұндай аудандарда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа өндірісті іске қосуға мүмкіндік бар, сонымен қатар өндірілетін өнім ірі тұтыну көзіне де бағдарланады.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар салық жеңілдіктері бар еркін экономикалық зоналарда және шекаралық аудандарда көбірек орналасады, бұл аумақтарда халықаралық экономикалық аудандар да қалыптасуда. Өнеркәсіптің теңіз жағалауларына "ығысуы" да байқалады. Соның нәтижесінде кейбір портты қалалар маңында сырттан әкелінетін шикізатты бастапқы өңдеуден өткізетін ірі өнеркәсіптік кешендер пайда болған. [1].
Өнеркәсіптің дамуы мынандай негізгі принциптерге (ережелерге) бағынады:
Кәсіпорындардың орналасуы:
1) аймақтың және бүкіл елдің мүддесіне мүддесіне сай пайдаланылатын ресурсы бар, барлық жерлерде;
2) шикізат көзіне, отынға, энергияға, ғылыми орталықтарға, еңбек ресурсына және өнімді тұтынушыларға жақын жерлерде (бұл адамдардың еңбегін, материалдық ресурстар мен уақытты үнемдейді);
3) қоршаған ортаны қорғау талаптарын және шет елдермен қарым-қатынас жағдайын есепке ала отырып;
4) еңбек өнімділігін көтеретін өндірісті шоғырландырудың, мамандандырудың, кооперативтендірудің, құрамдастырудың және аумақтық-өндірісті үйлестірудің (кешендердің) артықшылықтарын пайдалана отырып орналастырылады.
Қазақстанның өнеркәсібінде шағын кәсіпорындар көп. Бірақ өнімнің негізгі бөлігін орта және ірі кәсіпорындар өндіреді. Өнім шығаруды ірі кәсіпорындарға жинауды өндірісті шоғырландыру деп атайды.
Шағын кәсіпорындар жаңа өнім шығаруға тез әрі икемді түрде қайта құрыла алады. Бірақ көптеген салалар бойынша ірі зауыттар мен фабрикалардың артықшылықтары бар. Ондағы шоғырлану техниканы толығырақ пайдаланып, еңбек өнімділігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бір ірі зауытты салуға бірнеше ұсақтарын салудан аз қаржы жұмсалады.
Көптеген кәсіпорындар біркелкі өнім, мысалы, тек тракторлар немесе тек экскаваторлар шығарады. Өндірісті ұйымдастырудың мұндай түрін мамандандыру деп атайды. Маманданған кәсіпорандарда еңбек ресурсы жақсырақ пайдаланылады, еңбек өнімділігі жоғары, өнімнің өзіндік құны төменірек болады. Бірақ ондай кәсіпорнынның шикізат, тетік, машина бөлшектерін жеткізушілермен өндірістік байланыссыз жұмыс жүргізуі мүмкін емес. Дайын өнімді шығаруға бірнеше кәсіпорындардың қатысуын кооперация (ынтымақтастық) деп атайды. Ол да еңбек өнімділігін көтереді.
Кәсіпорындардың бір бөлігін комбинаттар құрайды. Оларда әр түрлі өндіріс түрлері үйлеседі. Олар: 1) шикізатты өңдеудің біртіндеп жүргізілетін сатыларын, немесе 2) оларды бірігіп өңдеуді, немесе 3) бір-біріне қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындардың орналасуына әр түрлі факторлар, яғни себептер мен жағдайлар әсер етеді.
Бейнелеп айтқанда:
қандай себептерге байланысты зауыт нақ осы жерде салынған?
бұл заутты салу үшін қандай жағдайлар қажет? деген сияқты сұрақтарға жауап береді.
Фактордардың саны көп емес, олар - шикізаттық, отын-энергетикалық, су, жұмыс күші (еңбек), тұтынушы, көліктік, ғылыми және экологиялық болып бөлінеді. Олар бірге отырып кәсіпорындар мен салалар орналасуын анықтайды. Бірақ әрбір тұрақты жағдайдың шешуші және қосалқы факторлары бар.
Сонымен, Қазақстанның экономикасында өнеркәсіп шешуші рөл атқарады деп біз толық сеніммен айта аламыз. Оған тиімсіз салалық құрылым мен өндірістің елдің батысына қарай ығысуы тән болып келеді. Қалыптасқан қолайсыз қатынасты жеңудің бір жолы - инновациялық даму, тиімсіз өнеркәсіптерді қайта құру, өнеркәсіпті орналастырудағы принциптер мен факторларды толық есепке алу болып табылады.

1.1 Қазақстан өнеркәсібінің дамуын қайта құру қажеттігі

Тұрақты дамуға көшу үшін өнеркәсіпті әртараптандыру, оны жаңарту, технологиялық жаңғырту маңызды орын алады, сол арқылы табиғи ортаға экономикалық дамудың зиянды әсерін жоятын, ең болмағанда оны азайтатын өндіріс үлгісінің алғы-шарттарын енгізуге болады. Осы міндеттер өнеркәсіптік және құрылымдық-инвестициялық саясаттың көмегімен шешілуі тиіс.
Қазіргі кезде экономиканың негізгі секторы болып саналатын өнеркәсіптің құрылымы мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамассыз ете алмай отыр. Себебі мемлекетіміз алыс және жақын елдерден келетін өмірлік маңызы жоғары тауарларға әлі де болсын тәуелді.
Экономиканың, соның ішінде өнеркәсіптің құрылымын қайта құру, өндірістік қорлардың сапасын жаңарту мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі мен дербестігін арттыра түседі. Қазіргі кезде Қазақстанда қалыптасқан өнеркәсіп құрылымының өндіріс көлемі бойынша индустриялық нашар дамыған елдер қатарына жатқызуға болады.
Өнеркәсіпті қайта құру шаруашылықтың жаңа нысандарын белсенді түрде дамытуға, экономикалық тетіктерді пайдалануға, шетел капиталын тартуға, салық және баға саясатын жетілдірудің бірдін-бір тиімді жолы болып саналады.
Өнеркәсіпті қайта құру шартына өндірістің техникалық деңгейін көтеруді қамтамассыз ететін және еңбек өнімділігінің жоғары өнімдер өндіретін салаларды жедел түрде дамыту жатады. Оны көтеру үшін сапалы реконструкция жұмыстарын жүргізу, салаларда жаңа тиімді технологиялар мен инновациялық жаңалақтарды енгізу арқылы қосылған құны жоғары өнімдер өндіретін салаларды ұйымдастыру қажет болады.
Қазіргі кезде отандық өнеркәсіптік өндірістің ауқымы мен пропорциялары, оның қалыптапсып қалған салалық құрылымы негізінен кен өндіру салаларын дамытуға бағытталған. Олар өзінің қор сыйымдылығымен және инвестициялық циклының ұзақтығымен ерекшеленеді. Өнеркәсіптің дамуының шикізаттық бағыттылығы тауар өндіретін салалардың артта қалуына әкеп соқтырды. Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу мен мақтауға нұқсан келтірді. Сондақтан да соңғыдайын өнім өндіретін кәсіпорындардың үлес салмаға өте төмен болуынан өнеркәсіпті қайта құру құру қарқыны жеткілікті дәрежеде емес.
Республикада кен өндіру салалары кәсіпорындарының көпшілігі ІІІ және ІV қайта өңдеумен айналыспайды, сондықтан да өндірілген шикізат пен жартылай фабрикаттар әрі қарай өңдеуге алыс және жақын шетелдерге тасып әкетілуде. Өңдеу өнеркәсібі салаларын қайта құру арқылы шикізаттан дайын өнім өндіру мемлекеттің экономикасын ұзақ жылға тұрақты дамуға әкеледі.
Қазіргі таңда, жалпы алғанда, отандық өнеркәсіп өнімдерінің әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілеті төмен, оның басты себептеріне:
oo Өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындарының, мысалы, машина және прибор жасау, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика және тағы басқалардың технологиялық жағынан артта қалуы;
oo Кейбір салалардың негізгі қорлардың тозуы 50-60 % - ға және тозған құралдардың үлес салмағы 10-20 % - ға жетіп жатыр.
Осыған байланысты байланысты стратегиялық бағытта елімізде ішкі нарықтың жаңа тұжырымдамасын қалыптастыру үшін өндіруі ұтымды болатын өнімдер, тауарлар, қызмет түрлерін анықтап алу қажет болып отыр.
Өнеркәсіп құрылымын қайта құруда қосылған құны жоғары өнім өндіретін өндірістердің үлес салмағын арттыра түсу уақыт талабы болып отыр. Қазіргі кезде мұның өзі түйінді мәселенің біріне айналғандықтан осы мақсатта жүргізілетін шаралар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Өнеркәсіптің құрылымы дегеніміз - оның құрамындағы салалар мен салашалардың бір-бірімен байланысы, олардың құрамы мен құрылымындаға пропорциялық байланыстар мен әрқайсысының жалпы құрамындағы үлес салмағын көрсетеді. Экономиканың өсу тенденциялары осы құрылымның икемді түрде өзгеріп, жаңа сипатқа ие болуын талап етеді. Сонда ғана өнеркәсіп құрылымы жаңарып, бәсекеге қабілетті экономиканың негізін қалыптастырады.
Әртараптандыру, инфрақұрылымдық дамыту және жоғары технологиялық одан әрі индустрияландыру негіздерін жасау арқылы Қазақстан экономикасының өсуі мен тұрлаулылығын басқаруға бағытталған мемлекеттік саясат
Өнеркәсіпті қайта құру, әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту бұл мемлекетіміздің экономикасын тұрақты дамуға әкелетін жол. Өнеркәсіпті қайта құру өндірістердің, айталық, мұнай-газ машиналары, арнайы қорытпалар өндірістерін, биохимиялық және мұнай-химия өнімдері, тамақ, тоқыма, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдары өндірістерін және басқаларын қамтиды.
Тұрақты даму тұжырымдамасында көзделген ұзақ мерзімді тиімділік пен әділдік материалдық және ізгіліктік негіздерді, сондай-ақ индустриалдық қоғам дамуының экономикалық тетіктерін түбегейлі қайта құру қажеттігін тудыратындықтан, бұл тұжырымдама әзірше жеткілікті деңгейде нарықтық экономикасы дамыған елдердің экономикалық саясатына әсер еткен жоқ.
Жалпы тұрғыдан алғанда өнеркісіпті, кәсіпорынды қайта құру дегеніміз- өнеркәсіптің белгілі бір саласының құлдырау үстіндегі, тиімсіз, банкротқа жақын лебінен шығару мақсатында, оны басқа бір салаға қайта құру арқылы өндіріс орнын сақтап қалу болып табылады.
Өнеркәсіпті қайта құру арқылы мемлекет:
көптеген жұмыс орындарын сақтап қалады;
өңірдің инфроқұрылымын тұрақтандырады;
белгілі саланың экономикалық өрлеуін нығайтады;
аймақтың экономикалық байланыстар торабын ұлғайтады және әртараптандырады;
жаңа темір және көлік жол тораптары ашылады;
Сөйтіп, өнеркәсіптік құрылымдық-салалық қайта құрудың негізгі міндеттеріне өнеркәсіптік өнім өндіру көлемінде халықтың тұтынушылығын қанағаттандыруға бағытталған салалардың өнім көлемінің үлес салмағын арттыру, сонымен қатар ішкі қажеттіліктер мен экспортқа жңберілетін өнім көлемін көтеру жатады.
Құрылымдық қайта құрылудың қозғалысының оң немесе теріс нәтиже беруі оның бағытына байланысты болып келеді. Өнеркәсіптің құрылымының прогрессивті түрде даму критерийіне оның тиімділігінің артуы жатады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, белгілі бір уақытта экономикалық қызметтің түріне шаруашылық аралық байланыстар мен қаржы және материалдық ағындар басты рөл атқарады. Соның нәтижесінде өндірістің адам және заттай факторлардың бір-бірімен байланысы және олардың барлық буындарды қызмет етуі қалыптасады.
Өнеркәсіптің салалық құрылымын қайта құрудың негізгі бағытына техникалық прогрестіңәсерінен салалардың дамуы жатады. Мұндай салалардың қатарына ең алдымен электр энергетика, машина жасау және химия өнеркәсібі жатады. Осы салалардың жедел өсуі жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі олардың үлесінің өзгеруіне әсерін тигізеді. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымын қайта құру кен өндіру және өңдеу өнеркәсіптерінің салалары арасындағы ара қатынасатың өзгеруінде көрініс табады. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерінің материал сыйымдылығы азаяды, кен өндіру өнеркәсібі ұтымды орналасады, өндіріс аясына химиялық әдіспен өндірілген материалдардың жаңа түрлері көбейеді.

Сурет-2. Өнеркәсіп құрылымын қайта құру

Өнеркәсіптің құрылымын қайта құру

Негізгі қағидаттары
Көрсеткіштері
Мақсаты

Бәсекеге түсуге қабілетті тауарлардың өнім көлеміндегі үлесін арттыру
Аймақтық өндірістік кешендердің дму тұтастығын және бірлігін қамтамассыз ету
Шикізат өңдеуші жаңа салаларды қалыптастыру

Экспортқа бағытталған өнім өндіруші кәсіпорындардың үлес салмағын арттыру
Салалардың даму басымдылығы мен инвестициялық саясат
Ғылыми сиымда жаңа технологиялар өндіретін кісіпорындарды құру

Салааралық инфрақұрылымдар ұйымдастыру
Жоғары технологиялық өнімдердің санын арттыру
Салалар арасындағы үйлесімділік пен пропорция


Салалық құрылымды жетілдіруден болатын экономикалық тиімділік ең алдымен инвестициялық-инновациялық әлеуетті көтеру арқылы, жаңа құрылыс немесе реконструкция, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту және технико-технологиялық құрылымды жетілдіру арқылы жүзеге асырылады.
Өнеркәсіпті қайта құру арқылы біз ең бастысы дамымай тұрған өнеркәсіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті бюджеттің кірістерін қалыптастыру
Арнайы экономикалық аймақтар, олардың құрылу ерекшеліктері
Нарықтық экономиканы құрудағы ұсақ бизнестiң ролi
Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық – құқықтық формалары
Қаржы жүйесін ұйымдастыру принциптері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесіндегі «электронды үкімет» туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін алуы
Бюджетті атқарудағы қазынашылықтың рөлі
Франция мемлекетінің туристік индустриясы
Халықаралық стратегиялық альянс
Пәндер