Генетикалық ресурстарды пайдалануға байланысты пайданы ақиқатты түрде және тең негізде алу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті

Реферат

Тақырыбы: «Биологиялық және ландшафтық түрлілік»

Орындаған:Атымтай М. М

ТТ16-2

Тексерген:Адильбаева Т. Е

Қарағанды 2016

Жоспар:

Кіріспе:

1. Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы

2. Конвенция өзара қарым-қатынастағы жақтар

3. Қоршаған ортаның ластануы

Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы - биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.

1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер мынадай негізгі баптарды орындауға міндеттенді:

  • әрбір мемлекет өз ресурстарын табиғат қорғау саласындағы саясатының негізінде қолдана алады және іс-әрекеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің табиғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты;
  • биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тұрақты әрі тиімді пайдалану мақсатында басқа да ортақ мүддесі болған жағдайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп іс-әрекет жасайды;
  • биологиялық алуан түрліліктің құрамдарына, оны сақтауға және тұрақты әрі тиімді пайдалануға кері ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестерге, оның зардаптарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргізіледі;
  • биологиялық алуан түрлілікті және оның құрамын анықтау, сақтау және тұрақты, тиімді пайдалану шараларын іске асыру мақсатында мамандарды оқыту және даярлау бағдарламаларын дайындайды және іске асырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді. [1]

Қазақстан конвенцияға 1994 жылы ғана қосылды. Қазақстанның экожүйесі ерекше. Мемлекет аумағында өсетін өсімдіктің 500-ге жуық түріне жоғалып кету қаупі төніп тұр. Қазақстанда ұя тепкен құстардың 14 түрі жаһандық маңызы бар құстар болып табылады. Қазақстанда тіркелген омыртқалылардың 236 түрі Қызыл кітапқа енген. Республикада 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі туралы концепцияция қабылданған. Биоалуан түрлілікті сақтап қалудың тиімді шарасы ерекше күзетілетін табиғи аумақтар құру болып табылады.

Қазақстанда оның аумағы 13, 5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4, 9 пайызын құрайды. Экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бұл жеткіліксіз. Әлемдік стандарт - 10 пайыз. Дамыту және орналастыру концепциясы бойынша ерекше күзетілетін табиғи аумақтарды 17, 5 млн. гектарға дейін арттыру көзделген.

Конвенция өзара қарым-қатынастағы жақтар алдына үш негізгі мақсат қояды: 1. Биологиялық сан алуандықты тұрақты пайдалану; 2. Оның құрамдас бөліктерін тұрақты қолдану; 3. Генетикалық ресурстарды пайдалануға байланысты пайданы ақиқатты түрде және тең негізде алу.

Биосаналуандықты тиімді қолдану және сақтау мәселелеріне елдің негізгі стратегиялық құжаттары «Қазақстан 2030» Стратегиясы. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы және т. б енген. Экологиялық және ауылшаруашылық бағыт бойынша ғылыми-зерттемелік жұмыстар жүргізілуде. «Жасыл ел» және « 2005-2007 жылдарға арналған ақ бөкендердің және жоғалып жатқан және сирек жабайы тұяқты жануарлар түрін сақтау және қайта көбейту» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Елде, биологиялық сан алуандықты сақтауда және экологиялық білімді артыруда және биоресурстарды тұрақты қолдануға қолдау жасау бойынша мықты мемлекеттік емес ұйымдар жұмыс жасауда. қолдану және қорғау саласында ұлттық заңнама бар. Ол Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау жөнінде», «Жануар әлемін тиімді пайдалану және қайта орнын толтыру, қорғау жөнінде», «Айрықша қорғалатын табиғи аймақтар жөнінде» Заңдарында негізделген.

Қоршаған ортаның ластануы ылғи да әр түрлі аурулардың қауіпті көзі болған. Өзінің тұтынуына және қолдануына шындығында қажет мөлшерден едәуір артық заттарды, материалдарды және нәрселерді қатыстырып, адамдар ерте уақыттан бері өздерін қалған-құтқандар мен жуынды-шайындылардың шоғырымен қоршаған. Кез келген жабайы жануаға қарағанда аса кір осы ортада адамның биотикалық ортасы қалыптасты. Табындары жалпы ластануды арттыратын қолға үйретілген жануарлардан басқа, адам жүрген бүкіл жерде онымен бірге қалыптасып кеткен организмдер: алуан түрлі микробтар, саңырауқұлақтар, кенелер, биттер, қандалалар, тарақандар, шыбындар, тышқан-дар, егеуқұйрықтар, сондай-ақ көптеген эндопаразиттер, гельминттер жүреді. Адамда паразитше тіршілік етіп немесе антропогенді органикамен қоректеніп, олардың көбісі соңғының биотикалық айналымға қосылуына мүмкіндік туғызады, бірақ сонымен бірге қауіпті инфекциялардың көздері болып табылады.

Гигиенаның және санитарияның дамуы, күшті дезинфекцияланған құралдарды, сонан соң арнайы улар - биоцидтер мен пестицидтерді қолдану - қоршаған ортаның ластануының біртіндеп сапалы өзгеруіне әкелді. Онда биогендік органика, патогенді организмдер және олардың тасымалдаушылары азайды немесе қалай болғанда да синтетикалық ластаушы заттардың және басқа техногенді агенттердің саны ұлғайды. Қазіргі ластаушылардың көп санына қатысты адам организмінің тиімді иммундық қорғанысы болмайды. Сонымен бірге кейбір ластаушылар мутагендер болып табылады және патогенді микробтарды, вирустарды және басқа агенттердің қауіпті өзгерістерінің пайда болуын тудыруы мүмкін.

Адамның қандай да бір жеке химиялық немесе физикалық агентімен жедел зақымдануының айқын білінетін ерекше симптомдары токсикология, травматология және радиациялық медицина болып табылады. Олар қауіп дәрежесі жоғары жеке категорияға ерекшеленуі мүмкін. Кәдімгі өмірде техногенді ортаның көптеген агенттерінің аз дозаларының ұзақ аралас әсер етуі нәтижесінде адамдар денсаулығының нашарлау симптомдарымен жиі кездесуге тура келеді, сонымен бірге оларға экологиялық емес патология симптомдары ылғи дерлік қосылады. Сондықтан көптеген жағдайларда ауру көзі ретінде техногенді ластанудың жалпы аурушаңдыққа үлесін бағалау қиын.

Сумен, тамақпен, ауамен, физикалық факторлармен жанамаланған әсер ету көзделгенде ортаның ластануына жататын акценттерді және айтарлықтай кеңінен түсінуге болатын ортаның сапасына немесе күйіне жататын акценттерді ажырату керек. Кең мағынада экономикалық қамтамамыз етілгендік орта факторларының қатарына кіреді, себебі тіршілікті қамтамасыз ету экономикасы экологиямен байланысты.

Орта сапасының халықтың денсаулығына әсерін бағалаудың аса сенімді сандық бағалары техногенді ластану деңгейі бойынша ажыратылатын бір қаланың әр түрлі аудандары тұрғындарының аурушаңдығымен салыстырғанда алынған: ластану деңгейі неғұрлым жоғары болса, халықтың аурушаңдығы көрсеткіші соғұрлым жоғары болады.

Әр түрлі қалалар мен өңірлерді салыстыру бұл қатынаста аз анықталған нәтижелерді береді, себебі техногенді ластанудың әсері өмір сүру жағдайларындағы басқа айырмашылықтармен жасырылады. Бірақ бұл жағдайда да айырмашылықтар айтарлықтай анық айқындалады. Ресейдің ауадағы зиянды заттардың ШМК едәуір (10 есе және одан артық) жоғарылауы үнемі тіркелген 66 қаласында олардың тұрғындарының 40 млн. арасында жалпы аурушаңдық деңгейі елдің басқа қалалары бойынша орташа деңгейден 1, 6…2 есе жоғары болды.

Маңызды поллютанттардың (ластаушы заттардың) ШМК қамтамасыз етілген қауіптілігі шегінің үнемі 3…4 есе жоғарылауы эпизодтық экопатологиядан көптеген экогенді аурулардың созылмалылануына өтуіне және ұзақ экопатологиямен адамдардың едәуір контингенттері қамтылатын эндоэкологиялық эпидемиялардың айқындалуына әкеледі.

Ерекше техногенді экопатологиялар, жедел уланудан ерекшелігінде, техногенді ластанудың аз, субқауіпті және кәдімгі сезілетін дозаларының созылмалы әсері нәтижесінде дамиды. Экосфераның бүкіл биотасы сол немесе басқа дәрежеде өнеркәсіптік улармен уланған. Мысалы, бірінші мыңжылдық ортасындағы Мексика аборигендерінің сүйектеріне қарағанда, қазіргі американдықтың сүлдесінде 1000 есе көп қорғасын бар екендігі анықталған. Өнеркәсіптік аудандардағы адамдардың шаштарында, тырнақтарында қорғасын, кадмий және басқа элементтер бар. Көптеген жағдайда бұл «симптомға дейін» улану деп аталады. Бүгінгі күні қазіргі заманғы адамдар популяцияларының жалпы аурушаңдығына үлесі бар ма және оның қаншалықты үлкен екендігі әлі анық емес. Алайда көптеген заттардың бір уақытта адам организмінде жинақталу тенденциясы болады. организмде қандай да бір агенттің биоаккумуляциясының қауіпті мәніне жету ауруға әкеледі.

технологиялық жарамдылығына қарай ресурстар екі топқа бөлінеді, біріншісі технологаялық міндетті, екіншісі этнологиялық міндетгі емес, яғни мүмкіндік туғызушы ресурстар.

Технологиялық міндетті немесе қажетті ресурстарсыз туристік-рекреациялық қызметті елестетуте болмайды. Туристік нарықта жетілдіруде технологаялық кажетті ресурстар болуы кажет. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық туризм ресурстарына әсем табиғи комплекстің болуы, ал тау туризмі мен альпенизмге-тау тізбегі мен шатқалдардың бірегей массаларлын болуы жатады. Технолоиялық міндетті ресурстар толық демалу мен рекреациялық мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді, бірақ барлық уақытта ең тиімді мүмкіндік болып санала бермейді. Сұранымды толық қанағаттандыру үшін өзіне тән орта, жан-жақты әсемдік, жарасымдылық қалыптастыратын бірнеше ресурстар комплексі, яғни мүмкіндік туғызатын ресурстар болуы қажет.

Технологаялық міндетті және мүмкіндік жасаушы ресурстардың үйлесімділігі демалушылардың сұранымын барынша қанағаттандыратындай туристік-рекреациялық ресурстар кешенін қалыптастырады.

Технологиялық міндетті рекреациялық ресурстар рекреациялық ресурстың өзі немесе мақсатты бағыттағы ресурстар (емдік сауықтыру және т. б. ) болып және рекреациялық емес, бірақ та технологиялық қажетгілігі бар (орман қалыңдығы, судың көптігі т. б. ) ресурстар болып екіге бөлінеді.

Табиғат кешенінің жайлылығы бұл демалу мен туризмнің нақты бір түріне деген сұранымның ресурсқа деген сәйкестілік деңгейін анықтайтын қасиетке негізделген.

Табиғи ресурстардың көлемі туризмнің нақты бір түріне немесе рекреациялық жұмыстардың циклына орай анықталады.

Табиғи ресурстарды пайдалануды реттеп отыру туристік қызмет технологиясына аса қажетті, сондай-ақ табиғи ортадағы экологаялық тепе-теңдікті сақтауға лайықты шара болып есептеледі.

Табиғи ресурстардың аттрактивтілігі сол жердің өзіндік ерекшелігі, әртүрлілігімен сипатталады. Табиғи ландшафты этикалық тұрғыдан бағалағанда табиғатгың маусымдық динамикасы, жер қыртысының жеке-жеке сипаттамасымен, басып жататын кезеңнің ұзақғығымен, орманның заңдығы, судың молдығы сияқты ерекшеліктері есептелінеді.

Табиғи ресурстардың мақсаттылығы белгілі бір ауданның шаруашылық салаларына қарағанда осы туризм саласына пайдалану арқылы түсетін әлеуметтік-экономикалық пайдамен айқындалады.

Туристік қызметке құнды табиғи-рекреациялық ресурстарды тартуда кәсіпкерлерден қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдалануға қатысты біліктілікті талап етеді.

Мемлекеттің табиғи-қорықтық қорындағы ерекше қорғалатын аймақтардағы туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік ұйымдастырушылық негіздері Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғат аймақтары» Заңында қарастырылған .

Туризм кластерін жетілдіруді қолға алып жатқан энтузиастарға Үкіметтің осы жылдың қаңтар айында еліміздің бірқатар аймақтарындағы ұлттық парктердің жағдайын жақсарту жөнінде қаулы қабылдауыжаңа серпіліс әкелгендей. Сондықтан да олар Оңтүстіктегі Ақсу-Жабағылымен қатар Жетісудағы бұрыннан бар ұлттық парктер Алтынемел мен Алатауға мықтап назар аударып отыр. Таңдау дұрыс. Себебі шетелдерден туристер көп келетін жер, міне, осы табиғат нүктелері. Бұл бағытта бірнеше жобалардың нобайы жасалған. Ол «2006-2010 жылдары туристік кластерді дамыту» бағдарламасында да көрініс тауып үлгерген.

Оңтүстік Қазақстан облысы - республика бойынша суармалы егістікпен, сонымен қатар бағалы техникалық және дәнді дақылдар-мақта, қант қызылшасы, темекі мен күріш өсірумен айналысатын негізгі аудан. Аймақтын табиғат жағдайлары да бау-бақша және малшаруашылығынаң ішінде қой мен ірі қара мал өсіру үшін қолайлы болып табылады. Оңтүстік Қазақстанның табиғат жағдайлары, көрші Орта Азияның табиғатымен салыстырғанда өзіндік айырмашылық таптарымен ерекшеленеді. Мұнда көптеген аймақты ауқымды құрғақ жазықтар мен бөлігіне жуығын шөлді жазықтар алса, небәрі 1/5 бөлігіне ғана таулар мен тауалды қыраттары жайғасқан. Соған қарамастан, 3 кестедегі мәліметтерге сәйкес Оңтүстік Қазақстанның экономикасын дамытуда альпілік және субальпілік шалғынды таулар, осы таулардын бастауын алатын көптеген өзендер, сол сияқты тау беткейлерінде жатқан құнарлы каштан топырақтар елеулі ықпал етіп келеді.

Қазақстанның оңтүстік шекарасын бойлай жүздеген километрге созылып жатқан Тянь-Шань тауларының батыс тізбектері осы ауданға өзінін көрікті де әсем шыңдары мен шатқалдарын сыйлаумен қатар ондағы Қазақстанның архитектура-археологиялық ескерткіштердің көптігімен ерекшеленеді. Осындай мүмкіндіктерге байланысты, Оңтүстік Қазақстан аймағында туризмін дамуы үшін қажетті алғыштардың барлығы орын алған. Атап айтсақ, демалу мен серуендеу аймақтарын тандау барысында табиғи ресурстар маңызды роль атқарады. Саяхатшылар ауданның ландшафттық және климаттық ерекшеліктерін біле отырып, өсімдік пен жануарлар дүниесі қорын әр түрлілігі мен танысады, спорттын бірнеше түрлерімен шұғылданып, аң және балық аулаумен айналысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселесі
Қазақстан Республикасындағы патенттеу жүйесі
Пайда және процент
Қарыз капиталы немесе несиенің құрылымы
Қазақстандағы комерциялық кәсіпорындардың қаржылық жағжайы мен оларды талдау
Капитал нарығындағы пайыз нормасын басқару
Кәсіпкерліктің мәні және мазмұны
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
Меншік түрінің эволюциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz