Қазіргі Қазақстанның саяси партиялары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Қоғамдық бірлестіктер түсінігі, құрылымы және мазмұныҚоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттеріҚоғамдық бірлестіктерді құру және тарату
  2. Саяси партиялар

2. 1 Саяси партиялардың жіктелуі

2. 2 Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы

2. 3 Республика аумағындағы саяси партиялардың бағыт-бағдары

  1. Қазіргі Қазақстанның саяси партиялары

3. 1 Қазақстанда саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ықпалы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда саясаттануда «Саяси жүйе» түсінігі маңызды орын алады, өйткені ол сан қырлы саяси байланыстарды зерттейді, қоғамда қалыптасқан қатынастарды, билік қағидаттары мен әр түрлі институттарды қарастырады. Саяси жүйе қоғамның саяси тыныш-тіршілігіндегі билік жүргізу негізін ұйымдастырудың қайнар көзі болып табылады.

Саяси жүйе - саясатпен айналысатын субъектілердің өзара әрекет етуінің нақты тарихи нысаны. Ол субъектілер арасында саяси қатынастарды белгілі дәрежеде жинақтап ұйымдастырады, саяси қызметті өз үстемдігі арқылы тәртіпке келтіреді, олардың ара-жігін анықтап, шекараларын белгілейді.

Саяси жүйе қоғам мен мемлекет арасындағы қатынасты ұйымдастырады, саяси үрдістерді, саяси қызметтің жағдайларын, саяси ілгерілеу мен ұмтылыстарды сипаттайды. Саяси қызметтің бір түрі болып саналатын саяси жүйе саясат субъектілерінің өзара іс-қимылы нәтижесінде пайда болатын жағдайлардың мән-мазмұнын ұйымдастырушы ролін аиқарады. Саяси жүйе саяси үрдістерді реттеудің қалай жүріп жатқанын, саяси биліктің құрылуы мен қызмет істеу жағдайын көрсетеді, өндіріс пен мемлекеттік билікті пайдалану негізінде әлеуметтік қатынастар арасында игіліктерді бөледі.

Қоғамның саяси өмірі деген түсінік басқару мен саясатты жүзеге асырудың нысандары мен түрлерін, қоғамда болып жатырған өзгерістердің барлығын қамтиды. Саясат пен саяси билік саяси жүйенің барлық элементтерін қозғалысқа келтіреді, саяси байланыстар мен қатынастарды орнықтырады және барлық саяси субъектілерінің қызметін пәрменді етеді.

Мемлекет пен жеке адамның арасынадағы жан-жақты өзара байланыс саяси өмірдің тірегі болып саналады. Сонымен қатар, қоғамның саяси өмірі мыналардан: қоғамның саяси өмірінің, оның барлық институттарының жұмыс істеуінен; азаматтардың өздерінің саяси құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қолдана алуынан, сонымен қатар саяси режимнен және саяси күштердің бір-біріне қарсы тұрып күресуінен көрініс табады. Саяси өмірге қатысушылар саны орасан көп, олардың ішінде маңызды орын саяси партияларға тиесілі. Бастапқы кезде «партия» өздерінің ұстанымдарын қорғайтын жария топтарды білдіретін. Партия феодалдық қоғамның буржуазияға өту кезеңінде, яғни XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қалыптаса бастаған еді. XIX ғасырда нақты пайда бола бастаған қоғамдық дамудың тенденциялары саяси партиялардың қалыптасуына елеулі ықпал етті.

Қоғамдық дамудың әр түрлі бағыттарына тұжырымдар жасаған қалыптасқан идеологияның нақты түрде көрініс беруі (либерализм, социализм, анархизм) осы істе зор маңызға ие болды. Ал осы идеяларды қалың бұқараға жеткізетін және сол мүддені білдіретін бірден-бір қозғалыс саяси партиялар болатын. Парламенттік, конституциялық, буржуазиялық мемлекеттердің дамуына орай бірте-бірте партиялар өздерінің саяси және құқықтық мәртебелерін нығайта бастады, қоғамның саяси өмірінің аса қажетті элементі екендігін танытты.

Осы заманғы саяси партиялар дегеніміз не?

Саяси партиялар - бұл белгілі бір қоғамдық топтар мен таптардың саяси мүдделері мен қажеттіліктерін білдіретін, мемлекеттік билікті жеңіп алу жолымен өз мақсаттарын жүзеге асыруды көздейтін және сол билікті жүзеге асыруға ұмытылатын мүдделі адамдардың ұйымдасқан тобы. Қазақстанның саяси жүйесінде демократиялық жүйенің элементтері болып табылатын, саяси партиялар аса маңызды роль атқарып келеді[1] .

Саяси партиялар - бұл белгілі бір қоғамдық топтар мен таптардың саяси мүдделері мен қажеттіліктерін білдіретін, мемлекеттік билікті жеңіп алу жолымен өз мақсаттарын жүзеге асыруды көздейтін және сол билікті жүзеге асыруға ұмытылатын мүдделі адамдардың ұйымдасқан тобы. Қазақстанның саяси жүйесінде демократиялық жүйенің элементтері болып табылатын, саяси партиялар аса маңызды роль атқарып келеді[1] .

Қазақстаның саяси партияларының демократиялық мемлекет құруға қатысуы мәселесін зеттегенде естен шығарылмайтын маңызды мәселе мемлекеттің мүдделі топтардан елдің конституциясы мен заңдары шеңберінде ғана қызмет етуін талап етуі болды. Қазақстан халқы үшін тағдырлық маңызы бар мемлекеттік ортақ міндеттерді елдегі оппозициялық партиялар мен қозғалыстар да жоққа шығарған жоқ.

Курстық жұмыста алғашқы уақытта Қазақстандағы саяси партиялардың анықтамасын беретін боламын. Саяси партиялардың биліктің мақсаттарын айқындауға көзқарастары бірдей болғанымен сол мақсаттарды орындау әдіс-тәсілдерін басқаша түсінеді. Оппозициялық партиялар биліктің халық алдында толық ашықтығын және есептілігін жақтаса билік партиялары мемлекеттік міндеттерді өз күшімен, өздерінің саяси шараларымен шешкенді дұрыс көреді. Билік партиялары Қазақстан халқы алдындағы ашықтықты және толық есептелікті міндетті емес деп санады. Билік көптеген мәселелерді өз бетімен шешуге құштар болды. Халыққа есеп формалды жағдайға қалды. Билік партияларының халық алдында нақты есеп бере бастауы, әкімдердің есебі, министрлер кабинетінің есебі саяси практикада 2000-ші жылдардың басында «Отан» және «Нұр Отан» партияларының қызметіне қатысты кірді.

  1. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР ТҮСІНІГІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Қоғамдық бірлестіктер дегеніміз саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінін ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктер және олар коммерциялық емес ұйымдар қатарына жатады [2] . Қоғамдық бірлестіктер қызметі оның мүшелері мен қатысушылар арқылы атқарылады, олар жеке адам не заңды тұлға түрінде болуы да мүмкін. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы сол, егер мүшелікке жеке адамның арызы арқылы алынса, онда қатысушылар қоғамдық ұйымдардың мүшелерінің санын есептеу қажеттілігі туындайтын құжаттарда белгіленеді.

Қоғамдық ұйымдар алуан түрлі және өте көп. Олар мынадай ұйымдастырушылық құқықтық нысандарда құрылуы мүмкін:

  • Қоғамдық ұйымдар
  • Бұқаралық қозғалыстар
  • Саяси партиялар
  • Кәсіптік одақтар
  • Қоғамдық қор және т. б

Саяси партиялар дегеніміз азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына білдіру және оларды қалыптастыру ісіне қатсыу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі[3] .

Қоғамдық ұйымдардың ерекшелігі басқа қоғамдық бірлестіктердің нысандарына қарағанда мүшелік негізінің болуы. Демек, қоғамдық ұйымдар- бұл ортақ мүддесін қорғауға және жарлықта көрсетілген мақсаттарға жету үшін мүшелік негіздегі қоғамдық бірлестіктер. Қоғамдық ұйымның ең жоғарғы басқарушы органы - съезд(конференция) немесе жалпы жиналыс. Сонымен қатар оның тұрақты басқарушы органы да болады (сайланбалы коллегиалды орган съездің, конференцияның немесе жалпы жиналыстың алдында есеп береді) .

Қазіргі біздің қоғамымызда кәсіподақтар орасан зор рөл атқарады. Атынан-ақ көрініп отырғандай, кәсіподақтар қызметшілер кісәптік, жалпы өндірістік белгісіне қарай біріктіреді. Ол барлық қызметшілердің, интелллигециялардың түрлі топтардың талап-тілектерін қанағатандыруға тырыса отырып, өкілдік негізде азаматтардың әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталып, мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтасады. Өз өкілеттігі шегінде ол жұмыссыздықты болдыртпауға, ұжымдық келісімдерді жүргізуге, келісімдерді, ұжымдық шарттарды жасауға, олардың орындалуын бақылауға, ұжымдық дауларды шешуге қатысуға, еңбек заңдарын орындауға байланысты кәсіподақтық бақылауды іс жүзінде жүргізуге, қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге құқылы. Еңбекшілердің мәдениет тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу, олардың денсауылығы жөнінде қамқорлық жасау кәсіподақтарға жүктелген. Осының барлығы кәсіподақтар еліміздің бүкіл қоғамдық саяси өмірінде маңызды орын алатынын көрсетеді.

Қоғамдық ұйымдар өздерінің ұйымдастырушылық нысандарынан ғана емес, ол заң бойынша жұмыс істеулерімен де ерекшеленеді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасыныңда республикалық, аумақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылып қызмет етеді.

Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер республикалық қоғамдық бірлестіктер жатады. Аймақтық қоғамдық бірлестіктердің қатарына еліміздің облыстарының жартысынан азының аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер жатады. Ал жергілікті қоғамдық бірлестіктер қатарына тек бір облыс шегінде жұмыс атқаратын бірлестіктер жатады.

Әдетте, қоғамдық бірлестіктер заң алдында тең. Ол өз мүшелерінің (қатысушыларының) еріктілігі, тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, қызметінің заңдылығы, есептілігі мен жариялығы негізінде құрылып, жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында (5-бап, 3-тармақ) қоғамдық бірлестіктерді құруға белгілі бір шектеулер қойған. Мысалы, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге және т. с. с бағытталған қоғамдық бірлестіктерді құруға және олардың қызметіне, заңсыз әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.

Қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері

Қоғамдық ұйымдар - ерікті өзін-өзін басқара алатын ассоцация. Сондықтан, қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылуына мемлекет қоғамдық бірлестіктер істеріне және қоғамдық бірлестіктер мемлекет істеріне заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктеріне мемлекеттік органдардың міндеттерін жүктеуге заң тиым салады[4] .

Көптеген қоғамдық бірлестіктер саяси өмірге белсене араласады, мемлекеттік өкімет органдарын сайлауға қатысады, саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер өкілдері депутаттар қызметін атқаруға сайланады, мемлекеттік қызметте жұмыс атқарады. Өздігімен қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік билікті жүргізе алмайды, өйткені мемлекеттік билік өкілеттігіне ие емес. Бұл мемлекеттік органдарға ғана қатысты.

Қоғамдық ұйымдар өз өкілеттігі шегінде көптеген құқықтарды іс-жүзіне асырады. Олар өз қызметі туралы ақпарат таратуға; соттар мен басқа да мемлекеттік органдарда, өзге де қоғамдық бірлестіктерде өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға, бұқаралық ақпарат құралдарын құруға хақылы. Сонымен бірге, олар жиналыстар, митингілер, демонстрациялар шерулер мен пикеттер өткізуге, баспа қызметін жүзеге асыруға, халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге кіруге және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де өкілеттілікті жүзеге асыруға құқылы.

Қоғамдық бірлестіктерге, құқықтармен бірге, міндеттер жүктейді. Айталық, еліміздің заңдарын, сондай-ақ өз жарғыларында көзделген нормаларды сақтауға, өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен және шешімдермен олардың танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге; ақша қаражатының келіп түсуі мен жұмсалуы туралы өз мүшелерін хабардар етуге; тұрақты жұмыс істейтін басшы орган орналасқан жердің және бірыңғай мемлекеттік тізбеге енгізілетін мәліметтер көлемінде басшылар туралы деректердің өзгергені туралы тіркеуші органға хабарлап отыруға міндетті. Қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттерін атқарған кезде мемлекет тыс қалмайды. Өйткені ол олардың қызметтерін ұдайы бақылап, қадағалап отырады. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы мәселен, қоғамдық бірлестіктердің заңдарды қалай орындайтындығын бақылайды. Тіркеуші органдар қоғамдық бірлестіктердің қызметі жарғы мақсатына сай не сай еместігін бақыласа, ал қаржы органдары олардың кірістері мен шығындарын есептеп бақылау жұмыстарын жүргізеді. Басқа мемлекеттік бақылаушы және қадағалаушы органдары (экология, өрт сөндіру т. б) қоғамдық бірлестіктердің тиісті Ереже нормаларын орындауларына бақылау жасауға қатысады.

Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарды бұзғаны үшін кінәлі заңды және жеке тұлғалар, олардың ішінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және қоғамдық бірлестіктердің басшылары жауапты болады.

Қоғамдық бірлестіктерді құру және тарату тәртібі

Қоғамдық бірлестіктерді құру үшін, ең алдымен бұл туралы жарғы қабылдануы және басқарушы органдар қалыптастыратын Құрылтай съезін (конференциясын, жиналысын) шақыру, сонымен бірге кемінде 10 адамнан тұратын тобының бастамасы болуы тиіс. Қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мен қатысушыларына Заң белгілі бір талап қояды. Әдетте, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мен қатысушылары болып Қазақстан Республикасының азаматтары және заңды тұлға ретінде қоғамдық бірлестіктер болып саналады. Сонымен бірге, бұлардың қатарында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да бар(бұған саяси партиялар кірмейді) . Он алты жасқа толған азаматтар саяси партиялар жанынадағы жастардың қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері (қатысушылары) бола алады. Өзге де қоғамдық жастар мен балалар бірлестіктері мүшелерінің жасы олардың жарғыларымен (ережелерімен) анықталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматы саяси партияның мүшесі бола алады. Саяси партияларға шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың мүшелігіне сондай-ақ ұжымдық мүшелікке жол берілмейді[5] . Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсізідік органдарының қызметкерлері мен судьялар саяси партияларда болмауға, қандай да бір саяси партияға қолдау көрсетпеу тиіс.

Азаматтың қоғамдық бірлестік қызметіне қатысуы немесе қатыспауы оның құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшін негіз бола алмайды. Ресми құжаттарда қоғамдық бірлестікке мүшелік (қатысу) туралы мәліметтерді көрсетуге талап етуге жол берілмейді.

Қоғамдық бірлестіктің заңды тұлға ретінде құқық қабілеттілігі ол Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша тіркелген кезінен бастап пайда болады. Ал егерде заңды түрде тіркелмесе, онда олар заңды ұйым құқығына ие бола алмайды. Тіркеуді Қазақстан Республикасның Әділет министрлігі (республикалық, аймақтық қоғамдық бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерін), аумақтық әділет органдары (жергілікті қоғамдық бірлестіктерді және олардың филиалдары мен өкілеттіктері) жүзеге асырады.

Қоғамдық бірлестіктерді тіркеу үшін заңда көзделген тәртіппен құжаттарды тапсыруы қажет. Оған қоса:

  1. Өтініш (екі айдан кешіктірілмеуі тиіс)
  2. Жарғы
  3. Жарғыны қабылдаған Құрылтай съезінің (конференциясының, жиналысының) хаттамасы
  4. Бірлестікті құру бастамалары
  5. Басшы органның мүшелері туралы мәліметтері
  6. Қоғамдық бірлестіктердің мәртебесін
  7. Заңды мекен-жайын
  8. Тіркеу алымының төленгенін растайтын құжаттарды табыстауы тиіс.

Қоғамдық бірлестікті, оның құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) тіркеуден бас тартуы мүмкін. Оның себептері заңды тұлғаларды «Мемлекеттік тіркеу туралы» заңда көрсетілген.

Қоғамдық бірлестіктерді қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) және оларды тарату тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының заңдарының шеңберінде жүргізіледі.

Қоғамдық бірлестіктің қызметі уақытша (үш айдан алты айға дейін) тоқтатыла тұруы да мүмкін. Оның заңды негіздеріне жататындар:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының бұзылуы
  2. Жоғарыда белгіленген мақсаттар мен міндеттер шегінен шығатын әрекеттердің бірнеше рет жасалуы
  3. Бұл туралы прокуратура ішкі істер органдарының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары негізіндегі соттың шешімі.

Қоғамдық бірлестіктердің тәртіп бұзушылықтың зардаптарын жоймаған жағдайда прокуратураның, ішкі істер органдары мен азаматтардың тиісті арыздары мен азаматтардың тиісті арыздары (шағымдары) бойынша сот тарату туралы шешімдері қабылдауы мүмкін.

  1. САЯСИ ПАРТИЯЛАР

Демократиялық қоғамда саяси жүйе, саяси әр алуандық пен адамдардың ойлары мен мүдделерін көздейтін әр түрлі қарама-қайшы партиялық күштер негізінде жұмыс істейді. Ондай көріністерді сайлау науқаны кезінде сезілетінін білеміз. Бірақ, қалай болса да, саяси жүйе заң шеңберінен шыға алмайды, оның іс-әрекеттері заң нысандарына сай болуы керек. Қазақстанда демократизация барысында саяси әр-алуандық, көппартиялық қалыптаса бастады. Партиялар әр түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып жұмыс істелініп жатыр.

Партия əлеуметтік қабаттар, кластар мен мемлекетке қатысты делдал ретінде болады, бірақ қызығушылықтар топтары мен қоғамдағы басқа да бірлестіктерден ерекшелігі, ол Р. Доуздың анықтамасы бойынша ең саяси болып табылады. Ол қоғамның əлеуметтік қабаттарының жəне белгілі бір кластардың қызығушылықтарын, қажеттіліктері мен мақсаттарын білдіреді, саяси билік механизмінің қызмет етуіне қатысады. Партияның іс-əрекетінің маңызды жағы болып саяси сананы қалыптастырудан көрінетін қоғамға оның идеологиялық ықпалы табылады.

Саяси партия - қоғамдағы белгілі бір əлеуметтік қабаттар мен топтардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін білдіретін ұйымдасқан, ерікті жақтастарды білдіретін қоғамдық өмірдің институты, мемлекеттік билікті əр түрлі саяси əдістермен жаулап алуды мақсат тұтады.

Саяси партияларды біріншіден, партияларға тəн ұйымдасқан құрылым мен дайындалған саяси бағдарламасы жоқ саяси қозғалыстардан, екіншіден, мемлекеттік билікті жаулап алуға емес, оны жүзеге асыратындарға ықпал етуге қол жеткізуге тырысатын қысым топтарынан айырып алған дұрыс.

Заманауи бұқаралық партиялар Европада XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Саяси ғылымда партиялардың тарихи қалыптасу процесі М. Вебер ұсынған сызба бойынша қарастырылады:

а) аристократиялық үйірмелер (категориялар) ;

б) саяси клубтар;

в) бұқаралық партиялар.

Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық(виги) және консервативтік (тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты.

Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың, таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттілігінен шығады. Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды мәселесі - азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі саяси топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрыңғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық, өткір, ойда жоқ шиеліністердің мүмкіншілігі азаяды. Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым дауыс беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жатады. Либералды-демократиялық партияларды орта жіктегі қызметкерлер, зиялы қауым, ұсақ кәсіпкерлер және т. б қолдайтын. Аграрлық партияларға шаруалар сүйенетін. XX ғасырдың ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ірі партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының дауысын жинады және барлығының мүддесін көздеді.

Партиялар ішкі бірлестіктерге ие тұрақты иерархиялық ұйымдарды білдіреді. Құрылымында партиялар мыналардан тұрады:

а) партия көшбасшылары;

б) ми штабы, партияның идеологтарынан;

в) партиялық бюрократия;

г) бюрократияға жатпайтын партиялық актив;

д) партияның белсенді емес мүшелері

Саяси партияларды басқа «саяси ойындарға» қатысушылардан мына көрсеткіштер бойынша айырады:

а) ұйымның ұзақ мерзімділігі, оның өмір сүруінің ұзақтығы. Бұл көрсеткіш партияны өздерінің негізін қалаушыларымен бірге жоғалып кететін əдеттегі камарилийлер мен клиентелдерден ерекшелеуге мүмкіндік береді;

б) ұлттық орталықпен (жетекшілікпен) жүйелі байланысты қолдайтын тұрақты жергілікті ұйымдардың болуы, бұл партияның парламенттік топтан айырмашылығын білдіреді;

в) жергілікті жəне орталық жетекшілердің билікке, күреске назар аударуы. Бұл партияны қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан (кəсіподақ, жастар жəне т. б. ұйымдары) ерекшелейді;

г) қоғам жағынан бұқаралық қолдаудың болуы. Аталған көрсеткіш партиялар мен қысым топтарының арасындағы айырмашылықты көрсетеді, қысым топтары əдетте сайлаулар мен парламент өміріне қатыспайды: олар партияларға, үкіметке жəне қоғамдық пікірге жасырын ықпал етеді.

Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдар, соның ішінде саяси ұйымдардың мүшелерінің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бірақ, барлық уақытта солай болады деуге болмайды. Саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.

Саяси партиялардың жіктелуі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында
Руханият партиясы
Қазақстан Республикасының саяси және қоғамдық партиялары
Саяси партиялар туралы ақпарат
Қазақстанның саяси партияларының президенттiк сайлауға қатысы бар ма?
Демократиялық мемлекет идеясы
Саяси партиялардың қоғамда алатын орны
Қазақстандағы саяси партиялардың бірігуі
Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстар туралы ақпарат
Қазақстанның саяси партиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz