Алаш автономиясы


Ақтөбе қаласы
ҚазГЗУ колледжі
Мәнжазба
Тақырыбы: «Қазақстан өлкесіндегі ұлттық автономиялар»
Орындаған: Маратқызы Н.
Тексерген: Есентаева Қ. А.
2016-2017 оқу жылы
Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
а) Қоқан автономиясы
ә) Алаш автономиясы
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі
I. Қазақстанда кеңес өкіметін орнатуда сыртқы күштердің ықпалы бұған дейін қалыптасып келе жатқан азаматтық келісім жағдайындағы «өзінің әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа мәселелерін өз бетінше шешуге мүмкіндік беретін біртұтас ұлттық-демократиялық даму жолына түсу үмітіне шек қойып, Қазақстанның бұдан былай да орталық биліктің дөңгелегіне мықты байлаулы күйінде» қалғандығын шешті. Бұл кезеңде большевиктерге қарсылық күресті ұйымдастыратын бір орталықтың болмауы, ол күштердің бытыраңқы жағдайда, әрі бір-бірімен қарама-қайшылықты қатынаста болуына байланысты ұлт аймақтардағы демократиялық күштер мен олардың саяси ұйымдары оқиға барысының дамуын қадағалап, өздеріне бұл күресте одақтастарды тіпті тиімсіз жағдайда іздеуге мәжбүр болды. Д. А. Аманжолова ол туралы «…ұлттық коммунистік ұйымдардың болмауы, жергілікті жерлерде большевиктердің атын жамылған «ерекше диктаторлық билік», шет аймақтардағы большевиктік қозғалыспен қатар жүрген зорлық, тонау және қызмет бабын пайдалану, «толық анархия» Алаш қозғалысын антисоветтік күштердің лагеріне итермеледі» деп көрсетеді . Жалпы Алаш интеллигенциясы арасында большевиктер бағдарламасы әуел бастан-ақ қолдау тапқан жоқ. Олардың түсінігі бойынша, большевиктер ұстанған бағыт Қазақстан емес, тіпті Ресейдің өзіне де азапты болашақ әкелетін бағыт болатын. Алаш қайраткерлері ең алдымен большевиктер бағдарламасындағы қоғамдық меншікке көшу туралы пікірді үзілді-кесілді қабылдаған жоқ. Өйткені олардың ойы бойынша, қазақ қоғамы жағдайында мұндай шараға бару мүмкін емес-тін, тіптен ондай әрекет, біріншіден, оны қабылдауға мүлдем даярлығы жоқ қазақ бұқарасы арасындағы түсінбеушілік туғызса, екіншіден, әлеуметтік теңдік орнатудан бұрын, әлеуметтік апатқа апаруы толық мүмкін еді. Дәстүрлі шаруашылық түрінің бұзылуы, қазақ шаруаларының, жалпы қоғамның қоғамдық меншікке негізделген шаруашылық жүргізуге қай жағынан болса да даярлығының жоқтығы осындай нәтиже бермей қоймайды деп түсінді. Қазақ зиялылары большевиктердің тап күресі туралы теориясын да қолдамады. Олардың түсінігі бойынша, қазақ қоғамы Ресейдегідей таптық жіктелу деңгейінен алыс жатты. Ал сол тарихи кезеңде «отарлық езгідегі қазақ жұртына қандай да болса жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу ауадай қажет еді. Жіктелу керісінше, оны әлсіретіп, негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді деп түсінді» деп пайымдайды тарихшылар.
II. Түркістан Автономиясы , Қоқан автономиясы - Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісіжеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т. б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясыдеп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т. б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгерӘ. Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды
Алаш автономиясы. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә. Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә. Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х. Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б. Құлманов, М. Дулатұлы, Т. Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған. Алаш автономиясы аталуы негізі болған алаш сөзінің мағынасы - дәлме-дәл қазақ, Қазақстан. Тағы да «Алты алаш заманы»деп Қазақ хандығына нақ үш жүзден тыс қырғыз, қарақалпақ, құрама елдері кіргенін көрсетеді. Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі ұлттық-мемл. құрылыс мәселелерін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік, терр. тұтастық принциптерін таңдады. Ә. Бөкейханов 2-жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-терр. мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп кейінірек (1919 жылғы 11-і ақпан) былай деп мәлімдеді: “съездің бұл шешімдері қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады . . . Сол кезде Россияда орын алған жағдайда қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы - большевизммен күрес тұрды”. Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді.
III. Бүкіл империя халқының, оның ішінде қазақ халқының тағдырын астан-кестен еткен азамат соғысы басталды да, аумалы-төкпелі аласапыран заман жаңа ғана бүршік жарып келе жатқан демократияны да, бостандық, теңдік аңсаған қазақ халқының арманын да аяқ асты етті. Алайда, «салыстырмалы қысқа ғана тарихи кезеңде мұсылман халықтарының психологиясында түбірлі өзгерістер болды, оның мәні рухани оқшаулықтан ресейлік қоғамның саяси өміріне белсене араласу, сонымен қатар әлемдік саясатқа қатысу. Ескі, уақыты өткен көзқарастардың орнына мұсылмандарға жаңа түсініктер келді, күні кешегі діни шектелу этноұлттық басымдылықтармен ауыстырылды . . . » . 1918 жылы көктемде басталып кеткен азамат соғысы енді ғана ұлт-азаттық күрес арнасына түскен қазақ қоғамын бүкіл Ресей империясын қамтыған тапаралық соғыс орбитасына тартты. Қазақ қоғамы болашақ мемлекеттік құрылыстың түрлі нұсқаларын жақтап (ұлттық және кеңестік) екіге бөлініп кетті. Сөйтіп, кеше ғана отарлық езгіге қарсы күресте саяси тұтастық туын көтерген қоғам мүлдем басқа сипат алып, таптық жіктелу жолына түсуге тиіс болды. «Бұл іс жүзінде жаңа ғана бой көтерген ұлт-азаттық қозғалыстың өзінің қисынды шешімін таппай жатып-ақ таптық күреске ұласуы еді . . . » деп баға береді М. Қойгелдиев, « . . . басқаша айтқанда, большевиктік басшылыққа ұлт-азаттық күрестің толық заңды нәтижесі есебінде пайда болған саяси ұлттық-мемлекеттік құрылым емес, пролетариаттық Ресей үлгісіндегі, орталық билікке байлаулы мемлекеттік жүйенің қалыптасқаны керек еді. Бұл сөз жүзінде, теорияда ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын мойындаған Кеңес өкіметінің, іс жүзінде объективті, табиғи даму кезеңі «ұлттардың өзін-өзі билеуін алып тастап», жедел түрде, күштеп «еңбекшілердің өзін-өзі билеуін енгізу» саясатына көшкендігінің көрінісі болатын» Дегенмен де, Алаш партиясының, Алашорда үкіметінің жанқияр еңбегі зая кеткен жоқ, Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап өткендей «ұлттық мүддеге қызмет етудің тарихи ұлы үлгілерін шын мәнінде көрсетіп берген әйгілі тарихи қайреткерлердің, мемлекет басқарушыларының тұтас легі біздің көз алдымызда. Олар қазақ мемлекеттігін дамытудың нысанасын жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде-ақ көрсетіп берген болатын. Біз асқақ сезімге бөлене отырып, ұлттық әрекетшілдігімізге қатысты ғасыр басында Алаш қайраткерлері бастап берген жолнұсқалар ғасыр соңында жалғасын тапты деп толықтай айта аламыз».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz