Латын Америкасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ақтөбе қаласы

ҚазГЗУ колледжі

Мәнжазба

Тақырыбы: «Латын Америкасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін»

Орындаған: Маратқызы Н.

Тексерген: Есентаева Қ. А.

2016-2017 оқу жылы

Жоспары

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

а) Латын Америкасы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін.

Ұлтшыл -реформизм

ә) Революциялық процестер

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

I. Латын Америкасы - Солтүстік Американың оңтүстік бөлiгi (Рио-Браво-дель-Норте өзенінің оңтүстігінен бастап бүкiл Орталық Америка мен Вест-Үндістан аралдарын қамтиды) мен бүкiл оңтүстік Америка аумағындағы елдердің жалпы атауы. Жалпы аумағы 22, 8 млн. км². Халқы 479 млн. адам. 15 - 16-ғасырларда қазіргі Латын Америкасы аумағында өмір сүріп жатқан жергілікті тайпаларды (Колумб үндістер деп атаған) Испания және Португалия жаулап алып, отар елдерге айналдырды. 1810 - 26 ж. тәуелсiздiк жолындағы соғыстар нәтижесiнде Америкадағы барлық отарлар Испаниядан бөлiнiп шықты. 1822 ж. Бразилия Португалиядан бөлiндi. Осыдан кейiн Латын Америкасында дербес мемлекеттер құрыла бастады. Қазiр Латын Америкасында 33 мемлекет және Франция, Нидерланд, АҚШ-тың бiрнеше тәуелдi аумақтары орналасқан. Солтүстік Американың оңтүстік бөлігіндегі жерлерде, Вест-Индияда және Оңтүстік Америкада орналасқан елдер тобын Латын Америкасы деп атайды. Латын Америкасында еуропалық қоныстанушылардың ұрпақтары, метистер, мулаттар, үнділер, африкандықтар тұрады. 18 елде ресми тілі-испан тілі.

II. Ұлтшыл-реформизм . Аймақ елдерінің соғыстан кейінгі онжылдықтар ішіндегі тарихы қоғамдық дамудың консервативтік, реформистік және революциялық баламаларының арасындағы күрестерге толы болды.

Латын Америкасы елдерінің соғыс кезінде және соғыстан соңғы жылдардағы өнеркәсіптік дамуларының олар үшін қолайлы сыртқы экономикалық жағғдайлар (олардың өнімдерінің бағаларының жоғары болуы) туып тұрған кездегі табыстары ұлттық өнеркәсіптік буржуазияның күшеюіне себеп болды. Олар шетел капиталы мен көбінесе ауыл шаруашылық шикізатін экспорттау шаруашылығымен байланысты дәстүрлі буржуазиялық-помещиктік олигархияны ығыстыруға, ұлттық экономиканың жедел дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылды. Мұндай ниеттер орташа таптар, ұсақ буржуазия, еңбекшілер тарапынан қолдау тапты.

Осы негізде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұқаралық ұлтшыл-реформистік партиялар мен қозғалыстар өріс алды. Олар экономикалық және әлеуметтік прогреске, әлеуметтік әділеттілікке жету, өз елдерінің егемендігін нығайту үшін күреске шақырды.

Осы сипаттағы қозғалыстардың ішіндегі ең көп тарағаны және ықпалдысы Аргентинадағы перонизм - полковник, кейіннен генерал Хуан Доминго Перонның жақтастарының қозғалысы болды. Өзі белсенді түрде қатысқан 1943 ж. 4 маусымдағы әскери төңкерістен соң Перон Аргентина үкіметінде беделді ықпалға ие болды. Ол тәуелділік пен мешеулікмен құтылу және таптардың ынтымақтастығы негізінді әділетті, гүлденген қоғам орнату үшін аргентин халқын бірлікке шақырды. Перон империализм мен олигархияны сынады, тұрмысы нашарларды қорғауға шақырды. Ол өзін халықты соңынан ерте білетін шебер саясаткер және дарынды шешен ретінде көрсете білді. Аргентина еңбекшілерінің сан миллиондаған қалың бұқарасы оны өздерінің қорғаушысы және қамқоршысы деп таныды. Перонның басты арқа сүйері елдің ұлттық кәсіподақ орталығы - Жалпы еңбек конфедерациясы (ЖЕК) болды. Бір мезгілде Перон олардың мүдделерін қорғап, үкімет бақылауымен жұмысшылармен ынтымақтастығын қамтамасыз етуге уәде беріп, кәсіпкерлердің қолдауына ие болды.

1946 ж. ақпанда болған Аргентинадағы жалпыға бірдей сайлауда консерваторлардан бастап комунистерге дейін барлық дәстүрлі партиялар Перонға қарсы бірікті. Бірақ Перон дауыстардың 54 % алып, президентікке сайланды. Бұл қызметте ол 9 жыл (1946 ж. маусым - 1955 ж. қыркүйек) отырып, елді авторитарлық әдістермен басқарды.

1947 ж. перонистік қозғалыс билеуші Перонистік немесе Хустисиалистік партияға («хустисиализм» - «әділет») бірікті. ЖЕК-ның өкілдері үкімет құрамына енді, парламенттің - Ұлттық конгрестің жұмысына қатысты. Перон жұмысшылардың жалақысын арттарды, жалпыға бірдей зейнетақымен қамтамасыз етуді, ақылы демалыс енгізді. Еңбекшілердің конституциялық құқықтары конституцияға енгізілді. Перон үкіметі шетелдік компаниялардан сатып алып, темір жолды, телефон, Орталық банк тағы басқа да бірсыпыра кәсіпорындарды мемлекет қарамағына алды. Экономикалық дамудың бес жылдық жоспары жасалды, бірнеше өндіріс кәсіпорындары, транспорт магистральдары салынды, ұлттық капиталға қолдау көрсетілді.

50 жж. ортасында Аргентина эскпортына баға төмендеп, одан түсетін табыстардың қысқаруына байланысты кең көлемді әлеуметтік және экономикалық саясатты әрі қарай жалғастыра беру мүмкіншіліктері шектелді. Осы жағдайларды пайдаланып, Перонның қарсыластары 1955 ж. қыркүйекте әскери төңкеріс жасады.

Мексикада ұлтшыл-реформистік саясат 40-жж. орын алды. Оған Л. Карденастың үкіметінің өзгерістері жол ашты. Карденастан кейін Мексика үкіметтерінде ұлттық өнеркәсіптік буржуазияның мүдделері басымдық алды.

Билеуші Институциялық-революцияшыл партия (ИРП) - 1946 ж. бұрынғы Мексика революциясының партиясы осылай аталған болатын - қоғамның барлық таптарының бұқаралық ұйымы ретінде елдің саяси өмірінде жеке-дара орын алды. Партияның басшысы республика президенті болды. Оны партия ұсынып, жалпыға бірдей сайлауда 6 жыл мерзімге (қайта сайлау құқынсыз) сайланды. ИРП-да партиялық-мемлекеттік бюрократия жетекші жағдайда болды.

Мексиканың жұмысшы партияларының арасында ұлтшыл-реформизмнің ықпалы күшті болды. Реформистік тұжырымдар еңбекшілердің бірен саран талаптарын орындау, кәсіподақ өкілдерін әр түрлі комиссиялардың жұмыстарына қатыстыру, жұмысшыларды пайдаларды бөлісуге тарту сияқты екінші дәрежедегі іс-шаралармен толықтырылып отырылды.

Мексика үкіметі соғыстан соңғы жылдары жергілікті өнеркәсіп капиталына белсенді түрде қолдау көрсетті, аграрлық реформаны жалғасыра берді.

Нәтижесінде соғыстан кейінгі Мексикада тұрақты конституциялық режим орынығып, белгіленген мерзімдерде сайлаулар өткізіліп тұрады, демократиялық құқықтар беуді. Бірақ бұл режимге авторитарлық қасиеттер де тән болды.

Революциялық процестер. Кубадағы және Чилидегі революциялар . Аймақтың кейбір елдерінде (Гватемала, Боливия, Никарагуа, Сальвадор) соғыстан кейінгі жж. дамудың толғағы жеткен мәселелерін шешу үшін белсенді, революциялық әрекеттер қолданылды. 50-70 жж. аса маңызды оқиғалар Кубадағы және Чилидегі революциялар болды. Кубада 1953 ж. жас революционерлер тобы адвокат Фидель Кастроның басшылығымен генерал Фульхенсио Батистаның диктаторлық режиміне (1952-1959) қарсы көтерілді. Фидель Кастроның тобы 1953 ж. 26 шілдеде Сантьяго қаласындағы әскери бекніске шабуыл жасады, бірақ сәтсіздікке ұшырады. 1956 ж. желтоқсанда Ф. Кастро аралдың шығысында тауда партизан соғысын бастады. Оған халық қолдау көрсетіп, 1959 ж. 1 қаңтарда диктатураны құлатып, революцияның жеңісімен аяқталды. Көтерілісшілер революциялық үкімет құрып, оны Фидель Кастро басқарды. Аралда революциялық өзгерістер басталды. Революционерлердің Ф. Кастро бастаған радикалдық қанаты қоғамның экономикалық және әлеуметтік негіздерін халықтың кедей топтарының пайдасына батыл түрде өзгертуді жақтады. Бұларды, олардың ойынша, еңбекшілердің бұқаралық ұйымдарына арқа сүйей отырып, революциялық диктатура іске асыруға тиіс болды.

Бірақ революциялық режим жағдайында Кубаның дамуы көптеген қайшылықтар мен қарамақайшылықтарға тап болды. Куба өзіне қарсы экономикалық блокада жариялаған АҚШ-пен экономикалық байланыстарының үзілуі, жағдайды шиеленістіре түсті және көп қаржы мен адам ресурстарын қорғаныс мақсатына тартуға мәжбүр етті. 60 жж. басында-ақ халықты азық-түлікпен және күнделікті қажетті тауарлармен карточка жүйесі арқылы іске асырыла бастады. Куба басшылығы 60 жж. жедел түрде «коммунистік қоғам орнатуға» бағыт ала бастады. Деревняларда жеке шаруашылықтар жойылды. Мемлекеттік сектор барлық жердің 60 % өз қолына шоғырландырды. Нарықтық және тауар-ақша қатынастары жойылды. Еңбекақы төлеуде теңгермешілік, жұмыс уақытынан соң тегін, коммунистік еңбек енгізілді. Жедел индустриаландыру мен қант өндірісін шұғыл арттыруға артылған үміт ақталмады.

1961 ж. Кубаның негізгі революциялық саяси ұйымдары бірікті. Біртұтас партия 1965 жылдан бастап коммунистік деп аталды. Оның Бірінші хатшысы болып Фидель Кастро сайланды. Осы кезден бастап ол елдегі билікке монополиясы бар бірден-бір партияға айналды. Ф. Кастро бастаған ауыстырылмайтын партиялық-мемлекеттік басшылықтың шексіз билігі, орталықтандырылған мемлекеттендірілген экономиканың үстемдігі 60 жж. солшыл бюрократиялық тоталитарлық режимнің қалыптасуына алып келді.

1970-1973 жж. Чилиде революциялық дамудың басқа нұсқасы қолданылды. Мұнда солшыл күштер - социалистер, коммунистер, радикалдар және олардың одақтастары «Халық бірлігі» одағына бірікті және бейбіт конституциялық жолмен билік басына келуге және революциялық өзгерістер жасау арқылы социализмге көшуге әрекеттенді. Бұл мақсатқа демократиялық бостандықтарды, көппартиялықты және жеке меншіктерді сақтай отырып жету жоспарланды. 1970 ж. 4 қыркүйектегі президент сайлауында жеңіске жеткен Чилидің солшыл күштері президент-социалист Сальвадор Альенде бастаған «Халық бірлігінің» үкіметін құрды (1970 ж. қараша - 1973 ж. қыркүйек) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын Америка елдері
Испан-американ соғыстары
Латын Америка елдері туралы
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Туристік елтану
Қазіргі дүние елдерінің көп түрлілігі
Дүниежүзінің металлургия және машина жасау кешені
Латын Америка елдеріне кіретін мемлекеттер
Экономикалық дағдарыс және сипаттамалары
Әлемдік қаржы нарығының жалпы түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz