Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт


Жоспары:
КІРІСПЕ . . . 3
I-тарау. Шарт ұғымы және түрлері . . . 6
1. 1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы . . . 6
1. 2. Шарттың түрлері . . . 9
II-тарау. Шарттық құқықтық қатынастар . . . 15
2. 1. Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар . . . 15
2. 2. Шарттың мазмұны . . . 16
2. 3. Шарт жағдайларын анықтау . . . 19
III-тарау. Шартты жасау және өзгерту . . . 21
3. 1. Шартты жасау . . . 21
3. 2. Шартты өзгерту және бұзу . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31
Кіріспе
Менің Азаматтық құқық пәні бойынша таңдаған тақырыбым Шарт ұғымы және түрлері. Біз бұл тақырыпты сабақ барысында көп талқыладық. Көптеген шарттың түрлерімен танысып шықтық десек те болады. Қазіргі таңда Азаматтық құқықтарға бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгерістермен толықтыруларға ұшырады
Осы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы Азаматтық құқықтардың арасындағы елеулі роль атқаратын шарттардың түрлерін, олардың түсінігі мен маңызын ашып көрсету. Қазіргі қоғамымыздың күрт дамуы кезеңінде азаматтық-құқықтық қатынастар ұлғая түсуде, бұл біздің бұрынғы әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты туындап отыр. Осы саладағы құқықтық реттеудің біршама кешеуілдеуі нарыққа қатысушылардың біразын «көлеңкелі бизнес» аясына көшуіне ықпалын тигізді. Мұндағы біршама кемшіліктерге қарамастан Азаматтық кодексімізде азаматтық құқықтарды жүзеге асыру, бұзылған құқықтарды орнына келтіру және оларды сот арқылы қорғау қажеттілігі орын алған және олар даму үстінде.
Азаматтық кодекстің Ерекше бөлімін қабылдауымызда шарт қатынастарын реттеудің құқықтық тәртібі өзгеріп, шарттасушы тараптардың қатынастарын реттейтін нормалар саны өсе түсті. Көрсетілген қатынастарды реттеудің егжей-тегжейлі көрсетілуінің оң салдарымен қатар ендігі кезде көптеген нормативтік материалдарды толық зерттеп білуді талап етіп отырған жағы да бар.
Ерекше бөлімді қабылдау кезінде азаматтық құқықтық шарттардың барлық түрлерінің тізімін енгізу көзделген жоқ, тіпті ондай толық тізімді белгілеуге қарсы бапта бар. Сондықтан шарт жасауға шек қойылмаған, тек олар заңдарға қайшы келмесе болғаны.
Осы курстық жұмысымда мен Ғ. Төлеуғалиев, Ғ. А. Жайлиннің және тағы басқа авторлардың еңбектерін қолдандым. Азаматтық кодекстің баптарын басшылыққа алдым. Сөйтіп шарттардың қалай жасалатынын және олардың өзгертілуі мен тоқтатылатына дейін зерттеп оларды барынша терең түсіне білдім десем де болады. Сонымен қатар біздің еліміздегі шарттардың азаматтық тұрғыдағы мәселелеріне арнайы тоқталдым.
I-тарау. Шарт ұғымы және түрлері
1. 1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы
Шарт көне құқықтық құрылымның бірі болып табылады. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде тәртіптелген.
Келісім-шарт - бұл келісім екі немесе бірнеше тұлғалардың белгілеу, өзгерту немесе тоқтату азаматтық құқықтары мен міндеттерін. Басқа сөздермен айтқанда, шарт болып табылады правопорождающим факт, құқықтық құрал, оның көмегімен тараптар өздері белгілейді, өзіне құқықтары мен міндеттері, күресіп кемшіліктері, бос орындарды қоса. Шарт жасасу жүргізеді белгілеу, заң тараптар арасындағы байланыс. Бұл байланыс болып заң бұл мемлекет қамтамасыз етеді келісім-шарт шараларымен мемлекеттік мәжбүрлеу. Сондықтан, келісім-шарт жарамды болып саналады «заңына для двоих».
Байланысты проблемалар сыныптамасына шарттардың қатарына жатады ежелгі проблемаларды цивилистики. Болуы барлық шарттардың жалпы белгілері - сәйкес келген ерік және ерік білдіру заңдылығын қолданысын, әрекет принципін қолдануға рұқсат ету және бас бостандығынан шартты - мүмкіндігін жоққа шығармайды, оларды жіктеу. Жіктелуі шарттарды шешуге мүмкіндік береді бірқатар маңызды міндеттер. Анықтау жалпы тән белгілері келісім-шарттар мен айырмашылықтарды, олардың арасындағы жеңілдетеді субъектілері үшін дұрыс түрін таңдау шартын қамтамасыз етеді, оның мазмұнына сәйкестігі, реттелетін қызмет жасайды мүмкіндігі ғылыми негізде жүйелеу заңнама шарттар туралы арттырып, келісу және нормативтік актілерді. Сәйкес әр түрлі негіздер жіктеу шарттар болады подразделять әр түрлі түрлері.
Негізінде осындай бөлу мүмкін жатуға түрлі санаттағы сайланатын байланысты қудаланатын мақсаттар. Бөлу келісім-шарттардың жекелеген түрлері бар ғана емес, теориялық, бірақ практикалық маңызы. Ол мүмкіндік береді қатысушылар азаматтық айналымы айтарлықтай оңай анықтауға және өз қызметінің ең маңызды қасиеттері шарттардың жүгіну тәжірибеде мұндай келісім-шарт, ең көп шамада сәйкес келеді, олардың қажеттіліктеріне. 1
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның Азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі - шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт мәмілені меңзейді. Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: "шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады. Сонымен бірге, "мәміле" ұғымы "шартқа" қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.
Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі Азаматтық кодекс айқындаған шарт еркіндігі болып табылады (АК-тің 2-бабының 1-тармағы) .
Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субъектісі шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда: 1) шартты жасау не жасамау; 2) шарт бойынша серікті жақты таңдау; 3) шарттың түрін таңдау; 4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.
Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-тармағы) .
Франция Азаматтық кодексінің 1101-бабына сәйкес "шарт деп мәмілені таниды, ол арқылы бір немесе бірнеше тұлға бір-бірінің алдында немесе бірнеше басқа тұлғалар алдында бір нәрсені істеуге немесе істемеуге міндеттенеді". АҚШ-тың Бірыңғай сауда кодексі шартты тұтастай алғанда сол Заңға немесе басқа қолданылатын құқық нормаларына сәйкес жақтардың келісіммен туындайтын құқықтық міндеттеме деп есептейді. 1201-бапта "келісімге" анықтама берілген: " . . . жақтардың іс жүзінде жасалған мәмілесі өтініштер мен басқа да міндеттемелерден туындайды" . . . Нидерланды Азаматтық кодексі кітабында 213-бап: "шарт бір немесе бірнеше жақ өзіне бір немесе бірнеше жаққа қатысты міндеттемелерін өзіне қабылдайтын мәміле болып табылады" деп анықтама берілген. Мәміле жер құқық қатынастарының және жалпы жер айналымының пайда болуына мүмкіндік туғызатын заңды дәлел болып келеді. Жай мысал келтіретін болсақ, жер учаскесін сатып алу сатуға байланысты тараптарда қатысушыларда сатып алу сату шарты бойынша көптеген құқықтар мен міндеттемелер пайда болады.
Жер құқық қатынастарындағы мәмілелердің рөлі 2003 жылы 20 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексінде бекітілген болатын. Аталған Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне меншік құқығының туындау негіздерінің бірі болып азаматтық құқықтық мәмілелер болып табылады [2, 22-бап] .
Жерді мәмілелер объектісі ретінде атауымыз және осы мүліктік сипаты бар қатынастарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен қатар, азаматтық заңнамамен реттелуін атап көрсетуіміз қажет. Себебі, Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының жер, экология, орман, су заңдарында жер қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерін иелену, пайдалану және оларға билік ету, сондай-ақ олармен мәміле жасасу бойынша мүліктік қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледі [2, 6-бап] . Бірақ, менің ойымша, Жер кодексіндегі осы нормамен келісу қиын. Осыған байланысты Б. Р. Алимжанов былай деп жазған: «Жер-құқық шарттары табиғаты бойынша азаматтық-құқықтық болып келеді, бірақ жердің уникалды ерекшеліктеріне және жер айналымының мемлекеттік реттелу қажеттілігіне байланысты, олар азаматтық заңнамамен бірігіп жер заңнамасымен реттелуі қажет».
Бүгінгі таңда мәміле азаматтық құқықтар мен міндеттемелердің пайда болуының ең көп тараған негіздерінің бірі болып келеді .
Мәміле азаматтық құқықтың институты ретінде келесі сипаттарға ие. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады делінген.
Сонымен қатар Жер кодексінде былай деп көрсетілген: «Меншік иесі өзінің жер учаскесіне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актілермен тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасасуға құқылы. Жер учаскесінің меншік иесі оларды сатуға, сыйға тартуға, кепілге, жарғылық қорға, жалға және жедел пайдалануға беруге, рента шартын жасасуға немесе жерден өз еркімен бас тартуға құқығы бар. Жер иеленуішілері мен жер пайдаланушылары жер мемлекеттік меншікте болғандықтан, жергілікті өзін өзі басқару органының келісімімен өз учаскелерін басқа учаскелерге алмастыруға, оларды жалға немесе жедел пайдалану беруге, жекешелендіруге, өз еркімен бас тартуға құқылы. Жерді жалға алушылар мен жедел пайдаланушылар (жалға алу шарты мен жедел пайдалану шартында рұқсат етілген болса) өз жер учаскелерін ауыстыруға, жекешелендіруге, өз еркімен бас тартуға құқылы. Бұл жағдайларда егер Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен өзге заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің меншік иесі мемлекеттік органдардың қандай да бір рұқсатын алмай, жер учаскесін өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыра алады» [2, 21-бап] .
Біз көріп отырғанымыздай, жер көптеген мәмілелердің объектісі бола алады. Жерге байланысты жасалатын мәмілелер нәтижесінде тараптар қатысушыларда мүліктік, заттық және міндеттілік сияқты көптеген құқықтар пайда болып, сол сияқты аяқталады. Осылайша, мысалға, жерді сатып алу арқылы алған жаңа меншік иесінде меншік иесінің және жер пайдаланушының заттық құқықтары, сонымен қоса жер учаскесін сатып алу, оның пайдалануы және т. б. байланысты заттық құқықтар пайда болады. Осыған байланысты Е. Әбдікәрім былай деген: «Меншік - жердің пайдалы өнімі зат немесе мүлік ретінде заттық құқық, яғни өндірістік ұғым. Осы өндірістік ұғым арқылы жерге заттық құқықтар ғана заңдастырылады. Сондықтан да жер зат немесе мүлік емес, тек қана жер учаскелеріне белгілі заң нормаларымен бекітілген азаматтық айналымға түсетін заттық құқықтар ғана бар» [8, 169 б. ] . Сонымен қатар мәмілелер жасасқан кезде жер учаскесіне деген меншік құқық басқа тұлғаға мәміле жасалған кездегі барлық ауыртпалықтарымен берілетінін есте сақтау қажет. 2
Жер, Азаматтық кодексіне сәйкес, жылжымайтын мүлікке жатқызылған. Ал меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оралымды басқару құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге жер пайдалану құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге пайдалану құқығы, жылжымайтын мүлiктi кепiлге беру, жылжымайтын мүлiкке рента, сенiм бiлдiру арқылы басқару құқығы мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап пайда болады. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер Азаматтық кодексінің 4- тарауының талаптарын сақтай отырып тіркелуі тиіс [5, 117-бап] .
Барлық жер шарттарын екі негізгі түрге бөлуге болады - меншік иесінің ауысуына алып келетін (сатып алу-сату, алмасу, сыйлау) және меншік иесінің ауысуына алып келмейтін (жалдау, кепіл) [3, 44 б. ] .
Ал енді осы мақаланың тақырыбы және басты мақсаты болып келетін, жер айналымының негізі болатын, көптеген жер шарттары арасынан жерді сатып алу-сату шартын бөлек алып қарастырайық. Жер айналымының негізі болатын жерді сатып алу-сату шартының құқықтық сипатын жан-жақты қарастырып, ашып көрсетуге болады.
Осыған байланысты Б. Р. Алимжанов былай деп жазған: «Нарықтық жер қатынастарының жүзеге асырылуының негізгі заңды нысаны болып шарт табылады. Шарттың жер қатынастарында белсенді қолданылуы жер нарығының объективті мұқтаждықтардың көрінісі болып келеді. Жер нарығында міндеттемелердің қалыптасуының шарттық нысаны экономикалық айналымның даму мұқтаждықтарына елеулі шамада сәйкес келеді. Бұған қоса жер нарығындағы бар көптеген міндеттемелер шарттық типке жатады».
Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агенттігінің мәліметтері бойынша жерлерді сатып алу-сату институтын енгізгеннен бері мемлекетпен жер учаскелерін сату бойынша шамамен 34, 0 миллиард теңге сомасына 140 мыңнан астам мәмілелер рәсімделген [7, 7 б. ] . Бұл деректердің өзі қазіргі таңда жермен жасалатын мәмілелердің қаншалықты жиі болатынын және біздің қоғамымызда маңызды орын алып, нық орналасқандығына көзімізді ашып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жер учаскелерін сатып алуы мен сатылуы жеке меншік құқығының субъектілері (азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар) арасында жердің сатып алу-сату шарттары арқылы жүзеге асырылады.
Жер учаскесін шаруа немесе фермер қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке түрғын үй және саяжай құрылысын жүргізу үшін өз меншігіне алған Қазақстан Республикасының азаматы оны басқа Қазақстан Республикасының азаматына сатуға құқылы [2, 23-бап] . Жер учаскесін сатып алу-сату мәмілесін жасау үшін сатушы рөлінде танылатын жер учаскесінің меншік иесі сатып алушымен немесе оның өкілді тұлғасымен сатып алу-сату шартын жасасады.
Азаматтық кодексіне сәйкес жерді сатып алу-сату шарты жылжымайтын мүлік ретінде танылатын объектісі жер болып келетін сатып алу-сату шарттарының бір түрі болып келеді. Жерді сатып алу- сату шартына байланысты аталған Азматтық кодекстің ерекше бөлімінің нормалары қолданылады. Бұл нормаларға сәйкес сатып алу-сату шарты бұл «бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті» [5, 117-бап] .
1. 2. Шарттың түрлері
Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құқықта оларды топтастыруға жол ашады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі (өзіне тән шарт белгілері) .
Біржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап етуге құқылы. Шарттардың көбі екіжақты болып келеді (сату-сатып алу, мүліктік қарыз, жеткізу, шарттау, мердігерлік, тасылмалдау және т. б. ) . Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы сатылған затты сатып алушыға тапсыруы керек, бірақ одан ақша төлеуді талап етеді, ал, сатып алушы заттың құнын төлеуге міндетті және затты өзіне беруді талап ете алады.
Шарттарды біржақты және көпжақты деп бөлудің тәжірибелік маңызы зор. Азаматтық кодекстің 284-бабында тараптардың өзара міндеттерді орындауы және қарсы талаптары қарастырылған; өз міндетін орындатудан бас тартуға немесе тоқтатуға қарсы талап берген жақтың құқығы бар, оны толықтай не бөлектей жүзеге асыра алады, ал тиісінше орындамаған жағдайда келген залалдың орнын толтыруды талап ете алады.
Шарт ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін атқарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға құқылы (мысалы, тапсырылған затқа, атқарылған жұмысқа, істелген қызметке ақша алады, тапсырған мүлкінің құнын алады) . Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай, немесе ешнәрсе бермей ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-тің 384-бабының 2-тармағы) . Шарт бойынша тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір-біріне бірнәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Жоғарыда айтқан ақысыз шартқа мысалы, сыйға беру, мүлікті ақысыз тегін пайдалану, кейбір жағдайда сақтау жатады.
Консенсуалды (келісім) және нақты шарт.
Консенсуалды шарт дегеніміз әр жақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген бойда күшіне енеді де әр жақтың құқықтары мен міндеттері туындайды (мысалы, сатып алу-сату, мүлікті жалдау, мердігерлік және т. б. ) .
Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтіңде ғана құқықтар мен міндеттер туғызатын шарт болып табылады (мысалы, займ шарты, азаматтардың қатысуымен сақтау шарты) .
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттерді алатындар - сол міндеттемеге қатысушылар. Алайда Азаматтық айналымда басқа да түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемеге не тікелей өзі, не өзінің уәкілі арқылы қатыспайтын үшінші жақ алады.
Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт - бұл тараптар несие берушіге емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жақ үшін жасалған шарт (АК-тің 391-бабы) . Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шартты үшінші жаққа орындау жөніндегі шарттан бөлектеу қажет, өйткені, ол орындауды талап ету құқығын ешқашан еншілемейді. Аталған тұлға тек орындауды ғана қабылдауға уәкілетті, несие берушінің өзі де оны орындау ретінде қарайды. Үшінші тұлғаның айырмашылығы - шартты орындауды талап ететін дербес құқығы болмайды. Ондай құқық үшінші жаққа шарт бойынша беріледі.
1994 жылы қабылданған Азаматтық кодексте шарттың мынадай жаңа түрлері бар: жария шарт, қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе, қызмет көрсету жөніңдегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт - жария шарт деп танылады (АК-тің 387-бабының 1-тармағы) . Одан ұйымдарға бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету және т. б. жатады. Аталған ұйымдардың тұтынушыларға тауар беруде, қызмет көрсетуде, жұмысты орындауда бас тартуына жол берілмейді. Шарт жасауға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы (АК-тің 399-бабының 4-тармағы) . 3
Коммерциялық ұйым жария шартты жасауға қатысты бір тұлғаға басқа тұлғалар алдында, егер заңда немесе нормативтік актілерде өзгеше көзделмесе, ешқандай артықшылық беруге құқығы жоқ. Шартта көрсетілген талаптар, мәселен, тауарлардың, қызмет көрсету мен жұмыстардың құны тұтынушылардың бәріне бірдей болады. Тұтынушылардың кейбір категорияларына жеңілдік беруге заңдармен жол беретін жағдайлар есептелінеді (АК-тің 387-бабының 2-тармағы) . Ондай тұтынушыларға, мысалы, мүгедектер, соғыс ардагерлері және т. б. жатады.
Азаматтық кодекстің 387-бабының 5-тармағының күшіне орай жария шарттың жоғарыда аталған талаптарына сәйкес келмейтін ережелері жарамсыз болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz