Исаак Ньютон


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Исаак Ньютон

Исаак Ньютон, Корольдік қоғамның мүшесі 1643 жылғы қаңтардың 4-і - 1727 наурыздың 31-і (жаңа стиль бойынша) - ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы. Оның 1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізін қалады. Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысының заңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы мен аспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша ол гелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді.

Механикада Ньютон импульстың және бұрыштық импульстың сақталу заңдарын алға тартты. Оптикаға қосқан үлесі: ол рефлекторлы телескоп жасап шығарып, үшбұрышты призманың жарықты көзге көрінетін жеті түске бөлетінін ашты. Ол Ньютонның суу заңын тұжырымдап, дыбыстың жылдамдығын зерттеді.

Денелердің Орталық күш әсерінен қозғалу траекториясы конустық қима болатынын, оған себеп барлық планеталар мен кометалардың Күнге, ал планета серіктерінің өз планеталарына ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал күшпен тартылуы екенін дәлелдеп, бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Физикада Ньютон қызған денелердің суыну заңын, ақ жарықтың монохромат сәулелерге жіктелуін, сфералық мөлдір денелердің түйіскен нүктесінің айналасында интерференц. сақиналардың пайда болатынын, т. б. ашты. Ол - термометрді ойлап шығарған алғашқы ғалымдардың бірі. Өзі жасаған екі айналы телескоп арқылы (1668) аспан құбылыстарын тікелей бақылады. Аспан денелерінің қозғалыс теориясын жасап, аспан механикасының негізін салды. Ньютонның астрономиялық еңбектері механика мен физикадағы табыстарына ұштасып жатады. Математикада дифференциалды және интегралдық есептеулерді (Г. Лейбницке тәуелсіз) ойлап тапты, шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу, қисық сызыққа жанама жүргізу, қисық сызықтың ұзындығын, жазықтықтағы тұйық сызықтың қоршайтын ауданын табу, функцияларды қатарларға жіктеу, т. б. жаңалықтар ашты. Бұлар математикалық анализдің негізі болып табылады. Ньютонның ғыл. шығармаларының жинағы 5 том болып 1779 - 85 жылы Лондонда латын тілінде басылған.

2005 жылы өткізілген сауалнамаға сұралғандардың көпшілігі Ньютонның ғылым тарихына жасаған ықпалы Альберт Эйнштейндікінен әлдеқайда күшті болған деп ойлайтындарын айтқан.

Ньютонның бірінші заңы.

Бұл заңда барлық материалдық обьектілерге ортақ қасиет - тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау туралы айтылады. Яғни, кез келген дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысын басқа денелер әсер еткенге дейін сақтайды.

Егер қозғалысты санау жүйесімен байланыстыратын болсақ, онда қозғалушы дене әсер етуші күштен бөлек және санау жүйесімен байланысты бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады. Денеге ешқандай күш әсер етпесе, немесе әсер етуші күштер қосындысы нольге тең болса, онда дене өзінің бастапқы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды. Материалдық денелердің мұндай қасиетін инерциялық деп атайды. Сондықтан да Ньютонның бірінші заңы, әдетте инерция заңы деп аталады. Инерция құбылысы бірден пайда болмай әсер етуші күштің әсерінен белгілі бір уақыттан кейін пайда болады.

Егер денелерде инерциялық қасиет болмаса, онда оның қозғалысы үдеуді сипаттамай, тек сол уақыттағы жылдамдықтың шамасын ғана көрсетеді.

Инерциялық қасиет микроскопиялық денелер сияқты микроскопиялық денелердің бөлщектеріне де тән. Сондықтан инерция денелер қозғалысының түріне байланыссыз обьективті түрде қалыптасқан және барлық физикалық денелерге тән қасиет. Ньютонның екінші заңын қарастырудың алдында күш, салмақ және масса ұғымдарын еске түсірейік. Күш деп денелердің өзара әсерлесуінің нәтижесінде бір-біріне үдеу беруін айтамыз. Денелердің өзара әсері бір-біріне тек үдеу беріп қоймай, бір-бірінің көлемі мен пішінін де өзгерте алады. Демек, дене бөлшектерінің орын ауыстыруы пайда болады. Міне, осы дене бөлшектерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруын дененің деформациясы деп атайды.

Күш- векторлық шама. Өлшем бірлігі -1 Н ( Ньютон) .

Ньютон екінші заңы - материалдық нүкте импульсінің уақыт бойынша бірінші туындысы нүктеге әсер ететін барлық күштердің қосындысына теңдігі туралы механиканың заңы.

- дененің импульсі, - уақыт, а - уақыттың туындысы

Біз күшті бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттайтынжөне олардың езара әрекеттесуінің өлшемі болып табылатын векторлык физикалық шама, ал массаны дененің инерттілігінің сандык сипаттамасы ретінде анықтадық.

Жүргізілген тәжірибелер негізінде дененің үдеуі мен оған әрекет етуші күш арасындағы ~ ( m = const кезінде) және кез келген дененің үдеуі мен оның массасының арасындағы a ~ (Ғ= const болғандағы) байланыстарды қарастырдық. Исаак Ньютон осындай бақылаулар мен тәжірибелерді қорытындылай отырып, механиканың ең іргелі заңдарының бірін тұжырымдады.

Ньютонның екінші заңы төмендегіше тұжырымдалады: денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші кушке тура, ал массасына кері пропорционал:

Ньютонның екінші заңының формуласын

түрінде жазу әрі қолдану едәуір ыңғайлы. Өйткені формуланы осылай жазу кезінде, теңдеудің бір жағында қозғалыстағы денеге қатысты шамалар, ал екінші жағында оған әрекет ететін күш қарастырылатын болады.

Егер денеге бірнеше күш әрекет етсе, онда теңәрекетті күшті іздеуіміз керек. Күш векторлық шама болып табылатындықтан, жалпы түрд аламыз, мұндағы - теңәрекетті күш. Бұл теңдеу динамиканың негізгі теңдеуі деп аталады. Бұдан теңәрекетті күш үдеудің шамасы мен бағытын анықтайтыны шығады. [2]

Ньютонның екінші заңының негізінде күш бірлігі енгізіледі. SI жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н) алынған. Ньютон (Н) - бұл массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с2 үдеу тудыратын күш: 1 Н = 1 кг • м/с2. [3] 4]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVII ғасырдағы ғылыми революцияның механикалық дүние көрінісінің дамуы. И.Ньютон
Ньютон заңдары
Исаак Ньютон, Корольдік қоғамның мүшесі
Атом Физикасы
Бүкіләлемдік тартылыс заңы
Исаак Ньютон туралы
Исаак Ньютон - ағылшын ғалымы
Математиктердің бекзадасы Карл Фридрих Гаусс
Ньютон заңдарын оқыту әдістемесі
Исаак Ньютон биографиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz