Сақтандырғыш ажыратқыш құрылғысы


Ақтөбе колледжі
Реферат
Тақырыбы: Сақтандырғыш ажыратқыш құрылғысы.
Орындаған:
Тексерген:
Ақтөбе 2019жыл
Мазмұны:
- Сақтандырғыш ажыратқыш құрылғы.
- САК ішкі құрылысы
- Гидравликалық сақтандырғыш.
- САК арқылы газдың белгілі мөлшері атмосфераға кетуі.
Сақтандырғыш ажыратқыш құрылғылары.
Өткізу қабілетін анықтау.
Газ қысымының шекті мәннен жоғары артуын алдын алу үшін қысым реттегіштен кейін газдың шамадан тыс көлемін атмосфераға лақтыратын ажыратқыш сақтандырғыш құрылғы орнатылады.
«Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесіне» сәйкес сақтандырғыш ажыратқыш клапандары, соның ішінде қысымды реттегішке клапандар реттегіштен кейін ең жоғары жұмыс қысымы 15%-ға көтерілген кезде газдың лақтырылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Құрастырмалы құрылғы бойынша САҚ серіппелі, мембраналық және сұыйқ болып бөлінеді.
Сақтандырғыш ажыратқыш клапандары толық көтерілмелі және аз көтерілмелі болып бөлінеді. Олардың негізгі сипаттамалары 3. 4 кестеде келтірілген.
3. 11 суретте жоғары және орта қысымды газ құбырларында орнатылатын сақтандырғыш арнайы толық көтерілмелі серіппелі бақылап үрлеуге арналған тетігі бар клапан көрсетілген. Мұндай клапанның кіру келте құбыры газқұбырының реттегіштен кейінгі бақыланатын учаскесімен біріктірілген. Клапан корпусында тоқымға серіппемен қысылған плунжер орнатылған, оның күші бұранданың айналу барысында тірек шайбаның қозғалуымен реттеледі.
Кіру келте құбырында қысым берілген деңгейден жоғарылағанда плунжер көтеріледі, бұл кезде газ қысымы оның бүткіл бір жақ бетіне әсер етеді, ол орталық бөлігінен үлкен болып келеді және ұлғайған статикалық қысым плунжерді жоғарыға шығарады. Сонымен қатар плунжердің жиегінің беті ішке қисайып тоқымнан шығатын газ ағыны төменге ауытқиды. Мұндай ағынның ауытқуы кезінде реактивті күш құралады, плунжерге берілетін газдың жоғарылаған статикалық қысыммен жинақталады.
Плунжерге берілген газдың қысымы серіппенің күшімен арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда плунжер ырғақпен шеткі жоғарғы деңгейге көтеріледі. Құбырдағы газ қысымы серіппенің қысу күшінен азайған кезде плунжер тоқымға орнығады, газ ағыны саңылаусыз жабылады.
3. 12 суретте төмен және орташа қысымды газ құбырларында орнатылатын тастанды серіппелі мембраналық типті тікелей әсер ететін клапан ұсынылған.
Мұндай клапанның шойын корпусы кескінделген куб түрінде орындалған, фланецпен, тоқым және екі саңылауы бар. Тоқымы резенке тығыздағышы бар клапанмен жабылады. Серіппе мембраналық тарелкамен реттеуіш бұранданың арасында орнатылған. Клапанды қысымның берілген шегіне келтіретін серіппенің күшін өзгерте отырып, реттеуіш бұранданың айналу кезінде мембрананың төменгі тәрелкесі жылжиды.
Газ желіден корпустың кіру келте құбыры арқылы мембрана-үстілік қуысына түседі. Белгіленген режим кезінде бақыланатын газдың қысымы белгіленген шегінде серіппемен теңестіріледі және клапан саңылаусыз жабылады.
Желі ішіндегі газдың қысымы қалыптастыру шегінен асқан кезде мембрана серіппе күшін жеңе отырып клапанмен бірге жіберіледі, бұл ретте шығыс келте құбыры арқылы газ атмосферага шығады. Газ шығыны желідегі берілген деңгейден төмендегенге дейін болады. Содан кейін серіппе әсерімен клапан жабылады.
3. 13 суретте сақтандырғыш ажыратқыш клапаны САК-50 көрсетілген.
3. 14 суретте төмен және орташа қысымды газ құбырларында орнатылатын сақтандырғыш ажыратқыш клапаны САК-32 көрсетілген. Бұл клапан корпустан 5, қақпақтан 3, жинақталған клапаннан 4, серіппеден 2 және тәрелкесі бар реттеуіш бұрандадан 1 тұрады.
Корпустың резенке тығыздағышы бар клапанмен жабылатын тоқымы бар. Мембрана тәрелкемен клапан арасында қатты бекітілген.
Гидравликалық сақтандырғыш ГС пропорционалды әрекет ететін ажыратқыш құрылғы ретінде жұмыс істейді. Газ құбырындағы қысым жұмыс қысым деңгейінен төмендеген кезде тиектік сұйықтық газдың өту жолын саңылаусыз жабады. Сонымен оның атмосфераға шығуын тоқтатады.
Осы клапанның кемшіліктеріне үлкендігі және шектеулі қолдануы жатады (тек төмен қысымды газ құбырларында)
Гидравликалық сақтандырғыш (3. 15-сурет) корпустан 1 және екі фланецті кіру 4 және шығу 2 келте құбырынан тұрады. Кіру келте құбырының фланеці газ құбырының бақыланатын учаскесімен жалғанған. Кіру келте құбырының төменгі бөлігі кесілген шеті түбіне жетпейтіндей етіп қақпақ арқылы корпусқа түсірілген. Корпус тиектік сұйықтықпен толтырылған.
ГС қосылу сәтін алғашқы газ көпіршіктері сұйықтықтан көрінген кезді санауға болады. Толық ашылуы - ГС жұмысы газ құбырының бақыланатын нүктесіндегі қысым берілген деңгейден 15%- ға артқаны.
Сақтандырғыш ажыратқыш клапанының конструкциясын таңдау талап етілетін өткізу қабілетіне сәйкес жүргізіледі.
САК арқылы лақтыруға жататын газ мөлшері реттегіш алдында ПЗК болған кезде мына шартты қанағаттандыруы тиіс:
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz