Өткелдер түрлері


Ақтөбе колледжі
Мәнжазба
Орындаған: Тексерген:
Ақтөбе 2017-2018 оқу жылы
Мазмұны
Негізгі бөлім . . .
- Су асты құбырлары - дюкер.
- Өткелдер түрлері
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиет . . .
Жер асты газ құбырларын жиі табиғи және жасанды кедергілер кесіп өтеді: өзендер, су айдындары, тас және темір жолдары, коллекторлар және құбыр желілері, т. б. Бұл кедергілер өндіру жұмыстарын жүргізуді қиындатады және газ құбырларын пайдалану процесінде ең жауапты учаскесі болып табылад. Сондықтан күрделі жағдайларда газ құбырларының жұмысының жоғары сенімділігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қолдану қажет.
Су кедергілер арқылы өтпелер. өзендер, суқоймалар, каналдар арқылы газ құбырларын арнайы өтпелермен көпірлер бойымен дюкердің көмегімен төселеді. Су тосқауларынан өту үшін түбінен төмен орналасқан қысымды газ құбырын дюкер деп атайды. Құбырларды шамамен түбінің профилі бойынша, олардың зақымдануына жол бермейтін тереңдікте (түбінде) төселеді. Шағын және кеме жүрмейтін өзендерді кесіп өткен кезде тереңдікті 0, 5 м ден кем емес етіп, ал кеме жүретін өзендерді кесіп өтетін кезде тереңдікті 1м -ге арттырады. Магистральді газ құбырларымен су тосқауылдарының қиылысы әдетте екі желі түрінде жүзеге асырады.
Дюкердің әр біржағалауында арнайы құдықтар - камералар орналастырылады, онда газ құбырының кез келген желісін өшіру үшін ысырмалар орналастырылады. Камералардың қабырғасы су өткізбейтін болуы тиіс, ал камераның жағдайы жылдың кез - келген уақытында оларға қызмет көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ету тиіс. Пайдалану процесінде камераларда су болмауын қадағалайды. Өзеннің түбінің профиліне байланысты газ құбырының судың ішінде жағалау жағына қарай көлбеу төсейді, көбінесе жалғанған жерлерін жапырақты муфтамен күшейтеді. Газ құбырының ең төменгі нүктесінде арнайы конденсат жинағыш орнатады. Әдетте, камералардың бірінде газ құбырының су асты бөлігінен суды жою үшін сорғы орналасқан. Конденсат жинағыштын орналасу тереңдігі сорғыдан ең төменгі нүктелеріне дейін есептегенде сору биіктігінің ең жоғары нүктесі анықталады және төмен қысымдағы газ үшін 7 м- ден артық болмауы тиіс.
Үлкен тереңдікте арнайы тереңдік сорғылар қолданады, немесе компрессормен газ құбырларының ішінде қажетті газ немес ауа қысымын жасай отырып ысырма көмегімен екі желіні кезекпен өшіріп, конденсатты компрессормен шығырады, немесе автоцистернадағы жоғары қысымды пайдаланады.
Дюкердің су асты бөлігінде төменгі қысымдағы газ құбырларының тығыздалмаған ішкі қуысын сумен толтыру арқылы сүйемелденеді. Соған байланысты газ өтуін тоқтатады. қысымды пайдаланады. (Сұйытылған газ үшін)
Дюкерлерді жүйелі түрде қадағалау қажет. Дюкер төселген аудандарда зәкірлер тастауға және кемежай орнатуға тыйым салынады сондай-ақ құм немесе топырақ әзірлеуді жер снарядтармен жүргізуге. Кеме жүретін өзендерде газ құбырының су асты өтуін стандартты үлгідегі күзет аймағының сигналды белгілерін орнату керек Әрбір өткел тұрақты репермен жабдықталу тиіс: арнаның ені 50-м ге дейін - бір жағалауында; одан жоғары - екі жағалауда. Өзенмен көлдерінің арна бөлігіндегі су асты өткелдер, сондай - ақ су тасқынды жазықтар, батпақтар және рельефтің су жиналатын төменгі жерлерінде құбырлар су бетіне шықпас үшін жүк немесе басқа салмақпен қамтамасыз етіледі. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақты бақылау жүргізіледі.
Бұдан басқа өзен жағалауларын және басқада су тосқауылдарын үнемі қадағалап отырады, оларды уақытында нығайтады. Өткелдердің су асты бөліктерін сүңгуірлер мезгілімен тексереді. Жалаңаш жерлерін тез арада жермен көміп тастайды.
Соңғы уақыттарда газ құбырлары кішігірім өзендер мен ағындармен, жыралармен қиылысқан кезде аркалы (а-сур) немесе көлденең (б-сур) өткелдер қолданылады. Мұндай өткелдерде құбырларды көтергіш конструкция ретінде пайдаланылады. Аркалы өткелдер екі газ құбыр желісін салу кезінде ыңғайлы болып келеді. Аркалы өткелдерде жағалау тіректерін мұқият қадағалау керек.
Қорытынды
Жер асты газ құбырларын жиі табиғи және жасанды кедергілер кесіп өтеді: өзендер, су айдындары, тас және темір жолдары, коллекторлар және құбыр желілері, т. б. Бұл кедергілер өндіру жұмыстарын жүргізуді қиындатады және газ құбырларын пайдалану процесінде ең жауапты учаскесі болып табылад. Су тосқауларынан өту үшін түбінен төмен орналасқан қысымды газ құбырын Дюкер деп атайды. Шағын және кеме жүрмейтін өзендерді кесіп өткен кезде тереңдікті 0, 5 м ден кем емес етіп, ал кеме жүретін өзендерді кесіп өтетін кезде тереңдікті 1м -ге арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Устройство и эксплуатация газового хозяйства
К. Г. Кязимов, В. Е. Гусев
ттилордололрортдллоор
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz