Сүтті ветеринариялық - санитариялық сараптау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

Аграрлық факультет «Ветеринариялық санитария» кафедрасы

БөЖ

Тақырыбы: «Сүтті ветеринариялық-санитариялық сараптау»

Орындаған: Онгарова Д. Б.

Тобы: ВС-303

Тексерген: Серікова А. Т.

Семей 2016ж

Жоспар

1. Сапалы сүт алудағы санитариялық - гигиеналық жағдай

2. Негізгі сүт кемшіліктері мен оның себептері

3. Сүттің санитариялық көрсеткіштері

4. Пайдаланылған әдебиеттер


Сапалы сүт алудағы санитариялық - гигиеналық жағдай

Сүттің қажетті санитариялық күйін сақтау үшін үнемі сүт шаруашылығындағы тазалық пен қажетті құрал - жабдықпен қамтамасыз етілуін үнемі бақылауда ұстау қажет. Айына бір рет санитариялық күн белгіленеді. Бұл күні ғимараттардың барлық қабырғаларын, азық салғыштарын, суағарларын басқа да құрал жабдықтарды жақсылап тазартады. Механикалық тазартудан кейін дезинфекциялайды. Азық салынатын науаларды, қабырғаларды жаңа қорытылған әкпен ағартады. Ветеринария мамандары барлық сауылатын сиырларды, әсіресе олардың желінін және алаңның тазалығын тексереді.

Шаруашылықтың барлық алаңында дезинфекциялық және дератизациялық шаралар жүргізіледі.

Сүт сауылатын бөлмелерде жүйелі түрде қабырғаларды жаңа қорытылған әкпен ағартып, еденді күнделікті жуып отырады.

Айына екі рет дезинфекция жасалынады. Ол үшін гипохлор мен гипохлорлы кальцийді 3% - ды белсенді хлор пайдаланылады. Сиырлардың үстінің ластану дәрежесіне қарай сауыншылар жүйелі түрде сиырлардың үстін жуып тұрулары қажет.

Сиырларды шаруашылықтағы белгіленген күн тәртібіне қарай бір мезгілде сауады. Сауыншылар мен сүт машинасымен сауатын операторлар сиырдың желінін тазалап жуу алдында қолдарын жылы сумен сабындап жуып, таза орамалмен сүртіп, бастарына орамал тағып, ақ халат немесе арнайы киім киюлері керек. Сауын алдында белгіленген шелектердегі сумен сиыр желінін жуады. Әр сиырдан кейін шелектегі суды ауыстырып отырады. Арнайы орамалмен (0, 03% белсенді хлор қосылған ерітіндіде дезинфекцияланған) желінді құрғатады. Орамалды желінді құрғатудың алдында жылы суда шайқап, сығады.

Желінсаумен ауырған сиырды анықтау үшін және микробтың жалпы сауылған сүтке таралып кетпесі үшін, сауу стақандарын кигізердің алдында немесе қолмен саумас бұрын сүттің аздаған алғашқы бөлігін жеке ыдысқа сауып алады да, жояды. Егер сүтте ірімшік тәрізді түйіршіктер, қан немесе ірің болса, немесе желінде қызару, ісіну, ауырсыну белгілері болса тез арада ветеринария дәрігеріне хабарлауы керек. Ал сауылған сүтті арнайы белгі соғылған ыдысқа құяды. Ауру сиырды сауған сауыншы мен оператор сауын аяқталған соң қолдарын мұқият жуып, арнайы ерітіндімен өңдейді. Ал сауу құралдары мен ауру мал сүті құйылған ыдыстарды санитариялық өңдеуге жатқызады.

Қолмен сауу кезінде сүт сауылатын ыдыстарды жылы сумен жуады (40+-5 0 С), сиырды желініндегі сүт таусылғанша құрғақ қолмен сауады. Сауып болғасын желінді уқалайды. Сауып болғасын желінді таза орамалмен құрғатып, арнайы антисептикалық май жағып қояды.


Негізгі сүт кемшіліктері мен оның себептері

Ақаулар
Себебі
Ақаулар: 1. Консистенциясының ақаулары
Ақаулар: Сұйық
Себебі:

- сиыр туберкулезге ұшыраған;

- желіні катаральды қабынған;

-азығында қызылша, барда, дала қырықбуыны әсерінен.

Ақаулар: Шырыштануы
Себебі:

- уыз қосылған;

- сиыр желіні аусылға ұшыраған;

- сүт безі қабынған.

Ақаулар: Ұйыған
Себебі:

- сүтке микроорганизмдер түскен;

- сүт безі қабынған

Ақаулар: 2. Түсінің ақаулары
Ақаулар: Өте сұрғылт
Себебі:

- уызы қайтпаған;

- азығында сәбіз, жүгері, сәбіздің жапырағы көп болған;

- мал аурулары - аусыл, сары ауру, пироилазмоз, лептоспироз, т. б;

- дәрі-дәрмектер т. б.

Ақаулар: Көк
Себебі:

- сүт безінің қабынуы

- желін туберкулезі

Ақаулар: Көкшіл
Себебі:

- азығында сиыр жоңышқа, түйе жоңышқа, қарақұмық көп болғанында;

- сүттің майы алынған.

Ақаулар: Қызғылттау
Себебі:

- цинктен жасалған ыдыста сақталған:

- пироплазмозға ұшыраған немесе уланған;

- сүт безі қабынған; Фенотиациол дәрісі әсер еткен:

- сүттіген шөптерін көп жеген.

- сүт машинасымен дұрыс сауылмаған.

Ақаулар: 3. Иісінің ақаулары
Ақаулар: Дәрі-дәрмектер
Себебі: -иіс шығаратын дәрі-дәрмектер креолин, карбол қышқылдары т. б. көп қолданылған.
Ақаулар: Мал қорасының иісі
Себебі:

- қораның ветеринариялық-санитариялық жағдайы сақталмаған.

- сүт сауғанда ветеринариялық -санитариялық талап орындалмаған.

Ақаулар: Шірік иістің болуы
Себебі:

- жабық ыдыста сақталған;

- сүтте микроорганизмдер өсіп-өнген:

Ақаулар: Аммиак иісі болуы
Себебі: -сүт мал қорада ашық күйінде сақталған
Ақаулар: Сасық иістің болуы
Себебі: -сүт бактерияларының әсерінен бұзылған.
Ақаулар: 4. Дәмі
Ақаулар: Ашыған
Себебі:

- ащы шөптерді, көк жуа, құм жуасы, жусанды, дала қышасын көп жеген;

- суалайын деп жүрген сиырдың сүті.

Ақаулар: Тат дәмді
Себебі:

- сүт күннің көзінде көп тұрған

- сиыр батпақты жердің шөбін көп жеген.

Ақаулар: Тұз дәмдес
Себебі:

- суалғалы жүрген сиырдың сүті, уыз қосылған

- сүт безі қабынған және сүт безі туберкулезге ұшыраған сиыр сүті

Ақаулар: Сабын дәмі
Себебі:

- микроорганизмдер әсерінен;

- салқындатылмаған сүт жабық ыдыста сақталған;

- сүтке сода қосылған;

- сүт безі туберкулезге ұшыраған.

Ақаулар: - Темір дәмі
Себебі: - сүт тот басқан ыдыста сақталған

Сүттің санитариялық көрсеткіштері.

Тазалығы . Сүттің тазалығы жалпы бактериялармен ластануына, тығыздылығығына және Е. соlі бактериясымен ластануына байланысты болады. Тазалығына байланысты үш топқа бөлінеді:

І топ - сүт таза;

ІІ топ - сүтте аздаған механикалық қоспалар бар;

ІІІ топ - сүтте әртүрлі көлемі бар, біршама механикалық қоспалары болады.

Жалпы бактерияларымен ластануы. Сүт жалпы бактерияларымен ластануы байланысты 4 классқа бөлінеді:

І класс - өте жақсы сүт , 1 мл сүтте 500 дейін бактерия бар;

ІІ класс - қанағаттанарлық сүт . 1 мл сүтте 500 - 4 млн. бактерия бар;

ІІІ класс- нашар сүт . 1 мл сүтте 4-20 млн. бактерия бар;

ІV класс - өте нашар сүт . 1 мл сүтте 20 млн көп бактерия болады.

Шартты түрде сүт бактериялары 3 топқа бөлінеді:

  • пайдалы (сүт қышқылы, дрожжы),
  • зиянды (сүт кемістіктерін тудыратын, ауру тудыратын)
  • сүт бактериялары.

Сүт алынғаннан сақталғанына дейін бактериялар 4 өсу фазасынан өтеді :

  1. Бактерицидтік фаза (24-48 сағат) .
  2. Аралас микрофлоралардың дамуы. Бактерицидтік фазадан қалған барлық бактериялар дамиды. Бұл кезде сүттің қышқылдылығы артады, ал басқа өзгерістер байқалмайды.
  3. Сүт қышқылы бактерияларының дамуы. Бұл кезеңде сүттің өзіндік тазаруы басталады. Басқа бактериялар өліп, тек сүт қышқылы бактериялары дамиды. Сүттің қышқылдылығы жоғарылайды, тығыздылығы, иісі, дәмі, консистенциясы өзгереді.
  4. Қышқылды бактериялардың дамуы.

Коли титр. Сүттің белгілі бір мөлшерінде ішек таяқшасының болуы. Өндірісте сүт өндіру үрдістерінің бұзылуы, бұзылмауы қадағаланады. Ішек таяқшасы механикалық қоспалармен түседі. Ішек таяқшасы Кесслер ортасында анықталады. Коли титр 3 мл 0, 3 рұқсат етіледі. Егер 0, 3-тен асып кетсе сүтті қайнату керек .

Сүтке ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізу үшін:

1. Сынамаларды іріктеу және оларды талдауға дайындау МЕМСТ 13928 бойынша іске асырылады.

2. Түс, дәм, иіс, консистенцияны анықтау органолептиикалық бақылаумен жүргізіледі.

3. Майдың салмақтық үлесі МЕМСТ 5867 бойынша.

4. Эталон бойынша тазалық дәрежесін анықтау МЕМСТ 8218 бойынша.

5. Қышқылдығын анықтау МЕМСТ 3624 бойынша

6. Тығыздығын анықтау МЕМСТ 3625 бойынша

7. Температураны анықтау МЕМСТ 26754 бойынша.

8. Бактериялық ұрықтануды анықтау МЕМСТ 9225 бойынша.

9. Ингибирленген заттарды анықтау МЕМСТ 23454 бойынша.

10. Бейтараптандыратын заттарды анықтау МЕМСТ 24065 және МЕМСТ 24066 бойынша, олардың бар екеніне сезіктенген жағдайда.

11. Улы заттарды анықтау МЕМСТ 26927, МЕМСТ 26930 - МЕМСТ 26934 бойынша, антибиотиктер, микотоксинде, пестицидтер және радионуклидтер денсаулық сақтау органдарымен бекітілген әдістемелер бойынша.

12. Патогенді микроағзаларға талдау денсаулық сақтау органдарымен бекітілген санитарлық-эпидемеологиялық станциялары әдістері бойынша мемлекеттік санитарлық қадағалау тәртібінде жүргізіледі.

Сүттің орташа үлгісін алу (зерттеп талдау және сақтау, консервациялау үшін) . Сүт сапасын дұрыс анықтаудағы ең маңызды шарттардың бірі оның орташа үлгісін алу болып саналады. Оны берілген сүттің мөлшеріне дәлме - дәл сәйкестіндіріп алу керек. Сүттің орташа үлгісін дұрыс алу үшін оны араластыруға көп көңіл бөледі. Сүттің орташа үлгісін алу кезінде мемлекеттік стандарттардың төменгі түрлеріне жүгінеді.

- биохимиялық талдау жасау үшін МЕМ СТ 3622 - 68 және 13928 - 68,

- микробиологиялық зерттеулер үшін МЕМ СТ 9225 - 68.

Толық биохимиялық талдау (анализ) жүргізу үшін орташа үлгінің мөлшері 200 - 250 мл болу керек, ал тек қана қышқылдығы мен майлылығын анықтауға 50 мл сүт жеткілікті деп саналады.

Сүт үлгісін цистерналардан немесе т. б. түбі терең ыдыстардан алу үшін ұзын темір түтікше (мутовка) қолданылады. Ол үшін цистернаның әрбір секциясындағы сүтті (сүт үлгісін алар бұрын) 2 минут уақыт мөлшерінде жақсылап араластыру керек. Егер алынған сүт үлгісін бірден зерттемей ертеңгі күнге қалдырса, онда оны суытып, 3-5˚С - та тоңазытқышта сақтайды.

Міндетті әдістер:

1. Органолептикалық зерттеу

2. Тығыздығын анықтау

3. Қышқылдылығын анықтау

4. Тазалығын анықтау

Қосымша әдістер

1. Сода қоспасын анықтау

2. Крахмал қоспасын анықтау

Сүттің органолептикалық көрсеткіштерін бағалау

Сүттің органолептикалық көрсеткіштеріне баға беру үшін оның түсін, дәмін, иісін және консистенциясын анықтайды.

Сүт түсі ақ, аздап сарғыштау болады. Ол цилиндр тәріздес шыны ыдыстың ішінде табиғи күндізгі жарықта жақсы көрінеді.

Сүттің иісі әртүрлі жануарлардың өзіне тән, жағымды иісі болады.

Сүттің дәмі аздап тәтті келеді. Оны анықтау үшін бір жұтым сүтті ұрттап, тілдің ұшынан бастап түбіне дейін шайып өтеді. Содан соң ауа жұтып, ауаны жайлап мұрнымен шығарады.

Сүттің консистенциясы біркелкі, біртекті болуы керек, ол оны бір ыдыстан екінші шыны ыдысқа құйғанда жақсы байқалады.

Ветеринариялық - санитарлық сараптау ережесіне сәйкес, бөтен иісі, дәмі, түсі бар сүт және сүт тағамдарын тағамға қолдануға болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүтті және ауру малдың сүтін ветеринариялық санитариялық сараптау
Радиоактивті заттармен зақымдалған сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау
Барлық ірі қара мал
Консерві бұйымдарының өндіру технологиясы
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру
Тағамдық түрлерін ветеринариялық-санитариялық токсикологиялық бағалау
Асыл Мерей базарының зертханасының құрылымы
Ірі қара мал бруцеллезінің санитариялық бағасы
Мал терісін залалсыздандыру
Бактериялар тобынан сүт өндірісінде кеңінен пайдаланатына сүт қышқылы бактериялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz