Қазақстан халкының өмір сүру деңгейі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

1992 жылдың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде жер шарының 30-дан астам елі таныды. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Пәкістан, Швейцария, Канада сияқты мемлекеттер болды.

Бұл республикаға, оның азаматтарына деген сыйқұрметтің және салиқалы саясат жүргізіп отырған Қазақстан басшыларының халықаралық, жоғары беделінің айғағы.

Алайда ел ішінде экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан үлкен қиыншылықтарға кездесті. Экономиканы күштеп басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын, әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындары қиын жағдайларға тап болды, олардың тоқтап қалуы әдеттегі құбылысқа айналды.

Тұтынушылық нарық мәселелері барынша шиеленісті, азық-тулік, киім- кешек жетіспеді, алыпсатарлық пен әміршіл-әкімшіл аппараттың сатылғыштығы өсті. Қағаз ақшаны шамадан тыс көп шығару нәтижесінде оньң құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында тауармен қамтамасыз етілмеген 13 миллиард сомға жуық ақша шоғырланды. Халық дүкендердегі заттардың барлығын дерлік талапайға салып сатып алды.

Еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларының нашарлауы көп ретте Қазақстанда жургізілген экономикалық, реформаларды ойламастан қайталаудың нәтижесі болды. Сауда жүйесіндегі, қоғамдық тамақтандырудағы, халыққа қызмет көрсету саласындағы, сол сияқты аграрлық сектордағы мемелекеттік меншіктің жекешелендіру баяу жургізілді. Еңбек өнімділігі өспеді, тәртіп нашарлады.

I. Қазақстан халқының табысы және оның түрлері

1. 1. Тұрғындардың табысы және оның құрылымы

Жыл сайын материалдың өндірісте жиынтық қоғамдық өнім мен ұлттық табыс болы отрады. Солардың арқасында қоғам өмір сүреді, дамиды. Алдымен макроэкономика деңгейінде өндіріс факторлары арасында бөлініп, табыстың осылай бөлінуі табысты функционалды үлестіру болы аталады. Мұндай факторларға еңбек, капитал, жерді жатқызамыз. Макроэкономика денгейінде, яғни кәсіпорын (фирма) мен әртүрлі шаруашылық ассоциясында табыстың негізгі түрлері құрылады: жалақы, пайда, пайыз жене рента.

Факторлық шығындар бойынша табыстың барлық сомасы ұлттық табысты кұрайды. Алғашқы бөлу нәтижесінде алғашқы табыс құралады, кейін әлденеше рет қайта бөлінеді. Бөлу процесінде өндіріс аясына қатысатындармен бірге мемлекет және ұйым қызметкерлері белсенді ат салысады. Алайда, олар алғашқы табысты тікелей жасамайды.

Функционалды бөлуден басқа табысты мөлшеріне қарай үлестіру де бар. Соңғысы қоғамда кұралған табысты от басы арасында немесе жеке адамдарға үлестірумен сипатталады. Бұл жағдайда бір адам бола ма әлде екі немесе көп адамнан тұратын от басы ма, туыстық немесе некелік мәселемен байланысқан.

Рыноктық экономикада барлық табыстар ақшалай түрде жүргізіліп, өндіріс факторы бағасымен органикалық байланыста болады. Бұл бағаға нарықтың күштер кәдімгідей әсер етеді: сұраным мен ұсыным арақатынасына:бәсеке мен монополия.

1. 2. Халық табысының әртүрлілігін статистикалық зертеу.

Табыс деңгейі бойынша қоғамның боліну процестері халықтың әлеуметтік-экономикалық әр түрлілігін талдаудын қажеттігін тұындатады. Халық табысының әр түрлілігін зерттеуде корреляциялық, дисперсиялық, көп өлшемді статис-тикалық талдау жоне т. б. әдістер пайдаланылады.

Әр түрлілік процесін сандық жагынані сипаттауда халықтың ең жоғары және ең төмен қамтамасыз етілген топтарының табыстарыньщ қатынасын көрсететін дифференциация (Әр түрлілік) коэффидиепттері қолданылады. Көбінесе децильді және квартильді дифференциация коэффиииенттері есептелінеді. Олар 10% (децилъді коэффициент үшін) және 25% (квартильді коэффициент үшін) ең жоғары және ең төмен қамтамасыз етілген халықтың табыстарынын қатынасын анықтайды және 10%(25%) ең бай халықтың минимальды табысы Ю%(25%) ең төмен қамтамасыз етілген халықтың максимальды табысынан қанша есе артып түсетінін сипаттайды.

K d (дец) =

мұндағы d І0 жэне (d 1 - 10-шы және бірінші дециль;

K d (кв) =

мұндағы d 4 , d 1 - 4-ші және 1-ші квартиль.

Қор коэффициенті (К л ) оныышы және бірінші децильді топтардағы ортагяа халык табыстарыиьщ қатьшасы арқылы анықталады:

K д =

мұндағы d 1 және d - ең аз табыс алатын 10% халықтың және ең бай халық бөлігінің 10%-і алатын 1 адамға шаккандағы орташа айлық табыс.

Сонғы жылдары теңсіздік шамасын анықтау үшін Лоренц қисығы немесе шоғырлану қисықтарынын көмегімен халық табыстарынын әр түрлілігін

сызбаша түрде көрсету кең таралған. Оларды кұру үшін абсцисс осінде ең аз табыс алатыннан бастап халық санының кумулятивті үлестері белгіленіп, ординат осінде - алынатын табыстын кумулятивті үлесі көрсетіледі.

Лоренц қисығын салу үшін зерттеліп отырған жиьштык бірліктерінің (белгілі бір табыс алатын халық топтары) жиіліктің таралуы (частотное распределенис) мен осыған байланысты зерттеліп отырған белгінің (халықтың тобынын табыс мөлшері) жиілігінің таралуы міпдетті түрде болуы көрек. Мұнда есептеу ыңғайлы болуы үшін әдетте жиынтық бірліктері бірдей топтарға бөлінеді: мысалы, 10 топ - әрқайсысында 10% жиынтық бірлігі бар. Лоренц қисығы 45'" бұрыш аркылы өтетін түзумен дәлме-дәл келеді және егер әр табыс алушыға үдестері тең тиетіи жағдайда, яғни 10% халыққа табыстың 10% тисе, 20% халықка табыстың 20% және с. с. жағдайда бұл біркелкі таралу сызығы немесе абсолюттік теңдік қисығы дсп аталады. Табыстың шоғырлануы (концентрация) қаншалықты күшті болса, Лорени қисығы біркелкі таралу кисығынан соншалықты ауытқиды және керісінше, шоғырпану қаншалықты әлсіз болса, бұл сызық соншалыкты түзуге жақынырақ орналасады.

Эмпирикалық мәліметтер бойынша альшған Лоренц қисығының абсолютті

теңдік түзуінен ауытқу деңгейі табыстың халық ішінде таралуының біркелкі еместік деңгейін көрсетеді.

Шоғырлану деңгейі біркслкі таралу сызығы жәнс шоғырлану қисығымен шектелген дене ауданымсн анықталады. Бұл S 1 ауданы қаншалықты үлкен болса, S 2 ауданы соншалықты кіші, шоғырлану деңгейі соншалықты жоғары.

S 1 ауданын түзуден төменгі үшбұрыш ауданымен (S 1 +S 2 ) салыстыруда Джинни коэффиииенті пайдаланылады.

C 1 = 1 - 2 * d n Yi + * d Yi

мұндағы d Xi - халықтың тобының жалпы халық санының үлесі,

d Yi - табыстың мөлшерінін жалпы табыс келемінеи үлесі,

d n Yi - табыстын мөлшерінің жалпы табыс көлемінен жинақталғап

улесі.

S 1 және S 2 аудандарыньщ мөлшері туралы мәліметтерді біле отырып, Джинни коэффициентін S 1 , ауданының -ге тең S 1 және S 2 аудандарының қосындысына қатьшасы ретінде есептеуге болады:

C 1 = = = 2S 1 = 1 - 2S 2

Егер зерттелш отырған жиынтық 10 бірдсй топтарга бөлініп жэне жиіліктері процентпен белгіленсе, онда бұл коэффицент мына түрде болады:

C 1 = 110 - 0, 2

Джинпи коэффициентінің максималды мәні 1-ге тең (абсолютті теңсіздік), ал минимальды мәні 0-ге тең (абсолютті теңдік) . Мұнын мәні 1-ге каншалықты жақын болатын болса, табыстың жеке халық топтарьшың қолына шоғырлапуы соншалықты үлкен деңгейде.

Кедейлік шегі мен деңгейін зерттеуде минимальды мүмкін деңгейдегі тұтынуды қамтамасыз ететін табыстың шегі белгіленеді. Бұл жағдайда мүмкіндігінше минимальды деңгейдегі тұтынуды қамтамасыз ететін табыстың шегі анықталады, яғни халықтың нақты табыстарын салыстыруға қолайлы минимальды өмір сүрудің құндық көлемі анықталады. 000көріс минимумы өмір сүруді қамтамасыз ететін өмірдің минимальды деңгейі немесе

өмір сүруді ұстап тұру үшін кажетті тұтыну денгейі. Бұл деңгей бағаға байланыссыз сатып алынуы қажет жеке игіліктердің (бір-бірімен орын ауыстыруға болмайтын) минимальды санымен сәйкес келеді.

Минимальды азық-түлік «кәрзеңкесінің» кұны әр азық бойынша тұтыну мөлшерін оның орташа бағасына көбейту арқылы анықталады.

Халықтың ең кедей деген бөлігінің табыстары туралы мәліметтер табыс тапшылығы көрсеткішін есептеуде негіз болып табылады. Бұл көрсеткіш күнкөрістің аз көрсеткіш дедгейіне де жетпейтін халықтың жиынтық табысына тең.

Кедейлік денгейінің өсуін талдауда кедейліктің тереңдік нндексі

(J 1 ) J 1 =

және кедейліктің өктемдік индексі (J 2 ) сияқты көрсеткіштер пайдаланылады.

J 2 =

мұндағы N - зерттелетін үй шаруашылықтарыньщ жалпы саны;

n - күнкөрістің ең аз деңгейінен төмен табыс алатын үй шаруашылық саны;

С min - ші үй шаруашылығы үшін, оның жастық, жыныстық құрылымы ескеріліп есептелінген 1 адамға шаққандағы орташа күнкөрістің ең аз деңгейі;

D i - күнкөріс"пң ең аз деңгейінен төмен табыс алатын үй шаруашылығынын 1 адамға шаккандағы орташа табысы.

Халықтың әлеуметтік-экоіюмикалық бөліну деңгейін бейнелейтін көрсеткіштер өмір деңгейінің керсеткіштер жүйесіндс маңызды орын алатынына қарамастан, халықаралык салыстыруда мәселе-қоғамның тұрмыс халінің деңгейін бейнелейтін біртұтас индикатор құру қажеттігі ең өзекті болып табылады.

1. 3. Нарықты экономикалык катынастар жэне халыцтыц ем1р

суру деңгейі

Бұл мерзімін негізгі экономикалық ағымдары нарықтық
қатынастарды енгізу әрекеттерімен сипатталады: экономиканы мемлекет
иелерінен алу, жекешелендіру, кәсіпкерлікті дамыту, монополияны жою,
бағаны босату, қатал акша-несие және қаржы саясатын жүзеге асыру,
құнсыздану қарқынын реттеу. 1995 ж. жалпы тұрақтанудың кейбір
нышандары байқала бастады. Олардың ең бастылары құнсыздану

қарқынының бәсеңдеуі және экономикадағы қаржы жағдайының бірқатар жақсаруы. Кұнсыздануды ерекше көрсеткіші тауарлар мен қызмет көрсетудің тұтыну бағаларын езгеру индексі болып саналады. Осы керсеткіш 1995 жылдың бірші жартысында (қаңтар-маусым) 32, 4%-ке өсті, ал 1994 жыдың осы мезгілінде ол 534, 3%-ке өскен болатын.

Құнсыздануға қарсы үктмет жүргізп отырған бағыт өндірістің құлдырауына және жұмыссыздықтың артуына алып келді. 1995 жылы инвестиция тағайындалған және тұтыну тауарларын шығаруға бейімделген салаларда өндірістің құлдырауы жалғаса берді Машина жасауда және жеңіл өнеркәсіпте де айтарлықтай құлдырау құбылыстары сақталды. Өнеркесіпте кәсіпорындар да өз меншігіндегі айналым қаржыларының жетіспеушілігі айқын сезілді, инвестициялық белсенділік төмендеді.

Алынған пайда өкіметтің салық міндеттемелерін, аралас кәсіпорындар арасындағы өзара төлемдерді жәнс жұмысшылардың енбекақы қарыздарын жаба алмады. 1995 жылдың қазанында еңбекақы қарыздары 25100, 8 млн. теңгеге жетті немесе ішкі жалпы азық-түлік көлемінің 23, 97%-і болды. Өкімет тарапынан уақытылы босатылмаған төлемдер бюджеттік ұйымдарда еңбекақының, зейнетақының уақытылы бермеуіне әсерін тигізді. 1997 жылдың басында төленбеген енбекақы қарыздары 50 млрд. теңгеге, ал зейнетақылар бойынша қарыздар 35 млрд. теңгеге жетті.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысына электр қуатының жағдайы айтарлықтай әсер етті. Айналым қаржыларының жетіспеушілігі, жылу және электр қуатын тұтынушылардың ұзақ, уақытқа созылған қарыздары (ол 50 млрд. теңгеге жетті) энергетика кәсіпорындарына отын және басқа керекті құрал-жабдықтар жеткізіп алуға кедергі келтірді. Отын өнеркәсібі кәсіпорындарында да осындай жағдай қалыптасты. 1995 жылдың он айында республика бойынша 67 млн. тонна көмір өндірілген, бұл 1994 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 76, 6%. Кейбір кәсіпорындарда көмір өндірудің деңгейі күрт төмендеп кетті, 1995 жылдың он айында15, 9 млн. тонна ғана көмір өндірілді, яғни 1994 жылмен салыс-тырғанда, не бары 59, 3%. Көмір өнеркәсібінің құлдырауы кейінгі жылдарда да байқалып отыр. Тұтыну тауарларын өндіру әсіресе жеңіл өнеркәсіп салалары одан әрі құлдырауда. Мақта-маталар, жүн, кілем, тігін бұйымдарын шығару үздіксіз төмендеп келеді. Аяқ киім шығару кәсіпорындары іс жүзінде тоқтап қалды.

Инвестиция (сырттан ақша, капитал тарту) мен өндірістің төмендеуі
экономиканың құлдырауға түскенін, жүргізіліп отырған реформаның тиімсіздігін көрсетеді. Машинажасау мен кайтаөңдеу салаларындағы дағдарыс экстенсивті экономиканың нышаны болып табылады. Шетел капиталын осы салаларға тартуды арттыруға да сенім аз, өйткені инвестициялар негізінен шикізат салаларына көбірек тартылуда. "Жасалып отырған реформаның" экономикалық және әлеуметтік шығындарьн республиканың табиғи байлығын қанау арқылы қайтарып алу (компенсация) біздің келешегімізге жақсы әсер ете қоймайды. Мысалы, 1997 жылы инвестициялардың республика көлемінде мұнай-газ өндіру өнер-кәсібіндегі сыбаға салмағы 39%, қара және түсті металлургияда 8, 6% болды. Осы салаларға инвестиция көлемін арттыру өндірістін, өркендеуіне негіз болды. Өндіріс көлемінің артуы 1996 жылмен салыстырғанда қара металлургияда - 24%, газ өнеркәсібінде - 20, 3%, түсті металлургияда -15, 2%, мұнай өндіруде - 11, 2% болды.

Экономиканы реформалау процесінде еңбек және халықты еңбекпен
қамту салаларындағы проблемалар одан әрі шиеленісіп кетті.
Өндірістің жалпы құлдырауы, өкімет тарапынан жүргізіліп отырған қаржы, несие, баға және салық саясатының жетілдірілмеуі жұмысшылардың жалпы санының қысқаруына алып келді. Әсіресе мұндай қысқару өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында айқын орын алды. Өндірістің материалдық салаларындағы жұмысшылар санының қысқаруы өшм өндірілмейтін салалардың көпшілігіндегі жұмысшылардың біршама тұрақтылығымен қатар жүрді . 1995 жылы еңбекпен қамту қызметтерінде ресми түрде 153 мың жұмыссыз тіркелген, бұл 1994 жылменсалыстырғанда 1, 9 есе көп. Жұмыссыздықтың жалпы көлемі 643 мың адамға жетті. Өндірістің толық тоқтауы салдарынан ақысыз демалыста 192 мың адам, болса, өндірістің жартылай тоқтау себебінен жұмыс уақыты толық, емес режімде 451 мың адам болды. Еңбек нарығындағы ахуал соңғы жылдарда да айтарлықтай өзгере қоймады. 1997 жылы экономика салаларында істеп жүрген адамдар саны 1996 жылмен салыстырғанда 11, 8%-ке кеміді. Республика еңбек нарырының өзіне тән ерекшелігі - жасырын жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы. Мемлекеттік халықты еңбекпен қамту кызмет органдарының бағалауынша, мұндай жұмыссыздық экономикалық белсенді халықтың жалпы санының 9-11%-1 екен. Ауылдағы халықты еңбекпен қамту проблемасы ерекше ауыр болып отыр. Бүгінде жұмыссыздардың көпшілігі (54, 8%) осы ауылды мекендерге келедіекен. Оның үстіне Қазақстанда жұмыссыздықтың жергілікті шоғырланған ордалары (аймақтары) бар. Оған шағын қалалар жатады. Бұл процестің қарама - қарсы жағы халықты табыс деңгейі бойынша бөлшектеу. Зерттеушілердің 1997 жылғы есебі бойынша, республика халқының шамамен 60%-інің орташа номинал табысы тұтыну бюджетінен төмен екен.

Нарықтық қатынастардың даму талабына сай меншіктік қатынастар жүйесі айтарлықтай реформалауға душар болды. Бұл міндетті жекешелендіру барысында шешу ұйғарылған болатын. Жекешелендірудің

негізгі экономикалық мақсаты меншіктік қатынастар жүйесінің жаңа
көрінісін кәсіпорындардың көпшілігі шаруашылықты тиімді

ұйымдастыратын меншік иелерінің бақылауында болатын жүйе құру болып жарияланған еді. Жалпылама жекешелендіру Қазақстанда 1991 жылдан басталды. Үкіметтің бағдарламасы бойынша 31 мың кәсіпорын үш кезең ішінде мемлекет иелігінен алынып, жекешелендірілуге тиіс болатын. Бірінші кезеңде (1991-1992 ж. ж. ) мемлекеттік меншіктің келемі мен кұрылымын белгілеу, меншіктік құқық, беруді дайындау қажет болды.

Сонымен қатар осы бірінші кезеңде шағын жекешелендіру объектілерінің (шағын және орта кәсіпорындар) 50%-ін жеке-шелендіру жоспарланған еді. Жекешелендірудің екінші кезеңінде (1992-1996 ж. ж. ) орта және ірі кәсіпорындар (жалпылама жеке-шелендіру және арнайы жобалар бойынша жекешелендіру) қолға алынуы тиіс болды.

Үкіметтің жекешелендіру саясаты негізінен әлеуметтік әділеттілік көрінісін сақтауды мақсат етіп қойды. Бірақ ешқандай қажетті нарықтық құралдармен қамтамасыз етілмеген бұл шешім стихиялық процесс болып шықты. Көптеген шағын жекешелендіру объектілері (дүкен, монша, асхана, киім тігу мекемелері, т. б. ) жергілікт! мемлекеттік мүлік комитеттерінің шешімімен конкурс немесе аукцион өткізілмей-ак, өте төмен бағаға берілді.

1993 жылдың наурыз айында Қазақстан парламенті бұл "стихиялық" процесті реттеуге күш салып, мемлекетиелігінен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасын қабылдады. Бұдан былай барлық меншік бір ғана мемлекеттік органның-Мемлекеттік мүлікті басқару мемлекеттік комитетінің қолына көшті. Осы бағдарлама бойынша меншік республика азаматтарына тегін таратылып берілуі тиіс болды. Осы мақсатпен арнайы төлем құралдары (құжаттары) -жекешелендіру инвестициялық купондары енгізілді. Олардың иесі белгілі болып шығарылды және оларды әр түрлі жекешелендіру инвестициялық. қорларға салуға болады, өнеркәсіптік кәсіпорындар акцияларына

ауыстыруға және сатуға рұқсат берілмейді. Инвестициялық қорлар (Қазақстанда 200-ге жуық құрылған еді) сол купондарды "жинап алып", аукционға шығарылған өнеркәсіптік кәсіпорындардың акцияларына ие болу үшін құрылған болатын. Осы жекешелендіру механизмінің негізгі идеясы (мақсаты) турлі салада шашырап жүрген жеке меншік капиталды топтастырып, олардың, республика өнеркәсіптік кешеніне бірлесіп иелік етуін қамтамасыз ету болатын. Яғни нақты иелік еткен адамдар ғана өндірісті жетілдіруге, жандандыруға, өнеркәсіптік кәсіпорындарды көтеруге кұштарлық көрсетер еді.

Бірақ үкімет бір қордың жинап алатын акциялар санына шектеу қойды. Соның салдарынан өнеркәсіптік объектілерге түрлі кәсіпорындардың бірнеше процент акцияларын жинаған, ондаған қорлар иелік ететін болып шықты. Кейін бірқатар ірі кәсіпорындар өте төмен бағамен шетелдік компаниялар иелігіне берілді немесе сатылды. Шетелдік фирмаларға Қарағанды металлургия жене Соколов-Сарыбай комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш мыс қорыту комбинаттары, Павлодар алюминий зауыты мен атом-энергетикалық кешеш кәсіпорны, сондай-ақ басқа да маңызды объектілер берілді. Алайда маңызды кешендерді түгелдей, шұгыл түрде сатып жіберу адамдарға қолайлы жағдай туғыза коймады, зейнетақы проблемаларын да, жұмыссыздық, мәселелерін де шешпеді. Қазақстанның барлық байлығы жабық есік ішінде және халықтан жасырын түрде бөлініске түсті.

Мұндай жағдайда жоғарыда айтыдған жаңадан құрылған қорлар жұрттың купондарын жинастыруға ешкандай мүдделі болмады. 1995 жылдың, басында жалпы жекешелендіру бағдарламасы да, оның алға қойған мақсаттары да жүзеге аспайтындығы белгілі болды. Жекешелендірудің негізгі мақсаты- тиімді жұмыс жасайтын жеке меншік секторын құру және қалыпты бесекелестік ортаны қальштастыру жүзеге аспады. Төленбеген қарыздардың көлемі 1998 жылдың көктемінде шексіз өсті, 18 млрд. долларға жетті.

Шетелдік "инвесторлардың" еңбекақыны уақытында төлемеуі ашындырған Кентау (Оңтүстік Қазақстан облысы), Жаңатас (Жамбыл облысы) тау-кен өнеркәабінің жұмысшылары 1997 және 1998 жылдары бірінен соң бірі ереуілге шықты. Олар аштық жариялады. Жанатас жұмысшылары өз проблемаларына өкіметтің назарын аудару ушін темір жолға жату шарасын ұйымдастырды. Ереуілшілер осы шаралары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Өкіметтің әлеуметтік саясатына наразылығын халық барлық жерде білдіріп жатты. Алматыда электр энергиясына қожалық етуші "Трактебелъ" атты бельгиялық компания электр қуатының бағасын бірнеше есе көтеріп жіберді.

Осылайша, республиканың өтпелі кезендегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қарама-қайшы тенденциялар мен процестердің ұлғая түскенін байқатты. Қазақстан экономикасы терең дағдарыс жағдайына түсті.

II. Қазақстан халкының өмір сүру деңгейі

2. 1. Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр жағдай.

Ауыл шаруашылығындағы нарық жағдайы мен оның дамуы елдеп жалпы элеуметік-экономикалық саясатқа және жеке проблемаларға байланысты көптеген факторлармен анықталады. Нарыктық экономиканьң орнығуы меншіктің әр турлі нысандары мен шаруашылық жургізу формаларына негізделген көп укладты экономиканы қалыптастыруға тікелей байланысты. 1992-1994 жылдары республикада совхоздар мен колхоздарды қайта құру саясаты кең масштабта жургізді. Олар бірде кооперативтерге, бірде шаруа қожалықтарына айналдырылып, енді бірде акционерлік қоғамдарға өгертіп жатты. Олардары меншік нысандарын, агрокәсіпорындардың статусын өзгертуге, меншік иелерінің және жұмысшылардың жаңа типтерін қалыптастыруға, оларға өндіріс кұралдарын, өнімдері мен табыстарын өз еркінше пайдалануға құқық беру әрекеттері жасалды. 2003 жылдың басында республиканың ауыл шаруашылығында 51885 шаруашылық субъектісі құрылды. Оның ішшде 47393 шаруа қожалығы, 991 шаруашылық серіктестігі, 2614 өндірістік кооператив, 399 акционерлік қоғам, 120 әр түрлі қауымдастықтар, 95 мемлекетак кәсіпорын, сондай-ак 273 кәсіпорын колхоздар мен ұжымдык, кәсіпорындар болды. 2003 жылдың алғашқы жартысында 2106 ауыл шаруашылық кәсіпорын шаруашылық жургізудің мемлекетік емес объектілерне езгертілді. Дегенмен, меншіктің жаңа нысандарының тұрақтануы өте күрделі қаржы-экономикалық салық жағдайда жургізілді. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің экономикалық жағдайының тұрақсыздығы бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуына ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы тауар алмасу барысындағры баға теңсіздігінің (диспаритет) артуына, құнсыздануға, бюджеттің жетіспеушілігіне, мемлекетгік қаржыландырудың қысқаруына, несиелік ресурстардың қымбаттауына байланысты болуынан туды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласы халқының өмір сүру сапасын аудандар бойынша бағалау
Экономикалық жүйелер сапасы
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Халықтың өмір сүру деңгейі
Демографиялық саясаттың тарихы
Демографиялық саясатты доктриналық қолдау
Ұзынкөл ауылы халықының жынысы бойынша динамикасы
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі
Қазақстан Республикасындағы халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайы
Көші қон факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz