Қаржы саясатының мақсаттары мен міндеттері
І ҚАРЖЫ САЯСАТЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ
1.1 Қаржы саясатының мәні
Қаржылық саясат - өзінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруы үшін
мемлекеттің қаржы аймағында жүзеге асыратын, мақсатты бағытталған шаралары
мен мүдделерінің жиынтығы.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салык, ақша, кредит, баға және кеден
саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның
экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді,
яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын —
ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды. Осы бес
бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып
табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына қаржының әсері,
мемлекеттің экономикалық саясатының бөлігі болып табылатын, қаржылық
саясаты арқылы жүзеге асырылады. Экономика бірінші ретті, ал саясат
экономикадан туынды. Ал бұл, қоғамда басымды экономикалық жағдайлар
мемлекет қаржылық сипаты мен өндірістік қатынастар мәніне тікелей
байланысты. Экономикалық базис пен құрылғының әсер етуі мен қызмет етуін
талдау қаржы мен қаржылық саясат сияқты өзара байланысты түсініктерді
шектеуге мүмкіндік береді. Қаржылар өндірістік қатынастардың ерекше түрі
бола отырып, базис элементін құрайды, ал мемлекеттің қаржылық саясаты
құрылғыға жатады. Қаржылық қатынастар объективті және адам саласы
еркендігінен тәуелсіз, қаржылық саясат олардың салалық қызметінің нәтижесі.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді.
Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары
қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне
қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық
Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында
ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты
бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге
асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы
Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің, атқарушы
тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға кажетті
зандардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке
тапсырады. Кезең ұзақтығы мен шешілетін мәселелердің сипатына байланысты
қаржылық саясат қаржылық стратегия мен қаржылық тактикаға бөлінеді.
Қаржылық стратегия – ұзақ мерзімді болашаққа есептелген және экономика
мен қоғамның әлеуметтік дамуының ірі ауқымды міндеттерін шешуді білдіретін
бағдар.
Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне
үйлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі
тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы
қатынастарын ұйымдастырудың кағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді
мақсаттарды таңдау мен қаржылық саясаттағы мақсатты бағдарламаларды
құрастыру экономикалық және әлеуметтік даму басты бағыттарында қаржылық
ресурстарды шоғарландыру үшін қажет.
Қаржылық тактика – қаржылық ресурстарды қайта топтастыру, қаржылық
байланыстарды ұйымдастыру тәсілдерін уақытылы өзгерту жолымен қоғам
дамуының нақты кезеңіндегі мәселелерді шешуге бағытталған. Қаржылық
стратегияның салыстырмалы тұрақтылығында қаржылық тактика икемділігімен
ерекшеленуі керек.
Қаржылық саясаттың стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия
тактикалық мәселелерді шешуге жағымды мүмкіндіктер жасайды. Тактика,
қаржылық байланыстарды ұйымдастыру түрлерін, тәсілдерін уақытылы өзгерту
жолымен, әлеуметтік сала мен экономика дамуының маңызды мәселелерін
анықтап, қаржылық стратегияда көрсетілген, мәселелерді аз шығынмен қысқа
мерзімде шешуге мүмкіндік береді.
Ғылыми негізделген қаржылық саясат дұрыс және табысты орындалғанда
жағымды нәтижелер алып келеді. Оның табыстылығы халық әл-аухаты деңгейі
артқанынан көрінеді. Қаржылық саясат жасалғанда және жүргізілгенде,
әлеуметтік қызмет көрсету кеңею, халық мәдени өмір деңгейі мен материалдық
жағдайын арттыруға қолданылатын, қаржылық ресурстар қарастырылады; халықтың
салық төлемдері реттеледі; халық тұтыну тауарларын өндіруді дамытуға
бағытталған шаралар жүзеге асады.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді
шешуге бағытталған, тап осы мемлекеттің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне
мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына қаржы
саясатының ықпал жасауы қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы
негізінде жүзеге асуын талап етеді. Тек ғылыми көзқарас, саясатты
анықтайтын барлық факторларды біліп, зерделеу оның салыстырмалы
дербестігінің объективті экономикалық қатынастар тәуелділігіне ұласпауының
кепілі. Экономикалық дамудың тәжірибесі қаржы саясатының экономикадан қол
үзуінің қатаң экономикалық қиыншылықтарға ұрыңдыратынын, қоғамдық дамудың
міндеттерін іске асыруды сөзсіз тоқтататынын дәлелдейді.
Қаржы саясаты ғылыми зерттемелерге негізделсе және ғылыми тәсілдеме
қаржы саясатының нақтылы қаржы қатынастарынан үзілмейтіндігіне қызмет етсе,
онда қаржы саясаты прогрессивті болуы мүмкін.
Қаржы саясаты қазіргі кезеңде қарама-қайшылықты міндеттерді шешеді,
демек, қаржы саясаты баланстандырылған болуы тиіс.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып
табылады:
- шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық
қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
- дағдарысты жай-күйді жою жәнс қаржы жүйесін сауықтандыру;
- халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Қаржы саясатын жасаған кезде оның бірнеше нұскалары дайындалады. Олардың
барлығы сараптық бағалаудан өткізіледі, неғұрлым оңтайлы нұсқасы Үкіметке
жіберіледі. Көп нұсқалы жоба математикалық үлгілеу мен жобалауды
пайдалануды талап етеді. Мұнымен бірге үнемі өсіп отыратын қаржы
ресурстарының қосалқы қорын жасау қажет, сондай-ақ мемлекеттің шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің табыстарын алудың неғұрлым оңтайлы үлестерін
анықтау қажет. Қаржы саясатын жасаған кезде қаржы ресурстарын бөлуге және
оларды негізгі бағыттарға шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Қаржы саясатына қойылатын маңызды талап қаржы саясатын жүргізгенде, яғни
дамудың белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар
бағыттау жолымен қаржы жуйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды
келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ экономикалық саясаттың
құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға белгілеу, жалақы салалары
саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржы саясатының бағыттары фискалдық және экономикалық саясат болып
табылады. Фискалдық саясат табыс табуды мен шығындарды жүзеге асырудың
қаржылық тұтқалары арқылы экономиканы реттеу. Фискалдық саясат салық
төлемдерін алу, "қоғамдық тауарларды" өндіру кезінде ре-сурстарды
орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік ағындарының
қозғалысы жөніндегі бөлу және қайта бөлу әрекеттерін, үкімет пен жергілікті
органдардың экономикалық және әлеуметтік сфераларда қаржыны пайдалану
жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтиды.
Фискалдық саясат мынадай типтерге бөлінеді: дискрециялық (белсенді) және
автоматты (енжар).
Дискрециялық фискальды саясат тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып
алуы, мемлекеттік трансферттер мен салықтар арқылы жүзеге асырылады.
Олардың көлемінің өзгеруі шығындар жиынтығының өзгерісіне әкеледі. Осылай
жиынтық сұранысқа ықпал жасай отырып, фискалды саясат біркелкі таза ұлттық
өнім көлеміне әсер етеді.
Дискрециялық емес фискалды саясат мемлекеттік шығындар мен салықтар
көлеміндегі өзгерістер автоматты түрде енгізілетін енжар саясат.
Автоматты стабилизаторлар құлдырау кезінде сұраныстар жиынтығын
ынталандыруға бағыттылған, ешқандай саяси шешімсіз болатын қаржы бюджет
саясатындағы өзгерістер.
1.2 Қаржы саясатының мақсаттары мен міндеттері
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің
сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы
саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ
перспекгиваға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын
жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған
жетудің жолдарын анықтайды.
Қазіргі кезенде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердін,
қатарына мыналарды жатқызуға болады:
1) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы
ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын
қамтамасыз ету;
2) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық
шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды
белгілі бір мақсаттарға бағыттау
3) экономикалық дамудын белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы
механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканы
экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтын кұрылымын
одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік
қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті
реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік
бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі
арқылы іске асыру болып табылады.
Тұрақтандырудың қаржы саясаты өзіне мына міндеттерді кіріктіреді:
инфляцияны тоқтату;
бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 2% дейін төмендету;
мемлекет борышын ЖІӨ-нің 48% дейін жеткізу.
Қаржы саясатына ақша-кредит саясаты қосылады. Қаржы саясаты
жетістіктерінің бірі — Ұлттық банк кредиттерін беру (эмиссия) жолымен
мемлекеттік борышты жабудан заңнамалық түрде бас тарту.
Қаржылық тұрақтандырудың міндеттеріне мыналар кіреді:
1) тұрақты бағалар (инфляция нөлге жуық). Алайда инфляция
жылына шамамен 1,8% тең болатын дамыған елдерде де болады;
2) бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2-3% аспайды;
3) мемлекет борышы аз соманы құрауы тиіс және тек ЖҰӨ-
нің өсуімен өсуі тиіс.
Қаржы саясатының мақсаты — қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты
қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар
жасауға шақырады. Қаржы саясатының негізгі мақсаттары мыналар:
- қажетті қаржылық ресурстардың алынуы, олардың толығымен және уақытылы
бюджетке түсуі;
- мемелекеттің экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларында көрсетілген,
шараларды үзіліссіз қаржыландыру;
- мемлекеттің материалдық, еңбек және ақшалай ресурстарының мақсатты және
тиімді қолданылуын бақылауды күшейту;
Бұл мақсаттар төзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету негізінде
республиканың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын қаржылық қамтамасыз
ету қажеттігінен туындайды.
Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор
манызы бар:
- қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау,
бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының,
әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
- қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарыңца кірістер мен шығыстардың
теңгерімділігі;
- қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және
салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі);
- мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы
ресурстарын оңтайлы болу.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке (өзгеше)
қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.
Жалпы қағидаттарға мыналар жатады:
- объективті экономикалық зандардың іс-әрекетін есепке алу;
- нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
- өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке
алу.
Жеке (өзгеше) қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
- қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрлымын, қаржы қатынастарын жоспарлы
ұйымдастыруды және қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің барлық салалары мен буыңдарындағы кірістер мен
шығыстардың тепе-тендігі;
- бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы резервтерін жасау;
- салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың
маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;
- негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды мемлекет
пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;
- қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.
ІІ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМ
1. Қаржылық механизмнің мазмұны
Қаржылық саясат нақты шаруашылық өмірде қаржылық механизм арқылы жүзеге
асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің,
нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы
шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында
экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау
үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және
пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.
Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы
нәтижелерге — қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен
сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер
көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына
кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.
Ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизмі құрамды жөне
ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнің
нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.
Қаржы механизмі — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы
жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру
нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің
жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және
әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.
Қаржылық механизм директивті және реттеуші болып бөлінеді.
Директивті қаржылық механизм мемлекет қатысатын қаржылық қатынастар үшін
құрастырылады. Оның саласына салықтар, мемлекеттік несие, бюджет шығындары,
бюджеттік қаржыландыру, бюджеттік құрылым мен бюджеттік үрдісті
ұйымдастыру, қаржылық жоспарлау кіреді.
Бұл жағдайда мемлекет барлық қатысушыларына міндетті, қаржылық
қатынастарды ұйымдастырудың барлық жүйесін құрастырады. Басқа жағдайда,
мемлекет қатыспайтын қаржылық қатынастарға да директивті каржылык механизм
таралуы мүмкін. Мұндай қатынастар қаржылық саясатты жүзеге асыру үлкен
маңызды, немесе бұл қатынастардын бір жағы - мемлекет агенті (мемлекеттік
кәсіпорындардың қаржысы).
Реттеуші қаржылық механизм мемлекеттің мүдделерін тура қамтымайтын,
қаржылардың нақты бөлшегіндегі негізгі ойын ережесін анықтайды. Қаржылық
механизмнің бұл түрі жеке кәсіпорындардағы ішкі шаруашылық қаржылық
қатынастарды ұйымдастыруға негізделген. Бұл жағдайда мемлекет
кәсіпорында салықтарды міндетті төлемдер мен төлегеннен кейін
қалатын, қаржылық ресурстарды қолданудың жалпы тәртібін бекітеді, ал
кәсіпорын өз еркімен ақшалай қорлардың түрлерін, формаларын, олардың
қолданылу бағыттарын құрастырады.
Қаржылық механизм - қаржыларды ұйымдастыру, жоспарлау және басқару
әдістерінің, түрлері мен формаларының жүйесін білдіреді. Қаржылық механизм
арқылы әртүрлі шаруашылық жүргізу деңгейлері мен қызмет салаларында

үшін мақсатты ақшалай қаражаттар мен ақшалай жинақтар қорларын қалыптастыру
және қолдану бойынша қаржылық қатынастарды басқару жүзеге асырылады.
Қаржылык механизм мемлекетпен бағдарланған қаржылық шараларды нақты
нәтижелерге, яғни қоғамдық өнімнің көптеген элементтерінің құрамына
материалдық емес игіліктер, қоғамдық-экономикалық өмір барлық деңгейлері
мен салаларындағы қызметтер мен кұндылықтар құрамына кіретін, қаржылық
ресурстардың кеңейтілген ұдайы өндірісіне айналдырады. Ұдайы
өндіріс нәтижелерінің көп түрлілігі, қаржылық механизм негізгі бөлігі болып
табылатын, экономикалық механизмнің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz