Жармадан, бұршақ пен макарон өнімдерінен тағамдар


Тақырып: «Жармадан, бұршақ пен макарон өнімдерінен тағамдар»
Тамақтануда жармадан, бұршақ пен макарон өнімдерінен
тағамдардың маңызы
Жармадан тағамдар көмірсу мен нәруыздардың маңызды көзі болып саналады. Қарақұмықтан ботқаның бір порциясы (шығу 225г) көмірсудың тәуліктік қажеттілігінің 16% және нәруыздың 12-14% жабады. Бірақ жарма нәруыздары амин қышқылдарының құрамы бойынша толық құнды емес (ең алдымен - лизин), сондықтан жарманы басқа өнімдермен біріктіру керек (сүтпен, ірімшіепен, жұмыртқамен т. б. ) . Жармада калций мен фосфордың қосылысы жағымсыз, себебі кальций аз, оларды сүтпен, ірімшікпен, көкөністермен біріктіргенде бұл көрсеткіш жақсарады. Бұл тағамдарда В тобының витаминдері бар.
Жармадан тағамдар калориялы тағамдарға жатады. Маймен шашыранды ботқаның бір порциясы (шығуы 225г) 225-325 ккал береді, ал одан гарнир (шығуы 150г) ет тағамының энергетикалық құндылығын 160 ккал-ға ұлғайтады.
Бұршақтан тағамдар да калориялы болып саналады, ал нәруыз мөлшері бойынша асып түседі. Қайнатылған бір порция бұршақ тағамына (шығуы 215г) 20г нәруыз болады, яғни тәуліктік қажеттіліктің 25%-ы. Бұршақтан тағамдар В және РР тобының витаминдеріне бай.
Қайнатылған макарон да көмірсу мен нәруыздың маңызды көзіне жатады. Нәруыздардың биологиялық құндылығы сыр, ірімшік, жұмыртқа, ет өнімдерін қосқанда ұлғаяды.
Жарма, бұршақ және макарон өнімдерін гарнир есебінде қолданғанда тек химиялық құрамына ғана емес, сондай-ақ дәмі бойынша үйлесуін ескеру керек:
- жармадан гарнирлер балық тағамына үйлеспейді, тек қарақұмық ботқасын қуырылған балыққа беруге болады;
- күріштен гарнирлер қой етінен, қайнатылған құстан тағамдарға үйлеседі, үйрек пен қаздан тағамдарға үйлеспейді;
- бұршақты гарнир ретінде сирек қолданады, ал фасоль қой етінен тағамдармен жақсы үйлеседі;
- макарон әмбебап гарнир болып табылады, бірақ қуырылған үйрек-қазға бермейді;
- ет тағамдарына күрделі гарнир құрамына макарон мен жіберіп пісірілген күріштен басқа жармалар кірмейлі;
Жарманы, бұршақ пен макарон өнімдерін қайнатуға дайындау
Жарманы қайнату алдында елейді, сұрыптап, бөгде заттардан тазалайды. Жарманы түрлі өлшемді елек арқылы елейді.
Тары, күріш пен арпа жармасын алдымен жылы (40С), сосын ыстық сумен жуады. Жарманы 2-3 рет жуады. Бөкпен, майдаланған, үлпек тәрізді жармаларды жумайды.
Қазіргі уақытта тамақ өнеркәсібі жылдам пісетін өңделген қарақұмық жармачын өндіреді. Оны қуырып керегі жоқ, өйткені ол 30 мин ішінде піседі. Шикі қарақұмық жармасын жылдам пісуі үшіналдын-ала қуырады. Жарманы жуғанда біршама су мөлшері қалады - бұны жарманы пісірукезінде ескерген дұрыс.
Тағамды заттардың жоғалуын қысқарту және пісуін жылдамдату үшін кейбір жармаларды 2-3 сағ салқын суда ұстайды.
Бұршақ өнімдерін қайнату алдында сұрыптап, тазалайды, 2-3 рет суменжуып, 3-4 сағсуда ұстайды. Суда ұстау жылулық өндеуді қысқартады және бұршақ формасын сақтайды. Суда ұстағанда бұршақ өнімдері 2есе ұлғаяды.
Макарон өнімдерін жылулық өндеу алдында сұрыптайды, ұзын өнімдерді 10см-ге дейін сындырады, майдаларын бөгде заттардан тазалайды.
Жармадан тағамдар
Ботқа пісіру. Ботқаны суда, сорпада, сүтте немесе сүтпен су қоспасында, жеміс қайнатпасында пісіреді. Ботқалар консистенциясыбойынша шашыранды, созылмалы және сұйықболып бөлінеді.
Қазанға есептелген су мөлшерін құяды, тұз, қант қосып, қайнауға дейін жеткізеді. Сосын дайындалған жарманы салады, қоюланғаншаәлсіз отта, үздіксіз араластыра отырып, қайната. Бетін тегістеп, оттыазайтады, қазан бетін жауып, 90-100С температурада ботқаны дайын болғанша ұстайды.
Булап ұстау . Дайын ботқаны қопсытады.
Күріш, тары мен арпа сүтте нашар пісед. Сондықтан алдын-ала суда жартылай дайын болғанша пісіріп алады, сосын суын төгіп, қайнап тұрған сүтті құяды.
Шашыранды ботқалар. Тарыдан, күріштен, қарақұмықтан, арпа, бөкпен және полтава жармаларын дайындайды. 1кг жармаға 1, 5-2, 4л сұйықтық алады. Дәмі мен сыртқы түрін келтіру үшін жарманы саларда норманың 5%-нан май қосуға болады. Шашыранды ботқаны суда не сорпада пісіреді.
Созылмалы ботқалар. Сұйық ботқа үшін 1кг жармаға 3, 2-3, 7л сұйықтық алады. Суда не сүтте пісірнді. Сары маймен, маргаринмен, майлармен ұсынады. Бидай жармаларын, үлпектерін ботқаларды тәтті күйде-мейізбен, қара өрікпен, кепкен өрікпен дайындауға болады.
Сұйық ботқалар. Сұйық ботқа дайындау үшін 1кг жармаға 4, 2-5, 7л сұйықтық болады. Сүтте немесе сүт пен қоспасына дайындайды. 1кг жармадан 5-6, 5кг ботқа шығатын ботқа сұйық ботқа болып саналады. сұйық ботқалардықарақұмық ыстық күйде еріген маймен немесе қантпен, тосаппен, джем, повидло, балмен ұсынады.
Ботқадан өнімдер. Шашыранды және созылмалы ботқалардан түрлі аспаздық өнімдер дайындайды: запенкалар, крупениктер, пудинг пен котлет, биточектер. Дайындау үшін ботқаға ірімшік, жұмыртқа және басқа өнімдер қосады.
Запеканкалар . Шашыранды немесе созылмалы ботқадан тәтті, тәтті емес, ірімшікпен, асқабақпен, жемістермен дайындайды. Ботқаға май мен қант қосады, сосын 60-70 С-қа дейін салқындатады, жұмыртқа қосып, жақсылап араластырады. Тәтті запеканка үшін массаға ванелин қосады. Дайын массаны май жағылып, кепкен нан ұнтағы сабілген ыдысқа 25-30 мм қалыңдықта салады, бетіне жұмыртқа мен қаймақ қоспасын жағып, 250-280 С-та 15 минут қыздырып пісіреді.
Тәтті запеканка үшін массаға мейіз, цукат қосады. Тәтті запеканкаларды жеміс сироптарымен және тұздықтармен ұсынады.
Асқабақпен запеканка үшін асқабақ қосылған созылмалы күріш, тары немесе бидай ботқасын пісіреді, 60-70 С-қа дейін салқындатады, қантпен көпіршітілген жұмыртқа, май қосып, араластырады. Қаймақпен ұсынады.
Крупеник. Ірімшікпен қарақұмықтан немесе бидай жармасынан запеканкаларды крупеник деп атайды.
Дайын шашыранды ботқаны салқындатады, езгіленген ірімшік, қант, маргарин, шикі жұмыртқа қосып, араластырады. Дайын массаны май жағылып, кепкен нан ұнтағы себілген ыдысқа салады. Бетін тегістеп, жұмыртқамен қаймақ қоспасын жағады. 250-580 С-та қыздырып пісіреді. Дайын крупеник бетіне қызыл қабық пайда болады және ыдыс шетінен ажырайды. Маймен немесе қаймақпен ұсынады.
Пудингтер. Пудингтің запеканкадан айырмашылығы формада пісіреді және құрамында көпіршітілген жұмыртқаның ақ уызы кіреді. Көпіршітілген ақ уыз өнімді көтереді және тесікті масса түзеді.
Созылмалы ботқаны 60-70 С-қа дейін салқындатады, қантпен езгілінген жұмыртқаның сары уызын, дайын мейіз қосып, араластырады, сосын ақырындап көпіршітілген ақ уыз қосады. Май жағылып, кепкен нан ұнтағы себілген формаға салады. Бетіне жұмыртқа мен қаймақ қоспасын жағып, 250-280 С-та 15 мин қыздырып пісіреді. Ұсынарда тәтті тұздық ққұйады. Буда пісіру үшін май жағылған формаға массаны салады, бу шкафтарында 30 мин дайын болғанша пісіреді.
Котлеттер мен биточектер. Созылмалы тары, күріш, бөкпен, бидай жармаларынан дайындалған ботқадан пісіреді. Ботқаны 60-70 С-қа дейін салқындатады, жұмыртқа қосып, араластырады, котлет немесе биточек түрінде формалайды. Кепкен нан үнтағында, аунатып, маймен қуырады. Қаймақпен, саңырауқұлақ тұздығымен береді. Тәтті түрде дайындап, тәтті тұздықтармен беруге болады.
Үзбе. Сүтті созылмалы ботқадан дайындайды. Май қосып, 60-70 С-қа дейін салқындатады, жұмыртқа қосып, жақсылап көпіршітеді, үзбе түрінде бөледі. Тұзды суда 5-6 мин пісіреді, маймен немесе май мен үгітілген сырмен немесе қаймақпен ұсынады.
Макарон өнімдерінен тағамдар
Макарон өнімдерін қайнату. Макарон өнімдерін екі әдіспен қайнатады:
1. Дайын макарон өнімдерін судың үлкен көлемінде қайнатады (1кг өнімге 6л су, 50гр тұз алады. ) Макаронды 20-30 мин, лапшаны-20-25 мин, вермишельді-10-20 мин қайнатады.
Қайнату кезінде макарон өнімдерінің массасы ұлғаяды. Піскен макарон өнімдерін дуршлагқа аударады, суын ағызады, бір-біріне жабысып қалмас үшін еріген маймен араластырады. Қаған майды ұсынарда қосады.
2. Бұл әдіспен запеканка немесе макаронник үшін қайнатады. Қайнап жатқан тұзды суға макарон өнімдерін салады, қоюланғанша қайнатады, қайнату соңында май қосып, қақпағын жауып, әлсіз отта дайын болғанша пісіреді.
Сырмен, брынзамен немесе ірімшікпен макарондар. Қайнатылған, май қосылған макарондарға үгітілген сыр немесе брынза сеуіп ұсынады. Ұсынарды макарондарды езгіленген ірімшікпен араластырады.
Тоатпен макарондар. Қайнатылған май қосылған макарондарды ұнтақ бұрыш қосылып, пассерленген томатпен араластырады.
Көкөістермен макарондар. Көкөістерді майдалап турап, пассерлейді томат пюресін қосып, тағы да 5-7 мин пассерлейді. Қайнатылған макарондарды дайын көкөістермен, томатпен араластырады. Қыздырылған көк бұршақ қосуға болады.
Саңырауқұлақпен макарондар . Кесілген пиязды пассерлейді, оған қайнатылған, майда туралған саңырайқұлақ қосып, 5-6 мин қуырады. Сосын саңырауқұлақты қайнатылған макарондармен араластырады.
Ветчинамен, томатпен макарондар. Кесілген саңырауқұлақты пиязды, ветчинаны майда қуырады, пассерленген томат пюресін қосып, қайнатылған макарондармен араластырады. Ұсынарда көк шөп себеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz