Көкөністер мен саңырауқұлақтардан тағамдар мен гарнирлер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Көкөністер мен саңырауқұлақтардан тағамдар мен гарнирлер
Көкөніс тағамдарының тамақтанудағы маңызы
Көкөніс тағамдарының тамақтанудағы маңызы ең алдымен көкөністердің
химиялық құрамымен, соның ішінде көмірсулармен анықталады. Мысалы
картофельден тағамдар крахмал көзі болып табылады, қызылшада, сәбізде, көк
бұршақта қант мөлшері сэл жоғары болады.
Көкөністерден тағамдар минералды заттарға бай. Әсіресе, көкөністерде
калий, натрий, кальций көп. Сондықтан көкөністен тағамдар адам ағзасында
қышқыл-сілтілік тепе- теңдікті ұстауға ықпал болады. Қызылша қан
микроэлементіне бай -мыс, марганец, мырыш, кобальт.
Көкөністерде минералды элементтер құрамы әр түрлі, біреуінде калий көп
болса, екіншісінде кальций көп. Сондықтан, қолданғанда көкөністердің
бірнеше түрін алған дұрыс. Жылулық өңдеу кезінде витаминдер ішінара
жоғалғанымен, көкөністер С витаминінің көзі болып саналады. Сондай-ақ В
тобының витаминдеріне де бай. Көкөністер де нэруыздардың көзі болып
саналады. Көкөністерді етпен, жұмыртқамен, ірімшікпен бірге жылулық
өңдегенде, асқазан сөлінің бөлінуі екі есе ұлғайып, жануар текті
нәруыздардың сіңуі жақсарады.
Көкөніс тағамдарының құрамындағы тағамдық талшықтар ағзадан улы
заттардың шығарылуына ықпал етеді.
Көкөністердегі дәм, бояғыш, хош иісті заттар тәбеттің ашылуына әсер
етеді.
Көкөністерден жеке ұсыну үшін тағамдар, ет.балық және т.б. тағамдарға
гарнирлер дайындайды. Көкөністерден гарңирлер қарапайым және күрделі
болады. Қарапайым гарнирлер көкөністің бір түрінен, ал күрделі гарнирлер
көкөністің бірнеше түрінен тұрады. Күрделі гарнир үшін көкөністерді дәмі
бойынша сәйкес келетіндей таңдайды. Гарнир көмегімен тағамның тағамдық
құндылығын теңестіруге, салмағы мен көлемін реттеуге болады.
Ет тағамдарына кез келген көкөністен гарнир беруге болады. Семіз ет
түріне дәмі нәзік гарнирлер сэйкес келеді - қайнатылған картофель,
картофель пюресі, сұл тұздығындағы көкөністер. Семіз ет пен құс етіне -
бұқтырылған орамжапырақ, томат тұздығымен бұқтырылган көкөністер.
Қайнатылған етке - көк бұршақ, қайнатылған картофель, картофель пюресі.
Куъірылған етке - қуырылған картофель, кұфделі гарнир. Қайнатылған, жіберіп
пісірілген балыққа - кайнатылған картофель, картофель пюресі.

Қайнатылған көкөністерден тағамдар мен гарнирлер
Тағамдар мен гарнирлер дайындау үшін көкөністерді суда не буда
пісіреді. Көкөністердің тағамдық құндылығын, салмағын сақтау үшін бірқатар
ережелерді ұстану керек.
Қызылша, сәбіз, көк бұршақтан басқа көкөністерді қайнап жатқан тұзды
суда пісіреді. Ікг көкөніске 0,6-0,7л су адады. Су қайнаған соң, қыздыруды
азайтады, көкөністерді дайын болғанша қайнатады. Қайнату уақыты көкөніс
түріне, сұрыбына, өлшеміне байланысты. Бұршақ, үрме бұршақ собықтарын,
шпинат жапырағын, спаржаны, артишокты түсін сақтау үшін судың үлкен
көлемінде қайнатады. 1кг-ға 3-4л су алады. Қатты, ыдыс бетін ашып
қайнатады. Қалған көкөністерді С витамині тотықпас үшін бетін жауып
қайнатады.
Картопті тазаланған, қабығымен қайнатады. Көктемгі уақытта картоп
сапасы төмендеп, онда улы зат соланин жиналады. Сондықтан картопті тазалап
пісіреді. Сәбіз бен қызылшаны қабығымен пісіреді. Жылдам мұздатылған
көкөністерді қайнап жатқан суға ерітпей салып, пісіреді. Кептірілген
көкөністерді қайнату алдында су құйып, 1-3 сағ ісіну үшін қалдырады, сосын
осы суда пісіреді. Консервіленген көкөністерді суымен бірге қыздырады,
сосын суын төгіп, көже не тұздық дайындау үшін қолданады. Көкөністерді
бумен пісіргенде ерігіш заттар мөлшері аз жоғалады. Буда піскен
көкекістердің дәмі жақсы, түсі сақталады.
Қайнатылған картоп. Бүтіндей түйнектермен немесе бөліп пісіреді.
Тазаланған картопті қазанда 50см қабатта пісіреді. Піскен соң суын төгеді,
ыдыс қақпағын жауып, әлсіз отта картопті 2-Змин кептіреді. Бұнда қалған
ылғалды крахмал сіңіріп алады.
Егер картофель жылдам пісетін сұрыптан болса, қайнаған соң 15мин кейін
суын төгіп, қақпағын жауып, буда пісіреді. Қайнаған картопті сақтаған кезде
оның сапасы темендейді, сондықтан аздап пісірген дұрыс.
Ұсынарда картопті тарелкаға, баранчикке немесе порциялы табаға салады, май
не қаймақ құйып, бетіне көк шөп себеді. Картопті қуырылған пиязбен,
қуырылған саңырауқұлақпен, түрлі тұздықтармен беруге болады.
Картоп пюресі. Пюре дайындау үшін крахмалы көп картопті қолданған
дұрыс. Піскен және кептірілген картопті ыстық күйде езгілейді, оған еріген
сары май не маргарин косып, үздіксіз араластыра отырып үстінен ыстық сүт
құяды, көпіршітеді.
Ұсынарда пюрені тарелкаға салады, бетіне қасықпен өрнек салып, еріген сары
май құяды, көк шөп себеді. Пюрені пассерленген бас пиязбен, піскен
жұмыртқамен ұсынуға болады. Көбіне картоп пюресін гарнир ретінде қолданады.
Сүттегі картоп. Шикі тазаланған картопті ірі кубиктеп кеседі, жартылай
дайын болғанша судың аз мөлшерінде қайнатады. Суын төгіп, картопқа ыстық
сүт құйып, дайын болғанша қайнатады. Сары майдың жартысын қосып, қайнатуға
дейін жеткізеді. Қалған маймен ұсынады.
Қайнатылған асқабақ. Қабығынан, дәндерінен тазаланған асқабақты
жапырақтап турап, тұзды суда пісіреді. Ұсынарда еріген сары май құйып,
қуырылған ұнтақ нан себеді.
Қайнатылған ас бұршақ собығы. Тазаланған собықты ромбиктеп кесіп, тұзды
суда 8-10мин қайнатады, дуршлагқа алып, ұсынарда еріген май не сүт тұздығын
құяды.
Қайнатылған жүгері. Дайындалған собықтарды тұзды суда пісіреді.
Ұсынарда жапырақтарын алып, бөлек сары май береді. Консервіленген жүгеріні
суымен бірге қыздырып, сосын суын төгеді, дәндерін сары маймен немесе сүт
тұздығымең араластырып, ұсынады.
Қайнатылған спаржа. Дайын спаржаны тұзды суда пісіреді. Ұсынарда
қайнатылган спаржа шоқтарын шешіп,тарелкаға салады, петрушкамен зсемдеп,
кепкен нан тұздыгын бөлек береді. Қайнатылған спаржаны сүт тұздығымен
қатықтап, қыздырып, ұсынарда еріген сары май құюға болады.
Артишок. Дайын артишоктарды жіппен байлап, тұзды суда пісіреді.Төменгі
жағы жұмсарған соң, судан алып, негізін жоғары қаратып, суын ағызады.
Ұсынарда көк шөппен әсемдеп, голланд не кепкен нан тұздығьш бөлек береді.
Сәбізден немесе қызьшшадан пюре. Сэбізді бүтіндей немесе үлестеп кесіп,
май қосылған суда жіберіп пісіреді. Қызылшаны пісіріп, қабығынан
тазалайдьі. Сосын оларды езгілейді, орташа қою сүт немесе қаймақ тұздығын
араластырып, қыздырады. Сары маймен немесе қаймақпен ұсынады.

Жіберіп пісірілген көкөністерден тағамдар мен гарнирлер
Көкөністерді жіберіп пісіру үшін суды аз мөлшерде алады: 1кг-ға 0,2-
0,Зл. Сәбізді, шалқанды, қызылшаны, орамжапырақты, асқабақты, кәдіні,
патиссонды жіберіп пісіреді. Жіберіп пісіру үшін көкөністерді үлестеп,
кубиктеп, ал орамжапырақты - үлестеп, квадрат түрінде немесе шырпылап
кеседі. Дайындалған көкөністерді 20см қабатта салып, ыстық су, сары май
қосып, жылдам қайнатуға дейін жеткізеді, сосын отын азайтып, дайын болғанша
жіберіп пісіреді. Ылғалды жеңіл бөлетін көкөністерді асқабақ, кәді,
патиссон, қызанақты өз шырынында жіберіп пісіреді. Дайын көкөністерді сары
маймен немесе орташа қою сүт тұздығымен қатықтайды.
Жіберіп пісірілген көкөністер. Сәбізді не шалқанды, тарнаны, асқабақты,
кэдіні, ақ қауданды орамжапырақты қолданады. Тамыржемістілерді үлестеп не
кубиктеп, орамжапырақты ірі шашкалап кеседі. Сорпада не май қосылған суда
жіберіп пісіреді. Көкөністерді маймен немесе сүт тұздыгымен ұсынады.
Сүт тұздығында жіберіп пісірілген көкөністер. Сәбізді, шалқанды не
тарнаны, асқабақ не кәдіні, гүлді не ақ қауданды орамжапырақты,
консервіленген көк бұршақты қолданады. Дайындалған және жеке жеке маймен
жіберіп пісірілген көкөністерді, қыздырылған көк бұршақты сүт тұздығымен
араластырады, қант, тұз қосып, 1-2мин қыздырады.
Көк бұршақпен сәбіз. Сәбізді майда кубиктеп кесіп, консервіленген көк
бұршақ сұйықтығын, маргарин қосып, жіберіп пісіреді. Соңында көк бұршақ,
сүт тұздығын араластырып, қайнатуға дейін жеткізеді. Ұсынарда еріген сары
май не маргарин қосады.

Бұқтырылған көкөністерден тағамдар
Бұқтырылған көкөніс тагамдарын дайындау үшін көкөністерді үлестеп,
кубиктеп, шырпылап кеседі, сәл куырады, тұздық пен дэмдеуіштер қосып,
қақпағын жауып, бұқтырады.
Бұқтырылған орамжапырақ. Шырпылап кесілген орамжапырақты қазанға 30см
қабатта салып, сорпа не су, май қосып, араластыра отырып, жартылай дайын
болғанша бұқтырады. Сосын пассерленген пияз, сәбіз, ақ тамырлар,
пассерленген томат пюресін, лавр жапырағын, бұрыш қосып дайын болғанша
бұқтырады. Дайын болуға 5мин қалғанда ұн пассеровкасын, қант, тұз, сірке
суын қосады. Ашыған орамжапырақ қолданғанда сірке суын қоспайды. Дайын
ашыған орамжапырақты сорпа, май, пассерленген томат пюресін қосып, 1,5-2сағ
бұқтырады. Сосын пассерленген көкөністер, лавр жапырағын, бұрыш, қант
қосып, тағы да 20-30 мин бұқтырады. 5мин қалғанда ұн пассеровкасын қосады.
Бұқтырылған орамжапырақты шпикпен, ысталған шошқа кеудесімен,
саңырауқұлақпен дайындауға болады.
Көкөністерден рагу. Рагу үшін түрлі көкөністерді қолданады. Үлестеп
кесілген картопті, сәбізді, шалқан не тарнаны, ақ тамырларды сәл қуырады,
пиязды пассерлейді. Ақ қауданды орамжапырақты шашкалап кесіп, жіберіп
пісіреді, гүлді орамжапырақты гүл шоқтарына бөліп, қайнатады. Барлығын
қосып, қызыл не томат не қаймақ тұздығын қосып, 10-15мин бұқтырады. Сосын
осыған кесілген шикі асқабақты немесе кэдіні, жіберіп пісірілген
орамжапырақты немесе қайнатылған гүлді орамжапырақты қосып, тағы да 15-
20мин бұқтырады. Дайын болуға 5-10мин қалғанда консервіленген көк бұршақ,
езгіленген сарымсақ, дәмдеуіштер қосады. Ұсынарда еріген май құйып, көк шөп
себеді. Саңырауқұлақпен бұқтырылған картоп. Кубиктеп немесе орташа
үлестеп кесілген картофельді қуырады. Дайын балғын саңыраукұлақты үлестеп
кесіп, қуырады. Екеуін қосып, қаймақпен немесе қаймақ тұздығымен,
дэмдеуіштермен, тұзбен араластырып, 15- 20кин бұқтырады.

Қуырылған көкөністерден тағамдар мен гарнирлер
Көкөністерді шикідей, кейде алдымен пісіріп алып, қуырады. Шикі күйде
картопті, кәдіні, асқабақты, қызанақты қуырады. Кейбір кекөністерді қуыру
алдында пісіреді немесе жіберіп пісіреді, майдалайды, ал сосын куырады.
Көкөністерді майдың аз мөлшерінде, фритюрде қуырады. Негізгі әдіспен
қуырғанда көкөністерді 150-160С дейін қыздырылған майда екі жағынан
қуырады, сосын қуыру шкафында дайын болғанша ұстайды. Фритюрде қуырғанда
кекөністерді арнайы аппараттарда қуырады. Май температурасы 175-180С болуьі
тиіс. Қуырылған көкөністерді жеке тағам ретінде, маймен, қаймақпен,
тұздықпен, балғын және тұздалған қиярмен немесе қызанақпен, сондай-ақ
гарнир ретінде ұсынады.
Қуырылған картоп. Шикі немесе қайнатылған картоптан дайындайды. Шикі
картопті кесектеп, үлестеп, шаршылап, кеседі, жуады. Сосын кептіріп, майы
қызған табада 4-5см қалыңдықта салып, қызыл қабық пайда болғанша араластыра
отырып, тұздап қуырады. Егер толық піспесе, куыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыстық цех
Ыстық цех. Сорпа бөлімі. Тұздық бөлімі
Тамақтандыру кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру
Еттен және ет өнімдерінен тағамдар
Ыстық цех сорпалар бөлімі
Кәсіпорын бөлмелерінің тізімі
Ет өнімдерінен жасалған аспаздық бұйымдар мен тамақтар
Емдік және мектеп тамақтандыруы үшін тағамдар мен аспаздық өнімдер дайындаудың технологиясы
Балықтан және балық емес су шикізатынан тағамдар
Ыстық цехты ұйымдастыру
Пәндер